Ақтөбеде аллергияны қоздыратын теректер егілмейді

Ақтөбеде аллергияны қоздыратын теректер егілмейді. Биыл шамамен 15 мың түп ағаш отырғызылса, оның көбі Башқұртстаннан әкелінген. Жергілікті Мұғалжар, Ойыл, Ырғыз аудандарынан да көшеттер әкелініп жатыр. Биыл қаланы көгалдандыру, ағаштарды күтіп ұстауға 200 миллион теңге бөлінеді.

Сәуірден бастап қалада сенбіліктермен қатар, ағаш отырғызу жұмыстары жүріп жатыр. Ауа райының қолайлылығына орай көшет отырғызу жұмыстарына ақтөбеліктер жаппай жұмылдырылды. Жоспар бойынша биыл қала саябақтары мен көшелеріне, тұрғын үй аулаларына 15 мың түп ағаш отырғызылады. Олардың қатарында жас үйеңкі, емен, қайың бар. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырхановтың айтуынша, биыл көгалдындыру және ағаштарды күтіп ұстау жұмыстарына 200 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалады. «Көгалдандыру және безендіру жұмыстары басталды. Қалада тәлімбақ болмағандықтан гүл көшеттерін басқа өңірлерден аламыз. Гүлдер бір жылдық және көпжылдық болып бөлінеді. Дизайн кезінде көбіне қазақы ою-өрнекке басымдық береміз. Алдын ала есеп бойынша, 35 мың шаршы метр жерге гүл егеміз. Бұл шамамен 1 миллион 800 мың дана гүл»,- дейді ол.

Айта кетейік, Ақтөбеде көктем сайын қаланы мамыққа орайтын терек егілмейтін болды. Себебі, соңғы жылдары аллергияға шылдығатындар саны күрт артып, теректің адам денсаулығына зиян екені анықталған. Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ескірген ағаштарды қалпына келтіру жұмыстарын бастады.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз