Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстары ынтымақтастық аясын кеңейте түспек (ФОТО)

 Бүгін Маңғыстау өңірінде Батыс Қазақстан облысының күндері өтуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өңірлер арасындағы байланысты орнықтыру туралы тапсырмасына сәйкес өтіп жатқан шара аясында қос облыстың делегациясы кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастықты жетілдіру жолдарын талқылады.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев өңірдің қазіргі тыныс-тіршілігі мен өндірістік әлеуеті туралы айта отырып, Батыс Қазақстан облысымен бұрыннан бар қарым-қатынасты арттыра түсіп, ел экономикасын дамыту жолында бірлесе қызмет етуге әзір екендіктерін жеткізді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуынан, осы бағытта атқарылып жатқан істерден хабардар етіп, Маңғыстаумен екі арадағы ұзақ жылғы әріптестіктік үзілмейтініне сенім білдірді. Кездесуде сондай-ақ азық-түлік, машина жасау, құрылыс тауарларын өндіру саласындағы батысқазақстандық кәсіпорындар басшылары өз ой-толғамдарын ортаға салып, маңғыстаулық кәсіпкерлерді тығыз байланыс орнатуға шақырды.

Шара барысында облыс басшылары мен өнім өндіруші кәсіпорындар жетекшілері өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойды.

Бүгін БҚО күндері аясында Абай атындағы мәдениет үйінде белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ақұштап Бақтыгерееваның «Ақ Жайық. Ақ шағала, Ақұштап...» атты жыр кеші өтеді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының танымал өнерпаздары маңғыстаулықтарға арнап концерттік бағдарламасын ұсынбақшы. 

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз