БҚО-да педофилдердің құрбаны болған балалар көбейген

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету бойынша 31 дерек тіркелген. Ал соңғы 5 жылда мұндай қылмыстар саны 4 есеге көбейді. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ісі талқыланған жиында айтылды.

Мамандар мұны адами құндылықтардың төмендеуімен түсіндіреді. Ғаламторда зиянды ақпараттардың көбейгенін де алға тартып отыр. Сорақысы сол, ауылды жерлерде балаларды зорлау оқиғасы жиі кездесетін болған. Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы мен ерлердің ішімдікке үйірлігі, жығылғанға жұдырық болып отыр, дейді полицейлер. Мұндай жағдайға тап болған балалардың 68 пайызы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан

Әділхан Ғабдушев, БҚО ІІД ЖПҚ ювеналды полиция бөлімінің басшысы:

Көбінесе бұл қылмыстарды жақын туыстары жасайды. Әкелері де жасаған жағдайлар болды. Қылмыстарды өгей әкесі, ағасы секілді сенімді адамдар жасап отыр. Көптеген жағдайда, ұят болады деп, ол нәрселерді үйден шығармауға тырысады.

Еркін КАРИН 

http://astanatv.kz
Видео: 
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз