Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Бөрлі ауданында болды

Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өңір басшысы Алтай Көлгіновпен бірге Бөрлі ауданында болды.

Министр алдымен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» («ҚПО б.в.») компаниясына ат басын тіреді. Онда компанияның бас директоры Ринато Мароли Қарашығанақ кенішін игеруге бағытталған жобалар жөнінде айтып берді.

Бұдан кейін Қ.Бозымбаев «Конденсат» АҚ салып жатқан бензин өндіретін зауыт құрылысымен танысты. Сондай-ақ «ҚПО б.в.» компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында жөнделген орталық қазандық, аудандық аурухана сынды нысандарда болды.

Түстен кейін Энергетика министрі Ақсай индустриалды паркінің қызметімен танысып, шетелдік компания өкілдерімен жергілікті үлесті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. 

http://inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз