Қазақстандық каратэшілер Тбилисиде өткен халықаралық жарыста топ жарды (ФОТО)

Батысқазақстандық спортшылар Грузияның Тбилиси қаласында каратэ-до WKF-дан өткен «GEORGIA OPEN» халықаралық турнирінде табысты өнер көрсетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Дархан Темірәлиев 55 келі салмақта чемпион атанса, Даниил Титов 76 келіде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Аталмыш жарысқа әлемнің 12 елінен 1500-дей каратэші қатысты.

http://inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз