Кәрім Мәсімов БҚО-ның қоғам өкілдерімен кездесті

Кездесуге қатысушылар аймақтың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, құрылыс, жол-көлік инфрақұрылымы, жастарды жұмысқа орналастыру тақырыптары көтеріліп, Орал өзеніндегі экологиялық ахуал туралы айтылды.

Премьер-Министрге өз ұсыныстарын шығармашылық зиялы қауым өкілдері де білдірді. Мәселен, белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева жастарға рухани тәрбие берудің және мәдени дәстүрлер мен құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы туралы айтты.

Өз кезегінде Батыс Қазақстан Инновациялық университетінің доценті А.Әбділманов белгілі қазақ жазушысы Хамза Есенжановтың есімін балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханаға беруді ұсынды.

Оралдық азаматтарды толғандырған сұрақтарға мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек, ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Көшербаев, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Нұрымбетов, білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова тұщымды жауаптарын берді.

Анықтама үшін:

Орал қаласы Батыс Қазақстан облысының мәдени орталығы болып табылады, мұнда еліміздегі ең көне театрлардың бірі (160 жылдан астам), 18-19 ғасырлардан бері сақталып келе жатқан бірегей тарихи ескерткіштер бар.

Облыста 761 мәдениет және білім нысаны жұмыс істейді. 2015 жылы Оралда Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы салынды. Көпфункциялы кешенде концерт залы, амфитеатр қамтылған. Мұнда түрлі шығармашылық семинарлар, шеберлік сыныптары, әдеби студиялар сабақтары өтеді.


 

http://pm.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз