Оралда ІІД қызметкерлерінің қатысуымен қару жою шарасы жүзеге асырылды

Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері комиссия мүшелерінің қатысуымен қаруды жою шарасы жүзеге асырылды.

Аталған іс-шараға департамент басшылығы, тыл, криминалистика, өзіндік қауіпсіздік, тергеу, анықтау салаларының және прокуратура мен зауыт қызметкерлері атсалысты. Отқа тасталған қарулар қатарында 123 дана тегіс ұңғылы аңшылық қару, 7 дана шолақ мылтық, 25 дана газды тапанша, 5 дана пневматикалық қару, 10 дана травматикалық қару, 6 дана заттай айғақ және 14 дана электрошокер, 2 дана резеңке таяқ, 3 дана пышақ, 5 дана оқ қорабы (магазин) бар. Ұзын саны 176 бірлік қару және 14 электрошокер, 3 пышақ және қару бөліктері жойылды.

Қаруды жою жұмысы Орал қаласындағы «Қазармапром» ЖШС зауытында жүргізіліп, зауыттың шойын балқыту пешінде отқа оранған металдар санаулы сәтте еріп үлгерді. БҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара кезінде жойылған қару бірліктері тұрғындар тарапынан ерікті түрде тапсырылған және тәркіленген қарулар.

Источник: http://24.kz

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз