Орал қаласында резонанс тудырған кісі өлімі бір тәулік ішінде ашылды

Заманауи техниканың көмегімен кісі өлтіру қылмысы 24 сағат ішінде ашылып, кісі өлтірушілер басқа қаладан қолға түсті. Олар тіпті, қалай қолға түсіп қалғанын да сезбеді.  

 Ағымдағы жылдың 31 мамыры күні сағат 06.00 шамасында полицияға Жеңіс шағын ауданындағы №44 мектептің ауласында қанға боялған бір ер адамның жатқаны туралы хабар келіп түсті. Хабарлаған сол аумақта таңертең жүгірумен айналысатын әуесқойлардың бірі еді. Оқиға орнына дереу жеткен жол-патрульдік полициясы наряды мен «жедел жәрдем» бригадасы жәбірленушінің өлімін констатация жасады, көп жерден ауыр жарақат алған екен. Бұл ер адамды қатігездікпен ұрып-соғып, оның үстіне аяқтарымен секірген, денесінде және киімінде аяқ киімнің қан іздері қалған. 

Оқиға болған жерде жәбірленушінің кім екені белгісіз болды, құжаттары да болған жоқ. Ал, бұл жұмысты қиындата түсті. Бірақ, бір сағаттан кейін «Папиллон» республикалық базасы арқылы марқұм болған Өзбекстан Республикасының азаматы, Сурхандарьинский облысының тұрғыны 1975 ж.т. Ш. деген азамат екені анықталды. Ол 2005 жылы Астана қ.ІІД қабылдап-тарату орнында ұстауда болған екен.  

 Көші-қон полициясының электронды есептері оның қайдан және кіммен келгені туралы ақпаратты бірден шығарып берді. Бұл адамдардан жауап алу кезінде, ол күндіз салық инспекциясына еңбек мигранты ретінде жұмыс істеу үшін ИИН алуға кеткенін айтты.

 Жедел басқару орталығының және жеке ұйымдардың бейне қадағалау камераларындағы жазбаны зерделеу нәтижесінде полиция жәбірленушінің ізіне түсті, ол салық комиетінен бір кафеге барған. Сол кафенің иесінің айтуынша онымен бірге екі белгісіз ер адам отырып, олар барлығы кеште жайырақ бірге шығып кеткен. Жаңағы екеу оның ақшасына қызықса керек-ті.

Бейне камераны одан әрі зерделеу барысында жаңағы екі клиенттің кафеден шығып, өздерінің «құрбандарымен» сол шағын ауданда №44 орта мектеп маңында аулада жүргені белгілі болды. Мәйіт те дәл осы жерден табылған еді. Кейін «кафенің бұл клиенттері негізгі күдіктілер болуы мүмкін» деген тұжырым шығарылды. 

 Куәгерлердің сипаттаған белгілері бойынша электронды базадан тексеру барысында бұрын бірнеше қайтара сотталған екі адам анықталды: біреуі – бұрын ұрлық жасағаны үшін 5 рет сотталған 27 жастағы рецидивист, екіншісі – кісі өлтіру, бұзақылық, тонау және қарақшылық шабуылы үшін 3 рет сотталған 33 жастағы адам. Олар екеуі бірге Ақтау қаласындағы колонияда жазаларын өтеп, ағымдағы жылдың ақпан айында босап шыққан екен. 

Тексеру кезінде олар үйлерінде жоқ болып шықты. Бірақ, бейнекамараға үңілсек,  олар екеуі кісі өлімі болғаннан кейін қалааралық бағытқа кету үшін такси іздеп жүрген. Таксисттердің айтуынша, олар қылмыс болғаннан соң 6 сағаттан кейін Атырау қаласына кеткен. Дереу Атырау қаласына Орал қаласынан оларды ұстау үшін арнайы топ аттанып кетті.

 Атырау облысы ІІД бейне жүйелерінің, есептерінің, инновациялық технологияларының арқасында атыраулық әріптестердің көмегімен 2 сағат ішінде оралдық полицейлер қылмыскерлердің жасырынған жалдамалы пәтерін анықтады. Олар сол түні қылмыстық «гасрольдерін» жалғастыру үшін астанаға аттанбақшы екен. Бірақ, бұл әккі қылмыскерлердің жоспарлары бұзылып, 24 сағат ішінде қолға түсті.    

 Қазіргі уақытта екеуі де Орал қаласына әкелінді, жинақталған айғақтар олардың қоғамдық резонанс тудырған аса ауыр қылмысты жасағанын әшкереледі. Уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, енді сот залында тиісті жазасын алатын болады. 

Осындай жан түршігерлік оқиғаларға қарапайым адамдардың  еті үйреніп кетті ме деп те, қорқамыз. Қара халықтың мейірімсіздік танытатыны өкінішті, әрине. Бір жағынан жәбірленушіде болған 7 мың теңге-ақ үшін қылмыскерлер оны өлтірсе, ал екінші жағынан айналасындағы адамдардың мейірімсіздік танытқаны несі?! Адамдар көп шоғырланған шағын ауданның ауласында 30-40 минут бойы біреуді қатігездікпен ұрып-соқты, бірақ, тұрғындардың бір де біреуі көмек сұраған жан айқайына мән бермеген. Әдетте, жаз мезгілінде көп қабатты үйде барлығы терезелерін ашып жатады, бірі болмаса, екіншісі естімеуі мүмкін емес. «102» телефонын теріп, қоңырау шалса, адам өмірі сақталып, тірі қалар ма еді, бәлкім?! Кім білсін...

Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз