Оралда 5 қабатты үйден өрт шығып, бір адам құтқарылды
Бүгін Оралда Құрманғазы көшесі 169-үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.
БҚО төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің аға инженері Айымжан Лұқпанованың айтуынша, хабар сағат 12.26-да түскен. Тілсіз жауды ауыздықтауға екі өрт сөндіру бөлімінен бес арнайы техника қатысты. Оқиға орнынан үш адам шығарылып, біреуі құтқарылды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себептері мен көлемі анықталуда.
inform.kz
- 50 reads
Жаңа пікірді жазу