Оралда 8 тонна құс етін заңсыз өткізбек болған азамат ұсталды

Орал шекара отрядына қарасты «Сырым авто» өткізу-бақылау бекетінің шекарашылары 8 тонна жүкті заңсыз өткізуге тырысқан 42 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы BNews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тексеру барысында «Камаз» автокөлігіне 8 тонна құс етін тиеп, Қазақстаннан Ресейге өтпек болған азаматтың аталған жүкті алып өтуге қажетті құжаттары болмай шықты», - деп жазылған хабарламада.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары және Орал қаласындағы ветеринарлық қадағалау мен бақылау комитеті хабарландырылды.

Осы күні «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының шекарашылары балықты қорғау мақсатында жүргізіліп жатқан «Бекіре-2014» іс-шарасының аясында әскери кезекшілік атқара жүріп заңсыз құрылған балық аулау құралдары мен бағалы тұқымды балықтарды анықтады.

Атап айтқанда, теңіз сақшылары 100 метрге жететін ау құралдарын алып, оған тұтылып қалған 5 дана балық пен 1 итбалықтың жансыз денесін босатты.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз