Оралда мемлекет қайраткері М.Ықсановты еске алуға арналған турнир өтуде

Орал қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, кезінде Қазақстанда басшылық қызметтер атқарған, соның ішінде Батыс Қазақстан облысына он жылдан астам уақыт бойы жетекшілік еткен Мұстахим Ықсановты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында қалааралық турнир өтуде.

Ерлер арасындағы дәстүрлі жарысқа Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалаларынан және Батыс Қазақстан облысынан барлығы 11 команда қатысуда. Аталмыш турнирде, әсіресе, ақтөбелік, атыраулық ардагерлер сәтті өнер көрсетуде.

Турнир 6 сәуір күні мәреге жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық волейбол федерациясының кубок, грамота, бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз