Оралдық студенттер ардагерлерге көмек көрсетуде

Орал қаласында еріктілер мен студенттер Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қарттардың үйлерінің аулаларын жинап-тазалау «Игі істердің уақыты» акциясы аясында өткізіліп жатыр. 

Ұлы Отан соғысына қатысқан Петр Серовқа жастардың көмегі өте қажет. Петр Степанович бірінші топтағы мүгедек,сол себепті арбамен қозғалады. 

«Харьковтағы ішкі әскерде борышымды өтедім. 1951 жылы ғана еліме қайтып оралдым. Бау-бақшамен айналысу жұбайымыз екеумізге қиын соғады, сіздерге үлкен рахмет», - дейді майдангер. 

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз