Подстепный ауылында иттер алпыстан астам қойды қырып тастады
1 қараша күні таңертең Теректі ауданы Подстепный ауылдық округінде тұратын Аман Даутовтың 64 қой-ешкісін иттер қырып тастаған.
Подстепный ауылдық әкімдігінің бас маманы, мал дәрігері Мейірбек Сұлтановтың айтуынша, А.Даутов 3-саяжай қоғамы аумағында уақ малдарды ұстаған. Қорадағы қойға екі ит төрт күшігімен шапқан. Төрт аяқты «жау» алыстан келмеген көрінеді. Сол 3-саяжай қоғамы 138-учаске қожайындарының иті екен. Онда тұратын кейуана Людмила Заутдиновадан екі ит алынған, күшіктерін әзірге бермеген. Учаскелік полиция инспекторларының көмегімен қазіргі кезде иттің қожайындары іздестірілуде.
Мал иесіне келген шығын есептелу үстінде.
- 79 reads
Жаңа пікірді жазу