Тасқаладағы тазалық жұмыстары

Тасқала ауданында 15 сәуір мен 15 мамыр аралығы ауданның елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және санитарлық-экологиялық айлығы болып бекітілді.

Бірақ аудандағы тазалық жұмыстары атаулы айлықты күтпестен, ерте басталып кетті. Айта кетер болсақ, өткен сенбіде Тасқала ауылының көшелері қарбалас, қызу еңбектің куәгері болды. Барлық мекемелердің қызметкерлері бұл күні қалам мен қағазды қалақ пен сыпыртқыға айырбастап, өздеріне бөлінген аумақты көң-қоқыстан арылтты.

Көпшілікпен бітетін ауқымды істен жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары да шет қалмай, көше көркейтуге өз үлестерін қосты. Сөйтіп, бір күндік демалыстарын өз аумағын абаттандыруға арнаған тасқалалықтар жұмыла көтеріп, алпыс тоннаға жуық қоқысты ауылдан шығарды.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз