Тоқты
Апта басталысымен, өмірді жаңа қырынан тани бастайсыз. Өмір сүру ортаңыз ауысуы мүмкін. Яғни, өміріңіз жаңа арнаға бұрыла бастайды. Жаңа достар табасыз. Сауапты істер жасауды әдетке айналдырыңыз. Уақытыңызды бос жібермей, өмірде өзіңізге пайдалы іс-әрекеттермен айналысыңыз.
Торпақ
Апта басында өзіңізге жақын жандармен ортақ байламға келе алмай қиналуыңыз мүмкін. Жолай танысқан адаммен сырыңызды бөлісуге асықпағаныңыз абзал. Бойыңыздағы жалпақшешейлік қасиетіңіз өзіңізге кері әсерін тигізетінін де естен шығармаңыз. Сабыр сақтауды әдетке айналдырғаныңыз абзал.