Жұлдыздарды жандыратын өнер фестивалі(фото)

Сәуір айының 9-ші жұлдызында Жастар мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өтетін облыстық «Жұлдызай» өнер фестивалі өтті.

Шарағаоблыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интеранты, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кешені, № 15 облыстық көмекші мектеп интернаты, Ақжайық, Жәнібек, Жаңақала, Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөкейорда, Казталов, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарынан барлығы 120 өнерпаз балдырғандар қатысып, бақ сынады. Фестивальдің мақсаты  даму мүмкіндігі шектеулі талантты балаларды анықтау және дамыту, әрбір қатысушының жеке шығармашылық әлеуетінің қалыптасуына және ашылуына көмек және қолдау көрсету, арнайы  білім беру, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы балалар ұжымдары шығармашылығының көркемдік деңгейін арттыру, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдар мен қоғамдық бірлестіктердің балалар шығармашылығын қолдау саласындағы өзара бірлесіп әрекет етуінің инновациялық әдістерін қалыптастыру.

Байқау 10 жастан 16 жасқа дейінгі бір жас санатында жүргізілді. Фестивальге қатысушылар вокалдық орындау, сурдоаудармалық ән айту, би, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы шығармашылық аталымдары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.  Өмірге деген құштарлығы артқан балғын өнерпаздар әсем әнмен тыңдармандарды шаттыққа бөлесе, ырғақты билерімен қалың көрерменнің ыстық шапалағына көмілді.

Өнер сынына қатысқан әрбір балдырған ескерусіз және сыйлықсыз қалмады. Фестивальдің барлық қатысушылары облыстық білім басқармасының алғыс хаттары және сыйлықтармен марапатталды. Өздерінің өнерлерімен көпшілікті тәнті еткен оқушылар іріктелініп Республикалық «Жұлдызай» шығармашылық фестиваліне жолдама алады.

Жанна ГАБДУАЛИЕВА

 Облыстық «Өркен» қосымша білім

 беру орталығының тілшісі

 

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз