Батыс Қазақстанда жел күшейіп, күн күрт суытады
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 17 қыркүйекте солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
БҚО ТЖ департаментінен хабарлағанындай, Оралда желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Оған қоса 17, 18, 19 қыркүйекте түнде облыс аумағының кей жерлерінде 0-2 градусқа дейін суытып, үсік соғуы мүмкін.
Осыған байланысты өңірде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында шаралар алынуда.
- 106 reads
Жаңа пікірді жазу