Орал қаласындағы көшелердің қайтадан жаңартылып аталуы (1995-2010 жж.)

 
   Ескі атаулары
 Жаңа атаулары
 
Орналасқан
орны
Қалалық мәслихат пен қалалық әкімдіктің   бірлескен             шешімінің нөмірі
Өзгертілген көшелер мен шағын аудандардың атауы жөнінде ақпараттар
1
4-ші және 6-шы шағынаудандардың арасы
 «Жеңіс» ш/а
Орал
№23-3. 13.06.2005
Қырғын соғыста жауды жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық
2
«Мүгедектер үйі» ауданындағы тұрғын үй алабы
 «Азаулы» ш/а
Орал
№23-3. 13.06.2005
 
3
Жаңа көше
В.Радлов атындағы көше
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Радлов Василий Васильевич /Фридрих Вильгельм/  (5.01.1837, Берлин-12.05.1918, Петроград)
Орыс, қазақ, шығыс тілдерін зерттеген, түрколог-ғалым, этнограф, археолог. Петербург ғылым академиясының академигі. 1858 жылы Берлин университетін бітірген. Азия антропология және этнография музейінің директоры. Орта және Шығыс Азияны зерттеу бойынша орыс комитетін құрушылардыі бірі. Радлов шығыс тілдерін зерттеген. Отандық туркологияның дамуына зор үлес қосқан
4
Жаңа көше
Ақсарай көшесі
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
 
5
Жаңа көше
Бекетай көшесі
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Бекетай құмы – Нарынның дәл ортасы, кіндік тұсында орналасқан. Дәл осы құмда халық батыры, ақын Махамбет Өтемісұлы дүниеге келген.
6
Жаңа көше
Шора батыр атындағы көше
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Шора Нәрікұлыбатыр, тарихи тұлға. Кіші жүздегі Жетіру тайпалық бірлестігінің тама руынан шыққан. Оның өмірі жайлы түрлі халық арасында түрлі аңыздар бар, сондай-ақ халық жадында «Шора Батыр», «Нәріктің ұлы Шора атты жыр-дастандар халық жадында сақталып, хатталған. Осы әдеби мұралар мен орыс жылнамаларында 15-16 ғасырлар шенінде тама руының Қазан қаласы маңын жайлағаны баяндалады. Туысқан татар халқы Шора батыр мен оның әкесін Қазан қаласының тарихына елеулі із қалдырған қаһармандар ретінде мақтан тұтады.
7
Жаңа көше
Ерсары батыр атындағы көше
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Ерсары, Ырсалы Кәсіпұлы (т.ж.б. – 15.11.1837, Тастөбе)- батыр, Исатай мен Махамбет Бастаған көтерілістің белді мүшелерінің бірі. Ы.Шөрекұлының белгілі дастанында оның атын Ерсары деп көрсеткен.
 
8
Жаңа көше
Науша батыр атындағы көше
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Науша Қаржауұлы - батыр, тарихи тұлға.
Науша Қаржауұлы – 19 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген батыр. Тегі – байбақты руынан. 1827 жылы көктемде Бөкей ордасын шарпыған толқуға қатысады. Олар Қараторғай батыр Мәметұлы бастаған алаша руының көтерілісшілеріне қосылып, Жәңгір ханға Астархан және Орал казак орыстарының озбырлықтарын қорғап, таласты жер мәселесін шешуді, алым-салықтар мөлшерін азайтуды т.б. талап етеді. Белгілі тарихшы-ғалым И.Кенжалиев Науша батырдың ғұмырнамалық деректерін іздестіріп, танымдық-зерттеу мақалаларын жариялаған
9
Жаңа көше
Бопай ханым атындағы көше
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Бопай ханым, Бәтима (1693/1695-31.05.1780, Елек өзенінің бойында дүниеге келген)
Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан қайраткер, дипломат. Тарихи құжаттармен жақсы таныс А.Левшин 19 ғ-дың 30-жылдарында: «Бопай ... өзінің ақылдылығы арқасында бүкіл Кіші жүздің құрметіне бөленді және кейде оны басқаруға үлкен ықпал етті» деп жазған.
 
10
Жаңа көше
Бөкен би атындағы көше
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Бөкен би - би, дипломат. Тәуке ханның «Жетіжарғы» Заңын халық арасында насихаттаған. Жоңғар және қалмақ соғыстарына қатысты. Сырым батыр Бөкен биден бата алған. 1731 жылы Ресей мен қазақтар арасында елші болған
11
Жаңа көше
Молданияз Бекімов атындағы көше
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Молданияз Бекимов – 1882 жылы Ілбішін уезі, Жақсыбай болысы (қазіргі Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылы) дүниеге келген.  Қайтыс болған жылы белгісіз.
Арнаулы білімді алғашқы қазақ офицері, этнограф, фольклоршы, аудармашы. Алаш қозғалысының қайраткері.
1916 жылғы дүрбелеңі тұсында Қытайға ауған қырғыз босқындарына көмек көрсету жұмыстарына ат салысты. 1917 жылғы желтоқсандағы 2-жалпықазақ съезінде уақытша Ұлт кеңесінің (Алашорда) мүшелігіне кандидат болып сайланды. РКСФР-дің шығыс Түркістандағы (Қытай) консулдығы қарамағында қызмет істеп, 30-жылдары елге оралады. Қазақ тіліне Пушкиннің «Капитан қызын» аударған.
 
12
Жаңа көше
Бақтыгерей Құлманов атындағы көше
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Бақтыгерей Құлманов (1859 жылы Бөкей ордасында дүниеге келген). 1919 жылы Астархан губерниясының, Никольский мекенінде дүниеден озды.
Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері. Жәңгір мектебін, Санкт-Петербург император университетінің шығыс факультетін тәмәмдаған. Оған қоса 1887 жылы кандидат атағын алып, көп уақыт Баку қаласындағы түрлі сайланбалы жауапты жұмыстарда болды. Алшорда Үкіметінің төрағалығына І.Бөкейхановпен бірге   ұсынылды.
13
Жаңа көше
Жасқұс көшесі
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Жасқұс – Нарын құмының солтүстік бөлігіндегі ірі құмды алқап. Орда ауданына іргелес жатқан оның ұзындығы – 17 км. Жәңгір хан өзінің хан ордасын салу үшін осы лирикалық атауы бар Жасқұсты таңдаған. Орда аумағындағы жасыл қарағай ағаштарының 70 пайызы осы аумақта өседі. Бұл жерде табиғат сұлулығының ерекшеліктеріне, бұлақ көздерінің болуына байланысты Жәңгір хан өзінің ордасын  дәл осы жерге салдырған.
14
Ул. – І
А.Гужвин атындағы көше
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Алексей Гужвин қазақ халқының досы, Астрахан губерниясының бұрынғы губернаторы. Қазақстан Республикасының “Парасат” орденімен марапатталған.
15
Ул. – ІІІ
С.Айтқұлов атындағы көше
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Сәлім Айтқұлов (1913-1975)
Кеңес Одағының батыры, барлаушы. Жетімдер үйінде тәрбиеленген. 1943 жылғы 29 желтоқсанда Днепр үшін шайқаста Айтқұловтың қол бастауымен жауға 9 рет соққы беріп, 2 взводты талқандаған. Ауыр жарақатқа қарамастан Айтқұлов өз взводын жау шебінен алып шыққан. Жеңісті Польша жерінде қарсылаған.
16
Ул. – ІV
Мұрат Мөңкеұлы  атындағы көше
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Мұрат Мөңкеұлы (1843 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданы, Қарабай ауылында дүниеге келген).
қазақ ақыны. Мұрат Ресей патшасы саясатының нағыз өрлеу үстіндегі кезеңде өмір сүрген. Қазақ жерін Ресей отаршылдық езгісінен құтқарудың жолын іздеп «Үш қоңыр» атты жыр-дастан жазған. Мұрат жыр өнеріне, әсіресе айтыс өнеріне елеулі үлес қосқан. Ол халқымыздың асыл мұрасы болып табылатын Ноғай кезеңіндегі «Қырымның қырық батыры» атты жар-дастанды жеткізген ақындардың бірі.
17
Ул. – V 
Е.Брусиловский атындағы көшесі
Зачаганск
№23-3. 13.06.2005
Евгений Брусиловский
 (12.11.1905-9.05.1981)
Қазақ композиторы, қазақ кәсіби музыкасын негізіл қалағандардың бірі. Қазақ ССР-ның халық әртісі. Ол Қыз Жібек, «Жалбыр, «Ер тарғын» атты алғашқы қазақ операларын, қазақ музыкасы негізінде «Дудар-ай» қазақ және орыс халқының достығын бейнелейтін «Амангелді (М.Тулебаевпен бірге) тарихи-әлеуметтік тақырыпта «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» балеттерін, жалпы қазақ халқының 250 әні мен күйін жазған.
18
Ул.Батурина
М.Ықсанов көшесі
Орал
№25-16. 10.08.2005
Ықсанов Мұстахым Біләлұлы (30.03.1926 – 20.11.1991) – мемлекет және қоғам қайраткері.
1975-86 ж. БҚО партия комитетінің 1-хатшысы болды.
Осы жылдарда ол облыс экономикасы мен мәдениетін арттыруда, әсіресе күрделі құрылысты дамытуда, сан алуан шаруашылық, оқу-ағарту, денсаулық, мәдениет салаларын дамытуға үлкен үлес қосты. Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл ту ордендері және бірнеше медальдармен марапатталған
19
Ул.Бебеля
профессор Всеволод Иванов көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Всеволод Иванов (1905-1985)
ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдарымен марапатталған.
20
Ул.Гвардейская
Әлия Молдағұлова көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Әлия Молдағұлова (1925-1944)
Кеңес Одағының Батыры. 1944 жылы Казачиха деревнясы (Ресей) үшін болған ұрыста ерлікпен қаза тапты.
21
Ул.Мира
Мәншүк Маметова көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Мәншүк Мәметова(1922-1943)
 Кеңес Одағының Батыры. Белорусь жеріндегі Невель қаласы үшін болған кескілескен ұрыста қаһармандықпен қаза тапты.
22
Ул.Нариманова
Сарайшық көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Сарайшық
Нариманов көшесінің тарихи атауы. Орта ғасырлық қала. Алтын Орда дәуіріндегі маңызды діни, саяси-экономикалық орталық. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының алғашқы астанасы болды.
23
Ул.Красноармейская
Жұбан Молдағалиев көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Жұбан Молдағалиев (1920-1989)
қазақ халқының танымал ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік  және Қорғаныс министрлігі сыйлықтарының лауреаты, А.Фадеев атындағы алтын медальдың иегері. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
24
Ул.Революции
Ахмедияр Құсайынов көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Ахмедияр Құсайынов (1924-1986)
 Кеңес Одағының Батыры. Мелитополь қаласын (Украина) азат ету кезінде көрсеткен ерлігі үшін оған Батыр атағы берілді. Ленин орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.
25
Ул.Театральная
Дина Нұрпейісова көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Дина Нұрпейісова (1861-1955)
 күйші-сазгер, қазақ саз мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық әртісі. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.
26
Ул.Кирова
Александр Карев көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Александр Карев өмірбаяны жөнінде нақты деректемелер жоқ. Карев үйі - 1901 ж. көпес Каревтің Орал қаласында салдырған үйі. Ол үш қабатты, кірпіштен қаланған еңселі ғимарат. 1917 жылға дейін үйдің бірінші қабатында офицерлер жиналысының клубы, үшінші қабатында мейманхана орналасты. 1917 жылдан үй «Еңбек сарайы» деп аталды. Ұлы Отан соғысы кезінде оған госпиталь орналасты. Қазір үй «Карев үйі» деп аталады. Мұнда Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана мен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония орналасқан.
 
27
Ул.М.Мәметовой
Дәулеткерей көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Дәулеткерей (1820-1887)
қазақ халқының атақты күйші-сазгері, күй өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы.
28
Ул.Орджоникидзе
Академик Асан Тайманов көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Асан Тайманов(1917-1990)
атақты ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан ҒА академигі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Еңбек Қызыл Ту ордені және бірнеше медальмен марапатталған.
29
Ул.Почиталина
Сүндетқали Есқалиев көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Сүндетқали Есқалиев (1924-1944)
Кеңес Одағының Батыры. 1944 жылы  Лудчица деревнясын (Белоруссия) неміс басқыншыларынан азат ету жолында А.Матросовтың ерлігін қайталады.
30
Ул.Дмитриева
Қасым Аманжолов көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Қасым Аманжолов (1911-1955)
атақты ақын. Қазақ поэзиясына тың тақырыптар, сюжеттер, образдар әкелді, өлең құрылысына өзіндік өрнегін қосып, өзгерістер енгізді. Қазақ әдебиетіндегі аударма ісінің дамуына елеулі үлес қосты. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
31
Ул.Плясункова
Мәжит Жүнісов көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Мәжит Жүнісов (1917-1945)
Кеңес Одағының Батыры. 1943 жылы қыркүйек айында Днепр үшін болған шайқаста ерекше ерлік көрсетті.
32
Ул.Куйбышева
Самар көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
«Шешен» деген мағынада.
33
Ул.Фурманова
Құрманғазы көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Құрманғазы (1823-1896)
қазақ халқының ұлы күйшісі, сазгер, домбырашы, қазақтың аспаптық музыкасының классигі.
34
Ул.Сурова
Әбубәкір Кердері көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Әбубәкір Кердері
ақын, шешен, қазақ поэзиясындағы философиялық бағытты қалыптастырушылардың бірі, ұлы ақын Абай дәстүрі мен ХХ ғасыр басындағы демократ ақын-жазушылар шығармашылығын байланыстырушы.
35
Ул.Октябрьская
Мұхит көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Мұхит (1841-1918)
атақты әнші, композитор, ақын. Оның әншілік дәстүрі негізінде әншілердің Батыс Қазақстан өңіріне тән ерекше бағыты – «Мұхит мектебі» қалыптасқан.
36
Ул.К.Либкнехта
Анатолий Скоробогатов көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Анатолий Скоробогатов (1906-1944)
екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. 1944 жылы маусым айында Таммисуо станциясы (Ресей) маңында өткен ұрыста қаза болған.
37
Ул. Джамбула
Иван Ларин көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Анатолий Скоробогатов (1906-1944)
екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. 1944 жылы маусым айында Таммисуо станциясы (Ресей) маңында өткен ұрыста қаза болған.
38
Ул.Волгоградская
Жәңгір хан көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Жәңгір хан (1801-1845)
 Бөкей ордасының соңғы ханы. Еуропалық өркениет жетістігін қазақ тұрмысына дарытуды ойлады. Мектеп ашу, жастарды гимназияда, кадет корпусында оқытуға көп көңіл бөлді.
39
Ул.Почтовая
Виктор Шубин көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Виктор Шубин (1919-1997)
Социалистік Еңбек Ері, 4 мәрте Ленин, Қазан революциясы және т.б. ордендермен, бірнеше медальмен марапатталған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
40
Ул.И.Тайманова
Исатай батыр көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Исатай Тайманұлы (1791-1838)
халық батыры, 1836-1838 жылдарда Батыс Қазақстан аймағында өрбіген ірі ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.
 
41
Ул.Д.Нурпеисовой
Ғалым Ахмедьяров көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Ғалым Ахмедьяров (1910-1981)
 партизан. Белоруссия жерінде партизан бригадасын құрып,  оның штаб бастығы болған. Жауынгерлік операцияларда ерлік көрсеткені үшін Ленин, 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
42
Ул.М.Утемисова
Махамбет ақын көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)
қазақтың көрнекті ақыны, батыр. Исатай батыр бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі әрі оның жалынды жыршысы, Исатайдың сенімді серігі.
43
Ул.Кутякова
Әбілқайыр хан даңғылы
Орал
№30-14. 27.02.2006
Әбілқайыр хан (1693-1748)
Кіші жүздің ханы, жоңғар шапқыншылығына қарсы күллі қазақ әскерінің қолбасшысы, Қазақстанның Ресей империясына қосылуында бастамашы болды.
44
Ул.Желядова
Есаул көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Желядов көшесінің ескі атауы
45
Ул.Упорная
Мәтжан Тілеужанов көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Мәтжан Тілеужанов (1927-1995) - атақты ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. Республикада тұңғыш рет «Этнопедагогика және фольклор» бөлмесін ұйымдастырып, қолөнер туындыларын жинады.
46
Ул.Исаева
Ораз Исаев көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Ораз Исаев (1899-1939)
мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1939 жылы жазықсыз репрессияға ұшырап, 1956 жылы ақталды.
47
Ул. Джамбульская
Жамбыл көшесі
Орал
№30-14. 27.02.2006
Жамбыл(1846-1945)
қазақтың халық ақыны. Ленин, «Құрмет Белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.
48
Ул. Рабочая
Жаһанша
Досмұхамедов көшесі
Орал
№30-9. 27.02.2006
Жаһанша Досмұхамедов (1887-1938)көрнекті мемлекет, ұлт қайраткері, жоғары білімді алғашқы қазақ заңгерлерінің бірі, саясаткер. 1938 жылы жазықсыз репрессияға ұшырап, 1956 жылы ақталды.
49
Ул.Комиссарская
Никита Савичев көшесі
Орал
№30-10. 27.02.2006
Никита Савичев (1820-1885)
Жергілікті тарихшы, өлкетанушы. Сурет салумен әуестеніп, әдеби-көркем шығармалар жазған. Т.Г.Шевченконың досы. Оның «Уральские войсковые» газетінде бірнеше очерктері жарияланған
50
Ул.Пехотная
Қапан Мусин көшесі
Орал
№30-13. 27.02.2006
Қапан Мусин (1921-1970)
Батыс қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген.
Атақты сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Композиторлар одағының мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
51
Ул.Коммунистическая
Ғұмар Қараш көшесі
Орал
№30-12. 27.02.2006
 
Ғұмар Қараш
Ғұмар Қараш (1875, Жәнібек ауд. - 12.4.1921, сонда) - ойшыл ақын, қоғам қайраткері. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. 1902 ж. өз ауылында бала оқытады. 1911-13 ж. «Қазақстан» газетінің жұмысына атсалысқан. Сол жылдары Орынбор қ-нда Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, «Шайыр», «Көксілдер» атты екі жинақ жариялайды. Ғ.Қ.-тың «Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Тұрымтай», «Тумыш», «Аға тұлпар» атты бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім», «Бәдел қажы» зерттеу еңбектері және т.б. жарық көрген.
52
Ул.Транспортная
Левон Мирзоян көшесі
Орал
№30-11. 27.02.2006
Левон Мирзоян (1897-1939)
кеңестік мемлекет және партия қайраткері. Ленин орденімен марапатталған.
53
Жаңа көше
Кенесары көшесі
Орал
№33-9. 31.05.2006
Кенесары (1802-1847)
мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-47 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі.
54
Жаңа көше
Қазтуған жырау көшесі
Зачаганск
№33-9. 31.05.2006
Қазтуған жырау (1420-ө.ж.б.)
жауынгер жырау, философ. Еділ өзені салаларын – Ақтөбе, Бозан бойын жайлаған ноғай-қазақ тайпаларын басқарған көсем, әскербасы, батыры.
55
Жаңа көше
Көшім көшесі
Зачаганск
№33-9. 31.05.2006
Көшім - Зеленов, Ақжайық, Жаңақала аудандары жері арқылы өтетін өзен. Облыс жеріндегі ұзындығы 334 шаршы км. Қаракөз, табан, шортан, сазан т.б. балықтар мекендейді.
56
Жаңа көше
Табын Бөкенбай көшесі
Зачаганск
№33-9. 31.05.2006
Табын Бөкенбай (т.ж.б.-1741)
батыр, қолбасы. Жауға тегеурінді соққы беру үшін бытыраңқы қазақ жасақтарын біріктіруді ұсынды.
57
Ул. Құрманғазы
Сейтек көшесі
Орал
№33-10. 31.05.2006
Сейтек Оразалыұлы (1861, Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Сайхын ауылы – 1933, Астрахан облысы, Қарабайлы ауданы) – күйші-сазгер, қазақтың төкпе күй әдебінің негізін салушы. Бала кезінен-ақ музыкаға өте бейім, қабілетті болған. Алғаш домбыра тартуды ағасы Сұлтанғалидан үйренген. Дәулеткерейдің шәкірттері Әлікей, Макар, Салауаткерей, Тұрыптың күйлерін тыңдап, өз репертуарын молайтып отырған. Кейін өзі де көптеген күйлер шығарған. Оның әділдікті аңсаған “Арпалыс”, “Ақ Еділ”, еркіндікті сүйген “Бұлбұл Айша”, “Орытпа”, көңілі таза, ақжарқын, ақпейіл жандардың бейнесін көрсететін “Шәрипа”, “Бес қыз”, “Жантаза”, “Қарашаш”, ”Балқаймақ” күйлері бар.
58
(Деркул кенттік округіндегі жаңа кент атауы)
Үміт ауылы
Деркөл
№37-18. 12.10.2006
 
59
Жаңа көше
Болашақ 
Зачаганск
№37-19. 12.10.2006
 
60
7 ш/а
Астана
Орал
№37-19. 12.10.2006
 
61
9 ш/а
Жаңа Орда
Орал
№37-19. 12.10.2006
 
62
Солтүстік-Шығыс(бұрынғы Самара трассасы)
Еділ көшесі
Орал
№37-19. 12.10.2006
(Волга ) - Еуразия құрылығындағы үлкен өзендердің бірі.
63
 Ул.Николаевская
Есет Тоқсанов атындағы көше
Орал
№37-20. 12.10.2006
Есет Тоқсанов - қоғам қайраткері, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы.
64
Ул.Анапская
Академик Ғ.Бияшев
Орал
№37-21. 12.10.2006
Ғақаш Бияшев - ботаник-ғалым, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор.
65
8 ш/а
Бәйтерек
Орал
№39-17. 21.12.2006
 
66
8-ші шағынаудандағы жаңа көше
Өркен
Орал
№39-18. 21.12.2006
 
67
Жаңа көше
Қобыланды батыр көшесі
Зачаганск
№39-19. 21.12.2006
Қобыланды батыр -  батыр, тарихи қайраткер, Әбілқайыр ханның бас батыры. Қазақ халқы арасында Қобыланды батырдың  қызылбастар мен қалмақтарға  қарсы соғыстарын баяндайтын  “Қобыланды батыр” эпосы кең тараған.
68
Жаңа көше
Жалын көшесі
Зачаганск
№39-19. 21.12.2006
Жалын – от, жылулық ұғымын білдіреді.
 
69
Жаңа көше
Нарын көшесі
Зачаганск
№39-19. 21.12.2006
Нарын - Қазақстандағы тарихи жер атауы.
              
 
70
Жаңа көше
Шұғыла көшесі
Зачаганск
№39-19. 21.12.2006
Шұғыла – таңның жаңа атқан кезі.
 
                                                             
71
Жаңа көше
Ахмет Байтұрсынов атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
Ахмет Байтұрсынов
Қостанай облысы Жанкелдин ауданында дүниеге келген. Ғалым, түркітанушы, ақын, аудармашы. Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, облыстық мектептерде мұғалімдік қызмет атқарған. Қазақ алфавитінің негізін қалап, ана тілінде оқулық жазған. “Оқу құралы”, “Тіл - құрал” оқулықтарының, “Тіл жұмсақ”, “Баяншы”, “Әліп-би астары” кітапшаларының авторы. Байтұрсынов жаңашыл ағартушы, қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін тарихын зерттеуші тұңғыш филолог ғалым, туған халқына адал қызмет еткен қоғам қайраткері.
 
72
Жаңа көше
Жүсіпбек Аймауытов атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
Жүсіпбек Аймауытов
ғалым, әдебиеттанушы, ақын, жазушы, аудармашы, драматург, педагог,  қоғам қайраткері. Тіл білімі, мектеп, оқу-ағарту саласымен байланысты көптеген еңбектер жазған. “Ана тілін қалай оқыту керек?”, “Комплекспен оқыту жолдары”, “Ана тілін оқыту әдісі” еңбектері әдістеме саласындағы алғашқы еңбектері.
 
73
Жаңа көше
Міржақып Дулатов атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
Міржақып Дулатов
ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері. Оқулық жазуға қатысқан ғалым-педагог. М.Ю.Лермонтов, А.С.Пушкин, Абу Фирастай, Шиллер шығармаларын аударған. Өз сөзіне қарағанда 20 шақты кітап аударған.
 
74
Жаңа көше
Мағжан Жұмабаев атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
Мағжан Жұмабаев
жазушы, ақын, аудармашы, педагог,  қоғам қайраткері.
 
 
75
Жаңа көше
Халел Досмұхамедов атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
Халел Досмұхамедов (1883, Атырау обл., Қызылқоға ауд.-1939, Алматы) Қазақстандағы Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Орал әскери реалдық училищесін 1902 жылы үздік бітірді. 1903 жылы Санк-Петербургтегі Императорлық әскери медициналық академиясының түлегі. 1909 академияның үздік дәрежелі дәрігер атағымен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін  өтеуге жіберілді. 1912, 1913 және 1915жж. оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды.
 
76
Жаңа көше
Академик Қажым Жұмалиев атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
Қажым Жұмалиев (1907, Қаратөбе ауд., Саралжын а.-1968, Алматы) – жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Тұңғыш өлеңі – «Батырақ Ғалиасқар». Жұмалиевтің «Ерғожа мен Егізбай», «Шабуыл» өлеңдер жинағы, «Айқас прозасы», «Қанды асу» кітаптары, «Қазақ әдебиеті» оқулығы, «Әдебиет теориясы», «Стиль - өнер ерекшеліктері» кітаптары, т.б. еңбектері жарық көрген.
 
77
Жаңа көше
Мұхаметжан Тынышбаев атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
Мұхамеджан Тынышбаев (12 мамыр 1879ж., Қапал ауданы Талдықорған облысы) – ұстаз, тарихшы, қоғам қайраткері. Вернен гимназиясын алтын медальмен (1900) бітіріп, Петербург инженерлер мен көлік институтында оқыды. Революция-қоғамдық қозғалысына белсене қатысты. 1917 жылдың желтоқсанында Тынышбаев «Алаш Орда» үкіметінің құрамына кіреді. Қазақ педагогикалық институтында мұғалім болып жұмыс істеген. 1926 жылы Түріксиб жобасын жасау мен құрылысына қатысқан. Білімнің әр түрлі саласында ғылыми зерттеулермен айналысқан. Тұтқынға алынып, қуғынға ұшыраған, қайтыс болғаннан кейін ақталған.
 
78
Жаңа көше
Мұстафа Шоқай атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
 
 
Мұстафа Шоқай (1890-1941, Қызылорда) – қазақ ойшылы, мемлекет және қоғам қайраткері, демократ, энциклопедиялық білім иесі, ағылшын, француз, неміс, түрік и араб тілдерін меңгерген. Петербург университетінің заң факультетін бітірген. Өмір бойы әділдік үшін күрескен. «Алаш Орда» үкіметінің мүшесі болған.
 
 
79
Жаңа көше
Әлихан Бөкейханов атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
Әлихан Бөкейханов (1866ж., Қарқаралы ауданы Карағанды облысы) – көрнекті қазақ ғалымы жәнеам қайраткері. Ғылыми жұмыстармен айналысқан, «Россия. Общегеографическое описание нашей Родины» жұмысының 18 кітабы авторының бірі. 1905 жылдан бастап Бөкейханов кадет партиясының мүшесі болған. Отаршылдыққа қарсылығы үшін Семей мен Павлодар қалаларында абақтыда жазасын өтеді. 1913 жылдан бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов «Қазақ» газетін шығара бастайды. Газет беттерінде халыққа білім беру, оның сана-сезімін ояту туралы мақалалар жарық көреді. «Алаш» партиясының бағдарламасы авторының бірі. Қуынға ұшырап, атылды, кейін ақталды.
 
80
Жаңа көше
Бақыш Бисенов атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
Бақыш Бисенов Лбішін уезі, Қызылжар болысындағы №5 ауылда дүниеге келген. Саратов қаласындағы императорлық университеттің медицина факультетінде 1910-1917 ж.ж. оқып, білім алып шығады. 1917 жылы Орал облысы 13-ші Қызылкүлгін ауылдық-дәрігерлік учаскесінде еңбек жолын бастайды. Кейін Калмыков уездік денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. 1984 жылы басылып шыққан “Алғашқы қазақ дәрігерлері” атты кітапта Б.Бисенов жайлы деректер берілген. 1925 жылы Жымпиты денсаулық сақтау бөлімінде санитарлық дәрігер болып, одан әрі Жымпиты ауруханасын басқарды. Азамат соғысы жылдарында Тайпақ ауданының орталығы Базартөбеде қазақтарға арнап аурухана салдырған. Петербор, Мәскеуге барып, ғылыми жұмыстармен айналысып, өз білімін үнемі жетілдіріп отырған. 1937 жылдың 16 қыркүйегінде НКВД үштігінің құрығына ілініп, “халық жауы” болып атылып кете барды
81
Жаңа көше
Жұмат Шанин атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
Жұмат Шанин режиссер, драматург, актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ КСР Халық әртісі. 1936-37 ж.ж. Орал музыкалық-драмалық қазақ театрын ұйымдастырып, оған басшылық жасады.
 
82
Жаңа көше
Хабиболла Дінішев атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
Хабиболла Дінішев
1906 жылы Бөкей жерінде дүниеге келген. Мәскеу қаласындағы жоғары техникалық училищесінің электротехника факультетінде оқып, кейін Ленинград қаласындағы филиалда аспирантурада оқуын жалғастырған. 1930 жылдары оған “Халық жауы” деген жалған жала жабылып, партия қатарынан шығарылады. 1941 жылы өз еркімен майданға аттанып, 1942 жылы елге соғыс мүгедегі болып оралады. Соғыс уақытында Орал қаласына Ленинград қаласынан көшірілген Ворошилов кейін “Зенит” атанған зауытта өмірінің соңғы сәтіне дейін инженер болып еңбек етеді. 1973 жылы ардагер дүниеден озған.
 
83
Жаңа көше
Серікқали Жақыпов атындағы көше
Зачаганск
№6-26. 31.03.2008
 
Серікқали Жақыпов (1892, Ресей, Саратов обл.-1939) – белгілі қоғам қайраткері. Жоғарғы бастауыш училищені, педагогикалық курстарды бітіріп, мұғалім болған. 1917ж. Бөкей губерниясындағы революциялық қозғалысқа араласты. 1918ж. қарашада Бөкей ордасында алғашқы комсомол ұясын құрып, 1919ж. губерниялық комсомол комитетінің хатшылығына сайланған. 1919-37жж. Жауапты қызметтер атқарған. Сталиндік «Қызыл қырғын» кезінде Жақыповтың жазықсыз қуғындалған қазақ зиялыларына араша түсіп, «егер Сәкен Сейфуллин халық жауы болса, онда мен де жаумын» деген сөзі азаматтық ерлік пен асқақ рухтың рәмізіндей қанатты тіркеске айналып кеткен.
84
Жаңа көше
Қыз Жібек көшесі
Круглоозерное
№8-11. 27.05.2008
Қыз Жібек
Лиро-эпостық жыр. Қазақ фольклоршыларының басым көпшілігі Қыз жібекті 17 ғасырда пайда болған деп есептейді. Жырды тұңғыш рет 1880 жылы Е.Александров жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударып жазған. 19 ғ-дың 2-жартысында театр мұғалімі Фалиолла Тухватуллин ел арасынан қыз Жібек жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырды. 1958 жылы «Қазақ эпосы» Казахский эпос» жинақтарына енгізілді. Сондай-ақ орыс тілінде 1988 жылы жеке кітап болып шықты. Жырдың уақиғасы Батыс қазақстан аймағында, Жайық бойында өрбиді.
85
Жаңа көше
Думан көшесі
Круглоозерное
№8-11. 27.05.2008
Думан - Қызық, тамаша ойын, сауық
86
Жаңа көше
Шағала көшесі
Круглоозерное
№8-11. 27.05.2008
Құс
87
Деркөл кенттік округіндегі жаңа көше
Мектеп көшесі
Деркөл
№8-9. 27.05.2008
 
88
Желаев кенттік округіндегі жаңа көше
Мүсірғали Көпбергенов атындағы көше
Желаев
№8-10. 27.05.2008
Мүсірғали Көпбергенов - ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқан, Ленин орденінің иегері.
89
Бәйтерек ш/а
Нұр көшесі
 
№8-6. 27.05.2008
Нұр - Сәуле, жарық, шұғыла
90
Бәйтерек ш/а
Қайнар көшесі
 
№8-6. 27.05.2008
Қайнар - Судың жерден шымырлап шығып жататын көзді жері, бастау.
91
Бәйтерек ш/а
Таңшолпан көшесі
 
№8-6. 27.05.2008
Таңшолпан - жұлдыз аты
92
Бәйтерек ш/а
Арай көшесі
 
№8-6. 27.05.2008
Арай - күн нүрының шүғыласы, сәулесі
93
Бәйтерек ш/а
Береке көшесі
 
№8-6. 27.05.2008
Береке - ырыс, молшылық
94
Бәйтерек ш/а
Сымбат көшесі
 
№8-6. 27.05.2008
Сымбат -  сырт көрініс, мүсін, тұлға
95
Бәйтерек ш/а
Бастау көшесі
 
№8-6. 27.05.2008
Бастау - бұлақ, өзен суларының басталатын жері, көзі.
96
Бәйтерек ш/а
Үркер көшесі
 
№8-6. 27.05.2008
Үркер - торпақ жұлдызының құрамына енетін топтанған жүлдыз шоғыры.
97
Северо-Восток ауданындағы жаңа көше
Жігер көшесі
 
№8-5. 27.05.2008
Жігер - қажыр-қайрат, күш-қуат
98
Жаңа көше
Алпамыс батыр көшесі
Зачаганск
№8-8. 27.05.2008
Алпамыс батыр - түріктермен соғыста ерекше ерлік көрсеткен қолбасы. Осындай үлкен айқастардың бірінде Алпамыс батырдың жау қолына түсуі жыр-дастанға айналып, біздің дәуірге жетті.
99
Жаңа көше
Қамбар батыр көшесі
Зачаганск
№8-8. 27.05.2008
Қамбар батыр – қазақтың батырлық эпосының кейіпкері. Жоңғар шапқыншылығына қарсы шығып, қол бастаған (16-17ғ.ғ.). Қарапайым халық қамын өзінің жеке басынан биік ұстаған. “Қамбар батыр” жыры ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетіп, аңызға айналған.
 
 
100
Жаңа көше
Ақан сері көшесі
Зачаганск
№8-8. 27.05.2008
Ақан Сері (Ақжігіт Қорамсаұлы 1843-1913 ж. бұрынғы Көкшетау обл. Үлкен маңында дүниеге келген) – ақын, әнші, копозитор. Жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң  алты алашқа аты мәлім сері атанған. 16-17 жасында өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді. “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” - деп бағалайды. Өзінің бүкіл өмірінде Ақан халыққа өте жақын болған. Ақан Серінің тірідей айырылған сүйген қызы – Ақтоқты. Бұл –аты аңызға айналған оқиға.
 
101
Жаңа көше
Құлагер көшесі
Зачаганск
№8-8. 27.05.2008
Құлагер - Ақан серінің атағы әйгілі, жүйріктігі жыр болған тұлпары.
102
Жаңа көше
Баян сұлу көшесі
Зачаганск
№9-11. 2.07.2008
 
Баян сұлу-Қозы Көрпеш - қазақтың лирикалық-эпостық жырының кейіпкерлері.   
 
 
103
Жаңа көше
Қозы Көрпеш көшесі
Зачаганск
№9-11. 2.07.2008
Баян сұлу-Қозы Көрпеш - қазақтың лирикалық-эпостық жырының кейіпкерлері.   
 
 
104
Жаңа көше
Асан қайғы көшесі
Зачаганск
№9-11. 2.07.2008
Асан Қайғы – аңыздық кейіпкер, өткенді екшеп, болашақты болжаған ел қамқоршысының жиынтық мифтік бейнесі. Көшпенді қазақ халқы үшін “құтты мекен” іздеген. Елі мен жұртының болашағы үшін қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларда Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ізгілік символына айналдырды.
 
 
 
105
Жаңа көше
Жерұйық көшесі
Зачаганск
№9-11. 2.07.2008
Жерұйық – қазақ ауыз әдебиетінде  Асан Қайғы атына байланысты аңызда айтылатын жер аты. Онда Асан Қайғы “аңдыған жауы жоқ, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған, халыққа  тыныш, бейбіт мекен іздейді”. 5-8 ғ. түркі тайпаларында да Жерұйық  сөзі – жайлы қоныс,  бейбіт мекен деген ұғымда айтылған. Түркі көне жазбаларында Жерұйық сөзі “ыдуқ, иер-суб”  түрінде айтылып, құтты жер – су деген мағынаны білдіреді.
 
106
Жаңа көше
Тұмар ханым көшесі
Зачаганск
№9-11. 2.07.2008
Тұмар ханым (шамамен б.д.д. 570-520 жж) -  Сақтар көсемі Ішпақайдың ұрпағы. Тұмар ханым туған жеріне шапқан жауға қарсы қол бастаған батырлығымен көзге түскен,  беделді, үлкен басшылық өнері бар патшайым болған. Аты халық арасында аңызға айналған.
 
107
Жаңа көше
Аяз би көшесі
Зачаганск
№9-11. 2.07.2008
Аяз би, Жаман -  қазақ аңызының кейіпкері, ел басшысы, қоғам қайраткерінің халық қиялынан туған үлгі бейнесі. Аяз би өзінің ақылдылығы, даналылығы арқасында уәзір болады. Мадан ханның сынынан өтуі, оған шөп жаманы – қоға, құс жаманы – сауысқан екенін дәлелдеп беруі , ханның шартты жұмбағын шешіп, Меңдісұлуға үйленуі, күншіл, ақылсыз қырық уәзірді өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, әділдігін хан мойындап, Жаманды хан көтеруі сөз болады.  Хан болған Аяз би өзінің қой баққандағы жыртық шапанын хан сарайы босағасына ілдіріп, соған көзі түскен сайын тәубесіне келуі  халық даналығының көрінісі болып табылады. Аяз би есімі мыңдаған жыл өтсе де, өшкен жоқ. Ол туралы ертегілер, аңыз-әңгімелер ел арасында көп сақталған.
 
 
108
6 ш/а
Д.А.Қонаев атындағы шағынаудан
 
№9-12. 2.07.2008
Дінмұхамед Қонаев - мемлекеттік және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, академик. 100-ден аса ғылыми еңбектері бар. ҚазССР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы, Қаз ССР Ғылым Академиясының Президенті, Қаз ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. 20 жылдан астам уақыт КПСС Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, 25 жыл СССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 27 жыл  ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, 8 мәрте Ленин орденінің иегері, СССР-дің, шетел мемлекеттерінің  орден және медальдарымен марапатталған.
 
109
Жаңа көше
Дәуқара батыр көшесі
Зачаганск
№9-13. 2.07.2008
Дәуқара  Қарақожаұлы  (шамамен 17 ғасырдың  соңы 18 ғ-дың соңы) –батыр, би болған адам. Есімі байұлы тайпасы құрамындағы байбақты руының ұранына айналған. Дәуқара батыр Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы шайқастарға қатысып, елі мен жерін қорғаған. Дәуқара батыр есімі батыс өңірінің ақын,  жыраулары шығармаларында жиі айтылады.
110
 
Атамекен шағын ауданы
Круглоозерное
№13-21. 23.12.2008
«Туған жер», «Туған мекен», Отан».
111
Зачаганск ПДП-9
Балауса шағын ауданы
 
№13-22. 23.12.2008
 
112
Серебряково ПДП-2
Сайран шағын ауданы
 
№13-23. 23.12.2008
«Қуаныш», «Шаттық», «Сауық-сайран».
113
Ул.Свердлова
Ғ.Құрманғалиев көшесі
Орал
№20-3. 26.08.2009
Ғарифолла Құрманғалиев (01.01.1909 Қаратөбе ауданы, Ақкөл ауылы - 24.01.1993 Алматы қаласы) – көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі. 10 жасынан домбыра тартып, ән сала бастайды.
Мұхит Мерәліұлының өнерін бойына сіңіруді мақсат етіп, оның туыстарымен араласып ән үйренеді. Ақтөбе, Орынбор, Атырау, Орал өңірінде Мұхит әндерін насихаттайды. “Қызыл Жұлдыз”, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
 
 
114
Ул.Долинная
Б.Молдашев көшесі
Орал
№21-13. 08.10.2009
Молдашев Болат Ғинаятұлы (1935-2004ж.ж.) 1977-1995  жылдары  «Омега» зауытының директоры, «Омега»  АҚ-ның президенті, 2001 жылдан бастап «Омеаг» прибор құру зауыты» АҚ –ның  «Тазасу» жобасының директоры. «Қазан революциясы», «Еңбек Қызыл Ту»  ордендерімен, Қажырлы еңбек медальімен марапатталды.
 
 
115
Ул.Алтайская
Ш.Артығалиев көшесі
Орал
№24-13. 24.12.2009
Артығалиев Шолақ– (1911-1990ж.ж). 
15.01.1911 жылы Қаратөбе ауданы, Батпақкөл ауылында дүниеге келген.
1931 жылы Орынбор қаласында 2 жылдық халық ағарту оқу орнын бітірген соң, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында комсомол қызметтерінде болған. 1937-1938 жылдары Жәнібек ауданында бірінші хатшы, 1945-1950 жылдары Талдықорған облыстық партия комитетінің, 1952-1957 жылдары Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарған.
1943-1945 жылдары Москвада Орталық комитетінің жоғары партия мектебін бітірген.
1958-1962 жылдары Қазақ кәсіподақтар федерациясы кеңесінің хатшысы, 1962-1971 жылдары Алматы облыстық кәсіподақ ұйымдары кеңесінің төрағасы болды.
Бірнеше рет Орталық комитетінің съезіне делегат, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды.
Үш мәртебе «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды.
 
 
116
Ул.Вальковая
С.Ақмурзин көшесі
Орал
№24-12. 24.12.2009
Ақмурзин Сәрсен (1909-1999 ж.ж)
           Қоғам қайраткері, белгілі филолог, ғалым-педагог, соғыс және еңбек  ардагері, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі, Республика жоғарғы  мектебініне еңбек  сіңірген  қызметкері. Жаңақала ауданының және Орал қаласының  Құрметті азаматы.
          1909 жылы   Жаңақала ауданында  дүниеге  келген.
          1936-1938 жылдары  Орал қаласындағы қазақ мектебінің директоры, Орал педагогикалық институтында оқытушы болды.
          1943-1952 жылдары Орал педагогикалық  институтында ректоры, кейін проректоры, қазақ тілі мен әдебиеті кафедарасының меңгерушісі қызметтерін  атқарған.
          Жиырма сегіз ғылыми  еңбектің авторы. Негізінен жоғары оқу орындары мен орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесін жүйелеп, қазақ әдебиетінің даму тарихын қарастырды.  «Қызыл Жұлдыз»,
1-дәрежелі  Ұлы Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.
 
117
Ул.Дарьинская
С.Ғұмаров көшесі
Орал
№24-11. 24.12.2009
Сәкен Ғұмаров 1937ж. 3.11.Жәнібек  ауданында  дүниеге келген. 1995 жылы қайтыс болды
 С.Ғұмаров – белгілі суретші, театр қайраткері, журналист. Қазақстан Республикасы  Суретшілер одағының мүшесі.
1957-58.ж.ж. Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық  орыс драма театрында актер болып қызмет етті.
1962-63ж.ж. Луначарский  атындағы Мемлекет театр және өнер институтында, 1964-65 ж.ж. Ленинград музыка, театр және киноматография институтында оқыған. Актерлік шеберлікті, режиссураны жете меңгерген. Бірақ С.Ғұмаров жұршылыққа  суретшілік өнерімен танымал.Суретшінің көрмелері 1986-95ж. Алматыда, Оралда, Киевте (1990 ж.), Мәскеуде(1992), Екатеринбургте (1990ж), Челябіде (1990ж) және Ресейдің т.б. бірнеше ірі қалаларында үлкен табыспен өтті.
1996 жылы Орал қаласында жеке сурет мұражайы ашылды.
 
118
Ул.Железнодорожная
Н.Сдықов көшесі
Орал
№24-7. 24.12.2009
 Наурызғали Сдықов
1928 жылы 12 наурызда Бөкей Ордасы ауданының Теректі ауылдық кеңесінде дүниеге келді.
Журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Н.Сыздықов «Құрмет белгісі» орденімен және 6 медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі мәрте Құрмет грамотасымен марапатталды.1961 жылы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» атағы, 1976 жылы «Қазақ КСР теледидары мен радиосының үздігі және «Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мәдениет қызметкері» құрметті атақтары берілді.
 
119
Ул.Лиманная
Қ.Миханова көшесі
Орал
№24-4. 24.12.2009
Миханова Қайша – (1907-1980ж.ж).
1907 жылы  Жалпақтал аудауында дүниеге келген. Аға шопан, Социалистік Еңбек Ері (29.3.1958). 1943 жылдан Талдыапан қой кеңшарында шопан болып жұмыс жасады. Қазақстанның мал шаруашылығына еңбегі сіңірген  шебері.  Жыл сайын малды шығынсыз бағып, төл алуда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін оған ең мәртебелі атақ берілді. Миханова Қайша есімі бұрынғы шаруашылықтағы бөлімше орталығына, сондай-ақ балалар комбинатына беріліп, туған аулына ескерткіш –мүсін қойылған.
 
120
Ул.Крылатская
М.Бутин
Орал
№24-5. 24.12.2009
 
Мәжікен Есенұлы Бутин  (1910-1974ж.ж)
1910 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында туған. Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбегі сіңген экономисі.
1931 жылы Ленинградтың тұтыну – кооперативтік институтын, 1931 жылы Мәскеу экономика және тауартану институтының аспиратурасын бітіріп, еңбекке араласқаннан кейін-ақ оның өмір жолына қызмет баспалдақтарымен жедел өрлеу ғана тән.
1933-1940 жылдары Ресейдегі Челябинск және өзіміздің Алматы қалаларындағы жоғарғы оқу орындарында, 1941-1943 жылдары ССР Ішкі істер халкомы жүйесінде жауапты қызмет атқарған. Бұдан кейін өмірінің ақырына дейін өз республикамызда басшылық қызметтерде істеді. 1945-1954 жылдары Қазақ Республикасы тамақ өнеркәсібі министрі, 1954-1957 жылдары Целиноград (қазіргі Ақмола) облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1957-1967 жылдары Қаз МУ-де және Алматы халық шаруашылығы институтында кафедра меңгерушісі болды.
ҚазМу-де республикадағы тұңғыш бухгалтерлік есеп кафедрасын ұйымдастырды. Осы саланың мамандарын даярлауға қосқан үлесі зор. Бірнеше оқулықтың авторы. Ордендермен медальдермен наградталған.
1967-1974 ж.ж. Қазақ Республикасы тамақ өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары болып қызмет етті.                  
 
 
 
121
Ул.Макетная
М.Есламғалиұлы көшесі
Орал
№24-9. 24.12.2009
Мұқадес Есламғалиұлы - 1946 жылы Сырым ауданы, Жосалы ауылында дүниеге келген.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.1979 жылдан бастап Алматыдағы «Жалын» баспасында аға редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Тамаша» ойын-сауық отауында бас редактор, «Денсаулық» журналында қызмет істеді. «Жазушы» баспасында жетекші редактор қызметін атқарған.  Бірнеше тарихи – танымдық кітаптардың авторы.
122
Ул.Крестьянская
Р.Егізбаев көшесі
Орал
№24-6. 24-12.2009
Рахметолла Сүйіндікұлы Егізбаев-(1924-1983ж.ж).
 Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, соғыс және еңбек ардагері.
«Қараша қаздар қайтқанда» (1975 ж), «Дала бұлбұлдары» (1980ж), «Іздедім сені» (1985ж) өлеңдер жинағы және «Шешуші күш» (1970ж) атты очерктері жарық көрді.
Бірнеше рет қазақстан Компартиясы съездеріне делегет, облыстық Советінің депутаты болып сайланған.
Үш рет «Еңбек  Қызыл ту» орденімен, «Халықтар достығы» орденімен,  8 медальмен марапатталған.   
123
Ул.Садовая
С.Дауымов көшесі
Орал
№24-15. 24.12.2009
Дауымов Сатыбалды (1935-  2004 ж.ж)
           Қазақтың белгілі ақыны, талантты журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. 
     1959-1995 жылдары  «Қазақстанның ауыл шаруашылығы» журналында тілші, бөлім меңгерушісі, «Еңбек таңы» журналында бас редактор қызметтерін атқарған.
 «Жалын ғұмыр»,  «Тауқыметті тағдыр», «Сатыбалды»  атты өлеңдер  жинағы мен «Сонау бір тұрған Нарында»  деректі-эссе кітабы шықты. «Ғасыр, саған айтам», « Елестер мен белестер», Аспан асты, жер үсті» атты поэмалардың,  Бөкей ордасының тарихы, танымал тұлғалары туралы көптеген танымдық мақалалар очерктерінің авторы.
 
 
124
Ул.Соболевская
К.Меңдәлиев көшесі
Орал
№24-10. 24-12.2009
Кенжебек Мендәлиев(1914-1985)қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері. Орал ауыл шаруашылық техникумын бітірген. Еңбек жолын 1934 жылы механизаторлықтан бастаған. 1938-42жж. БҚО кеңесі атқару комитеті мен облыстық партия комитетінде нұсқаушы, 1941-47жж. Қазақстан КП Орал облыстық комитетінде сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 1947-62жж. бұрынғы Орда және Чапаев аудандарында партия комитетінің, 1962-78жж. Жалпақтал аудандық партия комитетінің І-ші хатшысы.
 
125
Жаңа көше
А.Дауылбаев көшесі
Зачаганск
№24-8. 24.12.2009
АхметДауылбаев 1903 жылы 30 қарашада Жаңақала ауданында дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
1930-37 жылдары Қазақ КП ОК-нің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, кейін Жамбыл облысының Луговой, Мерке ауданы партиясы комитетінің хатшысы. 1937-53 жылдары Қазақ КСР финанс халық комиссары, Қазақ ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы министрі. 1953 жылдан Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы Ғылым Академиясының (қазақ бөлімі) Президиумының төрағасы.
Ленин және 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Алматы қаласындағы Қазыбек би көшесі, 50 үйдің қабырғасында Дауылбаевқа ескерткіш тақта орнатылған. 1954 жылы А.Д.Дауылбаев Алматы қаласында дүниеден өтті.
 
126
Жаңа көше
Аққозы батыр көшесі
Зачаганск
№24-14. 24.12.2009
Аққозы батыр.    Аққозы батыр Қаратөбе ауданында  XV ғасырда өмір сүрген.         
Қобыланды батырдың қол бастаған батырларының бірі.
Қобыландының баласы Бөкенбай қалмақтардан көлді тартып алып, оны Аққозы батырға сыйлаған екен. Осы көл Аққозы деп аталады. Аққозы туралы деректер бізге Қоржын ақын арқылы жетті. «Қобыланды батыр» жырында:
Қияқтан шыққан бес батыр,   Қарақозы, Аққозы – Қатардан асқан қос батыр.»-деп берілген.
Жырда кездесетін Аққозы, Қоскөл, Аққұм, Шыңғырлау топонимдері облыс территориясында әлі күнге өзгермей сақталған. Аққозы кеңшарының бір бөлімшесі Қоржын деп аталады. Осы жердегі үлкен төбені халық Аққозы батырдың бейіті деп көрсетеді.
 
 
 
127
Ул.Архитектурная
Кеңес Одағының батыры Г.Рамаев көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Рамаев Ғаяз Ғаниасқарұлы (1921-1943) – Кеңес Одағының Батыры. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа аттанып, 72 – атқыштар дивизиясының 128 – барлаушылар полкін басқарған. Сталинград түбіндегі шайқаста батыл да ержүрек  командир ретінде ерекше көзге түскен. Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
 
128
Ул.Взлетная
Кеңес одағының батыры Ф.Волков көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Волков Филипп Григорьевич (1901-1949) – Кеңес Одағының Батыры. Балалық шағы Бөрлі ауданында өткен. Чехословакияны гитлершілдерден азат етуде, 1945 жылы эскадронды Морава өзенінен өткізуге ерлік көрсеткен.
 
129
Ул.Кооперативная
Кеңес Одағының батыры И.Зрелов көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
   Зрелов Иван Петрович (1925-1983) – Кеңес Одағының Батыры.
1941 жылы тамыз айында майданға аттанған лейтенант Зрелов Одесса облысының Константиновка селосының тұсында Оңтүстік Буг өзенің басқыншылардан азат етуге қатысты. Сло ерлігі үшін 1944 жылы оған Батыр атағы берілді. 1955 жылы Теректі ауданы Федоровка селосында еңбек етті.
 
 
130
Ул.Высотная
Кеңес Одағының батыры Е.Ниетқалиев көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
   Ниетқалиев Ерденбек (1914-1945) – Кеңес Одағының Батыры.
1936 жыл Алматы малдәрігерлік институтын бітіріп, соғысқа дейін Қызылорда облысында жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысында, 12-гвардиялық атты әскерлер полкінің құрамында эскадрон командирі болды. Майдан жолымен 1945 жылы Германияға жетті. 31 қаңтарағы қиын-кескі шайқаста Ниетқалиев асқан шеберлік көрсетті. Осы ұрыста қаза тапқан оған Батыр атағы берілді. Ленин және Қызыл Ту, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапталған.
 
131
Ул.Дружная
Кеңес Одағының батыры Г.Наумов көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Наумов Георгий Васильевич (1904-1944) – Кеңес Одағының Батыры.
Кіші лейтенанттар даярлайтын курсты бітіріп, 276-гвардиялық атқыштар полкінің взвод командирі болған. 1943 жылы 92-гвардиялық атқыштар дивизиясының лейтенанты Наумовқа Днепр өзенінің оң жағалауына өтіп, полктің команда пунктімен байланысты қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді. Сол ұрыста ауыр жарақаттанғанына қарамастан, үзіліп қалған байланыс сымын жалғап, ерлік көрсетті.  Оның есімімен Ресейдің Орынбор облысындағы Теплое селосында көше аталды, ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған.
 
132
Ул.Кавказская
Кеңес Одағының батыры А.Гребнев көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Гребнев Андрей Феоктистович (1912-1973) – Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор. Ол кеңес-фин және Ұлы Отан соғыстарына қатысқан. Белоруссияны азат ету шайқасында полк, кейін дивизия командирі болды. Барановичи, Слоним, Волковыск қалаларын азат етуде ерекше ерліктер көрсетті. 1945 жылы сәуірде оған Батыр атағы берілді.  2 мәрте Ленин және т.б. бірнеше орден, медальмен марапатталған.
133
Ул.Казахстанская
Кеңес Одағының батыры С.Жақсығұлов көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Жақсығұлов Садық Шәкелұлы (1924-2009) –Кеңес Одағының Батыры, соғыс және еңбек ардагері . 1941 жылға дейін май зауытында жұмыс  істеген. 18 жасында майданға сұранып, Курск иініндегі сұрапыл шайқасқа қатысады. Днепр өзенін қаруластарының өзеннен өтуін қамтамасыз еткені үшін миномет расчетының сержанты Жақсығұловқа  Батыр атағы берілді. Тасқала ауданының Құрметті азаматы.
134
Ул.Кирпичная
Кеңес Одағының батыры И.Куличев көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Куличев Иван Андреевич (1920-1979) – Кеңес Одағының Батыры. Балалық шағы Орал қаласында өткен, Пермь әскери-авиация мектебін бітірген. Курск шайқасына қатысқан. 155-гвардиялық авиациялық полк звеносының командирі. Ленин және 3 мәрте Қызыл Ту, Александр Невский, 1 және 2 дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Әскери Әуе күштері академиясын бітіргеннен кейін, Орынбордағы авиациялық училещенің бастығы болған. Өзінің түлегі Ю.А.Гагаринді космосқа дайындап, Әскери-әуе инженерлік академия факультетіне жетекшілік еткен. Орал қаласындағы 7-орта мектеп Куличевтің есімімен аталады.
 
135
Ул.Котельная
Кеңес Одағының батыры Н.Чуриков көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Чуриков Николай Степанович (1910-1944) – Кеңес Одағының Батыры. Соғысқа дейін Орал қаласында еңбек етті. Днепрден өту кезіндегі көрсеткен ерекше ерлігі үшін оған Батыр атағы берілді. Соғыстан кейінгі Чуриков туған жеріне оралып, қызмет істеді.
 
136
Ул.Низовая
Кеңес Одағының батыры И.Мордасов көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Мордасов Иван Андреевич (1923-1943) – Кеңес Одағының Батыры.
Днепр бойындағы соғыста ержүректілігімен көзге түскен. Лоев ауданының Казероги кентінде жерленген.  1943 жылы қайтыс болғаннан кейін оған батыр атағы берілді.
137
Ул.Меховой комбинат
Кеңес Одағының батыры В.Тарасенко көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Тарасенко Василий Федорович(1912-1979)– Кеңес Одағының Батыры.
Ұлы Отан соғысы кезінде инженерлік бөлімінде сапер болған. 1943 жылы қазан айында арасында Тарасенко бар саперлар тобына Днепрден өтіп, десанттарды өзеннің арғы жағалауына жеткізу міндеті қойылды. Ол жараланғанына қарамастан тапсырманы орындап шықты. Осы ерлігі үшін оған 1943 жылы 30 қазанда Батыр атағы берілді. Соғыстан кейін туған жеріне оралып, еңбек етті. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған.
 
 
138
Ул.Раздольная
Кеңес Одағының батыры М.Абдолов көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Абдолов Михаил (1918-2006) – Кеңес Одағының Батыры.
1938 жылы әскер қатарына шақырылып,  Ұлы Отан соғысы жылдарында 74-атқыштар дивизиясы құрамында Берлинге дейін жеткен. 1944 жылы 7-қарашада Дунай өзенінен барлаушылар тобын бастап өткені үшін аға сержант Абдоловқа батыр атағы берілді. Ленин, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. Соғыстан соң туған жеріне оралып, ауыл шаруашылығының әр түрлі саласында еңбек етті.
 
139
Ул.Сенная
Кеңес Одағының батыры Қ.Ахмиров көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Ахмиров Қасым Шабанұлы (1932-1951) – Кеңес Одағының Батыры. Ұлты –татар. Батыс Қазақстан облысынан Қызыл армия қатарына алынды. Воронеж, Орталық, т.б. майдандарда ұрысқа қатысып, жауынгерлік жорығын Берлинде аяқтады. 388-атқыштар полкінің взвод командирі Абдолов Марково, Уросово, Колопежи үшін болған ұрыстарда әскери-ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді. Қызыл Ту, 1-дәрежелі  «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған.
140
Ул.Районная
Кеңес Одағының батыры А.Чурилин көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Чурилин Алексей Павлович (1917-1982)  – Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш. 1942 жылы әскери-авиациялық училещесін бітірген. 611- Суворов атындағы полктің құрамында жаумен шайқасты. Соғыста 273 әскери тапсырманы орындап, 83 әуе ұрысына қатысқан
 
141
Ул.Столбовая
Кеңес Одағының батыры Н.Видяшев көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Видяшев Николай Тимофеевич(1903-1940)–Кеңес Одағының Батыры.
Фин соғысында 257 – атқыштар полкін басқарған. 1940 жылы оған қаза болғаннан кейін ұрыстағы ерлігі үшін Батыр атағы берілді. Выборг қаласының бауырластар зиратында жерленген.
 
142
Ул.Элеваторная
Кеңес Одағының батыры А.Коровин көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Коровин Артем Иванович (1918-1945) – Кеңес Одағының Батыры.
1941 жылы Қызыл армия қатарына шақырылған. 760-шы атқыштар полкі, 208-атқыштар дивизиясы құрамында қызмет атқарған. 1,5 жыл ішінде жау тылынан 14 «тіл» алып келген. 3-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.
 
143
Ул.Ясеневая
Кеңес Одағының батыры Н.Черненко көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Черненко Николай Власович (1924-1945) – Кеңес Одағының Батыры.
1942 жылы желтоқсанда Сталинград және Орталық майдандарға қатысты. Берлин операциясы кезінде Бранденбург шайқасындағы ерекше ерлігі үшін оған Батыр атағы берілді. Елек ауданындағы орта мектеп Черненко есімімен аталады.
 
144
Ул.Чичерная
Кеңес Одағының батыры А.Стрижаченко көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Стрижаченко Алексей Аврамович (1911 -1985) – Кеңес Одағының Батыры.
Алматы кооператив техникумын бітіргеннен кейін Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұтынушылар қоғамының төрағасы болған. Ұлы Отан соғысы кезінде  Сталинград түбінде танк ротасының командирі болды. Днепр үшін шайқас болған кезіндегі көрсеткен ерлігі үшін Батыр атағы берілген.
145
Ул.Тепловая
Кеңес Одағының батыры П.Садомсков көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Садомсков Павел Степанович (1923- 1992)  – Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш. 1942 жылы Украинаны азат ету шайқасына қатысты. 1943 жыл 9 қыркүйекте соғыс операциясында көрсеткен ерекше ерлігі үшін оған Батыр атағы берілді. Соғыстан кейін Куйбышев қаласында тұрған.
 
146
Ул.Щорса
Кеңес Одағының батыры Е.Орақбаев көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Орақбаев Есен Шегірейұлы (1922- 2002) – Кеңес Одағының Батыры.
1942 жыл Фурманов пед.училещесінде оқып жүргенде әскер қатарына шақырылды. Ростов қаласындағы зеңбірекшілер училещесін бітірді. Чехословакияны, Венгрияны жаудан азат ету ұрыстарына қатысты. 1944 жылы взвод командирі Орақбаев Тисса өзен өзенінен өту кезінде асқан ерлік көрсетті. Соғыстан оралғаннан кейін облыстың партия, кеңес органдарында жұмыс істеді. Ұзақ жылдар Жаңақала ауданының «Краснагор» кеңшарының директоры болды. Бірнеше орденмен марапатталған. Жаңақала ауданының Қызылоба ауылындағы мектепке Орақбаев есімі берілген. Оған композитор Ә.Бейсеуіов «Ағаларым» әнін арнаған.
 
147
Ул.Черноморская
Кеңес Одағының батыры Б.Хитев көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Хитев Борис Никитович (1909-1943) – Кеңес Одағының Батыры. Днепрден өту кезіндегі ерекше ерлігі үшін Батыр атағы берілді. Оған Мәскеу облысның Коломна қаласында бюст орнатылған. Чернигов облысындағы Гайворон селосының бір көшесі Хитеев есімімен аталады.
148
Ул.Футбольная
Кеңес Одағының батыры Г.Чумаев көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Чумаев Григорий Иванович (1917-1945) – Кеңес Одағының Батыры, барлаушы. Одер өзенінің батыс жағалауындағы шайқаста көрсеткен ерекше ерлігі үшін оған Батыр атағы берілді. Зеленов ауданындағы Макаров селосының бір көшесі Чумаевтың есімімен аталады.
 
149
Ул.Коммерческая
Кеңес Одағының батыры А.Тихоненко көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
– (1912-1945). Кеңес Одағының Батыры. Тихоненко Андрей
1912 жылы Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында туған. 1941 жылы 24 маусымда армия қатарына алынды. Москва түбіндегі шайқасқа, Литваны азат етуге қатысты. Неман өзенінен өтер кезде көрсеткен ерлігі үшін қатардағы жауынгер А.Тихоненкоға қаза тапқаннан кейін Батыр атағы берілді. А.Я.Тихоненко Алитус қаласында жерленген.
 
150
Ул.Коммунальная
Кеңес Одағының батыры Г.Шевцов көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Шевцов Георгий Григорьевич (1905-1945)–Кеңес Одағының Батыры.    
1929-1941 жылдары Бөрлі ауданының Обловка ауылында тракторшы, трактор бригадасының бригадирі болған. Соғыс кезінде 21-гвардиялық Житомир танк бригадасының құрамында Румыния, Венгрия елдерін азат етуге қатысқан.  1945 жылы 9-қаңтар күні Венгрия жерінде ерлікпен қаза тапты. Туған жері Бөрлі ауданының Обловка ауылында Шевцовтың мүсіні орнатылған.
 
151
Ул.Новая
Кеңес Одағының батыры Г.Губаров көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Губаров Григорий Миронович(1925-1998) – Кеңес Одағының Батыры.
1943 жыл Қызыл армия қатарына шақырылды. Ленинград түбінде майдан жолын бастап, Новгород қаласын азат ету кезінде ауыр жарақаттанды. Польша жерін басқыншылардан азат етуге қатысты. 1945 жылы Висла-Одер операциясы кезінде ерекше ерлік көрсеткен.
 
152
Ул.Огородная
Кеңес Одағының батыры Н.Әбдіров көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Әбдіров Нұркен (1919–1942)- Кеңес Одағының батыры, әскери ұшқыш.Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Қарағандыдағы № 1 шахтада жұмыс істей жүріп, аэроклубта оқыды. 1940 жылы Орынбор әскери авиацияда училещесіне түсті. Соғыс басталысымен әуе атқыштар мектебіне ауыстырылды. Көп ұзамай Сібір қалаларының біріндегі ұшқыштар училещесіне қайта оқуға алынды. 1942 жылы шабуылдаушы – ұшқыш Әбдіров оңтүстік-батыс майданның 17-армиясы құрамындағы 167-авиациялық дивизияның 808-полкіне қабылданды.
Әбдіровке әскери әскери міндетін атқару кезінде көрсеткен ерен ерлігі үшін 1943 жылы 31 наурызда Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
 
153
Ул.Нижегородская
Кеңес Одағының батыры Х.Доспанова көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Доспанова Хиуаз Қайырлықызы (1922- 2008) – Халық қаһарманы, әскери ұшқыш. 1940 ж. Мәскеу мед. институтына оқуға түскен. Атақты орыс ұшқышы М.Раскова басқарған 46–гвардиялық полкіне, 1942 жылы көктемде аға лейтенант Е.Д.Бергиадскаяның полкіне қабылданады. Солтүстік Кавказ , Кубан, Қырым, Украина мен Беларусь, Польша мен Германия жерлерін фашистерден азат етуге қатысқан. 300-ден аса әуе шайқасына қатысқан.  Майданнан оралған соң Доспанова Орал облысында партия комитетінде жұмыс істеді. 1946 жылы Алматыдағы жоғары партия мектебіне оқуға түсіп, Қазақстан ЛКЖО ОК – нің хатшылығына сайланды. 1956жылы Алматы қалалық партия комитетінің 2-хатшысы болған. «Халқым үшін», «Под командованием Расковой» т.б. кітаптары жарық көрген.
 
154
Ул.Монетная
Даңқ орденінің толық иегері  М.Шамов көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Шамов Михаил Михаилович(1912-1972)–Даңқ орденінің толық иегері. 12-13 жасынан еңбекке араласып, «Жаңа өмір» ұжымшарына мүше болды. Семиглавый Мар МТС-ы жанындағы тракторшылар курсын бітірді. 1941 жылы Шамов неміс басқыншыларына қарсы соғысқа аттанды. 86-шы ауыр артиллерия бригада құрамында Курск жерінен Берлинге дейін барады. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін ол Даңқ орденінің толық иегері болды, 2 Қызыл Жұлдыз орденімен және бірнеше медальмен марапатталады. Соғыстан кейінгі жылдары ол Тасқала ауданының Ленин атындағы шаруашылығында 25 жылдай еңбек етті. Оған ауданның құрметті азаматы атағы берілді.
 
155
Ул.Равнинная
Даңқ орденінің толық иегері  А.Балашов көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Балашов Александр -(1925-1997)  Даңқ орденінің толық иегері. 1925 жылы Орал қаласында туған, 18 жасында жауынгер атанып, шайқасқа қатысып жаралы болады. Барлаушы, қаруластарымен бірге талай рет барлауға шығып, құнды «тілдерді» қолға түсіріп, өмір үшін шайқасты. Ұлы Отан соғысын Жеңіспен Берлинде аяқтады.
Даңқ орденінің толық иегері А.Балашов соғыстан кейін Орал қаласында тұрды.
 
156
Ул.Фруктовая
Даңқ орденінің толық иегері  А.Ковалев көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Ковалев Алексей Леонтьевич (1925- 1993) - Даңқ орденінің толық иегері. 1942 жыл барлаушы-солдат Ковалев 82-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында болды. Майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін 3 рет Даңқ орденімен марапатталды.
 
157
Ул.Тупиковая
Даңқ орденінің толық иегері  Қ.Имашев көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Имашев Қайырғазы (1924) - Даңқ орденінің толық иегері, соғыс ардагері. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 110-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Орталық және Белорусь майдандарына қатысқан. 2-дәрежелі Отан соғысы ордені, 3 Даңқ орденімен, медальдармен марапатталған.
 
158
Ул.Инструментальная
Даңқ орденінің толық иегері  В.Захаров көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Захаров Владимир – (1915-1990) Даңқ орденінің толық иегері. 1915 жылы Орал қаласында дүниге келген. Өзінің алғашқы «Әскери ерлігі үшін» медалін барлаушы-радист, сержант В.Захаров Орлов-Курск иінінде көрсеткен ерлігі үшін алды. Майдан даласында, оқ пен оттың ортасында шайқасып жүріп старшина В.Захаров 8-артиллериялық бригада құрамында Курскіден Берлинге дейін жетті.
Моғыстан кейін Орал қаласында еңбек еткен жауынгердің омырауында жарқыраған Даңқ ордендері сол күндердің, солсерекше ерліктің куәсі болатын.
 
159
Ул.Чувашинская
Даңқ орденінің толық иегері  Б.Мұхамбетов көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Мұхамбетов Бисенғали (1908-1966)- Даңқ орденінің толық иегері. 1908 жылы Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында туған. 1942 жылдың қаңтарында Кеңес армиясы қатарына шақырылды. Оңтүстік-батыс, 3-Украин және 1-Белорус майдандарында соғысты. Днепр, Висла, Одер өзендерін алушылардың қатарында болды. Ұлы Отан соғысын Берлинде жеңіспен аяқтады.
Даңқ орденінің толық иегері Бисенғали Мұхамбетов соғыстан соң Шыңғырлау ауданының «Шыңғырлау» совхозында тұрып, еңбек етті. 1966 жылы қайтыс болды.
 
160
Ул.Космическая
Ш.Айталиев көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Айталиев Шмидт Мұсаұлы – ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Қазақстан ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер. ҚазМУ-ды бітірген, 1957-60 жылдары Орал педогогикалық институтының ассистенті. 1960-76 жылдары және 1987-91 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының математика және механика институтының, 1976-86 жылдары Сейсмология институтының, Механика және машинатану институтының кіші және аға ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі. 1992-97 жылдары Атырау қаласындағы ҚР ҒА Батыс бөлімшесінің академик хатшысы қызметкерін атқарды.
 
161
Ул.Камышинская
Ш.Жексенбаев көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Жексенбаев Шәкір–(1901-1988).  1901 жылы 28 ақпанда  Бөкей Ордасы  ауданында, Шоңай ауылында дүниеге келген.
Ш.Жексенбаев- әскери қайраткер, генерал -майор. Ордадағы жоғары бастауыш училищесін, Мәскеудегі М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны, жоғары  әскери академия курсын бітірген. Бөкей губерниясының әкімшілік-ұйымдық жұмыстарына қатысқан.
  1919ж. өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, Қазақтың тұңғыш атты әскер полкінің құрамында бөлімше, взвод командирі, эскадрон командирінің көмекшісі болды. Азамат соғысына қатысқан.
1924-41ж. әскери бөлімдерде, Қызыл армияның әскери  басқармасында, Қиыр Шығыс ерекше армиясында жауапты қызметтер атқарды.
Ұлы Отан соғысы кезінде Батыс, Орталық, Брянск, Ленинград майдандарында жоғары Командалық қызметте болды.
1945-49ж. К.Е. Ворошилов атындағы химиялық  шабуылдан қорғану әскери академиясының  кафедра бастығы, Кеңес армиясы химиялық әскер басқармасы бастығының орынбасары, Беломор әскери округі химиялық Қызметінің бастығы,  1949-58 ж. В.В. Куйбышев атындағы әскери-инженерлік  Академиясының кафедра бастығы және аға оқытушысы болды.
Өмірінің соңғы сәтіне шейін Мәскеу қаласында  тұрды. КСРО ордендерімен және медальдармен марапатталған.
 
162
Ул.Нефтяная
Мұнайшылар көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
 
163
Ул.Объездная
Алаш көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Алаш - 1. Қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы.
2. Ерте замандағы қазақ руларының ұраны.
3. Ел-жұрт, қауым, көпшілік.
4. Қазақ зиялыларының алғашқы саяси партиясы.
 
164
Ул.Парковая
Қ.Рысқұлбеков көшесі
Орал
№27-17. 12.03.2010
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келген. «Халық қаһарманы». 1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтына түскен.
1986 жылы желтоқсан оқиғасына белсена қатысқан. 1987 жылы қамауға алынған. 1987 жылы ату жазасына кесіліп, кейін жазасы 20 жыл бас бостандығынан айрылуға ауыстырылған. Семей түрмесінде белгісіз жағдайда қайтыс болған.
1992 жылы 21 ақпанда ақталып «Халық қаһарманы» болып аталды.
Ақпарат Орал қалалық әкімшілігі, БҚО мемлекеттік мұрағаты, мадениет және Орал қаласының тілдер дамыту бөлімдерінен алынған.