Жас мұғалімдерге тегін жатақхана беріледі
Шымкентте мұғалімдер саны тапшы. Қала мектептерінде 270 орын бос тұр.
Оның 120-сы бастауыш сынып мұғалімдері. Білім бөлімінің мамандары бұл мәселені шешу үшін түрлі қадамдарға баруда. Соның бірі – жас мұғалімдерге тегін жатақхана жағын қарастыру.
Ал бала тәрбиесімен айналысқысы келетін кез-келген мұғалім қалалық білім бөліміне өтінішін электронды түрде жіберіп, сынақ тапсыра алады. Қазірдің өзінде осы жүйе бойынша 140 ұстаз жұмысқа қабылданған.
Жанат Тәжиева, қалалық білім бөлімінің басшысы:
- 20 адамға орын бөлінеді деп жоспарланып отыр. Ол әрине бірінші кезекте біз бастауыш сыныптың мұғалімдерін шақырған болар едік. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген педагогтарға қосымша сағаттар беріліп, оның айлық жалақысының жоғары болуы да қадағаланатын болады.
Жаңа пікірді жазу