ВЕРНУТЬСЯ

Бесінші әңгіме

-        Қасеке, 2001 жылдың жаз айында туғанжеріңізге барып қайттыңыз. Сонда кайда барып,кімдермен кездестіңіз? Көз көргендерден кімдер барекен?-        Бұл жолы былай болды. Елге бұдан былай барааламын ба, жоқ па? Туған жерді енді қайтып көреаламын ба, жок, па? Мені білетін көз көргендерменкездесер ме едім? Сөйтіп, қартайған шағымда елді,жерді сағынып, көңілім босап, бір барып, аралап қай-тайын деп ойладым. Бір жүргізуші тауып алып, өзімнің жаңа "Волга"машинаммен елге қарай тарттым. Асыл апаң аварияғаұшырап, машинамен жүре алмайтын болды. Ұзақ жол-ға жүргізушімен жалғыз өзім шықтым.

Бірінші әңгіме

- Қасеке, Сіз - бір басыңызға жетерлік атақ-абыройыңыз бар, еліңізге танылған елеулі адамсыз. Қан майдандағы ерлігіңізді ескеріп әрі еркелетіп, әлі күнге дейін үлкен де, кіші де Сізді "Партизан" деп атайды. Бұл - өзіңізге де, бізге де жарасымды, жақсы сөз. Сіз туралы кітаптар жазылды, ақындар өлеңдерін арнады, кино да түсірілді. Өзіңіз де кітап жаздыңыз, жазушысыз. Осы жасыңызда қазақ қоғамының небір игі жақсыларымен жақын араласып, бірін аға, бірін іні тұтып, көп сыйластыңыз. Адамның не бағына, не сорына бітетін мінез-қасиеті болады ғой.

Страницы