ВЕРНУТЬСЯ

- Қасеке, Сіз - бір басыңызға жетерлік атақ-абыройыңыз бар, еліңізге танылған елеулі адамсыз. Қан майдандағы ерлігіңізді ескеріп әрі еркелетіп, әлі күнге дейін үлкен де, кіші де Сізді "Партизан" деп атайды. Бұл - өзіңізге де, бізге де жарасымды, жақсы сөз. Сіз туралы кітаптар жазылды, ақындар өлеңдерін арнады, кино да түсірілді. Өзіңіз де кітап жаздыңыз, жазушысыз. Осы жасыңызда қазақ қоғамының небір игі жақсыларымен жақын араласып, бірін аға, бірін іні тұтып, көп сыйластыңыз. Адамның не бағына, не сорына бітетін мінез-қасиеті болады ғой. Сіздің күнделікті жүріс-тұрыста, қарым - қатынаста өзгеге ұқсамайтын өз қалыбыңыз, өз тәртібіңіз бар. Сондықтан әбден қалыптасқан дара келбетіңізге, бәлкім, біреулер сүйсініп, біреулер күлімсіреп, кешіріммен қарайтын болар. Айтайын дегенім, осы ұзақ, ғұмырыңызда оқтан-оттан аман қалып, небір қауіп-қатерден аман өтіп, сүрінгенмен жығылмай, жүдегенмен жасымай, бүгінгі жақсы күнге жетуіңізде не сыр бар? Өмір мен өлім арасы қас қағым сәт қой...- Ал менің айтарым, өмірде жолым болып келеді. Тағдырдың жазуы шығар, қайда жүрсем де ылғи бір жақсы адамдарға кездесіп отырдым. Соғысқа дейін де, соғыста да, соғыстан кейінгі жылдарда да сол бір сәтті кездесулер арқылы ақжол адам болған сияқтымын. Менің тағдырымды анықтаған да, аман сақтап қалған да солар деп ойлаймын. Өзім болдым деуге аузым бармайды. Мен осы ұзақ, қиын-қыстау өмірімді қасиетті Кереку жерінен бастадым. Ал туып-өскен жерім Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданы екенін өзің де білесің. Содан, мына сен тумай тұрып, екі жыл бұрын - 1938 жылы апаң екеуіміз техникумды бітіріп, Керекуге, яғни Павлодарға жұмысқа бардық. - Қандай техникумды бітірдіңіз?- Саяси-ағарту техникумы. Апаң екеуіміз бірге оқыдық. Апаңның аты Асыл екенін де білесің. Біз екеуіміз 1937 жылы қосылдық. Апаң сонда 16 жаста еді. Менің жиырма жасымда, оның он жеті жасында - жас кезімізде осылайша туған жерден үлкен өмірге аттандық. Мен облыстық оқу бөлімінің инспекторы болдым, апаң сонда кітапханаға орналасты. Мен саған айтайын, соңдағы оқу бөлімінің бөренеден қиып салынған қоңыр ағаш үйі Керекудің ортасында әлі де тұр. Әлі есімде, оқу бөлімінің бастығы Михаил Маршинин деген орыс болды. Керемет іскер адам еді. Орынбасары - Мұхлис Баймағамбетов деген қазақ. Ол да керемет мықты, сабырлы болатын. Міне, о баста осыларға тап болдым, жақсылығын көрдім. Апаң екеуіміз қол ұстасып барғанда не үй-күйіміз, не ағайын-туысымыз жоқ, жападан-жалғыз едік. Құдай беріп, әлгі екеуінің бізге көңілі түсіп, бірден қамқорлыққа алды. Өзара ақылдасып алды ма, кім білсін, жұмыс аяғында Маршинин: "Мен таңертең тоғызда жұмысқа келемін, кешкі алтыда кетемін. Алтыдан кейін қашан пәтер тапқанша осы бөлмеде тұрасыңдар. Мына диванда ұйықтайсыңдар, мына графиннен су ішесіңдер", - деп, өз кабинетін екеуімізге тастап кетті. Содан соң қызметкерлеріне тапсырып, бізге пәтер іздестірді. Сонымен, қойшы, үй тауып беріп, апаң екеуіміз сонда тұрдық. Көңілде жақсылықтың жылуы қалды. -  Қасеке, Сіздің өміріңіздің ең ауыр кезеңі - соғыс жылдары ғой. Сол қалай басталып еді. Мұнда да жолым болды дей аласыз ба?- Соғыста өмір мен өлім ғана болады. Егер аман қалсаң - жолың болғаны да.Сіздің оққағарыңыз бар екен. Қаза тапқандар, із-түзсіз жоғалғандар, белгісіз батырлар қаншама. Бәрі де иманды болсын. Менің әкем де майданнан оралмады... Сонымен не керек, фин соғысы басталып, мені де майданға жіберді. Бұл - 1939 жылдың қысы еді. Солдат ретінде қызыл жүк вагонға отырғызды. Батысқа бет алдық. Сол Маршинин, сол Баймағамбетовтерге кездесіп, солар алақандарына салып, аялап, қаншама қаражат беріп, соғысқа аттанарда мені шығарып салған еді. Менің алдағы қиын-қыстау жолым осыдан басталды. - Әрі қарай айта беріңіз. Бірден жау тылына түсіп, партизан болмаған шығарсыз. «Жолым болды» деген сөзіңізге тағы да дәлел естігім келеді.- Сен де қадалып қоймайды екенсің. Жарайды, айтайын.  -  Бірақ, қысқа айтыңқырап... бір айтқанды қайталамай дегендей...- Бұған да келістік. Мен ешқашан бір айтқанды қайталамаймын. Сөйтіп, соғыс басталып, біз кете бардық қой. Көңілімде терең із қалдырған бір адаммен осы жолы кездестім. Атақты Естай ақын бар емес пе. Соның жалғыз қарындасының Өмірбаев Хамза деген жалғыз ақын ұлы болған. Сен оны білмейсің. Егер сол Хамза тірі болса, қазір қазақ әдебиетінің төрінде отыратын ақындардың бірі ретінде танылар еді. Сол екеуіміз бір вагонның бұрышында Мәскеуге дейін бірге болдық. Өзінің Естайдың жиені екенін айтты. Естайдың «Қорланын» керемет салатын. - Қасеке, Сізге не болған? Кемсеңдеп, жылап отырсыз ғой. Үндемей калдыңыз... Айта беріңіз.- Мен қазір босап кеттім. Осы арада сәл шегініс жасайын. Жақында телеарнаның бірінде бір жас қыз өлең оқыды. Сен де естіген шығарсың. Өлеңде «Естай, Естай бола ма» деген сөзі бар. Қай ақынның өлеңі екенін білмеймін. Әлгі қыз сондайлық тебіреніп, нақышымен оқыды. Соны естіп, Өмірбаев Хамза ағаң есіме түсіп, соның айтқан «Қорланы» құлағыма келіп, өзім қатты күйзелдім. Содан кейін ақын Қабдікәрім Ыдырысов ағаң бар ғой, сол есіме түсті. Хамзадан кейін бұл әнді Қабдікәрімдей ешкім де айта алмайтын. Қабдікәрім марқұм аздап ішіп алып, көңілденіп, терлеп-тепшіп, «Қорланға» басып аңыратқанда оған адам баласы тебіренбей тұра алмайды. Сол жағдай есіме түсіп Қабдікәрім ағаң туралы естелік жаздым. Бұған себеп болған әлгі кішкентай қыз, Хамза ағаң... Сол Хамзаны Мәскеу түбінде көп солдатпен бірге соғысқа аттандырды. Мен одан айырылып қалдым. -  Өзіңіз қайда қалдыңыз?-  Мәскеуге барған соң мен диверсиялық-барлау мектебіне алындым. Бұл аса құпия мектеп болуға тиіс, хат жаздырмайды, хат та алдырмайды. Әрине, ол мектептің қай жерде екенін де, көшесін де білмеймін. Мені екі жыл оқытқан мұғалімдердің аты-жөнін де білмеймін. Шетелдерде ондаған жылдар болған кәнігі барлаушылар ғой. Ол мектепте оқудың өзі қиын. Айтайын дегенім, сондай мамандардың қолына түсіп, тәлім алғаным - жолым болғаны ғой. Әлгілердің берген білімі, үйреткен әдіс-айласы арқасында мен жаумен бетпе-бет кездескенде, жекпе-жекте жеңіліп көрмедім. Қиын-қыстау, қысылшаң жағдайда, айқастарда аман шығып отырғаным сол мені оқытқан жиырма шақты барлаушылардың көмегі шығар деп ойлаймын. - Қашан да амалын асырған жеңеді демексізғой. Сөзіңізге қарағанда, Сізді әу бастан ашық майданға емес, жау тылына диверсиялық әрекеттерге дайындағанға ұқсайды. Расында, Сіз амалсыздан жау тылында қалған қатардағы партизан емес, үлкен дайындықтан өткен нағыз барлаушы екенсіз. Жау тылына қалай және қашан бардыңыз?- 1941 жылы қараша айының 19 күні Днепрдің оң жағындағы Богуслав деген қаланың маңындағы қалың орманға парашютпен түстім. Мен оқыған құпия мектепте жау тылындағы болашақ партизан отрядтарының командирлерін дайындаған екен ғой. Бітірген адамдарды әр майдан штабтарына бөлген көрінеді. Мен Оңтүстік-Батыс майдан жанындағы партизандар қозғалысы штабына жалғыз бардым. Бұл штабтың жау тылына жөнелтуге дайындап жатқан өз адамдары бар екен. Диверсиялық әрекеттер жасауға қабілетті, бір-бір мамандықты игерген бар-жоғы он адамды басқарып, алғаш рет жау тылына аттандым. Парашютпен жау тылына түсу дегенің оңай дүние емес. Табанымыз жерге тиген сәттен бастап қалың жаудың ортасындамыз. Күндіз де, түнде де айналамыздың бәрі жау. Ал жау аяйды деп кім айтады. Жау тылына жөнелткенде бізбен кәдімгідей, енді көрместей қоштасып қалады. Біздің алдағы халімізді осыдан-ақ біле бер. Оның бәрін мен айтпаймын. Өйткені бұл - ұзақ әңгіме. Жаумен жағаласу, өліспей беріспеу оңай дейсің бе?!Бұны, әрине, бастан кешкен біледі. Қалың орман, қаптаған жаудың ортасында қалған жиырма үш жасар қазақ жігіті. - Мына Сіз алғаш күндері не күйде болдыңыз? Соғыстың өз логикасы бар деуші еді...- Жау тылына, орманға түскеннен-ақ фашистер листовка тастап, «беріліңдер», пәлен-түген деп бізді айналдыра бастады. Бізді көп адам деп ойласа керек. Сол екі арада он адамның біреуі қашып кетіп, тіпті қиын болды. Енді фашистер біздің санымызды да, қандай топ екенімізді де, кім басқарып келгенін де, қандай қару-жарағымыз бар екенін де біледі. - Сіздердің мақсаттарыңыз қандай?- Мақсатымыз - жау тылында партизан отрядтарын ұйымдастыру, жеке-дара жүрген шағын топтардың басын біріктіру, орталықпен байланыс жасау. Әйтпесе он адаммен бүкіл жауды қырып тастау мүмкін емес қой. Біз арнайы жіберілген, белгілі бір тапсырмамен жүрген топ болған соң жау да қауіптеніп, тезірек құртуға әзір. Қашып кеткен әлгі бір адамның кесірінен сырымыз мәлім боп, төртінші күні қоршауда қалдық. Партизандық өмірімнің алғашқы ұрысы, бетпе-бет шайқас осылайша басталды. Кешке дейін атысқанда Борис деген пулеметші орыс жігіті екеуіміз ғана тірі қалдық. Басқасы оққа ұшты. Фашистердің де біразын жайратқанбыз. Қас қараюын күттім. Қасымдағы жігіт ауыр жаралы, жүруге жарамайды. Содан қараңғы түнде Днепрді бетке алып, қансырап, әрең жатқан адамды плащ-палаткамен сүйретіп қоршаудан өтіп кетуге тырыстым. Қоршаудан құтылып шығып, Днепрге жақындай бергенде жаралы серігім қайтыс боп кетті. Оны жерлеуге менде уақыт болмады. Сүйреп әкеп бір жарға жатқызып, плащ-палаткаға орап, бетін көлеңкелеп кетуге ғана шамам келді. Қан кешіп, қайғы жұту, өмір мен өлім арпалысы, жауыздық, қатыгездік қасіреті мен үшін осылайша басталды. Сол жолы орманда он шақты күн жалғыз жүрдім. Жау тылында әр жерде күні бұрын белгіленген, астыртын кездесетін орындар бар екенін білетінмін. Солардың бірін іздеп тауып, Примак дегенмен кездестім. Біраз уақыт сол Примакпен бірге жүріп, астыртын аудандық комитет, астыртын обкомның көмегімен Киев, Полтава жерінде Чапаев атындағы партизан құрамасын ұйымдастыруға қатысып, кейін сол құраманың полк дәрежесіндегі бір отрядын басқардым. Екі жарым жылда Днепрдің оң жағында, сол жағында - жау тылында небір қырғын майдан жасадық. Небір оқиғаларға араласып, бәрін де бастан кештік. Өлмеген соң соның бәрі қазір ертегі секілді. Талай қиын да қатерлі шайқастар болды ғой. Айта бастасаң тауыса алмайтын секілдісің.- Қасеке, дегенмен Сіздің партизандық жолыңыздың аса бір елеулі оқиғасын айтпасқа болмайтын тәрізді.- Е, ол не оқиға еді?- Өзіңіз де білесіз, Днепрден өту, орысшалап айтқанда "форсирование Днепра" Ұлы Отансоғысы тарихында ең ірі әрі шешуші шайқастардың біріне жатады. Совет Армиясының шабуылын тоқтату үшін фашистер осы шепті - Днепрдің оң жағалауын алынбас берік қорғанға айналдырғысы келді. Сондықтан Днепрдің ұзына бойы қанмайданға, қырғын соғысқа айналғаны рас қой.Сіз сол кырғынның бел ортасында жүріп, арғыбетке алдымен өткендердің қатарында болыпсыз.Солай емес пе?-        Оны білсең, тыңда ендеше, айтайын. Ол кездепартизан құрамасының үлкен бір отрядының командиріекенімді әлгінде айттым. Совет Армиясы Днепрге жа-қындағанда біздің құрама осы өзеннің оң жағында,жау тылында жүрген еді. Совет Армиясына қосылуүшін біз Днепрдің сол жағына шығып үлгердік. Сөйтіп,1943 жылы қыркүйек айының ортасында өзіміздіңтұрақты Армиямен кездестік. Бұл да бір ұзақ хикая.Енді сенің сұрағыңа тура жауап берейін. Көңілдекүдік қалмасын. 1943 жыл Совет Армиясыныңтегеурінді шабуылымен Днепрге жеткен кезі ғой. ЖауДнепрдің арғы бетіне шығып, мықтап бекініп алды.Біздің мақсат - қайткенде Днепрден өту, жаудыңмақсаты - қайткенде де тоқтату. Днепр өзені нағызқыл көпірге айналды.- Қасеке, осы тұста тақырыпқа кіріспе ретіндебір ауыз сөз қосайыншы. Сіздің кітап сөреңізденМаршал Г.К. Жуковтың естелік кітабын қолыма алыпотырмын. Даңқты қолбасшы өзінің осы кітабындаДнепр шайқасына айрықша тоқталады. Ставка1943 жылдың 9-қыркүйегінде Днепрден алдыменөткендерді Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынутуралы алдын-ала бұйрық шығарыпты. Кітапта жәнеде «Дала майданы Полтаваны азат еткен соң өзініңсол қанатының алдыңғы бөлімдерімен 23-қыркүйектеДнепрге жақындады» делінген. Сөйтіп, Днепрдіңарғы бетіне алдымен өткен әрбір адам Батыр ата-ғынан дәмелі болса керек.-        Қалқам, мұндайда Батырлықтан гөрі өз басың-ның амандығын алдымен ойлайсың. Әлгінде МаршалЖуковтың кітабынан келтірген үзіндіңде айтылғандай,танк армиясының механикаландырылған бөлімдеріалдымен жетіп, көпір салатын бөлімдер, саперлер,тағы басқалары кейін қалып қойған. Ерте келген тан-кистер бізден көмек сұрайды ғой. Днепрдің оң жаға-лауы биік, қыратты болатын, ал сол жағы жадағайлауеді. Оң жаққа өтіп, бекініп алған фашистерге солжаққа оқ ату оңай ғой. Танк бөлімдерінің Днепрдентез өтуі үшін біздің құраманың партизандары қайт-кенде арғы жағалауға өтіп, жаудан аз да болсынжер тартып алып, плацдарм жасауы керек. Бұл іскеқұрамадағы алты отрядтың біреуі баруға тиіс болды.Құрама басшылары не ойлағанын кім біледі, бұлажалға жұмсағанмен бірдей еді. Бүгіндері әртүрлі жо-рамал жасауға болар. Әйтеуір, құрамадағы алтыотряд командирі ішінен мені таңдады. Менің отря-дымдағы партизандардың көпшілігі - Днепрдің арғы,бергі жағындағы селолардың тұрғындары. Менітаңдауға, бір жағынан сол себеп болды ма әлдеқазақ ретіндегі жалғыздығым ба, кім білсін. Боларыболды, тапсырма берілді, бұл іске мені салды.-        Қасеке, басқа түссе, көнесіз, қайтесіз. Құдайжар болған шығар...-        Иә, сонымен, бұған мені салды. Мен өз отря-дымнан таңдап-таңдап 120 адам алдым. Совет Армиясыбөлімінен 500 адам береміз деді. Мен өз отрядымменқыркүйектің 21-нен 22-не қараған түні Днепрден қолқайықпен өтіп шықтым. Оң жақтағы таудың қабырға-сына салынған Григорьевка деген селоны түн ішіндебасып алдық қой.-        Бүкіл әскеріңізбен бе?-        Қайдағы әскер. Адамдардың жартысына жуығысуға батты, атыста жер жастанды. Днепрдің бойын -жоғары, төмен бомбалап, арғы беттен атқылап, өзен-нің суын шарасынан асырып жатыр. Аман қалған-дарымыз арғы жағаға шығып, салған бойда әлгі се-лоға кірдік емес пе. Бұдан кейін бөгелместен көрші-лес тағы екі селоны босаттық.-        Немене, Сіздер селоны басып алғанда немістерұйықтап жатыр ма еді?-        Жо-ға. Айнала атыс, бізге шегінер жер жоқ. Солекі ортада сол жақ беттегі әскердің бір офицері ма-ған телефонмен айқайлайды. «Селоны сағат он екігедейін ұстап тұрыңдар. Он екіден кейін біз Днепрденөтіп үлгереміз», - дейді. Біз, шамамен, сол он екігедейін селоны ұстап тұрдық. Бірақ отрядтағы адамныңбәрінен айырылдық. Енді 20 шақты ғана адам қал-дық. Сөйтіп тұрғанда фашистер бізді бомбалай бас-тады. Келесі күні Совет Армиясы бөлімдері Днепрденөтіп, біз басып алған Григорьевка селосына да жетті-ау... Тарихта Букрин плацдармы деген атау бар. ҰлыБукрин және Кіші Букрин деген екі селоға байланыс-ты аталған. Днепрдің төменгі ағысында, Киевтентөмен қарай жүз шақырым. Григорьевка және бұғанқосымша екі селоны алу арқылы Букрин плацдармынажол салған біз едік.- Қасеке, сөзіңізге дәлел болсын, тағы даМаршал Жуковтың кітабынан үзінді келтірейін. «3-шігвардиялық танк армиясының механикаландырылғанбөлімдері мен 40 және 47-армияның кейбір күштеріҰлы Букрин аймағындағы плацдармды басып алды»делінген. Бұдан кейін Маршал былай деп жазады:«Днепрден өткендегі шабуылда көрсеткен жан-қиярлық ерлігі, асқан табандылығы үшін екі жарыммыңға жуық солдаттарға, сержанттарға, офицерлермен генералдарға Кеңес Одағының Батыры атағыберілді» Апырау, Қасеке, сол тізімде Сіз неге жоқ-сыз?-        Маған тиесілі деген Батыр атағын кейін өзімніңКарпаттағы командирім болған Тканко алды. -        Қалайша?-        Тканко бізге Денпр бойында 20 адаммен пара-шютпен түскен десант болатын. Сол біздің арамыздажүріп, Днепрдің бергі бетіне бірге өткенбіз. Кейін менөз отрядыммен Денпрдің арғы жағасына өткенде олбармай, құрамада қалған. Біздерді тірі қалады депешкім ойламайды ғой. Григорьевка селосының алын-ғанын, плацдарм жасалғанын естіп-білген ТканкоХарьковтегі майдан штабына барып, Әскери Кеңестіңмүшесі Хрущевтің қабылдауында болады. Днепрденөткен партизандар отрядының командирімін дейді. Со-нымен, қысқартып айтқанда Батыр атағын сол Тканкоиеленіп кетті. Мен де Батыр атағына ұсынылған бо-луым керек. Бірақ...Тканко Александр Васильевич қазір Черкасск қала-сында тұрады. Менен екі жас үлкендігі бар. Мен оныәлі де қатты құрметтеймін. Кездесіп тұрамыз. Өткенжылы Украина, Қазақстан бірлесіп партизандар туралыкино түсіріп жатыр екен. Мені де Украинаға алып бар-ғанда Тканкоға жолығып, үйінде қонақ болдым, біргесуретке түстік.-        Қасеке, мейлі, «жазмыштан озмыш жоқ» дегенғой. Ал енді бұдан кейінгі партизандық жолыңыздықысқаша шолып өтсеңіз қайтеді? Ел білсін де.Қазақстанда соғыс кезінде партизан болғандар бар-шылық. Ақын-жазушыдан Украин жерінде ЖұмағалиСаин, Белоруссия орманында Әди Шәріпов... Мыңнанаса адамы бар партизан отрядын басқарған қазақкомандирі өэіңіз ғана ма деймін.- Днепрден кейін 20 шақты адамды парашютпенМолдавия жеріне тастады. Мұнда партизан отрядынқұрып, тылда жаумен соғыстық. Содан кейін 1944 жыл-дың басында тағы да жиырма бес адамды үшінші ретРумыния жеріне түсірді. Румынияның Плоешти дегенмұнайлы ауданы бар. Фашистер пайдаланбауы үшінбіраз мұнай базаларын өртедік, қираттық. Сол жиыр-ма бес адамнан тірі қалған үшеуіміз Совет Армиясынақайтадан қосылдық. Бізді демалдырып, емдегендейболды. Төртінші рет - 1944 жылдың маусым айындабізді тағы да парашютпен Карпат тауына тастады.Осында «Закарпатье» деген партизан дивизиясын құр-дық. Командиріміз - әлгінде айтқан Кеңес ОдағыныңБатыры, полковник Александр Тканко. Дивизияның бірполкын мен басқардым.-          Қасеке, жау тылына төрт рет парашютпентүсіп, қай жерлерде болғаныңызды қысқаша шолыпөттіңіз. Жау тылына ұшқан әр сапарыңыз, сондағыпартизандық жорықтар, қантөгіс ұрыстар мен қырғыншайқастар туралы кейін кеңірек әңгімеленіп, көбіректоқталатын болармыз. Өзіңіздің бастан өткергеноқиғаларыңыз әңгімеге кірігіп, жалғасып отырадыдеп ойлаймын. Қойылған сұраққа орай, кейбіроқиғалар қысқаша екі-үш сөйлеммен қайталаныпотырса немесе оқта-текте еске алынса бұның өзіайтылған ойды дамыту немесе нақтылау үшін қажетдеп білемін. Мен де айтылған жайдың қайталан-бауын қалаймын. "Қасеке, бұл туралы айтқансыз", -деп, алдын-ала ескертіп отырармын.-          Жарайды. Бұған да келістік. Сұрақ қоя білсең,онсыз да айтар әңгіме көп. Бір айтқанды қажетсізқайталау деген болмайды деп ойла.-        Қасеке, байқаймын, біздің әңгімеміздің ұзаққасозылатын түрі бар. Өйткені менің Сізге қатыстыкөп нәрсені білгім келеді.-          Мейлің. Сонымен, Совет Армиясы Карпатты ал-ғаннан кейін партизандардың біразы соларға қосылып,көпшілігін Батыс Украинада кеңес өкіметін орнату үшінсол жерлерге қалдырып кетті. Мен енді қатты ойлан-дым. Карпат тауында қала алмайтынымды білдім.-        Қасеке, «ер туған жеріне» деген. Көңіліңіз елжаққа ауған болар?-        Әрине, елде әкем бар, шешем бар, осы Асылапаң бар. Үш балам бар еді, олар соғыстың алдындақайтыс боп кетті. Өзімнің ойым - елге қайтсам бадеймін. Елден кеткеніме бес-алты жылдай бопты. Күні-түні басқа ұлттардың ортасында жүргенде өз тіліңе дезар боласың. Сонда ғой бар-жоғы 26 жаста екен-мін.-        Қасеке, байқаймын, Сіз үшін майдан жолыКарпатта аяқталған тәрізді. Елге қашан және қалайқайттыңыз екен? Дәм тартса...-        Бұл бір қызық хикая өзі. Киев қаласында Воро-шилов атындағы көшенің 18-үйінде Украинаның Орта-лық партизандар қозғалысының штабы болды. МеніКарпаттан сол штабқа жіберді. Бұл жерде де бағымақарай жақсы адамдарға кездестім. Солар мені атақтыпартизан Ковпакқа қабылдатты. Оған барғанда меніңайтқаным - «елге қайтайын» деймін. Ол маған ақылайтады. Партизандар «Қасым Қайсенов» деп айтудықиынсынып, мені үнемі «Вася» дейтін. Сондағы Ковпак-тың, басқаларының айтқан ақылы мынау: «Вася, сенеліңе қайтпа», - дейді. «Сен төрт жыл бойы қысы-жазы бізбен бірге соғыстың, жау тылында болдың.Сенің істемегенің жоқ, көрмегенің жоқ. Сен бұл жер-де талай-талай өктемдік, тіпті партизандардың өзінеқиянаттар жасағансың. Сен - қаталсың, батылсың.Ойыңа келгенді бірден істейтін адамсың. Біз сеніжақсы білеміз, біз саған ризамыз. Еліңе қайтпа дейтінсебебіміз, сені еліңде ешкім білмейді. Ешкім білмегенсоң, сені біздей тусінбейді. Еліңе барған соң біразжүресің. Содырлық жасайсың, түрмеге түсесің, сондашіріп өлесің», - дейді. «Енді сені Армияға жібер-мейміз. Сен үшін соғыс аяқталды. Саған осында қыз-мет береміз. Керек десең, отбасыңды осында алдыр-тайық. Сен алдымен соғыссыз бейбіт өмірде тұруғаүйренуің керек. Содан бір-екі жылдан кейін өзімізеліңе алып барып табыс етеміз», - дейді. Мұның бәріолардың маған деген қамқорлығы мен ризашылығығой.Сөйтіп, әрі-сәрі боп жүргенімде Киевке ақын Жұма-ғали Саин ағаң келді ғой. Ол өзі адал, бірбеткейліадам болатын. Украинада партизан отрядында соғы-сып жараланып, ауруханаға түсіп, кейін елге оралыпты.Елдегілер: «Бұл қалай партизан болған, ешбір құжатыжоқ, пәлен-түген», - деп ойласа керек. Сондай қаңқусөзден құтылу үшін ол кісі Киевтегі Орталық парти-зандар қозғалысы штабына келген ғой.Штабтағылар: «Осында сенің жерлесің бар, парти-зан отрядының командирі», - демей ме?. Штаб басты-ғы мені іздестіріп, шақыртып, кадр бөлімінің кабине-тінде отырған Жұмағали Саинмен кездестіреді. Бұрынкөрмеген адамым. Жұпыны киінген шағын ғана кісіекен. Бұрын оның атын естісем де, өлеңдерін оқысамда ұмытып қалыппын. Соғыстан бұрын мен де өлеңжазғанмын. Павлодардың, Шығыс Қазақстанның газет-терінде басылған өлеңдерім бар. Жас кезінде кімөлең жазбады. Жұмағали ағаңмен Киевте осылайшатабыстық, таныстық, он шақты күн бірге жүріп-тұрдық.Ол керек құжаттарын түгендеп алды.Ол менімен сырласады. «Елге қайтқың келе ме?» -дейді. «Қайтқым келеді», - деймін. «Бірақ мұндағыларәзірге жібергісі келмейді», - деймін. «Елге шыныменқайтқың келсе, бұл мәселені мен өзім шешейін», -дейді. Сол кезде мені Ровно қаласындағы ет комби-натының директорлығына тағайындап, соған жүргеліжатырмын. «Жоқ, оның бәрін мен қойғызамын», - деп,Жұмекең Украинаның Орталық Комитетіне де, штабтыңбастығына да - бәріне де бір өзі барды. Мені қыз-меттен босатып, өзімен бірге елге алып қайтты. Олақылды қазақ қой, қайтар алдында Украин үкіметінен,партизандар қозғалысы штабынан Қазақстан үкіметінемен туралы хат жаздырып алып, сол пакетті меніңчемоданыма салдырды. Мұның мәнісін, пакеттің қандайпайдасы барын кейін ғана түсіндім.Екеуіміз 1945 жылдың 1-қаңтарында II Алматы вок-залына келіп түстік. Жұмағалидың Калинин мен Фур-манов көшесінің бұрышындағы бір бөлмелі пәтерінебардық. Сол күннен бастап, оның өмірінің соңынадейін жиі араласып, бірге жүрдім. Жұмағалимен тағыбір жолым болғаны - ол кісі мені бүкіл жазушыларқауымымен таныстырды, біразымен достастырды. Меноны еш уақытта ұмытпаймын. Жұмағалиға қарыздар-мын.- Қасеке, жұрт осы Сіздің Алматыға алғашкелген кездегі қылықтарыңызды жырғып айтады.Гәп неде? - Гәп - менің бейбіт өмірге икемсіздігім болса ке-рек. Ақылсыз емеспін деп ойлаймын. Соғыста ақымақадам алдымен оққа ұшады. «Елге аман қайттым» де-ген желік менде болған емес. «Тәртіпсіз» адам екенімде рас. Дағдылы қалыптың шеңберіне сыймай кете-тінім бар. Елге келген соң маған жұмыс табылмады.Ана наркоматқа, мына наркоматқа барамын. «Маман-дығың не?» - дейді. «Мамандығым жоқ», - деймін.Апаң «Социалистік Қазақстан» газетінде істейді. Пәтержалдап тұрамыз. Әке-шешем елде.- Қасеке, сол кезде Орталық партия комитетініңбірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовке барыпсызғой.- Мен Алматыда жұмыссыз қаңғып жүрген соң,Жұмағали ағаң да күйзелді. Бір күні ол маған:«Қасым, анада Украинада бізге бір пакет берді емеспе, сол қайда?» - дейді. «Менің чемоданымда жатқаншығар», - деймін. Ол кезде мен Кеңес үкіметінің,Орталық партия комитетінің не екенін оншалық түсініп,біліп жатқан жоқпын. Жұмағали пакетті алып қарайды.Пакеттің сыртында: «ЦК Казахстана. Шаяхметову», -деп жазылыпты. Ішін ашып қарауға болмайды, мөр-ленген. Жұмағали айтады: «Осында сен туралы жазыл-ған болуы керек. Сол кісіге баруың керек», - дейді.«Ол кісі кім еді?» - деймін. Ол маған түсінікті болсындеп: «Шаяхметов - осындағы ең үлкен командир», -дейді. «Ол қайда отырады?» - деймін. Жұмекең тағыда түсіндіреді. «Оған бару үшін кім көрінгенді кіргіз-бейді. Бір үлкен қызметкердің кабинетінде телефонболады. Шаяхметовтың фамилиясы тұсында номеріболады. Соны табасың да телефон соғасың», - дейді.Мен енді апаң жұмыс істейтін «Социалистік Қазақ-станның» редакциясына келемін. Редактордың кабинеті-нің алдында шақылдап тұрған бір орыс қызы отырады.Аты - Тоня. Кабинетке кіргізбейді. Редактордың жоқкезін аңдыдым. Бір уақытта әлгі қызды біреу шақы-рып алып кеткенде кабинетке кірдім де есікті жауыпалдым. Шаяхметовтің фамилиясы тұсындағы 247-но-мерді бұрап едім, дәл түстім. «Майданнан келген пар-тизан отрядының командирі едім. Сізге беретін паке-тім бар. Және өз қолыңызға тапсыруым керек. Май-данға жүргелі тұрмын», - дедім. «Ертең кел», - депуақытын айтты.Мен ылғи үш пистолет салып жүремін. Иығымда асын-ған планшетім, биноклім болады. Бөркімде - қызыллента, аяғымда - немістің жалтыраған етігі. Қайдабарсам да осы күйімде жүремін. Оған ұялмаймын,ерсі көрмеймін. Көшеде балалар кездесіп, соңымаереді. Олардың саны көбейіп, жиырма-отызға жетеді.Әлгі кісіге ертең кел деген уақытында барайын.Сөйтсем, ол үйге кіру үшін пропуск керек екен, қару-жарақты тапсыру керек екен. Айтқанға көнбей, ішкекірейін десем, ауыздағы милиционер «пропуск» депжібермейді. Оны қолынан қағып жіберіп, асыға басыпекінші қабатқа көтерілейін. Соңымнан үш милиционерқуып келді. Алдымнан да милиционер шықты. «Жа-қындамаңдар, атамын», - деймін. «Мен - военныйадаммын. Пакетті өз қолыммен тапсыруым керек.Басқа ешнәрсені білмеймін», - деп айқайлап тұрған-да арғы жақтан көзілдірік киген сары адам шығып,сыпайы сөйлесті. Мен енді оны Шаяхметовтің өзіекен деп, кішірейемін.Ал ол: «Інім, бұл жерде тәртіп керек. Ол кісігеқару-жарақпен баруға болмайды. Егер көнсең оныңбәрін менің кабинетіме тастайсың. Есікті бекітіп,жабамыз. Шығарда қайтадан аласың», - дейді. «Ә,жарайды», - деймін. Сөйтіп, ол кісі мені тура Шаях-метовтың кабинетіне алып барды.Төрде отырған басы тақыр, шағындау адамға кіргенбойда пакетті тапсырдым. Ол пакетті ашып, оқып бол-ған соң: «Ғабдолла, мына жігіт осыңдай да осындай», -деп, мені таныстырды да: «Менің атымнан Әбдісәмет-пен сөйлес, үш күннің ішінде жұмысқа орналас-тырсын», - деген сөздерді айтты. Ол кісімен қош-тасып, әлгі Ғабдолла Шолановтың кабинетіне келдімде қару-жарағымды қайтадан асындым. «Енді сенпәлен жерге барасың», - дегенде, «Онда милиция барма?» - деймін. Ол күліп: «Алдын-ала айтып қоямыз.Есік алдында қарсы алады», - деді.Нұсқаған үйіне келсем, жіптіктей біреу күтіп тұр.Ол Жоғарғы Кеңестің шаруашылық жағын басқара-тын Байдилдин Әскей деген кісі екен. «Ә, Қасым-жан, партизан, кел, кел», - деп, соңына ертіп, кіші-гірім кабинетке кіргізді. Аппақ шашы тікірейген біршал отыр. Жылы амандасып, «Отыр, шырағым, шешін»,- деді. Шешіндім. «Е, партизанмын дейсің бе,кішкентайсың ғой», - дейді. Оның Әліби Жанкелдинекенін қайдан білейін.«Ал, шырағым, жүр», - деп, мені Жоғарғы КеңесПрезидиумының төрағасы Әбдісәмет Қазақбаевқаапарып, таныстырды. Қазақбаевтың өзі мөлдір қарашашы бар келісті адам екен. Мені кабинетінде көпұстады, әңгімелесті.Сол күннен бастап Жоғарғы Кеңестің ақпараттық-статистикалық бөлімінің референті боп қызметке орна-ластым. Өзіме жеке кабинет берді. Бастығым Кәріп-жан Досымбеков деген жігіт. Тілі майда, үнемі Қасым-жан деп сөйлейді. Қолыма екі карточка берді. Олдегенің көп дүние екен, қарқ болдым да қалдым.Менің жұмысым - облыстық атқару комитеттерініңқаулы-қарарларының дұрыс-бұрыстығын бақылап отырукерек. Бастығымның әкеліп алдыма қойған папкаларынашып қарап, оқып көремін. Бір күн отырдым, екі күн отырдым. Әлгілерден түкте түсінбеймін. Содан кейін папкаларды жиып қойып,босқа қарап отырмайын деп пистолетімді тазалай бас-таймын. Соны бөлшектеп, қайта жинаймын. Сөйтіпотырғанда «жаңа қызметкер не істеп отыр екен» депәркім есігімді ашып қарап кетеді. Содан олар меніайналдыра бастады.Бір күні Әліби ағамыз келеді, бір күні өз бастығымкеледі. Көбіне жиірек келетін - Әлекең. «Бұл мекеме-де жұмыс істеу керек. Сені енді соғысқа жібермейміз.Мына пистолеттеріңді осындағы секретный отделгетапсыр. Бинокль, планшетіңді үйінде төсегіңнің тұсынаіліп қой», - деп, ақыл айтып кетеді. Сол шал ақырымені қарусыздандырды. Қолға ала бастаған соң менбұған шыдамадым. Қайтадан соғысқа барайын деп,екі рет қаштым. Екеуінде де вокзалда ұсталып қал-дым.Бұл 1945 жылдың басы болатын. Қызметке қырымжоғын білген соң, мені бірден партияға алды да біржарым жылдық лениндік курсқа оқуға жіберді. Кейінол курс партия мектебі атанды. Курсті бітірген соң,Шымкент облысына аудандық атқару комитеті төраға-сының орынбасары етіп жіберді. Одан Жамбыл облы-сындағы Свердлов ауданына дәл осы қызметке ауыс-тырды. Онда да қызмет істегенім қызық болды.Біресе ауданның мал шаруашылығы жөніндегі, екіншіауданда өндіріс-сауда жөніндегі орынбасарымын. Бұлжұмыстардан мүлде хабарым жоқ.Ештеңе оңдырмайтын болған соң жұмыстың бәрінтастап, апаңды алып, ешбір рұқсатсыз Алматығақашып келдім. Осында жеңіл өнеркәсіп комиссариатын-да кадр бөлімінде қызмет атқардым. Саған шынымдыайтайын, мен - соғыстан кейін күнделікті өмірдеондырып қызмет істемеген адаммын.- Қасеке, оның есесіне кітап жаздыңыз, жазушыатандыңыз. Бұл бір басыңызға аз жұмыс па?!- Мен осы жасымда қазақшасы бар, орыс, украинтілдеріне аударылғаны, қайта басылғаны бар, отызғажуық кітап шығардым. Сол кітаптарда жазғандарым -басымнан кешкендерімнің 20 немесе 25 проценті ғана,қалғандары жазылған жоқ. Heгe дейсің ғой.Біздің бастан кешкендеріміз - қатал соғыс қой.1941-42 жылы біз жау тылында жүргенде тұтқын алғанжоқпыз. Тұтқынды айдап жіберетін жерің не қамапқоятын абақтың болмаса не істеуің керек? Мысалы,қолға 50-100 фашист түсті дейік. Оларды егер боса-тып жіберсең, ертең қайта қару алып, қайтадан өзіңдіатады ғой. Тұтқын алмаған соң не істейді деп ойлай-сың. Оны жою керек, жою керек қой.Біздер - жау тылында жүрген партизандар туысқанукраин халқын, совет халқын фашистер қатыгездікпенөлтіріп жатса, атып жатса, олардың кішкентай балала-рының жүрегіне қанжар сұғып лақтырып жатса, соныңбәрін көріп жүрсек, үйлері өртеніп, өздері қан жосабоп сабалған, арып-аршыған адамдар біздерден«құтқарыңдар» деп көмек сұраса, адамда ыза-кек де-ген болады ғой. Сол кек біздерде қатты болады.Онымен қоймай партизандарды «халық кегін алушылар»дейді.Сонда жауға өшігіп, біз де қатыгездік жасадық.1941-42 жылы біздің қатыгездігіміз фашистерден арт-паса, кем болған жоқ. Ал оны кітапта жазуға болмай-ды, жазғанмен жарыққа шығармайды. Тіпті жазғанкүннің өзінде сені жауапқа тартуы мүмкін. Жау тылын-да жүріп кеңестің заңын мүлтіксіз орындауға жағдайыңжоқ. Мұнда заң жоқ, сот жоқ. Судья да, прокурор дабір өзіңсің. Төреші де, тергеуші де - азаматтық арың,ашу-ызаң. Өйткені біздегі жағдай өзгеше. Біз керектіоқ-дәрі, киім-кешек түгіл күнделікті тамағымызды табуүшін фашистермен соғысып, өзімізден шығын-кісіөлімін шығарып, тартып алып, тартып ішеміз. Мысалы,50 фашисті қолға түсірдік, соған елу патрон шығын-дау керек. Бізге оны беретін Қызыл Армия жау ты-лында жоқ қой. Сондықтан оларды қалай өлтіреді депойлайсың. Адамды өлтірудің 100 түрлі әдісі болады.Адам - табиғатында жауыз. Оның үстіне небіржағдайларды көрген соң, амалсыздан өзің де жауыз-дыққа барасың. Сондықтан 1941-42 және 43 жылдыңбасындағы істеген істеріміз, бастан кешкен оқиғалары-мыз, соғыстарымыз жазылмай қалды. Орыс әдебиетіндеде «окоп шындығы» дегенді кейінгі уақытта ғанакөрсете бастады емес пе. Ал менің, жазғандарым 1943жылдың ортасынан 1944 жылдың аяғына дейінгі оқи-ғалар ғана. Басқасы жазылмады.Мен қалың кітап та, жұқа кітап та жаздым. Менібіреулер роман жазды, повесть жазды деп жүр. Оныңбәрі - өтірік сөз. Мен роман да, повесть те, көркемәңгіме де жазған адам емеспін. Мен - басымнан некештім, өз қолыммен не істедім, өз ойымнан не өткіз-дім - соның бәрін фотоға түсіргендей еске түскен-дерін жазып жүрген адаммын. Сондықтан менің жаз-ғандарымның бәрін бұрынғы партизан отряды коман-дирінің басынан кешкендері деп түсіну керек. БұлҰлы Отан соғысы кезіндегі партизандар қозғалысытарихының бірнеше беттері деп түсіну керек. Жазған-дарымның бәрін Ұлы Отан соғысы кезінде партизан-дардың фашистерге қарсы қолданған әдіс-айласы депұғыну керек. Басқа ештеңе де емес.Әрине, менің көрген, бастан кешкен оқиғаларымнанроман да, повесть те, пьесса да жазуға болатын еді.Басында менің оған шамам келген жоқ. Соны біліп,не де болса осының ұзын-ырғасын қағазға түсіріпкетейін деп жаза бергенмін ғой. Ал енді қазір роман,повеске шамам келген кезде мен қартайып кеттім.Мен енді оны жаза алмаймын. Менде уақыт аз қалды.Басымнан кешкен оқиғаларымның 70-80 проценті ендіжазылмайды, менімен бірге о дүниеге кетеді. Оныжазбады деп жұрт, оқырман қауым маған өкпелейқоймас деп ойлаймын. Айталық, жау тылында,фашистердің арасында төрт жыл жүріп соғысу дегеноңай дүние емес. Фашистері бар, Отанына опасыздықжасаған сатқындары бар, полицайлары бар - мен өзқолыммен қаншама адам өлтірдім. Бұл - страшныйнәрсе. Демек, мен - қолым қанға боялған адаммын.-        Қасеке, қан жібермейді демексіз бе?-        Кім біледі, менің өмірімнің ақыры ауыр болуы дамүмкін. Өйткені, қолы қан адам оның сазайын тартуыкерек шығар. Бір кезде мен өзімнің бір кітабымданеміс халқына үндеу жарияладым. «Еңбекқор, таланттынеміс халқы! Егер де менің қолымнан қанішерфашистерің қаза тапса, маған рахмет айтыңдар. Алегер менің қолымнан байқаусызда, амалсызданГитлердің заңынан қорқып келген адал ұлдарың мертболса, онда кешіріңдер мені. Мен оған кінәлі деемеспін. Кінәлі - Гитлер, фашизм», - дегенім бар.Сол айтқаным - айтқан.- Қасеке, адамның ішкі әлемі - тым күрделідүние. Сана бар, сезім бар. Соның тереңінеқаншалықты бойлағаныңмен тап басып танып, түсінеде алмай қаласың. Біреулер жағдайға қарай тезқұбылады, тез бейімделеді. Біреулер морт сынады.Әсіресе, соғыста адам мінезі қатал сынға кезігетінболар. Бейбіт өмірдегідей емес, адам соғыста тезөзгеретін шығар. Бәріміз де өмірге бір-ақ реткелетін жұмыр басты пенде емеспіз бе?! Кімге деболсын жан тәтті...- Иә, иә, адам өзгереді. Тез өзгеріп кетеді. Менөзім тумысымда қатал емес едім. Мен - балажанадаммын. Жұртты аяғыш едім. Бала кезімде даладажас шыбық жатса, «түнде қорқады ғой» деп, ұйықта-ғанда қойныма алып жататынмын. Қой- өлтіретіндейсондайлық қатыгездік менің бойымда жоқ секілді еді.Соғыс бізді қатыгездікке үйретті, кекті оятты.Атыста аяушылық болмайды екен. Әйтпесе өзіңдіқұртады. Соғыстың логикасы қатал. Жас кезде жаса-ған кейбір тентектігімді есіме аламын да, ойланамын.Осы мен партизан болуға ыңғайланып туған адам сияқ-тымын. Мен, мысалы, соғыста жақсы атақ алдым,мақтау естідім. Менің барлық қасиетім, қабілетім солбағытта болды ма, кім біледі.Майданнан оралып, елге келген кездегі бейбіттұрмыста қоғамдағы лишний адам сияқты өмір сүрдім.Жарытып қызмет атқармағанымды әлгінде айттым ғой.Бұған мына өзің де куә болған шығарсың. Бірақ адалболдым. Шындықты айтуды, көңілді жүруді ұнатамын.Адам әр түрлі. Біреу олай, біреу былай дейді. Біреу-лер маған сұрақ қояды: «Сіз осыдан елу жылдан ас-там, жарты ғасыр бұрын Батыр атағына ұсынылғанекенсіз. Бір емес, бірнеше рет ұсынылыпсыз. Оныбілдіңіз. Сіз соның күйігіне қалай шыдап, қалай көте-ріп келесіз?» - дейді. Өз басым осы сұрақ дұрысемес деп есептеймін.Адам болған соң сен ең алдымен өзіңді тануың ке-рек. Сен осы кімсің? Бұл өміріңде не істеп, не қой-дың? He істей алдың, не істей алмадың? Адам ретін-де жақсы жағың қайсы, жаман жағың қайсы? Ал мен- өзімнің не істегенімді әбден білген адаммын. Айта-лық, баяғы бір кезде Бауыржан Момышұлына да,Рақымжан Қошқарбаевқа да Батыр атағын беру керекдеп осында жұрт айқайлап жүрді емес пе. Оны менде естіп жүрдім ғой. Бірақ мен сонда көпшіліктіңкөзінше де, жиналыстарда да мына сөзді қайталапайтумен болдым. «Баукеңе Батыр атағының керегіжоқ. Оны табиғаттың өзі Батыр етіп жаратқан, халықсолай деп қабылдаған. Мен де қартайып қалдым. Ма-ған да ол атақтың керегі жоқ. Арамызда мына Рақым-жанға берсе, әлі жас қой, жасаған ерлігінің қызығынкөріп, тағып жүрсе, сол жарасар еді», - дейтінмін.Осы арада мен саған бір сыр айтайын. Бауыр-жан деген тастай берік, қара ағаштай қайыспай-тын ерекше адам еді. Ол Батырлығын да, генерал-дығын да ала алмады. Сол күйінде іштен тынып,үндемей кетті. Ол еш уақытта, еш жерде өкпе-назын айтпайтын.   Ал ішіп алған кезде, кейбір ашуланған кезде Ра-қымжан шыдамай, айтатын. Ол екеуіміз өмірде бір-бірімізге жақын боп, жақсы араластық. Мені жақсыкөргенде «Қасым аға» дейтін. Ал көңілінен шықпасам,кеміткенсіп, «қара аю» дейді. Бір күні менің кабинеті-ме аздап ішіп алған сол Рақымжан келді. Ол кезде«Жазушы» баспасында директордың орынбасарымын.«Қасым аға, бұл не болды? Менің Герой атағымдыбермеді», - деп, қатты күйініп қелді. Мен орнымнантұрдым да кабинеттің есігін жаптым. «Отыр, Рақым-жан», - дедім. Ол отырды. «Әй, Рақымжан, сеніңмынауың дұрыс емес, қарғам. Мен сенен алты жасүлкенмін. Мен, мысалы, төрт жыл Украина жерінде неүшін соғыстым? Сен Конституцияны жақсы білесің.Конституцияда «Отанды қорғау - әрбір совет аза-матының қасиетті борышы» делінген. Біздін, елге фа-шистер шабуыл жасап, жаугершілікке ұшырадық. Бәрі-міз де Отан қорғауға аттандық. Біреудің қолынан азкелді, біреудің қолынан көп келді. Айтайык, біздіңқолымыздан көп келген екен. Соны біз халқымызға,Отанымызға сатуымыз керек пе?! Бізге не толькоАлтын Жұлдыз, не только орден-медаль беру, тіптірахмет айтудың да керегі жоқ. Біз өзіміздің азамат-тық борышымызды атқардық. Мынауың ұят болды ғой,қарғам. Менен басқа ешкім естімесін», - деп, құшақ-тап бетінен сүйдім.Содан ол: «Қасым аға, бұныңыз дұрыс екен», -деді. Бауыржан да, Рақымжан да өлді. О дүниеге екеуіде арманда боп кетті ғой. Енді одан кейін мағанХалық қаһарманы атағын берді.Мен сол атақты алғанда қуанды деп ойламаңдар.Халық қаһарманы белгісін кеудеме таққанда сол жер-де сыр бермей, шыдадым. Үйге келдім. Келдім дағыесікті бекітіп, оңаша отырдым да, бір бокал коньяктыішіп алып, қатты жыладым. Мен сонда қатты күйзел-дім. Анау екеуін о дүниеге жіберіп, өзім тірі қалып,осы награданы әдейі күткендей болдым. Өзімді солайсезіндім. Шынын айтқанда, бұл жұлдыздың маған кере-гі жоқ еді. Маған сол «Партизан Қасым Қайсенов»деген атақтың өзі жетеді. Міне, осындай жағдайғадушар болдым. Кейін Рақымжанға Халық қаһарманыатағын берген күні тағы да жыладым. Өйткені аз даболса да оның аруағы алдында арым тазарғандайболды. Міне, мәселе қайда.-        Қасеке, мен Сізді көптен білемін. Жазушыларкауымы арасында жиі кездесіп, араласып, сапарласболған кезіміз де бар. «Қан кештім, қаталмын», -десеңіз де, байқаймын, жаныңыз нәзік, сезімталсыз.Кімнің кім екенін жақсы танисыз. Мына зорбітіміңізге, сексеннен асқан жасыңызға қарамастанбосаңсып, қазіргі екеу ара әңгіменің үстінде тымтебіреніп, көз жасыңызды сүртіп, бір-екі рет сырберіп алдыңыз.-        Адамның мықты қасиеттерінің бәрі қажалып,жүйке тозған ғой. Мен әлгінде Естайдың жиенін, со-сын Қабдікәрімді есіме алғанда, Рақымжанның ызалыкүйі көз алдыма елестегенде сөзден тосылып, көзімежас алып отырғаным - амалсыздан көңілім босапкетеді. Күйзелген кезімде иегім дірілдеп, сөйлейалмай қаламын. Өздерің көрдіңдер ғой, мен ылғикөңілді жүремін. Оның себебі мынау: адамда киедеген болады. Сол кие менде бар ма, жоқ па, біл-меймін. Бірақ менің қатты ренжитін адамдарым барғой. Егер қатты ренжісем сол адам бірдеңеге ұшырапқалады-ау деп қорқамын. Бұған мысал өмірімде көп.Менің бойымдағы жаман қасиетім жұртқа күйзеліс,реніш әкелмес үшін мен ылғи да «әй, дорогой» деп,көңілді жүремін. «Дорогой» деуімнің бастамасы -іштегі ашуымның әсерін аз да болсын жеңілдету үшінәдейі істеймін.-        Қасеке, Сіз қашанда көңілдегіні ашық айтасыз.Сізде жасырын нәрсе болмайтын тәрізді. Бұл мінезбіреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Бетке айту -батылдық. -        Мен өзім жасаған қылмысымды да жасырмай ай-тып қоятынмын. He болса да шындықты айтып, таза-руың керек. Еш нәрсеңді жасырмай, жасқанбасаңадам сенің жақсы жағыңды да көрсін, жаман жағыңдыда көрсін. Жақсы жағыңды көріп, үлгі алсын. Жаманжағыңды көріп, безінсін. Сенің кім екеніңді білсін.-        Қасеке, сонда қалай, осы өміріңізде дұшпанда-рыңыз көп болды ма?-        Дұшпаным көп болған жоқ. Өйткені дұшпанныңкөп болуына өзім себеп бермеймін. Елдің бәрін де«дорогой» деп, үлкенді аға, кішіні іні деп жүрсем,ешкімге жамандық ойламасам менде кімнің не шаруа-сы бар. Дұшпанның болатын себебі, ол сені түсінбейді,кім екеніңді танымайды да өштеседі. Бірақ мен оғандұшпан емеспін. Ең алдымен адам өзін-өзі жақсыбілуі керек. Әйтпегенде басқа біреуді түсінуге, оғанбаға беруге қабілетің жетпейді. Бас араздық, алакөз-дік осыдан басталады, біреуді осыдан өзіңе дұшпансанайсың.-        Қасеке, Сіз осы жасыңызға қарамастан әлі декоғамдық өмірге белсене араласып жүрсіз. Үйіңізгекеліп- кетушілер көп екен. Газет-журналдарғамақала жазасыз, радио-теледидардан сөйлейсіз.Кездесулерге, жиналыстарға барасыз. Керек болсасапарға да шығасыз. Сонда деймін, бүгінгі біздіңқоғамдық өмірде Сізді көбірек күйіндіріп, күйзелтетіннендей жағдайлар?-        Мені күйзелтетін - қоғамдағы келеңсіз құбылыс-тар. Қазіргі сыртқы саясатымыздың бәрі дұрыс. Осы-ның бәрін үйлестіріп, әйтеуір, ұйқы-күлкі көрмей жүр-ген Президентімізге рахмет айтқым келеді. Қазақстан-ды дүние жүзіне танытты, өзі де танылды. Ал ішкіэкономикалық жағдайымызға риза емеспін.Байлығымыз мол деп, тәуелсіз елміз деп сыртымызғана қампайып, Қазақстан боп отырмыз. Ішіміздің бә-рін шетелдіктер жайлап алған. Оларға өзіміздің алыпкомбинат, заводтарымызды сатып жібердік. Табиғибайлығымызға солар иелік етеді, шетелге тасыпәкетіп жатыр. Біздің қаншама байлық тоналды, қанша-ма шаруашылық күйзелді, халықтың тұрмыс дәрежесітөмендеді. Коррупция тыйылу орнына етек алып ба-рады. Билік басына келген әртүрлі шенеуніктердіңтонаған, шетелдерге аударған ақшасын қайтарса, хал-қымыздың халі әжептәуір түзелер ме еді деп ойлай-мын. Екінші менің күйзелетін жағдайым - теледидар.Түрлі каналдар ойына келгенін істеп, аузына келгенінайтып жатыр. Көрсеткені - қатыгездік, адамды адам-ға жау ету, кісі өлтірудің, кісі тонаудың неше түрліәдістері, әйелдердің тәнін ашу, махаббатты, сезімдіқорлау... Мен мұны бізге қарсы жасалып жатқан руха-ни диверсия деп санаймын. Халықты рухани аздырып-тоздырып, кері кетіру үшінжасалып жатқан секілді. Сонда біз не боламыз? Елдіңқауіпсіздігі, тұтастығы үшін де осыларға тосқауыл қой-ып, тежеп ұстау керек шығар. Егер өз ішіміздегі жағ-дай шиеленісіп, әлдебір қақтығыс басталып кетсінші,алдымен сорлайтын - тағы да біздің қазақ. Елдің ты-ныштығын ойласақ, алдымен сақтық, тәртіп керек.Бәрінен де туған халқыңа адал боп, жағдайың қаншақиын болса да мүмкіндігіңше, мүддесін қорғасаң ха-лықтың жүрегінде ұзақ сақталып қаласың. Алдау-арба-умен, өтірікпен алысқа ұзамайсың. Қара бастың қамынойлау - өзіңді де, еліңді де көгертпейді.-        Қасеке, өмірде жек көретін нәрсеңіз не?-        Ең жек көретін нәрсем - адам бойындағы мен-мендік қасиет. Менмендік адамды меңіреу етеді. Алмеңіреулік түбіңе жетеді. Бұл - жаман нәрсе.- Қасеке, айтарлықтай ұзак ғұмыр кештіңіз, көпоқиғаны бастан өткердіңіз. Жақсылармен жанасып,өзіңіз айтқандай, жолыңыз болып, біраз биіккекөтеріліп, еліңізге танылдыңыз. Сондағы өмірдентүйгеніңіз...-        Мен өзімнің қазақ боп туғанымды мақтанышетемін. Қасиеті мол қазағыма рахмет айтамын. СонауУкраин жерінде төрт жыл партизан болғанымда осыұлттың өкілі екенімді бір сәт те ұмытқан жоқпын.Менің халқым тым намысшыл. Сол қасиет маған дадарыса керек. 1998 жылы менің сексен жасқа тол-ғанымды бәрің жабылып тойладыңдар ғой. Мен сексенжасқа келемін деп ешбір ойлаған жоқпын. Анау жина-лыста, банкетте жұрттың бәрі "сексенге толдың" депайқайлап жатса, барлық газет-журналдар жазыпжатса, ойдан-қырдан құттықтаулар, хаттар келіпжатса, сексенге келгеніңді мойындамасқа амалың барма? Сол тойдың басынан аяғына дейін бәріне дешыдадым. Үйге келген соң бөлмеде оңаша отырып,«шынымен, осы мен сексенге келдім бе?!» деп ұзақтолғандым. Содан соң бір бокал коньякты ішіп алып,бір ауыз өлең жаздым:Өмірдің көбі кетіп азы қалды,Көңілде сүйгенімнің назы қалды.Алдымнан қысқа өмірдің қысы түсіп,Артымда қайран жастық жазы қалды.Ертеңінде оянғанда тағы бір ой келді. Қасым Аман-жоловтың «Өзім туралы» деген атақты өлеңі бар емеспе, «Аманжол - Рақымжанның Қасымымын» дейтұғын.Осы өлеңді радиодан беріп жатыр екен. Сосын ойла-нып отырамын да «Мен де Қасым екенімді жұртқабілдірейін» дедім де, тағы да бір ауыз өлең жазамын.Мен дағы өр қазақтың Қасымымын,Демеймін қатардағы жасығымын.Тағдырдың талайынан талмай өткенАлтайдың алшы түскен асығымын, - деймін.Сонымен, қорытып айтқанда, өмірімнің түйіні осыбоп шықты.- Қасеке, кейінгіге Сізден сөз қалсын депәрнені сұрадым. Көп әңгіме айттыңыз, рахмет. Бірақәңгіме енді ғана басталды, әрі қарай жалғасадыдеп ойлаймын.