ВЕРНУТЬСЯ

- Қасеке, Сіз соғыс кезінде үш жыл толығыменУкраина жерінде жау тылында болдыңыз. Майданжағдайында, әдетте, шабуылға шықсаң - жауалдыңда, шегінсең - артыңда болатыны белгілі. Алпартизандар қоршауда қалғандай күн-түні, қысы-жазы калың жаудың ортасында жүреді. "Қауіпкімнен, қатер қайдан?" дейтін емес. "Ажал датұтқиылдан, тосыннан тап болады" дегенсіз. Осытуралы бұрын да әр жайдан әңгіме козғағансыз.Небір қауіп-қатерден өттіңіз. Соның ішінде ең бірқиналып, дүниемен қош айтысқан сәтіңізді ескетүсіріп көріңізші. Ажалдан енді құтылмастай боп,"өлген жерім осы шығар" деп, аласұрған сәтіңіз...-        Бұл - 1942 жылы болған оқиға еді. Сол жолыжанымның қысылғаны сондай, жаудың қолына тірідейтүскенше өзімді-өзім атып тастауға аз-ақ қалдым."Міне, қазір өлемін" деп, пистолетімді шекеме тіреп,ақырғы оғымды өзіме жұмсамақ болдым. Басқа ама-лым қалмады. Алдымда да, артымда да - жау. Мен -жалғызбын. Енді мені өлім ғана күтіп тұр.-        Қасеке, бұл оқиға неден басталып, калай өрбіпеді?-        "Көгілдір орман" деген жерде - қалың ормандажатқанбыз. Бір күні немістерден қос ат жеккен арба-ны қолға түсіргенбіз. Ең үлкен командиріміз Иван Кузь-мич Примак бізге былай деді: "Мен өзімнің туған же-рімде станокты пулемет тығып кеткен едім. Соны алыпкелсек қайтеді. Бұл - бізге аса қажет қару". "Қалайалып келеміз?" - дейміз біз. Ол айтады: "Жолға мынаекі ат арбамен шығамыз. Түнде жүріп, күндіз тығылыпжатамыз. Түнде барып пулеметті алып, бері қарайшығамыз. Вася, сен менімен бірге жүресің", - дейді."Жарайды", - деп келістім.Командирің айтса, орындауың керек. Менен басқаВасилий Клопов, екінші отрядтың комиссары МихаилВитряк және болашақ партизан құрамасы штабыныңбастығы Федор Нагайцев баратын болды.Осы бесеуіміз түнде орманнан шықтық. Клопов ат-тың божысын ұстап, жүргізіп отырды. Түні бойы жүріпРжищев ауданындағы Македон селосына келдік. Ол жердеполиция бар, біздерге тоқтауға болмайды. "5-6 ша-қырым жердегі Ключев деген хуторға барып, күндізсонда паналайық", - дедік. Таң ағарып ата баста-ғанда әлгі хуторға жетіп, ең шеткі үйге тоқтадық.Украин селосындағы әр үйде астық жинап, басты-ратын қора сияқты үлкен сарай болады. Үйлердіңсарайлардың төбесін баулаған сабанмен, қамыспенжабады. Сарайға ат-матымызбен кірдік те, арбанықайтадан шығар есікке бұрып, аттарды доғардық, жембердік. Түнімен ұйықтамағанбыз. Біреуіміз күзетіп,қалғанымыз ұйықтайтын болдық. Күзетте Нагайцевотырған. Біз қатып ұйықтап қалыппыз.Бір уақытта ол: "Немістер келіп қалды", - деп дауыс-тады. Бәріміз де орнымыздан атып тұрдық. Сөйтсек,біздің хуторға кіріп бара жатқанымызды жылқы бағыпжүрген біреулер көріпті де, бірден старостаға хабар-лапты. Қару-жарақтары бар партизандар екенін сезгенстароста жан-жаққа кісі жіберіп, қарулы ортяд шақыр-ған екен. Оны біз білмейміз.Енді не істеу керек? Таңертеңгі мезгіл. Бір ғанакөшесі, 15-20 үйі бар шағын хуторда қамалу дегеніңоның ішінде төбесі сабанмен жабылған сарайдың ішіндеқалу, бұл - нағыз өлім ғой. Тұтанғыш бір оқ жіберсеболды - сарай өртенеді. Біз сонда қалың өрттің ішіндеқаламыз. Біз бастапқыда алдымен үй иесіне жолығып,есігін бекіттіріп, өзімізбен бірге сарайға алып кіргенбіз.Ерлі-зайыпты жас адамдар екен. Анадай бұрышқаотырғызып қойғанбыз. "Біз сендерге тиіспейміз. Біз -партизандармыз. Біз қалай кетеміз, солай үйіңе бара-сың. Бірақ бізді көрдік деп ешкімге айтпайсың", -деп, келісіп қойғанбыз. Бірақ бізді ұстап берген бұлекеуі емес, сырттағы біреулер боп шықты. Әлгі екеуіндезәре жоқ. Біздің де халіміз мүшкіл. Қоршауда қалғаны-мызды білдік. Командиріміз: "Тез аттарды жегіңдер", -деп бұйырды. Клопов божыны ұстады. Арбаның екі жағы-на екі-екіден отырдық. "He де болса қашайық", - депойладық. Әйтеуір, осы жерде - сарайда қамалып жанбергеннен гөрі кең жазыққа шығып атысып өлуге бекін-дік. "Қашып құтыламыз", - деп жүрміз.-        Қасеке, шарасыздық кейде адамды көзсізерлікке бастайтын секілді. -        Қарадан қарап кімнің өлгісі келеді дейсің. Қинал-саң да ажалдан құтылудың амалын іздейсің. Партизан-ды қашан да ажал қуып, қамауға алатын секілді. Се-нің қашуың керек, аман қалсаң - өз өмірің өзіңеолжа. Басқа не шара.-        Қасеке, сонымен, ат-арбамен көшеге шауыпшықтыңыздар. Немістер сіздерге жол беріп,"аманыңда кетіңдер" деп, шығарып салмаған болар.-        Әрине. Шұғыл әрекет батылдыққа бастайды. Жауда кейде дәл солай болады деп күтпейді де, бастап-қыда сасқалақтап қалады. Міне, осы сәтті пайдаланабілсең, құтылып та кетесің. Көшеге ат-арбамен шауыпшықтық.Көше толған немістер. Арасында полицайлар дабар. Орманға дейін алыс, жақын жерде екі-үш селоболатын. Хабар жеткен соң немістер сол селоларданмашинамен жеткен ғой. Оларға біздің неше адам екені-мізді де айтса керек. Осы селоның старостасы Сере-да дегенді бұрыннан білетінбіз. Нағыз сатқынның өзі.Содан екі құр ат алып, ұшып, көшемен қашып ба-рамыз. Староста бес-алты неміс офицерімен өз үйініңжанында тұр екен. Командиріміз Примак ержүрек еді.Қол пулеметін винтовкаша иығына салып әлгілерге оқ-ты төгіп жіберді. Байқаусыз тұрғандардың жартысықұлап түсті. Сол-ақ екен, бізге жан-жақтан оқ жауыпкетті. Біз қашып келеміз. Қалай да біз әзірге амансияқтымыз."Қой, бүйтіп бәріміз бір арбаның үстінде қаза тап-пайық", - деп, мен жерге қарғып түстім. Жалғызкөше ғой. Үйлердің сырт жағынан тұра қаштым. Меніңартымнан комиссар Витряк та арбадан қарғып кетті.Қолымда немістің винтовкасы, пистолетім бар. Оғыкөп. Жүгіріп келемін. Соңымнан қалмай Витряк тажүгіріп келеді. Менен төрт-бес жас үлкен еді. Артым-нан жан ұшырып, ентігіп келе жатыр.Селодан енді шыға бергенімде: "Вася, мен жара-лымын", - деп, құлап түсті. Тез артыма бұрылдым.Витряк құлап жатыр. "Оқ аяғыңа тиді ме?" - деймін.Оқ қолына тиіпті де содан құлап кеткен. "Аяғыңа тимесе,несіне жатырсың", - деп, айқайлап, әлгіні сүйрей-мүйрей қаштым. "Мен енді жүре алмаймын. Мені атыпкет", - дейді. "Қай жерінен оқ тиді екен", - депқарасам, оң қолды тесіп өтіпті. Өзіңнің жолдасың, әлітірі. Оны қалайша атасың.Оны сүйреген бойы хутордан шықсам жүз метрдейжерде біздің ат-арба тұр. "Бұларға не болған, оқтыңастында неғып қозғалмайды", - деп ойлаймын. Бұл -мамыр айы болатын. Маңайды жыртып тастаған.Украина жері қара топырақты ғой. Сол арбаның қа-шып барып тоқтаған жеріне дейін жол болған. Әріқарай жыртылған жерге тіреліп, жүре алмаған. Менжүгіріп барып, Витрякты арбаның үстіне тастадым.Аттың божысын ұстап отырған Клопов та жаралыекен. Ол да арбада жатыр. Нагайцев аттың божысынұстап, Примак қол пулеметпен отыр. Қолымдағы неміс-тің винтовкасы от алмаған соң лақтырып тастадым.Сөйтіп, жол таба алмай, тоқтап қысылып тұрмыз.Примак мен келген бойда: "Вася, алға қарай жүгір,жол ізде", - дейді. Алға қарай жүгірсем Поток село-сы бар. Ол селода толған немістер, полиция екенінбілемін. Примак мен қозғала қоймаған соң: "Вася,жүгір. Мен саған айттым ғой", - деп ақырды.Қолыма пистолетімді алып жүгіре жөнелдім. Жүзметрдей ұзап шығып, жан-жағыма қарасам, оларсасқалақтап, көлденең жатқан жолды көрмепті. Біруақытта жолға түсіргенімде әлгілер мені тастап,арбамен қашты да кетті. Жолға түсіп алған аттар бойбермесе керек.Мен жалғыз қалдым. Сонда, расында, өлген жерімосы шығар деп ойладым. Аттылар ұзап кетті. Жыртыптастаған жермен машина жүрмейді. Немістер мені ендіжаяу қуып келе жатыр. Оқты жаудырып, артымнанатқылап келеді. Үстімдегі киімнің әр жерін оқ тесіпкетіпті. Денеме әзірге дарымаған сияқты. Мен алғажүгіре бердім. Басқа не істеймін. Аттылар анадайдөңге шықты. Дөңнен асса әрі қарай кетеді ғой. Алғақарай жүгірсем, селодағы немістердің қолына түсемін.Кейін қарай қашсам, олар қарсы алдымнан шығып,атады.Әбден қысылдым. Немістер енді маған оқ атпады.Жыртылған жермен бәрі жүгіріп келеді. Мені тірідейқолға түсіруді ойлаған сияқты.Осы жолы ажалдың не екенін анық сезіндім. Құты-ламын деп ойлаған жоқпын, ішім өртеніп кетті. Міне,қазір өлемін. Небәрі 24 жастамын. Туған жердің топы-рағы да бұйырмады-ау. Мен енді алыстағы ағайын-туыстарды көре алмаймын. Өмірде түк бітіре алмадым.Қанша оқытып, қанша дайындап, қандай сеніммен жаутылына аттандырып еді... Осылардың барлығы көз ал-дымнан елестеп өтіп жатты. Жендеттер неге оқ жау-дырмайды. Мені бірден ұстамақшы. Тергеп, әрнені су-рап білмек қой. Жоқ. Мен сатқын бола алмаймын.Жоқ! Мен қолға түспек емеспін. Менде әлі де оқ бар.Қашан көзімді жұмғанша атысамын. Жау оң жағымнанқаптап келеді. Бұдан әрі қарап тұруға болмайды. Егеролар мені ауыр жаралайтын болса, еріксіз қолға түсе-мін. Мені тергеп, қинап, азаптап өлтіреді. Ызаланып, бұлдүниеден күдерімді үздім... Жауға қарсы төрт обоймаоқ аттым. "Менің қолымнан келгені осы болды. Қошболыңдар", - деп, пистолетімді шекеме тақап, ақырғыоғымды өзіме жұмсамақ болдым.Сөйтіп, өзімді-өзім атайын деп теріс қарадым.Немістер жүгіріп келеді. "Қой, немістерге қарап тұрыпатылмайын", - деп, алдыма қарай бұрылдым. Алдымда дөңес бар еді. Кенет сол дөңестен бірат-арба шауып шыға келді. Екі ат жеккен арбамен екіадам кезеңнен бері қарай бұрылды. Сол арада: "Екеуінде жайратып, аттың біреуіне мініп қашпаймын ба", -деген ой caп ете түсті. Бірден алға қарай жүгірдім.Әлгілер маған қарсы шауып келе жатыр.Айқай салдым. "Бір атты босат. Әйтпесе атамын", -деп, пистолетті кезеніп тұра ұмтылдым. Жақындағандакөріп қалдым, полицай емес екен. Біреуі шал, екіншісіотыздар шамасындағы жігіт. Екеуі де ешнәрсеге түсінбейаңырып тұрып қалыпты. Heгe оқ жауып тұр. Мен негежүгіріп келемін. Мен кіммін? Олар түк түсініп тұрған жоқ."Атты неге дайындамайсыңдар. Атамын", - депақырдым. Сонда ғана шал жирен атты қатардан боса-тып ұстап тұрды. Мен жүгіріп жеттім. Аттың жалынақолым қалай тиді, солай үстіне қарғып міндім. Меніңқашатынымды сезген немістер оқ жаудырып жіберді.Бірақ арамыз едәуір қашық, оқ жетіңкіремеді. Атқаотырған соң, анау екеуіне: "Мен - партизанмын.Аналар - немістер, Мына екінші атпен қашыңдар,құтылыңдар", - дедім.Сол атты тебініп, шапқан бойда достарым асқанкезеңге бір-ақ шықтым. Артыма қарасам, шал менжігіт те екінші атқа мінгесіп қашып барады екен.Арба сол жерде қалды. Ат жақсы екен. Немістержаяу ғой. Енді оқ атуды қойды. Мені қуып жетеалмайды. Екі-үш шақырым жерде әлгі менің достарыммінген арба тоқтап тұр. Шапқан бетіммен жігіттерге жетіп: "Heгe тоқтадың-дар?" - деймін. "Мынаны кермейсің бе?" - деді. Оңжақтағы күрең аттың қарнына пулеметтің оғы тиіп,ішек-қарынын ақтарып тастапты. Екінші ат сау екен."Мына атты қинап неге қарап тұрсыңдар", - деп, әл-гілерге ашуланып, айқай салдым. Аттың алдына шық-тым да, маңдайынан пистолетпен басып жіберіп, бір-жолата өлтірдім.Астымдағы атты оның орнына жектік те, алға қарайженелдік. Екі адамымыз жаралы, арбада жатыр. Аманқалып отырған - Примак, мен және Нагайцев. Болашаққұрама командирі Примактың соғыстан бұрынғы әскериатағы - комбриг болатын. Бұл - генерал-майор дегенсөз. Менің жау тылына аттанардағы атағым - ағалейтенант. Одан кейін маған соғыс біткенге дейін еш-кім де әскери атақ берген жоқ. Партизанмын, отрядкомандирімін. Менің бар атағым осы еді.- Қасеке, ажалдан кашып құтылып, доста-рыңызға қосылып, көңіліңіз орныққан болар?- Алда болатын жағдай өткендегі қатерлі сәтті тезұмыттырып жібереді. Біз әлі де жаудан құтылған жоқ-пыз. Баратын жерімізге әлі де жете алмай келеміз.Енді ат-арбамен міндетті түрде селоның ортасынанөтеміз. Жол біреу-ақ. Ол селода немістер жоқ, бірақполицайлар болуы мүмкін. Полицай ақ шүберек байлапалады. Белгілері осы. Полицаймыз дегендей, біз деіш киімдерімізді жыртып білегімізге ақ шүберек бай-ладық. Селоның ортасымен шауып келе жатырмыз. Бірүйдің қасында топтанып тұрған үш-төрт полицай бір-деңе деп айғайлады. Примак олардың: "Қайда бара-сыңдар"? - деген сұрағына: "Біз де полицаймыз"деп, алдағы селоның атын айтты. Олар бізге тиіспеді.Селодан, сөйтіп, аман шығып кеттік.Енді бір-екі шақырымнан кейін орман басталады."Орманға кірсек екен", - деп армаңдап келеміз. Орман-ды кесіп темір жол өтеді. Жол үстіндегі будкада по-лицай емес, немістердің күзетшісі отыратынын бұрыннанбілеміз. Сезіктенсе, оқ атып, көмекке немістерді ша-қыруы мүмкін. Бізге бұл да - үлкен қауіп. Примакбұйырып: "Вася, жүгір алға. Егер алдауға көнсе, поли-цаймыз деп айт. Әйтпесе көзін құрт", - деді. Жүгіріпкелсем, жалғыз неміс будкадан алыстау жерде бірдеңеістеп жүр екен. Немістің тілін білмеймін ғой. Қолымдыкөтеріп, шүберекті көрсетіп: "Полицаймын", - дедім. Не-міс иланды. Әлгі жерден арбамен өте шықтық. Орман-ның ішіндегі шалшық судың жанына тоқтадық. Мана-дан арбада қансырап жатқан екі адамның жарасынжуып, сүртіп, байлап бердік. "Енді аман-сауымызда лаге-рімізге барайық", - деп, орманның ішімен жүріп отыр-дық. Бұл жолы станокты пулеметті ала алмай қайттық.- Қасеке, станокты пулеметтің хикаясыосымен аяқталды ма?- Жо-о-ға. Бір айдан кейін қайтадан жолға шық-тық. Бұл жолы - төрт адамбыз. Мироновка деген ау-дан орталығының жанындағы өзенде үлкен көпір бар.Ұзындығы жүз метр ме, екі жүз метр ме екен, ұмы-тып қалыппын. Әйтеуір, сол көпірден өту керек. Көпір-дің арғы жағында Юхно деген Примактың туған село-сы орналасқан. Оның әке-шешесін немістер атып өл-тірген. Сол селоның маңына тығылған екі станоктыпулеметті кешке қарай іздеп тауып алдық. Екі пуле-метті арбаға тиеп, жол бойына тоқтадық.Қайтарда арбамен жүре алмаймыз. Сондықтан ма-шина табу керек. Арбаны бір жерге жасырып, жолтостық. Бір машина келе жатыр екен. Үшеуіміз жолғашығып, машинаны қару кезеніп тоқтаттық. Немістергеқызмет істеп жүрген украин жігіті екен. "Мироновкағабара жатырмын", - деді. "Енді бұл машина біздікіболады", - деп, сол арада машинаны бұрып, пулемет-терді тиедік. "Біз саған тиіспейміз, өлтірмейміз. Біраққазір сені ешқайда жібермейміз. "Кетем" десең кейінбір жерде босатып қоя береміз. Бізбен бірге партизанболамын десең, бірге жүресің", - дедік. Ниеті жақсыжігіт екен. Еш қарсылық көрсеткен жоқ. Айтқанға кө-не кетті. Машинаның руліне енді мен отырдым.Қасымда - Примак. Біздің екі жігіт пен бұрынғышофер қорапқа жайғасты.Көпір күзетулі. Бір жағында немістер, екінші жа-ғында - полицайлар. Білегімізге ақ шүберек байлап ал-ғанбыз. Немістер өткізіп жіберді. Екінші жағына өтіп ба-ра жатқанда украин полициясы біздің алдағанымыздыбіліп, сол арада оқ ата бастады. "Аналарды ұстау ке-рек" деген белгі беріп жатыр. Машина жақсы екен,бензин де жеткілікті. Бар жылдамдықпен айдап кележатырмын. Содан орманға кірдік те кеттік. Жол орман-ды кесіп өтеді. Артымыздан қуғын шықты. Бәрібір қа-шып құтыла алмаймыз дедік те, бір жерге келіп екіпулеметті де түсіріп, машинаны жардан құлатып жібер-дік. Өзіміз екі пулеметті жаяу сүйретіп орманға кірдік.Станокты пулеметті бәріміз де меңгергенбіз. Мен бол-сам кез-келген қару-жарақтың маманымын. Ормандабізді енді ешкім де таба алмайды. Станокты пулеметтіосылайша лагерьге сүйреп әкелдік. Сол пулеметтерменкейін талай қырғын соғысқа қатыстық.- Қасеке, Сізбен әңгімеде бір-біріне ұқсамайтын,бір-бірін қайталамайтын әр түрлі окиғаларды естіп-білгіміз келеді. Партизандық әрекеттеріңіздің түр-түрін сөз етіп жатырмыз. Сондай әрекеттердің бірі -немістің астық тиеген баржасын суға батырғанекенсіз. Бұл Днепр өзенінде болған оқиға ма?Баржа дегеніңіз жеңіл-желпі қайық емес, жүздегентонна сыйымдылығы бар сүйретпе жүк кемесі емеспе?! Бұл іске калай бардыңыздар?- 1943 жылы Днепр өзенінде болған оқиғаны есімесалып отырсың. Днепр дегенің жалпақ, суы мол өзен.Батыс жағы биік, таулы болады да, шығыс жағы -жазық, тал, бұта-қараған көп өседі. Ал батысындақарағай, қайың сияқты ағаштар тұтасып, қалың орман-ға айналған. Днепрдің екі жағында да селолар жиіорналасқан. Өзеннің оң жағалауында Киев облысыныңРжищев ауданына қарайтын Ходоров деген селода үл-кен астық қоймасы бар болатын.Бір күні бізге мынадай хабар жетті. "НемістерХодоров селосында астықты баржаға тиетіп, Герма-нияға жібергелі жатыр. Сол астықты қайтсе де жі-бертпеңдер", - деген тапсырма берілді. "Жарайды,тапсырманы орындаймыз", - дедік. Осы жұмыстытындыруға он шақты адаммен мен шықтым. Ходоровселосының жай-жапсарын жақсы білетінмін.Біз қандай операцияны болсын кешке қарай жасаймыз.Ар жағында қараңғылық түсіп, түн мезгілі алыс болмауыкерек. Өйткені жау тылы ғой. Қараңғылықты жамылып,аман қалып, құтылып кетуді ойлаймыз.Жағада немістер көрінбеді. Бірақ баржада төрт-беснеміс бар сияқты. Содан, не де болса, күн батқаншажасырынып жаттық. Жергілікті адамдардың көмегіменбаржадағы немістердің бәрін, амалын тауып, қолғатүсірдік. Біз ол кезде тұтқын алмаймыз, демек, өлтіреміз.Бәрін атып тастадық. Баржа еңді біздің қолымызға түсті.Тиелген астықты суға ағызудың өзі обал боп көрінді.Көзің қимайды. Селоның үлкендерімен ақылдасып, үлгер-генінше тұрғыңдарға таратып беруге келістік. Түн ортасынадейін жақын селолардың бәріне хабарлап, таң атқаншатасып әкетуін өтіндік. Халық түнімен қап-қап астықты жан-жаққа әкетіп жатты. Бірақ мол астық бұған таусылатынемес. Таңертең "немістердің қолына түспесін" деп,баржаны қалған астьғымен су түбіне жібердік. Жарылғышзаттармен бірден қопарып тастадық.- Қасеке, жау тылында Сіздің де жаса-мағаныңыз жоқ екен. Баржаны суға батырасыз,көпірлерді қопарасыз, темір жол рельстерін алып,тұтас составты жолдан тайдырасыз. Бұның бәрідиверсиялық әрекеттер ғой.- Жау тылына аттандырар алдында мені үш жылбойына диверсиялық-барлау мектебінде осындайістерге үйретті емес пе. Саған мен Ковпактың бірәңгімесін айтып берейін бе?Сидор Артемьевич дегенің қызық адам болатын.Мінезі қызбалау, күйіп-пісіп, тез ашуланатын еді.Ковпак бір жолы Днепрде жүрген немістің жолау-шылар таситын кемесін суға батыруды көздейді.Днепрдің әлгі батыс жағындағы биік жарға орнала-сады. Енді сән-салтанатты кемені қалай батырукерек? Зеңбірекпен атпақшы болады. Оның қарауын-да зеңбірекшілер де бар ғой. Сөйтіп, кеменің ныса-налы тұстан өтуін күтеді. Кеме келе жатады. Бұларатуға дайындалады. Нақ тұсына келгенде Ковпак:"Атыңдар!" - деп бұйрық береді. Зеңбірекші бірініңсоңынан бірін атып, үш снаряд жібереді. Кеме бат-пайды. Ковпак, "ах, ты" деп, зеңбірекшіні айқайлапбоқтайды. "Сенің өзіңді атып тастау керек", - дей-ді. Сол арада оның айқайы аяқтала бергенде кемесуға бата бастайды. Ковпак "Выговор отменить,объявляю благодарность", - дейді. Кейін сол кеменісудан алып шығу үшін немістер көп әуреленіпті.- Қасеке, партизандар құрамасының командирі,екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, СидорАртемьевич Ковпакты алғаш рет қашан көрдіңіз,қалай таныстыңыз?- Ковпакпен мен соғыстан бұрын не жайшылықтакездескен емеспін. Ұлы Отан соғысы басталып, біздіңармия шегінген кезде, кеңес өкіметінің жау тылындаарнайы тапсырмамен тастап кеткен адамдары болды.Олардың міндеті - партизан отрядтарын құртып, жаутылында соғысу еді.Ковпак он бір мың адамы бар партизан құрамасынқұрып, сонау Карпатқа дейін барды. Бүкіл елге даңқышыққан атақты командирлердің бірі. Федоров болсаон мыңдай адамы бар партизан құрамасын басқарып,үлкен ерлік көрсетті. Примактың Киев, Полтава облыс-тары жерлеріндегі Чапаев атындағы партизан құрама-сында жеті мыңдай адам болды. Мен соның бір отря-дын, яғни полкын басқарып жүрмін ғой. Міне, солтастап кеткен адамдар партизан құрамаларын ұйым-дастырып, жау тылында бірнеше жыл бойына үлкенмайдан ашты. Сол жылдар туралы олардың өздері декітаптар жазды. Елге әбден танымал боп, жас та, кәріде олардың ерліктерін, жорық жолдарын жақсы білді.Ковпакпен алғаш кездесуім былай болды. Мені біркүні командирім шақырды... "Сен өзіңнің отрядыңныңекі жүздей адамымен көрші партизан құрамасынабарып, соларға көмек жасауың керек. Ол жерде не-містің гарнизоны бар екен. Соны талқандау керек.Олардың өз адамдары тапсырмамен басқа жақтажүр ме, әлде гарнизон бізге жақын болған соң біздіңкүшімізді пайдаланғысы келді ме, ол жағын білмеймін.Әйтеуір, бізден өтініп отыр. Соған сен барасың", -деді.Бұйрық берілген соң мен өз адамдарыммен көршіқұрамаға көмекке аттандым. Жүз шақырымдай жаяужүріп, айтқан жеріне жеттік. Сонда бірінші рет Ковпак-ты көрдім. Аласа бойлы, төртбақ адам екен. Сол кез-де елу жастан асқан болуы керек.-        Қасеке, сол жолы Ковпакпен таныстыңыз ғой.-        Ковпак - үлкен адам. Азамат соғысы кезіндеЧапаевтың дивизиясында болған. Мені оның тапсыр-масын орындауға ғана жіберіп отыр. Келген бойдаол мені шақырып алып, сөйлесті. Жағдайымды сұрады."Ұлтың кім?" - деді. "Қазақпын" - дедім. Ойланыптұрып-тұрып: "Амангелді, Амангелді", - деді. Амангелдітуралы естіген болуы керек, қалай да біледі екен."Иә, Амангелді", - дедім. "Қайсенов" дегенге тілі кел-меді. "Қасым" дегенді де онша айта алмады. Сосынмені "Казахский народ" деді. Мен келіспеймін. "Меніказахский народ демеңіз. Ол - тұтас бір халық. Меніолай атауға болмайды", - деймін. "Ендеше Амангелдібол", - дейді. Тағы да келіспеймін. "Амангелді - на-родный герой. Мені олай атауға болмайды", - деймін."Жарайды, ендеше сен Вася боласың", - дейді. Тазаукраин тілінде сөйлейді.Сонымен, Ковпак маған былай деді: "Осында МалыйКоротел деген селода немістің гарнизоны тұр. Бірнешерет отряд жіберіп едім, сол гарнизонды қирата алмады.Шабуылдары сәтсіз болды. Сен соған бар. Мен сағанқосымша адамдар берейін". "Жарайды, барайын", -дедім. Маған 300-дей адам қосып берді.Сонымен, жалпы саны 500-дей адаммен 60-70 ша-қырым жердегі Коротел селосына аттандық. Менің отря-дымда немісше таза сөйлейтін Петр Луценко деген пар-тизан болды. Киев облысының Переяслав ауданындағыХоцкий деген селода мектепте неміс тілінен сабақ бер-ген. Өзі де неміске ұқсас. Бір жақ аяғы кемдеу, сыл-тып басады. Әйелі Люба, інісі Миша - үшеуі де пар-тизан. Содан кейін отрядымда Роберт Кляйн дегеннеміс те бар. Әлгі екеуін пайдаланып, алдын-ала барлаужасап, гарнизонның жай-жапсарын біліп алдым. Гарни-зонның негізгі күші бір жаққа кетіпті. Комендатурасын,оның күзетін бірден қолға түсіру керек деп шештік.Бізде немістердің әскери формалары, полицияның киім-дері болады. Мен көбіне полиция бастығының форма-сын киетінмін. Белге міндетті түрде жұлдызды белбеутағатынмын. Шетелдің қару-жарағын асынбаймын.Өзіміздің "ТТ" пистолетін ұстаймын. Кляйн, Луценкобастаған біраз адамдар немістің формасын киді. Солар-ды жіберіп, гарнизон бастығын, оның көмекшілерінтүгелдей қолға түсірдік.- Қасеке, немене, немістер тарапынан ешқарсылық болмады ма? Қалайша оп-оңай қолға түсекалды? - Немістерді алдап, амалымызды асырдық. Әйтпе-генде, сезіктеніп қалса бізді түгелдей қырып тастауыда мүмкін. Біз "тәуекел" деп, батыл шешімге бардық.-        Қалайша?-        Әлгілер гарнизонға неміс формасымен еркін кіріпбарады. "Біз үлкен операцияны жүзеге асырғалы тұр-мыз. Қазір жергілікті полицияның адамдары келеді.Сендер соларға көмектесулерің керек", - деп сен-діреді. Олар келіссөз жүргізіп жатқан кезде полицайбоп киінген жиырма шақты адам автоматтарын кезеніпкіріп келеді. Бірден қаруларын тартып алып, бәрінсыртқа шығарып, сапқа тұрғызып қойдық.-        Қасеке, ешқандай атыс болмады ма?-        Төбеден түскендей тұтқиылдан тиістік емес пе.Біздерді өз адамдары деп алданып қалды. Атыс бол-ған жоқ. Қантөгіс, қырғын артынан болды. Бәрін қолғатүсіріп, қарусыздандырып, селоның ортасындағы үлкеналаңға алып бардық. Үстеріндегі сырт киімдерін дешешкізіп, тек іш киімдерімен қалдырдық. Енді осыоқиғаның әрі қарай қалай болғанын айтудың ыңғайсызжағы бар.- Қасеке, болған істі бүркемелеп кайтеміз. Солкалпында айта беріңіз. Тегі, катыгездік жасағансыз-ау?-        Біз - жаудан өш алып жүрген адамдармыз. Не-містер қатыгездіктің небір сұмдығын жасады. Соныңбәрін көріп жүріп, кеудеңді кек кернейді. Ашу-ызаменсен де жауды аямайсың. Қырып-жойғың келеді. Кекалу дегенің қантөгіске, қатыгездікке бастайды. Біз -жау тылындамыз. Сондықтан тұтқын алмаймыз. Қолғатүскендерін қырып отырдық. Егер босатып жіберсек,олар да аянбайды ғой. Қару алып, қайтадан бізбенсоғысады, бізге одан сайын өшігеді. Біздің қатыгез-дігіміз де ешбір осал болмады. -        Қасеке, сол жолы тұтқынға алған немістердіңұзын саны қанша еді?-        Қолға түскені - офицерлерімен қоса есептегенде150-дей адам. Тұтқындарды жай ғана сапқа тұрғызыпқоймай, қолдарын артына қайырып, мықты жіппенбайлап-байлап қойғанбыз. Қаталдықты сол жердежасадық.Әлгі гарнизонның бастығы фашистің нағыз өзі еді.Сол маңайдағы селолардың тұрғындарының біразын өзқолымен атып, өз қолымен 50-60 адамды дарға асып,қаталдықтың бәрін өз қолымен жасаған адам. Қанішержауыздың нағыз өзі. Ол осының алдында ғана басқаауданның коменданты болыпты. Ковпактың өзі оныңсоңына түсіп, қалмай жүріп, соны құртуға бізді жұм-сап отыр. Ал немістің солдаттары болса, селоны тона-ған, әйелдерін зорлаған, түрлі бейбастақтық жасағанкөрінеді. Гарнизон бастығынан бастап, барлық солдат-тарды тұтқынға алған кезде жергілікті халық соныңбәрін бізге зарлап, жылап тұрып жеткізгенде, ызаданжарыла жаздадық. Қанымыз қайнады."Оларға не істесеңдер де обал жоқ", - деп, жинал-ған жұрт кек қайтаруды тілейді. Біздің не істейтініміз-ді көздерімен көргелі тұр. Соның бәрін естіп-біліпалған соң біз ол фашисті аяйды дейсің бе?!Алаңға алып келген соң, гарнизон бастығын шешінді-ріп, биік бағанға байлаттым. Оның аудармашысынемістерге сатылып кеткен сұлу украин келіншегі екен.Оны да әлгіге қоса байлаттырдым. Оны бірақ жа-лаңаштап шешіндірген жоқпыз. Екеуінің белдігіне жа-рылғыш зат - төрт-бес тол байлап, қопару үшін запалсалдырдым. Жарылыс жасап өлтіру деген оңай дүниеемес. Немістің 150 солдаты бұларға тым жақын жердебіздің не істеп жатқанымызды көріп-біліп тұр. Жары-лыс оларды да мерт етуі мүмкін. Қолдары байлаулы,тырп ете алмайды. Ақырында гарнизон бастығын сұлукеліншекпен бірге взорвать етуге бұйрық бердім. Ба-ғанмен бірге қопарып, екеуінің күлін көкке ұшырдық.Солдаттардың да біразы жараланды. Бәрін сол жердеаттырып тастадым. Ендігі менің жасаған сорақылығымне дейсің ғой. Өлген солдаттардың денесіне фашистіңсвастикасын салдырып, бәрін көмусіз қалдырдым. Өзімде қаныма қарайып жүр едім, кек қайтқандай болды.Бәрін қиратып, тып-типыл етіп, сол 500-дей адам-мен Ковпакқа келдік. Бізбен бірге жүрген Ковпактыңкомиссарларының бірі оған бәрін айтып беріпті. Меніңәлгі әрекетімді қылмыс деп санап, Ковпактан меніжазалауды өтініпті.- Қасеке, Сізді не үшін жазалау керек?- Мен адамшылыққа жатпайтын қылмысты әрекетжасаппын. Тірі адамның беліне тол байлап, жарғыз-дым. Өлген солдаттардың денесіне фашистің свасти-касын салдырдым. Бұл қылмыс па, қылмыс емес пе?Сол сәтте мен соны ойлады дейсің бе? Күйініп кет-сем керек.Біраз демалып, өз адамдарыммен қайтқалы тұр-ғанда, "Ковпак шақырады", - деді. Бардым. Ковпак-тың бір жаман жері - кісіні ұрады. Қолына кедір-бұдырлы таяқ ұстап жүреді. Шоқпар секілді таяғыменанадай жерде тұр екен. Комиссарға: "Мынау не істе-ді, жасырмай айтыңдар", - деді украинша сөйлеп.Комиссар көргенін тұп-тура баяндап берді. Ковпакақырып: "Бұл тағы не істеді?"- деді. Комиссар "Осы-мен болды", - деді. Енді Ковпак мені таяғымен ұрадыекен деп жауырынымды беріп қиғаштау тұрдым.Бір уақытта Ковпак ашуланып, комиссардың өзінетиісті."Бұл не? Сеніңше қылмыс па? Әйтеуір, фашис-терді өлтіру керек. Қалай өлтіресің, не істейсің? Ол -Васяның өз еркіндегі іс", - дегенде мүлде көңілденіпкеттім. Енді Ковпакқа тура қарай бастадым. "Бұл -қылмыс емес. Жаудан кекті осылайша алу керек. Барда Васядан кешірім сұра", - деп, әлгі комиссарғаақырды. Ол кешірім сұрағалы маған жақындады.Ковпак тағы да ақырып: "Кешірімді олай сұрамайды.Бір кружка горилка әкеліңдер", - деп бұйырды.Комиссар: "Кешірім өтінемін", - деді де бір кружкагорилканы ішіп салды. "Вася, большое спасибо. Мо-жешь идти", - деді Ковпак. Содан соң мен адамда-рымды алып, өзімнің отрядыма келіп қосылдым. Біз-ден ешбір шығын болған жоқ, аман-сау оралдық.- Қасөке, жау тылындағы әрекеттеріңіздің бірі -тұтқындағы адамдарды босатып, басына еркіндікәперу болыпты. Бір емес, әлденеше рет Германияғақара жұмысқа жөнелтілгелі тұрған қыз-жігіттердіқұтқарыпсыздар. Карпат тауында немістер сапқатұрғызып, айдап әкеле жатқан 500-ден астамәскери тұтқынды азат етіп, өз отрядыңызға косыпалған екенсіз. Бұған қоса "әскери тұтқындарлагеріне шабуыл жасадық" деп едіңіз.- Фашистердің кез-келген лагерінде, түрмесіндетұтқын ретінде совет офицерлері, солдаттары болады.Оларды босатып алсақ, қосымша күш ретінде біздіңотрядымызға қосылады. Сондықтан біз жау тылындажүргенде әскери тұтқындары бар лагерьлерге барлаужасап, қалайша құтқару жағын қарастырамыз. Бізге -партизандарға қосылғысы келетіндер - көбіне-көп жаутылында қалып қойған қатардағы адамдар. Әскеридайындығы болмаған соң, олардың бізге пайдасы дааз. Сондықтан біз солдаттар, офицерлер отырғантұтқындар лагерін айналдырып, сәті түскенде шабуылжасаймыз.Сондай тұтқындар лагері Богуслав деген аудандабар екенін естіп, барлау жасап, жағдайын әбден біліпалдық. 50-60 адаммен сондағы тұтқындарды азат ету-ге кірістік. Шынында, лагерь үлкен екен. Офицерлербір бөлек, солдаттар бір бөлек барақтарда болғанмен,қайсысы кім екенін айырып біліп жатқан жоқпыз. Әй-теуір, азат етсек офицері де, солдаты да - бәрі десоғыста болған, қару-жарақты жұмсай алатын әскериадамдар ғой.Алдымен, лагерьдің күзетін қолға түсіріп, лагерьдітүп-түгел босаттық. Одан шығарып алған тұтқындар-дың саны бір мыңға таяу еді. Көбісі - офицерлерекен. Олар жергілікті халық емес, бірден бізге қосыл-ды. Бірақ партизан боп көрмеген адамдар ғой, біздіңжағдайды біле бермейді. Оларды отрядтың әрбірбаталеоны, рота, взводтарына бөліп-бөліп жібердік. Бізтұтқындардың әскери шеніне қарап жатпаймыз. Мейлі,полковник, мейлі лейтенант бол, бәрібір, қатардағыпартизан ретінде отряд командиріне бағыныштысың.Әлгілердің бәріне қару-жарақ жетіспейді ғой. Ендінемістердің әскери бөлімдеріне шабуыл жасаймыз.Солардың қаруларын бізге жаңадан қосылған әскеритұтқындарға бөліп беріп, бәрін де қаруландырдық.Партизан отрядының тәртібі бойынша бізге қосылғанәрбір адам өз қаруын өзінің күшімен, өзінің ерлігіменөзі тауып алуы керек. Біз оларға келісімен қолынақару ұстата салмаймыз. "Лагерьлерге шабуыл жаса-дық, тұтқындарды босаттық", - дейміз. Соның бәріүлкен қатермен, қантөгіспен жүзеге асады. Бізден деадам шығыны болады. Жау оңайшылықпен беріспейді.Жеңу үшін айлаңды асырасың, түрлі амалды қол-данасың. Мың адамды тұтқыннан босату оңай дейсіңбе?! Кейін жау тылында көптеген операцияларжүргізген кезде тұтқыннан босатқан осы офицерлердіңбізге тигізген пайдасы керемет көп болды.- Қасеке, Карпат тауында саяси тұтқындардыбосатқан екенсіздер. Бұл әрекет қалай басталып,калай аяқталып еді?-        1944 жылы бізді төртінші рет Карпат тауынаапарып, парашютпен тастады емес пе. Карпат тауынақалай түскенімізді мен саған айттым-ау деймін.-        Қасеке, айтқансыз. Менде түгел жазулы.-        Ендеше айтпаймын. Саяси тұтқындар лагері туралығана айтайын. Біздің Карпат тауында жүргенімізге екіайдай уақыт болды. Ол кезде бір құрамада төрт отрядболды. Соңғы уақытта біздің құраманың командирі,Кеңес Одағының Батыры Александр Васильевич Тканкоқалайда өзінің аман қалуын, өзін өзі сақтауды ойлас-тырған тәрізді. Енді қиын, қантөгіс ұрыстарға қатыспайжүрді. Пендешілік ойы белгілі ғой.Біз Карпаттың тау-тасын кезіп жүріп үлкен бірқойнау-сайда саяси тұтқындар лагері барын, ондажеті жүздей адам тұтқында отырғанын білмейді екен-біз. Көбісі чехтың, венгрдің, румынның, орыстың,украинның коммунистері екен. Жоғарғы жақтанМәскеуден болса керек, "осыларды азат етіңдер"деген тапсырма келді.Құрама командирі Тканко мені өзіне шақырды. Қыс-қасы, әлгі тапсырманы орындауды маған жүктеді. Бә-рін түсіндіріп айтты. "Осы жұмысқа сен барасың. Сеноны орындайсың. Мен саған сенемін. Саған көмеккеқалған үш отрядтың командирлерін қосып беремін.Олар да өз отрядтарынан бір-бір рота алады", - деді.Біз жолға шықтық.Карта бойынша көрсетілген жерге келсек, шынында,үлкен, терең сайдың түбінде лагерь бар екен. Еңалдымен, барлаушылар жіберіп, лагерьдің ішкі тәртібінбіліп алдық. Карпаттың тауында қымбат бағалы ағаш-тар өседі - қызыл ағаш, емен, жаңғақ. Немістер со-ларды дайындатып, Германияға жөнелтеді. Жеті жүзтұтқынның алты жүздей адамын таңертең ағаш дайын-дауға лагерьден айдап алып шығады екен. Бәрін біржерге топтап ұстамай, жиырма-отыздан бөліп-бөліпжұмыс істетеді. Карпаттың тауы біздің Алатау сияқтыбиік. Біздің Алатаудың басы қар, ағашы аз ғой. АлКарпат дегенің орманды тау. Оның екі биігі бар. Бірі -Полонино Ровно, ұшар басында ағаш аз, жайқалғаншөп өседі. Екіншісі, Полонино Острый деп аталады.Оның төбесі - жалама жартас. Бізді Полонино Ровно-ға парашютпен тастағанда ұшқыштар бізді адастырып,тегіс алаңға емес, терең сай, құлама жартастарынатүсіріп, көп адамымыз осы жолы қаза тапты. Онысаған айтқанмын.-        Иә, иә, айттыңыз.-        Содан, лагерьдің жай-жапсарын біліп алған соң,ақылдасып-ақылдасып, мынадай шешімге тоқтадық.Жиырма-отыз тұтқынға төрт-бес қана күзетші боладыекен. Солардың бәрін таудың ішінде әр жерде жеке-жеке қарусыздандырып, тұтқындарды сол таудың өзіндеазат етіп алайық деп ойладық. Соған бірден кірістік.Он-он адамнан топ құрып жібереміз. Тұтқындардыңбасын қосып бір жерге жинайтын орынды да белгіледік.Әлгі үш отрядтың командирлері бағынғылары келмей,маған аздап қырын қарап жүрді. Бірақ соғыс уақытығой. Қасекең олардың қиқандаған мінездерін көтермеді.Бұйрығын орындатады. Себебі, осы операцияны басқарумаған тапсырылған. Билік таластыратын кез емес.Қарауыма келген отряд командирлерімен мәселеніосылайша бірден шешіп алдым. Әйтпесе, іштегі егестіңалдағы іске кесірі тиюі мүмкін.Ақыры, не керек, тауға жұмысқа шыққан бес жүздейадамды тұп-тура бір жерге топтастырып, жинадық. Не-міс, венгр күзетшілерін тұтқындап, үстеріңдегі киімдеріншешіп алдық та, өзіміздің партизандарды киіндірдік.Әскери формамен немістерге ұқсап, лагерьге кіргендесондағы күзетті алдап, іштеріне өтіп кетуді ойладық.Тұтқындарды тауда күзеткен солдаттардың иттері дебар. Әр топта бір-бір ит. Сол иттерді өздеріне үйрен-ген неміс солдаттарына жетектетіп қойдық. Лагерьгежарты шақырым қалғанда өзара тағы да ақылдастық.Енді күнде жұмыстан айдап келе жатқан тұтқындарғанемістің күзетшілерін қосып, жан-жағына неміс солдат-тарының формасын киіп алған өзіміздің партизандарды,олардың қасына ит жетектеген неміс солдаттарын кү-зетке қойып, әдеттегідей лагерьге келе жатырмыз. Менсолардың алдыңғы сапындағы тұтқындардың арасындаболдым.-        Қасеке, жағдай қорқынышты екен.-        Партизандардың біразы тұтқындардың киімінкиіп, іштей қару асынып, алдыңғы қатарда келеді.Лагерьге де жеттік. Айналасы қоршалған, үлкен қақ-паға тірелдік. Тікенек сымдар тартып, оған электр то-ғын жіберген. Лагерьдің әр бұрышындағы мұнаралардапулеметпен күзетіп отыр. Сыртынан ор қазылып, сужіберілген. Қоршауы да, қорғанысы да мықты, 700тұтқын қамалған үлкен лагерь екен. Күзетшілер саныаз болмауы керек.Бірден лагерьге кірдік. Күзеттегі неміс солдаттарынтез қарусыздандырып, бәрін бір жерге жинап, сапқатұрғызып қойдық. Екі қабатты үйде лагерьдің басшы-лары, офицерлер тұрады екен. Ондағылар біздердің кімекенімізді сезіп қалып, қарсылық көрсете бастады.Үйдің терезелерінен, әр қуыстарынан бізге оқ атыпжатты. Әлгілер бекініп алған. Кірпіш үйдің қабырғасықалың. Біздің арамыздағы неміс, венгр тілдерін білетінадамдар арқылы дауыстап, "Жиырма минуттың ішіндесыртқа шықпасаңдар, үйді қопарамыз. Сендер ешқайдабара алмайсыңдар. Лагерь түгелдей партизандардыңқолында. Өз еріктеріңмен берілсеңдер, өмірлеріңдісақтаймыз", - дедік. Олар бұл талапқа көнбеді.Бір уақытта үйдің бірінші қабатындағы терезелерді,одан екінші қабатын пулеметпен атып, сыдыртыпшықтық. Олар біртіндеп бізге беріле бастады. Лагерьбастығы алпысқа келген немістің полковнигі екен. Қол-ға түскен тұтқын солдаттарды бір бөлек, офицерлерінбір бөлек сапқа тұрғыздық."Немістің полковнигін менің алдыма алып келіңдер"деп бұйырдым. Жуан денелі, енгезердей, менменсігенполковник тұмсығын көтеріп, қарсы алдымда тұрды."Лагерьдегі барлық саяси тұтқындарды тізім бойыншамаған тапсыр. Содан соң өз адамдарыңды да тізім-деп тапсыратын бол", - десем, әлгі онша жауап бер-мейді. Әбден ыза боп кеттім. Аудармашыға айттым:"Қазір одан жауап аламын. Менің алдымда по коман-де "смирно" тұрсын", - дедім. Содан соң Қасекеңполковникті тұмсықтан сүйкейді ғой. Диверсиялық-барлау мектебінде әбден жаттыққанмын. Адамдысеспей қатыратын, өлімші ететін соққылар ғой. Тұм-сықтан ұрғанда қан саулап кетті. Полковник құлай жаздап, теңселіп барып, түзеліптұрды. Өзі де жалпақ бет біреу екен. Екі қолыменбетін басып, бүкшиіп қалды. "Тұмсығынан қолын алып,қайтадан по команде "смирно" тұрсын", - деп ақыр-дым. Ол енді жуасып, штабынан тізімді әкел деп тап-сырды-ау деймін, барып келуге рұқсат сұрады. Бірофицеріне екі-үш партизанды қосып, тізімді алғызғанда12 адам жетіспеді.Полковникті қайтадан алдыма тұрғызып қойып, "12адам қайда?" - деймін. Енді жағдайының одан дажаман болатынын сезді-ау деймін, полковник маған:"Қайда екенін көрсетейін", - деді.Жаныма бес-алты партизан алып, әлгіге еріп бар-сам, лагерьдің бір шетінде тереңдігі 6-7 метрдей орқазылыпты. Ішінде адамдар жатыр. Адам сиқына ұқса-майды, тек жылтыраған көздері ғана көрінеді. Әлгілер-ге көз түскенде қабырғаң қайысады. "Бұларды неүшін қамадың?" - деп тағы да ақырдым. Аудармашыайтады: "Бұлар лагерьде көтеріліс ұйымдастырғантұтқындардың басшылары", - дейді. Әрине, кім болсада тұтқынға түссе, қашуды ойлайды. Сонда адамдыосылайша қорлау керек пе?! "Мыналарды қалай түсір-діңдер, солай алып шығыңдар. Біреуі өлетін болса,сені бауыздап өлтіремін", - деп айқайлаймын. Әрине,орысша айтам ғой. "Зарежу" дегенде полковниккетамақтың астын көрсеттім. Офицерлерін жіберіп,арқаннан жасалған басқыш әкелді. Зындан тәріздітерең орға түсірді. "Тұтқындарды маған тірі тапсы-рыңдар", - дедім. Тұтқындардың бәрін шығарды.Аяқтарын басып тұра алмайды. Әбден әлсіреп біткен,қу сүйек. Біздің адамдар бар, немістердің дәрігерлерібар - бәрі жабылып оларға көмектесіп жатыр. Тамақбергіздік, әл жинаттық.- Қасеке, мына әңгімеден адамның жанытүршігеді екен. Біріншіден, лагерьдегі қалың жаудыңортасына тұтқындармен бірге бару дегеніңізбатылдық қана емес, "нар тәуекел" дегізетін көзсізерлік қой. Бұл әрекеттің қаншалықты қауіпті екенінбүкіл денеммен сезініп отырмын. Жаңылыс бассаң -құрығаның. Екіншіден, көп тұтқынды босатып алу өзалдына, зындандағы адамдарды таптырып, түгендеп,тірі өліктерді дүниеге қайта әкеліп, әл жинатқанекенсіздер. Сол жерде жан алып, жан беріскен екіжақты арпалыс - аңдынында қандай күйде болдыңыздеп сұраудың өзі қиын. Ештеңе дей алмайотырмын.-        Иә, ондай қысылшаң қатерлі сәтте "өлдім-тіріл-дім" деп жанталасып, тез келіп, тез кетуді ойлайсың.Кейін біраз уақыт өткен соң сол жағдайды көз ал-дыңа елестеткенде қалай барып, қалайша тірі қайт-қаныңды өзің де білмейсің. Бармасқа шараң жоқ.Бұйрыққа бағыну, тапсырманы орындау - біріншікезекте тұрады. Санаңды, әрекетіңді осы ой билейді.Сондықтан өзіңді де ұмыттырып жібереді. Өлсең ор-ныңды жоқтайтын ешкім жоғын білесің.-        Қасеке, бұдан кейін не болды?-        Енді бізге кету керек қой. Лагерьдің азық-түлік,қару-жарақ қоймаларын ашқыздық. Қару-жарақты пар-тизандар бөліп алды. Полковник бастаған 140-150-дейнеміс қолға түсті.Мен саяси тұтқындарға былай дедім: "Мына тұрғанпартизандар арнайы тапсырманы орындап, сендердітұтқыннан босатты. Біз неміс халқымен емес, фашис-термен соғысып жүрміз. Сендерді осы жерге әкеліпқамаған да - фашистер. Ал партизан отрядына қосы-ламыз дегендерді қазір-ақ қабылдаймыз. Қолдарыңақару береміз. Осы маңайдағы көрші мемлекеттердіңадамдары елімізге қайтамыз десе, рұқсат, оларғақолдарына азық беріп, осы арадан аттандырамыз", -дедім.Маршал Гречко өзінің "Через Карпаты" деген кіта-бында осы оқиғаны жазады. Сол кітапта "Қайсенов бас-қарған партизандар 700 саяси тұтқынды босатты", -деген еді.Саяси тұтқындардың еліне қайтамын дегендерін бірбөлек, бізге қосыламыз дегендерін бір бөлек тұрғыз-дық. Көбі бізге қосылды. Біразы өтініш жасады. "Бізсіздермен бірге боп, фашистермен соғысар едік.Бірақ осы тұтқында отырып денсаулығымыз жоғалды.Сіздерге қосылсақ, кедергі жасап, масыл болуымызмүмкін. Бізді елімізге қайтарыңдар", - деді. Венгрия,Чехословакия, Румыния азаматтары екен. Бәрінің жол-дарына азық-түлік бөлдік. Қолымыздағы картаны көр-сетіп, басшыларына барар жолдарын анықтап, өз жөн-деріне жібердік.Қайтарда партизандар да біраз жүк алды. Қолғатүскен немістің офицерлері мен солдаттарынан керуенжасап, негізгі жүктерді сол тұтқындарға көтерттік.Лагерьдің мұнараларының бәрін құлаттық, лагерьдідәрілеп, қопарып кеттік. Содан тауға өрмелеп, өзтұрағымызға қайттық.Жолда - 40-50 шақырым жерде Мукачево дегенқала болатын. Сол қалаға келетін темір жолда екі-үшпаровоз, біраз вагондар тұр екен. Соның бәрін жа-рылғыш заттармен қопарып, күл-талқан етіп кеттік.Неміс тұтқындарының жанына өзімізден бір-бірденадам қойып, "егер олар көтерген жүктерін ауырсынып,қиқаңдаса, таяқтың астына алыңдар", - дедім. Біздежау тылында анау-мынау заңға бағыну деген жоқ.Өзіміз заң шығарамыз, өзіміз орындаймыз.Сөйтіп өзіміздің лагерьге келдік. Жақындаған кездебәрін тұрғызып қойдым. Өзім жаныма әлгі үш отряд-тың командирлерін алып, құрама командирі Тканкоғакелдім де, болған істі баяндадым. Тканко бізді риза-шылықпен құшақтап, бетімізден сүйіп, жеңісімізбенқұттықтады. Жаңадан қосылған саяси тұтқындардыотряд-отрядқа бөліп жібердік.Енді соғыс тұтқындары - біз қолға түсірген неміссолдаттары, офицерлері бар ғой. Командиріміз айтты:"Лагерь бастығын атып тастаңдар. Офицерлер менсолдаттарды босатып, өз еріктеріне жіберіңдер. Қайдабарса, сонда барсын", - деді. Соғыстың аяғына таманбіз қолға түскен немістерді жазаламай, көбіне боса-тып отырдық. Өздеріне барса, бәрібір, әскери бөлім-дерде оларды жазалайды. "Heгe берілдіңдер, қару-жарақтарың, киімдерің қайда?" - дейді. Сөйтіп, өзкінәсінің жазасын өз адамдарынан тартады. Біз бұлжолы соғыс тұтқындарын бет-бетімен босатып жібер-дік. Саяси тұтқындарды азат ету операциясы осылай-ша аяқталды.- Қасеке, партизан өмірінде небір жағдайлар бо-лады. Оны Сіздің әңгімеңізден де сезіп-біліп отыр-мын. Бір күн, бір ай емес, қысы-жазы, сан жылбойы үй-күйсіз, қалың жаудың ортасында, қауіп-қатермен күн кешу оңай болмаса керек. Бәрінетөзіп, бәріне төтеп беру керек қой. Менің сұрайындегенім, сол төзім адам бойына туа біте ме, әлдеадам төзімділікке бірте-бірте төселе ме, қалай?- Біздің қазақ табиғатында төзімді халық қой. Бұл -біздің халықтың ерекше бір қасиеті. Бәріне төзе дебіледі, бәріне төтеп те береді. Басына қиыншылықтүскенде "Құдайдың маңдайға жазғаны шығар" деп,сабыр сақтайды. Жеңіс төзімділікпен келеді. Ұлы Отансоғысында қазақтардан батыр көп шықты. Қазақтаржаумен аянбай шайқасып, небір ерліктер жасады.Төзімді адам бәріне де төселеді, жағдайға бейім-деледі.Ал мен әуелден басымды өлімге тіккен адаммын.Бізді жау тылына жібергенде: "Мен тірі қалмаймын,бәрібір, өлемін", - деп ойладым. Осындай халімді іш-тей мойындап, не де болса соғыса бердім. Аман қалудегеннің өзі сенің батырлығыңнан, батылдығыңнан бол-майды. Әлгі қазақтар айтатын мына бір сөз бар ғой -"Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі". Сондай-ақ,кейбір адамда қауіпті алдын-ала сезетін әлдебір түйсікболады. Талай рет төнген ажалдан құтылып кеткенкездерім болды. Өлімді сезінетін сондай қасиет пайдаболды ма деп те ойлаймын. Ажалдан қашып құтылаалмайсың. Қысылшаң сәттердің кейбір оқиғаларын са-ған айтқан да шығармын.- Қасеке, айттыңыз. Карпатта жалама жартастыңүстінде ұйықтап жатқан кезіңізде кенет селк етіпоянасыз. Немістер Сіз жатқан жерге жиырма-отызметрдей жақын келіп, үстіңізден түскелі тұр екен.Соны сезгендей-ақ шырт ұйқыдан оянып, жартастантөмен карай аунап түсіп, қашып құтылыпсыз.-        Иә, иә. Осы сықылды оқиғалар менде көп бол-ды. Менің тірі қалуымның өзі тағдырдың ісі шығар.- Қасеке, газеттерде, теледидарда Сіз туралыайтқанда "аты аңызға айналған адам" деген тіркестіколданады. Құрмет, атаққа, "аңызға айналған"деген қошемет сөзге қалай қарайсыз?-        Менде қазір атақ та көп, шен де көп. Соныңбәрі, шындап келгенде, менің азаматтық тұлғамажараспайтын сияқты.-        Heгe олай дейсіз?-        Менде университеттің құрметті профессорыдеген атақ бар. Ал менің ғылымға қандай қатысымбар? Полковник деген әскери шен де бертінде бе-рілді. Жау тылына аға лейтенант боп барып, үш жылсоғысқанда ешбір әскери шен алған емеспін. Соныңбәрінен де маған бір-ақ нәрсе ұнайды. "ПартизанҚасым Қайсенов" деген атақтан басқасы менің тұл-ғама қона бермейді. Мен өзімді-өзім жақсы білетінадаммын. "Аты аңызға айналған адам" деген сөз демаған ұнамайды.- Қасеке, пенде ретінде атақ деген жақсы ғой.Еліңіз құрметтеп жатыр. Бұның бәрі Сізге дегенықыластың, көңілдің көрінісі шығар.- Осында біреулер атақ үшін айқайласып жатады."Орден бермеді" деп әлдекімдерге өкпелейді. "Сый-құрметтен құр қалдым" деп өзінен-өзі шала бүлініпжүреді. Мен осындай мінезді жақтырмаймын. Кейдемаған біреулер келіп, "атақ алуыма жәрдем етіңіз.Мына қағазға қол қойып беріңіз", - деп өтінеді. Менбұндай әрекеттерді қолдамаймын. Кімнің кім екенінел жақсы біледі. Әркімді өз орнына қарай бағалай-ды. "Мен" деген өзімшілдік жаман нәрсе. Көп адамосы менмендіктен құрып жүр. Менменсіген адам сынкөтермейді. Оларға айтқан қалжыңың да өтпейді.Баққұмарлық пен мансапқорлық та - жаман әдет.Сенің кім екеніңді ел айтуы керек. Өзін-өзі жақсытанымаған адам басқаны тануға қабілетсіз болады.Содан барып басқалармен таласады, өштеседі. Көп-шіліктің пікірімен санасудан қалады. Атақпен алдануғаболмайды. Әркім де өз бойына ненің сыйымды еке-нін білгені жөн деп ойлаймын.