ВЕРНУТЬСЯ

        - Қасеке, партизан болған
кезіңізде жас жігітсіз,

қуатты қызулы шағыңыз. Қандай жағдайда болсын

адам сезімнің жетегімен жүреді,
белгілі бір көңіл

күйге беріледі. Ішкі жан дүниенің
толғанысы соғыста

да толастамайтын шығар. Біреуге
біреу қызығады,

біреуді біреу ұнатады. Сезімнің селт етуі, сұлуға

көз салып, көңіл аудару адам
табиғатына тән

нәрсе десек, осының өзі партизан
жігітке - Сізге

де жат емес шығар.

- Сен менің әлдебір пендешілік
қылмысымды

ашайын деп отырсың-ау. Мен
соғыстан бұрын үйлен-

ген адаммын. Асыл апаңның он
алты-он жеті жасында

өзімнің он сегіз-он тоғыз жасымда
бір-бірімізді танып,

ұнатып, қосылғанбыз. Соғыстан
бұрын үш балам - бір

ұл, екі қызым болған. Отбасын
құрып, бірге тіршілік

етіп, қасиетті Павлодар
топырағынан әскерге аттан-

ғанмын. Үйден қанша уақытқа
кеткенімді кім білген.

Алдымен диверсиялық-барлау
мектебінде үш жыл оқып

үздік бітіріп, аға лейненант
атағын алып майдан шебі-   

не аттанғанымды білесің. Мұнда
қызға қарап қызыға-

тындай жағдай болмады.

 

Соғыс жүріп жатыр. Менімен бірге
әскери мектепті

бітірген лейтенант жігіт пен мені
кез-келген жерге

қонатын "Дуглас" ұшағына отырғызды. Көп ұшқан жоқ-

пыз, ұшақ қонғанда бізді әкелген
адам Оңтүстік-Батыс

майданның қарауындағы партизандар
қозғалысы шта-

бына баратынымызды айтты. Қандай
әуежайдан ұш-

тық, қай жерге келдік, оны біз
білмейміз. Жанымдағы

жігітті басқа жаққа әкетті. Содан
қайтып оны көрген

емеспін.

Мені бір жерге орналастырды.
Естуімше, осы ара-

дан жау тылына диверсиялық
топтарды аттандырып

жатыр екен. Кімді қайда жіберіп
жатқаны және бел-

гісіз. Ешкімді танымаймын.

Үш күннен кейін мені диверсиялық
топтың коман-

дирі етіп тағайындады. Қарауымда
болатын 9 адам-

нын әуелі тізімін беріп, екі
күннен кейін өздерін әкеліп

таныстырды. Солардың сегізі -
түрлі саланың маманы.

Бәрі де - арнайы курстарда оқып,
дайындалған жас

жігіттер. Біреуі ғана маман емес,
жасы елудің шама-

сында, жау тылына ұшатын осы
топтың комиссары.

Саяси қызметкер ретінде комиссар
жоғары бағала-

натын, командирден гөрі оған
көбірек сенетін.

Солардың ішінде жалғыз қыз бар,
радист екен.

Фамилиясы - Шевченко, аты - Зоя.
Он жеті-он сегіз

жастағы керемет көркем қыз
көрінеді. Жалпы, украин

қыздары көркем болады. Себебі
Украина жерінде -

поляктар да, немістер де, татарлар
да, басқа ұлттар

көп кездеседі. Арғы тегінде
бірімен бірі қан ара-

ласып, жақындасып кеткен. Метистер
әдемі болатыны

белгілі.

Бізді жау тылына тастайтын жер
күні бұрын бар-

ланған болуы керек, бәрімізді бір
түнде ұшаққа отыр-

ғызды. Жау тылында біздің астыртын
ұйымдар, кез-

десетін, күні бұрын белгіленген
орындар, шегінгенде

әдейі қалдырып кеткен, небір
жасанды құжаттарды

қолыңа тигізетін сенімді адамдар
болады. Біз соларды

іздеп тауып, байланыс жасап, жұмысымызды жалғас-

тыруымыз керек. Солардың
адрестерін біз ұшар ал-

дында айтқан, бірден жаттап
аласың. Жазбаша берсе,

жаудың қолына түсіп қалсаң жария
болады деп,

сақтанады. Менің есте сақтау
қабілетім күшті бола-

тын. Мен қазірдің өзінде жүздеген
адрестерді, теле-

фон номерлерін жатқа білемін,
ұмытпаймын.

Жау тылына жіберерде бізді қайтып
оралады деп

ойламайды. "Өлімге бара
жатыр" деп есептейді. Әй-

теуір, жау тылына барғанда
тапсырманы орындаса,

жеткілікті. "Арғы жағы қалай
болары, тірі қалу-қал-

мауың өзіңе байланысты"
делінеді. Жау тылына

осындай көңіл-күймен, кесулі
ұғыммен аттанасың.

Межелі жерге жетіп, ұшақтан түсерде "ал, дайын-

 далыңдар", - деп, орнымыздан
тұрғызады. Алдың-

арқаң - ауыр жүк. Жанында -
автоматың, пистолетің.

Сонымен ұшақтан төмен қарай
тұңғиыққа құлайсың.

Ну орманға келіп түстік. Парашютті
тез жинап үл-

гермесең, ішін жел кеулеп өзіңді
сүйреп өлтіреді.

Аман-сау басымыз қосылып, орманның
ішінде топтанып

жүрміз. Кейде жаумен кездесіп,
атысып, қағысып қа-

ламыз. Алғаш рет осындай жағдайға
ұшыраған адам-

дар көндіге алмай қатты қиналады.
Олар түнде шоши-

ды, жүйкелері жұқарып бет алды тұра қашады. Олар-

ды бақылап, бас-көз болуың керек.
Өзіміз он адам-

быз. Ұйықтағанда екі ағаштың
арасына қатарласып

жатқызып, ұйқылы-ояу қашуға бөгет
болсын деп үсті-

нен жіп байлап қоясың. Кезек-кезек
күзетке тұрады.

Комиссар екеуіміз түнде бірге
жатамыз. Басқалары

бізден сәл алыстау, бөлек
жайғасады.

Сөйтіп орман кезіп жүрдік. Бір
күн, екі күн өтті.

Ортамыздағы жалғыз қыз қалайда
көңілсіз. Байқай-

мын, маған бірдеңе айтқысы келеді,
бірақ бата ал-

майды. Бір күні шыдамады, жаныма
келіп, ренжіп тұр-

ды. "Зоя, неге келдің?"
- деймін. "Өзіңізге ғана естір-

тіп айтатын сөзім бар", -
дейді. Оңашалап: "Ал енді

айта ғой", - деймін. Зоя жаны
қиналып: "Түнде жігіт-

тер мазалайды, ұйқы
бермейді", - дейді.

-        Қасеке,
жастықтың әсері ғой.

-        Иә,
иә. Бәрі де жас жігіттер, қыз болса тым

сұлу.
Бұларға не дейсің, қалай тежейсің. Бәрі де

менімен қатарлас жігіттер. Ойланып
тұрдым да: "Жа-

райды, мен оларды жөндеймін",
- дедім. Зоя үнсіз

кетіп қалды. Жеті жігітті былай
шығарып алып, ұрсып

жатырмын. "Бұларың не сұмдық. Ол - өздеріңмен

бірге жау тылына келген қыз,
қарулас, жолдас қыз.

Ендігі тағдырларың бір. Әлі бірге
өлесіңдер. Қиын

жағдайда жаудың ортасында жүрміз.
Ал, мысалы, ол

екі қабат боп қалды. Оның
арғы жағы не болады?

Оның арғы жағы - ол өледі. Сендер
осыны ойла-

дыңдар ма? Бұдан былай мына қыз
кім туралы маған

шағым жасаса, соны тура атып
тастаймын", - деп,

қатты-қатты сөйледім. Сонымен, бұл
әңгіме бітті.

Тағы бір қарағанымда қыздың қабағы
келіспейді,

көңілсіз жүр. Жігіттерге тыйым
болатын емес тәрізді.

Қызды шақырып алдым да: "Олай
болса, түнге қарай

комиссардың қасына жатасың",
- дедім. Комиссар

ересек адам, өзінің қызындай Зояға
қорған болар деп

ойладым. Комиссардың қасында бір
күн, екі күн

жатқаннан кейін қыз әбден күйініп,
маған тағы да

шағым жасады.

Енді оны комиссардың өзі
мазалайтын болыпты.

Комиссарды оңаша алып шықтым. Жасы
менен екі

есе үлкен. Кезінде бір ауданды
басқарған партия қыз-

меткері. Оған ыза болмағанда
қайтесің. "Аналар сөй-

тіп еді, саған не жорық. Жап-жас қызды жігіттерден

сақтайтын, оларға ескертетін жөнің
бар емес пе. Тәрбие-

тәртіп сенің міндетің", -
деп, айқайлап, қатты ашулан-

дым. "Командир, бұдан былай олай болмайды", -

деді. Комиссардың партиялық
беделінен менің коман-

дирлік әмірім басым түсті. Қыздың
ендігі қорғаны мен

болуым керек. "Комиссар
екеуіміздің жоғарғы жағы-

мызда жатасың", - дедім.
Басқадан жақсылық күтпей-

тінің қыз
әбден сезінген соң пейілі маған ауып, "қор-

ғаушым" деп түсінді. Менің
планшетіме, портупейіме

қолын іліп жіберіп алаңсыз
ұйықтайды. Мен оған мүл-

дем қыз деп қарамаймын. Бойды
тежеуге де жаттық-

қанмын. Әрі жігіттерге, комиссарға
ұрсып, қызға ара

түскен адаммын.

- Қасеке, бастапқы бір әңгімемізде
алғаш рет

жау тылына парашютпен түскенде
бәрі қырылып,

орманда жалғыз қалдым дегеніңіз
кайда? Ол жолы

Зоя деген қыз
атымен жоқ еді.

- Ол - бұның
алдындағы оқиға. Мен жау тылына төрт

рет ұшқанмын.
Бұл - жау тылына екінші рет баруым.

Содан партизан отряды құрылды. Мен
- командирмін.

Отрядта аты аңызға айналған
адамдар болады. Мен -

соның бірімін. Сөзімді тындайды, бұйрығым өтеді.

Жау тылында соғысып жүріп, Қызыл
Армияға қо-

сылдық. Жау тылынан алып шыққан
партизандардың

көбі Армия қатарына қабылданды.
Біздерді тағы да

дем алдырып, жау тылына әзірлейді.

Біз қысқа қарай Молдавия жеріне парашютпен
тү-

сетін болдық. Жаңадан құрылған
шағын топты басқару

маған тапсырылды. Өзім білетін,
сенетін адамдарды

жау тылына баратындар тізіміне
кіргізіп, енді радист

іздеуім керек. Қыс түсіп, жау
тылында қызға қиын

болады деген оймен радист Зояны
әдейі тізімге қос-

падым. Радистке басқа біреуді, ер
адамды сұрадым.

Штабтағылар бір жас жігітті радист
ретінде белгілеп,

бізге тапсырды.

Өзінің тізімге ілікпегенін Зоя
естиді. Менімен бірге

тағы да жау тылына барамын деп,
іштей үміттеніп

жүрсе керек. Оның осы жолы баруға
неге сонша құ-

мартқаны кейін анықталды. Украина
жерінде жүрген-

діктен отрядта украин әйелдері де
болады. Жау тылы-

нан шыққанда олар Зоямен кездесіп,
әңгімелесіп, өза-

ра сырласады емес пе. Олар оңашада
Зояға: "Сенің

теңің - осы командир. Сен осыған
тұрмысқа шық", -

деп айтатын болулары керек.

Жау тылына ұшудың алдында штаб
бастығы Григо-

рий Алексеенко екеуіміз бір күні
қатар жатыр едік, ол

бір қағазды қолыма ұстатты. Ойымда
ештеңе жоқ.

Әлгі қағазды оқысам - Зояның маған
жазған хаты

екен. Өзінің мені жақсы көретінін,
бірге өмір сүруді

қалайтынын жазыпты. Триша, бұл не
сұмдық. Біз жау

тылына кеткелі жатырмыз. Үйленейін
деп жүрген жоқ-

пыз", - деймін. "Мен
қайдан білейін. Бұл хатты ол

берді, сенің қолыңа табыс еттім.
Менің не жазығым

бар. Өзімен ашық сөйлес. Тегі, оны
анау әйелдер

желіктіріп жүрген сияқты", -
дейді ол. Әңгімені жал-

ғастырмай, анау-мынау сылтау
айтып, Зояны жау ты-

лына апармайтын болдым. Ол тағы да
штабқа барып-

ты. "Васямен бірге
ұшамын", - деп, қатты өтінсе

керек, штабтағылар да қиналды.
Мені шақыртып, Зоя

туралы сөйлесті. "Вася, ол
қыз бізге шындығын айт-

ты. Сені жақсы көреді екен. Сен
оған қыстың

жағдайы қиын, саған ауыр тиеді.
Жау тылынан қайтып

келген соң үйленемін", - деп,
алдап көрсеңші. Мүмкін

келісер, сөйлес", - дейді. Зоямен
ақылдасып, алдап

көріп едім, бәрібір көнетін емес.
"Бірге барамын", -

дейді. Ақырында оны маған радист
етіп бекітіп беріп,

жау тылына бірге ұштық.

-        Қасеке,
Зояның сізге деген сезімі ғой.

-        Кім
білсін. Мүмкін солай да шығар. Молдавия

жерінде партизан отрядын құрған
жоқпыз. Жиырма-

отыз адам боп топпен жүріп,
диверсиялық әрекеттер

жасап, ойран саламыз. Қыста орман
ішінде қарды

қазып жатамыз. Қардың іші жылы
болғанмен, астың

еріп кетеді. Бойынды суық сорып
тастайды.

Ең қиыны - немістер: "Өз жеріңдегі партизандарды

өздерің құртыңдар", - деп,
румын, молдавандарға

қолдарына қару-жарақ ұстатып, бізге қарсы қояды.

Олар соғысуды білмейді, текке
қырғынға ұшырайды.

Сөйтіп, олар біздің ізімізге түсіп, соғысуға әрекет-

тенді. "He істейміз?" -
деп, рациямен өзіміздің орта-

лықпен хабарластық. "Олай
болса, оларды бір рет

жақсылап үйретіңдер, беттері қайтсын", - делінді. Бір-

де шамамен 400-дей адам немістің
винтовкасымен

бізді құртамыз деп орманға келе
жатады. Тасадан екі

пулеметтің астына алып, бірталайын
жапырып таста-

дық. Атыса алмайтын берекесіз
біреулер. Айдап салу-

мен атойлап жүрген шаруа халық
қой.

Содан қайтып олар бізге жоламайтын
болды. Бірне-

шеуін қолға түсіріп: "Сендер
немістердің айтқанына

кенбеңдер. Сендерге біз тиіспейміз. Үйлеріңе тараң-

дар. Егер бұл сөзді ұқпасаңдар,
біз сендерді аямай-

мыз, қырып тастаймыз", - деп
түсіндірдік. Молдаван-

дар бізге шабуыл жасауды қойып, өз жайымен кетті.

Бірде мынадай тапсырманы орындауға
кірістік. Екі

қабатты үйдің бірінші қабатында
неміс солдаттары,

екіншісінде офицерлері жатыр деген
хабарды естідік

те соған шабуыл жасадық. Немістер
дем алуға келді

ме әлде осында тұрып жатыр ма,
бізге ол жағы бел-

гісіз. Әлгі үйге жақындаған кезде
бір терезеден оқ

атыла бастады. Сол терезені ұрып
қиратып, ішке ал-

дымен қарғып мен түстім, артынша
терт-бес партизан

соңымнан ілесіп, олар да қарғып
түсті. Сол жерде

 Зоя да бізден қалыспай ішке
кіргенде кереуеттің

астында жасырынып жатқан неміс
офицерінің оғы

оның санына тиіпті.

Зоя "жаралымын" деп
айқайлап құлап түскен еді.

Оған қарауға мұрша жоқ, бөлмелерді аралап, екі

қабатты да тінтіп шығып, бәрін
тып-типыл етіп, қырып

тастадық. Біздің жалғыз ғана адам
- әлгі Зоя жара-

ланды. Оны палаткаға салып, келген
жолымызбен кері

қайттық. Қолға түскен офицерлердің
төрт-бесеуін өл-

тірмей, қыз жатқан палатканы
көтертіп, қалың қарды

омбылатып тұрған
жерімізге алып келе жатырмыз.

Келген соң офицерлерді атып
тастадық.

"Енді бұл
қызды қалай емдесек екен", - деп ақыл-

дастық. Парашюттен түскенде
арамызда дәрігеріміз

бар еді, кейінгі бір ұрыста ол
оққа ұшты. Жігіттер

пәлен деген селода немістің
госпиталі бар екенін

айтады. "Ендеше соның
хирургін ұрлап алу керек", -

деймін.

Осыған келістік те, он шақты адаммен жолға шық-

тым. Түнде госпитальге келіп,
қоршап алдық. Авто-

матшылар сыртта қарауылда қалып,
басқаларымыз

госпитальге кірдік. Кезекші
дәрігерлер ғана бар екен.

"Хирургтарың қайда?" -
деп сұраймыз. "Хирургіміз

мынадай жерде тұрады, үйін көрсетейік. Бізге тиіс-

пеңдер", - деп жалынады.
Госпитальдің іші-сыртына

күзет қойып, әлгі дәрігерді
алдымызға салып алып,

хирургтің үйіне қарай жөнелдік.
Хирург үйінде екен.

Есігін ашты. Армияда қызметте
жүрген адам ғой, от-

басы жоқ, үйінде аспазшы ғана
ұстайды екен. Келген

мақсатымызды айттық. "Жаралы
партизанға операция

жасауың керек. Құрал-сайманыңды, дәрі-дәрмегіңді

алып, қазір бізбен жүресің.
Операциядан кейін сені

қайтадан үйіңе жеткізіп
тастаймыз", - дедік.

Хирургті киіндіріп, керегінің
бәрін алғызып, өзіміз-

бен бірге орманға әкеттік.
Лагерімізге келіп, қызды

хирургке көрсеттік. Арамызда аудармашымыз
бар.

"Егер мына қызды емдеп,
жазсаң, сені өлтірмейміз.

Егер емдемесең, сені атып
тастаймыз", - дедік. Хи-

 рург алпысқа келген сабырлы адам
екен. Қарсы ке-

луге, көнбеуге амалы жоқ. Қыздың
жарасын байқап

көрді де: "Егер аяғын кесуге
рұқсат етсеңдер, қыз-

дың тірі қалуына кепілдік беремін.
Әйтпесе гангре-

надан кейін өмір сүре алмайды, ғұмыры қысқа", -

деді.

Әрлі-берлі ақылдасып, аяғын кесуге
келістік. Зоя да

қанша қиналса да, көнді.
Операциядан кейін хирургке:

"Мына қыз жазылғанша бізбен
бірге боласың", - деп

түсіндірдік. Қыздың қасында боп,
сөйлесіп жүріп әлгі

хирург орыстың тілін де үйрене
бастады.

Бізбен
бір ай бірге жүрді. Зоя да балдақпен жүріп-

тұруға айналды. Лагерьде біз
жорыққа кеткенде хи-

рургпен бірге қалады. Сөз арасында
оған біз не үшін

және кімдерге қарсы соғысып
жүргенімізді, неміс хал-

қына қарсы еместігін ұқтырса
керек, хирургтің көз-

қарасы өзгерейін деді. Зоя тәуір
болған соң хирургке:

"Сізге кетуге рұқсат етеміз.
Қай жерге апарайық", -

десек, үзілді-кесілді:
"Қайтпаймын. Сіздермен бірге

боламын", - дейді.
"Жарайды", - деп, оны өзімізде

қалдырдық. Көп кешікпей Қызыл
Армияға қосылдық.

Әлгі хирург неміске жақсы
мінездеме беріп, еркіне

жібердік. Кейін ол Шығыс
Германияда тұрады деп

естідім. Ол сонымен кетті.

Біз жау тылынан шықтық. Он шақты
адам бірге

барып, Зояны туған селосына
апарып, әке-шешесінің

қолына тапсырдық. Біраз
дүние-мүлік сыйладық. Жер-

гілікті басшылардан партизан қызға
қамқорлық жа-

сауын өтіндік, ақырында, онымен де
қоштастық. Көп

ұзамай тағы да жау тылына аттанып
кеттік. Бұл жолы

парашютпен Карпатқа түсірді...

Әлгі Зоя Переяслав ауданында тұратын. Соғыстан

кейін Украинаға бір барғанымда
партизан жолдас-

тарым шақырып, сол Переяслав
қаласында да болдым.

Он шақты адам бір үйден қонақтан
шығып, тобымыз-

бен көшеде келе жатқанбыз.

Бір уақытта қарасам, бір әйел
балдақпен анадайдан

бізге қарсы жүріп келеді. Мен
ішімнен: "Әй, осы пар-

тизан Зоя болуы мүмкін", -
деп ойладым. Біз еш-

қайда бұрылмай оған жақындап келе
жатырмыз. Ара-

мыз бес-алты метр қалғанда әлгі
әйел "командир" деп

айқайлап, қолын көтеріп құлап түсті. Жанымдағы пар-

тизандардың бәрі оны жақсы біледі.
Сол арада қа-

бырғасы қайыспаған, жыламаған адам
жоқ. Менің де

көзімнен жас шықты. Бәріміз Зояны
көтеріп тұрғыз-

дық. Көңілін көтеріп жылы-жылы
сөздер айтып, үйіне

апардық. Әке-шешесімен сөйлестік.
Міне, қызығудың,

құмартудың
ақыры өкінішке айналып, жанға жара сал-

ды. Міне, айтқан тілді алмаудың,
сезімді тежемеудің

салдарынан ол бірталай азап шекті.
Әңгіменің аяғы

осымен тынды. Сол Зоя қазір бар
ма, жоқ па, біл-

меймін. Менен бес-алты жас кіші
болатын. Кім біледі,

тағдырының жазуы солай шығар.

- Қасеке, төрт рет жау тылына парашютпен

түскенде соның ең ауыр кезеңі -
Карпат тауында

өткен күндер дегенсіз. Соның
қиындығы неде екенін

біраз
айтқан едіңіз. Дегенмен әлі де еске алатын

қиын
сәттер, қатерлі, қауіпті жағдайлар бар тәрізді.

- Бұдан
бұрын парашютпен түскен ормандар уа-

қытша жаудың қолында қалған совет
жері болатын.

Онда совет адамдары тұрады.
Олардың тіршілігі,

қарым-қатынасы бізге таныс, қалай
болады деп қинал-

майсың. Ортақ идеологиямен
тәрбиеленгенбіз. Сондық-

тан жау тылында олармен тіл
табысу, жақындасу

оңай. Жауды жеңуге жергілікті
халықпен бірлесіп күре-

сесің.

Ал Карпаттың жағдайы бұдан бөлек. Жері соғыстың

алдында ғана Совет еліне күшпен
қосылған. Бізге те-

ріс пиғылдағы адамдар да баршылық.
Поляк, венгер,

чехтар сияқты басқа ұлттың өкілдері де көптеп кез-

деседі. Халқымен тіл табысу да
қиын, сенімсіздеу

көрінеді. Тым сақтанып, қауіптеніп
жүресің. Жері ор-

манды, таулы. Терең сайлары, биік
жары, ағынды су-

лары болады. Міне, Карпат тауына
парашютпен түсі-

рілген алпыс адамның аз күнде
жетеуі ғана өзара та-

бысып, шағын топ құрып, жазалаушы отрядтың қуғы-

нына түскенін, әрең құтылғанын саған әңгімелеп бер-

дім-ау деймін.

- Қасеке, итпен іздеріңізге түсіп
қалай куғанын

айтыңызшы. Бұл да
қауіп-қатері мол өз алдына бір

хикая.

- Расында, сол жолы өлі мен
тірінің арасында

жанұшырып жүргеніміз естен
кетпейді. Карпат тауында

неміс, венгер әскері тұрды. Таудың төбесіндегі әуені

бақылайтын құралдары арқылы түн ішінде ұшақтың

келіп-кеткенін анықтап,
"десант тасталды" деген оймен

іздестіріп, құрту
жұмыстарын ұйымдастырды.

Күндердің күнінде олар біздің
ізімізге түсті де қол-

ға түсірмекші болдьі. Жеті-ақ
адамбыз. Таныс жер

емес. Біздің мақсат, қайткенде
Карпат тауына орны-

ғып, партизан отрядын, құрамасын
құру еді. Бізден де

бұрын түскен партизан топтары
қырғынға ұшырап,

жоғалып кеткен. Енді санаулы
адаммен қуғын көріп

біз жүрміз. Жазалаушы отряд жер
жағдайын зерттеп,

біліп алған ғой. Әсіресе венгерлер
сол жердің адам-

дары, тау-таста жақсы өрмелейді.

Жазалаушы отряд бізді бір жеті
қуды. Қалай қаш-

саң да, жасырынып қалсаң да
иттерімен ізіңнен тауып

алады. Сол иттерді тасадан
дыбыссыз винтовкамен

мергендеріміз көздеп атып, бірнешеуін
өлтірдік. Бірақ

олар басқа иттерді әкелді. Иттен құтылу үшін бұлақ

па, өзен бе, кезіккен суды кешіп
қашасың. Суға түс-

кен жеріңнен бастап иттер ізді
жоғалтады. Қуғын-

 шылар өзен-суға түскенімізді
біледі де жағалаумен

жүріп, тағы да іздейді. Бір-бір
жарым шақырымнан

кейін шаршап-шалдығып, амалсыздан
жағаға шығамыз.

Сол жерден иттер ізімізді қайтадан
табады. Біз де

иттер иіскемесін деп, ізімізге
махорка сеуіп кетеміз.

Оған да болмайды, бәрібір, тауып
алады. Қалай қаш-

саң да иттер жазалаушы отрядты
бастап, үстіңнен

түседі.

Енді әбден шаршадық. Азық-түлік
таусылды. Қару-

жарақтың көбін қойма жасап,
белгілеп, тығып кеттік.

Арамызда болашақ партизан құрамасының командирі

Тканко да бар. Сол Тканко -
қысылғанда жол табатын,

ақылды, алды-артын күні бұрын ойлайтын қу адам.

Бұл
жолы да ол ақыл тапты. "Біз бұлайша қашып-

пысып жүріп күн көре алмаймыз.
Бізді бір-бірлеп атып

өлтіреді. Біз қазір ашпыз. Бір-екі
күннен кейін мүлдем

жүруден қаламыз. Босқа өлгенше не
болса да ашық

соғысып, айқасып өлейік. Сөйтіп,
Отан алдындағы

борышымызды қанымызбен
өтейік", - деді. Оның

батылдығын бәріміз де мойындап,
бірден келістік.

Шешім қабылдауды Тканкодан күттік.

Ол: "Қолайлы орынды
табамын", - деді де бізді

бастап келе жатты. Біз орманды
таудан төмен қарай

түстік. Екі таудың аралығындағы
еңісте өзен ағып жа-

тыр. Оншалық терең емес, ені 4-5
метрдей осы өзен-

нің бергі жағында ағаш жоқ,
жайқалған қалың шөп.

15-20 метрден кейін орман
басталады да келесі тауға

өрлейді. Шөпке көп із қалдырмас
үшін және неше

адам екенімізді білдірмес үшін
бір-біріміздің соңымыз-

дан жүріп өзенге келдік. Өзенге
шомылып, әбден қа-

нып су ішіп алдық.

Сол арада Тканко ойындағы жоспарын
айтып, бізге

бұйрық
берді. "Олар да бұл жерге біздің ізімізбен

келеді. Соңдықтан мина салып,
қопарылыс жасап, тас-

талқан етейік", - деді.
Таудан түсіп, өзенге келетін

алаңқайға суға жақындатып төрт-бес
жерден магнитті

мина қойдық. Жуынып-шайынып, әрі
қарай қозғалдық.

Орманның шетіндегі жуан ағаштың
түбіне екі жерден

қол пулеметін орнаттық.
Автоматтарымызды да солай

қарай бағыттап, дайын тұрмыз. Мина
жаратын парти-

занды ағаштың басына шығардық.
Белгі берілгенде ол

жарылысты ұйымдастыруы тиіс.

Көп кешікпей арғы беттен жазалаушы отряд та

көрінді. Алдында - иттерін
жетелеген үш неміс, одан

кейін әрқайсысы топ-тобымен біздің
ізімізбен келеді.

Немістер біреуі шешініп, біреуі
жуынып, әлгі араға

жайғасып тамақ іше бастады. Бізді
әрі қарай қашып

кетті деп ойлаған болулары керек,
асығатын емес.

Барлығы алаңқайға әбден топтасқан
кезде анау ағаш-

тың
басында отырған біздің жігіт Тканконың бұйрығы-

мен миналарды жарды. Терт-бес мина
әлгі жердің

талқанын шығарып, топырағын
аспанға көтерді. Неміс-

тердің
тірі қалғандары суды бүйірлеп алға қарай

ұмтылды. Біз де пулеметпен,
автоматпен оқты жау-

дырдық. Біразы сол арада қырылды,
біразы минаға

жарылды. Бір уақытта қарасақ,
оңға, солға қашқандар

біздің
артқы жағымыздан шығып қалыпты. Енді бізге

алға қарай жүруге мүмкіндік жоқ.
Қайтадан сол кел-

ген жағымызға қарай қашып, өзенді
кешіп өттік. Не-

містердің өліктерін аттап,
азық-түлік салған сөмкелерін

қолымызға ұстап, қайтадан өзіміз
түскен тауға қаш-

тық. Тосқауыл құратындай биік жартасқа бекініп, та-

мақ іштік. Немістерден хабар-ошар
болмады. Артынан

жергілікті халықтан естігеніміз,
немістер зембілмен

өліктерін бір жеті тасыпты. Таулы
жермен машина жүр-

мейді ғой. Жаудың бетін осылайша
қайтарып, қуғыннан

шығынсыз құтылдық.

- Қасеке, 1941 жылдың қарашасынан
бастап

1945 жылға дейін Украина жерінде
жау тылында

жүрдіңіз, бірде шағын топты, бірде
партизан отря-

дын баскардыңыз. Днепрден сонау
Батыстағы Кар-

патқа дейін барғанда осы жылдарда
осы жолдарды

жаяу жүріп өттіңіздер ме?

- Жау тылында Қасекеңе жеңіл
автомашина береді

деп ойлайсың ба? Бізді жау тылына ұшақпен жіберіп,

түн ішінде парашютпен түсіреді.
Сол арада сенің тұ-

рақты мекенің, қызмет істейтін
мекемең де жоқ, кеңес

өкіметі де жоқ. Ал фашистер саған
машина береді

ме?! Сол жерге түскеннен-ақ сенің
сенімді көлігің -

екі аяғың, күнделікті көретінің -
жаяу жүріс. Қыста да,

жазда да - қай уақытта да жаяу
жүріп соғысасың.

Адам итжанды ғой. Суыққа да,
ауруға да шыдап,

төзеді. Қыста суықта жүріп, кейбір
туберкулез

адамдар сол ауруынан айығып та
кетті. Адам өмір-

ден үміт үзбесе - өлмейді. Адам
екі-ақ жағдайда

бірден өледі. Сені атқанда
жүрегіңе тигізе алса

немесе миыңа тигізсе ғана сол
арада жазым бола-

сың. Ал сенің қолыңды, аяғыңды жұлып кетсе,

денеңді жарақаттаса - өлмейсің,
әрі қарай тіршілік

етіп, тірі жанды сүйретіп өмірден
күдер үзбейсің.

Қаншалықты ауырсаң да, қаншалықты
жаның қинал-

ғанмен соның бәріне көніп,
көндігіп, бойың үйреніп

кетеді.

Бізді жау тылына апарып тастағанда
дайын тұрған

отряд жоқ. Партизан отрядын құрамыз. Тылдағы бізге

тілектес адамдарды өзіміз
топтастырамыз. Жауға

қарсы шайқастарды, қиратып-құрту әрекеттерін өзіміз

ұйымдастырамыз. Қару-жарақ беретін
Қызыл Армия да,

киім-кешек, азық-түлік беретін
колхоз-совхоз да жоқ.

Бұдан
былай қарауыңдағы жүздеген адамды қару-

лаңдыру
да, киіндіру де, асырау да командирдің
міндеті

болады. Жаудың қолында қалған
аудан, облыс көле-

мінде ылғи жаяу жүріп, соның бәрін
ұйымдастырасың.

 Кей кезде баратын жерің тым қашық
болса, неміс-

тің машинасын олжалайсың. Неміске
"пәлен жерге

жетіп алайық, машинаңды бере тұр", - демейсің ғой.

Машинаны жүргізушісін, адамдарын
өлтіріп барып

тартып аласың. Көздеген орынға
жеткен соң, қайта-

дан фашистер пайдаланбас үшін
машинаны жардан

құлатасың
немесе істен шығарып, қиратасың. Кейбірде

ат көлігін пайдаланамыз. Атты біз
мүмкіндігіміз болса

жазда ғана ұстаймыз.
Ал қыста одан да айырылып

қаламыз. Себебі шөп жоқ, қора жоқ.
Партизандар

орнығатын тұрақты
мекен де болмайды. Орыныңды

жиі ауыстырып, қиын жағдайда
жаяулатып талай

шақырымды жүріп тастайсың.

- Қасеке, сонда күніне қанша
шақырым болар

еді? Үнемі жүре бермейтін
шығарсыздар?

- Бәрі жағдайға байланысты. Тұрасың айтқанда,

әлің келмегеннен, күшің
жетпегеннен кейін жаудан

қашасың. Бұны
шегініс деуге келмейді. Шегінсең де,

қашсаң да, қусаң да, бәрібір,
жауға тірелесің. Өйт-

кені жау тылында орманды паналап
қана жан сақтай-

сың. Жау қуып,
сенің қашатын кездерің болады. Он-

дайда күніне 40-50 шақырымды артқа
тастайсың.

қанша жүгіңмен кейде аш, кейде
жаралы боп, дем

алуға да мұршаң
жоқ. Жүре бересің, жүре бересің.

Өз еркіңмен болсаң немесе соғысып,
атысып, тезірек

кету үшін 10-20 шақырым жүруің де
мүмкін. Жүрген

жолыңды
әдейілеп кім санапты. Әйтеуір, әр кезде

әрқалай, бірде аз, бірде көп.

Жаяу жүріске үйренгеніміз
соншалық, Карпатта

қысылтаяң кездерде екі рет таудан
түсіп, екі рет

қайта шығып жүретінбіз. Тауда
жоғары қарай өрле-

геннен, төмен қарай жүру қиын.
Сонда әбден жаяу

жүріп шаршағанда менің отрядымда
штаб бастығы

болған Григорий Алексеенко қасымда
отырып: "Вася,

егер осыдан тірі қалсам, үйленіп, ұлым болса арқа-

сына жүк артып, үш жасынан бастап
таумен жүргізіп

үйретер едім", - дейтін. Ол -
армия офицері, жаяу

жүріске үйренбеген ғой. Карпатта
партизандық жоры-

ғымыз аяқталғаннан кейін біздің
адамдардың бірта-

лайы Батыс Украинада қызметке
қалды. Тұрмыс құ-

рып, үй алды. Бейбіт өмірге
араласа бастады.

Біздің әскерлер жақындағанда
жергілікті капита-

листер, помещиктер үйлерін тастап
Батысқа қарай

қашты. Солардан қалған бір, екі
қабатты кең сарай-

дай үлкен үйлерді барлық
дүние-мүлкімен қызметке

орналасқан партизандарға жеке
меншік ретінде толы-

ғымен берді. Менің досым Григорий
Алексеенко да бір

еврейдің жалғыз қызына үйленіп,
соның үш үйінің бірін

иеленді. Ол әлі де сонда тұрып жатыр. Таня деген бір

қызы бар еді, қайтыс бопты. Енді
онда бала жоқ.

Соғыстан кейін Карпатта тұратын
Алексеенко досыма

ұлым Болатпен бірге екі рет қонаққа бардым. Үйі екі

қабатты, үш гектар бағы бар. Айналасы
қоршалған. Бір

жолы Асыл апаңды да алып барып,
бәріміз суретке

түскенбіз. Бірақ қазір ол - әйелі
екеуі тірі ме әлде

қалай, хабарым жоқ. Екі-үш жыл бұрын Киевте болға-

нымда телефон соғып едім байланыса
алмадым. Іздеп

баруға жол ыңғайы келмеді.

- Қасеке, "үнемі кару асынып,
қайда барсақ та

жаяу жүреміз", - дедіңіз. Ал
сонда қайда жатып,

қайда тұрасыздар,
яғни мекендеріңіз, үй-жайларыңыз

кандай?

-        Бізге
кез-келген жер - тұрақ. Жеткен, тоқтаған

жерімізге күзет қоямыз да, лагерь
ашамыз. Егер орман

қалың болса, палатка тігеміз, балаған жасаймыз. Біздің

адамдарымыз бұған
шеберленіп алған. Қысқа қарсы,

суық күндерде жертөледе тұрамыз.
Қыста қалың қар-

да келе жатып тоқтайтын болсақ,
аққала тұрғызып,

соны паналайсың. Қайда болмасын
лагерьдің айналасы

күзетіледі. Лагерьдің жақын
күзетіне қосымша орман-

ның шетіне алыс күзет қалдырасың. Біреу келе жатса,

қолға түсіріп тексеретін де, жауды
хабарлайтын да -

осы алыс күзеттің адамдары. Жақын
күзетке жау келіп

қалса, ұрыс басталады.

-        Қасеке,
селоларда тұруға болмай ма?

-        Жорыққа
шыққанда, қайтқанда шағын село бол-

са, тоқтап айнала күзет қоямыз.
Сол арада бірер күн

бөгелетін, демалып, тұрақтайтын
кез де болады. Се-

лоның халқы саған көмектеседі,
күтеді, қолда барын

бөліседі. Сенің қауіпсіздігіңе
үлес қосады, күзетеді.

Жер-жерге тыңшылар жібереді. Мұндайда жауға жақын

селоның полицайларына,
старосталарына біз туралы

хабар жеткізетін опасыздар,
сатқындар да кездеседі.

Бұндайды
да көргенбіз. Ондай опасыздардың кімдер

екенін білсек, ерте ме, кеш пе
бәрібір жазасын тарта-

ды. Іздеп, соңына түсіп, қолға
түсірмей қоймаймыз.

Жергілікті халық кімнің сатқын
екенін біледі, бізге

алдын-ала ескертеді. Оған сыртынан
бақылау орнатып,

жүрген-тұрғанын аңдимыз. Сатқындық
әрекетін сезсек,

оны атып тастаймыз. Көңілге
қарайтын, аяушылық

жасайтын адам біз емес. Жау
тылында, жалпы, қа-

шанда батыл болу керек. Жұмсақтық, көңілшектік та-

нытсаң кейін өзің өлесің...

- Қасеке, адамда намыс дейтін
болады. Жау

тылында жүргенде отряд командирі
Қайсенов боп

танылдыңыз әрі қазақ ұлтының өкілісіз. Сонда

намысты ойладыңыз ба?

-               
Қазақ "ерді намыс өлтіреді " деуші ме еді?!

Мен сол
қалың украинның ара-

сында жүргенде өзімнің ұлтымның
намысына кір кел-

тірмеуге, "нашар қазақ" атанбауға тырыстым. Өзімнің

қазақ екенімді бір сәт естен
шығарған емеспін. Менің

осал жерімді олар сезсе, бүкіл
қазақтың азаматтары

осындай екен деуі мүмкін. Ал мен,
айталық, көзсіз

ерлік көрсетсем, сол елдің
азаматтары осындай екен-

ау деп ойлайды. Сен арқылы ұлтыңды
бағалайды.

Сондықтан өзіңнің қалыптасқан
абырой-беделіңді тү-

сірмеу үшін намысқа тырысасың.

Намыс - жалаулатып жүретін,
айқайлап айтатын

ұран емес, қанға біткен қасиетің. Ол ана сүтімен,

тәрбиемен, тектілігіңмен бойыңа
дариды. Әйтпесе еш-

кім де әдейілеп намысшыл болайын
демейді. Қажетті

жерінде еріксіз қаның тасып,
намысың келеді. Соған

лайық әрекет етесің. Ондайда
қауіп-қатерге де, өлімге

қарсы жүресің. Осы жолда "жан
пида" дейсің. Міне,

намысты ойлау деген осы.

- Қасеке, намыс дегенді тегін
қозғап отырған

жоқпын. Кешегі өткен Бауыржан
Момышұлы,

Рақымжан Қошқарбаев
сияқты қазақтарда ұлттық

намыс деген күшті болса керек. Ол
туралы өзіңіз

де сан рет айттыңыз. Әсіресе
Баукең намыс туралы

көп айтты, көп жазды. Сөздері
нақылға айналды.

Өзі де намыстан жаратылған айрықша
адам екенін

әр кезде, әр жағдайда сан рет
дәлелдеді. Сөз-

дерін тыңдап, жазғандарын оқу өз
алдына, ісі де

соған сай келіп жатты емес пе.

-        Бұлар ұрпағына үлгі боларлық адамдар ғой.

Бұлардың
тұла бойы толған намыс. Әр сәтте намыс-

тан жарылуға әзір тұрады. Бауыржан ағаңды қас

батыр деп атар едім. Ол - тым
намысшыл адам. На-

мыс үшін кез-келген уақытта қара
басын өлімге қия-

тын адам. Ол біреуге намысын
жіберсе, соған қатты

қирайтындай көрінетін.
Бауыржандар, Талғаттар, Рақым-

жандар өздерінің ерліктерін
кез-келген уақытта қайта-

лай алады деп айтқанмын. Намыстың
жетегімен жүріп

айтар сөзінен іркілмейді, қандай
әрекеттен де тартын-

байды. Осының ақыры қалай болар
екен деп те жас-

қанбайды. Бұның
барлығы түптің түбінде бойдағы на-

мысқа байланысты. "Ел намысы
- ер намысы" дейді

қазақ. Кек кернеген ызалы жан
ешкімге намысын жі-

бермейді. Ерлігің мен намысың
қатар жүрсе, сонда

сен батырдың нағыз өзі боласың.

-        Қасеке,
қазақ біреуді мақтаса - "намысы бар

екен" дейді. Көңілі толмай
кейісе - "намысы жоқ,

жасық екен" дейді. Көрдіңіз бе, намысы сынға тү-

сер сәтте адамды қалай бағалаған.
Көтеріп те,

өлтіріп те айта білген.

- Қазақ - әуелден намысшыл халық.
Әйтпесе бая-

ғы өткен заманда қазақтар,
ата-бабаларымыз неліктен

батыр болды, неліктен осыншама ұлан-байтақ жерге

иелік етіп келді дейсіңдер. Соның барлығы
намысы

мен батырлығы қатар жүргендіктен
ғой. Барлық жерге

ие боп, міне, бізге аманатқа
тапсырып кетті. Сол

аманатын біз сақтай алсақ, сонда
ғана біз олардың

арманын, кейінгі ұрпағынан күткенін ақтай аламыз.

Халқымызда намыс туралы даналық
сөздер, мақал-

мәтелдер жеткілікті. Соның бәрі -
олардың кейінгіге

қалдырған өнегесі, өсиеті.

-        Қасеке,
өнеге, өсиет дегеннен шығады, өмірде

ойлағаның бәрі бірдей орындала
бермейді. Адамдар

әркелкі. Намысты емес, кара бастың
қамын, жан

тыныштығын, қарынның тоқтығын
ойлағанда адам өз

қадірін
кемітіп алатын секілді. Бұндайда жақсылық-

тан гөрі жағымсыз қылықтар көбірек бой көрсете

ме деймін. Сіз: "Өмірде жолым
болғаны - жақсы

адамдарға кезіктім", -
дегенсіз. Еңбек жолыңызды

сонау Павлодардағы облыстық оқу бөлімінен бастап,

майданда партизандық өмірден өтіп, елге оралған-

нан бері талай жақсы адамдардың
шапағаты тигенін

алғыспен ауызға алып отырасыз.
Бірақ өзіңіз көріп,

өзіңіз араласқан адамдардың бәрі бердей Сізге

жаны ашып, жақсылық тіледі дейсіз бе?! Адамдар-

дың
мінезі де, пиғылы да әр түрлі. Біреуге жағып,

біреуге жақпайсыз. Біреуден
жақсылық көрсеңіз,

екінші біреуден бетіңіз қайтады. Соғыстан кейінгі

бейбіт өмірде көрген қиянатыңыз да
бар шығар.

Жұмыр
басты пенденің пешенесіне тек жақсылық

қана жазылмайтын болар.

- Әділеттілік пен қиянат қатар
жүреді. Қай за-

манда да - соғыста болсын, бейбіт
өмірде болсын

қиянат дегеннен құтыла алмайсың.
Қиянат әділет-

тіліктен гөрі өміршең, алды-артыңды ториды. Қиянатқа

ұшырамайтын, қысым көрмейтін адам
кемде-кем. Де-

генмен қиянаттың да қиянаты бар.
Ұсақ-түйек қиянат-

ты елемейсің, көтеріп кетесің. Ал
үлкен қиянат адамға

ауыр тиеді. Жүрекке салған жарасы
оңайшылықпен

жазылмайды, өзіңмен бірге кетеді.
Қиянат дегенің әді-

летсіздіктен туады. Қанша адам
қиянаттың құрбаны боп,

өмірі өкінішпен өтті.

Менің көрген қиянатым көп те емес,
ауыр да емес

деп ойлаймын. Бірақ қиянат та
адамның өзіне байла-

нысты. Мен өзім мінезім ашық
адаммын. Тағы бір

қасиетім - райымнан тез қайтамын,
біреуге қатты сөз

айтсам, оған мені түсінбеген адам
ренжіп қалуы мүм-

кін. Менің ашуым бір-ақ бір
минуттық қана, айқайым

да сондай. Ал мұндай адамның қасиеті - өзінің бі-

реуден көрген қиянатын сол сәтінде
болмаса, тез

ұмытып кетеді. Әрі қарай жүрегіңе ауыр алмайсың.

Бейбіт өмірде, елге оралған соң
бастапқыда көрген

түрлі қиянаттарды көтере білдім.
Соған өзім де кінәлі-

мін деп есептедім.

Бұйрық беріп, ұнамаса, атып
тастауға үйренген

партизанға бейбіт өмірдің тірлігіне үйрену, көндігу

қиын екен. Іштей кіжініп, сырттай
амалсыздан келі-

сесің. Көрген қиянатты жүрегіңе
ауыр алмай, кешірім-

мен қабылдадым.

Соңғы кезде біреуден қиянат көрдім
деп айта ал-

маймын. Себебі өзім де қиянат
жасауға ешбір себеп

бермеуге тырысамын.

Осы уақытта жасыма қарағанда
денсаулығым жаман

емес. Ойым да, бойымдағы
күш-қуатым да, осы халге

жетуім де соңғы кездегі менің
елден, жігіттерден

көрген құрметім, солардың көмегі,
қамқорлығы, жаса-

ған жақсылығы арқасында деп
ойлаймын. Мен туралы

көптеген адам көзімнің тірісінде
естелік жазыпты. Мен

туралы екі-үш кітап жарық көрді.
Менің өміріме, пар-

тизандық жолыма арналып екі кино
шығарылды. Елде

менің атымда ауыл да, көше де бар.
Өскеменде ме-

нің атымдағы кітап магазині
ашылды. Бір біздің елде

ғана емес, Украинада да
мектептерге менің атым

беріліпті. Осындай сый-құрметті
көріп отырып, бұған

риза болмау пендешілік, астамшылық
болар. Ол -

жақсылықты бағалай білмейтін нашар
адамның қасиеті

болар. Мен біреудің жақсылығын
бірден мойындаймын,

қолымнан келсе жақсылықпен
қайтаруға тырысамын.

Мен, мысалы, біреуге қатты сөйлеп,
ренжіткенімді

сезсем, бірден хабарласып, одан
кешірім сұраймын.

Анау-мынау қиянаттардан мені
сақтап жүрген - осы

мінезім шығар. Адамның жақсы
болуы, келешегі дұрыс

болуы өзінің мінезіне байланысты
ма деймін. Адамды

жақсы да, жаман да атандыратын -
тағы да сол

өзінің мінезі, өзінің адамдық
болмысы.

- Қасеке, соғыстан оралғаннан
кейін жазушылар

қауымымен араласып күні бүгінге
дейін әдеби орта-

ның бел ортасында жүрсіз.
Жазушылардың арасын-

дағы топшылдық, жікшілдікті
атамайық. Сіз оған

қатыспай-ақ
қойыңыз. Дегенмен Сізге қарсы шыққан,

өзіңізбен ұстасқан
жазушы ағайындар болды ма?

Мына мен де Жазушылар Одағы үйінде
отыз жыл

қатарынан қызмет атқарған адаммын.
Сондағы кей-

бір оқиғалардың жанды куәсімін.
Талай жазушыны

көрдік, білдік, жақын араластық. Солардың ара-

сында өзіңіз де барсыз. Бұл сұрақты қоюдағы

мақсатым - мән-жайды өз аузыңыздан
естиін деге-

нім ғой. Сіз турасын айтқанмен,
мен ол жазу-

шылардың аты-жөнін атағым
келмейді. Себебі әркім-

нің өз ой-пікірі бар.
Келісіп-келіспеуге де болады.

- Ондай әрекеттер жазушылар арасында
тым сирек

болды. Оның себебі - менің өзім
ашық, ақтарылып

жүретін адам болғандықтан, жұрттың
бәрі - үлкені

де, кішісі де - менің кім екенімді
түсінді. Олар жақсы

жағымды да, кемшілігімді де біліп,
соған қарай әрекет

етті.

Тек бір белгілі жазушының ғана маған жұлдызы

қарсы болды. Мен атын атап
отырмын. Бірақ сенің

оның аты-жөнін бүркемелегің
келеді. Ренжіп қалады

дейтін шығарсың. Мейлің. Сенің сол
жазушы ағаң ма-

ған біраз қиянат жасағысы келді.
Тегі, мінезіміз, көз-

қарасымыз жараспаған болар. Менмен
адам өзін

басқалар сөзсіз мойындаса екен
деп, тиісерге қара

таппай тұрады емес пе. Бәлкім,
содан да болар. 1957

жылы бірер кітабым жарық көрді.
Жұмағали Саин мен

Тайыр Жароков мені Жазушылар
одағына мүшеліккке

өтуге үгіттеп, кепілдеме берді.
Талқылау кезінде әлгі

ағаң, не жазығым барын қайдам,
әйтеуір, менің Одақ-

қа мүшелікке қабылдануыма қарсы
бопты. "Ол - жа-

зушы емес", - депті. Онымен
қоймай кейін де маған

қиянат жасап, әр жерде жамандап
жүріпті. Баспада

директордың орынбасары қызметін
атқарып жүргенімде

сол ағаңның
маған ісі түсіп, кабинетіме келді. Ол бір

келді. Ол бір романын біздің
баспадан жетінші рет

шығарып жатты. Директордың
орынбасары ретінде

баспадан шығатын кітаптардың
тиражын жер-жерден

кітап саудасы, Қазақстан
тұтынушылар одағы арқылы

мен жинастырамын. Әлгі жазушының
романына тираж

жиналмады. Мені бекерге ренжітті
деп өш алайын де-

ген ойым жоқ, оған тираж сұрап,
жер-жерге телефон-

мен хабарласамын, хат та жазамын.
"Ол кітап әлі са-

тылмаған. Бізде бар", - дейді. "Сонда қайтадан бас-

падан шығарудың қажеті
қанша", - дейді.

Бір күн әлгі жазушы менің
кабинетіме келді. Түті-

гіп, ашуланып тұр. Тиражды мен
әдейі жинамай жүр

деп ойлаған болуы керек,
"Маған неге тираж бермей-

сің?" - деді. "Әй,
болмай жатыр ғой. Хабарласып

жатырмын, жиналмай жатыр. Әлі де
әрекет етіп көре-

міз", - деймін. Бұны енді тіл тигізіп, кемітейін деп

ойласа керек, маған: "Сен -
жазушы емессің", -

деді. Менің намысыма тиер ең ауыр
сөз осы деп,

өзінше қорлағысы келді. "Әй,
- дедім атын атап, -

Қасым Қайсенов жазушы деп саған
кім айтты. Соны

не деп айтып тұрсың", - дедім. Ол тағы да әр сөзді

нығарлап: "Сен - жазушы
емессің", - деді. "Олай

болса саған айтайын, жазушы
пәленше, түгеншені, -

дедім аты-жөнін атап, - партизан
Қасым Қайсенов

алып ұрады",
- деп, кабинеттен қуып жібердім.

Кім болса да адам өзін-өзі білуі
керек. Сен қай

деңгейдегі жазушысың, қандай
азаматсың? Осыны

білгенде барып сен басқаға баға
бере аласың. Әлгі

жазушы өзінің кім екенін
танымағандықтан, "Мен -

жазушымын, мен пәленмін. Ал сен
менің қасымда кім-

сің?" деген өркөкіректік, менмендік пайда болған. Бұл

- адамның өзіне өзі жасаған
қиянаты. Әйтпесе ол -

тәп-тәуір жазушы. Ғабит Мүсірепов:
"Мен үш жазу-

шыны жек көремін", - дейді де аттарын атап, неге

жек көретінен айтады. Біреуі өзі
біліп тұрған нәрсесін

сені сынау үшін сенен әдейі келіп
сұрайды. Екіншісі

мені партиядан шығарғанда менің
үйіме келіп: "Сен

партиядан шығарылдың. Бұл үйде тұруға қақың жоқ.

Бұл үйде енді мен тұрамын", -
дейді. Үшіншісі - әлгі

жазушы. "Оны өзім Алматыға
алып келіп, тәрбиелеп

едім, енді өзіме ақыл айтатын
болды", - депті. Әлгі

жазушы ағаң естелік жазды. Кімді
жазса да өзімен

салғастырып, ақыр аяғында өзін одан жоғары қояды.

Сөйтіп, өзін-өзі кемітіп жүреді.
Бірақ өзім оған өкпе-

ледім деп айта алмаймын.

- Қасеке, адамның жақсы қасиеттерімен
қоса,

әрине, бойында міні де болады.
Сіздің бойыңыздағы

басты кемшілігіңіз қандай? Мініңіз
неде?

- Жаңылмайтын жоқ, сүрінбейтін
тұяқ болмайды.

Кемшілігім жоқ деп ешкім де айта
алмайды. Адамның

жақсы
жағы мен кемшілігі көзге көрінеді. Егер де

жақсы жағың басым болса, сен жақсы
адам атана-

сың. Мен кейде ашу үстінде қатты
сөйлеп қалатыным

бар. Қазақ тілі ащы дей ме? Қатты
ашуланғанда бі-

реуге сол ащы, жаман сөздерді
айтатыным да рас.

Біреулер өзінің ой-пікірін ішке
сақтап жүреді. Менде

ондай қасиет жоқ. Мен -
ой-пікірімді тұп-тура айта-

тын адаммын. Мен ішіме ештеңе
сақтай алмаймын,

бәрін жария етіп, айтып саламын.
Өз үйімде, отба-

сымда балаларым, келіндерім бар -
осылар бірдеңе

болып жатса, маған айтпайды.
Өйткені басқаларға ай-

тып қоюы мүмкін деп, әдейі
жасырады. Үлкен неме-

ремнің үйленетінін дәл осы
себеппен тым кеш естідім.

Бұрын да өзіме құда боп келетін адамның қызына ме-

нің
Сәкен деген немерем үйленетінін маған айтпапты.

Өздері құда
түсуге келісіп, нақ жүретін күні маған:

"Киін", - дейді.
"Қайда барамыз?" - деймін. "Құда

түсуге", - дейді.
"Кімге?" - деп сұрағанымда мән-

жайды сонда ғана білдірді.

Бұларға енді не дерсің. Құдалық
мәселесі шешіл-

генше сен біреулерге айтып қойып, ұятқа қалуымыз

мүмкін деп, маған сенімсіздік көрсетіпті.
Олардікі де

дұрыс
шығар. Құдалық жайында сырды берік ұстаған

ғой. Сөзіме қарап, мені білмейтін
адам мақтанып

отыр деуі де мүмкін. Мен, тегінде,
мақтанайын, мақ-

танбайын, болған нәрсені сол
қалпында тура айтып

отырамын.

- Қасеке, 2000 жылдың 13-15
маусымында

Солтүстік Қазақстан облысында
өткен Сәбит Мұқа-

новтың 100 жылдық мерейтойына
барған ақын-

жазушылардың
қатарында Сіз де, біз де болдық.

Сіз Сәбеңе серіктесіп,
бұл елге бұрын да барып

қайтқансыз. Менің де Сәбеңе еріп,
1972 жылы

Мәриям апаймен бірге Солтүстік
Қазақстан жерін он

күн бойына армансыз аралағаным
бар. Сәбеңнің

100 жылдық
тойына поезбен аттанып, барып қайт-

қанда Сізбен бір купеде болдым. Сол жолы үлкен-

кішісі демей, жазушылардың бәрі
біздің купеге

әдейілеп келіп, Сізге сәлем
беретін еді. Біреуімен

әңгімелесіп, біреуімен әзілдесіп, өткен-кеткенді еске

түсіріп көңілді отырдыңыз. Әркімге өзіне лайық

кұрмет
көрсеткеніңізді, өзіне сыйымды әңгіме айтқа-

ныңызды да аңғардым. Солардың
біразымен сапар-

лас боп, жақын араласқан екенсіз.
Сондағы көрген-

деріңіз де, әңгімелеріңіз де
ортақ, бәрі жарасып-ақ

тұрды.
Сонда Сәбеңнің адамды адамға жақындас-

тыратын ерекше қасиеті туралы да
көп айтылды.

Біреу келіп, біреу кетіп, купеміз
адамнан босамады.

Айтылар әңгіме де таусылмады. Бір
байқағаным,

сөз арасында кімнің кім екенін
айқындап, дәл мінез-

деме бересіз. Расында, сондай
екен-ау деп, Сіздің

сөзіңізбен іштей келісіп отырасың.
Адамды танып-

білудің де әдісі бар ма екен деп
ойлайсың.

-        Сен
өзінді-өзің әбден танысаң, енді басқа біреу-

мен сөйлесіп отырғанда, оны да
танисың. Кім екенін

тура айта аласың. "Қандай
адам?" деп жақсы-жаманына

ой жүгіртесің. "Өзін-өзі
таныған адам басқаны да

танып-білуге қабілетті", -
деп мен саған айттым ғой.

Мен өзім өтірік айтатын, орынсыз
мақтанатын адам-

ды өлердей жек көремін. Біреуге
жала жабу да жа-

ман қасиет. Өтірікші адамдар
өсекке үйір болады.

Ондайлар біреуді жамандауға,
жазықсыз қаралауға

келгенде алдына жан салмайды. Бұндай адамды тез

танып, сақтанған жөн. Оның
сатқындыққа бейім екенін

де сезінуің керек. Соғыста
сатқындық жасағаны үшін

бұндай адамды бірден атып
тастайтынбыз.

- Қасеке, қазіргі уақытта
сексеннен асқан

жасыңызда жайлы тұрмыс, келісті көңіл-күймен

жарасымды жағдайда өмір сүріп
жатырсыз. Әлі де

қоғамдық өмірден шет қалған
жоқсыз. Сізді іздеу-

шілер көп. Кездесулерге барасыз,
жиналыстарға

катысасыз, сөз сөйлейсіз. Сізді
мерекелік үлкен

жиындардан да көреміз. Сөзіңізде
ерлікті айтып,

елдікке шакырасыз. Ал оңаша
қалғанда ой кеше-

тініңіз сөзсіз. Сонда деймін-ау,
басыңызға қандай

ойлар келеді?

-        Мен
оңаша жатқанда нені ойламайды дейсің.

Бәрін де ойлайсың. Керемет жақсы
ойлар, небір оқи-

ғалар келе-келе ұмытылады. Басыңа жақсы бір ой

түскенде соны, күн бе, түн бе,
жазып қоюға қазір

менің шамам келмейді. Одан кейін
тұрып алып, анау-

мынау дегенше ой ұшығын
жоғалтасың. Өткен-кеткен-

нің, бастан кешкеннің бәрі ойға
түскенде ұйқыңды

бұзады. Бір ойлайсың, екі
ойлайсың. Соның әсерімен

кейде қуанып, кейде күйінесің,
тебіреніп, толғанасың.

Әйтеуір, тыныш жатқызбайды. Оның
бәрін айту -

ұзақ әңгіме болар еді. Бөлмемде жалғыз жатқанда

өзімнің бүкіл өмірімді сараптап,
не жақсылық, не

жамандық істедім, нендей кемшілік
жібердім деп со-

ның бәрін ой елегінен өткіземін.
Ой дегенің де оңай

емес, қажытады, шаршатады. Өміріңде өкініш те бола-

ды. Сол жағын көп ойлаймын. Мен
қазір оқудан, жа-

зудан қалған адаммын. Ойларымды ауызша айтып,

жаздыртамын, теледидарды көп
тындаймын. Осы күні

дүниеде небір оқиғалар боп жатыр
ғой. Соны естіп-

біліп, содан кейін ойланамын. Осы
оқиғалар, өзгеріс-

тердің барлығы мына аласапыран
уақытта қайдан

шықты, неден болды? Соны ойлаймын.
Қазір баспа-

сөзде, теледидарда кім не айтып
жүр? Қайсынікі дү-

рыс, қайсынікі қате? Себебі неде?
Сөйтіп мәселенің

неден туындағанынан бастап, жеткен
жеріне дейін

ойлаймын. Содан кейін өзімше
ой-толғау жасаймын.

Біреу сұрай қалса, өз пікірімді
айтып беремін. Белгілі

бір мәселелер бойынша баспасөз
бетінде менің де

көзқарасым жарияланып тұрады. Оны өзің де байқай-

тын шығарсың.

Біз тәуелсіздігімізді алдық,
мемлекетімізді құрдық.

Шүкіршілік дейміз. Бірақ қазіргі
бір жаман нәрсе -

билік үшін талас. Өркөкіректер
көбейді. Солардың

талайын теледидардан көремін,
сөздерін тыңдаймын.

Сол сөйлеп тұрған
адам ел билей ала ма, қолынан

не келеді? Соны өзі біле ме? Тағы
да өзін-өзі та-

нымағандықтан әлдекімдермен
таласып, жағаласып

жатады. Сол адамның өзі бүгіндері
не істеп, не тын-

дырып жүр. Егер сол адам билікке
келсе не болар

едік? Соның
арғы жағын ойлаймын.

Біздің
елді басқа жерден, басқа ұлттан келіп ешкім

де түзеп бере алмайды. Ондайды да
көргенбіз. Біз

өзімізді өзіміз түзеуіміз керек.
Оған қабілетіміз, ша-

мамыз жетеді. Мемлекетті
басқаратын ірі қайраткер-

лерден қазақ халқының тарихынде
болған емес.

Қайраткерлігімен танылған
азаматтарды қолдау керек

қой. Кемшілігін де ашық айта білу
керек. Бағыт-

бағдарын да сынау қажет. Ақыры
олар істей алмайды

екен, заңды
түрде орнынан кетіру керек. Қазіргі уа-

қытта билік басындағылар жиі
ауысады. Неліктен

олай? Әуелде оның кім екенін
танымағанымыз ба?

Қарап отырсаң, біреуі жеп-ішіп,
орнынан түсіп жатыр.

Біреуі шетелге қашып кетіп жатыр.
Сол жақта жүріп

елін жамандайды, дұшпанның сөзін
сөйлейді. Құда-

ланған боп, әділет жолын қуған боп
жүр. Еліне қыз-

мет ету міндеті қайда? Міне,
осыларды ойлаймын.

Бізде қазір небір партиялар,
қозғалыстар бар. Солар-

дың әрқайсысы сөйлеп, айтып
жатқанда бағдарлама-

сымен танысасың, салыстырасың.
Солардың көксегені

не? Содан соң осында оппозиция
деген де бар.

Олар кімдер? He үшін және кімге
қарсы оппозиция?

Біреулер орнынан түсіп қалса,
биліктен қысым көрсе,

реніш көрсетіп, кек алу үшін оппозиция
бола қалады.

Онымен кімді алдайды? Біреулері -
баяғыдан келе

жатқан өсекшілер, жалақор,
пәлеқорлар. Осы 50-60

партиялардың, қозғалыстардың
бағдарламаларын оқы-

саң, бәрінің де мақсаты бір сияқты
- халықтың қа-

мын ойлау, пәлен ету, түген ету.
Бәрінің мақсаты

бір екен, ендеше бір партия, екі
партия, үш партия

дұрыс болмас па еді. Heгe бас-басына партия құра-

ды? Ал көп партия болудың арғы
жағында жеке

басының қамы, мансапқор пиғыл, сол
арқылы билік

биігіне көтерілемін деген мақсат
жатқан жоқ па

екен?! Соны да ойлайсың. Немене,
дұрыс ойламай

отырмын ба?

- Қасеке, осы айтылғанның бәрі -
өзіңіздің

ойыңыз. Менің алып-қосарым жоқ.
Әйтпесе бұл пікір

таласы боп кетеді. Менің мақсатым
- Сіздің

ойыңызды әйгілеп, кағазға түсіру
ғой. Артық айтты,

кем айтты демеймін.

- Біз - асарын асап, жасарын
жасаған адамбыз.

"Сенікі дұрыс" деп
басшыны жер-көкке сыйғызбай

мақтасақ, ол не ақыл болады?
Жарамсақтық пен шын

пікірді айыра білу керек, шындықты
айта да білу

керек. Міне, мәселе қайда!