ВЕРНУТЬСЯ

-        Қасеке, 2001 жылдың жаз айында туғанжеріңізге барып қайттыңыз. Сонда кайда барып,кімдермен кездестіңіз? Көз көргендерден кімдер барекен?-        Бұл жолы былай болды. Елге бұдан былай барааламын ба, жоқ па? Туған жерді енді қайтып көреаламын ба, жок, па? Мені білетін көз көргендерменкездесер ме едім? Сөйтіп, қартайған шағымда елді,жерді сағынып, көңілім босап, бір барып, аралап қай-тайын деп ойладым. Бір жүргізуші тауып алып, өзімнің жаңа "Волга"машинаммен елге қарай тарттым. Асыл апаң аварияғаұшырап, машинамен жүре алмайтын болды. Ұзақ жол-ға жүргізушімен жалғыз өзім шықтым. Шаршағандакез-келген қазақ ауылына тоқтаймыз. Олар мені тани-ды. "Ассалаумағалейкум, Қасеке. Біздің ауылға келіпқалған екенсіз. Енді қонып кетіңіз" дейді. Қонамын.Ауыл-аймақ жиналып менің әңгімемді тыңдайды.Шіркін, ел дегенің жақсы ғой. Көңілдері жомарт,жаныңды жадыратады. Ертеңінде үй иесіне рахметімдіайтып әрі қарай аттандым. Сөйтіп елге де жеттім.Осы жолы елдің бірталай азаматтарымен жүздесіп,біраз жерді араладым, туған елдің дәмін таттым.-        Қасеке, ел дегеніңіз қай жер?-        Ел - Өскемен ғой. Өскеменнің Ұлан ауданындағыАсубұлақ деген ауылда туғанмын. Мен келгеннен кейінелдің басшы азаматтары қарсы алып, бұдан былайжүріп-тұратын жолымды анықтады. Ұлан ауданының қа-зіргі әкімі орыс жігіті екен, мен жатқан жерге теле-фон соғып, "Сіздің ендігі жоспарыңыз қандай?" - депсұрайды. "Мен енді елге келдім. Он шақты күн демалам ба деген ойым бар", - деймін. Асубұлақ ауылы әжептәуір үлкен, бірталай халқыбар. Бұрын үлкен судың бойында Қызыл кордон дегенелді мекен бар еді. Сол қазір үлкен поселке болыпты.Сол жерден дәм тататын боп, қырық-елу адам жиналған бір орынға апарды. Тамақтанып, әлгілермен амандасып, сөйлесіп, енді аттанайық деп тұрғандаӨскеменнен телефон соғады. "Тарбағатай ауданыныңорталығы Ақсуатта Қабанбай батырдың туғанына 310жыл толуына арналған жиын-той болғалы жатыр. СоғанСіздің келуіңіз керек. Ел күтіп отыр", - дейді. Бұндайшақырудан қалайша бас тартасың. Сол арада Тарғындеген ауылдың әкімі келді. "Аға, Шыбынды көлдібілесіз ғой", - дейді. "Білемін", - деймін. Тарғын -мен туған жердегі кеңшардың орталығы болған үлкенауыл. Әкім айтады: "Сол Шыбынды көлдің жағасынабір кездері Ғабит Мүсірепов, Ғафу Қайырбековағаларымыз үй тіктіріп, дем алған. Көлдің өзі кереметәдемі жерде тұр. Сіз дем алсын деп көлдің жағасынаүй тіктіріп жатырмын. Сізді соған алып барып,орналастырғалы келдім", - дейді. "Ойбай, қарағым, осындай жағдай боп қалды. Қабанбай бабамызға арналған той боп жатқан соң мен ол көлге бараалмаймын", - деп, оларға рахметімді айттым. Мен солжерден Ақсуатқа тарттым. Туған ауылымда он шақтыкүн боп, емін-еркін аралап жүріп-тұрмағаныма іштейқиналып, қимастықпен әрең аттандым.- Қасеке, туған ауылыңызда аз уақыт болғандаағайын-туыстарыңызды көре алдыңыз ба? Көзкөргеннен кімдер бар екен? Сіздің өзіңіз 83 жастанастыңыз. Қатарыңыз сиреген де шығар?- Елдегі туыстарымның бәрі аман екен. Бірақүлкендері қайтыс боп кетіпті. Ендігі қалған үлкен-дерінен менен екі-үш жас үлкен Әбдірәсіл дегенағайым бар еді, сол менімен бірге болды. Меніңкелгенімді естіп, бірден келіп, жылап-сықтап аман-дасты. Дастарқандағы отырыста маған тартқан бастысол ағайыма ұсындым. Басқалай менен үлкеніқалмапты. Өзімнен кейінгі жастарды онша тани бер-меймін. Ел жақта мен сирек болған адаммын.Туған жеріме барғаныма, ағайын-туыстармен, елдіңадамдарымен жүздескеніме, ауылымды тағы бір реткөргеніме риза боп, амалсыздан Ақсуатқа келдім. Мұнда дүбірлі той. Киіз үйлерді тігіп тастаған. Бірнеше ауданның азаматтарын шақырыпты. Қабанбайбатыр туралы үлкен жиналыс боп, сөз сөйлеугеАстанадан, Алматыдан, Қарағандыдан, Семейден,Өскеменнен ғалымдар, жазушылар келіпті. Сол алқалыжиында ең алдымен маған сөз берді. "Батыр баба-мыздың аруағын еске алу тойы еліміздің тәуелсіз-дігінің 10 жылдығымен орайлас келіп отыр. Жауменшайқасып, қылыш-найза сермескенде бабамыз "елімазаттық алады, ұрпағым өзінің тәуелсіздігін тойлайды"деп армандаған да шығар. "Елдің тұтастығын сақтаң-дар" деп, ұрпағына өсиет айтып кеткендей сезініптұрмын қазір", - дедім.Бұл жолғы той ақылды ұйымдастырылыпты. Анадай-мынадай төгіп-шашу емес, көріп-білуге, бабамыздыңерлігін танытуға ықылас ауыпты. Ертеңінде Қабанбайбатырдың жаумен шайқасқан жерлеріне апарды,аралатып көрсетті. Қабанбай батырдың Қубас дегенаты болған. Одан басқа ат оны көтеріп жүре алмайдыдейді. Қубас ат өлген асу бар. Сонда Қубас атқаорнатқан ескерткіш бар екен. Оны да көрдік. Ақсуат-тан 110 шақырым Майшатқал деген жерде "батырларқосы" деген ескерткіш орнатылыпты. Ескерткіш темір-ден жасалып, аппақ киіз үй сияқты етіп боялған.Ішінде дөңгелек стол орнатқан. "Әрлі-берлі өткен жо-лаушылар Қабанбай батыр қасына тоқтап, дәм татыпаттансын" деп жазылыпты. Ескерткіштің лентасын ма-ған қидырып, ашылу рәсімін жасап, ас берді. Соғанда қатыстым.-        Қасеке, осының бәрі көңілді қуантатын, елдіктітанытатын әсерлі жағдайлар ғой. -        Әрине, жүрген сайын, көрген сайын сүйсінесің,елдің азаматтарына рахметіңді айтасың. Береке,бірліктен айырмаса екен деген тілеумен сол жерденАлматыға оралдым. Осы сапарда небәрі он шақты күнжүрдім.- Қасеке, әр адамның ата тегі, әке-шешесі,туған жері болады. Сіздің әке-шешеңіз кімдер еді.Мінезіңіз кімге тартқан?- Менің ата-бабаларым Шығыс Қазақстандағы Асу-бұлақ деген жерді мекендеген ғой. Ауылдың айналасықалың орманы бар биік таулармен қоршалған. Тайынтыдеген терең саймен буырқанып өзен ағып жатады. Олжердің табиғаты сұлу-ақ. Ата-бабаларым әуелде аңаулап күн көрген. Бертінде азын-аулақ мал ұстап, әрүй шағын ғана егін егетін. Ал қыс айларында ауылданалпыс-жетпіс шақырым жердегі Өскеменге ағаш апа-рып сататын болды. Біздің жерде қарағай қалың өсе-ді. Қарағайды тіліп тақтай жасайды, қарағайды өртеп,көмірін алады. Қарағайды қиып үй салады. He керек,жұрттың кәсібі осы ағаш болатын. Сонымен күн көре-тін.Әкемнің аты - Қайса, Шешем - Бижамал. Әкемжасы жүзге таянып қайтыс болды. Шешем онша қар-тайған жоқ. Алпыс жасқа ілінер-ілінбесте дүние салды.Он шақты бала көтерді. Мен сол балалардың төртін-шісі болсам керек. Әкем еті тірі адам еді. Балаларәртүрлі болады ғой. Сол ауыл балаларының арасын-дағы ең тентегі, содыры мен болдым-ау деймін.Мені жас кезімде бүкіл ауыл "Тентек қара" депатайтын. "Қу қара", "Тентек қара" деген атқа ие бопөстім. Бүкіл ауылды шулаттым. Бірақ мен әдейі шула-тайын дедім бе екен. Өзімнің туа біткен мінезім,табиғатым солай болған шығар, қайдан білейін. Ағай-туыстар мені "Тентек қара" деп еркелететін. Содыр-лығым ұстап кетіп балалармен әлденеге таласып,төбелескен жағдайда тентектігімді кешіре де білетін.Мен сол адамдарды жақсы көріп өстім. Бүгіндері соладамдар есіме түскенде бәрін де қатты сағынамын.Мені көргенде айналып-толғанып, аймалап сүйгені көзалдымда тұрады. Өз әкем балаға жайлы еді. Бүкілауылға "Тентек қара" атанған мені маңдайдан шертіпкөрген емес. Сотқарлық жасасам: "Әй, Қара, әне, Иіскеле жатыр", - дейтін. Иіс - әкемнің кенже інісі.Орта бойлы, қызыл шырайлы, әдемі жігіт. Өзі өтеқатал адам. "Иіс келе жатыр" десе бүкіл ауылдыңбалалары жылағанын қоятын.-        Әкеңіз нендей кәсіппен айналысты?-        Әкем үй шаруасымен онша айналыспады, қырыжоқ еді. Колхоздың бригадирі болды. Ондай-мұндайжұмыстарды атқарды. Біздің жақта еңбек етпейтінадам болмайды. Өйткені о бастан - ата-бабасынанбері еңбекпен күн көріп келген ғой. Аң ауласа да,мал ұстаса да, ағаш кесіп, тақтай тілсе де, орманнанжеміс-жидек терсе де - бәрі де еңбек. Әкем атқамініп, анда-мұнда жүріп, балаларын асыраған ғой.Әжептәуір арабша сауатты болды. Кітап оқитын. Бер-тінде әкемнің үлкені боп қалдым. Үйдің отын-суы -бәрі менің мойнымда болды. Шөп әкелерде әкем меніүлкен кісілерге ертіп жібереді. Солар болысып, шөптіүйге алып келемін. Тауда қу қарағайлар болады.Соларды үйге алып келіп, кесеміз, жарамыз. Біздіңжақта ағаш жағады. Әкем сұңғақ, бойшаң адам еді.-        Анаңыз ше?-        Шешем аласа бойлы, нәзік адам болатын. Мінезжағынан әкемнен гөрі шешем мықты еді. Менің ше-шеме шығарған "Жыламайтын" дейтін бір өлеңім бар.Біз соғысқа кеттік қой. Менен ешбір хабар болма-ғанда әкем уайымдап, жылайтын көрінеді. Ал шешемешбір жыламайды екен. "Тірі болса бір келер" деп,өзін бекем ұстапты. Шешем баласы көп болғаннан баәлде мендей тентек ұлы болған соң ба, тым қаталеді. Ұрып жіберетін, соғып жіберетін. Бірақ кім бала-сын жек көреді. Ұрып алып, артынша баласын құшақ-тап, басынан сипап, аймалап отыратын. Әсіресе, мағанжаны ашитын, "Тентек қарағым-ай, сотқар болма-саңшы", - деп, бауырына басып, маңдайымнан сүйе-тін. Әкем маған әрқашан пана еді. Шешем ашу үстін-де ұрмақшы боп ұмтылғанда әкем қорғап қалатын.Мені құшақтап, үйге алып кіріп, алдына отырғызып,басымнан сипайтын. Мені уатуға тырысатын. Адам,әсіресе, жас кезінде өз қателігін біле ме, шешемненталай рет таяқ жесем де "сол кісіге неге сонша қия-нат жасадым, неге сонша содыр болдым екен", -деп, әлі күнге дейін өкінемін. "Шешемнің қаталдығыменің мінезімнен болды ғой. Тентектікті бекер жаса-дым-ау" деген өкініш кейде өзегімді өртейді. Қаншатентек болсам да шешем мені жақсы көруші еді.-        Қасеке, қазақ баласының тентектігін кешіргенбоп, еркелетіп "ақылды тентек" дейді. Анаңыз ұрыс-қанда "жаман болмасын" дейтін шығар.-        Әрине, қазақ "бала - адамның бауыр еті" депбекерге айтпаған ғой. Ана тәрбиесінің, әке тәрбиесініңпайдасын соғыста жау тылында жүргенде көрдік қой.Солар шынықтырып, шындап жіберген екен-ау.-        Қасеке, алғаш рет мектеп есігін калай аштыңыз,калай оқыдыңыз? Тек жасырмай, шындығын айтыңыз.-        Оны да айтайын. Менің әкем ауылда бірінші бопмектеп салдырды. Өзінің Оқан деген жақын туысына:"Мұғалім боласың, бала оқытасың", - деді. О бастабәріміздің сауатымызды ашып, әріп танытқан - осыОқан мұғалім.-        Сіздің алғашқы мұғаліміңіз ғой? -        Иә, солай. Көрші отырған шағын-шағын үш-төртауылдың орталық ауылынан біреудің үйін сатып алып,мектеп ашқан ғой. Біздің жақта үйді ағаштан салады.Әр жастағы ауыл балаларын ағайындар осы мектепкеәкелді. Баланың біреуі сегіз, біреуі онда деген сияқ-ты, бәрі жиналғаннан кейін отыз шақты баланы ұғым-дарына, түсініктеріне қарай екіге бөлген. Ұғымы барбаланы бірінші класқа алған. Мен секілді әлі ойынықанбаған тентектерді жартыншы класқа жинады. Бүгінгітілмен айтқанда дайындық тобы. Ол кезде араб әрпі-мен оқытатын. Мен кейін арабша өте сауатты бол-дым. Оқуымыздың өзі қызық еді. Жартыншы кластаон шақты бала оқыдық. Омарбай деген ақсақалдыңРамазан деген баласы менімен жасты еді. Бізбен бір-ге бізден үш-төрт жас үлкендігі бар Сағидолла дегенбала да оқыды. Әлгі екеуінде де оқу дегеннен түсінікжоқ. Мен де оңып түрған жоқпын.Содан таңертең Оқан мұғалім келіп, бізге сабақбереді. Арабша "а" деген әріп бір таяқ қой. Мұғалімсоны тақтаға жазады, оны түсіндіреді. Әбден естеқалсын дей ме, ерінбей-жалықпай бір "а"-ны бір сағаттүсіндіреді. Содан соң үйге қайтамыз. Әрқайсымыз-дың мойнымызда киізден тіккен сөмке бар. Оғандәптерлерімізді, нанымызды саламыз. Оқан мұғалімніңқолында үлкен сызғыш болады. Егер дұрыс жауапбермесең, сол сызғышпен басқа ұрады. Оқу білмеген-дерді жазалайды. Жаза дегенің әр түрлі болады.Бөлменің бұрышына құм төгіп қояды. Оқу білмегенбаланы соған тізерлетіп отырғызып қояды. He болмасабұрышқа бір қолыңмен бір аяғыңды ұстатып тұрғызыпқояды.Ертеңінде мүғалім тағы да тақтаға әлгі бір таяқтыжазады. "Ал, Сағидолла, сен үлкенсің ғой. Мынау қан-дай әріп?" - дейді. Сағидолла: "Оны, мұғалім, кешеайтып едіңіз, ұмытып қалыппын", - дейді. "Мә, сағанұмытқан", - деп, бастан сызғышпен салып жібереді."Рамазан, тұр", - дейді. Ол тұрады. "Мынау не?" -дейді. "Ол, мұғалім, бір таяқ қой", - дейді. "Мә, біртаяқ", - деп, оны да бастан ұрады. "Анау бұрышқабарып отыр", - дейді. Рамазан шалбарының балағынкөтеріп жіберіп, құм салған бұрышқа барып отырады.Басқа сабақ жүріп жатады. Мені бұрышқа тұрғызбай-ды. Балалардың киімін ілетін кішкентай бөлме бар.Мені соған қамап қояды.Сөйтіп, бірінші класта оқыған арабшамыз басқаоқулардан гөрі салмақты, ұғынықты болды. Оқан мұға-лім біздің сауатымызды ашты. 1939 жылы менідиверсиялық-барлау мектебіне жіберді. Мен сондаоның барлық сабағын кілең өте жақсы деген бағағаоқыдым. Үш жарым жыл оқып, осы әскери оқу орнынбітіргендердің көбіне лейтенант, кіші лейтенат атағынбергенде маған бірден аға лейтенант атағын берді. 0баста Оқан мұғалім бізді жақсы оқытса керек. Өзімсолай ойлаймын.- Қасеке, әлгінде "жасымда тентек боп, шешемекөп қиянат жасаппын, соған бүгіндері өкінемін"дедіңіз. Сонда ғой, әдейілеп тентек болайындемейтін шығарсыз?-        Кім біледі, жаратылысым солай болған шығар.Бойдағы бұла күштің де әсері болған сияқты. Әйтпесешешемді ренжітейін деп ойламаған болармын. Әйтеуір,қарадан-қарап әлденені бүлдіріп, жазықты боп қала-мын. Әке-шешеге деген еркелік те бар ғой. Балалар-ды әлдебір сотқарлыққа бастайтын көбіне мен бола-тынмын.-        Қасеке, осыған бір мысал келтіріңізші.-        Мына бір оқиғаны қысқаша айтайын. Бір күніауыл айт мейрамына дайындалып жатқан еді. Әкематқа мініп, ауыл аралап кеткен болатын. Шешем менәжем үйде бауырсақ пісіріп жатты. Біз далада ойнапжүргенбіз. Шөлдеп, су ішкелі үйге кірсем, екі астаубауырсаққа толып тұр екен. Шешем мен әжем шар-шаған болуы керек, төрде ұйықтап жатыр екен. Дала-ға жүгіріп шығып бір уыс бауырсақты балаларға үлес-тіріп бердім. "Ac үйде екі астау бауырсаққа толыптұр", - дедім. Қарындасым Сақыпзада "Апам бауыр-сақты айтқа арнап пісірген", - деді.Сол заматта маған бір ой келіп, балаларға айттым:"Ендеше, анау Қарамойылдың ішіне бауырсақ апарып,айтшылап ойнасақ қайтеді", - дедім. "Айтшылап ой-найық", - деп, балалар бірден қолдады. Содан некерек, бәріміз үйге ұрланып кіріп, етек-жеңіміздібауырсаққа толтырып алып, екі астауды да босатыптастадық. Бәріміз Қарамойылға тарттық. Әр ағаштыңтүбіне жапырақтан дастарқан жайып, бір-бір "үй" боп,кезектесіп айтшылап жүрміз. Айттың аяғы төбелескеайналды. "Бауырсақты сен көп жедің, мен аз жедім", -деп, балалар бір-біріне тиісті. Улап-шулап, ақырыауылға қайтып, үйді-үйге тарай бастадық.-        Қасеке, "шешем ұрсады-ау" деп ойладыңызба? Айтқа арналған бауырсақты тып-типылеткеніңіз үшін шешеңіз маңдайыңыздан сипамағанболар.-        Басында ол жағын ойламаппын. Кейін үйге жа-қындағанда қорқайын дедім. Әжем аңқау адам еді."Бижамал, бауырсақтан түк те қалмапты. Ac үйдіңтөбесінен қарғалар тасып әкетіпті", - деп бажылдапжүр екен. Үйге кіргенде шешем: "Ә, Тентек қара,келдің бе?" - деп маған тап берді. Мен сыртқақаша жөнелдім. Мен қашып келемін, шешем өкшелепқуып келеді. Шешемнің қолына түссем оңдырмайтынынбілдім. Жаным қысылып, қара терге түстім. Үйде ара-шалап алатын әкем де жоқ, шешем соңымнан қаларемес, тіпті жақындап та қалды. Аяғымды қажаған еті-гімді суға лақтырсам, шешем мені емес, аққан етіктіқуатын шығар деп ойладым. Етікті шешіп суға ағыз-дым да, өзім арғы жағаға шықтым. Шешем суды жа-ғалап етікті қуып барады екен. Жүгіріп үйге келіп дә-ліздің астындағы қуысқа тығылдым. "Әй, мұның не?" -деген әкемнің дауысы естілді. Қуанып кеттім. Енді олшешеме ұрғызбайтынын білдім.-        Қасеке, Сіз бала кезіңізде тентек қылықты текҮй-ішіңізге ғана жасамаған боларсыз. "Жасымдатентек атанып, ауылды шулаттым", - дедіңіз ғой.Сонда тентек боп кімге не істепсіз? Тентекке тыйымболмағаны ма? Әкеңіз сізді қанша қорғаса дашешеңіз балаға катал болыпты. Сол кісіден қорық-пайсыз ба?-        Дер сәтінде соның бәрін ойламайды екенсің.Әйтеуір, аяқ астынан бір іс табыла қалады. Сондабірдеңені бүлдіресің де баяғы сол "Тентек қара" ата-насың. Ондай оқиғалар көп қой.-        Қасеке, қызық үшін соның тағы біреуін ескетүсіріп көріңізші.-        Жарайды, нағашымды көпірден қалайҚұлатқанымды айтайын. Ауылда көрші отырған екіүйдің арасында тасыған су орып кеткен жыра бареді. Сол жыраға әкем жаяу кісі өтетін етіп көпірсалды. Бұл көпір қыста да бұзылмай сол қалпындатұрды. Бірақ тым осал еді. Бір күні біздің үйге ше-шемнің туған бауыры Рақымбай нағашым келді. Тен-тектігім ұстап, нағашымды мінген атымен бірге осыкөпірден құлатайын деп ойладым. Нағашым мені әуел-ден қатты еркелететін. Ол біздің үйге келгенде атынкөрші үйдің қорасына қоятын. Ал екі үйдің арасындакөпір бар. Содан өтуі керек. Әлгі ойымды іске асыруүшін көпірдің үстіне қурай төсеп, аздап кеңейткенболдым. Үстіне күреп қар тастадым. Көпірден әрлі-берлі жүріп көрдім. Нағашымды бұл көпірден ат өтеалатынына сендіру үшін тағы бір амал таптым.Соғымға сойған жылқының тұяғы күресінде жатқанынбілемін. Соның екі тұяғын алып келіп, әрлі-берлі жүріп,көпірге аттың табанының ізін түсірдім. Әр жерінежылқының тезегін шашып тастадым.Осының бәрін бітірген кезде нағашым сыртқа шық-ты. "Мына атты анау үйге апарып шөпке қой", - деп,маған тапсырма берді. "Атыңыз асау екен. Мені жы-ғып кетер. Өзіңіз апарыңыз", - дедім. Нағашым мағанашуланған боп, атқа қарғып мінді. "Өй, қорқақ", -деді. "Мына көпірден өтіңіз", - дедім оған болысқанбоп. Рақымбай нағашым аңқау адам еді, менің сөзімесенді де атты тебініп көпірге беттеді. Содан соңнағашым ат-матымен көпірден құлап, қалың қарғакөміліп кетті. Мұны үйден енді ғана шыққан әкемкөріп қалды. Ол жүгіріп көпірге келгенде мен көршіауылға қарай зытып бердім. Кешке үйге келсем, Ра-қымбай нағашым төсекте жатыр екен. Әкем ішек-сілесіқатып нағашымның жанында күліп отыр. Бірақ бауы-рын көпірден құлатқаным үшін шешем мені бір сабапалды.-        Қасеке, Сіз кімнің қолында өстіңіз?-        Алдымен арғы аталарыма азырақ тоқталайын.Менің ұлы әкемнің аты - Қонақбай. Ол өзі үшағайынды екен - Мажыра, Жадыра, Қонақбай.Мажыраның баласы болмай Қонақбай інісінің Қайсадеген баласын, яғни менің әкемді бауырына басады.Әкем Мажыренов болып дүниеден өтті. Қонақбайатамның үш-төрт ұлы болыпты. Ал мен өз әкемніңқолында өстім. Үлкен шалдың - Мажыраның бәйбішесіБибіш денесі ауыр, толық кісі еді. Сол әжеміз әкем-нің үлкен балаларын - Рақымбек, Сақыпзаданы бауы-рына басып, тәрбиелеп өсірді. Мен өз әкемнің қолын-да Қабдылқайыр, Шәмшия, Күлзапыран, Қадылбекдеген бауырларыммен бірге болдым. Бертінде әкемніңүлкені боп қалдым да, үйдің барлық шаруасы меніңмойныма жүктелді. Бибіш кемпірдің қолында өскен,менен екі жас үлкен туған ағам Рақымбек Сталинградтүбінде ауыр жараланып, бір аяғынан оқ тиіп, елгеоралыпты. Елге қайтып келген соң көп бейнет көрді.Аяқтың жіліншігі сынып кеткен. Госпитальда аяғын ке-семіз дегенде ол айқайлап, жылап, ақыры кестірмепті.Сол кестірмеген аяқпен қазір сексеннің бесеуіне келді.Өзі жансебіл адам. Қазір Алматыда тұрады. Екі ұл,бір қызы бар.-        Қасеке, әкеңіздің, шешеңіздің бейіттері қайда?-        Шешем Семей жақтағы Жарма станциясындаменің Қабдылқайыр деген інімнің қолында тұрды.Келінім Қайша екеуі қазір Алматының түбінде Космосдеген ауылда тұрып жатыр. Өзі мектептің директоры,келін мұғалім болды. Олар 1953 жылы мектеп бітіргенсоң Жарма станциясына көшкенде, әке-шешем "осыбаламыздың қолында боламыз" деп, бірге кеткен еді.Қайтыс боп, топырақ сол жерден бұйырды.Қабдылқайыр бертін келе Космос ауылына орныққандаәкем соның қолында дүние салды. Алматыдан 40шақырым ауылдың шетіне жерленді.Менен екі жас кіші қарындасым Сақыпзада өткенжылы қайтыс болды. Одан кейінгі қарындасымШәмшия соғыс уақытында тұрмысқа шыққан екен.Күйеуі соғысқа кетіп, қаза тапқан соң екінші ретАягөздің жігітіне тұрмысқа шығып, сонда тұрып, сондадүниеден өтті. Сақыпзада да, Шәмшия да кереметәнші еді. Тұқымымызда әншілер болды. Әкемнің туғанінісі Мұса асқан әнші бопты. Әсіресе, Шәмшияқарындасым "Құлагерге" басқанда адам жай тыңдапотыра алмайды. Содан кейінгі қарындасым Күлзапыранда қайтыс болған. Ол Талдықорғанның Ақсу дегенжерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Алты-жеті баласыбар. Күйеуі де сол жерде дүние салды. Әкемнің еңкенжесі - Қадылбек інім 1932 жылы туған. Алматығажақын жерде Азат деген ауылда тұрады. Мектептіңдиректоры болды, келін де мұғалім. Балалары, неме-релері бар.-        Қасеке, Сіз соғыста партизан боп жүргендеәке-шешең қайда тұрды?-        Өзінің туған ауылы Асубұлақта тұрып, ауылдыңжанындағы кең өндіретін шахтада істепті. Менсоғыстан келсем, Рақымбек ағам Қатон-Қарағайда сотбоп істейді екен. Менің әке-шешем, іні-қарындастарымсоның қолында екен. Оның өзі соғыстан ауыр жаралыбоп қайтқан ғой. Барғаннан кейін мен әке-шешемді,бауырларымды оның қолынан алып, Алматыға келдік.Сөйтіп, бәріміз бірер жыл Алматыда тұрып жаттық.Мені партия мектебін бітірген соң, Жамбылоблысының Жуалы ауданына ауаткомның орынбасарыетіп жібергенде, олардың бәрін өзіммен бірге алакеттім. Одан кейін мені Свердлов ауданына ауыс-тырды. Ауаткомның сауда-саттық, өндіріс жөніндегіорынбасарымын. Сонда да бәріміз бірге тұрдық.Аудандағы қызметті тастап, Алматыға қайтып орал- ,ғанда бәрі менің қолымда болды. Тек 1953 жылы інімҚабдылқайыр оқуын бітіріп, әке-шешемді өз қолынаалды.-        Қасеке, өткен жылы, яғни 2001 жылдың қазанайында Алматыдағы Республика Сарайында ҚасымАманжоловтың туғанына 90 жыл толуына арналғансалтанатты жиынға Сіз де қатыстыңыз. ҚасымАманжолов туралы сөз сөйледіңіз. Ақын Қасымменкөзі тірісінде жақсы сыйласып, жақын араласқанекенсіз. Көз көрген деген осы ғой.-        Мен - соғыстан бұрын Павлодар қаласындақызмет істеген адаммын. Облыстық оқу бөліміндеинспектор едім. Бір күні кеңсеге келсем, бес-алтыжігіт, қолдарында бір-бір газеті бар, өзара шуласыпжүр. Келген бойда бәрі мені құттықтай бастады. Ме-нің аздап өлең жазатынымды олар білетін.- Қасеке, өлеңдеріңіз Павлодардың облыстықгазетінде жарияланды дегенсіз.- Иә, солай. Менің ең алғашқы жарық көргенөлеңім - "Жамбыл ата" деп аталады. Содан олармені ақын деп ойласа керек. Облыстық газеттегіөлеңді әлгілер оқиды. "Өлеңің тамаша екен", - дейді.Бірақ өлеңнің астына Қасым Аманжолов деп қоймағанекен. Тек Қасым деп жазыпты. Содан олар өлең мені-кі деп жүр ғой. Әйтеуір, бәрі өлеңді нақышына кел-тіріп, қайталап оқиды. Содан құттықтап, әбден есімдішығара бастаған соң, мен ашуланамын. "Әй, сендерақылсыз жігіттер екенсіңдер. Мен андағыдай өлеңжазсам, мына сендер сияқты мырқымбайлармен біргежұмыс істеп осы жерде жүрер ме едім. Бұл мықтыақын - Қасым Аманжоловтың өлеңі. Ол тек фамилия-сын жазбаған", - дедім. Әлгілер содан кейін барыпбасылды, түсінді.Енді сол Қасымның мен соғыстан бұрын өлеңдеріноқығанмын, ақын ретінде білетінмін. Өзім өлеңге үйірболатынмын. Өлеңді әлі де жақсы оқимын. СәбитМұқановтың соғыстан бұрын жазған "Сөз - советтікАрмия" деген өлеңін жатқа білетінмін. Өлеңнің, әсіре-се, мына шумағы сол кезде жадымда әбден жатталыпқалыпты:Фашизмнен Отанды тынбай қорып,Жаудың бетін қайтара жасап жорық.Құрылмақ ақындардың сөздеріненАрмиялар, корпустар, сансыз полк.Міне, қандай дәл айтылған сөз. Бірақ осы ақын-дардың бірін де соғыстан бұрын көрген де жоқпын."Шіркін, сол ақындарды көрсем ғой", - деп ойлай-тынмын. Содан кейін мен соғысқа аттанып кеттім.Өзімнің өлең жазатын әдетім өз жайына қалды.1945 жылдың 1 қаңтарында мен майданнанАлматыға оралдым. Мені елге ақын Жұмағали Саиналып келді ғой. Сосын ол Алматыда мені ақын-жазушылармен таныстырды. Бір күні Жұмағали Саин-ның үйіне бардым. Біреу домбыра шертіп, өлең айтыпотыр екен. Өлеңдері жақсы, ынта қойып тыңдаймын.Өзін танымаймын. Дауысы жарықшақтанып шығады.Мен барғаннан кейін домбырасын қойып, сөзінтоқтатты. Сол арада Жұмағали Саин:- Мына жігітпен таныс, - деді. - Бұл да - Қасым.Сен - ақын Қасым болсаң, бұл - партизан Қасым.Партизан болғанда қандай!Жұмекең мені біраз мақтап, әлгі кісіге таныстырды.Әлгі жігіт маған жақындап, қолымды алып амандасты.Содан кейін қайтадан орнына барып отырып, үзілгенөлеңін қайтадан жалғастырды. Өзі де Саин сияқтыәлжуаздау, шағын денелі адам екен. Бір уақытта"Туған жер" өлеңін бастап, әнімен айтып отыр. Сөз-дері керемет. Мен екеуінен алысырақ отырып, қулаққойып тындаймын.Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, -Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім, -деген жеріне келгенде көзімнен жас атып кетті.Көзім жасқа толып, анау үлкен адамдарға көрсет-пейін деп, төмен қарап бұғып отыра бердім. "Ендібұлардың өздері неғып отыр екен", - деп, ақырынқарасам, екеуі де жылап отыр. Екеуі де соғыстан кел-ген, екеуі де "елім, жерім" деп, сағынып келген.Өлеңнің күштілігі сондай, екеуі де егіліп жылап отырекен. Мен де ұялмадым, көз жасыма ерік бердім. Солкүні үшеуіміз де Жұмекеңнің үйінен осылайша жылапайырылысқан едік.Содан кейін мен осы ақын Қасымның соңынан қал-май, ол қашан көз жұмғанша көп уақыт бірге жүрдім.Менің соғыстан алып келген фотоаппаратым болатын.Сол кісі қайтыс боп, табытта жатқан жерінде суреткетүсіріп алған едім. Сол сурет әлі күнге дейін мендесақтаулы. Сол суретті алып, қараймын да, Қасымдыеске түсіремін. Жұмекең де, Қасым да дүниеден жаскетті. Сонда екеуін сағынған кезде менің қазіргіқартайған шағымда мынадай сөз аузыма түседі.Сексеннен асқан жасым бар,Осы межеге жетпеді-ауКешегі өткен Қасымдар.Осы екі жол ылғи ойыма оралады. Екеуін десағынышпен еске алып отырамын.-        Қасеке, Асыл апаймен отасқалы алпыс бесжыл болыпты. Содан бері қатар жүріп, бірге өмірсүріп келесіздер. Айтайын дегенім - қанша бала-шағаңыз бар? Ұрпағыңыз қандай?- Біз 1937 жылы үйленгенбіз. Екеуіміздің ауылымызжақын болды. Екі жылдай бірге оқыдық. 1938 жылыАсыл апаң екеуіміз саяси-ағарту техникумын бітіріп,Павлодарға жұмысқа бардық. Менің жиырма жасымда,апаңның он жеті жасында - жас кезімізде осылайшатуған жерден үлкен өмірге аттандық. Ал туып-өскенжерім Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданы, Асубұлақауылы екенін өзің де білесің. Соғыстан бұрын бір ұл,екі қызымыз болды. Ұл жеке, ал екі қыз егіз туды.Сонымен, үш бала болды ғой. Соғыстың қиыншылықкезінде үшеуі де шетінеп кетіпті. Үлкен балам тіріболса, қазір алпыстан асып кетеді екен. Сонымен некерек, фин соғысы басталып, мені де майданғажіберді. Бұл 1939 жылдың қысы еді. Тағы да қайталапайтайын, Мәскеуге барған соң, мен диверсиялық-барлау мектебіне алындым.-          Қасеке, әңгіме желісінде сөздің ретіне қарайаракідік қысқаша қайталаудың да қажеті бар. Естесақтау үшін кажет.Бұл аса құпия мектеп болуға тиіс, елге хатжаздырмайды, хат та алдырмайды. 1941 жылы қарашаайының 19 күні Днепрдің оң жағындағы қалыңорманға парашютпен түстім. Менің жау тылындағыпартизандық жолым осылай басталды.- Қасеке, 1945 жылдың 1-қаңтарында ЖұмағалиСаин екеуіңіз Алматы вокзалына келіп түскендеСіздің партизандық жолыңыз да аяқталды емес пе?!Аман-есен бейбіт өмірге, туған елге оралдыңыз.Сонда Асыл апайды қалай кездестірдіңіз. Себебімайданға аттанғаннан бергі алты жылда үйменешбір хабар-ошар болмапты ғой.- Солай екені рас. Сонымен, Алматы вокзалынакеліп түстік. Ол кезде Алматыда такси деген, автобусдеген атымен жоқ. Есек арба болады. Екеуіміздіңқолымызда бір-бір чемодан, яғни Украина партизан-дарының "бала-шағаға апарып беріңдер" дегенсәлемдемесі бар. Жер тайғақ. Жұмағали ағаң әлсізәрі жаралы болатын. Екі чемоданды да мен көтеремін.Жұмағали Саинның басында фуражка, үстінде ескіпальтосы бар. Ол алда жүріп отырды, мен оған еріпартында келе жатамын. Оның аяғы тайып кетеді деқұлайды. Құлағанда қолындағы заттары ұшып кетеді.Басындағы фуражкесі бірге ұшады. Өзі арық, қусүйек еді. "Оу, Жұмеке, байқап құламайсыз ба? Біржеріңіз сынып қалады ғой" деймін. Өзі қалжыңбасадам болатын. "Сен мен секілді құламайсың, себебі,қусың. Ал мен екі қолым, екі аяғымды бірдей көтеріпадал құлаймын" деп ақталады.Содан үйіне келсек, бір бөлмелі пәтерде үшбаласымен тұрады екен. Жұмағали Саин - сол кездеелге танылған белгілі ақын. Соғыс кезінде жаутылында партизан болған. Бірде екеуіміз КиевтеУкраина партизандар қозғалысы штабында танысқансоң, ол менен: "Әй, Қасым, сенің келіншегің бар маеді. Болса қандай адам?" - деп сұраған болатын."Келіншегім бар, осындай сары қыз еді", - дедім.Бірақ ол келіншек Алматыда тұрады деп менойламаймын ғой. Менің ойым - келіншегім елде, әке-шешемнің қолында шығар деймін.Украинада жүргенде екеуіміздің арамызда осындайәңгіме болды. Жұмекең айтты: "Украинаға аттанарда"Социалистік Қазақстан" газеті редакциясындағыдостарыма бардым. Партизандық құжаттарымды іздес-тіріп табу үшін Украинадағы партизандар штабынабара жатырмын", - дедім. Сонда редакцияда бір сарыкеліншек: "Менің партизан күйеуім бар еді", - деп,фамилиясын айтып еді. Ұмытып қалыппын. Соның бер-ген хатын да ала алмай кетіп едім", - дейді. Бұданкейін бұл тақырыпта әңгіме болған жоқ.- Қасеке, сонымен, Алматы вокзалында поездантүсіп, Жұмағали Саинның үйіне келдіңіз. Әріқарай не болды?-        Үйге келіп, шешінгеннен кейін Жұмекең телефон-ға жармасты. "Ләзиза, сенсің бе?" - деді. "Сендердеістейтін бір сары қыз бар еді. Соның фамилиясы қа-лай?" - деп сұрайды. Арғы жағынан "Қайсенова" депайтқан болуы керек, Жұмекең сол бойда қуанып кетіп,"Ойбай, Ләзиза, мен оның күйеуін алып келдім. Екеуіңбіздің үйге тезірек жетіңдер", - дейді. "Ләзиза" депотырғаны қазақтың атақты ақыны Әбу Сәрсенбаевтыңзайыбы екен. Ләзиза апай "күйеуің келіпті" депАсылға айтқан екен, ол бірақ сенбейді.Біз, Жұмекең екеуіміз, жуынып-шайынып, жаңаданкиініп жатқан кезімізде Асыл келе қалды. Аяғындажыртық пимасы бар екен. Мен көрген бойда: "Мынапима өзіңдікі ме?" - деппін. Екеуіміз сол арада құ-шақтасып, сағынып табыстық. Асыл бір жасы келгенәйелдің үйінде пәтерде тұрады екен. Шағын бір бөл-месін бұған беріпті. Соған бардық. Ол "СоциалистікҚазақстан" газеті редакциясында істейді екен.-        Қасеке, неше балаңыз бар?-        Сөйтіп жүргенде 1945 жылдың қараша айындаЛәззатымыз дүниеге келді. Қазір оның да немересібар. Асыл апаң екеуіміз оңаша отырғанда мен арман-дап: "Енді менің өзіме тартқан бір қара ұлым болсағой", - деймін. Дүниеге 1950 жылы Мұрат деген ұлымкелді. Содан: "Жарайды, бір қара ұлым бар. Ендімаған Асылға тартқан бір сары ұл болса ғой", - дептағы да армандаймын. Сөйтіп жүргенде 1952 жылыБолат деген сары ұл туды. Өзімше тағы да қиялдай-мын. "Бір кішкентай өзім сияқты қара қыз керек", -деймін. 1953 жылы Толқын деген қыз туып, тағы бірқуандық. Үлкен қызымыздың атын Ләззат деп Асыл-дың немере ағасы қойған еді.Енді кіші қызымның атын өзім қоямын деп ойла-дым. Оған себеп болған мынадай жағдай еді. 1938 жы-лы Павлодарда қызмет істеп жүрген кезімде Баянауыл-да үлкен өрт болды. Баянауылға өрт сөндіругемашина-машина адамдарды жіберіп жатты. Көппенбірге мен де аттандым. Мен отырған машинада Пав-лодар облыстық қазақ драма театрының алты-жетіартисі бірге келе жатты. Солардың арасында бір ке-ремет көркем келіншек отырды. Мен әйел затындаондай керемет сұлу жанды көрген емеспін. Сол кездеотыздан асқан келіншек маған қарап отырды да, "Інім,келіншегің бар ма?" - деді. "Бар", - дедім. "Егеркеліншегің қыз тапса, атын Толқын деп қой. Меніңатым - Толқын", - деді. "Жарайды, апай", - дедім.Осы оқиға есіме түсіп, кіші қызымның атын Толқындеп өзім қойдым. Оның да бүгіндері төрт баласы,немересі бар. Балаларымның төртеуі де қазір бала-шағаларымен Алматыда тұрады.- Қасеке, қазақ балажан халық қой. Бұрынқазақ отбасында бала көп болған. "Балалы үйбазар" деп қазақ бекер айтпаған ғой.- Мен өзім он шақты баланың арасында өстім.Шешем байғұс он үш құрсақ көтеріпті. Ең үлкені -менің ағам қазір 85 жаста. Оның да үш баласы,немере-шөберелері бар. Мен жетпіс жастан асқанда,әкем жүзге таянып қайтыс болды. Анам 1964 жылыалпыс жасқа ілінер кезде қайтты. Әкемнің балалары,немерелері, шөберелерін қосқанда барлығы қазір 40-50 түтін болды. Сондай өсіп-өнген әулет. Сондықтанмен өзім бала дегенді жақсы көремін.Мен - балажан адаммын. Балажандығым сондай,мына балалар бақшасы бар ғой, солардың жанынанөтіп бара жатсам, сол арада ұзақ тоқтап тұрамын. Әрбаланың қылығын, жүріс-тұрысын қызықтаймын.Менің қазір оннан астам немерем бар, үш-төртшөберем бар. Мен жақсы көріп, бетінен қақпаған соң,осында келсе, бәрі менің бөлмеме қойып кетеді. Бәріде маған қатты үйір. Өзім отбасында баланың көпболғанын қалаймын. Ауылдарда жүрген кездерде көпбалалы үйге барып қонамын. Осында өз бөлмемдежалғыз жатқанда, ауырып-сырқап жатқанда балаларым,немерелерім, шөберелерімді көз алдыма келтіріп, кіш-кентай кезінен бастап, солардың қылықтарын, сүйкімдіістерін - бәрін ойлап, елестетемін. Сонда солардыңбәрі маған бір-бір шығарма секілді.-        Қасеке, өмірдің қызығы неде деп ойлайсыз?-        Өмірдің қызығы - бала, ұрпағың. Ең алдымен,сенің байлығың да - солар, қызығың да - солар. Алқалғанының бәрі - тіршіліктің қамы. Адам тіршілікеткеннен кейін оның қызметі, әрекеті, күресі болады.Мен өзім ойлаймын, адам деген ашық болуы керек.Еш нәрсені жасырмайтын, өтірік айтпайтын болуы ке-рек. Адамның ішкі жағында жерге деген, елге дегенсүйіспеншілік жатуы керек. Жердің, елдің, халықтыңмүддесінен өзге мүдде әлдеқайда төмен тұруы керек.Осы қасиетіңнен айырылмасаң, сен адамгершіліктің ақжолынан айнымайсың.- Қасеке, жаны қысылғанда адам алдыменАлланы ауызына алады. Ал Сіз қалайсыз?Кұдайыңызды ұмытқан жоқсыз ба?-        Кейде біреулер: "Дінге қалайсыз?" - деп сұрай-ды. Бір кезде саясаттың ықпалымен бәріміздің деатеист болғымыз келді. Дінге қарсы үгіт жүргізілді.Тәрбие де дінсіздікке бейімдеді. Сол кездің өзіндешала молдалар дін жолын бұрмалап, өз жанынанондай-мұндай өсиет-уағыз шығарып, діннің қадірінкетіріп алды.Ал, шынында, өмір мен өлімнің арасында, яғниажал ауызында көп болған адамның аузынан ешуақытта құдай түспейді, құдайшылық сөз түспейді. "Ә,құдай, өзің сақта" деп, іштей жалбарынып, сыйынып,өмір тілейді. Құдайды ұмыту - күпірлік болар.Ауылда туып-өстік. Ата-ананың, қазақы ортаныңтәрбиесін көрдік. Сондықтан құдайға сенбеудің ешбіржөні жоқ. Ешкімнің де күнәға батқысы келмейді. Heгeбіз жанымыз қысылғанда алдымен құдайды еске алып,содан жәрдем күтеміз. Демек, бір құдіретті күштіңбар екенін мойындайсың. Қиналып, қысылған сәттердекүбірлеп сөйлеп, "Алла тағала, шыбын жанымды сақ-тай гөр" деп тілейтінің де рас. Бір нәрсеге табынып,бір нәрсеге жүгіну керек қой.Кім де кім құдайдан безсе, сол адам міндетті түр-де бейбастақтық жасайды. Адамгершілік қасиетін жо-ғалтады, әділ жолдан таяды. Ақыр аяғында азып-тоза-ды. "Имансыз" атанады. Құдайға құлшылық ету азай-ған кезде заман да бұзыла бастайды. Бір нәрсеніойлап, бір нәрседен жасқанып, Алланы аузынан таста-маған халық та азбайды, тозбайды. Міне, мәселеосында.- Қасеке, Сізді ел жазушы деп те таниды.Партизан жазбалары дүниеге қалай келді?- Кешегі өткен ақын-жазушы ағаларың - МұқанИманжанов пен Хамит Ерғалиев екеуі бір күні меніоңашалап, мынадай ақыл айтты. "Осы сен әңгіменімайын тамызып жақсы айтасың. Сен бастан кешкеноқиғаларыңды дәл солай, айтқандай етіп жазып шық.Мысалы, сол оқиға қалай басталды, не істеп, не қой-дың. Ақырында не болды, қалай аяқталды. Сен сонытұп-тура қағазға түсір. Біз саған көмектесеміз. Қол-жазбаңды редакциялап, жөндейміз. Әрі қарай жалғас-тырып жаза бересің", - деді.Солардың ақылымен жаза бердім, жаза бердім.Олар түзеп, газет-журналдарға жариялай бастады.Сөйтіп, партизан жазбалары пайда болды. Соғыстанкеліп, біраз есімді жиғаннан кейін әскери әдебиет-терді, ондаған генералдардың жазбаларын оқыдым.Осындағы жазушылардың көбінің шығармаларын оқыпшықтым.Бәрінен де маған ұнағаны - Сәбит Мұқановтың"Менің мектептерім" кітабы болды. Сәбең өмірдің өзі-нен ойып алып, шындық қалпында дәл солай жазады.Ол маған үлгі сияқты болды. Мен сол үлгімен басым-нан не кештім, соның бәрін қағазға түсіругетырыстым.- Қасеке, Сіздің рульде отырып, машинажүргізгеніңізді сан рет көрдік. Жазушылар Одағыүйінің алдына тоқтап, зор денеңізбен кабинаданшығып, "Әй, дорогой" деп, бәрімізбен амандасатынедіңіз. Жылдар өтіп, мінген машиналарыңыздыңмаркалары да өзгеріп отырды. Біз Сіздің рульдегіқалпыңызға қызыға карайтынбыз. Өйткені алдыңғыағаларымыздың көбінің машинаға үйірлігі жоқ еді.Сіз үшін машина жүргізу құмарлық па әлдеқажеттілік пе?- Мен - машинаға үйренген адаммын. Машинажүргізуді соғыстың алдында мен оқыған барлаушылармектебінде үйретті. Жау тылында жүргенде бұның көппайдасы тиді. Мысалы, бір жерге келе қалдық дейік.Аз адамбыз, тез қашып құтылу керек. Жаяулапжүрсең, қоршауда қалуың мүмкін. Қайткенде неміс-тердің машинасын қолға түсіріп, жігіттерді отырғызыпалып, қашасың. Бар жылдамдықпен жүріп, алдыменкузовта отырған жігіттерді қарғытып жіберіп,машинаны жардан құлатып, кабинадан секіріп түсугеәбден жаттыққанбыз. Осылайша жаудан талай реетқұтылып кеттік. Сонымен қатар машинаға қару-жарақтиеп, қоршауды бұзып-жарып, атысып шыққанкүндеріміз болды. Сонда машинаның рулінде мен деотыратынмын. Жүргізуді білетін басқа да жігіттерболды.- Қасеке, соғыстан қайтқан соң қолыңызғамашинаның рулі тез арада тимеген болар. Машинажүргізбек түгіл пәтер алудың өзі қиынға түскенкездерді еске түсіріп отырмын.-        Маған жеңіл машинаны бастапқыда Украинапартизандары сыйлады. Ескілеу "Волга" болатын. Кейінөзім де машина сатып алдым. Арғы-бергісін қосқандабірінен соң бірін мінген машиналарымның жалпы саныжиырмаға жақындапты. Менде бірнеше "Волга" да,"Москвич" те, "ГАЗ-69" - да, "Жигули" де болды.Қазір менде екі машина бар - немістің "Аудиі" жәнеTA3-3110" маркалы жаңа "Волга". Машиналарымдыбалаларыма бердім.-        Қасеке, машина жүргізуге құмарлық та бар ғой.-        Әрине. Машина жүргізу үшін өзіңнің ыңғайыңболуы керек. Біреулер машинаға мүлде жоламайды.Машина жүргізу мен үшін бір рахат нәрсе. Менмашинаны классически жүргіземін. Соғыстан кейінанда-санда Украинадағы партизан достарыма қыдырыпбарамын ғой. Киев дегенің үлкен қала, көшелеріндемашина да көп. Киевке барғанда партизандар басқосып, горилка ішеміз. Кейбірі қызып, жүре алмайқалғанда біреуінің машинасымен бәрін үйді-үйінетаратып, апарып та жүрдім.Есептеп қарасам мен 58 жыл машина жүргізіппін.Қазір рульге отыруды қойдым. Себебі қартайдық,отырып-тұру қиындады. Көздің де көруі нашарлады.Қазір де жүргізіп кетуім мүмкін. Бірақ өзім - жасымкелген, жардың жиегінде тұрған, әне-міне өлетінадаммын ғой. Жас біреулерді соғып, жазым етуіммүмкін. Мен соны ойлаймын. Мен кезінде машинаменҚызылорда, Шымкент, Ташкент, анау Павлодар, Өске-мен - бірталай жерді аралағанмын. Бәрінде - өзімрульдемін. Кіші ұлымда мен секілді машинаға үйірлік,құмарлық бар. Ол он жасынан машинаға отырды. Алүлкен ұлым машинаға жоламады. Оған мен машинасатып әпергеннен кейін кіші інісі үйретіп, амалсызданөзі жүргізіп кетті.- Қасеке, машинаның рулінде отырып құлаған,авария жасаған кездеріңіз болды ма?- Ондай жағдайлар көп болды ғой. Талай ретқұлап та жүрдім.Бәрінен де мына бір авария есімде қалды. Кішіұлым Болат атқа мінгенді жақсы көретін. Есік көлініңбергі жағындағы тауға қарай үлкен сайдың ішіндетұрған жылқышымен жақсы таныс болдым. Ол кісі екіжүздей жылқы бағып, бие байлайтын. Балалары дакөп болатын. Осы Болат 7-класс оқып жүрген кезде:"Мен атқа мінемін, жылқышының үйіне апарып таста", -деген соң айтқанын орындап, сонда қалдырып кеттім.Ол онда жылқышының балаларына қосылып, атқа мі-ніп, мал қайырып, таза ауа, тамаша табиғаттың орта-сында рахатқа батып, біраз уақыт жүрді. Енді оныалып қайту керек қой.Үлкен ұлымды және ауылда тұратын өзімнің кішіінімді алып, "ГАЗ-69" машинамен жолға шықтым. Жолтауға қарай өрлеп, сайдың ең төріне дейін қабыр-ғалап шығатын. Екі жағы - ұйысқан бұта-қараған.Бұрын да сол жолмен әрлі-берлі барып-қайтып жүре-тінмін. Бұл жолы да сол үйреншікті бағытпен сайдықуалап, жылқышының үйіне қарай тіке тарттым. Солкүні түнде қалың нөсер боп, жолдың құлама жар жа-ғын бұзып, шайып кетіпті. Мен оны анау бұта-қара-ғандар көлегейлеп, көрмей қалдым. Төменде тасқындыөзен ағып жатыр. Судың түбі - үлкен-үлкен тастар.Әлгі арада жолдың бұзылғанын кеш аңғарып, маши-намен төмен қарай аударылып кете бардым. Жанымдатуған інім, үлкен ұлым бар дедім ғой. Мен рульдемін.Құлап барамыз. Құлап келіп, әлгі жардың қапталынаөскен биік қарағашқа тірелдік. Қарағаштың бұтақтарыбіраз бөгеп, майысып, сынып, төмен қарай тағы до-маладық. Бір уақытта етектегі ағын суға бір-ақ түстік.Біздің бағымызға қарай машина суға төңкеріліптүскенде жан-жағына әдейілеп қойғандай үлкентастарға тіреліп қалыпты. Біздер машинадан құлап,суға түсіп кетіппіз. Сол арада біздің жағдайымыздыжақын маңайдағы малшылар көріп, онда-мұндахабарлаған. Есік селосынан МАИ-дың адамдары,жедел жәрдемнің дәрігерлері келеді. Бәрі жабылыпбізді судан шығарып алады. МАИ қызметкерлеріөлшеп қараса, биіктегі жолдан біздің құлап түскенжерімізге дейінгі қашықтық 32 метр екен.Содан бәрімізді жинап, алғашқы жәрдемін жасап,Есіктің ауруханасына әкелді де, інім мен баламабірден операция жасады. Ол кезде мен толық денеліболатынмын. Еш жерім сынған жоқ. Менің қолымдарульдің сынықтары қалыпты. Қатты соғылғандықтанденемнің еті қарайып кетіпті. Бәрімізді Есіктің ауру-ханасында емдей бастады. Інімнің екі-үш қабырғасысыныпты. Ұлымның танауын шыны кесіп, жарақат-танған. Бір айдан соң ол екеуі емделіп, үйге қайтты.Бір жарым айдан кейін мені де шығарды.Содан үйге әкеліп жатқызғанда әркімдер көңілімдісұрап келіп тұрды. Сондағы ақын Сырбай Мәуленов-тың маған келіп-кеткендігі әңгімесін кейін біреулеранекдотқа айналдырыпты.- Қасеке, ол анекдотты мен де естігенмін. Қызықүшін өз аузыңызбен айтыңызшы.- Үйде төсек тартып жатырмын. Етім қап-қара бопкеткен. Ол кезде салмағым - 115-120 килограмғатаяу.Бірде көңілімді сұрап Сырбай келді. Маған жаныашып, көзіне жас алып, әңгімелесіп, жанымда едәуіротырды. "Сырбай, осындай бір оқыс оқиға болды. 32метр биіктен жарға байқамай құлап кеттім", - деймін.Әлгі сөзімді тыңдап отырған Сырбай бір уақытта көзі-нің жасын сүртіп, қуақыланып былай дейді: "Қасеке-ау, 32 метр аласадан құлау өз басыңызға ұятболатын еді ғой. Басқаларға 100 метр биіктенқұладым десеңіз, сізге жарасар еді". Оған не деймін.Өзім әзер жатырмын. Бұл сөзді қуақы жігіттертүрлентіп айтып, елге таратыпты.Артынан мен жазылдым. Бір күні жігіттер айтады."Сырбайды машина қағып кетіп, әр жері сыныпауруханада жатыр", - дейді. Енді оның көңілін сұрап,ауруханаға мен барайын. Сырбай менен 4 жас кіші.Әншейін жеңіл қалжыңдасқанмен, оған анау-мынауартық сөз айтпаймын.Сырбайға барсам, палатада жалғыз отыр екен. Әржерін таңып, байлап тастаған. Сақал-мұрты өскен.Мен амандасып, құшақтап, бетінен сүйемін. Сұрап-білсем, оны машина қақпапты. Үш аяқты мотоциклқаққан екен. "Байқап жүрмейсің бе. Мотоциклдегіадамды ұстады ма, жазалады ма?" - деймін. "Ендітез арада жазылып кетесің", - деп, құшақтап, бетіненсүйдім. Кетерде бұдан басқа сөз айтқан жоқпын. Алқу жігіттер менің көңіл сұрай барғанымды біліп алып,өз жандарынан қосып, мынадай әңгіме шығарыпты."Осылай да осылай, Қасекең ауруханаға Сырбайғабарған екен, Сырбай осылай да осылай, "мотоциклқағып кетті" деген екен. Сонда Қасекең айтады: "Сен,Сырбай, мына кейпіңмен мотоцикл қағып кетті", - депайтпа. Сен КамАЗ қағып кетті деп айт", - деппін.Мен олай деп айтқан жоқпын.- Қасеке, Сіздің өміріңізде небір қызықтыжағдайлар болса керек. Соның бірі - ұшақпенАлматыға ұшудың орнына, жаңылысып, басқа рейстіңұшағына отырып, Кемерово каласының әуежайынакелгеніңізді бір-ақ біліпсіз. Осы оқиғаны ҒаббасҚабышев "Қазақ әдебиеті" газетіне қызықты етіпжазғаны да бар. Сол жолы бірден облысгубернаторы Аман Төлеев қандасымызға барыпсыз.Осы оқиғаның мән-жайын өзіңіз баяндап беріңізші...-        Өскеменге бір жолы барғанымда ондағы басшыжігіттер уәде етіп: "Сізге жеңіл машина береміз.Дайын болғанда өзіміз хабарлаймыз", - деді. Біразуақыттан кейін Өскеменнен телефон соғып, әлгі жігіт-тер "Қасеке, машинаңызды алып кетіңіз", - дейді.Олардың шақыруымен мен үйден шығамын. Машинамініп, жалғыз қайтатын болған соң, сақтық үшін писто-летімді, анау кортигімді салып алдым. Ұшаққа отырып,Өскеменге бардым. Ол кезде ұшақтың билеті арзанғой.-        Қасеке, бұл қай жылы еді?-        Қараша айы болатын. Жылын ұмытып қалыппын.Анау тұрған кітап сөресінде Аман Төлеевтің мағанқолтаңбасымен берген кітабы бар. Сонда жылы жа-зылған. Әйтеуір, қараша айының 11-і күні АманТөлеевке барғаным есімде.-        Қасеке, сонымен Өскеменге бардыңыз...-        Иә, иә. Әлгі жігіттер қарсы алып, қонақ үйгеорналастырды. Бір күн жатамын, екі күн жатамын.Машинадан хабар жоқ. Жігіттерге: "Мен енді қай-тайын", - деймін. Облыстық әкімшіліктен біреулер ке-ліп: "Аға, үлкен машина болмай қалды. "Жигули"сияқты машинаны басшылық "ұят болады" деп, қомсы-нып, бермей жатыр. Үлкен машина мінгізу ойларындабар, әзірге ренжімей үйіңізге қайта беріңіз", - деді.Мен: "Жарайды", - дедім.Бес-алты жігіт: "Билет алып, Алматыға шығарыпсаламыз", - деп мені әуежайға алып барды. Әлгілерұшаққа отырғызу басталғанда мені барлық тексеруденөткізіп, "осы рейспен ұшасыз", - деді. Егер менжалғыз өзім болсам, өйтіп адаспас едім. "Мынау қа-шан ұшады, қайда ұшады", - деп сұраймын ғой.Жігіттерге сендім де, көрсеткен ұшағына беттеп,жұрттың алдына түсіп алдым да, алдыңғы орынғабарып отырдым. Кірерде билетіме көз жүгіртіп, ешкімештеңе деген жоқ. Көп кешікпей ұшақ аспанғакөтерілді. Мен "Алматыға келе жатырмын" депотырмын.Бір мезгілде радиодан хабарлап: "Әуежайда қазір11 градус суық", - дейді. Өзім де әлдебір сезікпенжан-жағыма күдіктене қарадым. Ұшақта менен басқақазақ жоқ, ылғи орыстар. "11 градус суық" дегенде:"Қой, Алматыда мұндай суық болуы мүмкін емес", -деп ойладым да, қасымдағы орыстан жөн сұрадым.Ол: "Какой Алматы? Это - Кемерово", - дейді. "Е,әлгілер мені шатастырып, басқа ұшаққа отырғызыпжіберген екен", - деп ашуланайын. Орнымнан тұрып,стюардессаны іздесем, ол ұшқыштардың кабинасынакіріп кетіпті. Кабинаны жұдырығыммен тоқпақтапсоғамын ғой. 40-50 адам отырған ұшақты айдап ке-тетін террорист біреу ме деп, пистолетім, кортигімбар екенін көріп, жұрт қобалжи бастады. Қасымдағыорыс оларды сендіре сөйлеп: "Бұл кісі осы ұшаққақателесіп отырыпты", - деп түсіндірді. Олар тыныш-талды. Кабинаны әлі де тоқпақтап, стюардесса қыздышақырып алдым. Ол қызға мән-жайды ұқтырдым, ұш-қыштар әуежаймен хабарласты. Ондағылар: "Ұшақтантүскен соң бұл мәселені шешеміз", - депті.Кемерово қаласының әуежайына келіп қондық. Шы-нында, суық екен. Кешкі мезгіл. Жұрт тарап кетіп жа-тыр. Әуежайдың бастықтарына жағдайды айтып едім,"Ертең сөйлесеміз. Бұл ұшақ енді екі күннен кейінӨскеменге ұшып, одан әрі Алматыға барады", - деді.Енді не істеуім керек? Тамақ ішейін десем: "Россия-ның рублі керек", - деп, менің теңгемді алмайды. Қо-нақ үйге баруға онда да рубльді сұрайды, біздіңтеңгеміз жүрмейді. Кішкене қол чемоданымды басы-ма жастанып, әуежайда ұйықтадым.Ойыма өткендегі бір оқиға түсті. Баяғыда Құрман-бек Жандарбеков деген халық артисі болған, ҚабылБоранбаев деген ақын болған. Екеуі бір күні түн уа-ғында кездесіп қалып, ішуді ойлайды. Ол кезде қала-ның ресторандары түнгі он бірден кейін жабылып қа-латын. Біреулер айтатын көрінеді: "Әуежайда тәулікбойы істейтін ресторан бар", - деп. Екеуі такси ұстапсонда барады, ресторанда отырып ішеді. "Посадка"деп радиодан хабарлағанда масандау қалпында бірін-бірі сүйемелдеп, екеуі де ұшу алаңына шығып, көппенбірге ұшаққа отырып кетеді. Ұшақ көтерілгеннен кейінбилетсіз екі адам отырғанын, қызулықтың әсеріненекенін біледі. Ұшақ Талдықорғанға қонып, екеуін түсір-іп кетеді. Ертеңінде екеуі естерін жинап, қайдакелгенін, не болғанын аңғарады. Таң ағарып атқаннанкейін Құрманбек аға облыстық атқару комитетінетелефон соғады. "Әй, жігіттер, біз осындай жағдайменәуежайда отырмыз", - дейді. Облыстық атқару коми-тетінен бірден адамдар келіп, екеуін қалаға алыпбарып, құрметтеп, екі-үш күн қонақ етіп, қайтарғанекен.Осы оқиға ойыма оралып, мен де өзімше әрекететіп көрейін дедім. "Осында Кемерово облысыныңгубернаторы Аман Төлеев деген қазақ бауырым баремес пе. Соны неге іздемеймін", - деп ойлаймын.Таңертең әуежай бастығы қызметіне келгеннен кейінсоның кабинетіне кірдім. "Әй, дорогой, мені қазіртелефонмен Аман Төлеевпен қосып бер", - деп едім,ол тілегімді бірден орындады. Аман Төлеевпен теле-фон арқылы амандасып, "Мен - Қасым Қайсенов де-ген ағаңмын. Партизанмын, пәленмін-түгенмін", - депайтамын ғой. "Аға, Сізді сыртыңыздан білемін.Естігенмін", - дейді. "Естісең, мен Кемеровода әуе-жайда отырмын", - деймін.- Қасеке, Төлеевпен қай тілде сөйлестіңіз?Қазақша ма, орысша ма?-        Орысша сөйлестік. Ол "аға" деп қана қазақшабір-екі ауыз сөз айтты. "Менің Сізге жолығатын жұмы-сым бар еді", - дегенімде, ол: "Қазір жиналыс өткізіпжатырмын. Көмекшімді жіберемін. Сізді маған алыпкеледі", - деді.Айтқанындай, көп ұзамай көмекшісі келіп, меніТөлеевке алып барды. Кабинеті кең, үлкен екен. Аман-дастық. Құшақтасып, бетімізден сүйістік. Мен Кеме-ровоға қалай адасып келгенімді айтқанда Аман Төлеевкөзінен жас аққанша қарқылдап күлді. Өзі де денелі,бойшаң, ер мінезді екен. Ресейдің президенттік орны-на таласып, сайлауға түскеніне қарағанда осал қазақемес."Әй, Аман, енді екі күннен соң Өскеменге ұшақұшады екен. Мен екі күн аштыққа шыдаймын. Себебімұнда менің теңгемді алмайды. Екі күн бірдеңе етіпсол әуежайда болармын. Маған Қазақстанның ақшасы-на билет сатуға нұсқау бер", - дедім. "Аға, оған қамжемеңіз", - деді. Орнынан тұрып, сейфін ашты. Мыңсомдықтан 14 мың Ресей рублін қолыма ұстатты. "Мы-нау ақша қашан кеткенше тамағыңызға жетеді. Қонақүйге қазір телефон соғамын. Орын береді. Дем алып,жатасыз. Оған ақша төлемейсіз. Кететін күні ұшақтыңұшуына бір сағат қалғанда Сізге менің көмекшім ба-рады. Сізді ұшаққа отырғызып, шығарып салады", -деді. Өзінің кітабына қолтаңба жазып берді. Тағы дабір альбом сыйлады. Қонақ үйге келсем люкс бөлмедайындап қойыпты. Айтқан күнінде Төлеевтің көмекшісідәл уақытында келе қалды.-        Міне, қайту билетіңіз, - деді. Өздерінің ақша-сына алған ғой. Менен ақша сұрамады. Ұшақ Алма-тыға Өскемен арқылы барады екен. Менің үйденкеткеніме төрт-бес күн болды. Содан бері үйменхабарсызбын. Өскеменнің әуежайынан телефон со-ғып, "осындай рейспен Алматыға келе жатырмын"деп үй-ішіме хабар берейін деп ұшақтан түссем,үш-төрт жігіт келе жатыр. Өздері әбден сасқалақ-тап, естері шығып тұр."Қасеке, қай жаққа кеткенсіз. Біздің зәреміздіұшырдыңыз", - дейді әлгілер. Мен Кемеровоға адасыпұшып кеткен соң, бұлар мені Алматыдан іздейді.Өскеменнен іздейді. Таба алмай, бастары қатады.Облыс әкімі қысқан кезде басқа ұшаққа отырғызыпжібергендері естеріне түсіп, Кемеровоға хабарласқандаол жақтан: "Жаңа ғана осындай рейспен Өскеменгеаттанды", - депті.Өскеменде қарсы алған жігіттер ресторанға апарып,тез тамақтандырып, бұл жолы анық Алматыға ұшатынрейске отырғаныма көздерін жеткізіп, әуежайда қолбұлғап, қарап тұрды. Алматыға келсем, менің бала-ларым, маңайдағы ағайын-туыстарым - бәрі жиналыпбіздің үйде отыр. Мені жоғалтып алып, қорқып қа-лыпты. "Өскеменнен кетті" деп, ондағы жігіттер хабар-лап қойыпты. Төлеев берген 14 мың рубльді жұмсағанжоқ едім. Үйдегілердің әрбір отбасына 1000 рубльдентаратып бердім.- Қасеке, Кемеровода Төлеевпен еркін отырыпәңгімелесе алдыңыз ба?- Әңгімелескенде менің оған жаным ашыды.Оның өміріне қастандық жасалған ғой. Біреулер оныөлтірмекші болыпты. "Бұл қызметтен пәлен уақыттаүйіне барады. Жарты сағаттан кейін есігін қаға-сыңдар, атып өлтіресіңдер", - деген тапсырма беріп,біреулерді жұмсаған екен. Әлгілер бұның пәтерінекеліп, "өзі есік ашады" деген оймен қоңырау соға-ды. Аман Төлеев үйінде жалғыз отыр екен. Есіккекелді-ау деген кезде әлгілер сырттан оқ атады.Төлеев бұл кезде есікке жақындамай арғы бөлмедежүріп, аман қалыпты.Мен айтамын: "Аман-ау, мұнда өзіңе өшігіп, қас-тандық жасап жатыр. Елге қайтпайсың ба! Қазақстан-да саған лайық қызмет табылады ғой. Туған халқыңсені шеттеспес", - деймін. Ол айтады: "Жоқ, Қазақ-станға бармаймын. Мен осы жерде көп тұрдым. Бұлжердің халқы губернатор сайлауыңда маған 90 процентдауыс берді. Мені бәрі құрметтейді. Оларға менің дееңбегім сіңді. Олардың маған жасаған жақсылықтарыда жеткілікті. Менің Қазақстанға сіңірген ешбір еңбе-гім жоқ. Қазақстанға бас сауғалап барғандай боламынғой", - дейді. Осымен екеуіміз төс қағысып, құшақ-тасып, қоштастық.- Қасеке, өз сөзіңізбен айтсак, Сіз атағы зорағалардың соңына еріп, көп араластыңыз. Солалдыңғы ағалардың бүгіндері қатары сиреп, көбі одүниелік болды. Одан кейінгі ұрпақты көріп жүрсіз.Солардың алдыңғы толқын ағалардан нендейайырмашылығы бар деп ойлайсыз. Өзіңіз байқағанкемшіліктер неде?- Айырмашылығы көп қой, қарғам. Кешегі өткензаманда халқымыздың асылдары, басты-басты тұлға-лар болды ғой. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұр-сынов, Міржақып Дулатовтарды айтпағанның өзіндеМағжандар, Сәкендер, Ілиястар болды емес пе? Міне,қазақтың нағыз ұлы перзенттері солар.Алғашқы топ - өздері жиырма шақты адам болар,нағыз қуғын-сүргінге ұшырап, опат боп кеткендер.Халқы үшін, жері үшін, тәуелсіздік үшін алған бағыт-тарынан таймай, жазықсыз жазаланған да солар. Бү-гіндері соларға ескерткіш орнатып, ас беріп, ескеалып отырмыз. Олар басына іс түскенде бірін-бірісатқан жоқ, кейінгі інілерін де ұстап бермеді,- адалкетті. "Қуғын-сүргінге ұшырады" деп, міне, солардыайту керек.Меніңше, олардан кейінгі ұрпақ сұйыла бастады,бақталастыққа, мансап таласына әуестенді. 1937жылғы қуғын-сүргінде бірін-бірі сатып, бірін-бірі ай-датты, бірін-бірі аттырды, бірін-бірі көрсетті. Біреуібірін айдатса, айдатқан адам өзін кімнің көрсеткенінбілді. Оларды ұрып-соғып тергеген кезде сол өзінайдатқан адамды ала кетті. Ол да "жау" деді.Бүгіндері сендер де білесіңдер, сол қуғын-сүргіндекімді кім айдатқанын. Сол уақыттағы газеттердің тігін-ділерін оқып қараңыз. Партия жиналыстарының есебіноқыңыз. Сондағы жарияланған мақалаларда кімді кім"халық жауы" деп сынағаны, жазғырғаны айдан анықкөрініп тұр.Міне, бұл - қасірет, бірін-бірі жарыса жамандаунауқаны. Міне, осындай жағдайға ұшырадық. Бір аға-мызды екінші бір бүгін көзі тірі ағамыздың қалай ай-датқанын мен саған айтқанмын. Сол іс пе еді, сол жөнбе еді?! Содан кейін мен сол ағаңды жек көріп кеттім.Осы сықылды сатқындық неге керек болды екен. Со-ған менің таңым бар. Осы сықылды нашар мінез көрсет-кеніне қатты қынжыламын.Біреулері бүгіндері естелік жазып, өзінің арман-даған ойын "осылай өмір сүрдім" деп шындық түрін-де береді. Өмірде олай болған жоқ қой. Бұл -иллюзия, яғни қиял. Ондай өтірік неге керек жәнекімге керек?! Адам бойында керемет талант болуымүмкін. Бірақ сол талантқа өзіңнің кісілік келбетіңсай болуы керек қой. Әдебиетте де, өмірде де еш-бір әттеген-айы жоқ адамдардың бірі - МұқанИманжанов еді. Сол атаусыз қалып барады.