ВЕРНУТЬСЯ

                 - Касеке, ендігі әңгіме Хамза
Өмірбаев туралы

болса екен деймін. Бұдан бұрын Хамза туралы

айтқансыз, 1939 жылы әскерге
алынғанда Павлодар-

дан Хамзамен бірге аттандық
дегенсіз. Естайдың

"Қорлан" әнін жақсы
айтатын еді, ол өзі ақын еді"

дегенсіз. Сіздің сондағы
әңгімеңізге қарағанда Хамза-

мен Мәскеуге дейін бірге барып,
содан кейін

айырылысып кетіп, қайтып көріспеген секілдісіз. Хамза

туралы әңгімеңіз осыдан аяқталып,
Сіз бен біз басқа

тақырыпқа ойысқан едік. Бірақ
соғыстың алдында

Украинаның Каменец-Подольский
каласында Хамзамен

қайтадан кездесіп, сол жерде біраз
уақыт әскери

қызметті бірге атқарыпсыздар. Мен оны қайдан білді

дейсіз ғой. "Қазақ әдебиеті" газетінің 2002 жылдың

8-наурыздағы кезекті санында осы
Асыл апамыздың

"Аталмай калған азамат,
айтылмай кеткен аманат"

деген көлемді де қызықты мақаласы
жарияланды.

Апамыз Хамзаны еске түсіріп, үлкен
тебіреніспен жа-

зыпты. Соғыстың зардабы, күйзелген
ана, күйреген

үміт, шайқалған
шаңырақ - бәрі-бәрі толғандырады.

Асыл апай мақалада былай деп
бастайды. "Қасым

соғыс басталар алдында Украина
шекарасына жақын

Каменец -Подольский қаласында Отан
алдындағы боры-

шын атқарып
жатты. Сол кездегі менің жиі-жиі жол-

дап тұратын
хатымды Қасыммен бірге жүретін Хамза

да оқиды екен. Кейінгі кезде ол да
маған хат

жазатын болды".

Апайдың мақаласынан келтірілген
үзіндіні осымен

аяқтап, енді Сіздің өзіңізді
тыңдап көрелік. Соны-

мен,
Хамзамен қайтадан қалайша кездестіңіз? Сіз

Мәскеуде калып, Хамза белгісіз
жаққа аттанып

кетіп еді ғой. Сіздің сөзіңізден
кейін Асыл апайдың

мақаласына
тағы да ораламыз.

- Хамзамен екінші рет кездескенім
былай болды.

Жалпы, мен өзім туған күнімді 23
сәуір деп жазып

жүрмін. Бірақ бұл, расында, менің
туған күнім емес.

Әкем әжептәуір сауаты бар, еті тірі болғанмен, бір

қызық
жері - балаларының қай жылы туғанын дәл ай-

та алмайтын еді. "Әке, осы
мен қай жылы, қай айда

тудым?" - деймін. "1918 жылы",
- дейді. "Сол рас

па?" - десем, әкем айтады:
"Сен, Қасым, біздің үй

өртенген жылы туғансың", -
дейді. Қашан өрт болды,

қай жылы, қай айда екенін бір құдайымның өзі біледі.

Мен, сөйтіп, 1918 жылы туған боп
есептелемін. Қай

айда, қай күні туғанымды анықтап
айту қиын. Кезінде

білетіндерден құнттап сұрамаппын. Әкемнің жауабы

әлгіндей. 1938 жылдың 23 сәуірі -
Асыл екеуіміздің

Павлодар қаласында қызметке барған
күн. Менің

есейгендегі өмірбаяным, міне, осы
күннен басталады.

Менің ең негізгі өмірімнің басы Павлодар
қаласы бол-

ғандықтан, мүмкін сол күнді құдай аузыма салған

шығар.

Бәрімізді әскерге шақыртқанда мен
осы Хамзамен

кездесіп, жақын таныстым. Аз уақыт
екеуіміз бірге

жүрдік. Хамза көркем, маңызды,
қасқа маңдай, білім-

ді, сабаз жігіт болатын. Оны сол
жиналатын пунктте

Асыл да көрді. Бәріміз әскерге
бірге аттанбақшымыз.

Поезға отырарда үлкен жиын боп,
маған сөз беріп,

жұрт
алдында сөйледім. Біз фин соғысына кетіп бара-

мыз деп ойладық. Хамза екеуіміз
бір вагонға отыр-

дық. Жол азығымыз ортақ. Ол байғұстың апасы жар-

ты қапқа жуық піскен түйе етін
салып беріпті. Қан-

шама бауырсақ бар. Екеуіміз
вагонның бір бұрышына

жайғасып Мәскеуге дейін бірге
бардық. Содан кейін

екеуімізді бөліп жіберді. Мен
барлаушылар мектебінде

оқып жаттым.

Бізді Украинаның оңтүстік-батысындағы
Каменец-

Подольский қаласына практикаға
апарды. Румыния

шекарасына жақын екен. Бізді
артиллерия полкінің

казармасына орналастырды. Сол
полктің кіші коман-

дирлер дайындайтын мектебінде Хамза да оқиды

екен. Екеуіміз ойда жоқта осында
кездесіп, құшақ-

тасып, жыласып-сықтасып алдық.
Каменец-Подольский

қаласының ортасын қақ жарған терең
сай бар. Сол

сайдың бір жағында артиллерия
полкі, екінші жағында

түрік қорғаны деп аталатын бекініс
бар. XIX ғасырда

Украинаның оңтүстігінде шаруалар
көтерілісін басқар-

ған Устим Кармалюк қолға түсіп,
осы қорғанға қама-

лып, ақырында азаптап өлтіріліпті.
Әлгі сайда баяғы

бір заманда салынған жер асты жолы
бар екен. Бізді

соған алып барды, түрік қорғанын
аралап көрдік.

 -        Қасеке,
бұл қай жылы?

-        1941
жылдың маусым айы екені анық есімде.

Өйткені біз соғысты сол жерде
қарсы алдық. Қанша

жылдан кейін кездескен Хамза
екеуіміз бір-бірімізден

айырыламыз ба. Бос уақытта бірге
боламьіз.

Маусымның дәл 21-күні әлгі полкта
кино көрсетті.

Хамза екеуіміз киноға бірге барып,
қатар отырдық.

Кино біздің Аманкелді туралы екен.
Ол уақытта менің

өнерден ешбір түсінігім, хабарым жоқ еді. Хамза

менен әлдеқайда білімді, әлдеқайда
хабардар, ойлы

болатын. Елде жүргенде Аманкелді
батыр туралы

естігенім бар. Енді Аманкелді
киносынан сол батыр-

дың өзін көремін
деп отырмын. Кино басталды. Ойла-

ғаным - киноны жақсылап көріп
алайын. Тірі қалсам,

Аманкелді батырды танитын болайын
деп, әр көрініске

мұқият қараймын. Оның атпен шауып
келе жатқанын,

атысқанын - бәрін көремін, бет
әлпетіне, жүріс-тұрысына

зер саламын. Есімде қалсын деймін.
Содан кейін

Аманкелді қолға түседі. Оны
байлап, матап, арбаға

салып әкеле жатады. Оған жаным
ашиды. Қапылыста

қолға түсті-ау деп қиналамын.

Кинодан, сөйтіп, қатты әсерленіп
шықтық. Кинода

көрсетілгеннің бәріне нанып,
өмірде дәл солай болды

деп ойладым. Мен үшін кинодағы
адам - өмірдегі

Аманкелдінің дәл өзі. Кинодағы
Аманкелді боп артист

ойнағанын түсініп жатқан жоқпын.
Хамза екеуміз кино-

дан кейін елді, ондағы
ағайын-туыстарды еске түсіріп,

казармаға жақсы көңіл-күймен
оралдық. Елді қатты

сағыныппыз. Ертең күн демалыс па,
әйтеуір, тағы да

кездесіп, бірге қыдыратын боп
келістік.

Бірақ ертеңінде таңертең сағат
4-5-те соғыс бас-

талды. Сол арада әлгі артиллерия
полкының адамдары

шекараға қарай шұғыл аттанып
кетті. Бізді тез жинап

алды да, ұшаққа
отырғызды. Ұшақтың ұшуын кешік-

тірді. Айналаны бомбалап жатыр.
Артиллерия оқ атып

жатыр.

Бұл - Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы таң,

алғашқы күн. Хамзамен байланысым
осымен үзілді.

Сөйтіп тұрғанда біз отырған ұшаққа
бір топ жаралы-

ларды салды. Сол полктің әскери
адамдары екен.

Кешіккеніміз - соларды әкелуін
күтіппіз. Жаралы

жауынгерлердің бірі қазақ жігіті
екен. Мені танып:

"Хамза Өмірбаев таңертеңгі
алғашқы атыста қаза

тапты", - деді. Бірақ бұл сөз рас па, өтірік пе, біл-

меймін. Хамзаның өлгенін өзім көрген жоқпын. Біз

енді бөгелместен ол жерден кеттік.
Бұдан кейінгі өмі-

рім сол құпия барлаушылар
мектебімен байланысты

болды.

Аманкелді киносына қатысты бір
қызық оқиғаны са-

ған айтып берейін. Сонда мен
қаншалықты аңғал

болғанмын
десеңші. Мен соғыстан қайтып келіп, Жұ-

мағали Саинмен жиірек араластым.
Кейде оның үйіне

Асыл екеуміз де барамыз. Оның үйі
опера театрына

жақын. Қайтқанда, барғанда көшеде
әркімдер кезде-

седі. Біреуін танып, біреуін
танымайсың. Сөйтіп жүр-

дік. Бір күні қарасам, опера театрының бергі жағында

кәдімгі Аманкелді батыр тұр.
Анықтап қараймын. Дәл

сол Аманкелді. Әлде оның ағасы не
інісі ме екен деп

те ойлаймын. Аманкелдінің тірі
екенін де білмеймін.

Қасында онымен сөйлесіп Шахмет Құсайынов тұр. Сен

Шаханды көріп пе едің?

-          Қасеке,
Шахаң ағамызды тірісінде көрдім,

араластым. Ақсүйек, текті, бітімді адам болатын.

- Иә, иә. Шахаң соңдай келісті, маңғаз адам еді-ау.

Сонымен, Шахаңа барып амандасайын
десем, қасын-

дағы Аманкелдіден ұяламын. Жүгіріп
кетіп қалдым да

Жұмағали Саинның пәтеріне бардым.
"Жұмеке, ойбай,

мен Аманкелдіні көрдім. Тірі
екен", - деймін. Жұмекең

қарқылдап күліп: "Қайдан
көрдің?" - дейді. "Осылай,

опера театрының жанында Шахмет
ағамен сөйлесіп

тұр", - деймін. Жұмекең тағы
да күлді. Мені бауыры-

на тартып құшақтады
да: "Аманкелді жоқ қой. Оны

қалай көресің", - дейді.
Сөзімді түсініңкіремей тұрға-

нын сездім де: "Мен оны
Каменец-Подольский қала-

сында көргенмін", - дедім.
Жұмекең күлкісін тоқтата

алмай: "Аманкелдіні
Каменец-Подольскийде көшеде

көрдің бе?" - дейді.
"Аманкелді киносынан көрдім", -

дегенде Жұмекең көзінен жас
аққанша күлді де: "Әй,

Қасым, неткен аңғалсың. Ол Елубай
Өмірзақов деген

артист ағаң ғой. Кинода
Аманкелдінің рөлінде ойна-

ған", - деді. Содан кейін
Елубай ағаны көрген сайын

өзімнен-өзім іштей күлетін болдым.

-          Қасеке,
осы арада Хамза Өмірбаев туралы

әңгімені одан әрі жалғастырып,
Асыл апайдың

рұқсатымен
ол кісінің "Қазақ әдебиетінде" жария-

ланған мақаласынан
біраз үзінді келтірейін. Сіздерді

Павлодарда әскерге жөнелтер
алдында Асыл апамыз

Хамзаны көріп, танысты деп едіңіз.
Каменец-

Подольскийде жүргенде соғыстың
алдында Хамза

Сіз арқылы Асыл апамызға хат та жазыпты. Хамза

өзінің Асыл апайға жазған хатында:
"Хат - жансыз

тіл, жарты көрініс. Сөздерің
неткен жылы еді.

Жанымызға от салғандай тілің
неткен өткір еді.

Жүректі жұлып
алғандай. Асыл, мен сенің болаша-

ғың жарқын жандардың бірі екеніңді
жазған хатта-

рыңнан аңғарғандаймын. Тек оқу
оқып, білім ал", -

деп көптеген ақыл-кеңес жолдапты.
Асыл апайдың

мақаласында
былай делінеді:

"Осы бір абзал азаматтың
ыстық ықыласты хатта-

рын оқи
жүріп, оны жақын туысымдай көріп кеттім...

Кейінгі бір хатында ішкі мұңын ақтарған екен. "Әкеден

ерте айырылған едім. Менің аяулы
анам мен жалғыз

апайым ғана бар. Аяулы да ардақты
анашымның бар

сүйеніші де, ертелі-кеш ермегі де
- сол апайымның

екі баласы, - депті. - Егер
уақытың болса, менің

аяулы анамның да көңілін аулап хат
жолдап қоярсың.

Мекен-жайы: Павлодар облысы,

Қызыләскер колхозы". Сол
күндері сұм соғыстың

басталарын кім біліпті. Аяқ
астынан дүние астан-

кестен болды да кетті ғой. Кімнің
қайда кеткенін біліп

болмайтын қым-қуыт осы кезеңде Қасым да хат-

хабарсыз кетті.

Анасына хат жазып, адресін
жіберген болса,

Қасымның хабарын Хамзадан білейін
деген ниетпен

оның анасына хат жолдадым. Бірақ
өзімнің кім екенім-

ді толық айтпасам керек.

Көңілі күпті, көкірегін сағыныш
кернеген сорлы ана

мені Хамзаның таныс қызы деп
ойласа керек, бар

жан сырын ақтарып,
менің атыма іле-шала жауап жол-

дапты. Ондағы ардақты ананың
жолдаған жүрек

толғанысы мені де қатты күйзелтті. Хат соңында "Сен

менің ардақты ұлым Хамзаны қайдан, қалай білесің?

Мал дегенде жалғыз сиырым бар еді.
Соны сатып,

ақшасын жол қаражатыңа
жіберейін. Келіп, көзіме бір

көрініп кетші, қарағым", -
деп өтініпті. Асыл ананың

жүрегіндегі ұлына
деген сағыныш, зарығу, тарығу

менің де қабырғамды қайыстырды.
Осы сәттегі ішкі

әлемімді сөзбен жеткізу мүмкін
емес еді. Өйткені екі

көзі төрт болып, жолына жаны құрбан болып, күтіп

жүрген жалғыз ұлын білген адам
өмірдегі ең жақы-

нындай
жүрегін жылытқан болар.

Жаралы жүректі анаға алғашқыда
өзімді дұрыс

таныстырмаған аңғалдығыма кешірім
өтініп, өзімнің

Хамзаның армияда бірге жүрген жолдасының әйелі

екенімді, күйеуім хат-хабарсыз
кеткендіктен, соның

хабарын Хамзадан білгім келгенін
түсіндіріп тағы да

сәлем жолдадым.

Алғашқы хаттағы ауыр қайғының
үстіне келесі хат-

тағы айтылған қатал тағдыр соққысы жан-жүрегімді

әлем тапырық етті. Ананың терең
тебіренісі қаһарлы

кайсарлыққа
бой бермеді. "Мен әбден сорладым, -

депті етегі жасқа толған,
күйінген, күйзелген ана. -

Тірегім де, сүйенішім
де болып жүрген қызымды да

сұм
ажал жалмап кетті. Одан калған екі жетімді

құшақтап мен мұңлық жалғыз
калдым" - депті.

Сұм
соғыстың елге салған лаңына қарғыс айтқан-

нан басқа біздің қолда да ештеңе жоқ еді, әрине.

Сыртынан сырласқан ананың қайғысына іштей үгіле

ортақтасқаннан өзге не шара. Бәріміздің
де жоқшы-

лық жағамызға жармасқан кез.
Қасымның әке-шешесі,

қарындасы, екі інісі, тағы басқа
да туысқандары бар.

Бәріміз де жоқшылықтан тұралап жүрген кезіміз еді.

Менің екі көзімнен жас парлап,
жаным өртеніп, қасын-

да калған қос бүлдіршінге жарқын болашақ тілеумен

тынған едім...

 

Хамза секілді қыршынынан қиылып,
өскелең ұрпаққа

не аманатын айта алмай, не өмірден
көрер қызығын

көре алмай, тым болмағанда аты
аталмай калған

аяулы азаматтардың өкінішті
тағдыры қатты толғанды-

рады.

Шерменде күйде, қорғансыз да
сүйенішсіз өткен

абзал аналар, зарыға өткен адал
жарлар тағдыры

ше? Көкірегін күйініш меңдеп, жүрегін сағыныш сыз-

датқан
осы бір асыл жандар бейнесі сергек сезімді

қалам иелерін елең еткізбеуі
мүмкін емес-ау.

Қазір сүйегі
қай жерде жатқаны белгісіз Хамза

секілді пайым-парасаты мол
азаматтар отбасына аман-

есен оралған болса, қаншама
шаңырақ қайта жанып,

азамат өз ұлтының
өзі таңдаған саладағы бір тіре-

гіне айналар ма еді, кім
білсін..."

Асыл апайдың мақаласынан
келтірілген осы бір

үзіндінің өзі адамды тебірентіп,
небір ойға жетелейді.

Соғыстың алғашқы күні-ақ дәл
шекара шебінде оққа

ұшқан бір Хамзаның, елдегі жалғызынан айырылған

ананың тағдырының өзі-ақ
қасіретті, күйінішке толы

күрделі өмір ғой.

- Қасеке, міне, Хамзаның тағдыры қанша адам-

ның жан жарасына айналған. Бұл соғыста шайқал-

маған шаңырақ, күйзелмеген отбасы сирек те

шығар. Майданда, тылда болсын
бір-бірімен

байланысты қиюласқан оқиғалар
қанша жыл өтсе де

ұмытылмай, ауық-ауық жадыңда жаңғырығып,

жаныңды ауыртады. Өтті-кетті демей, әлдекімнің

орнын жоқтайсың,
әлдебір үмітпен әлі де жақсы

хабар күтесің, біреулермен
байланысып, әлденені

естіп-білгің келеді. Осыған бір
дәлел, жау тылында

Сізбен бірге соғысқан Азраменконың
баласы Виктор

кітабыңызды оқып, өзіңізге хат
жазыпты. Ол да

соғыста қаза тапқан әке-шешесінің
тағдырын

анықтап
білгісі келеді екен.

- Виктордың әкесін мен жақсы
танитынмын. Алғаш

рет жау тылына түскенде орманда
пәлен күн жасыры-

нып жүріп осы Авраменконың үйін
іздеп барғанмын.

Киев облысының Ржищев ауданындағы
Македон село-

сында астыртын ұйым мүшелері жиналатын үйдің иесі

екен. Кеш бата пистолетімді
әзірлеп, ұрланып әлгі

үйге жақындадым. Сыртқа біреу шығып, отын бұтады.

Әлгіге барып паролімді айтып едім,
мені құшақтай

алды. Іздеген адамымды дәл тауып
келгенімді, оның

Авраменко екенін бірден сездім. Ол
балтасын тастап

үйіне алып кірді де, дереу
подвалға түсірді онда екі

адам отыр. Бірі - Примак, екіншісі
- Попов. Болашақ

партизан құрамасының басшыларымен
осылайша кез-

дестім. Әлгілермен табысып,
таныстық.

Біреулер сатқындық жасап, біздің
астыртын ұйым

ашылып қалды. Біз орманға шығып
кеткенде фашистер

сол селода көп адамды қамайды.
Авраменко бізбен

бірге кетіп, әйелі бес жасар
баласымен үйінде қалған.

Қамалғандардың арасында
Авраменконың әйелі де

боп, баласы сыртта ойнап жүріп
шешесінен қалып

қояды. Көршілері әлгі баланы -
Викторды -жасырып

қалады. Тұтқындарды фашистер аудан
орталығына

әкеткенін біз жергілікті халықтан естиміз.
Коммунистің

әйелі деп Марияны ұрып-соғады,
қинайды. Қамалған-

дардың біразын тергеп, куәлерге
бетпе-бет көрсет-

пекші боп қайтадан селоға алып
келе жатқанда олар-

ды босатып алайық деп, бес-алты
адам селоның сыр-

тында тосқауыл жасап, күтіп жаттық.
Келе жатқан

машинаның алды-артына граната
лақтырып, жолын

бөгеп тоқтаттық. Шабуылға шығып
полиция бастығын,

бірнеше адамды қолға түсірдік.
Бізбен бірге жүрген

Авраменко жүгіріп машинаға барса,
әйелі жараланып

әрең жатыр. Біз жақындағанда оны
полицияның біреуі

атқанға ұқсайды.
Көтеріп үйіне әкелгенде Мария

қайтыс болды. Біз қайтадан орманға
кеттік.

-          Қасеке,
Авраменконың бес жасар баласы қайда

қалды?

-          Сол
жолы біз баланың қайда екенін білмедік.

Оны іздеуге де мұрша жоқ. Көзге
түсуден қорықтық.

Өзіміз санаулы ғана адамбыз. Бала
тірі, сенімді біреу-

дің қолында дегенді естіп, екі-үш
адам боп іздеп

таптық. Бірақ баланы сонда қалдырғанды әкесі де,

біз де жөн көрдік.

Бірде балық аулауға барғанда
Авраменко граната-

мен балықты қопарып тастағысы
келеді. Суға лақтыра-

мын дегенде граната қолында
жарылып, сол жерде

қаза табады.

Соғыстан кейінгі жылдары Украинаға
барып жүрге-

німде біреулер маған Викторды
әкеліп, партизан Авра-

менконың баласы деп таныстырады.
Мен оған әкесінің

қаза тапқанын айтқанмен, өз қолынан,
өз гранатасы

жарылып бекерге өлгенін жасырып
қалдым. Тағы бір

рет Киевке барғанымда Виктор
хабарласып: "Дядя

Вася, менің пәтерімде телефон
жоқ", - деді. Украина-

да мен не айтсам да, тілегімді
орындайтын. Біреу-

лерге тапсырып, Виктордың пәтеріне
телефон орнат-

тырып бергенім бар. Киевтегі
дүкеннен Переяслав

партизандары туралы жазылған
кітабымды сатып ала-

ды да, оқып шыққан соң Виктор
маған Алматыға хат

жазады. Өзінің әке-шешесі туралы сұрайды. Ол да

дүниеде жалғыз қалып, өзінше
уайымдап, әке-шешенің

орнын жоқтап жүрген бір жан ғой.

- Қасеке, бір әңгімеңізде
Ковпактың Днепрде

фашистердің бір кемесін жағада атқылап, суға

батырғанын айтқан едіңіз. Ондай
қимылды өзіңіз де

жасадыңыз. Астық тиеліп, Германияға жөнелтілгелі

тұрған
баржаны түн ішінде Днепрде су түбіне

жібергеніңізді естігенбіз. Бұдан кейін Сіздің

партизандарыңыз немістің бір
кемесін Днепрде

тоқтатып,
істен шығарып, суға батырыпты. Сіздің

қатысуыңызбен бұл әрекет қалайша жүзеге асты?

Кеме дегеніңіз автокөлік немесе
темір жол составы

емес. Қайдам, жүзіп келе жатқан
кемені суға кетіру

тіптен қиын секілді. Батылдарыңыз
жетіп бұл іске

қалайша бардыңыздар?

- Менің отрядымда кезінде теңіз
флотында қыз-

мет атқарған, кеменің қыр-сырын,
суда жүзудің

небір әдістерін жақсы меңгерген
Янцелевич деген

белорусс жігіті болды. Бір күні
бізге "Төменгі жақ-

тан Каневтен Киевке қарай немістің
офицерлерін,

солдаттарын тасымалдайтын кеме
шығады. Сол

кемені күтіп алыңдар", -
деген хабар жетеді. Кемені

қолға түсіре алмайсың, тым үлкен. Жағадан

атқылайтындай бізде зеңбірек жоқ.
Қайықпен жүзіп

барып кеме толы фашистермен қалай
соғысасың?!

Немістің офицерлері Каневке дейін
поезбен келіп,

енді кемемен Киевтен де жоғары
кетеді екен деген-

ді естідік. Днепр өзенін көріп пе
едің?

- Қасеке, Карпаттан Мәскеуге поезбен келе

жатып Киевтің тұсында Днепрден өткенім бар. Кең

жайылған үлкен өзен екен.

-Иә. Днепр үлкен өзен. Ені бір
шақырымдай бола-

ды. Ағысы да қатты. Тасығанда 3-4
шақырымға

жайылады. Арасында аралдары да
бар. Днепрден сан

рет әрі де, бері де өтіп жүрдік
қой.

"Немістің кемесін қалай ғана
суға батырамыз? He

істеу керек?" - деп
ақылдасамыз. Бізде минаның

неше түрлісі бар. Тек қана су
минасы жоқ. Айлақтағы

немістердің қоймасынан жігіттерді
жіберіп таптырып

алдық. Әрине, немістер "міне,
іздеген миналарың" деп

қолға ұстата салмайды ғой. Мина
әкелінген соң біз

әзірлене бастадық. Бір селоның
тұсындағы шағын

аралға біраз адамды өткіздік.

Өзенмен жоғары қарай жүзіп бара
жатқан кемені

минамен жару керек деп шештік. Бір
кемені қиратып

тоқтатқанда басқа кемелер соған
тіреліп өте алмай-

тындай тар қолтықты, өзеннің
енсіздеу тұсын таң-

дадық. Біздің адамдар орналасқан
арал мен әлгі

енсіздеу жарқабақ тұспа-тұс келіп, сол жерге жинал-

дық. Днепр бойынан партизан
отрядына қосылған

партизандар суда балықша жүзеді.
Солардың төрт-

бесеуіне мина беріп аралдағы
біздің адамдарға жібер-

дік. Жарқабаққа пулемет орнатып,
атысуға дайындал-

дық.

Төменгі жақтан "кеме жақындап
келеді" деп хабар-

лады. Біздің адамдар судың астымен
кемеге барып,

екі-үш жерден мина іліп қойдьі.
Ақыры не керек,

белгіленген уақытта миналар
жарылып, кемені қопар-

ды. Жарылыстан кейін кеме отыра
бастады. Кемедегі

немістер жан сауғалап, суға
секіріп бытырап қашайын

деді. Екі жағада да біздің адамдар
пулемет, автомат-

пен немістерді қарсы алып жатыр.
Бұл іске кешке қа-

рай кіріскен едік. Қараңғы түсіп,
немістің қаншасы

қырылды, қаншасы құтылды - айырып біле алмадық.

Кеменің суға отырып қалғанына
көзіміз жеткізген

соң біз
де ол жерден тезірек кетуге айналдық. Кеме-

ні батырғаннан кейін одан
арғысында біздің шаруамыз

жоқ. Осы операцияны басқарып, дұрыс жөн сілтеген

Янцелевич болатын. Ол менімен
жақсы дос болды.

Оның менде суреті де бар.

Соғыстан кейін ол
"Кооператив" деген кеменің

капитаны боп, теңізде алыс
сапарларға шығыпты. Өзі-

нің жекеменшік кішігірім яхтасымен
де көп жерді ара-

лапты. Киевке барғанда онымен
кездесіп жүрдім.

Одессада тұратын әйелімен
ажырасып, өзінің жау ты-

лында соғысқан жері - Переяслав
қаласына көшіп, үй

сатып алады. Лидия деген украин
қызына үйленеді.

Бірақ бұл әйелден баласы болмады.

Мен бір кездескенде оған ақыл
айттым. "Әй, Ана-

толий, біз қартайып келеміз. Алда
не болары белгісіз.

Сенің ендігі жерде жиналуың керек.
Сенің яхтаң сонау

солтүстікте қалып қойды. Анау
Одессадағы әйеліңнің

қолында ұлың қалды. Сол баланы
түбінде қолыңа ал-

дыруың, үй етіп шығаруың керек.
Сен қазір зейнет-

керсің. Жан-жаққа шашылмай
жиналып, терілуің ке-

рек", - деймін ғой. Ол менің сөзімді тыңдап: "Дұрыс

екен", - дейді. Мен қоштасып,
елге қайтамын.

Бірде ол маған Алматыға қонаққа
келді. Оны ма-

шинама отырғызып, қыдыртып,
онда-мұнда апардым.

Талғарда тұратын
інім қой сойып, қонақ етіп, сый-

құрмет көрсетті. Оның кететін уақыты болды. Сондағы

маған айтқаны: "Вася, мен
жиналдым. Солтүстіктегі

яхтамды Қара теңіз арқылы Днепрмен
Переяславқа

әкелдім. Бәрін дұрыстадым.
Одессадағы ұлым үйленіпті,

жуырда келеді", - деді. Мен
қуанып: "Жақсы болыпты", -

дедім. Енді оны Украинаға
аттандырып салайын деп

екеуміз үйден шықтық. Мен
машинаның руліндемін.

Әуежайға қарай келе жатырмыз.
Жолда ол кенет-

тен: "Вася, тоқта", -
деді. "He боп қалды? - деймін.

"Тоқта, мен саған бір нәрсе
айтамын", - деген соң

жолдан бұрылып
бір ағаштың түбіне келіп тоқтадық.

Екеуден екеу машинадан түсіп қарсы
қарап тұрмыз.

"Вася, мен қазір Украинаға
қайтамын. Переяславқа

барамын. Онда біздің партизан
достарымыз көп қой.

Спижевой Костя, Спижевой Гриша
бар, Власенко бар,

Клопов бар - олар менімен
кездескенде: "Васяға бар-

ғанда не істедің, не көрдің, қайда
болдың?" - дейді

ғой. Бір ескерткіш болсын, екеуміздің жау тылында

жүргендегі сөздеріміз бар емес пе
еді. Қазір айныт-

пай сондағы сөздермен сөйлесейік.
Менің жазып ала-

тын диктофоным бар. Кейін партизан
достарыңды

шақырып тыңдатамын", - дейді.
"Жарайды, сөйле-

сейін", - деймін. Ол
диктофонын қосып, жазып отыр.

Екеуміз партизандардың ауызекі
дөрекілеу сөздерімен

жарыса сөйлеп жатырмыз. Қайтадан
тындап көргенде

мен күлкіден құлай жаздадым. "Сенің достарыңа алып

баратын сәлемдемем осы. Сенің
дауысыңды естиді.

Сонда олар сенімен бірге болғаныма
сенеді", - дейді.

Кейін мен де Украинаға барып, оның
үйінде қо-

нақта болдым. Қайтадан бір
барғанымда Янцелевич

қайтыс бопты. Переяслав қаласына
жерлепті. Парти-

зандар жиналып басына ескерткіш
орнатыпты. Өткен

жылы киноға түсіру үшін Украинаға
апарғанда парти-

зан достарыма жолықтым. Бәрі де
қартайыпты. Бәрі

де ұлардай шулап, жылап тұрғанын сол кинодан көре-

сің. Бәріміз өткен оқиғаларды,
достарды, соғысты ес-

ке түсіріп жылап-сықтап отырдық. Олар бәрінен бұрын

неге жылайтынын айтады. "Біз
бір-бірімізді сағынып та

жылаймыз. Қуаныш та бар. Жас болса
мынау, қартай-

дық. Енді бұдан былай көрісе
алмайтынымызды, бір-

бірімізді көрмейтінімізді ойлап
жылаймыз", - дейді.

- Қасеке, бір сұрайын дегенім: осы Сіздің

отрядта немесе партизандар құрамасында казақтар

болды ма?

-          Қазақтар
болды. Олар арнайы партизан болайын

деген емес, тұтқыннан
қашып шығып, амалсыздан

партизандарға қосылған еді.
Орманда адасып жүрген

екі қазақты өзімнің отрядыма
алдым. Екеуін де қор-

ғап, аман сақтауға тырыстым.
Қорғағанда жайдан-жай

отырғызып қоймайсың. Соғыс қой. Оққа ұшып кет-

пеуін ойлап: "Мына қазақтарды
сақта. Қиын жерге

салма. Бас-көз бол", - деп,
батальон командиріне

тапсырамын. Ауыр шайқас
басталғанда әлгі екі қазақ

бар батальонды шегіндіріп, кезекті
ұрысқа басқа ба-

тальонды жұмсаған
кезім де болды.

-          Қасеке,
каныңызға тартқан екенсіз.

-          Енді
қайтесің. Мен үшін сол екі қазақ өз елімнің

өкілі ғой. Өз тіліңде
сәлемдескеннің өзі неге тұрады,

Елін, жерін сағынып, зарыққан
адамның көңіліне бұл

да бір жұбаныш екен. Бірақ ұзаққа бармады, екеуі де

оққа ұшты.

Одан кейін тағы бір қазақ қолға
түсіп, менің отря-

дымда болды. Менен төрт-бес жас
үлкен. Аты -

Байзақ. Қазақстанның қай облысынан
екені есімде

жоқ. Анау екі қазақтың да
есімдерін ұмыттым. Бай-

зақтың есімде қалатыны - өзі бір
келіскен қазақ еді.

Орысша онша сөйлемейтін, қазақша
сөздің майын

тамызатын. Ақ көңіл, аңқаулау еді.
Әңгімелескенде:

"Екі балам бар. Жеңгең
лепіріп сөйлейтін жосыма

еді",
- деп отыратын. Жосыма дегені мақтанып, өті-

рікті шындай етіп айтатын болса
керек. Байзақтың

есімде қалуының тағы бір себебі,
елде Байзақ деген

немере ағам болды. Өзі әнші, әр
нәрседен хабары

бар жанашыр ағамыз.

 

- Қасеке,
сонымен, партизан Байзақ туралы

әңгімені жалғастырайық. Ол қалай
соғысып, калай

тұрды екен? Әдетте, аңқау қазақтың
аңғалдығы да

болушы еді.

- Осы сөзіңе дәлел ретінде мына
бір жағдайды

айтайын. Бір ұрыста неміс офицерін
қолға түсірдік.

Командирлердің біреуі немістің
жаралы офицерін түнде

күзетуді Байзаққа тапсырыпты.
"Таң атқанша ұйықта-

майсың", - дейді. Бір уақытта
ояна келсем, Байзақ

"әкеңнің ауызы" деп
айқайлап боқтап жүр. Тағы бір

дауыс шығады. "He боп
қалды?" - деп барсам, әлгі

Байзақ күзетіп тұрған неміс
офицері өліп қалыпты.

Жаралы офицер түнде ыңырсып,
ауық-ауық айқайлай

беріпті. Орманда, әсіресе түнде
айқайлауға болмайды.

Дауыс алысқа кетеді...
"Айқайлама" дегенді неміске

түсіндіре алмайды. Жарасы жанына
батқан соң неміс

те шыдамай айқайлайтын болса
керек. Байзақ басқа-

дай амал таппай, етігін шешіп
немістің ауызына шұл-

ғауын тығып қойыпты. Неміс офицері
тұншығып өлді

ме, әлде жарадан өлді ме, кім
білсін, командирі келіп

Байзақты боқтап тұр екен.
"Офицерді өлтіріп таста-

дың. Таңертең оны тергейтін
едік", - деп ұрсады.

Мен келгенде Байзақ қалбалақтап
әрі мені арқа

тұтып:
"Ойбай, Қасымжан-ау, мынауың өліп қалыпты.

Айқайлай берген соң, сен оянып
кете ме, деп аузын

шұлғаумен жауып едім. Бар жазығым
осы", - дейді.

Взвод командиріне: "Сен бұны боқтама. Неміс өлсе

өлсін. Енді не істейсің", -
дедім. "Қасымжан-ай,

бауырым-ай", - деп, Байзақ
көзіне жас алды.

Бір ұрыста қатты шайқас боп кетті
де, Байзақ-

тың батальонын шегіндіріп, кейін
қарай жібердім

де, өзім бір батальонмен жау
қуғанда әлгілерге

тосқауыл ретінде сол орында
қалдым. Орман іші

кісі батып кететіндей саз еді,
қорғанысқа қиын

жер. Немістер көп. Өзім қатысқан
батальон жаумен

табан тіресіп, бірталай шығынға ұшырады. Қырғын

соғыс болды. Енді біз де
шегінеміз.

Бір уақытта қарасам, кейін қарай
жіберген Байза-

ғым
маған қарай жүгіріп келеді. "Әй, Байзақ, мұнда

неғып жүрсің?" - деймін бар
дауысыммен айқайлап.

"Апырай, Қасымжан-ай, сен
қиыншылық жағдайда қал-

дың ғой. Өлсек бірге өлейік деп
келдім", - дейді.

"Әй, менің өлетінімді сен
қайдан білдің. Жоғал осы

арадан", - деп айқайлаймын.
"Қасымжан-ай, бірге

өлейікші", - деп өтініп, әлі
де кететін емес. Командир

екенімді есіне салып, ақырым едім,
артына қарағыштап

амалсыздан кете барды.

Арада біраз күн өткен соң тағы бір
ұрысқа қатыс-

тық. Атыс толастаған кезде Байзақ:
"Қасымжан, Қа-

сымжан", - деп айқайлайды.
Қарасам, анадай бір

жерде томардың үстінде отыр.
"Қасымжан, бері келші,

бері келші", - дейді.
"Бұған не боп қалды? Тағы да

жараланды ма?" - деп жанына
бардым. Алдында көл-

шік - лай су, беті май. Қолында
орамал сияқты бір-

деңе. Майды қолымен сырып, әлгі
шүберегін суға ма-

лып, сол арқылы сүзіп ішіп отыр.
"Қасымжан-ай, шөл-

деп өлдің ғой. Мына судан ішсеңші.
Түк етпейді", -

дейді. Сосын еңкейіп әлгіден мен
де іштім. Ол маған

қарап отырып: "Қасымжан,
менің бетіме көз салшы", -

дейді. Батпаққа құлаған ба,
бет-ауызы кір, сатала-

сатала. Сөзін жалғастырып:
"Қасымжан-ай, жеңгең

жосыма біреу еді, "Менің
Байзағым жауды қырып

жүр", - деп жұрттың бәріне жар салып
жүр ғой. Ме-

нің мынадай халде отырғанымды ол
қайдан білсін", -

дейді. Күлмеске болмайды. Аздап
күлемін. Байзақ

күрсініп: "Қасымжан-ай,
жеңгеңді бір көрер ме едім.

Елді сағындым", - деді. Менің
де көңілім босап,

орнымнан әрең тұрдым. Тағы да атыс
басталып, мен

алға қарай жөнелдім. Байзақ сол
орында қалғанын

көрдім. Қамсыз отырды ма, әлде
қазасын күтті ме,

Байзақ сол орында оққа ұшыпты.

-          Қасеке,
бұдан басқа қазақтарды кезіктіре

алдыңыз ба?

-          Біздің
партизан құрамасына бір қазақ келді. Бі-

рақ менің отрядымда болған жоқ.
Естігенім, Поповтың

отрядында жүргенде сол қазақ
оншалық сыйыспапты.

Поповқа қарсы бірдеңе айтқан ба,
"сені өлтіремін"

деген бе, сол үшін оны атып
тастапты. Мінезі қисық

адам болуы мүмкін.

-
Қасеке, Сіздің "Жау тылындағы бала" дейтін

көлемді
повесіңізді кезінде окығанбыз. Күні бүгінге

дейін
әсіресе балалардың ұнататын шығармасы. Сол

повестегі
оқиғалар өмірде болған ба, әлде жазушы-

ның
қиялынан туған дүние ме?

-          Сен өзің қызық адам екенсің. Мені өзің
сияқты

жазушы
деп жүрсің бе?! Кітап жазу үшін қиялданып,

ойдан
кейіпкер, оқиға табатын жазушы деп ойлайсың

ба
мені?! Оқиға өмірде қалай болды, солай жаздым.

Ойдан
қосқан ештеңе жоқ.

Повестегі
баланың әкесі армияда командир болған.

Елден
Жамал деген әйелін алдырып, отбасымен бірге

тұрады.
Баласы елдегі атасының қолында қалады.

1941
жылдың мамыр айында әйелін елге жіберіп,

"каникулда
бізбен бірге болсын", - деп жеті-сегіз жа-

сар
баласын шекараға жақын орналасқан өзі қызмет

ететін
әскери бөлімшеге алдырады. Бір айдан кейін

соғыстың
болатынын олар қайдан білсін. Соғыс баста-

лып,
баланың әкесі майданға аттанады.

Офицерлердің
отбасыларын поезға отырғызып тылға

жөнелтеді.
Жау олар келе жатқан эшелонды бомба-

лайды. Бәрі қирап, өртенеді. Тірі
қалғандары жан-

жаққа қашады. Бір полктың
офицерлерінің әйелдері

мен балалары ғой. Жамал да баласы
Серікпен орман-

ға қарай қашып келе жатады.
Немістер эшелонды

бомбалап боп, енді қатын-баланы ұшақпен қуып,

пулеметпен атады. Жамалға оқ тиіп
қаза тапқанда

Серік шешесін тастап кете алмай,
қасында отырады.

Сол полктың комиссарының әйелі
өліп жатқан Жамал-

ды да, тірі қалған Серікті де
таниды. Күйеуімен бір

полкте қызмет атқарған офицердің
отбасы екенін біле-

ді, Серіктен бірер жас үлкен
өзінің Борис деген бала-

сын орманға апарып тастап, қайта
оралып Серікті де

әкетеді. Екі баланы жетелеп, әлгі
әйел Переяслав ау-

данындағы өзінің селосына да
жетеді. Полицияның қо-

лына түскенде оны комиссардың
әйелі деп атпақшы

да болады. "Комиссардың әйелі
болғаным рас. Бірақ

мен одан ажырасып, теміржолшы
қазаққа тұрмысқа

шыққанмын. Мынау содан туған
бала", - деп Серікті

көрсетеді. Өлімнен құтылып кетеді.

Сол жер жаудан азат етіліп, Қызыл
Армия келеді.

Әлгі әйел ақылды екен. Мергенбаев
деген офицердің

бар-жоғын сұрастырып
әскери бөлімдерге хат жаза

бастайды. Әйел күткеніндей жақсы хабар алады.

"Мергенбаев қазір
подполковник, полк «командирі. Пә-

лен армияның, пәлен дивизияның құрамында пәлен

ауданның жерінде кетіп
барады", - деп оған хат жа-

зады. Әйел енді Мергенбаевтың
өзімен хабарласып,

мекен-жайын көрсетеді. Әйел
Переяслав қаласындағы

май заводында істейді. Екі баланы
осылайша асырай-

ды. Мергенбаев баласын іздеп
Переяславқа келеді,

әйелдің үйінде болады. Барлық
жағдайды естіп-

білгеннен кейін әйелдің де күйеуі
қаза тапқанын естір-

теді. Баласын көріп керемет
қуанады.

Мергенбаев ойланып отырып әйелге
айтатын көрі-

неді: "Соғыс әлі жүріп жатыр,
сен өз балаңды, менің

баламды алып менің елдегі
әке-шешемнің қолына ба-

рып тұр. Тағдыр жазса табысармыз. Әйтпесе өз
ыр-

қың білсін. Біздің елді паналап, соғыстан кейін өз же-

ріңе қайтарсың", - дейді. Әйел бұл сөзге көнбейді.

"Балаңды талай рет өлімнен
алып қалдым. Енді көзі

тірісінде өзіңе тапсырдым", -
дейді. Мергенбаев амал-

сыздан баласын өзімен бірге алып
кетеді. Бұл оқиға

мен үшін осымен тоқтайды.

-          Қасеке,
бұл оқиғаны қайдан біліп, қайдан

естідіңіз?

- Анау әйел екі баламен біздің
отрядқа кезігіп, аз

уақыт бізбен бірге болды. Олардың
аман қалуы да

сондықтан ғой. Бізбен бірге Қызыл
Армияға қосылып,

жаудан босаған аймақта бейбіт
өмірге кірісті. Отрядта

жүргенде әйелмен әлденеше рет
сөйлестім. Кейін олар

туралы кітап жазамын деп кім
ойлаған. Бірі орыс, бірі

қазақ - екі бала да көз алдымызда
жүрді. Партизан-

дарда жас барлаушылар тобы болады.
Жас балалар

отрядқа қалайша келеді? Жау басып
алған жердегі

әке-шешесіз жетім балалар орманға
қашып, партизан-

дарды паналайды. Үлкен адамдарды
барлауға жібер-

геннен гөрі, балаларды пайдаланған
әлдеқайда ыңғай-

лы. Сөйтіп, барлаушылар тобында
әлгі екі бала да бі-

раз тапсырманы орындады. Кейін сол
балалар кім

болды, қайда жүрді - ол жағын
білмеймін. Соғыста

талай жақсылар кетті ғой,
талайынан айырылып алдық.

-          Қасеке,
сіз бен біздің әңгімемізді түйіндейтін

де кез келген сияқты. Сізбен әңгімеде бірталай та-

қырыпты қозғадық, бірталай мәселені
әңгімеге арқау

еттік. Менің мақсатым - Сіздің кім екеніңізді, осы

жасыңызда не істеп, не
тындырғаныңызды әйгілеу

еді. Сізді асыра мақтап, әсірелеп
жазуды көздеген

жоқпын. Балалық шағыңыз, өскен
ортаңыз, жау ты-

лындағы жылдар, соғыстағы небір
оқиғалар, шайқас-

тар, бейбіт өмірдегі кызметіңіз,
өзіңіз араласқан

жазушылар, олардың
мінез-касиеттері, заман, адам-

дар жайлы ой-толғаныстар - осының
бәрі айтылды-

ау деймін. Сізбен әр кездескен
сайын әңгіменің

желісін, бастан кешкен оқиғалардың

тұтастығын
сақтауға тырыстым. Сізді мен таныған

сияқтымын. Окырман да әңгіменің
шындығына ила-

нады деп ойлаймын. Сөз соңында
өзіңіз не айтар

едіңіз?

- Мен биыл яғни 2002 жылы 84-жасқа
толамын.

Осынша ұзақ өмір сүріп, артыма
қарасам, біраз жол

жүріппін. Жолымның балалық шағы,
әрине, Павлодарға

дейін. Павлодардан кейін мен
балалық шақпен қош-

тасқан сияқтымын. Бұдан әрі менің
әскери, соғыстағы

өмірім басталды. Анау арнайы
барлаушылар мектебі

бар, жау тылында партизан болғаным
бар - алты

жылдай уақытты сол жаққа жұмсаппын.
Сол алты

жылда басымнан кешкен оқиғалардың
біразын саған

айтып бердім-ау деймін. Мен бір
керемет тар жол,

тайғақ өмір сүрген сияқтымын.
"Осылай өмір сүрдім,

осылай болады", - деп айтсаң,
біреуді сендірудің өзі

қиын, соның
бәрінен аман өтіп, бүгінгі күнге жетке-

німе өзімнен-өзім таңқаламын.

Қазақ айтады ғой: "Қырық жыл
қырғын болса да

ажалды өледі" деп. Сол рас
екен. Біз жау тылына

ұшарда ешуақытта тірі қаламын-ау
деп ойламайтын-

быз. Ол фашистердің тылы ғой,
қайтадан туған жер-

ге менің табаным тиеді-ау деген
жарты процент те

үміт болмайтын. Жау тылына төрт
рет ұшып барып,

жау тылында төрт жылдай өмір
сүріп, жүздеген

ұрысқа қатысып, жүздеген шайқасты
басқарып, қан-

дай қиыншылықтан, қаншама
қауіп-қатерден өтке-

німді қазір ойласам, жаным
түршігеді. Осының бә-

рін ойлап отырып: "Аман
қалуыма не себеп бол-

ды?" - деймін.

Сондағы ойға түйгенім - осының өзі
сәттілік екен.

1941 жылы соғыс басталғаннан бері
арада қанша жыл

өтті. Сонша жыл мен олжа өмір
сүріппін.

 Менің 1941 жылдың өзінде өліп
қалуым мүмкін еді.

1943 жылы Днепрден аман өтуімнің
өзі өліп қайта

туғанмен бірдей. Ал осынша 61 жыл
олжа өмір сүр-

генде мен босқа жүрмеппін-ау деген
ойға келемін.

Соғыс кезінде, әрине, барлаушылар
мектебінде оқыт-

қан ұстаздарымның
тәлім-тәрбиесінің көп көмегі тиді.

Осыны қайталап айтудан
жалықпаймын. Жау тылына

барғанда партизан құрамаларының
командирлері -

анау Примактың, Ковпактың,
Федоровтың, Тканконың

қарауында боп, бірге соғысқанымды
мен өзімнің бақы-

тым деп есептеймін. Соларға ылғи
да рахметімді ай-

тып, еске алып жүремін.

Ал енді соғыстан елге қайтқанда
мен жартылай

жабайы адам боп оралдым. Мұнда сәті түсіп, үлкен

адамдардың қамқорлығын көрдім.
Солар мені қанаты-

ның астына алып, дұрыс жолға
түсірді. Солардың кө-

мегімен жақсы өмірге оралдым деп
ойлаймын. Қысыл-

шаң сәтте, жол айрығында Қазақстан
Компартиясы

Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы Шаяхметовтың

алдында болғаным, Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі

Президиумының төрағасы
Қазақбаевтың алдында бол-

ғаным, аты аңызға айналған Әліби
Жангелдиннің қол

астында қызмет атқарғаным, анау
Министрлер Кеңесі-

нін төрағасы Оңдасыновтың қасына
еріп, сапарлас

болғаным - мұның
бәрі маған үлкен әсер еткен, өмірі-

ме өзгеріс әкелген сәтті оқиғалар
болды-ау деп, со-

лардың маған жасаған жақсылығын ұмыта алмаймын.

Сонау Украина жерінен мені елге
алып келген

Жұмағали
Саин ағамыз арқылы жазушылар кауымымен

танысуым, солардың ортасында боп,
солардың сөзде-

рін тыңдағаным мені жаңа өмірге -
жазушылыққа

бастаған сияқты. Үлкені бар,
кішісі бар - жазушылар

қауымының бәріне бауыр басып кеттім.
Көзімнің тірі

кезінде 150-дей ақын-жазушы,
журналистер мен туралы

естеліктер жазыпты. "Бұлар не
жазды екен?" деп, мен

сол естеліктерді оқимын ғой.
Әрқайсысын оқып оты-

рып, жазғандарын ой таразысына
саламын. Солардың

ой-пікірлері мені тәрбиелеген тәрізді.
Міне, осы ақын-

жазушылардың бәріне ризашылығымды
білдіремін.

Солардың бәрі тура өзімнің ақ
жолымнан таймайтын-

дай жағдайға келтіріп, солардың
жылы лебізі, жақсы

тілегі, ой-өрісі мені осы бүгінгі
халге әкелді ме деп

те ойлаймын.

Енді, міне, біраз жасқа келіп,
денсаулық болмай

қирап қалған, оқ тиген, ұрылған-соғылған адаммын.

Кейде қиыншылық жағдайға
өзімнен-өзім ұрынып жүре-

мін. Машинадан құладым, анау болдым, мынау бол-

дым - соның бәрінде өз кінәм
өзімде. Жұртқа менің

айтар өкпем де, қояр кінәм де жоқ.

Осының бәрін ойлай келе өзімнің
өміріме риза-

шылығымды көңіліме түйіп қойған
адаммын. Менің

төрт балам, он-он бес немерем бар
екенін, ол неме-

релерден шөберем бар екенін сен
білесің. Осының

бәрі соғыстан аман-есен оралған
соң, менің өмірге

берген ұрпағым,
артыма қалдырар мұрагерлерім.

Өмірімнің қызығы да, мағынасы да
осылар ғой. Бір

жерде мен былай дегенмін:

Тағдыр мені талай рет қуантты,

Тағдыр мені талай рет жылатты.

Ақырында бала беріп, бақ сыйлап,

Тағдыр мені осылайша жұбатты.

Міне, менің
барлық өмірімнің қорытындысы осы.

-          Қасеке,
Асыл апай Сізбен отасып, өмірде

65 жыл Сізбен қатар келе жатыр.
Шыныңызды ай-

тыңызшы, сіздің өміріңізде Асыл
апайдың алатын

орны қандай?

- Асыл апаң жасында мықты қыз
болған. Әлі де

мықты ғой. Өзі адам ретінде мықты.
Кәдімгі қайыс-

пайтын, таймайтын адам. Әлгінде
айтқан соғыстағы

ұстаздарым, соғыстан кейінгі үкімет басындағы тәр-

биешілерім, одан кейін көп жылдар
жақын араласқан,

қамқоршы болған ақын-жазушылар -
мен үшін бұлар-

дың алар орыны бөлек қой. Ал енді
күнделікті өмірде

бірге тұрып,
бірге жүрген Асыл апаңа айтылар сөз

өзгеше. Өмірде жаза басып, теріс
жолға түсіп кет-

пеуіме, тура жүруіме, осы
көтерілген биігімнен құлап

қалмасыма себепкер боп, соған
сүйеніш болған, ақыл-

шы болған осы Асыл деп білемін.
Оған деген менің

алғысым, айтар жылы сөзім де
ерекше.

-          Қасеке,
жақсы айттыңыз. Рахмет Сізге. Көрер

күніміз, жасар жасымыз ұзақ болсын.