ВЕРНУТЬСЯ

       - Қасеке, Сіздің өзіңіз, - қазақшасы бар, орыс,

украин тілдеріне аударылғаны,
қайта басылғаны бар,

отызға жуық кітаптың авторысыз, жазушы адамсыз.

Бір сөзіңізде «сол кітаптарда жазғандарым бастан

кешкен оқиғалардың үштен бірін
ғана қамтиды»

дегенсіз. Соған қарағанда, әлі де
айтарыңыз көп

сияқты.
Кеңестік заманда коммунистік идеология

қолбайлау болып, кейбір
шындықтарды айта алма-

ған, жаза алмаған боларсыз. Соғыс
шындығы,

сондағы қатыгездік бояма
әсірелеуді қаламайды.

Төрт жылға таяу үнемі жау тылында жүріп, үнемі

атысып-шайқасу,
әрине, ауыр сын, жан азабы,

тағдыр тауқыметі. Алғаш жау тылына
аттанғанда

Сіз небәрі 23 жаста екенсіз. Қызық
көріп, сайран

кешетін қызулы жастық шақта, елден алыс кетіп,

қалың жаудың арасында, қантөгістің ортасында

ұзақ уакыт арпалысып жүрдіңіз. Шынында, бұл -

өмір мен өлім
арпалысы. Осы аралықта бастан

кешкен, көзбен көрген небір оқиғаларды ұзақ айтып

тауыса алмауға да, қысқа қайырып тұжырымдауға

да болатын секілді. Қазіргі әңгімеде қысқа кайыру

жағын қарастырсақ қайтеді?

- Келістік. Бәрі де көз алдымда,
көңілімде жаттау-

лы. Жалпы, мен - армияда болмаған,
соғыста бастан-

аяқ жау тылында болған адаммын.
1939 жылы фин

соғысы басталып, майданға
аттанғанда армия қата-

рында болатын ба едім.

Бірақ Мәскеуге жақындағанда мені
диверсиялық-

барлау мектебіне жөнелтіп, үш жыл
бойына сонда

оқытып-үйретіп, жау тылында әрекет
етуге дайындады.

Бір қызығы, 1941 жылдың қараша айының 19 күні

алғаш рет жау тылына парашютпен
түстім. Ал 1944

жылдың қараша айының дәл осы 19
күні сонау Карпат

тауында партизандық майдан жолым
аяқталды. Мен

үшін соғыс та дәл сол күні бітті.
Содан кейін Киев-

тегі Орталық партизандар қозғалысы
штабына келіп,

еліме қайтуды ойладым.

-        Қасеке,
Сіз әлдебір жағдайларға байланысты

жау тылында қалып,
партизандарға косылған катар-

дағы көптің
бірі емессіз. Арнайы дайындықтан өтіп,

арнайы тапсырмамен жау тылына өтіп, украин

жерінде партизан кұрамаларын ұйымдастыруға

қатысқан, содан соң жеке бір
отрядты басқарған,

қанды жорықтар жасаған, санатта бар, елеулі адам

болдыңыз. Бүгіндері бұны екінің бірі біле бермейді.

Әйтеуір, «өзіміздің партизан Қасым
Қайсенов» дейді.

- Иә, солай екені рас. Оған да көп
уақыт өтті

ғой. Кімнің есінде сақтаулы
дейсің.

-        Қасеке,
бір нәрсені нақтылай түсейін. Сіз

соғыс уақытында
арнайы тапсырмамен, арнайы

іріктелген топпен жау тылына
парашютпөн төрт рет

түсіпсіз.

1941 жылы 19 қарашада Украинаның
Киев

маңындағы Богуслав орманына
жөнелтілген он

адамның біреуі - Сіз екенсіз. Сол
күндерде жау

қоршауынан құтылып
шығып, тірі қалған да -

жалғыз Сіз екенсіз. Киев, Полтава
облыстары жерін-

дегі Чапаев атындағы партизан құрамасының бір

отрядының командирі боп жау
тылында тура екі

жыл жүрдіңіз. 1943 жылдың аяғында
20 адамды

парашютпен екінші рет Молдавия
жеріне тастады.

Мұнда
да партизан отрядын басқарып, әдеттегіше,

жаумен шайқастыңыз. Үшінші peт 1944 жылдың

басында 25 адамды Румынияның
Плоешти деген

мұнайлы
өлкесіне парашютпен түсіргенде кейін

үшеуіңіз ғана тірі қалдыңыз.
Қалғандары оққа

ұшты. Қайтадан Совет Армиясына қосылып,
аз-кем

дем алып, емделген соң төртінші рет 1944

жылдың маусым айында 60 адамды,
арасында Сіз

де барсыз, Карпат тауының арғы бетіндегі Батыс

Украина жеріне парашютпен
түсіргенде тірі қалған

жетеудің бірі Сіз болдыңыз.
Осылайша төрт жылда

араға уақыт салып төрт рет
парашютпен жау ты-

лына түскенде алғашқы күннің
өзінде барған адам-

дардың көбі қырылып, Сіз аман
қалып, жорық

жолын жалғастыра беріпсіз. Осыдан-ақ
қаншалықты

қатерлі кез, қанды ұрыстарды бастан кешкеніңіз

байқалады. Әр күн, әр түн жау
тылындағы қауіп

төнген, ажал тосқан қиын сәттерге
толы болса

керек.

-        Соғыста,
әсіресе, жау тылында кей-кейде күтпе-

ген тосын жағдайларға тап боласың.
Сондайда тірі

қалуың тағдырдың сыйы секілді
көрінеді. Соғыста

өмір мен өлімнің арасы - қас
қағым, яғни бір

минуттік сәт.

Алдымен басымнан кешкен бір
күлкілі оқиғаға

тоқталайын.

Алғаш жау тылына барғанда мен
қалың орманда

жалғыз қалып, рацияны тығуға тура
келді. Сол жерде

астыртын ұйымды
басқарып жүрген әрі болашақ

партизан құрамасының командирі
Примак Иван

Кузьмич деген генералға кездесіп,
сол екеуіміз

рацияны тауып алып, сенімді деген
орманшының

қолына бергенбіз. Отряд құрып, бәрін әбден ыңғайлап

алған соң
Примак екеуміз әлгі орманшыны іздеп

бардық.

-        Бұл қай жылы болған оқиға?

-        1941
жылдың аяғы болса керек. Екеуміз орман

ішінде келе жатырмыз. Примак менен
төрт жас

үлкендігі бар. Совет Армиясының
генералы. Біздің

әскерлер шегінген кезде оны
партизан құрамасын

ұйымдастырып, басқаруы үшін жау
тылына әдейі

тастап кеткен.

Мен Богуслав орманына парашютпен
түскен соң,

оның
кездесетін орнын біліп, іздеп, тауып алғанмын.

Содан кейін екеуміз бірге жүрдік.
Сөйтіп, екеуіміз

орманшыға келе жатырмыз. Орманшының аты-жөні

Впасенко Семен Григорьевич. Баласы
соғыста. Өзі

оның қайда жүргенін білмейді.
Кемпірі селода тұрады.

Шағын алаңдағы
екі терезесі бар, сабан шатырлы, бір

бөлмелі кішкене үйдің жанына келіп
тоқтадық. Түн. Ай

жарық. Айнала тым-тырыс.

Примак: «Вася, сен осы арада мені
күт. Кіріп-

шығып, Семен Григорьевичтің үйде
бар-жоғын білейін»,

- деп кетіп бара жатыр еді,
«Тоқта, неге жалғыз өзің

барасың. Мен де бірге жүрейін. Бұл
арада ешбір

қауіп жоқ сияқты», - дедім. Есік
ашық екен. Алдымен

Примак, одан кейін мен кірдім. Есікті
жаптық. Пештің

үстінде жатқан Семен Григорьевичке
парольды айт-

қанда ол біздің кім екенімізді
бірден білді.

Бірден пештен қарғып түсті. «Иван,
бекер келдің-

дер. Өлсем мен жалғыз өлетін едім.
Енді үшеуіміз де

өлетін болдық.
Міне, екі күн болды, немістің жандарм-

дары сендердің келулеріңді күтіп
жатыр. Осы үйдің

маңайының бәрі немістің
солдаттары. Екі күн болды,

есікті ашқызып, мені пештің үстіне
жатқызып қойды.

Сендер келеді деп бір сатқын
жеткізген болуы керек.

Енді үшеуіміз де осы үйден тірі
шықпаймыз», - деді.

Мен қайта бұрылып
есікті ашайын десем, сыртынан

жауып қойыпты. Енді үшеуіміз де
үйдің ішінде қама-

лып қалдық. Бір уақытта Примак
ойланып қалды да:

«Терезе ашыла ма?» - деді.
Орманшы: «Біреуі сыртқа

қарай ашылады, екіншісі
ашылмайды», - деді. Примак

шалға бұйырып,
«Сен қазір терезені ашып жібер де

бұғып
жата қал. Мен осы терезеден сыртқа қарай

граната лақтырамын», - деді.

Оның бір танкіге қарсы қолданатын
және екі қол

гранатасы бар болатын. Өзі де зор
денелі, қарулы

адам еді. Екеуімізде екі пистолет.
Басқа қару алма-

ғанбыз. Примак шалға: «Осы маңайды
жақсы білесің.

Ең алдымен сен қашасың. Содан
кейін сенің артыңнан

мен терезеден қарғып кетемін.
Біздің соңымыздан

Вася шығады», - деді. Мен екінші
терезеден сыртқа

 

қарап тұрмын. Шал терезені ашып жіберіп түбіне жата

қалып еді, Примак танкіге қарсы
гранатаны сыртқа

лақтырған кезде гүрс еткен керемет
жарылыс болды.

Бұта-қарағанның ішінде жатқан
немістер, құдай

сақтасын, айқайлап, жаралылары
бірін-бірі сүйрелеп

жатыр. Айналаның астаң-кестеңі шықты.
Екінші қол

гранатаны лақтырғанда тағы да
үлкен жарылыс болды.

Арық денелі, шағындау шал бірден
зытты. Оның

соңынан терезеден әзер-мәзер шығып
Примак кетті.

Сыртқа мен де терезеден қарғып
шықтым. Артымнан

біреу оқ атқандай боп, бұрылып жалт қарағанда, әлгі

екеуінен көз жазып қалдым. Қайда
кеткендерін біл-

меймін. Бірақ маған да қайткенде
сол арадан алыстап

кету керек.

Ол кезде жүйрік болатынбыз. Жан
ұшырып, барым-

ша қатты жүгіріп келе жатырмын.
Қолымда пистолетім

бар. Соңымнан мылтық атылып жатыр.
Оған

қарайтын мен жоқ, қашып келемін.
Жүгіріп келе жатып

ойлаймын: «Шал осы жердің адамы.
Бір тасада бұғып

қалған шығар. Ал менің Примак
жолдасым қайда?" -

деп. Әлгі жерден елу метрдей
шыққан соң қарасам,

алдымда бір еңгезердей адам
жүгіріп барады. «Апыр-

ай, мен адасқан жоқ екенмін. Иван
Кузьмичті тауып

алдым ғой», - деп, әлгінің соңынан
бар пәрменіммен

жүгірдім.
Әлгі артына қарай-қарай қашады.

- Қасеке, қуанған
да, қорыққан да бір деген

ғой. Жаны мұрын ұшына тығылғанда адамның

әдеттегіден гөрі қуаттанып кететін кезі болады.

Әлгінің жүйріктігі де содан шығар.

- Кім білсін. Әйтеуір, еңгезердей
болған соң Иван

Кузьмич деп ойладым. Ал жүгір
әлгінің соңынан.

Қатты жүгірсем, ол одан сайын
үдетіп, екпіндей

түседі. Өкпем өшіп жақындай
бергенде ол қолындағы

винтовкасын жерге тастап, екі
қолын көтеріп тұра

қалды.

Командирім деп соңынан жүгірген
адамым неміс

боп шықты. Мелшиіп мен де тұрып қалдым. Әлгі

бақылдап, бірдеңе деп тұр. Мен
немістің тілін, ол

орыстың тілін білмейді екенбіз. Ол
«мені атпа», - деп

тұрған
болуы керек. «Қарусыз жалғыз немістен несіне

қорқамын», - деп ойладым да, «Қой,
бұны атпайын.

Айдап алып кетейін. Жігіттерге
алып барып қайдан

келгенін, қанша адам барын
сұрайық», - деп, оны

тұтқындауға
кірістім. Енді оның жердегі винтовкасын

алуым керек. Жақындасам, ол менен
үлкен, әйтеуір,

менен күші артық, бой бермеуі
мүмкін.

Пистолетті ұстап тұрып, орысшалап: «Назад», -

дедім. Түсінді. Шегініп кетті. Мен
винтовкасын алып,

затворын қалтама салдым. Енді
теріс қаратып,

қақпайлап айдап әкету керек. Ал
айдап алға салу

үшін оны теріс қарату керек.
Әдетте, фашистер

ататын кісісін теріс қаратып,
қарақұстан атады.

«Кругом» деп қолыммен көрсеттім.
Ол айқайлап, бақы-

рып жіберді. «Атасың» дегендей
«пух-пух» деп

бірдеңелерді айтып жатыр. «Пух.пух
нет», - дедім

орысшалап. Айналып теріс қарап
тұрды. Қолыммен

ымдап, «шагом марш» деп едім,
кетті.

Қисық кетсе, «былай-былай» деп
бағыттап,

кездесетін жерге келсем, Примак та,
Власенко да сол

арада мені күтіп отыр. «Мынаны
қайдан тауып

алдың?» - дейді. Болған оқиғаны
баяндадым. Олар

менің аман келгеніме қуанып қалды.
Біздегі аудар-

машыларға апарып, сұрағанда әлгі
немістің солдаты:

«Сендердің мына партизаныңдай
батыр адамды

көрмедім. Ол да, мен де қарулымыз.
Ол соңымнан

қалмай, қуып жетіп, тұтқындап, сендерге алып келді»,

- депті. Артынан партизандар осыны
айтып,

қалжыңдап,
күліп жүрді.

- Қасеке, өлгенде
соғыста өмір мен өлімнің

арасы қас қағым сәт дедіңіз де әңгімені күлкілі

оқиғаға қарай
бұрдыңыз. Дегенмен, тірі қалуың екі

талай боп, «міне, құрыдым, біттім» деген катерлі

жағдайда адам қандай күйге түседі?
Алдымен аман

қалуды ойлай ма? Әлде... Басыңызға
түскен аса

қиын жағдайда қандай әрекеттер
жасадыңыз?

- Ондай қатерлі жағдайлар көп
болды ғой. Өліп-

тірілген кездерімнің бір оқиғасын
айтайын.

1942 жылдың жазында орманда жатқанбыз.
Чапаев

атындағы партизан құрамасының 3
отрядының бірінің

командирімін. Алдыңғы бір шайқаста
немістерді қира-

тып, біз екі асыл тұқымды айғырды
қолға түсіріп,

отрядтың ат взводына берген едік.
Орманда айғырдың

кісінеген дауысы алысқа кетеді.
Сол біздің есімізді

шығарды.

Бір күні құрама командирі Иван
Кузьмич Примак

адъютантсыз, жалғыз өзі жаяулатып
менің отрядыма

келді. «Вася, сенің мынау
айғырларыңның кісінегені

жер жарады, жау жаққа да жетеді.
Осы орманның

ішінде қара май заводы бар дейді.
Сондағы жігіт-

терге барлаушыларды жіберіп,
келістім. Айғырларды

соларға апарсақ піштіріп береді»,
- деді.

Асау айғырларды ерттеп мініп,
екеуіміз жолға

шықтық. «Атқосшы алайық», - деп
едім, «Екі-үш

шақырым жер, аттарды тастап, жаяу
қайтамыз», -

деп, Примак көнбеді. Ал менің
үстімдегі киімім жыр-

тылып, осының алдында ғана үлкен
бір селоның поли-

ция бастығын өлтіріп, соның киімін
киіп алғанмын. Тек

жұлдызды
белбеу тағындым. Мендегі советтік белгі

сол ғана.

Кішкене алаңға орналасқан қара май
заводының

ағызған майын жинайтын ұзын қораға қарай бет ал-

дық. Менен 30-40 метр алда келе жатқан
Примак

әлгі қораның арғы жағын айналды.
Мен төтесінен

бергі жағынан бардым.

 

Қораның есік алдына келсем, сыртта
фазтон арба

тұр,
бірақ ат жоқ. Қара май заводының жұмыс-

керлері мұндай жұмсақ арба мінбесе керек. Дереу

қауіптеніп, тіксініп қалдым. Енді
арбаның арғы жағынан

Примак келе қалған кезде мына
жағынан мен де

бардым. Сол уақытта әлгі қораның
ішінен елу-алпыс

жастағы, шашы ағарған бір адам
шығып, бізге винтов-

касын кезеп, «қолдарыңды көтер» деп бұйырды. Бұры-

ла қашуға келмейді, астымыздағы
аттарымыз да асау.

Екеуіміз қатарласып тұрдық та
қалдық. Бірақ қолы-

мызды көтермедік. «Ендеше
аттарыңмен қораға

кіріңдер»,
- деді.

Қораға да кірмейміз. Қораға кіру
деген өлім ғой.

Ол орысша сөйлеп, қимылдасаң
атқалы тұр. Сол

сәтте менің ойлағаным - қалайда
командирді аман

сақтап қалу керек. Командир
өлгеннен менің өлгенім

дұрыс. Анау Примакты басынан
көздеп, енді атуға

оқталғанда оны кеудеммен жауып
алдына қарай құлай

кеттім. Атып кеп жібергенде
Примактың фуражкесін

ұшырып жіберді. Екі айғыр екі
жаққа қарғып кеткенде

екеуіміз жерге құладық.

Примак пистолетін алып үлгеріп, атып қалды. Анау

ақ бас
адам қораны айналып қаша жөнелді. Сөйтсек,

сол араны неміс солдаттары қоршап
алыпты. Біз бұны

білмей, келіп қалыппыз. Олардың
үнсіз, оқ атпай

жатқаны - менің киіміме қарап
полицей деп ойлаған

болса керек.

Примак: «Вася, соңымнан ер», -
деді де мен кел-

ген жаққа қарай жүгірді.
Жан-жақтан қоршаған неміс

солдаттары біздің кім екенімізді
енді түсінді. Пулемет-

тен оқ жаудырып, алдымдағы ағаштың
быт-шытын

шығарды. Примак жүгіріп, қарасын
батырып кетті де,

мен өзімнің тұсымдағы
орманға қарай беттедім. Мені

қалайда атпайды. Полицей деп, әлі
де түсінбей жа-

тыр. Бір солдаттың басынан,
екіншісінің аяғынан қар-

ғып өтіп, қашып барамын. Сөйткенде
мен орманға

кірердің алдында артымнан оқ ата
бастады. Жаралан-

ған жоқпын.

Отрядыма келсем, Примак осында
екен. Ішінен оқ

тиіп жаралы бопты. Дәрігер оған
операция жасап

жатыр екен. Примак әрең сөйлеп:
«Вася, олар мына

Гелмиязов ауданынан келген
болулары керек. Алдынан

шық», - деуге ғана шамасы келді.

Сол арада мен қырық шақты адамы бар аттылы

взводты алып, Гелмиязов жолына
қарай шықтым. Жол-

ды қарасам, арбаның, аттың былай
барған ізі бар да

қайтқан ізі
жоқ. Яғни олар әлі қара май заводында.

Шапқылап жүріп тосқауыл жасауға
қолайлы жер тауып,

сол арада күтіп жаттық.
Астымыздағы аттарымыздан

түсіп, атшыларға беріп, аулақ
әкеткіздік. Көп күттірген

 

жоқ, әлгі фаэтон келе жатыр.
Артында үш-үштен тізі-

ліп немістің солдаттары келеді.
Жол кішкене алаңның

ортасынан өтетін. Әлгілер алаңға
әбден кіріп болды

дегенде жан-жақтан қамап, оқ
жаудырдық. Аттар да,

адамдар да оққа ұшып жатыр.
Қашқандарын да

құтқарған жоқпыз. Бәрін тып-типыл
еттік.

Фаэтонға келсек, бізге «қолдарыңды
көтер» деген

ақ бас шал отыр. Қасында аудармашы
сұлу қыз бар.

Әлгі шал Гелмиязов ауданының
старостасы екен. Өзі

украиндық. 1918 жылы немістермен
бірге Германияға

кетіп, 1941 жылы немістермен бірге
қайтадан Украина-

ға оралыпты. Бізге енді тезірек
кету керек. Староста-

ны фаэтонның алдына етпетінен
салып, үстіне сұлу

қызды жатқыздым. Үстеріне өзім
отырып алдым.

Атшыға: «Ал енді айда», - дедім.
Сол жолы 29 адам-

ды тірідей қолға түсірдік.

Тұтқындарды алып өзіміздің
лагерьге келсек,

Примакка дәрігер операция жасап
болыпты. Сөйлеу-

ге ауырсынып, қиналып жатқан
Примакқа «бәрін ой-

дағыдай тындырдым» дегенімде, ол
риза боп басын

изеді. «Қалғанын да тындыр»
дегендей, қолымен белгі

берді.

1941-42 жылдары біз тұтқын алған
жоқпыз. Біз

қолға кім түсті, соның бәрін дереу жойып отырдық.

Жою әдістерінің сырын ашпай-ақ
қояйын. Бұлар -

адамның жанын түршіктіретін
әдістер. Қолға түскен

фашистерге және де оқ
шығындамаймыз. Адамның

көзін жоюдың оқсыз-ақ әдістері
көп. Жауға біз де

аяусыз қатыгездік жасадық.
Өйткені, біздер -

фашистер жасаған талай сұмдықтарды көріп, қанымыз

қарайған, кек тұтқан адамдармыз. Қыздан басқа 28

адамды бір үлкен қораға әкеліп, бәрін сол арада

құртып,
жойдық.

-        Аттыңыздар
ма?

-        Жоқ,
атпаймыз. Біз оған оқ-дәрі жұмсамаймыз.

Партизандар үшін оқ-дәрі де
қымбат. Адам өлтірудің

әдістері көп деп әлгінде айттым
ғой...

- Қасеке, әлгінде айттыңыз, жау
нысанаға алған

Примакты денеңізбен қорғап, оның
оққағары болып-

сыз. Өзіңізден гөрі
командиріңіздің амандығын артық

көруіңіз қалай? Сонда оқ тиіп, қаза тапсаңыз, не

үшін, кім үшін өлді деуге болады?
Бұны да ерлік

дейміз бе?
Қарсы алдыңыздан мылтық кезеліп, енді

атқалы
тұрғанда сытылып қашып кетуді бір сәт те

ойламадыңыз ба? Әлде командирді құтқару міндет

пе
еді? Сізге өмір сүру керек қой.

 - Менің білетінім, адам күні бұрын жоспарлап
ерлік

жасамайды. Кім де кім Отанын
сүйсе, халқын сүйсе

сол жолда жанын құрбан етуге дайын тұрады. Сол

адам әр уақытта ерлік жасайды,
өзін өзі аямайды.

Тірі қалса да, өлсе де батыр
атанады. Ал кейде

ресми түрде Батыр атағын алғандар
бар ғой, солар-

дың көбі бір сәттік әрекетімен
көзге түседі. Ондай

адамдар алдарында тұрған
қауіп-қатерге, өлімге ешбір

дайындықсыз, бұйрықсыз өз беттерімен барып, тәуе-

келге бас тігеді. Міне, осыны мен
ерлік деп есеп-

теймін.

Сол Батыр атағын алғандар жасаған
ерлігін екінші

рет қайталай алмауы мүмкін. Оған
тіксінеді, қорқады.

Өйткені, олар тосын жағдайда
күтпеген қимыл жасап,

шайқастың тағдырын шешті, әрекеті жеңіс әкелді.

Міне, олардікі - нағыз ерлік.

Ал менің істегендерім ерлікке
жатпайды. Олай дей-

тінім, диверсиялық-барлау
мектебінде болған үш

жылдың ішінде ұстаздарым мені
әбден жаттықтырды.

Террордың, диверсиялық жұмыстардың кәнігі

мамандарының үйреткенін іс жүзінде
атқарған

адаммын. Кездесіп қалатын небір
тосын жағдайда

қандай әдіс-айла қолдану
керектігін меңгеріп, арнайы

дайындықтан өттім. Ұстаздарым не істе деді, қалай

істе деді. Соны бұлжытпай орындап,
жауға қарсы

қолдандым. Ал егер сол айтқандарын
орындай

алмасам, менің қаза тауып кетуім
де мүмкін.

Мен өзім Отан үшін не істедім, не
пайда

жасадым, соны әбден түсініп-білген
адаммын. Әлгінде

«командиріңді қорғап, өзіңді оққа
тостың» дедің.

Өліммен бетпе-бет кездескен тосын,
қиын жағдай-

ларда не істеу керектігін де
үйреткен болатын. При-

макты қорғағанда «өлемін» деп
ойлаған жоқпын. Ол

- менің төнген қауіпке қарсы
жасаған әрекетім.

Одан басқа ештеңе де емес. Ал бұны
өз басым

ерлік деп есептемеймін.

-        Қасөке, ұрыс алдында адамда үрей болады

деп ойлаймын. Үрей күшейгенде
өлімге апаруы немесе

сатқындық жасатуы мүмкін.

-        Дұрыс айтасың. Ешнәрседен қорықпайтын тас

жүрек адамдар бар шығар. Бірақ
пенде болған соң

бойды үрей билейтіні де рас. Оны
біреу байқатып,

біреу жасыра біледі.
Қауіп-қатердің, шайқастың алдында

адамның мінезі де, ішкі құбылысы да әртүрлі болады.

Бір үлкен қанды соғысқа кіргелі тұрғанда жүздеген

адамды сапқа тұрғызып, комиссар екеуміз аралап

жүріп жүздеріне анықтап қараймыз.
Алда өмір мен

өлімнің айқасы боларын, біреу өліп, біреу тірі қала-

тынын біліп, олар да іштей
толғанып тұрғанын сезесің.

Бәрін аралап, қарап шыққаннан кейін
комиссарды

жеке шақырып алып: «Комиссар,
барлық жауынгер-

лерді көрдің. Бүгін пәлен, түген,
айталық, Иванов,

Сидоров осы ұрыста оққа ұшады.
Соларды аман сақ-

тап қалудың жолы бар ма?» -
деймін. Ұрысты атқа-

рып алғаннан кейін байқағаным, сол
айтқандарымның

көбі дәл солай боп, расқа шығып
жүрді.

-        Қасеке,
күні бұрын оны қайдан білесіз?

-        Адамның
өңі өзгеріп, қобалжуын, іштегі үрейін

көзінен танытып тұрады. Соны
бірден аңғарасың.

Үрейі асқынып,
оққа ұшатынын күн ілгері сезесің.

Ондай адамға көмектесуің де қиын.

Үрейге байланысты сатқындық туралы
сөз қоз-

ғадың. Соның мысалы ретінде бір
оқиға есіме түсіп

отыр. 1941 жылы алғаш рет
парашютпен жау тылына

түскенде бірден сатқындыққа тап
болдық. Біз небәрі

он адам едік. Бірақ қанша адам
барын, қандай

мақсатпен жүргенін жау білмейді
ғой. Осындай

жағдайда олар листовка тастап,
«Сендер азсыңдар,

қолға түсесіңдер. Сондықтан өз
еріктеріңмен берілің-

дер», - деп үгіттеді. Ол
листовкаларды біз оқып

көреміз. Кімнің ішінде не ой барын
қайдан білесің. Бір

күн, екі күн өтті. Жазалаушы
отрядпен атыс та болды.

Міне, осы кезде он адамның бірі,
жүйкесі шыда-

мады ма, сатқындық жасады. Менен
басқа адам-

дардың бәрінің қырылуына сол да
себеп болды. Отан

алдындағы міндетін орындауға
келген адамдарға біреу

сатқындық жасаса, бұл үлкен соққы боп тиеді. Біз

ормандағы тұрағымызды өзгертіп
басқа орынға кеттік.

Қолайлы жер тауып, айнала қорғаныс
жасап, күтіп

жаттық. Түс ауа бергенде әлгі
сатқынның жазалаушы

отрядты бастап келгенін сездік.
Біздің басқа барар

жеріміз жоқ, сол арада қарсы
әрекет жасап соғысып

көрелік деп ойладық. Мина жарылды,
оқ та жауып

кетті, ұрыс
басталды. Сатқынның екі неміс офицерінің

арасында жатқанын көзім көрді.
Кешегі өз адамымыз -

бүгінгі сатқынды нысанаға алып, тура көздеп атып тү-

сірдім. Біз де оққа ұша бастадық.
Ақыр аяғында үш

адам ғана тірі қалдық. Кеш
батқанда жау жоқ-ау де-

ген жаққа қарай қозғалдық.
Қасымдағы снайпер де,

қол пулеметтегі Борис деген жігіт
те қаза тапты. Тірі

қалған мен ғана. Түн ішінде қалың
орманда, таны-

майтын жерде жападан-жалғыз кете
бардым.

- Қасеке, бұл
жау тылына түскен кездегі Сіз

үшін алғашқы ұрыс
қой. Сатқын адам өзгені ғана

емес өзін де оңдырмай жазалайды
екен. Сонымен,

әңгіме «үрей» дегеннен басталып,
сатқындық

әрекетке апарып тіреді-ау деймін.

- Иә, солай. Бір жолы өзім фашистерден
қашып

шығып, қасымдағы жолдасым жау
қолында қалғанда

«не онымен бірге өлейін, не оны
босатып алайын»

деп, жолдасым үшін қайтып
барғанымды айтайын.

Желтоқсан айының аяғы болатын.
Қарлы жаңбыр

жауып тұр.
Днепр өзенінің оң жағында жүріп партизан

отрядын құруға кіріскен кезіміз.
Енді сол отрядқа

қару-жарақ керек. Днепрдің сол
жағындағы орманда

тығылған қару-жарақ қоймасын Вьющи
селосында

тұратын Шпиталь Сергей Нилович
деген коммунист бі-

леді.

Міне, соған барып, қойманы
тексеріп келуге екі

адамды - Попов Николай
Михайловичті және мені

жіберді. Өзінің отырған жерінен
он-он бес күн шығып

кетсе сол орнын қайтадан таба
алмайтын, бағдарлауы

нашар адамдар болады. Менен екі-үш
жас үлкендігі

бар әлгі Поповтың бағдарлауы жоқ,
келген ізін лезде

ұмытады. Кейін ол партизан
отрядының командирі

болды. Ал мені жіберген себебі,
анау Шпиталь мені

біледі, екеуіміз жүздескенбіз,
екіншіден, мен - қай

жерге апар дейді, сол жерге
адастырмай тура түсіре-

тін адаммын.

Мен бастап, Попов соңымнан еріп,
екеуіміз келе

жатырмыз. Сезік тудырмас үшін
пистолеттен басқа

қару алған жоқпыз. Екеуімізде де
коммунистердің

астыртын ұйымы жасап берген жалған
құжаттар бар.

Тұтқынға түссек, «еркін жүріп-тұруға рұқсат етілді» деп

немісше, орысша жазылып, немістің
мөрі басылған осы

құжатты көрсетіп құтыламыз ба
дейміз. Жол-жөнекей

кездескен адамдарды «Днепрдің сол
жағы советтерден

азат етілді деп естіп, бұрынғы
ата-бабамыздың жеріне

келе жатырмыз», - деп алдаймыз.

Попов - таза орыс, бірақ түрі
еврейге ұқсас. Ал

менің
сиқым мынау. Сөйтсе де кеңес өкіметінен

қысым көріп, шет елге қашқан байдың
тұқымы екені-

мізді айтамыз.

Бізге Днепрден өту керек. Бұл кезде өзеннің бір

жері қатып, бір жері қатпаған.
Жергілікті адамдар:

«Днепрдің айналып ағатын ашық тұсы бұрын қатады.

Луковец селосы арқылы өте аласыңдар»,
- деген.

Селоға жақындағанымызда, екеуіміз
тоқтап, ақыл-

дастық. Селода полиция, жандармдар
болуы мүмкін.

Олар бізді көргеннен кейін
тінтеді, пистолетімізді

тауып алса, қауіпті адамдар
ретінде комендатураға

тапсырады. Одан әрі не болары
белгісіз. Сондықтан

арғы бетке жай адам боп өтейік
деп, бір ағаштың

түбіне пистолетімізді тықтық.

Екеуіміз селоға кіргенде
алдымыздан екі полицей

шығып, тоқтатып тініткенмен ештеңе
таба алмады.

Селодан өтіп Днепрге келсек,
үстінен қызыл су жүріп

кетіпті. Біреулер айтты: «Арғы
жағаға өтіп кеткен

адамдар болды», - деді. Кейбірі:
«ойылып кетуі де

мүмкін», - деп қорқытты. Біз
қаншалықты қауіпті болса

да, амал жоқ, Днепрден өтуіміз
керек. Үш метрлік ұзын

сырық тауып алдық. Тағы да
ақылдастық. «Алдымен

мен жүрейін, сенен гөрі жеңілмін.
Сырықтың бір жағын

сен, бір жағын мен ұстаймын. Аяғыңды сырғытып

басып, менің ізіммен жүресің», -
дедім.

Сөйтіп, екеуміз келе жатырмыз.
Өзеннің ортасына

жеткенде Поповты мұз көтере алмай суға түсіп кетті.

Сырық кептірілген, мықты екен. Ол
сырықтан айырыл-

ған жоқ. Ақырын саумалап тартып,
оны судан шыға-

рып алдым. Днепрден шығысымен оның
киімдерін

сығып, сырықты бір жерге жасырып,
әрі қарай жүріп

кеттік.

Сергей Ниловичтің үйін бірден
тауып бардық. Ол

қуана қарсы алып, тамақтандырып горилка
берді.

Біраз отырдық та сол түнде
қару-жарақ тығылған

қоймаға бардық. Бетіндегі қақпағын
ашып, қоймаға

түсіп, бәрі орнында екеніне көз
жеткізіп, қайтадан,

әлгі үйге келдік.

Таң ата бергенде селодан шықтық та
арғы жағаға

өттік. Кешегідей емес, Днепр
едәуір қатыпты. Үш-төрт

полицай біздің қайтуымызды күтіп тұр екен. Бірден

ұстап алды. «Қауіпті адамдар жүр»,
- деп біреулер

жеткізген болуы керек, бастауыш
мектеп үйіндегі

старостаның кабинетіне алып келді.
«Сендер тегін

адам емессіңдер. Кеше ғана кеттіңдер,
енді неге

қайттыңдар?» - деп тергей бастады.
Староста әрқай-

сымызға жиырма бес шомпол салуға
бұйырды.

- Қасеке, қазақшалап айтқанда, бұл дүре соғу

ғой. Винтовканың шомполымен ұрды ма?

- Иә. Столдың үстіне жатқызды.
Полицай екі-

екіден аяқ-қолымызды ұстап, керіп, тартып тұрды.

Біреуі ұрады, ол шаршаса екіншісі ұрады. Бас-көзге

қарамай етпетімізден жатқызып ұрып жатыр. Құлақ

шыңылдап, санағандары естілмейді.
Шешіндіріп, ұрып-

ұрып, столдан түсіріп тастады. Арқа әбден қанталап

кеткен, қозғалтпайды. Бір жақ көзі
соқыр, алпысқа

ақындаған староста 1918 жылы
Германияға кетіп,

немістермен бірге еліне қайтып
оралғандардың бірі ме

деп ойладық, Біздің «байдың тұқымы
едік» деген

қулығымызды ол бірден түсінді.
Поповқа: «Сен орыс

емес, еврейсің», - деді. Тіптен
өшікті.

Староста айтты: «Екеуін осы
бөлмеге жабыңдар.

Ертең таңертең комендатураға
тапсырыңдар», - деді.

Комендатураға апарса, бізді онда
атып тастайды. Ста-

ростаның жауыздығы сонша, «аяқтарындағы етіктерін

шешіп алып, жалаңаяқ жатқызыңдар», - деді. Екеуіміз

бір куртканы астымызға салып,
бірін жамылып жаттық.

Етікті шұлғауымен алып кетті.
Есікті сырттан бекітті.

Ертең бізді өлтіреді, атыламыз.
Қайткенде қашу

керек. Попов екеуіміз қамауда
жатып әрі ақылдастық,

бері ақылдастық. Мен айттым: «Сен
қашып шыққан-

мен, бәрібір, пистолеттерді тыққан
жерді таба ал-

майсың. Сондықтан менің қашуым
керек. Мен күзет-

тегі полицияға үлкен дәретке
отырамын деймін. Ол

есік ашады, сыртқа шығарады. Түн
қараңғы, қарлы

жауын. Мен амалын тауып қашып
кетемін де, екі

пистолетті тауып, қайтып оралып,
сені босатып ала-

мын», - дедім. Осыған келістік.

Мен есік қақтым. Старостаның
кабинетін былғат-

пайды ғой. Есікті ашты. Бір
полицай винтовкамен

есіктің сыртында тұр екен. Пешке от жағып он төрт-

он бес жасар бір бала жүр. Менің
етігімді берді де:

«Біреуің ғана шығасың», - деді.
Бірақ шұлғаусыз.

Поповтың да
етігін өзіне қайтарды. Мен сыртқа шық-

қанда полицай есікті қайтадан
бекітіп тастады. Курт-

камды иығыма жамылып, сыртқа
шығуға беттедім. Әлгі

үйде бала ғана қалды. Онда қару
жоқ. Қолында балта-

сы ғана бар.

Полицай менің соңымнан жүріп
отырды. Мен әрірек

барып жүремнен отырдым. Әлгі
артымда қақиып тұр.

«Қазір тұра қашсам, ол маған
тигізе алмайды, қо-

лындағысы бірден атқылайтын
автомат емес, винтовка.

Бір атады, тигізе алмайды. Винтовканы
екінші рет

қайта атқанша мен талай жерге ұзап кетемін. Түн

көзге түртсе қараңғы. Адам өлім
алдында қанша

қиналып, денең ауыр тартып
тұрғанмен, жанушырып

қашасың. Енді мен құтылып кететін болдым», - деп

ойлаймын.

Сол отырған қалпымда: «Ал анау Попов не бола-

ды? Мылтық атылады, манағы
жендеттердің бәрі

келеді, жиналады. Бұдан соң менің
қайтып келіп,

оны босатып алуым қиынға соғады»,
- деп те

ойладым. «Қасымда тұрған қазір бір
ғана полицай.

Оның өзі неміс емес, украиндық,
аңқаулау секілді.

Жолдасымды тастап кетсем,
ертеңінде оны өлтіреді.

Мен құтыламын.
Жоқ, бұлай болмайды. Мен Попов

жатқан үйге қайта барамын. Полицай
мені кіргізіп,

ананы шығару ушін есік ашады. Осы
сәтте жалғыз

полицайды бірдеңе етерміз», - деп,
іштей осы

әрекетке бекіндім.

Кері қайтқанда полицайдың менің
қашпайтыныма көзі

жеткендей боп, винтовкасын
кезегенін қойып, көлденең

ұстап, артымда бейқамдау келе жатқанын байқадым.

Бала есікті ашты. Полицай
винтовкасын ұстап, менің

ішке кіруімді, ананың шығуын
күтті. Есік ашылған кезде

Поповқа белгі бердім де полицайды
тұмсықтан қатты

ұрдым. Ол шалқасынан түсті. Сол
кезде мылтық атылып

кетті. Попов винтовкаға жармасып
полицайдың қолынан

тартып алды. Мен оны құлатқаннан кейін ыза болғаным

сондай, балтаны алып басын
шаппақшы боп қолымды

көтере бергенде Попов «өйтуге
болмайды», - деді.

Балтаны тастай беріп қаша
жөнелдім. Попов та

қашты. Мен бірден мектептен шығып
кеттім. Артым-

нан жүгіріп полицай де шықты.
Айғай салды. Қайы-

рылып артыма қарасам, Попов жоқ.
Мен мектепті

айналып, құтылып кеттім. «Попов та
құтылған шығар.

Қолында винтовкасы бар ғой», - деп
ойладым. Кейін

білдім, оның бағдарлауы жоқтығы
сондай, шығатын

есікті таппай, басқа бөлмеге кіріп
кетіпті. Қолын-

дағы винтовкамен терезені ұрып
шығып кеткен

көрінеді.
Жүгіріп, пистолетті тыққан ағашты тауып,

курткамды жамылып, Поповтың келуін
күтіп әзір

отырмын. Дірілдеп тоңдым.

 

Таң ағара бергенде өлдім-талдым
деп Попов та

келді. Екеуіміз құшақтасып,
көріскендей боп, «енді

өлмейміз» дедік. Екеуіміз сол күні
ең кемі он сегіз

шақырым жердегі өзіміз жататын
үйіміз бар селоға

небәрі екі-үш сағатта жүгіріп
жеттік. Бірақ селоға кіре

алмаймыз. Таң атып кетті. Ел
тұрып, көзге түсіп қа-

ламыз. Селоның шетінде үлкен мая
бар екен. Соны

үңгіп жіберіп, екеуіміз маяның
ішіне кіріп, сол арада

жаттық. Арқамыз ашып, аяғымыз
қажалып, қан боп,

қимылдауға шама жоқ. Тек келесі
түнде біз астыртын

үйдің подвалына келіп кірдік.

- Қасеке, Сіз осы командиріңізді құтқарасыз,

жолдасыңызды жауға тастамай,
өзіңізбен бірге

тұтқыннан
алып шығасыз. Сіз сонда сол жолда өліп

кетем деп қорықпайсыз
ба?

-        Ажалдан
кім болсын қорқады. Мен де қорқамын.

Атқаруға тиіс міндеттер болады.
Қорықсаң да, қорық-

пасаң да, қиын сәттерде
қарсыласып, әрекет етуге

мәжбүрсің. Шешім аяқ астынан,
кенеттен туады. Онда

да алды-артын ойлап, өлмеудің
қамын жасап, ақылмен

іске асыруың керек. Өзіңді ғана
ойласаң, керісінше,

елдің алды боп өлуің мүмкін. Ал
қорқақтық пен ездік

- екеуі екі басқа нәрсе. «Қорқақты
қуа берсең батыр

болады» деп қазақ тегін айтпаған.

-        Қасеке,
тағы бір тосын жағдайдан әңгіме

қозғаңызшы. Тағы қандай қатерден
өттіңіз? Соны

білгім келеді.

-        Соғыста
мен артист боп жындының ролін ойна-

ғаным бар. Әрине, театрдың
сахнасында емес, жау-

дың ортасына жынды адам боп барып,
итке таланып,

таяқ жеп қайтқаным бар.

-        Қасеке,
бұныңыз кызық екен, айтыңызшы?

-        Үлкен
селода тұрып, орманға шығуға дайындық

жасап жатқанбыз. Содан тағы да бір
он шақты күндік

астыртын жұмыстарымыз бітпей,
бөгеліп қалдық. Осы

селоның тұрғыны еместердің бәрін
тексерген. Астыр-

тын ұйымдағылар
- орыстар, украиндар. Басында

оларға «бұрынғы
бай адамдардың балалары болған-

дықтан тұтқыннан босатылып,
Украина жерінде еркімен

жүріп-тұруға рұқсат етілді», - деген құжат берген.

Тексерілмеген мен едім.

Комендатура маған шақыру қағаз
жіберіпті. Бар-

масаң, комендатураны алдамасаң әрі
қарай астыртын

ұйымның тапсырмаларын орыйдауға
мүмкіндігің бол-

майды. Шақыруды қолыма алдым.
Астыртын ұйым бас-

шылары маған: «Сенің бойыңда артистік қабілетің бар.

Өзің мықты дайындалған адамсың.
Сен оларға есі

ауысқан адам боп бар. Әйтпесе
ұсталып қаласың», -

деді. «Егер оларды алдай алмасаң,
аудан орталы-

ғындағы комендантқа әкетеміз десе,
айдап бара жатқан

жерінен өзіміз азат етіп аламыз»,
- деді.

Олар мені жолға дайындап, киіндіре
бастады. Еті-

гімді шешіп, жалаңаяқ етіп, үстіме
жыртық қара көй-

лек кидіріп, жыртық шалбардың
балағын түргізіп

есалаң адамның кейпіне келтірді.
Өзімнің де сиқым

оңып тұрған жоқ. Шашым өсіп
кеткен. Ол жақта біз-

дің халықты біле бермейді. Бірнеше
мың халқы бар

Македон деген селоның коменданты -
немістің

полковнигі. Соның алдына баруым
керек.

-        Қасеке,
коменданттың алдына не мақсатпен

барасыз?

-        «Ешбір
қауіпсіз адам. Өз еркімен жүре берсін», -

деген рұқсат қағаз алуым керек.
Былай шыққан соң су

кешіп, үсті-басыма батпақ жағып,
селоның шаң басқан

көшесімен комендатура үйіне
жақындап бардым.

Бұл демалыс күні болатын.
Комендатураның алдын-

да полицай, жандарм дегендерің
патефон ойнатып,

селоның жас әйелдерімен би билеп
жатыр. Солай қа-

рай бұрылып,
жынды адамша жан-жағыма алақ-жұлақ

қарап диванға отыра кеттім. Бір
полицай менен жиір-

кеніп, жүгіріп келіп сүйреп
тұрғызып жіберді. Қайта

барып отырғанымда мені аямай ұрды.
Әбден ұрылып

үйренгенмін ғой. Сыр алдырмай,
есуастанып, бет-

аузымды қисайтып, күле беремін.
Біреуі «неге келдің?»

дегенде орыс тілін білмейтін боп,
қазақша сөйлей

бастадым. Әлгі шақыру қағазын көрсеттім.
Біреуі: «Бұл

қауіпті адам», - деді. «Қайдан
қауіпті болсын, есі

дұрыс емес» деді екіншісі. «Бұны
комендантқа алып

барсақ, жынды адамды неге
әкелдіңдер деп өзімізді

жазалайды. Осылай жүре берсін», -
деп тағы біреуі

айтты. «Жынды адам өрт шығарып,
пәлесіне қалармыз.

Атып тастайық», - деді.

Бәрі дабырласып, ақырында
комендантқа апаруға

келісті. Екі полицай екі жағымнан
итермелеп комен-

датураға кіргізді. Коменданттың
кабинетінің есігін

ашты.

Төрде немістің полковнигі отыр.
Артындағы қабыр-

ғада Гитлердің бір жас баланы
құшақтап түрегеп тұр-

ған суреті ілулі тұр. Полковниктің
қасында үлкен

овчарка ит жатыр. Мына жағында
тілмаш әйел отыр.

Әлгілер мені итермелеп әкеліп,
тілмашқа бірдеңе-

бірдеңе деді. Тілмаш оны
полковникке аударды.

Менің шақыру қағазымды қолына
алды, оқыды. Бір

уақытта полковник орнынан атып
тұрып, ақырып,

бірдеңе деді. Тілмаш әйел украин
тілінде: «Ұлтың

кім?» - деп сұрады. Мен алақ-жұлақ
етіп: «Орыспын»,

- дегенде полковник жүгіріп қасыма
келіп, жағымнан

салып жіберді. Ит маған жармасып,
көйлегімді дал-

дұлын
шығарып, жыртып тастады. Иығымнан қан сау-

лап кетті. Полковник тағы да
ақырып, екінші жағым-

нан ұрды. Бұған да шыдадым.
Полковник қолымен

итергенде үйретілген ит екен,
бірден шегінді.

Бір уақытта комендант екі
полицайға қарап, ай-

қайлап сөйлеп жатыр. Тілмаш әйел
украиншаға ауда-

рып: «Сендер қауіпті адамның
орнына қайдағы бір

жындыны әкелесіңдер. Сендерді
жазалау керек», -

деді. Полковник: «Мынаны
әкетіңдер», - деп айқай

салғанда екі полицай мені есікке
қарай сүйреді.

Коменданттың бөлмесінен кеткім
келмегендей мен

кейін қарай шегіндім. Неміске
жақсы атты көріну

үшін бір полицай қолындағы
кескегімен бастан ұрды.

Көз алдым қарауытса да, ауырсынсам
да, тыртысып,

шегініп әлекпін.

Мені сүйреген бойда сыртқа алып
шығып, «кет»

дегенді айтты. Мен қайтадан
диванға барып отыр-

дым. Мені тағы да ұрды, орнымнан тұрғызды. Біреуі

«кете берсін» деді, біреуі «атып
тастаңдар» деді.

Ақырында, мені босатып жіберді.
Бір сайдың ішіне

барып жуынып-шайынып, жігіттер
шығарып салған

үйге келсем бәрі мені құшақтап, құттықтап жатыр.

«Енді жұмысымызды аяқтап,
бітіретін болдық», - деп,

олар қуанып қалды.

Сонымен, он күннен
кейін орманға шығуға әзір-

лендік. Осы селодан елу-алпыс
адам, басқа жақтан

келетіндері бар - сол күні түнде
орманда жиналатын

болғанбыз. Енді соған жетуге жолға
шығуымыз керек.

Осы селодағы елу-алпыс адамның
командирі мен едім.

Бәріне қару-жарағын таратып беріп,
орманға жүрер

алдында, түнде өзім бастап
коменданттың үйін қоршап

алдық. Сондағы полицайдың бәріне
төрт-бестен адам

жібердік. Сол жолы немістің
полковнигі, тілмаш әйел,

полиция, жандармдар - барлығы 25
адамды тұтқын-

дап, алдымызға салып, орманға жүріп кеттік. Түнімен

жүріп, енді таң атсын деп бәріміз
демалып отырдық.

Тұтқындарды да отырғызып, күзет
қойғанбыз.

Күн шыққан соң мен коменданттың
алдына келіп

тұрдым.
Тілмаш әйел бар, екеуін қолдарын байлап

биік қарағайдың түбіне отырғызып
қойыпты. Полковник

маған тіке қарап, таңырқап қалды.
«Мынау мені тани

ма екен?» - дедім орысшалап. Ол
үндемеді. «Орнынан

тұрсын», - дедім. Тұрғызып алдым. «Тағы да сұра,

мені таныды ма? - дедім тілмаш
әйелге. Ол тағы да

үндемеді. Еңгезердей немістің
полковнигін тұмсықтан

сүйкедім. Қолы байлаулы ғой, құлап түсті. Қайтадан

тұрғыздым.
Ол ұрады екен деп жасқана берді. Ол

осыдан он күн бұрын өзінің жақтан
кезек-кезек соқ-

қан, итке талатқан, жынды деп
ойлаған адам екенімді

әбден таныса керек. Украина
жерінде үлкен, терең

жыралар көп болады. Сол жыраларды
айналып өту

үшін кейбір кезде бірнеше шақырым
жер жүресің.

Полковнигі, тілмаш әйелі бар -
әлгі 25 адамды сол

жырада қалдырдық...

- Қасеке, соғыста түрлі жағдайға
тап болсаңыз

да аман қалып жүріпсіз. Адамның
соғысқа бойы

үйреніп кете ме әлде үнемі қауіпті сезініп, сақтанып

отыра ма?

-        Басқа
адам қандай күй кешетінін білмеймін. Ал

өзім - соның бәріне әзірленіп,
соны мойындап жүрген

адаммын. He істеп жүрсем де,
айталық, ұрыс жүргі-

зейін, кісі өлтірейін, жолдасымды
құтқарайын - соның

бәрін заңды, солай болуға тиіс деп
әбден мойын-

сұнып, көндіккенмін.

-        Қасеке,
қауіп-қатерді күн ілгері сезіну бола

ма?

-        Қауіп
төнгенін сезсе біз сияқты адам оған қарсы

тез әрекет қолдануға тырысады.
«Соғыста енді тірі

қалмайтын шығармын» деп торыққан
сәттің өзінде

адам өмірден үмітін үзбеуі керек.
«Мен тірі қаламын»

деп, «жеңіп шығамын» деп ойлау
жақсылыққа

бастайды. Ал үрейленіп қалдың ба,
оның арты өлім

болады. Жауға жауырыныңды
көрсетіп, қорқып, қашу

дегенің - «біттің» деген сөз.
Міндетті түрде оққа

ұшасың. Кімге де жан тәтті, өмір
сүргің келеді. Алды-

мен, өлімнің не екенін түсіну
керек. Мысалы, саған

қарсы оқ атып тұр делік. Біреулер
үрейленіп қашады.

Біреу, сол пана болатындай,
бұта-қарағанның түбіне

жата қалады. Бұның бәрі
түсінбестіктен. Адам ит

жанды ғой, «өлемін» деп қорқудың
керегі жоқ. Жау

сенің миыңды не дәл жүрек тұсыңды көздеп атпаған

шығар. Әрі қарай соғыса бересің.
Жаумен күресесің.

Әзер болса жараланарсың.

-        Қасеке,
өзіңіз көп жараландыңыз ба?

-        Аса
көп жаралана қойған жоқпын. Бірінші рет

иығымнан жараландым. Ол жара жеңіл
болды. Елеген

жоқпын. Одан кейін Днепрден өтіп,
біздің әскерлерге

плацдарм дайындаған кезде фашистер
бізді бомбалап,

топырақтың астында қалдырды. Мен
контузия алдым.

Менің нендей жерімде тесік бар -
соның бәрінен қан

ақты. Көзден, құлақтан, тұмсықтан,
ауыздан аққан қан

мені есеңгіретіп тастады. Сол
есеңгіреудің ақыры бір

көзімнің кетуіне зардабын тигізді.
Мына құлақтың

естімеуі де сол есеңгіреудің - контузияның салдары.

Бірақ оған қараған жоқпын.

Одан кейін де партизандар
қатарында үш жыл

соғысып, үш рет парашютпен жау
тылына түстім ғой.

Жаралансаң да, құдайдың басқа салғанына көндім

деп, шыдайсың. Басқа не амалың
бар?!

Ең ауыр жағдай 1944 жылы Карпаттың
тауында

болды. Шың-жартастардың бірінде
венгрлердің әуе

бақылайтын әскери бөлімшесі бар
екен. Айналасын

мықтап бекіткен казарманы алу
керек болды. Соған

40-50 адамды мен бастап бардым.
Жанымда Алек-

сеенко Григорий Давыдович деген
менің отрядымның

штабының бастығы болды. Сол
екеуіміз қатар жаттық.

Күттік. Казармаға жақындап келіп,
адамдарды үш

топқа бөліп, жан-жақтан аңдытып қойғанбыз. Бір жағы

ұрысты бастап, екінші жағы қостауы
керек. Сосын

венгрлер қашқан кезде біз тосқауыл
жасап оларды

қыруымыз керек. Бір уақытта
алдымен шабуыл жасай-

тын жігіт, аздап қорқақтығы бар
еді, сәл кешігіп қа-

лып, екінші жақтағы адамдар
еріксіз шабуылға шықты.

Венгрлер біздің келгенімізді біліп
қойды. Олар граната

лақтырды. Біз жатқан жер мен
олардың траншеясының

арасы небәрі 30 метрдей ғана.
Граната ағашқа тиіп

жарылып, мені де, жанымдағы
Алексеенконы да жара-

лады. Енді не істеу керек? Мен
әрең қозғалып, «ша-

буыл жасаңдар» деп белгі бердім.
Ақыры, шабуыл

басталды. Әлгілердің көбі тұтқындалды. Тауда соғысу-

ға немістерден гөрі венгрлер анағұрлым икемді, мық-

ты. Олардың қай жақтан келгенін
білмей де қаласың.

Карпат тауында соғысып жүргенде неміс
солдаттары-

нан емес, осы венгрлерден көп зиян
шектік. Жара-

ланып жатқан Алексеенко екеумізді
носилкаға салып

сол арадан алып кетті. Көп
кешікпей жазылып кеттім.

- Қасеке, «Қырық жыл қырғын болса
да ажалды

өледі» деген. Сол төнген ажалдың
алдын алып,

бетін қайтарып,
сақтанудың жолдары да бар

шығар?

-        Әрине,
құдай «сақтансаң сақтаймын» деген де

сөз бар. Мүмкін менің қасиетім бе,
әлде әркім де

солай ма, әйтеуір, мен өзіме төніп
тұрған қауіпті қа-

лай да сеземін. Мысалы, анау
Карпат тауында болған

бір оқиғаны айтайын.

-        Қасеке, бұл қай жылы болды?

-        1944
жылдың жаз айында Карпат тауына 60

адам парашютпен түскенде
бастапқыда кімнің тірі,

кімнің өлі екенін білмейміз ғой.
Өйткені, ұшақтан

секіріп жерге түн ортасында
бөлек-бөлек түскенбіз.

Енді бір-бірімізді іздеп, таудың
ішін кезіп жүргенбіз. 7

адам табысып, қалған 53 адам жоқ.
Кімнің не бол-

ғаны, қайда қалғаны белгісіз.

Түнде алтауымыз ұйықтағанда біреуіміз күзетеміз.

Таңертең менің күзетім бітіп,
екінші адамды оятып,

қарауылға қойып, анадай жердегі
жотаның үстіне

шықтым. Дүрбімен жан-жақты
қараймын. Төмендегі

сайды бойлап қырық-елу адам келе
жатыр. «Мына-

лар біздің топтың адамдары екен»,
- деп қуанып

кеттім. «Алда келе жатқан Богин,
анау Лахонин», -

деп, әрқайсысын сырттай өзімше
долбарлап, танып

тұрмын. «Оларды ертіп өзіміздің
қалған алты адамға

алып барамын. Содан олар жотаны
айналып жеткен-

ше азырақ ұйықтап алайын», - деп
ойладым. Қатты

ұйықтап кетіппін. Бір уақытта
жүрегім солқ ете түс-

ті. Шошып ояндым.

Жау тылында жүргенде біздің
әдетіміз бойынша

оянған кезде бірден бас көтеріп
қимылдауға бол-

майды. Ең алдымен қайда жатырсың,
қасыңда кім

бар - бәрін қозғалмай жатып,
байқап алуың керек.

Жан-жағыма қарасам, отыз метрдей
жерде елу-алпыс

неміс келе жатыр. Бәрі де
мылтықтарын кезеніп алып-

ты. Отыз метр деген не, бірден
ұстап алады, қар-

сылассаң атып тастайды.

Мен үлкен тастың үстінде жатырмын.
Бір жағы

құлама
жар. Енді не істеу керек? Атса, әйтеуір, біреуі

тимесе, екіншісі тиеді. Арамыз тым
жақын. Сол қоз-

ғалмай жатқан күйімде дүрбімді
етігіме тығып, авто-

мат, пистолеттерімді, екі
гранатаны ыңғайлап алдым

да әлгі жерден төмендегі жарға
қарай қарғып кеттім.

Олар да бір-екі рет атып үлгерді,
бірақ, оқ тимеді.

Тізем тасқа соғылып, қатты ауырып,
көзімнен отым

шықты. Аласұрып
жүгіріп, әрі қарай қаштым. Жігіт-

терге келсем мылтық дауысынан
оянып үрпиісіп тұр

екен. «Не болды?» - дейді.
«Осылай-осылай болды», -

деймін. Немістердің келген жағын
айналып, ту сырты-

нан келсек, олар мен жатқан тасты
бәрі үймелеп

қарап тұр
екен. Біздің келгенімізді білмей де қалды.

Сол арада жетеуіміз
жеті жерден оқ жаудырып,

жартысына жуығын қырып тастадық.
Тірі қалғандары

мен қашқан жаққа кетуге мәжбүр
болды. Сөйтіп бір

ажалдан аман қалдым.

Сол жолы 53 адаммен бірге радист
қызымызды да

жоғалттық. Бір күннен соң әлгі
қызды тауып, рация-

сымен бірге өзін де жарып тастадық
емес пе. Оны

айтып па едім?

-        Қасеке,
ол оқиғаны әлі айтқан жоқсыз.

-        Оны
кейіндеу айтайын. Тағы да қауіпті сеземін

дегенге бір мысал келтірейін.

Жеті адам Карпат тауына келгендегі
негізгі тапсыр-

мамызды орындауға яғни партизан
отрядын құруға кір-

істік. Соғыс тұтқындарын азат
етіп, одан-бұдан қаш-

қандарды қосып төрт-бес жүз адамы
бар отрядты

жасақтап алдық.
Командиріміз - баяғы Днепрден бері

белгілі Тканко. Біздің екінші
радисіміз Аркаша Гаспа-

рян деген армян жігіті парашютпен
түскенде рация-

сынан айырылып қалған еді. Тканко
айтты: «Вася,

көрші селодағы чехтардың астыртын ұйымы бізге

рация береміз деген. Аркашамен
бірге барып, сен

соны алып кел», - деп тапсырма
берді.

Екеуіміз жолға шығып чехтың селосына
кірдік.

Чехтардың астыртын ұйымы бізге құрмет көрсетті.

Рация тауып берді. Әлгілермен
бірге отырып самогон

іштік. Таң алдында чехтар бізді
селодан шығарып

жіберді. Аркаша рацияны арқасына
байлап алып, менің

соңымнан еріп отырды. Әрқайсымызда
екі автомат, екі

пистолет бар. Карпаттың тауына
өрмелеп келеміз.

Аркаша: «Шаршадым, жатып ұйықтап
алайық», - деді.

Артымыздан қуып келе жатқан ешкім
жоқ қой деп

ойладым. Тау, орманның іші. Біраз
жер жүрген соң

шағын алаңға тоқтап, жатып
ұйықтадық. Күзет, сақтық

дегенді сол арада мүлде ұмыттық.
Ұйықтап қалыппыз.

Сөйтсек, біз болған селоға
немістер келген екен.

Оларда да сатқындар бар ғой. «Осы
селодан әлгінде

екі партизан шығып кетті», - деп
жеткізе қойыпты.

Олар біздің ізімізге түсіп,
соңымыздан жүріп отырып-

ты. Оларда ит жоқ екен. Егер ит
болса дәл үстіңнен

түсіреді.

Ұйықтап жатқанда тағы да жүрегім селк еткізіп

оятты. Шөпті қозғамай, ақырын
келген жағыма қара-

сам ағаштың шетінде қаптап
немістер тұр. Түртіп

Аркашаны ояттым. Сыбырлап сөйлеп:
«Біз қоршау-

дамыз, не болмаса олардың келгені жаңа ғана», -

дедім. Ол бір етігі қысып, шешіп
тастапты. «Етігіңді

тез киіп ал. Оны-мұныңды жина да
алға қарай тұра

салып қашатын бол. Сенің соңыңнан
мен де кете-

мін», - дедім. Алдымыздағы
орманның шетіне дейін

он-он бес метр ғана. Соған
іліксек, құтылуымыз

мүмкін.

Біз орманға қарай жүгірген кезде
артымыздан оқ

жауды. Мен құлап түстім де төмен
қарай домалай

жөнелдім. Аркаша да орманға кірді.
Жүгіріп жанына

барсам, жаралы екен. Май құйрығынан оқ тиіпті.

Бірден маған айтқаны: «Командир,
мен енді жара-

лымын. Мені атып кет. Мына рацияны
алып, жігіттерге

тапсыр», - деді. «Олай етуге
болмайды. Аяғың сау

ғой. Heгe
сені атып кетуім керек». Оны екі жүз

метрдей жерге сүйреп апардым.
Орманға әбден кіріп

алған соң оның жарасын таңып бермекші
боп ағаш-

тың түбіне отырғызып, шалбарын
шешкіздім. Май

құйрықтан тиген оқ қара етті
ырситып тіліп тастапты.

Сүйегі аман. «Аркаша, соңымызға
түскен немістерді

көрдің ғой. He де болса шыда,
дыбысыңды шығар-

ма», - дедім.

Іш көйлегімді жыртып, жарасын
байлап берейін

десем ырсиған еті ем жасатпайды.
Өткір қанжарым-

мен әлгі құйрықтың
жұлмаланған етін екі-үш жерден

кесіп алып тастадым. Шөптің бетін
ысырып, қап-қара

топырақты әлгі орынға жапсырдым да
байлап таста-

дым. Аркаша тіпті жүре алмады. Оны
тағы да сүй-

реледім. Әбден шаршадым. Өрге
қарай сүйреу қиын

ғой. Кесек-кесек тастары бар үлкен
қорымға кездес-

тік. Немістерді неде болса осы
жерде қарсы алайық

деп әлгі араға бекіндік. Аркашаны
етпетінен жатқы-

зып, екі автоматты екі жерге
қойдым да немістерді

күттім. Олар бұл жаққа келмеді.
Кеш батқанда қо-

рымның төменгі жиегімен біздің
лагерьге қарай кетіп

бара жатты. Бір сағаттан кейін
мылтық атылды. Олар

біздің лагерьдің үстінен шығып,
сол арада ұрыс бол-

ғанға ұқсайды. Таң атқан соң
Аркашаны сүйреп, шірі-

ген жуан қарағайдың түбіне
әкелдім. Шірігін тазалап,

қолыммен үңгірлеп әлгінің ішіне
кіргіздім де қолына

бір пистолет бердім.

Денесі шағын, талдырмаш болатын.
«Сені бұл

жерден ешкім таба алмайды. Мен
лагерьге барып

жігіттермен қайтып келемін. Сені алып
кетеміз. Бірақ

атылып қалып жүрме», - деп қатты
тапсырдым.

Сонымен не керек, лагерьге келсем
бұл жерде соғыс

бопты, бес-алты неміс, төрт-бес
партизан өліп жатыр.

Өліктерді жинап алуға шамалары
келмей, бәрі де осы

жерден кетіп қалыпты. «Біз
төртінші лагерьге кеттік»,

- деп біздің адамдар белгіленген
орынға қағаз жазып

тастапты. Жүгіріп төртінші
лагерьге де жеттім. Жаны-

ма бірер адамды ертіп, Аркаша
жатқан ағашқа қайта-

дан барып, оны үңгірден шығарып
алдық. Ол емделіп,

бір айдың ішінде қатарға қосылды.

- Қасеке, әлгінде парашютімен
ағашқа асылып

калған радист кыз туралы айтамын
деп едіңіз...

- Бұл жаның күйзелетін өте бір
аянышты оқиға

болды. Бір түнде 60 адамды
парашютпен Карпат

тауына тастағанын әлгінде айттым
ғой. Әр жаққа

шашырап, бір-бірімізді іздегенімізді,
7 адам табылғанын

да естідің.

Басқалары қайда деп, тау-тасты
аралап жүргенде

ағаштың басына ілінген парашютті
көрдік. Біздің адам

екеніне сенімдіміз. Жақындап
барсақ, ағашқа ілінген -

біздің Зоя Крестьянинова деген
радисіміз екен. Осы-

ның алдында да бір-екі рет бірге ұшқанбыз. Биік әрі

жуан қарағайдың басына парашют
киіліп, қыздың өзі

асылып қалыпты. Жерге дейін жиырма
метр бар.

Қарағайдың төменгі жағында кемі
он-он бес метрге

дейін бұтағы
жоқ, жалаңаш діңгек. Онымен қоймай

қарағай терең құзға қарай қисайып өскен.

Қыз дәл сол құздың
үстінде асылып тұр. Құлап,

түскен күннің өзінде жартасқа
соғылып өлетін еді.

Ал бұл қыздың бойында автомат,
пистолет, рация

бар. Рацияның шифры, коды, құжаттар - бәрі

соның
бойында. Қыз асылып қалған соң денесіне

киілген парашют лямкелерін қиып,
босап кетемін

деп ойласа керек. Мысалы, төмен
құлайтын адам

мұндайда алдымен кеудеге жақын
жоғарғы лямке-

лерді, содан соң борбайдағы
лямкелерді қиюы

керек. Қыз, керісінше, астыңғы
жақтағы лямке-

лерді қиып, жоғарғысын қия алмай,
содан асылып

қалыпты.

Біз ағаштың түбіне жиналып, қызды
босатып алмақ-

шы болдық. Ағашқа шығайық десек,
ұстайтын бірде-

бір бұтақ жоқ. Құшақтауға құлаш
жетпейді, жуан-ақ.

Содан соң жетеуміздің қанжарымызды
ағашқа қадап,

етіктерімізді шешіп тастадық.
Бес-алты метр өрмелеп

шығамыз. Әрі қарай қадағанмен
қанжар адамның

салмағын көтере алмай, қайта-қайта
құлай береміз.

Аяғымыздың бәрі қан, алақанның
терісі сыдырылып,

әбден бейнеттендік. Қатар өскен
бір жіңішке ағашқа

өрмелеп те көрдік. Жуан ағашқа, бәрібір,
жете

алмадық. Әрі-бері айналдырып,
ағашқа шығудың ешбір

амалын таппадық.

Сол кезде күзетке қойған адамымыз:
«Немістердің

жазалаушы отряды келіп қалды», -
деп хабарлады.

Енді не істеу керек? Жан қысылды.
Қыз асылған қал-

пында тірідей көз алдымызда тұр.
Егер оны тастап

кетсек, немістер асықпайды ғой,
қызды қолға түсіреді.

Тірі күйінде алса, оны азаптап
өлтіреді. Өлі күйінде

болса, бойындағы рацияны барлық
шифр, кодымен,

құжаттарымен
өздеріне алады. Рацияның кодын білсе

біздің басқа рацияны пайдалануымыз
қиын. Сосын

жазалаушы отряд
бізге өмір сүргізбейді.

Біз әрі ойландық, бері ойландық. Жеті адаммен

жазалаушы отрядқа қарсы тұра алмаймыз. Міне,

осыны әбден түсіндіріп қызға
жеткіздік. Енді еш

амалымыз қалмады. Сөйтіп тұрғанда
қыздың өзі

айтты. «Олай болса мені тірідей
фашистердің қолына

тастап кетпеңдер. Сендермен бірге
Карпатта соғыса

алмағаныма өкінемін. Бойымдағы
заттарды сендерге

түсіріп бере алмаймын. Осының
бәрін менімен бірге

жойыңдар», - деген өтініш
білдірді. Бізбен зарланып

тұрып
қоштасты. Өте ауыр жағдай. Бұрын бірге боп,

бірге соғысқан ержүрек қыз еді.
Енді оны өз қолы-

мызбен өлтіруге мәжбүр болдық.
Қызбен соңғы рет

қоштастық.
Ағаштың түбіне күшті мина салдық. Мина-

ны жарған кезде жуан қарағай
бірден көкке ұшты...

Сөйткенше болмай жазалаушы отряд
та келіп қалды.

Олардың иттері де бар екен. Содан
бастап біз жаза-

лаушы отрядтың қуғынына түстік.
Оның қалай аяқт-

алғаны да өз алдына ұзақ әңгіме...

- Қасеке, парашютпен түскен 60
адамның

жетеуден басқасы табылмады ма?

- Табылмады. Бәрі де қаза тапқаны
кейін белгі-

лі болды. Кейін олардың өліктерін
тауып, бір жерге

ортақ молаға жерлепті. Сол арада
ескерткіш орна-

тылыпты. Тік ұшақпен таудың басына
ақ мәрмәр тас

шығарып, барлық алпыс адамның
аты-жөнін қашап

жазыпты. Сол тізімде менің де
фамилиям бар көрі-

неді. «Бұлар алғаш Закарпат
Украинасына түскен

совет жауынгерлері» делінген сол
ескерткіш әлі де

тұр.
Өзін-өзі жоюға шешім қабылдап, ерлікпен қаза

тапқан радист қыздың атына
қойылған Зоя

Крестьянинова деген село да бар.
Міне, біздің

Карпаттағы партизандық
жорығымыздың бір қай-

ғылы хикаясы осындай еді...