ВЕРНУТЬСЯ

       - Қасеке, "Машинаны жаксы
жүргіземін. Ма-

шинаға әбден
үйренген адаммын", - дедіңіз. Өзіңіз

ауылда тудыңыз,
балалық шағыңыз Асубұлақ деген

жерде өтті. Ал енді атқа мінуге
қалайсыз?

- Жасымда атқа онша әуес болмадым.
Өмірде ат-

қа мініп жүруге шорқақпын. Менің
өзімнен екі жас үл-

кен Рақымбек деген ағам бар. Ол
аттың құлағында

ойнайды. Ал мен аттан құлап қала
беремін. Біздің

жақта Қосанның Сағидолласы деген
бала болды.

Оның аттан жығылды дегенін ешкім
естіген емес. Сол

Сағидолла айтатын, атқа мінудің
әдісі бар дейтін. Ол

да аттың құлағында
ойнайтын, небір бәйгеге қатыса-

тын. Рақымбек те, Сағидолла да ат
көрсе, соның

маңында жүріп, бәйге болса, атқа
мініп, шапқысы

келіп құмартып
тұрады.

Біздің жақта сол кезде небір
атақты бәйге аттары

көп болды. Мысалы, Байырқаның қара
аты, Дәндібай-

дың торы аты, Қайрақбайдың көк
қасқасы десіп, бірі-

нен бірінің мақтауын асырып
жатады. Біздің жақтың

табиғаты керемет сұлу дедім ғой.
Жер атауларының

да тарихы, оқиғасы қызық. Мысалы,
Құройнақ деген

бір төбе бар. Таңертең ерте сол
төбенің үстіне шы-

ғып алып құр ойнайды. Құр дейтін құсты білетін шы-

ғарсың. Жүздеген құр төбені айналып жүріп, құрыл-

дап, ойнақ салады. Содан бұл төбені Құройнақ деп

атаған. Ат жарыста осы Құройнақта көмбе болады.

Біздің жақ таулы жер ғой. Өзен,
суы мол.

Ат жарыс қара жолмен түзу шабады.
Үлкен аттар-

ды төменнен жібереді де, осы Құройнақта күтеді.

Бәйге аттары келгенше сол жерде
палуандар күреседі,

басқа да сауықтар, ойындар өтіп жатады.
Елдің бәрі

де сол жерге жиналады. Мен де
барамын.

Бірде біздің ауылда үлкен той болды. Менің әкем -

еті тірі, ел басқарған адам. Сол
тойды басқарып,

жұртпен араласып жүрді. Бәйге
аттарының кеткеніне

едәуір уақыт өтті. "Аттар
келе жатыр" деп дүрліккенде

біз де Құройнақтағы
көмбеге қарай жүгірдік.

"Тұрлыбайдың торы аты алда
келеді" деп айқайлап

жатыр. Ол торы атқа менің Рақымбек
ағам мініп кеткен

еді. Торы ат Қарамойылдан шығып,
жалғыз келеді екен.

Көтермелеген дауыстарға қосылып
мен де айқайлаймын.

Сонымен, Рақымбек мінген ат
бәйгеде озып келді.

- Қасеке, Рақымбек
ағаңыз бәйгеден озып келді

дейік. Ал Сіз ше? Басқа балалар сияқты бәйгеге

қатыспайсыз ба?

- Қазір айтамын. Өмірімде алғаш
рет бәйге атына

міндім. Енді құнан жарыс болғалы
жатыр. Сол кезде

жаныма Рақымбек ағам келіп:
"Сені әкем шақырады.

Жүр, құнанға
мінесің", - деді. Мен бұрын бәйге аты-

на мініп көргенім жоқ. Жүрексініп, қорқып қалдым.

Әкем шақырған соң бармауға
болмайды. Әкеме кел-

дім. "Қасым, мына құнанға
отыр. Озып келесің", - де-

ді. Мені көтеріп құнанға мінгізді
де, қолыма өзінің

қамшысын берді. Өзінің Ноғасбай
деген құрбысының

құйрығын,
кекілін қызыл лентамен шарта түйген әдемі

торы құнаны
екен. Қашырдай қатқан құнанның арқасы

жұп-жұмыр, сүліктей. Жүрексіне,
жүрексіне әлгі торы

құнанға міндім. Өгізбайдың қара
байталына мінетін

бала табылмай, Рақымбек қуанып,
"мен мінемін" деп

жүгіре жөнелді. Әлгінде ғана
бәйгеден алды боп кел-

ген. Міне, тағы да құнан жарысқа
қатысқалы тұр. Ат-

қа мұндай құмар
болар ма?!

Бәйгеде ат айдаушы арнаулы адам
болады. Сол

жолғы айдаушымыз Уәлтай деген кісі
мені жақсы кө-

ретін. "Әй, қу қара. Сен
байқа. Құлап қалма", - деп,

менің қасымда келе жатты. Мені тым
баласынды ма,

әлгі кісі жол бойы маған ақыл
айтады. Өзі құйрық-

жалы ұзын
торы айғырға мініп алыпты. "Ешкімге қа-

тарласпа. Сені олар жығып кетеді.
Анау бапа қауіпті", -

деп, бірнеше баланы сыртынан
көрсетті. "Оларға жа-

қындама. Құнаның
жүйрік. Озатын болсаң, жақындап

барып озба. Айналып, алысырақ
барып, сытылып озып

кет", - деп үйретті.

Ересек қу балалар қатарласа беріп,
аудара салған

кез болған. Бірақ дәл мұндай үлкен
бәйгеге бұрын

шапқан емеспін. Рақымбек ағам
Өгізбай дегеннің қара

байталымен алдымда кетіп барады.
Ат жарыстағы

егестігі сондай, маған оншалық
жылы ұшырап қара-

майды. Өзінің байталынан менің құнанымның озатынын

біліп келеді. Уәлтай бәрімізді
Қызыл кордонның жаны-

на алып келді де кең қара жолға
қатар тізіп қойды.

Рақымбекпен қатар тұрмын. Бір кезде Уәлтай қам-

шысын жоғары көтеріп,
"ал" деп айқайлап, бәйге ат-

тарын жарысқа қоя берді. Шаба
жөнелдік. Мен көппен

бірге қатарласып шаппадым.
Құнанның басын тежеп,

кейін қалып қойдым. Оларға онша
жақындаған жоқ-

пын. Өз алдыма оңашалау шауып келе
жатырмын.

Жолда бір үлкен су бар. Құлап қаламын ба деп, сол

судан қорқамын. Байқаймын, торы құнан тым жүйрік,

ешқайсысын қояр емес, біртіндеп
алдағыларды қуып

жетіп, озып келемін. Уәлтай ағаның
ақылы есімде. Он-

ша жақындамай озамын. Құнандар
бір-бірлеп қалып

барады. Енді әлгі судан да аман
өтіп кеттім. Торы

құнанның
жалынан мықтап ұстап аламын. Өзімнің атқа

мықты емес екенімді білемін.

Алдымда екі-ақ құнан қалды. Ең
алдындағысы -

өзімнің туған ағам Рақымбек. Одан
кейінгісі - бір көк

құнан.
Үстіндегі бала ересектеу көрінді. Соларды

өкшелеп мен келе жатырмын.
Рақымбек менің тақым-

дап жақын қалғанымды байқап, маған
қамшысын көр-

сетеді. "Озба" дегендей
жұдырығын түйіп, белгі бе-

реді. "Бұл қауіпті
екен", - деп ойладым. Ат айдаушы:

"Оларға жақындасаң, аяғын
сенің аяғыңның астына

салады да көтеріп жібереді. Сонда
сен қатты келе

жатқан аттың үстінен құлап
түсесің", - деген еді-ау.

Одан қорқып, жолдың қолайлы жерін
күтіп құнанды

тежей түстім. Жақындаспаймын. Сол
арада кейінгі көк

құнан
қара байталды қуып жетті. Енді бұлар қайтер

екен деп аңдып келемін. Сол екеуі
бірінен-бірі озып,

бірінен-бірі қалыспады. Бір
мезгілде көк құнан озуға

айналды. Көк құнан жанап өте
бергенде Рақымбек

енді оның құйрығынан шап беріп ұстай алды да, та-

қымының астына басып тартып келе
жатыр. Біраз

шапқаннан кейін құнан шаршайды
ғой. Содан кейін

Рақымбек одан оза бастады. Бұл жолы екеуі біраз

жерге дейін бір-біріне қамшы
серместі. Қысқасы,

екеуінікі жарыс емес, қып-қызыл
төбелес. Енді көк

құнан қайтадан алға шықты.
Рақымбек көк құнанның

соңынан қалмай, жанаса беріп
шылбырына оң аяғын

салып жіберді. Көк құнан мойнын
солға қарай қисай-

тып, шаба алмай қалды. Қара байтал
одан қайта

озып шықты.

Әлгілерге қарап мен шошып келе
жатырмын. "Мы-

нау сұмдық
екен. Мені де сөйтуі мүмкін ғой". Көк

құнан шаршап, болдыруға айналды.
Қара байтал сы-

тылып алға шыға берді. Енді мен де
көк құнанды тез

артқа тастадым, Алдымда қара
байтал ғана. Менің

ағамның анаған не істегенін көріп
келе жатырмын ғой.

Мені де аямасын білдім. Жақындап
қалғанымда ол ма-

ған қамшысын кезеді.
"Сабаймын, озба" дегенді айтып

келеді.

Ыңғайын тауып, жолдың бір бұрылысында лып етіп

оның алдына шықтым. Құройнаққа жақындай бергенде

бір шақырым жерде Қарамойыл деген
жер бар. Сол

Қарамойылдың арасынан өте шықтым.
Көмбедегі ха-

лық айқайлап тұр. Дауыстары анық естіледі. Еркін

келе жатқан торы құнан Рақымбектің
қара байталын

артқа тастады да көсіле шапты.
Көмбеге жақында-

ғанда жалынан мықтап ұстап,
құнанға қамшы бастым.

Көмбеге елдің алды боп келдім. Мен
көмбеге жетіп,

торы құнаннан
түсіп жатқанымда қара байтал да кел-

ді. Құнанның иесі Ноғасбай мені құшақтап, бетімнен

сүйіп, біраз ұсақ ақша беріп
жатыр. Ол кезде ақша-

ның да
не екенін білмеймін. Сосын әкем де мені кө-

теріп, бетімнен сүйіп, қуанып
қалды. Сол кезде тоғыз-

он жастамын. Сөйтіп мен алғаш рет
бәйге атына

мініп, жығылмай, бәрінен де озып
келген едім.

- Қасеке, балалық шақ туралы бір
әңгімеңізде

Байсұлтан
деген бір оқыған азаматты ауызға алып

едіңіз. Сол азамат ауыл балаларын
күрестіріп, жаяу

жарыс ұйымдастырады
екен.

- Иә, иә. Солай болғаны рас.
Біздің ауылда оқы-

ған адамдар аз болды.Сонау таудың
ішіндегі оңаша

жатқан ел ғой. Ұсақ-ұсақ аталардан құралған шағын-

шағын төрт-бес ауыл. Айдабол
дейді, Жарылғап дейді,

Төртқара дейді. Әр таудың
қуыстарына орналасқан

ғой. Сайдың ең түбіндегі біздің
ауылды Жоғарғы ауыл

дейді. Одан бергісі - Ортадағы
ауыл, Төменгі ауыл.

Бәрі - жақын ағайын-туыстар. Арғы
тегі бір. Орта-

дағы ауылда бізбен аталас Құнапия деген кісінің екі

ұлы болды. Үлкені - Нұрсұлтан.
Кішісі Байсұлтан

оқыған, сауатты жігіт еді. Біз
ылғи соның маңайында

жүреміз. Ол да балаларға үйір
болды. Балаларға не-

бір қызық көрсетеді, ойындар
ұйымдастырады. Бай-

сұлтанда
көк, қызыл сызықты дәптерлер, қарындаштар

болады. Біз соларды көргіміз,
қолымызға ұстағымыз

келеді. Берсе алғымыз келеді.
Байсұлтан қағаз-қарын-

дашты әншейін бере салмайды.
Таңертең үш-төрт

ауылдың балаларын жинап, қара
жолға алып келеді.

Ол әр баланың жасын, әке-шешесінің
кім екенін жақсы

біледі. Балаларды үлкен-кішісіне
қарап топ-топқа бө-

леді, Содан соң жаяу жарысқа шығарады. Озғанына

қағаз, қарындаш береді. Мен -
жасымда желаяқ,

жүйірк болған адаммын. Үш-төрт
ауылда менен озатын

бала жоқ. Сондықтан Байсұлтан
менің оң аяғыма

қызыл жіп байлап қояды.
Бұл-жүйріктіктің белгісі.

Жаяу жарыста балалардың бәрінен
озып кетемін.

Содан бәріміз жиналамыз. Байсұлтан
бізді алдымен

жаяу жарыстырады. Озып, бірінші
боп келгеніне қызыл

сызықты дәптердің бір бетін жыртып
береді. Одан

кейін келгенге көк сызықты
дәптердің бір бетін қолы-

на ұстатады.
Соның өзі бізге керемет сыйлық боп

көрінеді. Кейбіреулеріне
қарындашты ортасынан екіге

бөліп, біреуін береді.

Байсұлтан мені мақтап, "ең
жүйрік бала" дейді.

Содан мен, "жүйрік бала"
атанып кеттім.

- Қасеке, сонымен, "жүйрік
бала" атандыңыз.

Бәйгеден озып келдіңіз. "Тентек қара" атыңыз және

бар. Ал белдесуге, күреске
қалайсыз? Сізге енді

балуан деген атақ жетіспей тұрған тәрізді.

- Байсұлтан: "Жаяу жарыс
аяқталды. Енді күрес

басталады", - деп, балаларды
тағы да жасына қарай

топқа бөледі. Мен күреске онша
емеспін. Күрескенде

мені жығып кететін балалар бар.
Ортадағы ауылда

Омарбай деген еңгезердей қара кісі
болды. Соның

Рамазан деген ұлы менімен түйдей
жасты. Өзі әкесіне

тартқан, денесі ірі, менен күші
артық. Жасты бол-

ғаннан кейін ылғи екеумізді
күрестіреді.

Байсұлтан
бас бәйгеге екеумізді салады. Алдымен

өз қолымен екеуміздің де белімізге белдік байлайды.

Содан соң күрестің тәртібін
айтады. Әсіресе, "ыза

болмаңдар,
төбелеспендер, боқтаспаңдар", - деп, әб-

ден ескертеді. "Қазір ортаға
бас балуандар - Қасым

мен Рамазан шығады", - деп
хабарлайды. Ең алдымен

бір-бірімізге белдігімізден ұстатады. Содан екеуіміз

күресеміз. Әрі тартысып, бері
тартысып, жығыса

алмай жүреміз. Рамазан мені
шыркөбелек айналдыр-

ғанда аяғынан қағып қаламын. Ол құлап түскенде

үстіне мініп аламын. Ол менен
күшті ғой, оп-оңай

аударып тастайды. Кейде жерге
екеуіміз қатар құлай-

мыз.

Байсұлтан екеумізді қайта тұрғызып, бұл - ит

жығыс деп қайта күрестіреді. Енді
белдігімізден ұстау-

ды қойып, кез-келген жерге
жармасамыз. Ол менің

мойнымнан құшақтап, бойымен басып,
жерге алып

ұрады. Мен одан гөрі шапшаңмын,
сытылып шығып,

тез тұрып кетемін. Рамазан күшті
болғанмен қолапай-

сыздау, қолданар әдісі жоқ. Ол ыза болып қолын

батырып жібереді. Мен де ызаланып,
оның үлкен құ-

лағынан ұстап
аламын. Ол да менің кішкене құлағыма

жармасқанмен, айырылып қалады.
Енді екеуіміз сүзіс-

кен қошқардай басымызбен тіресіп,
табандап тұрып

аламыз.

Байсұлтан біздің күресімізге
көзінен жас аққанша

күліп: "Әй, күресті тоқтатыңдар", - дейді. Біз де әб-

ден шаршап, терлеп, әрең
күресеміз. Байсұлтан орны-

нан тұрып,
екеуімізді айырып жібереді. "Балуандар

бір-бірін жығыса алмады. Тең түсті.
Бүгінгі бас бәйге-

ні тең
бөлу керек", - дейді.

Дәптердің бір бетін тұп-тура ортасынан бөліп бі-

реуін маған, біреуін Рамазанға
беріп, екеуімізді отыр-

ғызады. Сонымен күресіміз
аяқталады. Үйді-үйімізге

тараймыз.

- Қасеке, машина жүргізесіз, атқа
мініп, бәйгеде

озып
келесіз, жаяу жарыста "жүйрік бала" атанасыз.

Ал
енді бала боп, велосипед мініп көрдіңіз бе?

-
Біздің бала кезімізде ауылда велосипед деген

жоқ қой. Мен саған велосипедті
алғаш рет қалай

көргенімді айтайын. Бұған дейін "велосипед" деген

сөзді естіген де емеспіз. Ауылдың
сыртында Құройнақ

арқылы сонау Асубұлақты асып басқа
елдерге бара-

тын қара жол бар. Ауыл балалары
асыр салып ойнап

жүргенбіз.

Бір уақытта сол қара жолмен бір
нәрсе кетіп бара

жатқанын көрдік. Біз шуласып,
қораның төбесіне

шығып әлгіге қараймыз. Бірдеме
дөңгелейтін секілді.

Үстінде кісі отыр. Құройнаққа
қарай тартты. Енді көл-

денеңінен анық көріп тұрмыз. Әлгі кісінің аяғы бірде

төмен, бірде жоғары көтеріліп, екі
дөңгелек айналып

барады. "Опырай, бұл не
нәрсе?" - деп, бәріміз аң-

таң боп біле алмай тұрмыз. Әлгі нәрсе ұзап, көрінбей

кетті. Тағы бір күні әлгі нәрсе
келе жатыр екен.

Үстіндегі кісі шаршады ма, кім
білсін, қара жолмен

біраз жүріп, Жоғарғы ауылға қарай
бұрылды. Біз де

солай қарай жүгірдік. Ол кезде аяқ
киім жоқ,

жалаңаяқ жүреміз. Су кешеміз.
Аяғымыз жарылып

кетеді. Жарылған жерінен шып-шып
қан шығып тұрады.

Кешке таман табанымыз ашиды.
Шешеміз жараға

қаймақ жағып тіпті ашытады.
Табанымыздың ауыр-

ғанына қарамай жолсызбен тіке
тартып, Жоғарғы

ауылға бардық.

Әлгі нәрсе, әлгі кісі Нұғыман атамның үйінің алдын-

да тұр. Жақындап әлгі нәрсеге
қарасақ, жаны жоқ,

темір, екі дөңгелек үстінде
отыратын орны бар. Құла-

масын деп қораға сүйеп қойыпты.
Әлгі кісі орыс екен.

Мандайының терін сүртіп Нұғыман атаммен сөйлесіп

тұр.

Нұғыман
атам - менің әкемнің ағасы. Бірақ бірге

тумаған. Ол - менің ұлы әкемнің
бұрынғы әйелінің

баласы. Дегенмен, әкемнің бәрібір
ағасы ғой. Өзі еңге-

зердей, қарулы. Кісі өлтірген
адам. Орыстарға жалға

жүріп, небір жұмыстар атқарыпты. Әйелге таласа ма,

әйтеуір, бір жағдай боп, бір
орысты өлтіріп тастайды.

Өлтіргенде кеудесіне қол салып,
кеңірдегін жұлып алған

ғой. Содан ол байғұс сотталып кетіпті. Менің әкем оны

іздеп, пара берді ме, ол жағын
білмеймін, әйтеуір,

түрмеден шығарып алады. Ауылға
әкеліп, әйел алып

беріп, жеке үй ғып қойған. Үйі
ауылдың ең жоғарғы

шетінде. Нұғыман
атам орыс тілін біледі.

Бәріміз жабылып, тұс-тұстан сұрақ
қойып жатырмыз.

Атам сұрағымызды
аударып орысқа жеткізеді. Біздің

ешқайсымыз орысша түсінбейміз.
"Бұл қалай жүреді?

Бұнымен судан өтуге бола ма?"
- дейміз. Орыс атама

қарап бірдеңелерді
айтады, бізге қарап күледі. Оның

сөзін ұқпасақ та, атамның айтуымен
аяқпен басып

жүргізетінін түсіндік. Орыс
"велосипед" деген сөзді

қайта-қайта айтты. Біз тоқтамастан
велосипедті шұқы-

лап көріп, әрнәрсені сұрай бердік.
"Бұны "белесепед"

дейді екен", - деді атам.

Біз енді "белесепед,
белесепед" деп, қайталап

айтып, одан бетер шуладық. Атам
бізге ұрысқансып:

"Шулай бермеңдер, ұят болады. Жолдан былай тұрың-

дар. Қазір қалай жүретінін көресіңдер", - деді. Күн

еңкейіп қалған еді. Жолаушы орыс
асықты ғой деймін,

атамнан жолды нұсқап бірдемелерді сұрап жатты.

Атам да қолын сермеп, алдыңғы
жақты көрсетті. Біз

де орыстың жөн сұрап, атамның барар
жолды

көрсетіп тұрғанын түсіндік.
Жолаушы орыс белесепедін

жолға қарай бұрды
да сол аяғын бір жеріне салып

атқа мінгендей қарғып,
белесепедінің үстіне отырып

жүріп кетті. Біз оның соңынан
қалмай, біраз жерге

дейін еріп барып, шуласып қалып
қойдық. Содан кейін

барлығымыздың аузымыздан
"белесепед" деген сөз

түспеді. Мен енді: "Шіркін,
өзімнің белесепедім болса

ғой", - деп армандаймын.

-        Қасеке,
сол арманыңыз орындалды ма, қалай?

-        Бұл әңгімені саған бұрын да айтқанмын.
Түсінікті

болуы үшін тағы бір қайталайын.
Әйтпесе велосипед

әңгімесі байланыспай қалуы мүмкін.
Бір күні туған наға-

шымның үйіне бардым. Мені екінші
класта оқытқан осы

Рахым нағашым аудандық оқу
бөлімінде істейтін. Мен

келгенде нағашым велосипедпен
қызметіне кеткелі

жатыр екен. Қатты қызығып, оның
соңынан жүгірдім.

Ол біраз жер барып, тоқтады да:
"Сен, немене, вело-

сипедке қызығып тұрсың ба? Осыны алғың келе ме?" -

деді. Басымды изедім. "Қасым,
мен осыны саған

тастап кетейін. Егер кешке мен
қызметтен қайтқанға

дейін үйреніп, өзің теуіп кететін
болсаң, осы вело-

сипедті саған-ақ берейін", -
деді. Велосипедті алып

қалып, ауылдың шетіне шығып
әуреленейін. He керек,

үш-төрт сағатта үйреніп алдым.
Велосипедті өзім теп-

кеніме нағашым да қуанып қалды.
"Осы велосипедті

енді сен ал", - деген соң
кетуге айналдым.

Нағашымның: "Кеш батып қалды
ғой. Ертең кетсең

қайтеді", - дегеніне
қарамастан, сол велосипедпен

жүргеннен жүріп отырып тура осы
Асылдың ауылына

бардым.

Кейін Өскеменде техникумда оқып
жүргенде осы

велосипедті қалаға алып келдім.
Рақымбек ағам да

техникумда менімен бірге оқиды.
Ағам велосипед те-

буін білмейді. Мен оны алдыма
отырғыздым да шаш-

таразға алып келдім. Велосипедті
сыртта қалдырдық.

Шашымызды алдырып сыртқа шықсақ,
қойған орнында

велосипед жоқ. Велосипедті мініп
алып, біреу қашып

барады. Қанша қусақ та жеткізбеді.
Бір көшеден бір

көшеге шығып, бізді адастырып
кетті. Велосипедтен

осылайша айырылдық. Нағашымның берген велосипеді

еді...

- Қасеке, бала кезіңізде шағын
ауылда тұрып

армансыз ойнап, алаңсыз журген
екенсіз. Бүгіндері

сол ауылдың үлкендерін де жақсы
атайсыз.

Тәрбиесін көріп, тәртібін
үйреніпсіз. Әсерлі сәттер

де көп болғанға уқсайды.

- Иә, иә. Балалық шақтың
көріністері, бастан кеш-

кен сондағы қызықтар ұмытылмайды
екен. Әсіресе,

көш, жайлаудағы күндер көз
алдымнан кетпейді.Соны

еске түсіріп қиялдаймын. Сол
күндерді сағынамын. Бір

көштің өзі біздер үшін үлкен оқиға
болатын. Кейін

бала біткен жиналғанда көштің
әңгімесін айтып, әсері-

нен арыла алмайтынбыз. Көштің
ғажап суреттері көңі-

лімде жатталып қалыпты.

Ауыл жайлауға көшетін боп әбігер
боп жатты. Ал

біздің ойыннан қолымыз босамайды.
Кешкісін үйге

әбден шаршап қайтамыз. Бір күні
Нәсиха тәтемнің

дауысынан шошып ояндым.
"Тентек қара, тұр. Ел кө-

шіп кетті. Сен жұртта жалғыз
қалдың", - деп қорқыт-

ты. Сыртқа жүгіріп шықтым. Ауыл
көшкелі жатыр екен.

Біздің үй жүгін арбаға тиеп
қойыпты. Жоғарғы ауыл-

дың көші қара жолмен төмен қарай
келе жатыр. "Нәси-

ха тәтем болмаса жұртта қалып қояды екенмін", -

деп ойлаймын. Нәсиха - әкемнің Иіс
деген інісінің

әйелі. "Маған жаны ашитын осы
Насиха тәтем", -

деп, ішімнен оны жақсы көремін. Ол
үйден бір аяқ

айран әкеліп: "Мынаны ішіп
ал. Жолда қарның аша-

ды", - дейді. Тәтемнің қолындағы айранды басыма

бір-ақ көтердім де арбаға қарай
жүгірдім. "Көштен

қалып қоямын ба" деп асығып
тұрмын. Арбада Шәм-

шия, Күлзапыран деген кішкентай
қарындастарым

отыр. Әкем келіп аттың басын
ұстады. Мен де арбаға

отырып алып әкеме: "Аттың
басын мен ұстайын", -

деймін. Әкем көнбеді. 'Арбаны
аударып аласың. Кәне,

менімен қатар отыр. Мен божыны ұстаймын. Ал сен

бишікпен атты айдайсың", -
деп, қолындағы бишігін

маған берді. Енді арбаның дұрыс
жүруі маған байла-

нысты сияқты. Көңілденіп,
жан-жағыма қарап қоямын.

Көштің алдына шыққым келеді. Басқа
балалар көрсе

екен деймін. Әкем жирен аттың
божысын қағып

қалды.

Көш қозғалып, жүріп кеттік. Қара
жолға келіп тоқ-

тадық. Жоғарғы ауылдың көші де
тоқтап, бәрі әкеме

жол берді. "Сіз алда
жүріңіз", - деді. Сол арада

жирен атты бишікпен салып қалдым.
Сөйтіп, біз көш-

тің алдына түстік. Бүкіл ауылдың
көші соңымыздан

ерді. Сандық-сақбыт, киіз-текемет,
көрпе-жастық тиел-

ген арбалардың қанатына салбыратып
ағаш шелектер

байлап қойыпты. Жүктің үстіне
төңкеріп шаңырақ

байлапты. Көшті жанамалап салт
аттылар келеді. Мен

оларға қызыға қараймын. Иіс ағам,
Нәсиха тәтем зып-

зып атқа мініп алыпты. Иіс ағаның көмірдей қара аты

теңселіп, жорғалап келеді.
Жал-құйрығын сүзіп тас-

тапты. Қолында қурайдан істеп
алған сыбызғысы бар.

Орта бойлы, қызыл шырайлы әдемі
жігіт. Ол өте қатал

адам. Бүкіл ауылдың балалары Иіс
ағамнан қорқатын.

Өз әкем балаға жайлы адам еді.
Бүкіл ауылға "Тентек

қара" атанған мені маңдайдан
шертіп көрген емес.

Егер сотқарлық жасасам: "Әй,
Қара, әне, Иіс келе

жатыр", - дейтін. Өзінің
қаталдығымен бүкіл ауылдың

өзінен кіші жастарын тәртіпке
салып, таза еңбекке үй-

ретті. Міне, сол қатал аға бүгін
жайдары. Сыбызғы-

сын тартып өз жайымен көңілді келе
жатыр.

Ұзақ жүріп, бірнеше судан өттік.
Сол күні Үңгірлі

өзенінің бойына тоқтап, дем алдық. Содан соң Қара-

қойынды асып, Қосқұлаққа жетіп, осында түнейтін

болдық. Жұрт
арбаларын қатар-қатар қойып, аттарын

доғарды. Балалар жерге түсіп,
бірін-бірі қуып, ойнап

жүр. Шешелеріміз от жағып, кешкі
тамақтың қамына

кірісті. Бұл жерде арбадан жүк
түсірмеді. Арбадан

жеңіл-желпі төсеніш алып, тамақ
ішкен соң жұрт жа-

тып қалды. Екі қарындасымды және
мені арбаның

үстіне
көрпеге орап тастады. Мен аспандағы жыпыр-

лаған
жұлдырдарға қарап шалқамнан жатырмын.

Күндізгі
көрген-білгендерім басыма сыймай, өзімше

қиялданамын.
Шәмшия қарындасымның аузында дамыл

жоқ,
әр нәрсені сұрай береді. Сөйлеуге ерінемін. Көз

алдымда
көш ұзап бара жатқан сияқты. Қиялым кәкті

шарлады.
Ертеңінде елең-алаңнан тұрдық.

 

Артынып-тартынып
ауыл тағы көшті. Енді таудың

арасымен келе жатырмыз. Салт
аттылар тұс-тұсқа

шауып кетті. Олар рауғаш, жуа алып
келіп арбадағы

балаларға үлестіріп жүр. Рауғашты
біз де жеп жатыр-

мыз. Дәмі қышқылдау екен. Жуаны да
жедік. Шыбын-

ды жайлауына жеткенше айналадан
көз алмай бәріне

де қызығып қараймыз.

Жайлауға жеткен соң біздің ауыл он
шақты үй бо-

лып жеке қонды. Біздің шағын
ауылда бір қора қой

бар.

- Қасеке,
жасында қой бақпаған, козы қайыр-

маған бала ауылда кемде-кем шығар.
Солардың бірі

Сіз деп ойлаймын.

- Дұрыс
айтасың. Мен де қой бақтым. Қойды әр

үй кезектесіп бағады. Біздің екі
үйдің кезегі менің

мойнымда. Өйткені Иіс аға қой
жаймайды. Ал

Рақымбек ағам үлкендермен бірге
қыстауға барып

шөп шабады. Бұл
ауылда қойдың кезегіне баратын

ересек адам тым аз. Біреуінің жасы
үлкен, денсау-

лығы нашар. Біреуінің ер баласы
жоқ. Немесе әлі

кішкене. Сондықтан ауылдың тұрақты
қойшысы мен

ғана. Қойдың кезегі келген үй
көбіне-көп мені сұрай-

ды. Шешем мені оятып: "Қара,
тұр, мына кіші ағаның

үйінің қой кезегіне барып
кел", - дейді. Басымды

көтеріп отырғызып қояды. Көзімді
уқалап, ренжіп:

"Күнде-күнде қой бағамын
ба?" - деймін. "Бүгін ба-

рып кел", - деп, енді жалына
бастайды.

Сонымен, тағы да қой соңынан кете
барамын.

Қойды қуғаннан қуып отырып кезең
асырып кетемін.

Қой ауылдан алыстап, жайылып бара
жатады. Күн

көтеріліп қыза бастаған кезде осы
тұстан жолмен

біреу ететін еді. Осы арадан күнде
өтетін адамды

бүгін көргім келіп жол бойында аңдып
жүрдім. Әлгі

адам астындағы кер атын сипай
қамшылап дөңнен

шыға келді.

Жақындап қарасам, біздің ауылға
келіп-кетіп жүретін

Алдаберген деген кісі екен. Танып,
сәлем бердім. Ол

атының басын маған қарай бұрды да: "Кімнің

баласысың?"-
деді ақырып. Сары ала қамшысының

сабын аяғының басына тіреп тұрды.
Қорқып кеттім.

Сасқалақтап: "Қайсаның
баласымын", - дедім. Ол маған

ұмтыла беріп, қамшымен жауырынымды
осып жіберді.

"Ағатай, ұрмаңыз", -
деп, шыр ете түстім. Тағы да

қамшымен арқама салып-салып
жіберді. Ауырсынып, көк

аттың жалын құшып, бұғып қалдым. Ол өз жайына кете

барды. Өне бойым удай ашыды. Мені
неге ұрғанын да

білмеймін. Бізге қаңдай жақындығы барын да білмеймін.

Кешке үйге келген соң болған істі
айтып бердім.

Білеуленіп тұрған
арқамды көргенде әке-шешемнің жаны

ашып, Алдабергенді сырттай кінәлап
жатыр. Сөйтсем,

Алдаберген біздің үйге күйеу екен.
Мені балдыз санап,

"ойнаған" түрі екен. Бір
күн өткен соң кезек Құсыман

ағаның үйіне келді. Қойды бағып
келуге тағы мені

жұмсады. "Құсыман ағаның көк атын берсеңдер ғана

барамын", - деп бұлдандым.
Көк ат қоян сияқты арт-

қы аяғынан алдыңғы аяғы қысқа.
Өрге қарай шапқанда

алдына жан салмайтын жүйрік ат
еді. Ондағы ойым -

Алдаберген жездемнен өш алмақпын.

- Қасеке, жезде мен балдыздың
ойынын

бастағалы тұр
екенсіз. Қазақтың осы бір салты

қандай жарасымды десеңізші. Ешбір
зілі жоқ, кегі

жоқ, өміріңді көңілді етеді.
Еріксіз қызығасың.

- "Жарайды, міне ғой көк
атқа. Бірақ қойды жамы-

ратып жібермей, жақсылап жайып
кел", - деді Қәйша

жеңгем. Дереу көк атқа мініп,
қойды өріске шығардым.

Күндегі жерге қойды иіріп қойдым.
Көк аттың ауызды-

ғын салып жолға келдім. Құсыман ағаның тобылғы сап-

ты қамшысын сұрап
алып шыққанмын.

Алдабергенмен кездескенде оны
қамшымен бір

салып қаша жөнелмекпін. Жездеммен
мен де "ойнайын"

деп, жолда күтіп тұрдым. Көк аттың жеткізбейтінін

білемін. Алдаберген жалғыз өзі
келе жатыр екен. Мені

көріп, жаныма жетіп келді де:
"Тағы да жолымда тұр-

мысың?" - деп кіжінді. Бетінен қамшымен салып жібер-

дім де қаша жөнелдім. Қамшының ұшы көзіне тисе

керек, бетін басып, төмен қарап
қалды. Сәлден соң

мені қуа жөнелді. Мен қашып, ол
қуып келеді. Едәуір

жақындап қалды. Қуып жетсе
ондырмайтынын біліп көк

атқа қамшы бастым. Ол әбден ыза
боп, айқайлап

ұрсып, соңымнан қалатын емес. Енді
жетуге айналса

көк аттың басын өрге бұрамын.
Алдаберген жездем

алыстап, қалып қояды.
"Қашудың әдісін таптым" деп

ойладым.

Қанша қуғанмен, ол маған жете
алмады. Астындағы

кер аты шоқырақтап, үстін ақ көбік
жауып кетті. Алда-

берген егер мені қуып жетсе не
істейтініне дейін

айтады. Кер ат әбден болдырып,
шабудан қалды.

Алдабергеннің мысы құрып, маған жете алмағанына

қатты өкінді. Мен мінген көк ат
шаршайтын емес. Енді

мен Алдабергеннің алдын ораймын,
қайырылып артына

да шығамын. Оның аты тұсап
қойғандай, жүрісі тіпті

баяулады. Біраз жерге дейін
Алдабергеннің жынына

тиіп, ызыландырып, айналшақтап
жүрдім де, қайтадан

жайылып жүрген қойға қарай кеттім.

- Қасеке, "осы өмірде бәрін
де көрдік, бәрін де

бастан кештік" деуіңізге
әбден болатын секілді.

"Сонда деймін-ау, шіркін-ай,
өйтуім-бүйтуім керек

еді, әттеген-ай" дегізген
өкініштеріңіз болды ма

екен? Қапы қалып қиналған, жанды
жаралаған

жағдайлар, орындалмаған ойлар
өкініш туғызып,

естен кетпейтіні белгілі. Әсіресе,
соғыс кезінде қан

майданда біреулерді ажалдан құтқара алмадым

немесе біреулерді амалсыз өлімге жұмсадым деп

оңашада өкінуіңіз мүмкін ғой. Мұндайда адам өзін

іштей жазықты
сезініп, өзін-өзі жазғыруы да,

өкініштен камығып, күйінуі де ғажап
емес шығар.

- Әрине, армансыз, өкінішсіз адам болмайды.
Бірде олай,

бірде былай әрекет етіп, өкінбей
және тұра алмайсың.

Өйткені ойға алған ісіңнің бәрі
бірдей орындала бермейді.

Соғыс кезінде, мысалы, бұйрықты
орындаймын деп ұрысқа

аттанасың. Тірі қалмауым мүмкін
деп, Отан үшін жан пида

деп, өлімге бас тігіп барасың.
Осындайда әлденеден

қателесіп, артынан опық жегенмен,
сондағы өкінішіңді өзіңнің

басты мақсатың басып кетеді. Сенің
өкінішінді ұмыттырып

жібереді. Кейін де өкінбейсің.
Себебі жағдай солай болды

деп, өзіңді--өзің ақтауға
тырысасың. Ал өзіңді-өзің кінә-

лайтын өкініштердіңде дәлелді
себептері бар. Айталық, жау

тылындағы кейбір шабуылдарды
былайша бастауым керек

еді, әттеген-ай, нәтижесі былайша
боп шықты, мына бір

жерде солай істедім-ау деген
сияқты өкініштер көп қой.

Кейбір кезде қара басып, өзіңнің
қателескен сәттерің

болады. Оған да өкінесің.

Бастан кешкен біржағдайды еске
алып, өлімнен қалайша

аман қалғанымды айтып берейін.
Жанымдағы бірер жігітпен

шағын селоның шетіне келіп
тоқтадық. Жалғыз өзім аңғал-

дықпен бір үйге кіріп бардым.
Төрде жатқан адамды бай-

қамаппын. Сөйтсем ол немістің
офицері екен. Ол дереу атып

тұрып маған қанжар салды. Одан
аман қалғаным, неміс

офицері солақай екен. Алыстағы
адамды өлтіру үшін екі-ақ

жерінен көздейсің - не жүрегін, не
миын нысанаға аласың.

Солақай адам ұшып тұрып пышақ
салатын болса, ол менің

жүрегіме емес, оңжағыма тиеді.
Мен оңқаймын. Сол жаққа

тиемін. Міне, осындай сирек
болатын жағдай мені өлімнен

аман алып қалды. Сол сәтте
қанжарды сол жаққа салу оған

қолайсыз болды. Әйтпесе ол мені
бірден өлтіретін еді.

Қанжарды дәлдеп жүрекке тигізе
алмады. Мен де қан-

жарды суырып, тұра ұмтылып дәл салғандықтан ол офицер

бірден өліп кетті.
Мен жаралы боп, қансырап қалдым.

Өлтірген соң оның қасында тұрасың ба, әлгінің қару-

жарағын алып, сырттағы жігіттерге бардым.
Содан әрі қарай

жүріп кеттік. Денемнің сол жағы
қан-жоса болды. Бірақ

жүрекке тимеген соң оншалық қауіптенбей, ауырса да

шыдайсың, қан аға берсін деп,
тоқтамайсың. Егер ол үйге

"осында жау бар-ау" деп
ойлап, байқап кірсем, онда олай

болмаушы еді. Қолма-қол қару
қолдануға әзірленіп писто-

летімді ұстап кіретін едім ғой.
Осы сияқты өкініштер аз болған

жоқ. Қайсы бірі есте қалады
дейсің. Өтті-кетті деп, тез

ұмытасың. Бірақ кейін өкінбес үшін өкінішке қалдыратын

жағдайдың алдын алып, болдырмау
керек деп ойлаймын.

-        Қасеке,
пендеміз ғой, жағдайдың алдын алу

керек дегенді ескере қоймаймыз.
Аңғалдық жасап,

асығамыз. Қызбалықпен кірісіп кетеміз.

- Көп нәрсе жағдайға да
байланысты. Егер мен

1939 жылы фин соғысына барсам,
бәлкім, тірі қайт-

пауым мүмкін еді. Поезбен Мәскеуге
жеткеннен кейін

менің әскери өмірім күрт өзгерді.
Бұны мен өмірде

жолым болды деп есептеймін. Мен
диверсиялық-

барлау мектебінде оқығанда жаумен
бітпе-бет кез-

десіп, алысқанда нендей қимыл
жасауды әбден мең-

гердім. Тез ойлап, заматта шешім
қабылдауға әдет-

тендім. Бұның бәрі ұзақ жаттығумен, машықтанумен

болады.

Қиын-қыстау жерлерде, қысылшаң
сәттерде ажалдан

құтылып,
жаумен беттескенде жеңіп шығуыма, осы

күнге дейін тірі жүруіме
диверсиялық-барлау мекте-

біндегі ұстаздарымның үйреткен
әдіс-айлалары, айтқан

сөздері, тәрбиесі себеп болды деп
есептеймін. Осы

сөзді мен саған бұрын да әлденеше
рет қайталап

айтқан болармын. Айтпасқа және
болмайды. Мысалы,

спортшыларды ұзақ уақыт дайындайды
емес пе.

Жаттықтырушының үйреткенін дұрыс меңгерген адам

жарыста жеңімпаз атанады, спорт шебері болады. Сол

сияқты мен де диверсиялық-барлау
мектебінде ұстаз-

дардың тәлім-тәрбиесін,
айла-тәсілдерін әбден мең-

геріп шықсам керек. Өйтпегенде мен
жау тылынан тірі

қайтпауым да мүмкін еді ғой.
Бәлкім, ажалым да

кейін шығар. Әйтеуір, тағдырдың
жазуымен әзірге тірі

жүрміз.

-        Қасеке,
өмірі өкінумен, өксікпен өткен адам-

дарды да білеміз. "Оған кім
жазықты?" деп,

қазбалап, талкылап жатпайық. Әр
нәрсенің себеп-

салдары бар. Адамның қорғаны,
қолдаушысы

табылып, тікелей жақсылыққа бастайтындай жол

көрсетсе, өкінішке яғни
сәтсіздікке ұрынбауы да

мүмкін. Байқаймын, белгілі бір
адамдар Сізді

өкіндірмей, өміріңіздің нағыз бетбұрыс кезеңінде

сәтті кездесіп, тағдыр жолын күрт
өзгерткен тәрізді.

Әйтпегенде бүгіндері кім болар
едіңіз?

- Диверсиялық-барлау мектебінің
мен үшін қанша-

лықты маңызды болғанын бұрын да,
әлгінде де айт-

тым. Жол айырығында қай жаққа
барарыңды білмей

дағдарып тұрғанда біреу дұрыс бағыт сілтеп, түзу

жолға түсірсе - сол адамға өмір
бойы қарыздарсың.

Қорғаның да, қолдаушың да нақ сол
адам екенін

жақсы сезінесің. Егер жолың боп тұрса қалайша өкі-

несің. Ал өмірде
жол таппау дегенің - үлкен өкініш.

Өмірің өксікпен өтті дегенің де -
сол.

Партизандық жолым Карпатта
аяқталып, Киевтегі

партизандардың Орталық штабына
келгенімде былайғы

тағдырым өзге түгіл өзіме де
белгісіз болатын. Өмір-

де сан жол бар. Соның өзіңе
лайықты біреуін ғана

таңдауың керек. Алдыңда нендей
жағдай барын, кім

боларыңды
қайдан білесің.

Жау тылынан шығып, бейбіт өмірге
оралғанда менің

алғысым Ковпакқа ғана арналды. Сол
бір ойлы, са-

бырлы адам менің асау, албырт
мінезіме тежеу салып,

сабама түсірді. Мені анау-мынау
пәледен аман сақтап

қалған, біраз тәртіптің шеңберінде
ұстаған - сол

Ковпактың ақылы. Ол маған шын жаны
ашып, шынды-

ғын айтты. "Сен әзірге еліңе
қайтпа. Сен текке түр-

меде шіріп өлесің. Сен еліңнен
жастай кеттің. Сені

онда ешкім білмейді. Ал мұнда біз сенің қандай адам

екеніңді білеміз. Анау-мынау
тентектігіңді кешіре де

аламыз. Сен осында жүріп бейбіт
өмірге үйрен", -

дегені үлкен ақыл болды.

Ковпактың тілін алмай, бірден
жалғыз өзім елге

қайтып кеткенде менің не
боларымды, қандай күйге

түсерімді кім білсін. Мені елге
жібермей Киевте ұстап

жүргенде осында Жұмағали Саин келе
қалды.

Екінші бір алғыс айтатын адамым -
осы ақын Жұ-

мағали Саин. Елге алып қайту үшін
ол мені көп ай-

налдырды. Менімен бірге Украинаның
қалаларын ара-

лады. Өзінің тиісті құжаттарын
таптырып алды. Елге

бірге қайтатын болдық. Егер жалғыз
өзім қайтсам,

елге жетпей-ақ жол үстінде бір
шатаққа килігуім де

мүмкін. Ондайда арғы жағы немен
тынарын кім білсін.

Жұмағали Саинмен бірге келе
жатқанның өзінде ескі

әдетім бойынша, ешбір
қару-жарағымды тастамаймын,

үш пистолетімді асынып жүремін.
Қаруымды шешпей

ұйықтаймын. Біреу тиіссе жанжал
шығаруға, қару жұм-

сауға әзірмін. Өйткені көңіл-күй
сондай. Тамбурға шы-

ғамын. Қақпақтарын ашып жіберіп,
вагонды составтан

ажыратып жіберетін жеріне
қараймын. Жау тылында бір

вагонды бір вагоннан ажыратып, соқтығыс жасап, талай

составты жолдан тайдыруға
үйренгенбіз. Тамбурда тұ-

рып соны ойлайсың. Ішіп алып,
әлдебір көңіл-күймен

вагонды ажыратып жіберуім де
мүмкін бе еді.

Жол бойы Жұмағали Саинның
бақылауында келе

жатқанымды әр жайдан аңғарамын.
Жұмағали мені

танып-біліп алғанға ұқсайды.
Киевте бірге жүргенде

бір пистолетімді оған беріп
қойдым. Киевтің өзінде

мен біраз тентектік жасаппын.
Партизан отрядының

командирі ретінде маған Киевте үш
бөлмелі пәтер

берілген еді. Жолдастармен ішіп
отырып, пәтердің

төбесін пистолетпен атамыз. Ал
сонда жоғарғы пә-

тердегі тұрғындар не болды?
Алтыншы қабаттағы пәте-

рімнің балконына шығып та ойымызға
келгенді істей-

міз. Ал көшеде халық
ерсілі-қарсылы жүріп жатыр.

Бізге сөз келеді-ау деп
ойламаймыз. Осындай тен-

тектікті елде істесем жаман
жағдайға кезігетінім,

жауапқа тартылатыным анық.
Жұмағали ағаң адал

болатын. Өз айтқаны болмаса
басқаға кенбейтін.

Алматыға келгеннен кейін Жұмекең
мені бірінші рет

ақын-жазушылармен таныстырды,
әдеби ортаға жақын-

датты. Олардың бәрі мені баурап
алды. Мен де әңгі-

мемді айта беремін, оларға ұнайды.
Бірінен соң бірі

үйлеріне қонаққа шақырып, жақын
араласып жүрдім.

Егер Жумағали Саин болмаса мен
ақын-жазушы-

лардың ортасына түспеуім де,
олармен араласпауым

да мүмкін. Мұнда келгенде,
айталық, басқа бір адам-

дардың ықпалымен теріс жолға
түсіп, басқа ортада

жүруім де мүмкін ғой. Жұмағали
Саин мені сонау Украи-

надан елге өзі бас-көз боп, аман
алып келіп ақын-

жазушылармен таныстырып, мені
қатарға қосып, жөнге

салды емес пе.

-        Қасеке,
осы адамдар дұрыс бағыт сілтеді

демексіз ғой. Дегенмен, не болса
да адам алдымен

өзінен көруі керек шығар.

-        Менің
айтарым, адам ең алдымен өзінен өзі

ұялуы керек. Өзіңнен өзің ұялмасаң, басқадан да

ұялмайсың. Ұятты іске барасың. Егер өз-өзіңнен

ұялып, жіберген қателігіңді мойындасаң, соны түзетуге

үйренсең, біреуге айтқан артық
сөздеріңді, орынсыз

қылықтарыңды түсініп, кінәңді сезінуге батылың, күшің

жетсе сонда ғана дұрыс адам боласың. Ал өзін өзі

танымаған, өзінен
өзі ұялмаған адам ақыр аяғында

содан опық жейді, соның ақыры
өкінішке соғады.

-        Қасеке,
соғыс кезінде адамдар жер жастанып,

казаға ұшырап
жатады. Өлім-жетімді де көп көресіз.

Жаныңыздағы серігіңіз
көз алдыңызда оққа ұшса,

бір ұрыста
жолдастарыңыздың біразынан айырылып,

қатарыңыз сиреп, санаулы ғана
топпен қайтсаңыз

жаныңыз күйзелмей тұра ма?! Сонда қабырғаңыз

қайысып, қатты қайғырған, тұла бойыңызды

тебіренткен қазаны
еске түсіре аласыз ба?

-        Егер
менің қазіргі сезімім, ой-өрісім сол кезде

болса, оңда жолдастарымды жоқтап, күнде жылап, егіліп

отыратын едім. Ол кезде мұңдай жағдай меңде болмады.

-        Қасеке,
ол кезде жиырма беске де толмаған

жассыз ғой.

-        Жастықтан
да емес. Онда әбден жауға өшігіп,

жабайыланып, кісі өлтіру өзіңнің күнделікті кәсібің сияқ-

ты боп кеткен аласапыран дүние
ғой. Мысалы, жауды

құртсаң, кісі өлтіргендей аянышты
сезімде болмайсың.

Сен өлтірмесең, ол өзіңді өлтіретінін
білесің. Әрбірден

соң өз жаныңның амандығы үшін де
жауды ойланбас-

тан өлімге қиясың. Ұрыста
жаныңдағы жолдасың да

оққа ұшып
жатқанда сол кездегі сезім бойынша оған

да жай қарап жүресің, бойың
үйреніп кетеді.

Талай ержүрек жігіттер, қимас
достар көз алдың-

да оққа ұшқан, ауыр жарадан
қиналып өлген, қолға

түсіп, немістер азаптап өлтірген
жағдайлар көп бол-

ды. Бұған біз ол кезде басқаша
қараймыз. Жау ты-

лында өлім-жітім,
қаза деген күнделікті үйреншікті

құбылысқа айналады. Күнде көресің,
естисің, солай

екенін білесің, амал жоғын
түсінесің. Солардың ішінде

өзіңнің талай қанды көйлек
достарың кетеді Соның,

әрине, қайғысы болады. Ол қайғыны
бірақ сол кездегі

сезім күйіңмен ғана қабылдайсың.
Егер қазіргі бар

сезіммен сол кезде, сол жерде
жүрсем мен, мүмкін,

ауыр қайғыдан ұзақ өмір сүре
алмай, өліп қалар ма

едім.

 

- Қасеке, казіргі сезімім дейсіз.
Сол кездегі-жау

тылында жүргендегі сезімнен не
айырмашылығы бар?

Ол кезде де, қазір де болмыс-бітіміңіз бір емес пе?!.

-        Соғыстан
аман-сау қайтып, елге келіп әбден

есімді жинап, сана-сезімім
түзелгеннен кейін әскери

әдебиеттерді көп оқыдым. Маған
өзіміздің ақын-жа-

зушылар да қатты көмектесті.
Солардың маған тигіз-

ген әсері күшті болды. Солардың
жазғанынан, айтқан

сөздерінен сен нәр аласың,
көңіліңе қонады. Сөйтіп,

әбден толысып, өзің де алды-артыңа
қарап, өткенді

еске түсіріп, бәрін саралап,
ойланасың. Сөйткен кезде

мен мүлде өзгердім.

Бүгіндері мен өз қайғымнан гөрі
біреудің қайғысын

қатты қабылдаймын. Менде бөтен
қайғы жоқ, бөтен

қуаныш та жоқ. Біреу бір нәрсеге
қуанды ма, соған

мен де балаша қуанамын. Біреу
қатты қайғырды ма,

мен де соншалық қайғырамын.
Біреудің біреуге қиянат

жасағанын жек көремін. Оны және
көпке дейін ұмыт-

паймын. Қиянат көрген адамды аяп,
соны қорғағым,

соған көмектескім келеді. Мен осылайша
өмір сүремін.

Қазіргі уақытта мен қайғыратын,
мен тарығатын,

мен ренжитін жағдай жоқ. Менде
қазір бәрі дұрыс

тәрізді. Елің сыйласа,
аға-інілерің, балаларың, ұрпақ-

тарың сыйласа, өзіңнің күнкөрісің
болса, еш нәрседен

кемістік көрмесең - неге ренжуім
керек. Өз басымда

ешбір реніш, көңілсіз өмір сүруге
ешбір себеп жоқ.

Сондықтан үйде тыныш жатып,
өткен-кеткенді еске

түсіремін, телевизор көремін.
Келген адамдардың

әңгімесін тыңдаймын. Егер сұраса,
өзім де әңгіме

айтамын. Мына дүние жүзінде болып
жатқан оқиғалар

маған қатты әсер етеді. Әсіресе
озбырлыққа, біреудің

біреуге жасаған қиянатына қатты
ыза боламын. Менің

жүйкемді осылар жұқартады.

-        Қасеке,
адамды бұзатын не нәрсе?

-        Адамды
бұзатын нәрселер көп қой. Адам өзінің

кім екенін білмесе, алды-артына
қарамаса теріс жолға

түсіп
бұзылады. Басында адам бұзық боп тумаған,

кіршіксіз таза боп дүниеге келген.
Адам, яғни, жүре

бұзылады. "Бұның өзі қай
кезден және қалай бол-

ды?" деп ойлансақ қайтеді?!

Бұзылуға басқаның да ықпалы
болады. Мысалы,

бір елге басқа елдің адамдары
келіп қоныстанады.

Әр ұлттың өзінің мінезі бар,
өзінің салт-санасы, әдет-

ғұрыпы бар. Соған басқа елдің
өкілдері келіп әсер

етеді, ықпалын тигізеді. Қазақ
бұрын арақ ішіп көр-

ді ме?! Менің бала кезімде біздің
ауылда бір адам

арақ ішпейтін. Ал соны кім
үйретті? Жаман нәрсе

жұғымды болады. Басқаның жақсы
қасиеттерінен

гөрі жаманын тез қабылдаймыз. Енді
шетелдің адам-

дары келе бастады. Олар
арақ-шарапты бөтелкенің

аузынан ішуді үйретіп жатыр.

Біздің бұрынғы елде әдептілік,
имандылық бола-

тын. Әр қазақ құдайдан қорқатын. Ел болғаннан кейін

оған ең алдымен тәртіп керек.
Тәртіпсіз жерде, тәртіп-

сіз елде адам бұзылмағанда қайтеді. Кісіні кісі өлтіріп

жатыр. Қатыгездіктің небір түрі
жасалып жатыр. Шетел-

дік киноларда небір бұзықтарды, жалаңаш әйелдерді

көрсетеді. Олардың әрекеттерін
үйде отырып бала

да, шаға да, еркек те, әйел де
көреді. Ертең сол

көргенін олар да істейді. Міне,
мәселе қайда! Адам-

ды, міне, осы бұзады.

Еліктеуден басталады. Осыған
тоқтам деген болу

керек, тыйым салу керек. Шетел
киноларында еркек

пен әйел кездесіп, сүйісіп жатады,
нәпсі құмарлығына

ашықтан-ашық кіріседі. Соның бәрі
- қазақ үғымын-

да әдепсіздік делінеді. Бізге жат
қылықтар. Адамды

саясат та бұзады. Қазір қит етсе демократия дегенді

алға тартады. Ал ол демократия
дегенді әр елде

әрқалай түсінеді. Егер елдің ішкі
құрылымына қарсы

бағыттағы газетті жауып тастаса,
бұл демократияны

бұзған боп шығады. Ал бір ел
екінші бір әлсіз елдің

жерінде қан төгіп, бомбалап жатса,
оны да демокра-

тия деп дәлелдейміз. Кейбір елдің
демократиясының

негізі - доллар. Көп ұғым беретін
демократия деген

сөзді халықты алдауда өз саясатын
ақтау үшін бет

перде етіп ұстайды.
Осындай жағдайлар жеке адам-

ды да
бұзады, араға іріткі салады. Адамды ақша да,

байлық та, мансап та бұзады.