ВЕРНУТЬСЯ

            -        Қасеке,
өткен күндер белгісін біреулер ойда

сақтайды. Біреулер қағазға түсіріп
отырады. Сіздің

күнделік жазу әдетіңіз болды ма?

-        Мен
соғыс уақытында жау тылында жүріп күн-

делік жүргізіп, елге біраз
блокноттар алып келгенмін.

Әлі де сол блокноттарым сақтаулы.
Соғыста күнде-

ліктерімді арабша жаздым. Өйткені
жау тылында ки-

риллицамен жазатын болсаң
жазатайым қолға түссең,

жау оны айырып оқуы мүмкін. Ол
жақта арабша еш-

кім білмейтіні анық.

-        Қасеке,
бұларыңыз күнделік пе әлде жазба ма?

-        Күнделік
есепті нәрселер. Қазір, бүгін не болды,

қай жерде кімдермен соғыстық, кім
өлді, шабуыл не-

мен тынды... Осы сияқты көрген,
бастан кешкен үзік-

үзік оқиғалар. Свердлов ауданында
жүргенде мен

естелік жаза бастадым. Кейбір
есімде қалған оқиға-

ларды қағазға түсіріп отырдым.

-        Қасеке,
партия мектебінің аударма бөлімінде

оқыдым дедіңіз. Аударма бөлімін
өзіңіз таңдадыңыз

ба, әлде амалсыздан бардыңыз ба?
Аудармаға

жетік
едім деп айта алар ма едіңіз?

-        Өмірімнің
ең қиын, қысылшаң сәтінде республика

партия ұйымының
сол кездегі бірінші басшысы Жұма-

бай Шаяхметовтен екі үлкен
жақсылық көрдім. Бірін-

шісі, Украинадан Жұмағали Саинмен
Алматыға келіп,

жұмыс
таппай қиналып жүргенімде мені қабылдап,

Жоғарғы Кеңеске қызметке
орналасуыма көмегі тиді.

Екіншісі, пәтерге күшпен
кіргендегі мәселенің қорытын-

дысы. Орталық Комитеттің бюросында
Жұмекең мені

қолдап, партияда қалдырды, пәтерімді
қалдырды, пар-

тия мектебіне оқуға жіберді. Сол
жағдайда бұдан

артық қандай жақсылық жасауға
болады, өзің айтшы?

Екеуінде де ол кісі менің былайғы
өмірімнің бағытын

айқындап берді.

Партия мектебінде партия, кеңес
қызметкерлерін

дайындайтын бөлімдер болды. Осының
алдында ға-

на ауданда кеңес қызметінде боп,
одан қашып кет-

кенім бар. Партия қызметкері бола
алмайтыным бел-

гілі.
"Ендеше аударма бөліміне түсейін", - деп

ойладым.

Осы бөлімде оқып жүрдім. Менімен бірге Жүсіп

Нәметов деген қостанайлық жігіт те
оқыды. Екеуіміз

доспыз, ылғи бірге жүріп-тұрамыз. Өзі менімен қатар-

лас, әрі Белоруссияда партизан
болған. Екеуіміз де

жарытып оқыған жоқпыз. Оқуға
бармай қоямыз, қа-

шып кетеміз. Ол кезде жұрттың бәрі
ішеді. Біз де

ішеміз. Сөйтіп, көппен бірге ілініп-салынып
оқып жүр-

дік.

Елшібеков Ахмет деген белгілі
журналист бізге ау-

дармадан сабақ береді. Соғысқа
қатысқан, маңызды

адам болатын. Оның сабақ оқытуы да
қызық. Біз -

отыз шақты адам сабақта отырамыз.
Елшібеков келе-

ді, бәрімізбен амандасады. Фуражкесін
іледі, жеңін

түреді. Содан соң борды алып,
тақтаға "Поворот"

деп, орысша сөз жазады. "Ал
енді осы сөзді қазақ-

шаға аударыңдар",
- дейді. Біреуі "бұрылыс" деп, бі-

реуі пәлен деп, әркім өзінше
аударып жатады. "Дұ-

рыс", - дейді де ол кісі
өзінің әңгімесін бастайды,

біз тыңдаймыз. "Қолымның мына
жері, көрдіңдер ғой,

тыртық. Сақтаған Бәйішев екеуіміз
соғыста жүргенде

оқ мына арадан тиіп, одан былай
қарай кетіп", -

деп, оқтың қалай кіріп, қалай
шыққанын көрсетеді.

Сабақта отырғаны есіне түсіп,
дереу әңгімесін тоқта-

тып: "Әй, Қасым, тақтаға
шық", - дейді. Менің пар-

тизан екенімді біліп, өзіне жақын
тартады. Мен артқы

жағында тұрып,
оның қимыл-қозғалыстарын айнытпай

саламын. Оны ол сезбейді.
Аудиторияда отырғандар

күлкіден қырылып жатады. Елшібеков
бұны елең қыл-

май, бір поворот сөзін аударуға
екі сағат жұмсайды.

Сабақ аяқталмай қалады. "Ақа,
повороттың дұрыс

аудармасын айтып кетіңізші",
- десек, "оны ертең

айтамын", - дейді де, кетеді.

 

Партия мектебінде екі жыл оқып
бітірген соң, қа-

зіргі "Жазушы" баспасына
редакторлық қызметке жі-

берді. Артынан сол баспаға Ахмет
Елшібеков бас ре-

дактор боп келді. Партия
мектебінде аудармадан са-

бақ берген өзімнің оқытушым ғой,
мұнда да өзіме

бастық болғанын теріс көрмедім. Ол
кісінің бас ре-

дактор боп қызмет атқарғаны да
қызық. Бір уақытта

әр бөлмеде үш-төрт адамнан
отыратын біздерді бір

үлкен бөлмеге жинайды да классик жазушылардың бі-

реуінің кітабын әрқайсымызға
бір-бір беттен бөліп бе-

ріп, "кәне, аударыңдар", - дейді. Барлық редакторлар

отыра қалып, аудара бастайды.
Менің оны аударуға

шамам келмейді. Әлгі бетті алдыма
қойып, жай оты-

рамын. Сол кезде осы Тұрсынбек Кәкішев ағаң партия

мектебінің аударма беліміне түсіп,
бір-екі ай оқып

кетіп қалған. Ол кейін
марксизм-ленинизм институ-

тында аударма жасап жүріпті.
Елшібеков оны біледі

екен. Бір уақытта Елшібеков:
"Кәне, әкеліңдер", -

деп, бәрінің аудармаларын жинауға
кіріседі. Бәрі ау-

дармаларын беріп жатыр. Мен
қозғалған жоқпын. Ол

кісі менің жаныма келіп:
"Қасым, аудармаң қайда?" -

дейді. "Ақа, аударған жоқпын",
- деймін.

"Heгe? -
дейді. "Мен қалай аударамын, шамам

келмейді". "Heгe шамаң келмейді. Аударма бөлімінде

оқып едің ғой". "Сіз
аударма бөлімінде мені қайбір

оңдырып оқыттыңыз", - деймін
ғой. Ол айтады: "Әй,

Қасым, анау Кәкішевті көрмейсің бе? Марксизм-

ленизм классиктерінің еңбектерін
аударып жүр", -

дейді. "Сізден бір-екі ай
ғана оқып, қашып кетіп көзі

ашылды ғой оның. Ал мен байғұс Сіздің қол астыңыз-

да қалып, содан қор боп
отырмын", - деймін. Елші-

беков бұл сөзді тыңдайды, бірақ ашуланбайды, келіс-

кендей жымиып күледі.

- Қасеке, елуінші жылдары қазақ
тіліне көптеген

кітаптар аударылды. Бала кезімізде сол кітаптарды

бас көтермей оқитынбыз. Сонда
деймін, баспаның

аударма бөлімінде кімдермен бірге
істедіңіз. Бір

бөлмеде кімдермен бірге отырдыңыз?

_ Менімен бірге Мәриям
Хакімжанова, Ілияс Есен-

берлин, Ғабдол Сланов та болды.

-          Қасеке,
өңшең мықтылар ғой.

-        Иә,
өңшең мықтылармен бірге істедім. Таңертең

9-да бәріміз жұмысқа келеміз.
Сағат 10-нан асқан соң

біртіндеп жылыстап жанымыздағы көк
базарға кетеміз.

Қайтып келгенде бөлмеде жалғыз
қалған Мәриям апа

бізге жымия қарап отырады. Содан
бәріміз аудармаға

кірісеміз. Несін айтасың, ол кез
бір қызық дәурен еді

ғой. Ақ жарқын, ашық мінез,
аралас-құралас, әзіл-

қалжың. "Бар-жоқ"
демейміз. Кейін белгілі аудармашы

боп, баспада ұзақ
жыл істеген Әбітай Атығаевпен бір

бөлмеде отырамыз. Бір күні
келемін, Атығаев жоқ.

Басқамыз орнымыздамыз. Екінші күні
қызметке

келемін. Тағы да Атығаев жоқ.
"Әбекең қайда? Ауы-

рып қалған ба?" - деймін.
Ешкім ештеңе демейді.

Сөйтсем, Әбекең арақ ішіп
милицияға түсіп қалыпты.

Мәриям апай менен басқаларына
былай дейді: "Сен-

дер оны ауыздарыңнан шығармаңдар.
Бәрінен бұрын

Қасымға айтпаңдар. Ол біреуге
айтып қойса басшы-

лар біліп Атығаевты қызметтен
шығарып жібереді.

Оның өзі жазықсыз адам, айдаудан
келген". Екі-үш

күн осылайша бұл оқиғаны менен жасырады. Бір күні,

әйтеуір, оны қамаудан шығарып алу
керек қой. Сонда

жігіттер Мәриям апайға айтыпты:
"Қасымнан қалайша

жасырамыз. Қасымнан басқа оны
ешкім де қамаудан

шығара
алмайды", - дейді. Мәриям апай менімен енді

оңаша сөйлеседі. "Қасымжан,
айналайын, аузыңда сөз

тұрмайтынын біліп оған
айтпандар", - деген мен едім.

Жігіттердің бәрі "оны
уақытынан ерте Қасым ғана

шығара алады" деген соң айтып
отырмын. Міне адре-

сі, соны бірдеңе етіп шығарып ал
деп жалынды. "Жа-

райды, апа", - деймін де
Әбекеңнің жатқан жерінің

бастығына барайын.
"Анау-мынау" деп, әйтеуір, Әбе-

кеңді шығарып баспаға алып келдім.
Мәриям апай

кереметтей қуанып, не себепті жұмыста болмағанын

бастықтар білген жоқ деді.

- Қасеке, қазақтың көрнекті ақыны Тайыр

Жароков та сіздермен бірге істеді
ме? Осы Тәкең

туралы небір қызықты әңгімелер
айтылады. Адамға

зияны жоқ
аңғал, адал жан болса керек. Солай

ма еді?

-        Тәкең
- Тайыр Жароков тамаша адам болатын.

Тәкең бір жылдары баспаның бас
редакторының орын-

басары боп істеді. Ал мен сол
уақытта баспаның

директорының орынбасарымын.
Екеуіміз бір баспада

істейміз. Түрлі мерекелер
қарсаңында мерекелік шара-

ларды ұйымдастыратын комиссияның
төрағасы етіп

мені тағайындайды, Тәкең үнемі
комиссия мүшесі тізі-

мінде жүреді. Кезекті бір мерекеге
дайындалып жат-

қанбыз. Тәкең жазу-сызуға
шебер-ақ. Маған қашан да

жасы үлкендігін пайдаланып еркін
сөйлейтін. Бір нәрсе

жазып жатқанбыз. Мен ол кісінің
жазғанын оқып, өзім-

ше ақыл айтқансып: "Былай
жазу керек", - дедім.

Тәкең қағазды лақтырып жіберіп:
"Білгіш болсаң өзің

жаз", - дейді. "Ойбай,
Тәке, жазыңыз, жазыңыз", -

деймін жалынып. Тәкең күледі де
қағазды қайтадан

қолына алады. Ашуы да, қайтуы да
тез еді. Ешкімге

кек сақтамайтын, ешкімнің көңілін
жықпайтын.

-        Қасеке,
осы сөзіңізге дәлел ретінде Тәкеңе

катысты бір-екі оқиғаны еске түсіріп көріңізші.

-        Бір
күні Тәкеңнің кабинетіне барып, сәлем бер-

дім. Алдында қағаз жоқ, столдың үсті бос. "Тәке, не-

ғып отырсыз?" - деймін.
"Жұмыс істеп отырмын".

 

"Алдыңызда қағаз, қалам жоқ
қой", - деймін.

"Ендеше мені жұмыс істеп отыр деп есептеуіңізді

сұраймын", - дейді. Тағы да
бір күні кабинетіне

барсам, Тәкең тағы да терезеге
қарап өз жайымен

отыр. Мен де қоймаймын.
"Тәке, неғып отырсыз?"

_ деймін. Әдейі сұраймын.
"Жұмыс істеп отырмын".

"Қағаз, қаламыңыз
қайда?" "Әй, - деді бір уақытта, -

осы сен үлкенсің бе, мен үлкенмін
бе? Heгe менің

кабинетіме қайта-қайта келе
бересің". "Тәке, әрине,

мен үлкенмін", - деймін міз
бақпай сөйлеп. Тәкең

селк етіп: "Қалайша сен
үлкенсің?" - дейді сасқа-

лақтап. "Тәке, тыңдаңыз. Сіз
- бар болғаны бас-

паның бас редакторының
орынбасарысыз. Ал мен -

баспаның директорының
орынбасарымын. Директор

жұмыста болмаса баспаны мына мен
басқарамын.

Сонда Сізге сөгіс жариялап,
қызметтен босатып жі-

беруім мүмкін", - деймін.
"Тек, антұрған, олай деме".

Тәкең бұл
сөзден кәдімгідей шошып кетті.

Сондай секемшіл, сақтығын талай рет
қалжыңға

айналдырып, қызық әңгімеге
қосатынбыз. Тәкең біреу-

мен қатты сөйлеспейтін, біреумен
жауласпайтын, әр-

кімге жылы ұшырай
қарайтын, ру-сыруға бөлінбейтін.

Кіршіксіз таза адам еді. Тәкеңмен
бірге мен көп жер-

ді араладым. Жайшылықта Тәкең
әзіл-қалжыңмен жү-

ретін.

1964 жылы Тарас Шевченконың 150
жылдық тойына

қатысу үшін Украинаға бардық.
Жазушылар делегация-

сын Әбділда Тәжібаев басқарды.
Украинада партизан

болғанымды ескергені ме, мені де
делегацияға қосып-

ты. Тайыр Жароков та
тізімде бар. Төрт-бес адам

делегация боп жолға шықтық. Мен
Асыл апаңды өзім-

мен бірге Украинаға алып бардым.
Украиндықтар той

дегенді жақсы өткізеді, жан-жақты
дайындалады.

Киевке келіп қонақ үйге
орналастық. Тарас Шевченко-

ның өлеңдері радиодан беріліп
жатыр. Жер-жерде

ақын тойына арналған плакаттар,
түрлі безендірулер.

Салтанатты жиналыс Жоғарғы
Кеңестің мәжіліс залын-

да өтті. Ең алдымен барлық
делегация басшыларын

бастап президиумға ұзын бойлы, сұр
костюмды адам

шықты. Оның соңынан Николай
Тихонов, Корнейчук,

Бажан, біздің Әбділда Тәжібаев
келе жатыр. Бәрін та-

нып отырмыз. Ал әлгі бәрін бастап
келген адамды та-

нымаймын. Тәкеңнен "Ол
кім?" - деп сұрадым. Қарап-

қарап, танымады-ау деймін,
"Әйтеуір, біреу", - деп

дүңк етті. Кейін білдім -
Константин Федин екен. Біз

тойға жоғарғы жағында Шевченконың
портреті, төменгі

жағында оның қазақ жерінде айдауда
солдат боп

жүрген суреті бейнеленген үлкен
кілем алып барған-

быз. Әбекең сөйлеп боп,
"әкеліңдер" деп белгі бер-

генде Тәкең, Федор Моргун -
үшеуіміз кілемді сахна-

ға шығарып жайып жібергенде зал
деген қол соғып

дүркіреп кетті. Қазақ елінің
сыйлығын үлкен риза-

шылықпен қабылдады. Жиналыстан
кейін қонақ үйге

келіп деп аламыз ғой.

Көп кешікпей Тәкең маған телефон
соғады. "Әй, -

дейді, - неғып жатырсың?"
"Асыл екеуіміз дем алып

жатырмыз". "Асыл келін
дем алсын. Ал сен бері қарай

шықпайсың ба?" - дейді.
Асылға: "Тәкең мені шақы-

рып жатыр", - деймін.
"Ойбай, тез бар, үлкен кісіден

ұят болады", - дейді Асыл.
Киініп шығамын. Тәкең

сараңдау болатын, ақша
шығармайтын. Сыры маған

белгілі. Бірдеңе ішкісі келіп тұр
ғой. 2-қабатта ресто-

ран, 21-қабатта буфет бар. Тәкең
менің келгенімді

көріп жымиып күледі. "Шықтың
ба?" - дейді.

"Жүріңіз", - деп
2-қабаттағы ресторанға қарай аяң-

даймын. "Әй, - дейді, - қайда
барасың?" "Ресторан-

ға", - деймін. "Тек, антұрған. Оған бармайық. Онда

Әбділда жүреді. Бекерге көзге
түсіп қаламыз". "Енді

қайда барамыз?" - деп,
қасақана білмегенсіп тұра-

мын. "Анау", - дейді бас
бармағымен жоғарыны

көрсетіп. 21-қабаттағы буфетті
мегзеп тұрғанын сезе-

мін лифтіге отырып
21-қабатқа көтерілеміз. Тәкең

жұрттың
көзінше құрғақ шарап қана ішеді. Оңашада

ғана оған бәрібір, мен сияқты,
ақ-қызыл деп талға-

майды. Мен соның бәрін біле тұра әдейі істеймін. Бу-

фетке барамын да: "Бір стақан
құрғақ шарап, бір

стақан арақ, бір-бір кружка
сыра", - деймін Тәкеңе

естіртіп. Тәкең: "Құрғақ шарапты кім ішеді?" - дейді.

"Сіз ішесіз", - деймін.
"Тек, антұрған, 21-қабатта тұ-

рып кісі құрғақ
шарап іше ме екен". "Енді не іше-

міз?". "Сен не ішсең,
соны ішемін", - дейді.

Бір-екі күннен кейін Днепрдің
төменгі ағысындағы

Канев қаласына кемемен апаратын
болды. Қонақтар

табиғатты тамашаласын, сергіп
демалсын дегені ме,

кеме ақырын жүзеді. Түн ортасында
каютадан сыты-

лып шығып төмендегі буфетке
барсам, Тәкең осында

отыр. "Тәке-ау, түн ортасында
мұнда неғып жүрсіз?" -

деймін. "Ал өзің неғып
жүрсің?". "Мен басым ауырған

соң келдім". "Ал менің
басым ауырмайтынын қайдан

білесің?" - дейді ол. Тағы да
Тәкеңе естіртіп: "Бір

стақан шарап, бір стақан
арақ", - деймін. "Әй, -

дейді, - Днепрдің үстінде келе
жатып кісі құрғақ шa-

paп іше
ме екен".

Екеуіміз каютамызға көтеріліп
келеміз. Тәкең қош-

тасарда: "Әй, сенің аузың
жеңіл. Әбділдаға айтып

қойма. Әйтпесе түбі жақсы
болмайды", - дейді. Ка-

невте Шевченко есткерткіші түбінде
жұрт сөз сөйледі.

Тәкең шабыттанып өлең оқыды.

-        Қасеке,
Тайыр Жароков өлеңді жақсы оқиды

дейді ғой.

-        Тәкеңдей
өлең оқығанды мен көрген жоқпын.

Ол мінбеге шығады да басын
шалқайтып жоғары бір

Қарайды. Содан соң өлеңін
оқығанда, құдай сақтасын,

дауысы жер жарып жібере жаздайды. Маяковский

 

өлеңді солай оқиды дейді. Бірақ
оны кім тыңдапты.

Бір де бір ақынның Тәкеңдей өлең оқығанын
естіген

емеспін.

- Қасеке, алдыңғы ағалар Тәкең
туралы әңгіме

қозғағанда алдымен айтатыны -
"ол бір қызық

адам еді" дейді.

- Солай екені рас. Бір жолы
Мәскеуден Алматыға

қайтатын боп, поезға билет алдым.
Вагонға кірсем,

Ғабит Мүсірепов, Тайыр және мен
танымайтын екі

министр - қазақ жігіттері сонда
отыр екен. Бәріміз

бір-бір купені иемденіп, ұзақ жолға дайындалдық. Жол

азығымды ыңғайлап, балаларға алған
заттарымды рет-

теп купеде жайғасып жатқанмын. Бір
уақытта Тәкең

кіріп келді. "Әй, - деді, - аналарды
анау шақырып

жатыр". "Екі министрді
шақырып кел", - деп, Ғабең

оның өзін жұмсаған ғой. "Сен
шақыр", - деп, ол енді

мені жұмсап
отыр. "Ғабит Мүсірепов шақырады", -

деп едім, "қазір" деп,
екі министр де келісе кетті.

Ғабеңнің купесіне жиналдық. Ғабең
әңгімесін бастады.

"Бәріміз жол шығып қалыппыз.
Енді біз шілдің боғын-

дай бытырамайық. Ортамыздағы жасы
кішісі - мынау

Қасым. Оның бөлмесінде
тамақтанайық. Әкеле жатқан

азық-түліктеріңді Қасымға жинап беріңдер. Менің бөл-

мемде карта ойнайық", - деп
еді, бәрі де келісті.

Министрлердің жол азықтары көп болады екен,

менің купем әбден тамаққа толды.
Кімнің не ішетінен

біліп алдым. Министрлерде шампан
да, коньяк та, құс

еті де, қара уылдырық та - бәрі де
бар. Бәрін жи-

нап, ыңғайлап қойдым. Ғабең бір
стақан шарап ішеді.

Тәкең де жұрттың көзінше соны ішеді. Екі министрдің

біреуі коняк, біреуі шампан ішеді
екен. Маған бәрібір,

бензиннен басқасын іше беремін.
Таңертең бәрі та-

мақтанып, купелеріне кетеді. Тәкең
қалып қояды. Бір

мезетте орнынан тұрады да: "Әй, мен қазір келемін", -

дейді. Бес минут өтпейді, қайтадан
кіреді. Есікті

жабады да артына қарайды.
"Тәке, есіктің сыртынан

біреу көріп, тыңдап тұр дейсіз
бе?" "Әй, - дейді, -

қайдан білесің. Көрсе көріп тұрған шығар". Маған

жақын келіп тұрады, отырмайды.
Жымиып күледі. Ба-

сын
изейді. "Ішесіз бе?" - деп, шарапқа қол созамын.

«кет -
дейді, - құрғақ шарапты кім ішеді?" "Сіз

ішпейсіз бе?" - деймін. Сол
баяғы бір жаттанды сөз.

"әй -
дейді, - осындай поезд қатты жүріп келе жат-

қанда кісі сухой вино іше ме екен".
"Енді не ішесіз?"

"Анадан құйсаңшы", -
дейді арақты көрсетіп. Бір

стақанға құямын да алдына қоямын.
Өзім ішкім келме-

гендей әдейі отырамын. "Әй,
өзің де ішсеңші", - дей-

ді маған жаны ашығансып.
Сөйтіп-сөйтіп, бөтелкелер-

дің біразын екеуіміз құртамыз ғой.

Бір күні тамақ ішіп отырғанда
Ғабең, байқағыш

қой: "Әй, Қасым, осы
басталған бөтелкелердің таусы-

лып, басталмаған бөтелкелердің
ашылып қалатыны

несі?" - деді. "Оны
Тәкең біледі", - дедім. Тәкең шо-

шығандай боп: "Тек, антұрған,
мен оны қайдан біле-

мін", - деді. Ғабең жымиып қана күлді. Бәрін біліп,

түсініп отыр. Ғабең, екі министр -
үшеуі карта ойнай-

ды. Тәкең карта ойнауды білмейді.
Бір күні Ғабең ме-

ні шақырды. Купесіне бардым. Екі
министр жанында

отыр. "Әй, Қасым, сен карта
білесің бе?" - деді. "Бі-

лемін", - дедім. "Ендеше
сен төртінші қол боп ойнай-

сың. Ұтсаң
- аласың, ұтылсаң - төлемейсің". Сөйтіп

Ғабең өзімен бірге карта ойнатты.
Карта ойнағандағы

Ғабеңнің отырысы, өзін-өзі ұстауы ерекше. Қағазын

баппен сызады. Әр ойыншының алдына
ұшталған ка-

рандаш қояды. Білгіш. Кімнің
қолында қандай карта

барын сезіп отырады. Артық сөз айтпайды. Сөйтіп

Алматыға да жеттік.

- Касеке, егер
соғыс болмағанда тыныштық

заманда, бейбіт өмірде Сіз кім
болар едіңіз?

Кандай биікке көтерілер едіңіз? Ғұмырымыздың

нағыз
жігіттік шағы, қайран жиырма бестегі жа-

сыңыз соғыста өтті. Арман, мақсат
орындалмады.

Жан да, тән де жараланды. Тірі
қалып, елге оралу

мұң
болды. Дегенмен, "егер соғыс болмаса" деп

қиялданайықшы...

-        Әскерге
алынғанда барлаушылар мектебіне әкет-

песе, менің өмірім басқаша болар
еді. Тіпті, соғыс

басталып, ел қатарлы мен де
мобилизацияға іліккенде

соғыста қаза табуым мүмкін еді.
Егер соғыс болмай,

Асыл екеуіміз Павлодарға
қызметімізді атқарып жүр-

сек, көптің бірі боп, қарапайым
тіршілікпен күн кеше-

тін де шығармыз. Соғыстан бұрын
өлең жаздым деп

едім ғой. Бәлкім, облыс
көлеміндегі орташа ақын бо-

луым да мүмкін. Ал мені анау
барлаушылар дайын-

дайтын арнайы мектеп адам етіп
шығарды. Бұл мек-

теп мені шынықтырды, тәрбиеледі,
ақыл-ойымды өсір-

ді. Мені мүлде өзгертіп жіберді.
Мен бұл сөзді бұдан

бұрын да әлденеше рет қайталап айтқанмын, тағы да

айтамын. Кейін жау тылына
тастағанда қиыннан жол

табатын, әбден жаттыққан, небір
айла-тәсілді меңгер-

ген адам екенімді әбден сезіндім.
Ақыры барып, қан-

дай жағдайда болсын өмірден үміт
үзбеу керектігін

мықтап түсіндім.

- Қасеке, "өмірде пәлен
болам, түген болам"

деп армандадыңыз ба?

-        Мен
жасымда ауылдағы содыр-шоқпыт баланың

бірі болдым. Оқуды да жақсы
оқымадым. Бірдеңені

армандаған да емеспін. Бірақ, әр
балада іштей әрне-

ге қызығушылық болады екен. Мына
Асылдың Сәпина

деген апайы болды. Әкесінің ең
кіші қарындасы. Қазір

де тірі. 90 жасқа жақындап қалды.
Өскеменде тұра-

ды. Сол Сәпинаның Сағидолла деген
күйеуі қауіпсіз-

дік органында ма, милицияда ма,
әйтеуір, сондай бір

жерде қызмет атқарды. Шағын ғана,
алтын асықтай

сары
жігіт еді. Соның кішкене пистолеті барын анда-

санда көретінмін, қызығатынмын.
"Сондай пистолетім

болса ғой", - деп
ойлайтынмын. Бұл, әншейін, бала-

лық
қызығу, көрсе қызарлық қой. Пистолеттің қандай

жағдайда кімдерге берілетінін
біліп те жатқан жоқпын.

Тағдырдың
жазуын қарашы, түптің түбінде сол тілегім

орындалып, пистолеттің небір түрін, қаншасын қолға

ұстадық. Қару етіп, жанымнан
тастамадым. Жаудың

қоршауында қалғанда соңғы оқты
өзіме жұмсамақшы

да болдым.

Бала кезімде, соғыстан бұрын ақын,
жазушы бо-

лайын деп те, батыр болайын деп те
армандаған

жоқпын. Мені әдебиетке әкелген -
соғыс, партизан-

дық өмірім. Біртіндеп есті жиған
кезде соғыстағы

бастан кешкен қиын-қыстау жағдайлар
ішіме сыймай,

үлкен материалға айналды. Сыртқа
шығарып, жұртқа

жеткізу үшін көргендерімнің бәрін
жазуға кірістім.

- Қасеке, Сіз өзіңізді кандай
адаммын деп

ойлайсыз, яғни қандай адамсыз?

- Мен өзім кіммін? Айтайын. Мен -
Қазақстанның

қатардағы азаматымын. Отанды
қорғаған бір кездегі

жауынгермін. Соғыста аз да болса
ерлігіммен таныл-

ған, бейбіт өмірде өз әлінше
еңбегімді сіңірген адам-

мын. Жайшылықта тындырып тастаған
айтарлықтай

ештеңе де жоқ. Орта қолды,
жай ғана азаматпын. Ме-

нің бұрынырақ шығарған мынадай бір
шумақ өлеңім

бар болған:

Алдымда ағам да бар, інім де бар,

Бойымда сылып тастар мінім де бар.

Кей кезде ақ арақты ішіп алып,

Масайрап жүретұғын күнім де бар.

Ал бұған не дерсің?! Мен бүгіндері
бұрынғыдай

олпы-солпы мінезді, бірақ ашық-жарқын
жүретін, еш-

нәрсе жасырмайтын, басқадай оғаш
қылмыс жасамай-

тын осы халге жеткен әншейін бір
шалмын. Одан

басқа ештеңе де емеспін.

-        Қасеке,
сөзіңіз орынды. Бәріміз де басы

жұмыр
пендеміз. Жазмыштан озмыш жоқ. Мақтан-

бау, масаттанбау - жақсы касиет. Қарапайымдылық

та кісіліктің белгісі. Дегенмен
мына менің қарсы

алдымда отырған "әншейін бір
шалды" еліңіз

Халық
қаһарманы деп таныды. Партизан жазушы

деп біледі. Әлі күнге дейін Сізден
сөз күтуде, түрлі

жиналыс, кездесулерге шақырады.
Өзіңізді еліңіз,

халқыңыз елеп-ескеріп жатады.

-        Бұған да шүкіршілік. Егер аз да болса пай-

дам тисе - қуанамын. Қолымнан
келсе, шамам

жетсе, қызмет етуге әзірмін.

-        Қасеке,
осы сөзіңізге орай өзімше бір дәлел

келтірейін. Күні кеше осы үйіңізге Әскери акаде-

мияның курсанты келіп Сізді жас
курсанттармен

кездесуге шақырды. Сол күні сағат
3-те басталатын

кездесуге баруға келістіңіз.
Осының алдында ғана

жүріп-тұруыңыз
қиындап, ауырып отырғаныңызды

маған айтқан едіңіз. Мен де
әңгімемізді тезірек

аяқтап, кетуге ыңғайланып отырғанымда
академия-

дан әлгі жас жігіт келді.
Көңіл-күйіңіз де келісіп

тұрмағанын
түріңізден байқадым. Келіп тұрған -

генерал емес, курсант жігіт. Сізді
бірден келісуге,

орныңыздан қозғалып, Алматының
солтүстігіндегі 70-

разъезде орналасқан Әскери
академияға кездесуге

баруға итермелеген қандай күш деп
ойлаймын.

"Ауырып тұрмын" десеңіз Сізді зорлап апармайды

ғой.

-        Мен
қазіргі халімде елге пәлендей пайдамды

тигіземін деп айта алмаймын.
Дегенмен жұрттың алдына

шығып ойымды жеткізе алатын,
сөйлеуге шамам бар.

Сондықтан
курсанттар шақырған екен, бару міндет

секілді - Оның үстіне олар - болашақ офицерлер,

тәуелсіз еліміздің әскери
кадрлары. "Өздері алып бара-

мыз,
қайтадан үйіңізге жеткізіп тастаймыз", - деп

отыр - өзімнің пікірімді білдіріп, жастарға аз да болса

ақылымды айтсам ба деймін. Бұл - бір. Екіншіден, сол

әскери академияға әлгі баланы оқуға түсірген өзім

едім. Оның әке-шешесі Семейдегі
бұрынғы Таскескен

ауданының
Шолпан деген ауылында тұрады. Олармен

көптен таныс едім. Осы баланы олар
тура маған әкеліп,

көмектесуімді өтінген соң, Әскери
академияның бастығы

генерал Абай Тасболатовқа алып
бардым. Генерал мені

жақсы қарсы алып, "Қасеке,
Сіз бізге жаман бала

әкелмеген шығарсыз", - деп,
оны оқуға қабылдауға

пейіл білдірді. Баланың дайындығы
жақсы екен, барлық

жағынан да академияға лайық боп
шықты.

Баланың қандай екенін өзің де
көріп отырсың.

Олар өзім апарып оқуға түсірген
курсантты жіберіп

отыр. Баланың меселін қайтармай,
достарының алдын-

да абыройын арттыру үшін де
сүйретіліп баруым ке-

рек. Жастарды тәрбиелеуге аз да
болса үлес қоса-

мын деп бара жатырмын. Осыдан
басқа ешбір ойым

жоқ.

- Қасеке, Сіздің кітаптарыңызда
генерал-

полковник, екі мәрте Кеңес
Одағының Батыры

Лавриненковпен бірге түскен
суреттеріңіз бар. Сонда

Сіз бұл
кісімен қалай танысып, жүрсіз? Әскери шені

үлкен, атағы зор
көрінеді. Әрине, Сіздің маршал-

дармен, үш мәрте Кеңес Одағының
Батыры Покрыш-

кинмен де бірге түскен
суреттеріңізді көргенбіз.

Бірақ
олармен дос болды деудің қисыны жоқ сияқ-

ты. Кездескен
сәттердің көріністері шығар. Партизан

құрамаларының атақты командирлері,
екі мәрте

Кеңес Одағының Батырлары
Ковпакпен, Федоровпен

жақын
танысып, ұзақ жылдар жақсы карым-

 

қатынаста болғаныңызды да білеміз.
Ал генерал-

полковник Лавриненковпен
таныстығыңыз қандай

дәрежеде болды екен?

-        Владимир
Лавриненков - жау тылында арнайы

партизан болайын деген адам емес.
Жаудың қолына

түсіп, одан тұтқыннан
қашып, біздің партизан отрядына

қосылған байырғы әскери ұшқыш. Подполковник шенінде

каскадир ма, әлде одан да жоғары ма, әйтеуір,

ұшқыштар тобының командирі болса керек. Өзі сонда

Кеңес Одағының Батыры екен.
Аспанда жаумен шайқа-

сып, талай ұрыста ерлігімен,
ептілігімен көзге түсіпті.

Немістердің өздері де одан
үрейленіп, "Аспанда -

Лавриненков", - деп
бірін-бірі алдын-ала сақтандырады

екен. Немістің "Рама"
деген әскери ұшағын қайткенде

қолға түсіру керек деген
тапсырмамен Лавриненков

және Кирюхин деген ұшқыш бір
ұшақпен аспанға көте-

ріледі. Екеуі "Раманың"
соңына түсіп, біраз қуады. Ет

қызуымен майдан шебінен өтіп
кетіп, немістер билеген

аймақта ұшақты
атып түсіреді. Екеуін де тұтқынға ала-

ды.

-        Қасеке,
бұл - қай жылы?

-        1943
жылы Украина жерінде тұтқындалып, азап

шегеді. Екеуі де Кеңес Одағының
Батыры, атағы шық-

қан аспан сұңқарлары. Мұндай "қымбат олжаны" қолға

түсірген неміс командирлері
мақтану үшін поезбен бір-

ден Берлинге аттандырады. Германияның кейбір вагон-

дарында әр купе
бөлек, бір-бірімен араласпайды. Төрт

орындық купеге сырттан
кіріп-шығатын етіп жасалған.

Екі ұшқыш
тұтқынды осындай вагондағы астыңғы

орынға жатқызып, екі неміс күзетіп
отырады. Бұл

екеуі қайтсе де қашуды ойлайды.
Есік қалай ашылып-

жабылады. Күзеттегі екі неміс
қалай жатып, қалай

тұрады.
Бәрін байқап, аңдып жатады. Қолайлы сәтті

күтеді.

Түн ішінде поезд батысқа кетіп
бара жатады.

Күзеттегінің біреуі ұйықтап,
екіншісі қалғып-шұлғып

отырғанда екеуі қалғып-шұлғыған немісті есінен тан-

дыра ұрып,
есікті ашып жіберіп поездан қарғиды.

Жерге аздап қираңқырап түсіп, қашады. Қай жерге

түсті, қайда жүр - бұны олар
білмейді. Төрт-бес күн

сол маңайда айналшақтап жүреді. Ес
жинағаннан кейін

қайтсе де жаяулатып, жаудан
жасырынып майдан

шеңберінен өтуге бел байлайды.
Бұларға жергілікті

адамдар кездесіп, жағдайларын
біліп жөн сілтейді.

"Майдан шебі алыс, мына
қалыптарыңмен жаяу жете

алмайсыңдар. Сендер қазір Киев
облысының батыс

жағында жүрсіңдер. Пәлен орманда
партизандар жа-

тыр. Соларға барып қосылсаңдар
аман қалуларың

мүмкін. Әйтпесе қайтадан тұтқынға
түсесіңдер", -

дейді.

Екеуі сол орманда менің отрядым
жатқан жерге

келіп қолға түседі, Біз екеуін
тексереміз. Кімдер еке-

нін білгеннен кейін өзіміздің
отрядқа алдық. "Кеңес

Одағының Батыры Лавриненков және
капитан Кирюхин

неміс тұтқынынан қашып партизан
отрядына келді", -

деп, өзіміздің штабқа хабарладық.
Осы сөз бірден-

бірге тарап, ақырында Қызыл
Армияның тиісті орында-

рына жеткенде
ондағылар рациямен бізбен хабарла-

сып: "Екеуін де қайткенде
аман-есен майдан шебінен

өткізіңдер. Оған мүмкіндік
болмаса, аман сақтаңдар.

Олардың өміріне жауаптысыңдар", - дейді.

Екеуі де жас жігіт, жаудан кек
алуға құлшынып

тұр. Отрядтың батальоны, ротасы
кезекті бір ұрысқа

аттанса екеуі соларға ілесіп
кетеді. Мен олардың

өмірлерінен қауіптеніп, шақырып
алып, ескертіп айт-

тым: "Сендер үшін біз жауапты
екенбіз, біздің бұй-

рыққа
бағынасыңдар. Біз - талай жыл жау тылында

жүріп бәріне көндігіп, үйренген
адамбыз. Сендер со-

ғыса алмайсыңдар. Сендерге бұл аспандағы шайқас

емес. Сондықтан рұқсатсыз ешқайда шықпаңдар,

лагерьде болыңдар", - дедім.
Бір күні мен жоқта

екеуі де партизандармен бірге
кетіп қалыпты. Переяс-

лав ауданындағы Хоцкий деген
селода болған ұрыста

Кирюхин қаза тапты. Содан біреуін
жоғалтып алдық.

Енді Лавриненковты шақыртып, қатты
ұрсып, қатаң

ескерттім. Оның менен бір жас кіші
екенін пайдала-

нып, ағалық жолмен әрі отрядтың
командирі ретінде

өктем сөйледім. "Егер
отрядтан менің рұқсатымсыз

кететін болсаң, тура таяқ жейсің.
Сенің өмірің үшін

мен жауап беремін бе?!" -
деп, айқайлап, біраз ашу-

ландым. Оны енді ылғи штабта
ұстадық. Фамилиясы

Лавриненков болғанмен, оның ұлты -
украин. Содан

екеуіміз достасып кеттік. Қызыл
Армияға қосылғаннан

кейін оған жақсы мінездеме беріп,
өзінің қалаған

жағына жібердік. Ол содан кейін
полковник, одан ге-

нерал, одан генерал-полковник
болды. Екі мәрте Кеңес

Одағының Батыры атағын алды.
Немістер тұтқын етіп

Берлинге апармақшы болған сол
Лавриненков ұшқыш

ретінде Берлинді алуға қатысып,
Жеңіс күніне де

аман-сау жетті. Бұдан кейін мен одан хабарымды

үзгенмін.

-        Қасеке,
ендеше соғыстан кейін онымен бірге

қалайша суретке түстіңіз? Кімді
кім іздеп тапты екен?

О баста орманда Сіздің отрядыңызға
кезігіп, қа-

рауыңызда жүріп аман қалғаны үшін
өзін қарыздар

сезінетін де шығар.

-        Қай
жылы екенін сенің білуің керек, осы Алматы-

да Орта Азия әскери округы құрылды
емес пе. Сонда

маршал Судец бастаған он шақты
генерал осы әскери

округке Мәскеуден келеді ғой. Алматыдағы
жұмыста-

рын бітіріп қайтар күні келген
генералдардың бірі -

Лавриненков мені іздетіпті. Ол
уақытта Д.А. Қонаев

Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші

хатшысы, Әди Шәріпов - Министрлер
Кеңесі Төраға-

сының орынбасары еді.

Оқиға былай болса керек. Кететін
кезде Қазақстан

басшылары әлгі генералдарды
қабылдап, банкет жаса-

ғанда Лавриненков айтатын
көрінеді. "Осы Қазақстан-

да менің Вася деген партизан досым
бар. Соны ма-

ған тауып беріндер", - дейді.
Қонаев сол арада Әди

Шәріповпен сөйлесіп: "Мынаның
іздеген адамын таба

аласыңдар
ма?" - дейді. Әдекең бірден жауап береді.

"Мен оны қазір-ақ табамын.
Үйін де, телефонын да

білемін", - дейді. Димекең:
"Ендеше оны осында

алдыр", - дейді.

Менімен хабарласып, машина
жібереді. Сол күні

кешке жақын біздің үйде баспаның
директоры Дүй-

сенбек Еркішев отырған еді,
"Дүйсеке, әлгінде теле-

фонмен Әди Шәріпов ағамыз
сөйлесті. Димекеңнің

тапсыруымен мені Үкіметтің қонақ
қабылдайтын үйіне

шақыртып жатыр. Менің бір генерал
досым келіп,

іздетіп жатқан көрінеді. He
істесем екен", - деймін.

Ол безектеп: "Ойбай, Қасым,
баруың керек", - дейді.

Қабылдау
үйіне барсам, қонақтардың бәрі көңілді.

Көбі әскери адамдар, генералдар.
Мені көре салып,

Лавриненков құшақ жайып тұра
ұмтылды. Екеуіміз

құшақтасып,
көрісіп, мауқымызды басқан соң, ол мені

Қонаевқа ертіп барды. "Мынау
- менің өмірімді сақ-

тап қалған адам. Әйтпегенде мен
жау тылында өліп

қалатын ба едім", - деді.
Димекең сөз тауып: "Енде-

ше сенің өзің де жақсы екенсің.
Сені аман алып қал-

ған біздің жерлесіміз де жақсы
екен", - деді.

Екеуіміз содан кейін араласып
кеттік. Ол менің мү-

шел тойыма қатысып, кей жылдары құттықтау хат

жіберіп тұрды. Жыл сайын мені
Украинаға шақырады,

барсам ылғи өзі қарсы алады. Бір
офицерін машина-

сымен маған қызмет еткізіп, жатқан
қонақ үйіме қала-

ған уақытта келтіріп тұрады. Қызметтен қолы боса-

ғанда мені іздеп оның өзі де
келеді. Екеуіміз оңаша

отырып әңгімелесеміз, партизан
достарымызды шақыр-

тамыз. Сонымен, Лавриненков
екеуіміз қатты дос бол-

дық. Бір жолы осы жазушы Ғаббас
Қабышевты Украи-

наға алып барғанымда екеуімізге
қызмет көрсетіп,

небір сый-құрмет
жасағанына ол да куә болған.

Лавриненков өзінің
"Возвращение неба" деген кіта-

бында екеуіміздің достығымыз
туралы да жазыпты. Ол

1983 жылы қайтыс боп кетті. Қазір
оның бір ұлы, бір

қызы бар. Ұлы
Мәскеуде, қызы шешесімен бірге

Киевте тұрады.

Осы жолы мені киноға түсіруге
Украинаға апарған-

да жұмысымызды бітіргеннен кейін
Ковпактың,

Лавриненковтың зиратына барайын
деп ойладым.

Лавриненковтың әйелін тауып алып,
зират басына

бірге бардық. Ең алдымен Ковпактың
зиратына

тоқтап, гүл қойдым, бір-екі ауыз
сөз сөйледім. "Ков-

пак маған өмірде қатты көмектесті.
Мені тірі алып

қалған да сол. Егер соғыстан кейін
Украинада тұра-

тын болсам, әлгі ұлтшылдар мені өшігіп, өлтіріп тас-

тауы да мүмкін еді. Бірақ Ковпак
мені сақтап, Жұма-

ғали Саинмен бірге елге аттандырып
салды. Әр со-

ғыста партизандардың аты
аңызға" айналған басшы-

лары болған. 1812 жылы Наполеонмен
соғыста Денис

Давыдов деген партизанның аты
шықты. Мына соғыс-

та Сидор Артемьевич Ковпак осындай
даңққа бөлен-

ді", - дегенді айттым.
Лавриненковтың зиратына кел-

генде достық сезімімді білдіріп,
аруағына бас иіп

қайттым. Құжаттарымды
қарап отырсам, менің 60 жыл-

дығымда Лавриненков қол қойып,
құттықтау папке

жолдапты.

- Қасеке, Сізден сұрап, аньқтап алайын дегенім -

Роберт Кляйн деген партизан
неміспен қалай таны-

сып, калай табыстыңыз? Оған Кеңес
Одағының

Батыры атағы қандай ерлігі үшін берілді? Жалпы,

осы Роберт Кляйн деген кім?

- Роберт Кляйннің ұлты - неміс. Ата тегі Еділ

бойы немістерінен тарайды.
Кеңестер елінің азаматы,

Қызыл Армия қатарында қызмет еткен
офицер, аға

лейтенант болса керек. Бірақ ол
жау тылына біз се-

кілді арнайы жіберілген партизан
емес. Соғыс кезінде

немістердің қолына түседі. Өзі де
неміс. Сондықтан

фашистер оны пайдаланбақшы болады,
Переяславтағы

автоколонканың бастығы етіп қояды.
Біз одан небәрі

30 шақырым жердегі орманда жүрміз.

Кляйн жергілікті халық арқылы
біздің отрядпен бай-

ланыс жасап, қайтсе партизандарға
қосылуды ойлай-

ды. Өзі істейтін автоколлонадағы
сенімді жігіттерді

белгілеп алады да, бірнеше
машинамен орманға кет-

пекші болады. Чапаев атындағы
партизан құрамасының

командирі
Иван Кузьмич Примакпен, комиссары Емельян

Демьянович Ломакомен келіседі де,
он шақты машина-

мен немістерден қашып
партизандарға келеді. Кейін

екеуіміз достасып кеттік. Ол менен
5-6 жас үлкен.

Осы кезде партизан отрядын құру мақсатында жау

тылына десант түсіріледі. Сол
десант - жиырма шақ-

ты адам біз жүрген Хоцкий орманы
қасындағы 10 ша-

қырымдай жерге түседі. Фашистер
олардың ізіне түсіп

қуады. Жиырма шақты адамның он үші
ғана аман қала-

ды. Сол он үштің біреуі - осы
Тканко. Бұл - 1943 жыл-

дың қыркүйек айының басында болған
оқиға екенін

біз де естиміз. Тірі қалғандарын
қорғап қалу керек

қой. Бұған дейін біз оларды
көрген-білген емеспіз.

Соларды іздеріне түскен
немістерден қорғап отряд-

қа алып келуге мені жұмсады.
Отрядымның бірнеше

адамымен әлгілерді іздеп шығып,
ақыры кездестік.

Әлгі топтың командирі - Тканко,
комиссары - Нико-

лай Бойко екен. Өңшең ығай мен
сығай, дайындығы

мықты адамдар. Сол он үш адамды
өзіміздің отрядқа

әкелдік. Олар шайқастарға қатыспай
лагерьде жүрді.

Біз рациядан айырылып қалғанбыз.
Оларда рация бар.

Бірақ олардың біздің партизан құрамасына қатысы

жоқ. Өздеріне жүктелген әлдебір тапсырманы
орын-

дағанша уақытша ортамызда жүр ме,
әлде жау тылы-

на түскенде сәтсіздікке ұшырап, ес
жиғанша бізде бө-

гелді ме - ол жағын мен білмедім.
Біздің құраманың

жағдайын әбден түсініп алғаннан
кейін осы арада ол

бір опасыздық жасайды.

-Тканко ма?

- Иә, иә. Бұл осының алдында да
екі-үш рет жау

тылында болыпты. Партизандар
қозғалысы штабында-

ғы адамдармен, оның ішінде штаб
бастығының орын-

басары Носков дегенмен достасады.

Ол біздің отрядта жүргенде
рациямен Носковпен ха-

барласып: "Мен Днепрдің арғы
бетінде партизан құра-

масын құрдым. Осы құраманың
командирлігіне мені ұсы-

нып, бұйрық
беріңдер", - дейді. Бұл жағдайды біз

мүлде естіген емеспіз. Штабтағылар
да бұл хабардың

өтірік екенін білмейді.
"Александр Васильевич Тканко

Чапаев атындағы құраманың
командирі боп тағайындал-

сын", - деген бұйрықты ол
рация арқылы алады. Құ-

раманың командирі Примак та,
комиссары Ломако да,

штаб бастығы Нагайцев те бұл
бұйрықтан бейхабар

еді. Олар сол баяғыша өз
орындарында өз міндеттерін

атқара берді. Тканко өз
адамдарымен біздің арамызда

небәрі он бес күндей ғана болды.

Кейіннен Қызыл Армияға қосылған кезде штабтағы-

лар партизан құрамасының командирі де, комиссары

да бар екенін біліп қояды. Тканко
сол арада Носков-

қа бар сырын айтуы да мүмкін. Енді
олар бұйрықты

қателесіп бергенін сездірмеу жағын
ойластырады.

Өтірікші болмауы керек қой. Осыдан барып біздің

құраманың басшыларына көресе көзге
қиянат жасалып,

бекерге қудаланады.
Қызыл Армияға қосылғаннан кейін

біздер тікелей партизандар
қозғалысы штабына бағы-

намыз, солардың айтқанын
орындаймыз.

Примакты штабқа шақырып: "Екі
күннің ішінде тез

арада есеп беруге дайындал, жазып штабқа тапсыр", -

дейді. Артынша оны жаңа
тапсырмамен жау тылына

ұшырып жібереді. Шын мәніндегі құрама командирі

Примактан құтылу
керек қой. Штаб бастығы Нагайцев

испан соғысына қатысқан ержүрек
адам еді. Оған

әлдебір кінә тағып, жалған құжат
жасап, бекерден-

бекер айыптылар батальонына
жөнелтеді. Ол сол

батальонда өліп кетті. Құраманың комиссары Ломако-

ны да тыныш қоймайды. Штабтағылар
оған да: "Сен

осы жердің адамы екенсің. Бұдан
былай жаудан бо-

саған ауданда партия қызметін
атқарасың", - дейді.

Енді құраманың алты отрядының алты
командирі,

алты комиссары бар емес пе. Біздің
бәрімізді жинап

алды да, Армияның запастағы
полкіне жібереді. Менің

өз басыма келсем, запас полкке
барғанда кім екені-

мізді естігеннен кейін олар:
"Сендерді біз полкке қа-

лай аламыз. Өздерің отряд
командирі болған адам-

сындар. Дәрежелерің полк
командирімен бірдей ғой", -

деп, бәрімізді кері қайтарады.

Қайтадан Киевтегі Орталық
партизандар қозғалы-

сы штабына оралдық. Біреуді әскери
шен беріп Ар-

мияға аттандырды, біреуді жай
қызметке орналас-

тырды. Сөйтіп бәрімізді жан-жаққа
таратты.

Мені және отрядымның штаб бастығы
Григорий

Алексеенконы Киев қаласындағы
ет-сүт өнімдері халық

комиссариатының қарауына жіберді.
Мен сол нарко-

матта кадр бөлімінің бастығы, ал
Алексеенко менің

бөлімімде инспектор болды.
Екеуіміз де азаматтық

қызметке кірістік. Бұл қызметтен біздің түсінігіміз ша-

малы, бірақ адамдарды қажет мамандықтар
бойынша

жұмысқа аламыз. Соғыс жүріп жатқан
кез, кадр жетіс-

пейді. Киев қаласында тұратын қалталы еврейлер

соғысқа бармау үшін Алексеенкоға
келіп, пара беретін

көрінеді. Ол бірақ мұны маған
сездірмей, сол еврей-

лерді
броньмен қалдырып, жұмысқа орналасуға көмек-

тесіп отырыпты. Ақысына алтын,
түрлі бұйымдар ала-

ды екен де, жұмысқа қабылдау
жөнінде маған қол

қойғызады.

Сөйтіп жүргенде бір күні екеуіміз
көшеде Тканкоға

кездесіп қалдық. "Сендер мұңда не істеп жүрсіңдер?" -

деп сұрайды. "Біз осында
наркоматта қызметтеміз", -

дейміз. Тканко айтады: "Мен
жау тылына ұшқалы

жатырмын. Партизан құрамасын құруымыз керек. Мені-

мен бірге жау тылына барасыңдар
ма?" - дейді. Ой-

ланбастан екеуіміз де:
"Барамыз", - дейміз. Өзіміз

жөн-жосығын білмейтін жай қызметте
жүргеннен гөрі

жау тылында соғыспаймыз ба.
"Ендеше екеуің де пә-

лен уақытта пәлен жерге
келіндер", - дейді. Біз осы-

ған келістік. Тканконың бізді
алатын себебі - оған да

жау тылында сенімді адамдар керек
қой.

-        Қасеке,
бұл оқиға қай жылы болды екен?

-        Бұл жолы Тканкомен 1944 жылы Киевте кездес-

тік. Алексеенко екеуіміз онымен
бірге жау тылына ке-

туге бекініп, өзіміздің кеңсемізге
келдік. Алексеенко

сонда тосын бір әңгіме бастады.
"Ал, Вася, саған

сездірмей жүруші едім. Жау тылына
кеткелі тұрмыз.

Еңді
айтпасқа болмайды. Меңде бір құпия
сыр бар", -

дейді. "Қандай құпия менен жасырған?" - деймін. "Бір

қобдиша ақша, бір қобдиша алтын бұйымдар бар", -

деп, қалайша жинағанын айтып
берді. "Бұны қайтеміз.

Жау тылына апарасың ба?" -
деймін. Маған да, оған

да дүниенің керегі жоқ. Алексеенко
құнығып емес,

қызығып жинай берген.

Екеуіміз ақылдасып, әлгі
ақша-алтындарды түп-түгел

банкке тапсырдық. Содан соң
отырамын да, "Кадр

жөніндегі инспектор Алексеенко жау
тылына кетуіне

байланысты бүгіннен бастап қызметтен
босатылсын"

деп бұйрық шығарамын. Өзіме-өзім
дәл осындай

мазмұнда
бұйрық жазып, қол қойдым. Әлгі екі бұй-

рыққа
мөрді басып, столымның тартпасына тығамын.

дәл жау тылына кететін күннің
алдында хатшы қызды

шақырамын да, "Үш күннен
кейін мына тартпаны аша-

сың. Ішіндегі құжатты аласың да, бастықтардың қолы-

на тапсырасың", - деймін.
Содан кейін Алексеенко екеуі-

міз Тканкомен бірге Карпатқа ұштық та кеттік. Соны-

мен біз сонау Закарпат
Украинасынан бір-ақ шықтық.

- Қасеке, мен Сізден Роберт Кляйн
туралы

сұрап
едім. Әңгіме желісі Тканкоға қарай ойысқан

тәрізді.

- Сен әлгінде: "Кляйнге Кеңес
Одағының Батыры

атағы қандай ерлігі үшін берілді?"
- деп сұраған едің.

Оның Батыр атағын алуының осы
Тканкоға тікелей

қатысы бар екенін айтайын дегенім
ғой. Сөйтіп, Ро-

берт Кляйн он шақты машинасымен,
жүргізуші адам-

дарымен бізге қосылды емес пе. Ол
бізбен бірге

жүрді, бізбен бірге жаумен
соғысты. Немістің әскери

тілін таза сөйлейді. Талай
операцияларға бірге қатыс-

тық. Оның неміс екендігі бізге
пайдасын тигізді. Фа-

шистердің комендатурасына немесе
басқадай бір

күзет қойылған қауіпті жерлерге
шабуыл жасағанда

Кляйнды неміс офицері етіп
киіндіріп, жанына бірнеше

адамды қосып, олар да немісше
киінеді, кез-келген

неміс мекемесіне кіргіземіз. Арғы
жағында біз істері-

мізді істейміз. Ол осы сықылды
батыл әрекеттерді

ұйымдастырып, небір ерліктер көрсетті. Өзі де тым

өжет болатын. Менің отрядымда да
боп, кейбір тап-

сырманы сәтті орындап шығуға
көмегін тигізді. Неміс

офицерінің ролін мін таққызбай,
күдік туғызбай сон-

шалықты тамаша ойнайтын. Көргенде
өзіміз де сырт-

тай қызығып қарайтынбыз. Бұл жұмыстың қауіптілігі

соншалық, жаныңды шүберекке түйіп, қыл үстінде тұр-

ғандай боласың. Жаудың өз ортасына
кенеттен кіріп,

солардың өз адамы роліне ену оңай
ма. Сыр беріп

алсаң, құрисың
ғой.

Сол Кляйнді шатастырған - тағы да
осы Тканко.

Біздің құрамада жүргенде Кляйнді
сол Тканконың қа-

рауына бекітіп қойдық. Тканко қу
ғой, оны өзіне ың-

ғайлап, әз шаруасына жұмсайды, жақсы тіл табысты.

1943 жылдың қыркүйек айының ортасында
жау тылы-

нан шығып Қызыл Армияға
қосылғанбыз. Осы күндері

маған Днепрдің арғы жағына өтуге, плацдарм дайын-

дауға тапсырма берілгенін, одан
әрі не болғанын бір

әңгімеде мен саған баяндап
бергенмін.

- Қасеке, ол әңгіме есімде. Атақты
Букрин

плацдармын алуға қатысқаныңыз
үшін, яғни Днепр-

ден өткеніңіз, арғы жағында
бекінгеніңіз үшін Сізге

Кеңес Одағының Батыры атағын
беруге болушы еді,

бірақ сәті түспеді дегенбіз.

 

- Құрама командирі Примак мені
Днепрдің арғы

жағына өтуге жіберіп жатқанда бұл
әңгімеге Тканко

қатысқан. Менің өз отрядымнан 120
адам алғанымды,

Қызыл Армиядан қосымша жауынгерлер
берілгенін,

сөйтіп арғы жағаға аттанғанымызды
ол көрген. Бұл

1943 жылдың 21 қыркүйегі күні
болды дейік. Днепрден

өткенде тірі қалудың үміті шамалы.
Аспаннан бомба-

лап, арғы жағалаудан оқ жауып
жатқанда өзің де тірі

қаламын-ау деп ойламайсың.

Осының бәрін, әрине, Тканко
біледі. Басына бір ой

келеді. Сол біз арғы жағаға
аттанған күні - 21 қыр-

күйекте ол Роберт Кляйнді қасына
ертіп машинамен

Харьковке тартады. Майдан штабы
Харьков қаласында

болатын. Тканко дегенің батыл, өте
сауатты, сөзге

шешен адам. Біздің Днепрдің арғы
жағына кеткені-

мізді көзбен көріп, білді ғой. Кім
де кім Днепрден

өтіп, арғы жағында плацдарм ұстаса, Кеңес Одағының

Батыры беріледі деген Бас
Қолбасшының бұйрығы

болғанын да ол біледі. Ал біздің
бұл бұйрықтан хаба-

рымыз жоқ. He керек, бұл өзі бір қызық нәрсе.

Тканко Харьковке барған бойда
Майданның Әскери

Кеңесінің мүшесі Никита Сергеевич
Хрущевтің қабыл-

дауына сұранады.
Қыркүйектің 22-24 күндерінің бірін-

де
Хрущев оны қабылдайды. Дәл сол күні Украинаның

(Орий Званацкий деген жазушысы да
Хрущевтың қа-

былдауында болады. Званацкий де
1944 жылы Кеңес

Одағының Батыры атағын алған, Ұлы
Отан соғысында

Щорс атындағы партизандар
құрамасының командирі

болған. Кейін кітап жазған,
бірнеше романның авторы.

Менен бес жастай үлкен. Ол кезде
бір-бірімізді та-

нымаймыз. Сол Званацкий Хрущевтың
қабылдауында

отырып, Тканконың айтқан сөздерін
естиді.

Ал Тканко Хрущевке былай деп
баяндапты: "Мен

Чапаев атындағы партизандар құрамасынан келіп

едім 120 партизанды басқарып
Днепрдің арғы жа-

ғына өтіп, Қызыл Армияға плацдарм
дайындадым.

Мынау Роберт Кляйн деген неміс
жігіті менімен бірге

болды", - деп түсіндіреді.
Н.С. Хрущев екеуінің құ-

жаттарын дайындап, Батыр атағына
ұсынуға береді.

Бұл екеуі Кеңес Одағының Батыры
атағын алады.

Кейін Званацкий біздің құраманың
комиссары Ломако-

мен кездескенде өзі куә болған осы
әңгімені оған ай-

тады. Сол естіген сөзін Ломако
біздерге айтады. Бар

әңгіме осылайша айтылды да қалды.
Тканконың сөзі

қате деп теріске шығарған да, дауласқан да ешкім

жоқ. Біз ол кезде не білеміз. Бұйрыққа бағынып, қай-

тадан жау тылына кете барамыз.

- Қасеке, Сізге Днепрден өткендегі
ерлігіңіз үшін

Батыр атағы бұйырмағаны
өкінішті-ақ. Әйтпесе Ал-

тын Жұлдыз
Сіздің кеудеңізге де жарасар еді. Осы

орайда әділетсіздіктің
себебін өйгілеп, шындыққа

 

сәуле түсіретін мына бір жағдайға
назар аударғым

келеді. "Известия"
газетінің 2002 жылғы 16-ақпа-

нындағы 29-санында Андрей
Черненконың "Подвиг и

подлог" деген мақаласы
жарияланды. Мақалаға

"Партизан Қасым Қайсеновтың
Алтын Жұлдызын

ұрлаған кім?" деген тақырыпша қойылыпты. Осы

тақырып пен тақырыпшаның өзі-ақ
мәселенің мән-

жайын толық
анықтап тұрған тәрізді. Мақала авторы

"Қазақстан-1"
телеарнасында режиссер Сағатбек

Махмұттың
"Партизан Қасым Қайсенов немесе

кәдімгі Вася" деген
документальды киносының

премьерасы болғанын айта келіп,
"партизан-жазушы,

Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновке
кезінде Кеңес

Одағының Батыры атағы неге
берілмеді? деген

сұраққа
жауап іздейді. 1943 жылы Қасым Қайсенов

Днепрден алғашқылардың бірі боп
өтіп, ерлік жаса-

ғанмен Батыр атағын басқа біреудің
иемденіп кетке-

нін ашықтан-ашық жазады.
"Известия" газетіндегі

мақаладан үзінді келтірейік:

" Ұзақ
жылдар бойына ресми түрде (соғыс туралы

жазылған кітаптарда тарихшылар бұны қайталаумен

болды) 1943 жылғы 22 қыркүйекте Григорьевка село-

сы тұсында
Букрин плацдармын жасаған - Воронеж

майданының 3-гвардиялық танк армиясының 51-гвар-

диялық
танк бригадасының мотоатқыштар ротасының

автоматшылары делініп келді. Ал,
шындығында, көз

көргендердің айтуына карағанда,
Киев және Полтава

облыстары жерінде әрекет еткен
Чапаев атындағы

партизан құрамасының
3-отрядының Қасым Қайсенов

басқарған 120 партизаны Днепрден
алғашқылардың

бірі боп өткен еді. Ұрыстың соңында 30-ға жуық

адам
тірі қалып, солардың бәрі дерлік, Қасым Қайсе-

нов те жараланды.

Днепрден өткені үшін автоматшылар ордендермен,

медальдармен марапатталды.
Солардың төртеуіне ға-

на - В. Сысолятинге, В.Ивановқа,
И.Петуховқа, И. Се-

меновка Кеңес Одағының
Батыры атағы берілді. Ал

партизандарды марапаттау мүлде ұмытылды. Дәл

плаидарм үшін
қырғын соғыс боп жатқан кезде Алек-

сандр Тканко деген әлдебір
мәскеулік пысықша де-

сантшы Роберт Кляйн деген
антифашист неміспен бip-

гe Воронеж Майданының әскери кеңесінің
мүшесі

Хрущевке
барып, өзін Букрин плацдармын қорғаған

партизан отрядының командирімін
деп мәлімдейді.

Никита Сергеевич алғы шептен
жүздеген шақырым

жерде
"партизан командирі" неғып жүр деп ойламас-

тан барған екеуін Кеңес Одағының Батыры атағына

ұсынады. Жалған істің беті кездейсоқ
ашылады.

Чернигов партизандарының
командирі, Кеңес Одағының

Батыры, жазушы Юрий Збанацкий осы
әңгіменің куәсі

болады. Бірақ
тарихи шындық 70-жылдары ғана түбе-

гейлі қалпына келтірілді. Сол
кезде "Правда Украины"

газетінде жарияланған мақаласында
журналист Вален-

тин Соколов Қасым Қайсеновпен ғана
емес, "Батыр"

Тканкомен де әлденеше рет кездесіп әңгімелескенін

баяндайды. Ешбір бұлтыртпас дәлелдермен Днепрден

өтудің (форсирование) нағыз батыры
Қайсенов екені

айтылады".

Міне, "Известия"
газетіндегі мақалада осылай делін-

ген.

- Осыны өзім де білемін, Тканко да
жасырмайды,

мойындайды. Өйткені істі қайта
қозғап, қаузай бер-

геннен не пайда. Бізге
партизандардың тірі қалғанда-

рының өзара достығы бәрінен де
қымбат. Соған қы-

лау түспесе екен дейміз. Біздің
қазақ "Өткен іске

өкінбе" деуші еді ғой.

- Қасеке,
соғыстан кейін Тканкомен жақсы дос

боп, жақын араласып тұрғаныңызды, Сіздің оны із-

деп Украинаға барғаныңызды, оның
Алматыға кел-

генін де білеміз. Ал Кляйнмен ше? Соғыстан кейін

кездестіңіз бе? Өзара байланыс
болды ма?

- Кляйн бізден кеткеннен кейін
генерал Верши-

гораның партизандар құрамасында
боп Полыша жеріне

дейін барыпты. Соғыстан қайтқан
соң Орел қаласында

автокөлік мекемесін басқарыпты.
Көп жыл өткеннен

кейін Кляйн екеуіміз Мәскеуде
бір-екі рет әлдебір

жиындарда кездескенбіз.

Осы арада бір қызық әңгіме бар.
Оған мына Асыл

апаң куә. Бір күні Алматыда біреу
маған телефон со-

ғады. Ол кезде құлағым естиді, трубканы аламын.

"Сен Васясың ба?" -
дейді. "Иә, Васямын", - деймін.

"Мен Роберт Кляйнмін", -
дейді. Мына қызықты қара.

"Қайдан хабарласып тұрсың?" - деймін. "Алматыдан", -

дейді ол. Күтпеген, көптен
хабар-ошарсыз қалған

адамым мені өзі іздеп тауып, дәл
іргемде тұр. "Мен

саған кіріп шығайын", -
дейді. Асыл екеуіміз дайын-

далдық, дастарқан жайдық. Бірге
соғысқанбыз, дос-

тасып кеткенбіз. Оны қалайша
күтпейсің.

Ол біздің үйге келді. Қуанып қарсы
алдық. Келді

де ол бірден жылады. "Роберт,
неге жылайсың?" -

деймін. Сағынып, көңілі босап тұр-ау, деп ойладым.

Бірақ Роберт Кляйн басқаша себеп
айтады. "Мен се-

нің алдыңда кінәлімін. Мынау менің
омырауымдағы

Алтын Жұлдыз
сенікі еді", - дейді. Бұл сөзді мына

Асыл апаң да естіді. Кляйн жылап тұрып менен кеші-

рім сұрады.
"Мен сенен үлкенмін, жаралымын. Сондық-

тан өлер алдында арым таза болуы
үшін саған бар

жағдайды айтып кешірім сұрау үшін
әдейі келдім", -

дейді. "Осылай-осылай
болды", - деп, сондағы бар

шындықты өз аузымен айтып берді.
"Онда тұрған не

бар. Жұлдызды
менің таққаным не, сенің таққаның

не? Екеуіміз бірге соғыстық емес
пе. Сен бұған ешбір

қынжылма Екеуіміз де тірі қалып,
жер басып жүрміз.

Бұл аз олжа ма?" - деймін.
Асыл апаң екеуіміз оны

қонақ етіп, тауға апарып, бірге
қыдырдық, суретке

түстік. Оның Қаскелеңде қарындасы тұрады екен. Сон-

да бірер күн боп, қайтарында
Алматыға келіп маған

жолығады. Міне, Днепрден өтуге
қатысты оқиғаның

әңгімесі осылай боп шықты.

-        Қасеке,
бұдан кейін Кляйнді көре алдыңыз ба?

Қалай дегенмен ары алдында ақталып, Сізден кеші-

рім өтінді ғой. Бағалауға тұрарлық батылдық
екен.

-        1983
жылы Украинада Днепрден өтудің 40 жыл-

дығы аталып өтіп, сондағы біраз
партизандар Киевте

бас қостық. Сол сапарда Кляйнмен
де кездестім. Әңгі-

мелесіп, бірге жүрдік.
Лавриненков, Тканко, Кляйн -

бәріміз бірге суретке түстік.

-        Қасеке,
оныңыз жақсы болған екен, Қарулас,

тағдырлас достарыңыздың қатары сиреп барады-ау.

-        Иә,
солай. 1983 жылдан кейін Кляйнмен байла-

нысым үзілді.