ВЕРНУТЬСЯ

      - Қасеке, соғыс кезінде -
жиырмадан енді ғана  асқан жігіттік шағыңызда жау
тылында, қантөгістің

ортасында жүрдіңіз. Өз еліңіз,
туған жеріңіз, жарыңыз Асыл апай да алыста жатыр.
Сонда елді

ойлап, ағайын-туысты сағынатын,
«осы соғыс қашан аяқталар екен» деп қамығатын
кездеріңіз көп болды ма? Әлде кырғын соғыс, қан майдан бәрін де ұмыттырып жібере ме, қалай?

- Алғаш соғысқа кірген кезде елді,
туған жерді  қанша сағынғанмен, ол туралы
ойлануға да уақыт

болмады ғой. «Осы соғыста аман-сау
қаламын-ау, елді көремін-ау», - деген де үміт
болмады. Бірақ

кейбір оңаша қалған сәттерде іштей
елді сағынасың. Менің осы қазіргі жасымда бір
байқағаным, адам жас кезінде елін көбірек сағынады.
Өйткені, еліңде бірге ойнаған балалар, жастық
дәуренді бірге өткізген, бірге қызық кешкен достарың қалды. Соларды  бір көруді армандайсың, елге
аңсарың ауып, солай қарай кеткің-ақ келеді. Ал қартайған шағымда енді ғана
түсініп отырмын,

бүгіндері өзіңнің туған жеріңді
сағынады екенсің. «Елу жылда - ел жаңа» деген, бір
кездегі менімен бірге ойнап, бірге жүрген қатарластарым
бүгіндері жоқ. Енді жеріңді
сағынасың. Соған барғың келеді, табаның тиген жерлерді тағы бір аралап
көргің келеді. Менің 
туған жерім тура жұмақ дерсің. Ондай әдемі жер дүние жүзінде бар деп мен өзім
ойламаймын.Жер аттары қандай - Керегетас,
Үңгірсай, Мұздыбұлақ...
Мен қазір біреу апармаса өз бетіммен олжерлерге бара алмаймын. Қартайдық,
жүріс-тұрысым ауырлады. Бірақ әлі де жерді қатты
сағынасың. Жау тылында жүргенде кей-кейде шөлдеп
отырғанда,қазақтың қымызын, айранын
аңсайсың. Соның дәмі      аузыңа келгендей сезініп, одан
сайын шөліркеп, көзіңеас аласың. Бірақ қымыз ішуге
мүмкіндік жоғын

мойындап, орныңнан тұрып тағы да соғысқа кірісесің.Қиналсаң да, қажысаң да соғыстағы
жағдай, міне,осындай. Соғыс қашан бітеді, тірі
қаламыз ба, оны бір құдайым біледі. - Қасеке, сүйіп қосылған жарыңыз
Асыл апай да сағыныш сезімін
қозғайтын шығар. Елдегілер, ағайын-туыс не күйде жүргенін де біле
бермейсіз.Себебі елмен хат жазып, хабарласу
тым сирек болғанға ұқсайды.
Партизанның тұрағын табу да,өлі-тірісін білу де қиын ғой.-        Иә,
солай. Қазір жасы сексенге келіп, анау төргі

бөлмеде отырған Асыл апаң екеуіміз
жастайқосылғанбыз. Ол он жеті жасқа іліге
бергенде, ал мен

жиырмаға аяқ басқанда үйленгенбіз.
Жас кезіміздетехникумда бірге оқып жүргенде
танысқанбыз. МенАсубұлақ деген ауылда тұрамын. Ал
апаңның ауылыбізден елу шақырымдай жерде. Жас
кезімізде екеуімізкездесіп, бір-бірімізді ұнатқаннан
кейін сүйіспеншілік  сезімің оны ылғи да аңсатып,
сағындырып отырады.Оны қайта-қайта көргің келеді. Бұл
соғыстағы емес, ауылдағы кезімді айтып отырмын.
Асылдың ауылына   алғаш рет велосипед мініп
барғанымды мен саған айттым ба?

-        Айтқан жоқсыз. Қызық екен. Сонда калай болды?-        Ендеше
айтайын. Бір күні елдегі туған нағашыма бардым. Асылдың ауылы нағашыма
баратын жолда болатын. Мені екінші класта
оқытқан осы Рахым нағашым аудандық оқу бөлімінде
істейтін. Мен келгенде нағашым велосипедпен қызметіне
кеткелі жатыр екен. Велосипедті өмірімде бірінші рет
көргенім осы. Қатты

қызығып, нағашымның соңынан
жүгірдім. Ол біраз жер барып тоқтады да: «Сен, немене,
велосипедке қызығып тұрсың ба? Осыны алғың
келе ме?» - деді.

Басымды изедім. «Қасым, мен осыны
саған тастап кетейін. Егер кешке мен қызметтен
келгенге дейін,үйреніп, өзің теуіп кететін
болсаң, осы велосипедті саған-ақ берейін», - деді. Велосипедті алып қалып ауылдың
шетіне шығып, әуреленейін. He керек, үш-төрт
сағатта үйреніп алдым.

Нағашым да қуанып қалды. «Осы велосипедті сен ал», -деген соң кетуге айналдым.

Нағашымның: «Кеш батып қалды ғой.
Ертең кетсең қайтеді», - дегеніне қарамастан
сол велосипедпен жүргеннен жүріп отырып тура осы
Асылдың ауылына бардым. Оған велосипедті көрсеткім
келеді. Асылдың өзінен кейінгі Уәзипа деген
сіңлісі бар. Мен Асылды

алдыма отырғызып әрлі-берлі
жүргенде осы кішкентай сіңлісі соңымыздан қалмай,
велосипедті қызықтайды. Сөйтіп жүріп өз ауылыма кетіп, сол
велосипедпен кейін екінші рет Асылдың ауылына
келе жатамын ғой. Сыртта ойнап жүрген сіңлісі
жүгіріп, үйде отырған Асылға келіп: «Әнеугі жігіт тағы
да велосипедпен келе жатыр», - дейді. Асыл алдымнан
шығады. Сіңлісі «Бұл
өзі кім?» - деп сұрайтын көрінеді. Асыл: «Ол -герой», - депті. Кішкентай қыз
менің атым «Герой»

деп ойласа керек, «Герой келеді»,
- деп айқайлайтын көрінеді. Ол кезде біздің ауылда
«герой» деген ұғым жоқ болатын. Ешкім де бұл сөзді
қолданбайтын. Сөйтіп, осыдан 63 жыл бұрын маған
«Герой» атағын елдің алдымен алғаш рет берген
сенің осы Асыл апаң болды. Міне, көрдің бе,
«герой» деген сөзді оның аузына құдай
салған болуы керек.- Қасеке, еліңді, жеріңді еске
алу, сағыну,

әрине, көңілдің күйі ғой. Әрбірден
соң бұл да жан азабы, сезімнің осал буыны шығар.
Жау тылында

ашығып, азап шеккен де боларсыз?- Ашыққан, тарыққан кездерім, жау
тылына түскен алғашқы күндерде-ақ басталды.
Саған алғаш рет ашыққанымды айтайын. Кейін
бірде аш, бірде

тоқ жүріп, бәріне де бой үйреніп
алды. Соғыста күйтаңдайтын жағдай бар ма, бәріне де
көнесің, шы-

дайсың.Алғаш парашютпен жау тылына
түскенде он адамнан жалғыз қалып, Днепрдің арғы
жағына өткім келді.Өйткені бұл жақтан көп қырғын
таптық.Байқап қарасам, бір қол қайық келе
жатыр. Аңдыпотырып тұсыма тақалғанда
пистолетімді кезеп, қол

қайықты өзіме қарай шақырдым.
Жақындатып алдым

да қайықта отырған жалғыз жігітке:
«Мені арғы жағаға

өткізесің», - дедім. Амал жоқ, жігіт қорыққаннан мені

қайығына отырғызып алды. Мен өзім
малту білмеймін.

Егер ол мені қайықтан аударып
жіберсе Днепрден

шыға алмайтын едім. Соны сездім
де, қолыма пис-

толетімді ұстап,
ананы ықтырып, қимылын аңдып отыр-

дым. Ол мені Днепрдің оң жағасына
шығарды. Әлгі

жігіт Бушак деген селодан екен.
Онымен сөз байла-

сып, «Екеуміз бір-бірімізді көрген
жоқпыз. Көрдім

десең немістер сені ұрып-соғады, мені «тап» дейді. Ал

сен енді мені таба алмайсың. Егер
мені сатқан бол-

саң қай
уақытта да сені іздеп тауып, сазайыңды

тарттырамын», - дедім. Ол
қайығымен кете барды,

мен орманның ішіне кірдім.Жападан-жалғыз орманды кездім.
Пистолеттен бас-

қа қару-жарақты Днепрдің сол жағында
қалдырып, тығып кеткенмін. Енді орманның
шетіндегі селоға барып,тамақтанайын десем, бір үйге де
бас сұға алмайсың.Барлық жерде немістің солдаттары. Мен енді ашығуға айналдым. Соғыс, атыс, бомбадан
ба, орманда құс

атаулы жоғалып кеткен. Тышқан екеш
тышқан да жоқ.

Аң-құс кездеспеді.

Бес-алты күн бойына орманда көп
жүрдім. Жер-

ден бірдеңе теріп жеуге не жеміс,
не жидек те

жоқ. Менің ендігі қорегім -
қайыңның шырыны. Аз-

дап қант қосқан су сияқты болады.
Қанжарымның

ұшымен қайыңның қабығын тілемін де
соған кепкен

қурайды түтік ретінде тығамын.
Бес-алты жерге әлгі-

ні жасаймын да орманның ішінде
шашылып жатқан

консервінің банкаларын қурай
түтіктердің астына

қоямын. Теректің қабығы мен діні
арасындағы ақ

шел де - жесең ол да талжағау.
Жоңышқаның көк

бүрін де ауыз толтырып шайнаймын.
Содан соң

банкалардың бәрін жинап, ішіндегі
сөлді біріне-бірін

құйып
ішіп алсаң, едәуір ылғал ішіңе барады. Бәрі-

нен де шөл жаман. Орманда су жоқ.
Әбден шөл-

деймін. Менен әл кете бастады.

Жеті-сегіз күннен кейін мүлде жүре алмай, жатып,

еңбектейтін болдым. Әйтеуір,
орманда тірі жанның

көзіне түспедім. Днепр өзені мен
жатқан жерден көп

болса 500 метрдей жерде. Енді
Днепрге қарай еңбек-

теп келемін. Сол 500 метрге мен
бір тәулікте әрең

жеттім.

Мен келген тұста
Днепрдің жағасы биіктігі үш

метрдей тік жар боп шықты. Жардың
үстінде үлкен

терек өсіп тұр.
Түбі - бұта-қараған. Жақындап қара-

сам, төменде Днепр ағып жатыр. Ал
мен болсам әб-

ден шөліркеп, зарығып тұрмын.

Днепрді көргенде, құдай сақтасын терлеп кеттім.

Тамсанамын. Армансыз су ішкім
келеді. Егер мен жар-

дан құлап кетсем, барып, өзеннен
су да ішермін.

Бірақ одан қайтып жоғары шыға
алмаймын ғой. Содан

жаудың біреуі келіп қалса, мен
босқа өлемін. «Не де

болса таң атсын» деп, теректің
түбінде жаттым.

Таң ата бергенде төменнен жоғары
қарай бір

қайық келе жатқанын көрдім. Дәл
тұсыма тақалғанда

айқайлайын десем дауысым шықпайды.
Жерден бір

тасты алып төмен қарай лақтырып
жібергенде

қайықтағы
аппақ сақалы бар шал маған қарай мойнын

бұрды.
Қолымды бұлғадым. Мені көріп, шал қайы-

ғының тұмсығын жағаға тіреп, жарға
өрмелеп шықты.

Қасыма келіп, амандасты да
«жаралымысың?» деді.

Басымды изедім. Менің үстімдегі -
әлі де советтің

әскери киімі. Ол жау ма, дос па,
білмеймін. Әлгіні

қарсы алайын десем орнымнан тұра алмаймын. Терек-

ке арқамды тіреп, қалтамдағы
пистолетімді қысып

ұстап, ептеп кеудемді көтердім. Совет адамы екенімді

шал сезді. «Ашсың ба?» - деді.
Тағы да басымды

изедім.

Шал жүгіріп қайығына барып, бір
бөтелке сүт,

жарты бөлке нан әкелді. Менің неше
күннен бері

аш екенімді байқап: «Бірден көп
жеуге болмайды», -

деді. Алдыма үлкен жапырақты
төсеп, нанды ұсақ-

тап турады. Сүттен аздап ішкізді.
Бір уақытта шал

егіліп жылады. Көз жасы сақалын
жуды. Мен сөй-

лейін десем, үнім шықпайды.
Сөйтсем, әлгі шал

Бушак деген селодан екен. Екі ұлы
армияда, екеуі

де командир екен. Екеуі де соғыс
басталғанда екі-

екіден балаларын, әйелдерін Бушактағы әке-шеше-

леріне жеткізіпті. Селоға немістер
келгенде «бұлар

совет офицерлерінің отбасы» деп
біреулер жеткізген

болса керек, шал үйде жоқта
кемпірін, екі келінін,

төрт немересін фашистер атып
тастапты. Шал осыны

айтып жылап отыр.

Біраз әлденіп алған соң
ақырын-ақырын сөйлей

бастадым. Екеуіміз сол арада кешке
дейін қозғал-

мадық. Ол маған қайта-қайта тамақ
береді. Мен де

кім екенімді айттым. Содан шал
екеуіміз он күндей

бірге боп, бірге жүрдік. Көрші
селодан ол сүт тауып

әкеледі, балық аулайды. Әйтеуір,
шал мені асырады.

Әбден тыңайып, күш жинаған соң
өзімнің баратын

белгілі жеріме жетуім керек болды.
Шалға айттым:

«Мен арғы жағаға өтейін. Ондағы
тыққан қару-

жарақтың
бәрін саған көрсетейін. Егер мен, мысалы,

өліп кетсем, осы жерде, бәрібір,
партизан отряды,

патриоттар болады ғой. Мен
көрсеткен қару-жарақ-

тарды соларға бер, соған сен ие
бол. Қайтып

оралмасам, мені жоқ деп есепте», -
дедім. Ол маған

бірер күндік тамақ жинап беріп, шығарып салды.

Жылап, құшақтасып
қоштасты.

-        Қасеке,
әрі қарай қандай жағдай болды?

Сіздің
Украинадағы партизандық жолыңыздың

басталар сәті дәл осы бір кез
болса керек. Ашық-

саңыз да, тарықсаңыз да жау тылындағы күні

бұрын
белгіленген астыртын кездесетін орынға аман

жеткен секілдісіз. Солай ма?

- Дәл солай екені рас. Шалмен
қоштасқан соң

күндіз бұта-қарағанды,
ағаштың түбін паналап жата-

мын да түнге қарай қозғаламын.
Астыртын ұйым бас-

тығымен кездесетін үйді және онда
кімнің тұратынына

дейін шамамен білетін едім. Үйдің
иесі және екі-үш

адам сол жерде партизан отрядын
ұйымдастырып

жатыр деген.

Міне, мен соларды іздеп келемін.
Кеш батқанша

әлгі үйді сыртынан бақылап, бақтың
ішінде ұзақ

отырдым. Үйден анда-санда біреу
шығады, қайта

кіреді. Сол айтқан үйдің иесіне
ұқсайды. Түн ішінде

үйге кіріп барып парольды айттым.
Сол кезде үй иесі

Абраменко Николай Михайлович көзі
жасаурап, қуан-

ғаннан жылап жіберді. Шифоньер
секілді бір затты

сырғытып, соның артындағы есікті
ашты. Екеуміз

погребке түстік. Іші кішігірім
бөлме сияқты екен. Сон-

да отырған екі адаммен таныстырды.
Біреуі - Примак

Иван Кузьмич, болашақ партизан құрамасының коман-

дирі, екіншісі - Попов Николай
Михайлович, болашақ

партизан отрядының командирі. Мен
сол екеуіне осы-

лайша тап болдым. Осыдан былай
олармен бірге

жүріп-тұрдым. Күндіз әлгі жерде
боламыз, түнде село-

селоға барып, партизан отрядтарын
құруға кірістік.

-        Қасеке,
партизандық соғыстың өз логикасы, өз

қағидасы бар екені түсінікті. Оны бүгіндері де

жақсы біліп жатырмыз. Ең бастысы,
екі жақты

аяусыз өшпенділік небір
қатыгездікті тудырады.

Солай екені Сіздің
әңгімелеріңізден де аңғарылады.

Партизандар үшін әдеттегідей алдыңғы шеп деген

жоқ, жан-жақтың бәрінде жау.
Осындай жағдайда

партизан болудың қиындығы неде?

-        Партизандық
өмір өте қауіпті. Сен үшін айна-

лаңның бәрі - алдыңғы шеп. Жау
алдыңнан да,

артыңнан да келуі мүмкін. Жалпы,
сен жау тылын-

дасың, яғни айнала қоршаудасың. Әр
уақытта түз

тағысындай орманның ішінде
жүресің. Бірақ партизан-

дарда тәртіп деген қатаң болады.
Егер тәртіп бол-

маса партизан отряды жауға қарсы
тұра алмайды.

Біздегі тәртіп армиядағы тәртіптен
әлдеқайда

қатаң, аяусыз. Армияда тәртіп
бұзғандарды гаупт-

вахтаға қамайды немесе штрафтық батальонға жібе-

реді. Ал бізде ондай жер жоқ. Біз
тәртіп бұзғандар-

ды, ауыр қылмыс жасағандарды
қолма-қол атып тас-

таймыз. Фашистер қолға түссе, біз
оларды атпаймыз.

Басқаша өлтіреміз. Ал өзіміздің
партизандар қылмыс

жасаса, оларды, әрине, атамыз.
Штрафтық батальон-

ды армияда шабуылдың ең алдыңғы
шебіне салады.

Өлсең, мейлі, өлмесең, ерлік
жасап, тірі қалсаң сені

ақтайды. Біздің партизан отряды,
почти, армиядағы

штрафной батальон ғой. Барлық
жағың - алдыңғы

шеп. Партизандар арасында
командирдің айтқаны -

заң. Отряд командирі деген өзі
кеңес өкіметі, өзі

сот, прокурор, яғни бәрі де
өзіңсің. Айтқаның - бітті,

орындалады, сен қалай шешесің -
солай болады. Оны

партизандардың бәрі де түсінеді.
Сондықтан олар

берген бұйрығыңды сөзсіз орындауға
міндетті екенін

біліп, солай істейді.

- Қасеке, партизан отряды дегенің
құрама ғой.

Әр селодан алынған әр жастағы әр
түрлі адамдар.

Әскери дайындықтары да әр түрлі.
Қашып кетемін

десе, селосы да жақын немесе тұрағы да белгісіз.

Қайдан іздеп табасыз?

-        Қашып
кетсе, бәрібір, жау қолынан өледі. Парти-

зан отрядынан кетсе, екі жаққа да
сатқын боп көрі-

неді. Біреу болмаса екінші біреу,
бәрібір, ұстап бере-

ді. Сондықтан партизан отрядына келген адамға бір-

ден-бір құтылар
жол - ақыр аяғына дейін соғысып,

жауды жеңіп, Қызыл Армияға қосылу,
жерін азат етісу,

осыдан
басқа оларда ешбір мүмкіншілік жоқ.

-
Қасеке, Сіз партизан кұрамасындағы көп

украин,
көп орыстың арасында жүрген жалғыз

қазақсыз.
Әрі қатардағы көптің бірі емес, полк

дәрежесіндегі
отрядтың командирісіз. Сонда оларға

өзіңізді
қалайша мойындаттыңыз?

-
Шынын айту керек, орыс дегенің өркөкірек,

менмен халық. Украиндықтар да
соған ұқсас. Олар,

мысалы, өздері жүрген жерлерде
басқа ұлттың өкіл-

дері басқарғанын ұната қоймайды.
Оларды мойын-

дататын нәрсе - өзіңнің
мықтылығың. Сенің жасаған

ерлігің олардан бірнеше есе асып
түссе, істейтін

әрекетің, ұрыста қолданатын
айла-тәсілдерің олардан

басым болса, олар, сөз жоқ, сенің
алдыңда тізе

бүгіп, айтқаныңмен жүреді,
айдағаныңа көнеді.

Ұлы Отан соғысындағы партизандар
қозғалысы

тарихында - Украинада,
Белоруссияда, жалпы, жау

тылыңда басқа ұлттардан екі-ақ
адам отряд командирі

болыпты. Біреуі - қазақ, ол - мен
екенмін. Екіншісі -

Ковпактың құрамасындағы Давид
Бокарадзе деген

грузин жігіті. Басқаларының бәрі
не орыс, не украин,

не белорус. Ал енді олармен бірге
жүріп, бірге соғыс-

қанда тындырған істерім ұнады ма,
батыл қимылдарым

беделімді өсірді ме, кім біледі,
олар менен қорықты,

бағынды, айтқанымды сөзсіз
орындады.

Менің отрядымда орыстың
полковниктері, подпол-

ковниктері де жүрді. Солар қатардағы
партизан неме-

се взвод, рота, батальон
командирлері боп маған

бағынды. Ал Армияда бағыныштылық
әскери дәрежеге,

погондағы белгіге байланысты
екенін білесің.

Осы мәселе
турасында саған бір мысал айтайын.

Орманның ішінде жатыр едік «тұтқыннан қашқан үш

адам шеткі постыға келіп тұр» деген хабар жетті.

Соларды қабылдап алуға тәртіп
бойынша не отряд

командирі, не комиссары баруы
керек.

Постыдағы қарауымдағы адамдар мені
шақыртыпты.

Тұтқындарды көріп, тексеруге өзім
бардым. Жанымда

адъютант сияқты үнемі бір партизан
еріп жүреді.

Алдыңғы бір ұрыста бас киімім ұшып
кеткен. Шашым

өскен. Постыдағы қарауылдың
бастығы бір кезде

тұтқыннан қашып шыққан майор -
орыс жігіті еді. Ол

қарауындағы екі-үш адаммен
әлгілерді ұстаған ғой.

Олардан сұраса, тұтқыннан қашқан екен. Үшеуі де

офицер - біреуі полковник, басқасы
капитан,

лейтенант көрінеді. Оларға: «Қазір
отряд командирі

келеді, сендердің тағдырларыңды
сол шешеді», -

десе керек. Олар отряд командирі
орыс болады

деп ойлаған ғой. Армияда «жолдаши»
деген сөз

бар. Бұл сөз «қорқақ» деген
мағынада Орта Азия-

дан әскерге алынған жігіттерді
кемсіту үшін айты-

лады. Әлгі майор тұтқындалған
үшеуін маған қарай

алып жүрді.

Олар мені әншейін бір партизан деп
санаса керек,

толық денелі полковник біздің орыс
майорға: «Что, и

у вас есть жолдаши?» - дегенін
естіп қалдым. Бойым-

ды ашу қысып, қатты намыстандым.
Полковник алды-

ма келді. Майор болған жайды маған
баяндап берді.

«Встаньте смирно», - дедім. Үшеуі
де тұрды. «Пол-

ковник, два шага вперед», - деп
бұйырдым. Екі

адым алға шықты. Ызаланып,
тұмсықтан ұрып жібер-

дім. Қанша денелі болса да
шайқалып, құлап түсті.

«Встань», - дедім ақырып. Қайтадан
тұрды. Мұрнынан

қан саулап кетіпті. «Вот тебе
жолдаши. Я - коман-

дир партизанского отряда. А ты
кто? Называешь меня

жолдаши, а сам ты - предатель.
Сдался врагам. Я

приказываю, полковника
расстрелять, этих двоих при-

нять в отряд», - деп, майорға бұйрық бердім де,

бұрылып
кете бардым.

Орныма қайтып келіп, бірден жатып
қалдым. Оян-

сам, батальон, рота командирлері
бар - үш-төрт

адам маған келіп, күтіп тұр екен.
Мен жоқта өздері

ақылдасқан ғой. «Жолдас командир,
мынау үшеуі

лагерьден қашып шығып, көп мехнат
көріпті. Біздің

жерлестеріміз екен. Енді бұны аттырмаңыз, кешіріңіз», -

дейді. «Сен, полковник, мені
қорладың. Сенің атылуың

керек еді. Бізде басқа заң жоқ,
сені қамап қоятын

гауптвахта да жоқ. Бір жолға
кешірдім. Сен мына

менің қасымда қаласың. Менімен
бірге жүріп, бірге

соғысасың. Егер соғыста қорқақтық
жасасаң, табанда

атып тастаймын», - деп, оны
өзімнің тобыма алдым.

Қорқақ емес екен. Ерліктер
көрсетті. Кейін сол пол-

ковникті взвод командирі етіп
тағайындадым.

- Қасеке, бейбіт өмірде ғана емес,
соғыста да

басқа ұлттың
өкілдерін шеттету, қақпайлау болатын

тәрізді.

 

- Болғанда қандай. Әрине, аз
ұлттар қақпай кө-

реді. Мысалы, сенің кешегі
Бауыржан Момышұлы ағаң

орыс болсыншы, онда ол әлдеқашан
генерал, әлде-

қашан Кеңес Одағының Батыры боп
кететін еді. Ол

соның бірін де иемденбей дүниеден
өтті ғой. Рақым-

жан Қошқарбаев ағаң Рейхстагқа ту
тіккенде қандай

атақ алып еді?

Әншейін, өз басымды айтайыншы. Мен
сияқты

отряд командирі болған орыстар мен
украиндықтар

Кеңес Одағының Батыры атанды.
Менің қол астымда

болғандардың Герой болғанын өз
көзіммен көрдім.

Менің
отрядымның рота, батальон командирлерінің

кейін генерал боп кеткенін де көрдім.
Ал мен болсам

сол баяғы қалпымда қалдым.

Менің өз басым сонау 1942, 1943
жылдары Батыр

атағына ұсынылған
қазақпын. 1943 жылы алдың-

ғылардың бірі боп Днепрден өткенде
Батыр атағы

берілуі керек еді. Маған тиесіліні
басқа біреу қалай

иемденіп кеткенін осының алдындағы
бір әңгімеде

саған айтқанмын. Қақпай болады,
қақпайлайды.

Қазір осы Алматының өзінде 100-ге
тарта полков-

ник қазақ жігіттері бар. Солар
Армияда полковник

шеніне дейін өседі, жеке басының
қабілетімен дивизия

командиріне дейін көтеріледі. Әрі
қарай генерал ата-

ғына жібермейді. Отставкаға
шығарады. Награда жөні-

нен де, шен-шекпен жөнінен де
еселері кетіп, месел-

дері қайтқан. Міне, қақпай деген осы.
Бұл - әлгі

«әділетті» деген совет қоғамында, Кеңестер Одағында

көрген қақпайлық. Біз - оған
көнген халықпыз. Қақ-

пай қамытын мойынға киіп алып,
күні кешеге дейін

одан құтыла
алған жоқпыз.

Қазір тәуелсіз еліміздің өз
Армиясы, өз Бас

қолбасшысы бар. Ендігі жерде
қақпай көре қоймас-

пыз.
Біздің ата-бабаларымыз батыр болған ғой. Қа-

зақтан
батырлығы асқан ұлт бар деп айта алмаймын.

Батырға не қасиет керек, соның
бәрі қазақ халқында

бар. Соғыста қазақ жауынгерлерінің
ұраны, туы -

намыс болды. Сондықтан олардың
көбі ерлікпен қаза

тапты. Тірі қалып, ерлігі
еленбегендері қаншама. Өз

басым сол кезде Батыр атағын
алмағаныма өкін-

беймін. Мен өзімнің кім екенімді,
не істегенімді біле-

мін.

-        Қасеке,
сонда деймін-ау, отряд командирі боп

жүріп, көптің ішіндегі жалғыз қазақ ретінде Сізді

қалайша шеттетті екен? Қақпайлық
көрген кезіңіз

жаныңызды қинаған болар...

- Қанша мықты болсам да мені де
шеттетті.

Құрама командирлерінің қақпайлауын
іштей сезесің де,

«құдай салды - мен көндім» дейсің.
Қайдағы қиын

тапсырмаға басқаны емес, сені
жіберсе, оны қалайша

сезінбейсің.

 

Днепрді форсировать ету міндеті
қойылғанда біздің

партизан құрамасында 6 отряд бар
еді. Бесеуінің

командирі орыс еді. Сонда жалғыз
қазақ - мен

басқарған отрядты соған неге айдап
салды дейсің.

Днепрден өту дегенің - өлім ғой.
Днепрдің оң жаға-

сындағы биік жарға орналасқан
фашистің армиясы

зеңбірекпен бері қарай оқ
жаудырып, жүздеген ұшақ

жоғары, төмен ұшып, үсті-үстіне бомбалап жатқанда

ол жерден тірі қалу совершенно
мүмкін емес сияқты.

Өз отрядыммен Днепрден қайықпен
өтіп, екі-үш

селоны жаудан босатып, арғы жағаға
бекінгенде

небәрі жиырма
шақты адам тірі қалғанбыз.

-        Қасеке,
«қырык жыл қырғын болса да ажалды

өледі» деген. Бұл, бәлкім, қақпай
емес, Сізге деген

айрықша сенім деп ойласақ қайтеді. Осы жолы

Днепрден өтіп, Батыр атағын алу
мүмкіндігі де

болды. Әттең, сол атақ Сізге емес, басқаға

бұйырды.
Қазақта «жазмыштан озмыш жоқ» деген

де сөз бар. Қақпайды басқа ұлттан ғана емес, өз

ортаңнан көрсең бұған не дейміз. «Дұшпанның

дәлдеп салған найзасынан жақынның
инеменен түрт-

кені ауыр» деп бір кезде Ақан сері
де айтқан ғой.

Жалпы, бұл
адамның табиғатына тән нәрсе ғой.

- Кім біледі, солай да шығар.
Сенің осы сөзіңе

бір дәлел келтірейін. 1944 жылдың
жазында Карпат

тауына парашютпен түскен 60
адамнан жетеуіміз ғана

тірі қалғанын да өткен бір
әңгімеде айтқан едім. Сол

жеті адам біртіндеп бес отряд құрып алдық. Соның

ең үлкен отрядының командирі мен
болатынмын.

Днепрден өткенде мен үшін Батыр
атағын алған

Тканко осы тірі қалған жетеудің
бірі еді. Кейін ол

осы бес отряды бар партизан
құрамасының командирі

болды.

Өзі Батыр, өзі полковник. Пенде
ғой, оған бұдан

да жоғары шен-шекпен керек. Енді
екінші мәрте

Батыр атағын алғысы келеді,
генерал шенінен де

дәмелі. Өзі
қауіпті ұрыстарға қатыспайды. Бірде Белая

Таня дегенге құрама командирінің
міндетін жүктеп

мені жіберді. Басқа отряд
командирлерін маған бағын-

дырып берді. Өйткені, менің
тапсырманы орындап

шығатынымды біледі. Өзі барса,
оққа ұшуы да мүмкін.

Енді не болды дейсің бе?

Сөйткен Тканко мені қатерлі жолға
жұмсады. Ол

енді алтыншы отряд құрып алғысы
келіп, бір күні мені

шақырды. Бұйрық ретінде маған мынадай
тапсырма

берді: «Сен отрядыңнан таңдап бір адам ал. Отрядты

пәленшеге тапсыр. Сосын екеуің осы
арадан шығысқа

қарай жол тартыңдар. Сол жақта
босып жүрген

патриоттардан, тұтқыннан қашып
шыққан кешегі біздің

жауынгерлерден, Карпат
украиндарынан жаңадан отряд

құрып, қайтадан маған қосыласың»,
- дейді. Басқа

отряд командирлерінің кез-келгенін
жіберуге болатын

еді ғой, олардың бәрі де орыстар.

Амал не, бұйрық
берілді, орындауың керек. Қасыма

Юзик деген поляк жігітін алдым.
Бір жағы өкпелі боп,

қоштасып, отрядымды тастап кете
бардым. Біріміз

дем алып ұйықтағанда біріміз
күзетіп, екеуіміз

кезектесіп отырамыз. Екеуімізде де
бір-бір автомат,

пистолет, екі-үш граната бар.

Шығысқа қарай Карпат тауының
жотасымен келе

жатырмыз. Төрт-бес күннен кейін
бір алаңда шоғыр-

ланып тұрған
он шақты адамды көрдік. Олар кімдер?

Партизандарды іздеп жүрген
патриоттар ма әлде

жазалаушы отрядтың адамдары ма?
Оны біз білмей-

міз. Әлгілерге жақындап дүрбімен
қарадық. Бәрі де

қару асынған. Киімдеріне қарағанда
әскерилер емес.

«Сен қазір оларға сырт жағынан
жақындап бар. Жау

болса мынадай белгі бересің. Мен
осы арада авто-

матпен күтіп отырамын. Жау емес
десең, мені

шақыр». Екеуіміз осыған келістік.
Юзик «жау емес»

деген белгі бергенде мен орманнан
шығып, әлгілермен

кездестік. Партизан отрядын іздеп
жүрген Карпаттың

украиндық жас жігіттері екен.

Біз енді он үш адам болдық.
Командирі - мен,

штаб бастығы - Юзик. Бір жігітті
комиссар етіп та-

ғайындадық. Әлгілердің біразын
«адамдар жинап

әкеліңдер» деп, келген селоларына
жібердік. Олар

бес-бестен, он-оннан жерлестерін
алып келді. Енді 40

шақты адам болдық. Селоларды
аралап қару-жарақ та

таптық. Бұл жүріспен үлкен отряд
құра алмайтынымды

білдім.

Енді мен Батыс Украинадан Шығысқа
қарай асатын

асфальт жолға шықтым. Шегініп келе
жатқан немістің

армиясы осы жолмен тұтқындарды
жаяу айдайды.

Міне, сол тұтқындарды
- советтің солдаттары мен

офицерлерін азат етіп алмайынша
нағыз отряд

болатын көрінбейді.

Тосқауыл жасайтын қолайлы жерге
бекініп, жол

тостық. Тұтқындарды айдап келе
жатса хабарлауы

үшін алға барлаушыларды жібердік.
Екі күн, үш күн

күттік. «Немістер көп адамды айдап
келе жатыр.

Алдында, жан-жағында - иттері бар
немістің солдат-

тары. Колоннаның соңында
азық-түлік тиеген кәлік

келеді. Олар көп емес, небәрі 20
шақты солдат», -

деген хабар жетті. Осыларды
қиратсақ, біз тұтқын-

дардың бәрін босатып аламыз.
Шабуылды жоспарлап,

өз адамдарымызды топ-топқа бөліп
ыңғайлап алған

соң іске кірістік.

He керек, жарты сағаттың ішінде
немістің солдат-

тарын қырып-жойып, бірден жеті жүз
адамды тұтқын-

нан босаттық. Немістердің
қару-жарақтары, ат-арба,

көліктері қолға түсті. Содан
әлгілерді қайтадан сапқа

тұрғызып, өзіміз шыққан лагерьге
қарай беттедік.

Кішігірім өзеннің жағасына тоқтап,
бәрін дем алды-

рып, айнала күзет қойдық.
Өзіміздің 40 адамды және

жаңадан қосылған 700 тұтқынды үш рота етіп бөлдік.

Баяғыша мен отряд командирі
болдым. Жол-жөнекей

бір селода немістер жұмыс істетіп
жатқан тұтқындар

кезігіп, оларды да азат етіп,
отрядқа қостық. Бәрін

қосқанда отрядтағы адамдардың саны
800-ден асты.

Отрядты әбден құрып, қаруландырып,
бәрін жөндеп

алғаннан кейін «Әзірше осы да
жетер. Енді өзіміз

шығын шығарып, апатқа ұшырап
қалармыз», - деп

ойладым. Тканкоға кісі жібердім.
Ол төрт-бес адаммен

бізге келгенде, «Тапсырмаңызды орындадым. Пәлен

адамнан партизан отряды құрылды», - деп баянда-

дым. Сонымен, ол 6 отряды бар құраманы басқа-

ратын болды. Бірақ оған екінші
мәрте Совет Одағы-

ның Батыры атағы берілмеді.
Генерал шенін де алма-

ды. Өйткені бұл кезде Совет
Армиясы жақындап қал-

ған еді. Бірақ одан орденді
аямады, үш орденді бір-

ден берді. Мен сол жерде Богдан
Хмельницкий ор-

денімен наградталдым. Міне, жау
тылында қақпайдың

осындай түрін де бастан кешіп
едік.

- Қасеке,
соғыста батылыңыз жетіп, небір тосын

әрекеттер
жасаған көрінесіз. Соның бірі - немістің

генералын қолға түсіріп, көзін
жойыпсыз. Бұл қай

жылы және қай жерде болған оқиға
еді?

- Немістер Украина жерін басып
алғаннан кейін әр

облысқа гаулайтерлер тағайындап,
бар билікті соларға

жүктеді. Міне, осындай жағдайда
Украинада генерал

Эрих Кох деген қанішер гаулайтер
болды. Тұратын

жері - Ровно қаласы.

1943 жылы сол Эрих Кохты не
тірідей, не өлідей

қолға түсіру керек деп, жау
тылындағы барлық отряд

командирлеріне тапсырма берілген
болатын. Бәріміз

де оның жүріс-тұрысын аңдып, жолын кесуге кірістік.

Біз өзіміздің барлаушылардан «Эрих
Кох пәлен күні,

пәлен жолмен Киев қаласына
барады», - деген хабар

алдық. Бұған көп адаммен баруға
болмайды. Шағын

топпен тұтқиылдан тиісіп,
тапсырманы орындауымыз

керек.

Мен 7 адаммен Кохтың жүретін
жолына шығып,

оның келуін күттік. Ойпаңдау тар
жерді таңдап, екі

жағына орналастық. Олар бірнеше
машина боп, жаны-

мыздан өте бергенде Кох қай
машинада екенін қай-

дан білеміз. Қалай шабуыл жасауды
келісіп алғанбыз.

Бұл арада қол гранаталар аздық
етеді деп, танкіге

қарсы қолданатын гранаталарды
әзірледік. Генералды

не қолға түсіру, не өлтіру керек.
Бұл үшін алдыңғы

машинаны қиратамыз. Кейінгілері
әлгіге еріксіз

соғылады. Енді кері шегініп
қашпауы үшін ең соңғы

машинаны да сол мезетте істен
шығарамыз. Тос-

қауылдың осындай әдісін күні бұрын ойластырып,

тасадан тұтқиылдан
тиісуге келіскенбіз.

 

Жолдың екі жақ қапталында
жасырынып жатқанда

біз күткен бес жеңіл машина
көрініп, жақындап келеді.

Жанымыздан өте берген алдыңғы
машинаға граната

лақтырып, бірден аударып тастадық.
Жүрістерін тежей

алмай, арттағылары келіп соған
соғылды. Менің

адамдарым соңғы машинаны да
қопарып, күл-талқан

етті. Немістердің тірі қалғандары
шығарға жол, кірерге

тесік таппай, қақпанға түсіп,
жауған оқтың астында

қалды. «Генерал қайда?» деп,
үйме-жүймеден іздестір-

іп табуға мүмкіндік болмады.
Жанұшырып, арпалысқан

немістер толас тауып, ес жиып
алса, қарсыласып,

бізді де шығынға ұшыратады ғой. Қайсысы кім деп

тексеріп жатпай, сол жерде бәрін
де атып тастадық.

Машиналарды тінтіп қарасақ,
офицерлердің арасында

генерал да бар екен. Құжаттарын
ақтарғанда ол Эрих

Кох емес, басқа адам боп шықты.
Генералдың

әдемілеп жасалған болат қылышы сол
қалпы екен.

Граната жарылысынан қынабы ғана
бүлініпті. Кейін

қолға түскен барлық құжаттарды
және әлгі болат

қылышты да соғыс олжасы - трофей
ретінде штабқа

тапсырған болатынбыз.

- Қасеке, дәл қазіргі отырыста
Сіздің

артыңыздағы кабырғада ілулі тұрған мына бір

қылыш сол жолы өзіңіз өлтірген
неміс генералының

царуы екені рас па? Трофей ретінде
штабқа

тапсырдық
дегеніңіз қайда?

-        Кеңес
Одағының екі мәрте Батыры атанған

атақты партизан Ковпакты білесің
ғой. Кезінде ол

Украинадағы ірі партизан
құрамасының командирі

болған. Мені де жақсы танитын еді.
Сол Сидор

Артемьевич Ковпак соғыстан кейін
Украина Жоғарғы

Кеңесі Президиумы төрағасының
орынбасары боп

жүріп, Киевтегі соғыс олжалары
қойылған музейді

аралап, экспонаттарымен танысады
ғой. Сонда осы

қылышты да көреді. Тұсындағы жазуды да оқиды.

Әрбір трофейдің қалай, қандай
жағдайда қолға түс-

кені экспонаттың тұсына қысқаша жазылып қояды.

Экскурсоводтан сұраса, ол да бәрін
жаттап алған ғой,

«солай да солай» деп, болған
оқиғаны айтып береді.

Сонда менің атымды естіген соң
Ковпак: «бұл

қылышты ендеше Васяға сыйға
тартыңдар.

Қазақстанға апарып, қолына табыс
етіңдер», - депті.

Артынша Украинадан арнайы мені
іздеп екі партизан

келіп, осы қылышты үйіме әкеліп
берді. Қылыштың

бетіне «Партизан отрядының
командирі Қасым

Қайсеновке Украина
партизандарынан» деп өрнектеліп

жазылған. Өзің де оқып көрсеңші.

-        Қасеке,
сөзіңізге қарағанда, расында, жау

тылында жасамағаныңыз жоқ екен. Селолардағы

староста, полицайлардан бастап,
немістің полковнигі

мен генералына дейін өз қолыңызбен
жазалапсыз.

Бұны
жақсы деуге де, жауыздық деуге де

болмайтын шығар. Соғыстың ақылға
сыймайтын өз

заңы бар, соғыс жағдайы бөлек
дейміз, «Украина

жерінде талай шайқастар жүргіздік, талай фашистік

жендеттерді құрттық.
Фашистің поездарын құлатып,

талай кемесін Днепр өзеніне
батырдық. Небір дивер-

сиялық-террорлық әрекеттер жасадық», - деген

едіңіз. Егер жіктеп, жіліктеп
айтса осы оқиғалардың

әрқайсысы
ұзак әңгіменің такырыбына айналар еді.

Өткенде бір әңгіменің үстінде, «1941-1943 жылдары

біздің қатыгездігіміз фашистерден
артпаса, кем

болған жоқ. Ал оны кітапқа жазуға
болмады. Жаз-

ғанмен жарыққа шығармайды. Сондықтан осы

жылдары істеген істеріміз, бастан
кешкен оқиғала-

рымыз жазылмай қалды», - дегеніңіз
есімде. «Мен

енді оны жаза алмаймын. Қартайып
кеттім.

Басымнан кешкен оқиғаларымның
70-80 проценті

енді жазылмайды. Менімен бірге о
дүниеге кетеді»,

-          деп
өкінгеніңізді де естідім. Сізден суыртпақтап

сұрап
сол оқиғалардың кейбірін біліп алсам ба

деймін.

-        Мейлің.

- Қасеке, енді бір сұрайын дегенім, Германияға

жөнелтілгелі тұрған әйелдерді тұтқыннан қалай

босаттыңыздар?

| - Украина жері басқыншылыққа
ұшырағаннан

кейін көп ұзамай
қыз-келіншектерді, жастарды

Германияға құлдық
жұмысқа жіберу басталды.

Осындай жұмыстар әр облыс бойынша
жүргізілді.

Әр селода староста және оның
қарауында бірер

полицай болады. Әскери комендант,
міне, осыларға

селоның жастарын жинап, топ-тобымен
Германияға

жөнелтуге тапсырма береді. Сол
адамдарды

алдымен үлкен қораға қамап,
сыртынан күзет қояды.

Содан соң оларды жаяу- жалпы жақын
станцияға

айдап апарып, жү'к таситын
вагондарға отырғыза

бастайды. Вагондар толған соң,
есігін мықтап бекі-

тіп, сыртына «Украина жастары
жеңімпаз Германия

жеріне өз еріктерімен еңбек етуге
бара жатыр», -

деп жазады. Он бес-жиырма вагоннан
тұратын осын-

дай эшелонның алдыңғы және соңғы
вагондарында

бір-бір пулеметші, төрт-бестен
солдаттар отырады.

Эшелонның қай
бағытпен қашан кеткенін жергілікті

патриоттар, біздің барлаушылар
партизан отрядына

хабарлайды.

Ендігі міндет - украин жастарын
Германияға

жібермей, босатып алуымыз керек.
Әрбір әрекеттің

қолданар әдісі, өзіндік
қауіп-қатері бар. Соғыс

шығынсыз және болмайды. Жауды осал
деуге кел-

мейді ғой. Жаны үшін ол да
қарсыласады, қапыда

қалсаң сені құртып жібереді. Онда
да ешбір аяу-

шылық болмайтынына көзіміз жеткен.
Міне, сондықтан

тұтқындарды босату үшін қатерге
бас тігіп, тәуекел

етіп барасың. Эшелонды жол ортада,
көзделген жер-

де тоқтатудың әдісі - бірнеше
рельсті алып тастай-

мыз. Тоқтатқан соң алдыңғы және
артқы күзет-

шілердің көзін жойып, вагондардың
бәрінің де есік-

терін ашып тастаймыз. Вагондардан
топырлап, секіріп

түскен адамдарды бетімен жібермей,
бір жерге

жинап жиналыс өткіземіз. Біздің
арамызда жұртты

сөзіне сендіріп, шешен сөйлейтін
комиссарларымыз

болады. Солар топтың алдына шығып:
«Сендер пәлен

партизан отрядының күшімен азат
етілдіңдер. Әрқай-

сың шамаларың келсе өз аудандарыңа
жетіңдер.

Қауіп төнсе, өз беттеріңмен
қашыңдар. Тіпті бол-

маса партизан отрядына
қосылыңдар», - дейді.

Осылайша жылап-сықтап, қуанып
тұрған адамдарды

таратып жібереміз. Біз кейбір
жерлерде аудандық

түрмелерге де шабуыл жасап, тұтқындарды түгел азат

еткенбіз. Жау тылындағы біздің
кейбір жұмыстарымыз,

міне, осындай болды.

- Қасеке, талай жазықсыз жандардың
алғысына

бөленген екенсіздер.
Құдай жолымен де бұл -

үлкен сауап қой.

- Біз жау тылында ұзақ жүргенде фашистердің

бейбіт халықты қырып-жойған небір
оқиғалардың куәсі

болдық, көзімізбен көрдік.
Фашистер орманның

маңайындағы
селоларды өртеп жіберуді, халқын қырып

салуды әдетке айналдырды. Біз
осындай жағдайға

бірнеше рет кездесіп, ажалға араша
боп, қаншама

адамды өлімнен құтқардық.

Бір күні Полтава облысындағы бір
селода мынадай

оқиғаға тап болдық. Мен
отрядымдағы бір батальон-

мен кезекті тапсырмадан қайтып
келе жаттым. Парти-

зан отрядындағы бір батальонда
шамамен 500-600

адам болады. Біздер көзге түспес
үшін орманның

ішімен жүреміз.

Орманның шетімен бізбен қатарлас
жүріп отыратын

барлаушыларымыздың бірі жүгіріп
келіп: «Анау алаңда

халыққа немістер жер қаздырып
жатыр. Heгe қазды-

рып жатқаны түсініксіз. Көп адам
бала-шағасымен иір-

іліп, қамалып тұр. Айналасын
немістің солдаттары

қоршап алған», - дейді. Бұл хабарды естіп, селоның

шетіне шықтық.

Шынында, 50-60 адам ор қазып
жатты. Немістің

солдаттары оларды сыртынан күзетіп
тұр. «Орманға

жақын селолардың бүкіл халқын
фашистер бір жерге

жинап, өздеріне ор қаздырып, бәрін
де атып, көміп

тастайды екен» дегенді естігеніміз
болмаса бұған

дейін көрген жоқ едім. Енді сондай
оқиғаның дәл

үстінен түсіп отырмыз. Бұл не деген сұмдық!

Өзімнің барлық адамдарыммен
әлгілерді қоршап

алдық. Немістің солдаттары біздің
көп екенімізді

байқап, еш қарсылықсыз қолға
түсті. Үш селоның

халқын, үлкені-кішісі бар - бәрін
осы жерге әкеліп,

өздеріне ор қаздырып, атып тастап,
көмгелі тұр екен.

Тілмаш арқылы солдаттарды басқарып
келген

офицерден сұраймыз: «Бұлардың не жазығы бар?

Немістің жерін жаулап алды ма? Бұл
өздерінің туған

жері емес пе?» - дейміз. Ол
айтады: «Бізге сондай

тапсырма берілген. He үшін оларды
атуымыз керек еке-

нін білмейміз», - дейді. «Ендеше білетін боласыңдар», -

деп, офицерлерін тұрғызып қойып,
тұмсықтан сүйкейміз.

Біздің сүйкеу ерекше ғой, не
есеңгіреп құлайды, не

біржола о дүниеге кетіп қалады.

Жалпы халық кегі қайтқанына
қуанып, бір бөлек

тұр.
Солардың көз алдында елу-алпыс неміс

солдаттарының қолдарына күрек
ұстатып, «орды әрі

қарай тереңдетіп қазыңдар» деп
бұйырамын. Әбден

қазып болған соң басқаға қазған
орды өздеріне жа-

ратып, сол араға өздерін көмдіріп,
біраз фашисті

алып қалып, ордың бетін жаптырдым.
Қазақ «дүние

кезек» дейді ме?! Міне, кім жауыз,
кім қатыгез екенін

өзің танып, біле бер. Біз сонда
ішіміз кекке толып,

қатыгездікке бет алып, жауды
аямасқа бел буған

едік. Кімді болсын тарих айыптап,
әділін тарих тара-

зылайды.

Осы оқиғаға байланысты мына бір
жағдайды да

саған айта кетейін. Арада көп жыл
өткен соң Алматы-

ның телефон станциясын басқарған
Денисенко деген

украин азаматы менімен хабарласып,
«Үйіңізге барып

езіңізге жолығайын деп едім», -
дейді. «Келіңіз», -

дедім. Өзінің туған ауданының
селоларынан «Денисен-

коға» деп жазылған бір бума
хаттарды маған алып

келді. Хаттардың қысқаша мазмұны
мынаған саяды:

«Біздің ауданның жерінде осындай
партизан отряды

қимыл жасады. Отряд командирі -
қазақ.. Фамилиясын

білмейміз. Халық «Вася» деп
атайды. Соны Қазақстан-

нан тапсаңыз, мына бізді өлімнен
алып қалғаны үшін

бірнеше селоның тұрғындары атынан
көмек жасаңыз.

Егер Сіз бастық болсаңыз, Васядан
қолыңыздан

келгенді аямаңыз», - дейді.
Өздерінің атылуға қалай

апарылғанын, қалай жер қаздырғанын
- бәрін де

тәптіштеп жазыпты. Денисенко
хаттарды жинай

берген, жинай берген. Ақыры, мені
тауып алып, хат-

тардың бәрін маған әкеледі. Сол
жолы Денисенкс

маған қол сағат сыйлады-ау деймін.
Әйтеуір, бір

тарту жасағаны есімде қалыпты.

- Қасеке, жау тылындағы
жағдайларды біраз

әңгімеледік-ау деймін. Енді бейбіт өмірдегі адамның

кейбір кездеріне ойысқым келеді.
Сіз 1945 жылдың

1 қаңтарында майданнан кайтқанда
27 жасқа аяқ

бастыңыз. Осы жасыңызда өзіңізді
қалай сезіндіңіз?

Адам бір сәт те болсын «Осы мен -
кіммін?» - деп

ойланады емес пе?

- Адамды ерте есейтетін де,
өзгертетін де -

тікелей жағдай ғой. Белгілі бір
жағдайға түсіп

қалғаннан кейін адам соған
мойынсұнады.

Мен қырғын соғыстан оралған соң
бейбіт өмірге

үйлесе алмадым. Көп нәрсе ұнамады,
көңіліме

жақпады. Құдайдың
мені бір сақтағаны - қайда

барсам да өзіме жақсы бағытта әсер
ететін ақылды

адамдарға кездестім. Солардың
алдын көрсең, аз да

болса ықпалын сезінесің ғой.

Бұл арада мен мынаны айтар едім,
неғұрлым

қарапайым болсаң соғұрлым солардың
әсерін өзіңе

қабылдай аласың, тәлім-тәрбие
аласың. Ал «өзім

білемін» деп, тұмсығыңды көтерсең
бойыңа нәр

алмайсың. Өзімнің көпшіл,
кішіпейіл қасиетім осы

бағытқа, тура жолға итермелеп,
адастырмай алып

келді деп ойлаймын. Мен кез-келген
адамның жақсы

нәрсесін қабылдап, өзіме өнеге
етуге арланбаймын.

Өзімді басқадан ақылдымын деп
есептемеймін. Осы

бүгінгі жағдайға жетуімнің өзі
содан да шығар.

Әйтпесе жау тылындағы анадай
өмірден келіп, мұнда

мен мүлде далада қалуым да мүмкін
еді. Мен

сендердің орталарыңда бүкіл
болмысымды жариялап,

ашық жүрдім. Адамның табиғатында
өзінің бір нәрсеге

бейімділігі болады деп ойлаймын.
Былай қарағанда

мен сол соғысқа жаратылған адам
сияқтымын. Бірақ

бойымдағы бейімділік мені
жазушылыққа әкелді. Нағыз

талант иесі емес шығармын. Бірақ
естелік жазу да

жазушылық қой. Менің жазғандарым,
Сәбит

Мұқановтың
«Менің мектептерім» кітабы бар ғой,

соның әсері ме деп ойлаймын.
Табиғатым, адамдық

болмысым, тәрбиешілерім мені далаға,
тағдырдың

тәлкегіне тастамады.

- Қасеке, көңіліңізге келмесін,
Сізге жар болып,

ұзақ жыл қатар өмір сүру де оңай емес шығар.

Сіз соғыстан келдіңіз. Өзіңіз
айттыңыз, мына

коғамға әлі де бейімделмеген асау
кезіңіз. Сонда

Асыл апамыз Сіздің барлық қылықтарыңызды кө-

теріп, жұптасып,
бірге жүрді емес пе?!

-        Рас.
Жақсының да жаман жағы болады. Онымен

отасып, бірге тұру деген, тіл табыса біліп, әрі қарай

ұзақ өмір сүру деген әркімнің
қолынан келе бермейді.

Менің содырлық жақтарым көп
болатын. Асыл апаң

соған көне білді, төзе білді.
Соған шыдап, көтере

білді. Міне, барлық мәселе осында
жатыр. Шаңырақты

ұстап тұру, ұрпақты тәрбиелеп өсіру,
ер азаматқа ие

болу - ақылды әйелдің қолынан
келетін іс, кісілік

қасиет.

-        Қасеке,
Асыл апай жөнінде тағы да не

айтар едіңіз?

-        Өзім
ойлаймын, әркіммен бір жүріп уақыт

өткізгеннің өзі кейін лайықты өмір
сүруге кері әсер

етуі мүмкін. Жеке алып қарағанда
әркімнің тағдыры

әртүрлі. Кейбірі қуанарлықтай,
көңілдегідей болады,

кейбірі іш ауыратындай реніш
тудырады. Кінә, жалғыз

бір жақтан болады деп ойламаймын.
Ал Асыл апаң

екеуіміз 63 жыл бірге өмір сүріп
келеміз. Екеуіміз

бірге жүргеннен пайда болған екі
ұл, екі қыз, он

шақты немере, екі-үш шөбере бар.
Солардың бәрі

әрбірден соң адамды бір-біріне
жақындастыра түседі.

Бір-біріңе қимас дос ететін де -
осы ұрпақ па

деймін. Үй болған соң
ұрыспай-таласпай отырмайсың.

Бірақ қанша дегенмен ар жағыңда
үлкен жүк, жауап-

кершілік жатады. Ар жағыңда
қимастық, аяушылық

жатады. Кейде менің аузымнан
сағыныш, қимастық

сияқты түйдек-түйдек толғаулар
шыға бастайды. Өйт-

кені өмірдің көбі кетіп, азы қалды
ғой. Асыл апаң

екеуіміз жас кезден бірге келеміз.
Жас кезде бір-бір-

імізді қызықтап, бір-бірімізді
жақсы көріп, одан басқа

адам жоқтай, еш уақытта
болмайтындай, сөйтіп

табыстық. Міне, осы сезім кейін
көп нәрсеге әсер

ететін болуы керек. Жас кезде
бірге жүріп, қызықты

да, қиыншылықты да бірге бастан
кешіп өмір сүргенің

кейін баянды болады деп ойлаймын.
Әйтеуір, ел

қатарлы өмір сүріп, бірге келе
жатырмыз.

- Қасеке, 1944 жылдың аяғында
Киевте

Жұмағали
Саинмен кездесуіңіз Сіздің былайғы

өміріңізге бетбұрыс жасаған тәрізді. Сізді ақын
әрі

партизан ағаңыз Жұмағали өзімен бірге елге алып

кайтты. «Сол күннен бастап оның
өмірінің соңына

дейін жиі араласып, бірге жүрдім.
Ол кісі мені бүкіл

жазушылар қауымымен таныстырды,
достастырды»

дегенсіз. Өткендегісі, бүгінгілері бар, Сіз

жазушылардың бәрімен дерлік тығыз
қарым-

катынаста боп, солардың әрқайсысының кадір-

қасиетін жақсы танып-білдіңіз. О
баста Жұмағали

ағамыздан басқа тағы кімдердің
Сізге ықпалы бол-

ды?

- Менің ерекше құрметтейтін адамым
- кәдімгі

Сәбит Мұқанов. «Менің мектептерім»
кітабының

қаншалықты әсері болғанын жоғарыда
айттым.

Қарапайым халықтың арасында Сәбең
- бәрінен де

артық, бәрінен де қымбат. Ол
өзінің сөзімен, бол-

мысымен елге соншалықты қадірлі
болғанын әркім де

мойындайды. Сол Сәбеңнен көп
жақсылық көрдім. Ел

аралағанда мені қасына ертіп
жүрді, барынша ерке-

летті. Жақын жанашырыма айналды.
Менің енді бір

мойындайтын жазушым - Иманжанның
Мұқаны бола-

тын. Қай жағынан алсаң да мықты
адам еді. Адам-

гершілік қасиетін, азаматтық тұлғасын, жазушылық

талантын жоғары бағалаймын. Әттең,
одан ерте айы-

рылып қалдық. Соғыстан келгеннен кейін ол мені

бірден тауып алды. Танысқан соң
мені көп айнал-

дырды. Әр жерге ертіп апарып, көп
әңгіме айтқызып,

ылғи да үнсіз тыңдап отыратын. Мен
туралы жазайын

деп ойлады ма екен, кім білсін.
Бірақ ол қайдан жаз-

сын. Соғыста болмаған адам. Ақыр
аяғында ол маған

мынадай кеңес берді: «Қасым, сен
өзің әңгімені жа-

тық, жақсы айтасың. Қазақтың тілін
де онша нашар

білмейді екенсің. Сен осы қалай
болды, не істедің,

басыңнан не кештің - бәрін де өзің
еске түсіріп,

жаза бергенің дурыс-ау. Артынан
оны жазушы дос-

тарың оқып, көмектесер», - деді.
Мен онымен көп

сырластым. Өзімнің ең алғашқы
ұстазым деп мен осы

Мұқан Иманжановты айтамын.

Соңғы кезде менің қолымда екі
жүзден астам

ақын-жазушылардың фотосуреттері
бар. Солардың бәрі

мен үшін өзінше қадірлі, өзінше
қымбат. Әрқайсысы

жөнінде айтар әңгімем де ұзақ.

Мен, мысалы, Қасым Аманжоловпен
жақын арала-

сып, онымен бірге жүрдім. Бірге
арақ ішетінбіз. Ол

маған тым үйір болды. Мен - қанша
ішсем де көтере

беретін мықты адаммын. Ол менімен
бірдей іше ал-

май, бір-екі рюмкеден кейін
қиқалақтап қалатын.

Қыстың кейбір аязды күнінде үйіне
апарып тастайын

деп арқалап алғанымда тепкілеп,
бүйіріңді тесіп жібере

жаздайтын. Сондай ақкөңіл адам
еді, жарықтық.

Алғаш рет онымен Жұмағали Саинның
бір бөлмелі

пәтерінде таныстым. Салған
бетте-ақ өзімсініп, «адас

екенсің ғой» деді. Мен де, ол да,
Жұмағали да -

үшеуіміз де соғыстан келгенбіз.
Қасым сонда домбыра

тартып, ән салды. «Туған жерді»
айтты. «Шықшы

тауға, қарашы, кең далаңа» деп
бастады. «Уа, дариға,

алтын бесік - туған жер» деп бір
толғанды. Жарық-

шақтанып, қарлығып шығатын дауысы
бар еді. Оның

әнінің әуені, сөзінің мықтылығы
сондай, мен шыдай

алмадым. Соғыстан қатыгез боп,
ештеңе ойламайтын

жабайы адам ретінде келген кездің
өзінде буындарым

босап, жылап, бұрылып кеттім.
Ақырын, байқатпай

қарасам, екеуінің де көздерінен
жас ағып отыр екен.

Содан ушеуіміз басқа әңгімеге ойысып,
әрең тоқта-

ғанымыз бар. Сонау соғыста, екі
талай дүниеде жүріп,

елді, жерді сағынған, қатты
күйзелген кезімізді еске

салып, тебірентіп жіберді.
Қасымның «Дариға, сол қыз»

әнін де өз аузынан талай естідім.
Қасымның осы

әндерін Ғафу ініміз нақышына келтіріп
жақсы айтатын

еді ғой. Шіркін, дүние-ай, солар
да өмірден өтті.

- Қасеке, биыл каңтар айының
27-күні Сізбен

телефонмен сөйлестім. Осының
алдында үйде құлап,

қол-аяғыңыз жансызданып, тіліңіз
күрмеліп, Сізді

жедел жәрдеммен ауруханаға
әкетіпті. «Содан кеше

ғана үйге келдім» дедіңіз. Содан
кейінгі сөзіңізді

қаз қалпында келтірейін. «Қазір
тәуірмін» дедіңіз.

«Мен соғыстан кейін де «соғысқан»
адаммын ғой.

Пәтерді де «соғысып» жүріп алдым.
Аудандық

атқару комитеті төрағасының
орынбасары боп

облысқа
қызметке барғанымда да Кеңес өкіметін

нығайту үшін де «соғыстым». Мен
мынадай бір

шумақ өлең шығардым:

 

Кәрілік шідер салды аяғыма,

Еріксіз сүйендірді таяғыма.

Жасаған жас өзіме жау боп тұр ғой,

Әйтпесе басар едім баяғыма.

Солай, дорогой, қанша ғұмыр қалды
бізде.

Хабарласып тұр»,
- дедіңіз.

- Мен сексеннен асқаннан кейін
денсаулығымның

нашарлауына байланысты және оның
үстіне сөйлеу

қабілетім болмай қала ма деп қауіптеніп, өміріме

қысқаша шолу жасап, кейбір азаматтарға, Республика

Президентіне, үкіметімізге өзімнің
ризашылығымды

білдіріп кетейін деп ойладым. Сол
ойымды қысқаша

қорытып айтайын. Мен үш жылдай,
өзің білесің,

соғысқа бергісіз қиын жағдайда
барлаушылар мекте-

бінде оқыдым. Одан кейін төрт
жылға таяу жау

тылында, фашистердің, жауыздардың
ішінде жүру

деген, олармен соғысу деген оңай
жұмыс емес. Сон-

дықтан мен қолымнан бір нәрсе
келеді деген нағыз

қайратты жастық шағымда алты
жылдан астам, міне,

осындай қиын-қыстау, аңызға
бергісіз өмір кештім.

Солай болғаны рас. Украинаның,
Қазақстанның Ұлы

Отан соғысына арналған барлық
тарихи кітаптарында

мен туралы жазылған.

Соғыстың алдында мен техникумді
бітіріп, орта

дәрежелі білім алғаннан кейін
Павлодарға тап болдым.

Павлодар облыстық оқу бөлімінің
бастығы Михаил

Маршинин деген орыс, оның
орынбасары Мухлис

Баймағамбетов деген қазақ мені
қамқорлыққа алып,

жақсы жағдай туғызды. Сол екеуі
мен әскерге алын-

ғанда қандай сапарға бара
жатқанымды түсініп, ақша-

лай көмек көрсетіп, осы
қиын-қыстау өмірге аттан-

дырған болатын. Сол екеуіне
ризашылығымды білді-

рейін деп отырмын.

Содан кейін диверсиялық
барлаушылар мектебінде

мені шетелдерде бірнеше жылдар
бойы барлаушылар

болған тәжірибелі адамдар оқытты.
Солар тәрбиеледі,

жаттықтырды. Солардың өнегесі
арқасында мен оқ

өтпес, ажалсыз адамға айналдым.
Әттең, не керек,

олардың аты-жөндерін білмеймін.
Себебі, олар айтқан

жоқ, ал біздің сұрауға қақымыз
жоқ. Соларға рахмет

айтқым келеді.

Жау тылында Сидор Артемьевич
Ковпак, Алексей

Федорович Федоров, Иван Кузьмич
Примак, Алексаңцр

Васильевич Тканко секілді халық
батырларына кезігіп,

солармен бірге жүрдім. Солар мені
тәрбиеледі. Солар

мені ерлікке бастады. Менің
соғыста аман-есен қалуы-

ма, осы жағдайға жетуіме солардың
да үлесі болды

ғой деп ойлаймын. Қазір олардың
көбі жоқ. Солардың

аруақтарына ризашылығымды білдірейін
деп отырмын.

Украинадан мені елге алып келген
Жұмағали Саин

болатын. Ол - қазақтың адал ұлы,
өзі партизан, өзі

жарымжан еді. Украинада қалдырмай,
өзімен бірге

елге алып қайтқаны үшін Жұмағали
ағама да үлкен

ризашылығымды білдіремін. Жұмағали
ағам Сәбит

Мұқанов, Тайыр Жароков, Ғабдол
Сланов, Мұқан

Иманжанов, Хамит Ерғалиев, Музафар
Әлімбаев

сияқты ақын-жазушылармен
таныстырып, солармен мені

жақындастырып кетті. Осыларға
рахметімді айтып,

ризашылығымды білдірейін деп
отырмын.

Соғыстан кейін бейбіт емірге
бейімделу маған

қиынға түсті. Шектен шықпай,
оншалық тәртіпсіздік

жасамай, аздап та болсын дұрыс
жүруіме елге

келгенде көргендерімнің, тәрбие
алған адамдарымның

ықпалы болған шығар. Қазақстан
басшылары алғашқы

кезде мені қызметке орналастырып,
қамқорлық

жасады. Олар - Жұмабай Шаяхметов,
Әбдісәмет Қа-

зақбаев, Садық
Нұрмағамбетов секілді қазақтың ірі

азаматтары еді. Анау революционер
Әліби

Жангелдинмен бірге қызмет істедім.
Солардың аруа-

ғына болса да ризамын, рахметімді
айтамын.

Одан кейін қанша қиыншылық болса
да өзімше

өмір кештім. Маған дурыс жүріп,
осы көтерілген

биігімнен аласармауға, төменге
тайып кетпеуге

жәрдемдескен адамдар көп болды.
Маған жұрттың

көп жақсылығы тиді. Өзім де
біреулерге жақсылық

жасап көрдім. Бірақ басқалардың
маған жасаған

жақсылығы әлдеқайда көп көрінеді де тұрады.

Солардың бәріне де ризамын. Қай
жерге барсам да

мені халқымыз білетін болды,
барлығы да

алақандарына салғандай
құрметтейтін болды. Оған

ақын-жазушылардың, журналистердің
қосқан үлесі

қомақты болды-ау деп те ойлаймын.

150-ге жуық ақын-жазушы,
журналистер мен туралы

қалам тартыпты. Мысалы, Хамит
Ерғалиев, Сырбай

Мәуленов, Мұзафар Әлімбаев, Ғафу
Қайырбеков

секілді үлкен ақындар маған өлең
жолдарын арнады.

Үлкен прозашы Ғабдол Сланов ағамыз
«Алтай баласы»

деген повесть жазып шығарды. Кемел
Тоқаев ініміз

өзіммен бірге Украинаға барып,
соғысқан жерлерімді

көріп, партизан достарыммен
кездесіп, кейін «Ерекше

тапсырма» деген повесть жазды.
Көптеген

журналистердің деректі повестері,
очерктері жарық

көрді.

Осыдан екі-үш жыл бұрын соның
бәрін жинақтап

«Партизан Қасым Қайсенов» деген
атпен естелік кітап

шығарды. Көзінің тірісінде өзі
туралы естелік кітап

оқыған жазушы мен ғана боламын ба
деп ойлаймын.

Бұған да мен қатты ризамын.

Биыл Жеңістің 55 жылдығына
байланысты «Атамұра»

корпорациясы «Қаһарман Қасым
Қайсенов» деген

атпен ұшқан
ұям - ата-ана, ағайын туыстарымның,

отбасы - ұрпағымның, қанды көйлек
партизан

достарымның, бірге жүріп-тұрған, жақын араласқан

жазушылардың суреттерін жинақтап,
жеке кітап етіп

шығарды. Осының бәрін көзімнің
тірісінде көргеніме

риза боп, соған шүкіршілік етемін.
Осыны шығарып

берген азаматтарға да рахмет
айтқым келеді. Енді

міне, киностудия мен туралы кино
түсіріп, жүртқа

көрсетеміз деп жатыр. Осыдан артық
менің не

армандауым, не тілегім болуы
мүмкін.

Мені аялаған халыққа,
Президентімізге, үкіметімізге

үлкен рахметімді айтқым келеді.
Өзімнің аман-есен

жүрген кезімде соншалық сый-құрмет
көріп

отырғаныма мен қалайша риза
болмаймын. Пре-

зидентіміз Жеңістің 50 жылдығы
алдында менің

кеудеме Батырлық, Қаһармандық
Алтын жүлдыз

қадады. Полковник атағын берді.
Мені қаншама рет

наградтады. Соған шын жүректен
рахмет айтқым келеді.

Әрине, мен тек өзіміздің
Қазақстанның ғана

жақсылығын көріп отырған жоқпын.
Өзім қан кешкен

Украинаның үкіметі де тыс қалған
жоқ. Олар мені

бірнеше рет шақырып, Украинаның
наградаларын

берді. Кеңес өкіметі кезінде
Богдан Хмельницкий

орденімен наградтады. Украина
егемендік алған кезде

мені тағы да ұмытқан жоқ. «За
заслуги» деген

орденмен наградтап, осыдан екі-үш
жыл бүрын

Украина Президенті Леонид
Данилович Кучма Астана

қаласына келгенде өз қолымен
кеудеме тақты.

Көзімнің тірісінде маған ескерткіш
қана орнатылған

жоқ. Басқасының бәрі істелгеніне
мен мың да бір

рахмет айтып, ризашылығымды
білдірейін деп

отырмын. Айтайын дегенім, міне,
осы!