ВЕРНУТЬСЯ

        - Қасеке, өзіңізбен биылғы 2001
жылы Жеңіс

күні қарсаңында кездескенім
есімде. Алматыдағы

Ғалымдар үйінде сол жолы Сіз
туралы түсірілген

шағын метражды деректі фильмнің тұсау кесер

рәсімі болды. Осы фильмде
"Өлімнен қорқасыз ба?"

деген сұраққа
Сіз мырс етіп күлесіз де: "Өлімнен

кісі қорқа ма екен? Бір Алланың
жазуымен уақыт

жеткенде о дүниеге әркім де
аттанады" дейсіз. Иә,

өмір мен өлім - мәңгілік әңгіменің
такырыбы. Сіз

бір емес, сан рет өлім аузында
боп, бір емес, сан

peт
ажалдан аман калдыңыз. Сондықтан да болар,

шүкіршілік етіп, "Осы өмірім
өзіме олжа", - деген

едіңіз. Биыл, міне, 83 жастасыз.
Аз ғұмыр емес,

көпсінуге де болмайтын шығар.
Әркім де маңдайға

жазған ғұмырды
өзінше кешіп, қашан дәмі

таусылғанша жарық дүниені қызықтауы керек шығар.

Өйткені ешкім де екі рет өмір
сүрмейді. Кездескен

сайын әңгімеңізді тыңдап отырып,
Сіздің

қайратыңызға, шыдамыңызға
қызығамын. "Тегін адам

емессіз-ау", - деп ойлаймын.
Сізбен кездеспегелі

бір-екі ай болды. Қазір калайсыз?
He әңгіме бар?

- Сол бір-екі айда мен қиыншылық
жағдайға

ұшырадым. Оған не себеп дейсің
ғой. Әбден

қартайған шағымда - сексеннің
үшеуіне келген кезде,

туғанда кіндігімді кескен адам
дұрыс кеспеген бе,

кіндігім шығып, қарыным жарылып
қалды. Дәрігерлер

"қазір операция жасатпасаңыз,
енді бір күннен кейін

операция жасау қиын болады",
- деді. Олар, әйтеуір,

мықты жігіттер екен, қарынымды
жөнге салып берді.

Есіңде бар ма, Кәкімжан Қазыбаев
деген жазушы

ағаң болды ғой, дәрігерлердің біреуі
соның туған ұлы

екен. Аты - Нұртас,
өзі хирург.

Сөйтіп, бір аурудан құтыла берген кезде, тағы бір

қиыншылық басқа түсіп, тұп-тура ештеңе көрмей,

соқыр болып қалдым. Су қараңғы,
түк те көрмеймін.

Бұл өте қиын жағдай ғой.
Бақытсыздықтың ең үлкені -

жарық дүниені көре алмау екен.

Күн бе, түн бе? Төсегімде отырмын,

Су караңғы, түк көрмеймін,
соқырмын.

Көргенімді, жазғанымды енді мен

бұдан былай көзбен емес, кәкірекпен оқимын,
-

деп, қатты қайғыға баттым. Сосын
осындағы бір

жігіттер менімен хабарласып,
"Мәскеудегі көз ауруын

емдейтін институттан келген Мәдина
деген үлкен

дәрігер бар", - дейді. Соған:
"біздің бір ағамыз көр-

мей қалды" деп, Сіз туралы
айттық", - дейді. Мәдина

- атақты көз дәрігері,
катастрофадан қаза тапқан

академик Федоровтың шәкірті екен.
Соның қарауында

қызмет істепті. Кейін елге
оралыпты. Сол Мәдина

деген қызымыз үйге телефон соғып,
"аға" деп, жөнін

айтады. "Мен Сізді көрсем
қайтеді. Содан соң не

көмек жасай аламыз, соны Сізге
айтайық", - дейді.

"Біз коммерциялық негізде
қызмет көрсетеміз. Қорқып

қалмаңыз, біз Сізден ақша
алмаймыз", - дейді.

Содан, не керек, ол көріп-көріп,
ақыры операция

жасады.

- Қасеке, байқаймын, операция
сәтті болғанға

ұқсайды. Жарық дүниеге көзіңіз ашылыпты.

- Солай екені рас. Операциядан соң
бір жеті

бұрынғыдай көріп жүрдім. Артынша
тағы да мүлде

көрмей қалдым. Содан екінші рет
қайтадан операция

жасауға тура келді. Көрмей
қалуымның себебі -

көзімнің түбіне қан құйылыпты. Қазір әлгі дәрігер

қызымыздың мені қалпына келтірген
кезі. Жасы жетіп,

83-ке келген адам қалай көруге
тиіс, мен қазір дәл

солай көремін. Менің жасымда енді
көзілдіріксіз кітап,

газет-журнал оқу мүмкін емес қой.
Жүдеп-жадап,

әйтеуір, жарық дүниені көретіндей
халге жетіп

отырмын.

Әлгінде екінші рет соқыр болып
қалдым дедім ғой.

Сол кезде тағы да қиыншылыққа
ұшырадым. "Соқыр-

лық деген өзіңмен өзің отыратын
жалғыздық.

Жанашырың, жақындарың, қайда
кеткен бар қызық".

Осындай жолдар ойға оралып, тағы
да қайғылы күйге

түстім. Екінші рет соқыр боп қалу
тіпті ауыр тиді.

Көзі көрмейтін адам маңайында
біреу сөйлесіп

отырса, соны ес көріп, соған
жақындағысы келеді

екен. Жанына серік етеді. Мен
сонда осындай халге

жетіп, жалғыздықтың тауқыметін
тарттым. Сөйтіп

жатып ұйықтап
кетіп, түс көріппін. 1941 жылы қараша

айында Днепрдің оң жағындағы қара
орманда жау

тылында жалғыз қалғанымды саған
айтқан болуым

керек.

- Қасеке, бұл
оқиғаны өткендегі бір әңгімеде

айтқансыз. Он адамды басқарып,
алғаш рет жау

тылына парашютпен түскен едіңіз.
Төртінші күні

жаумен бетпе-бет шайқасқанда
басқалары оққа

ұшып, Сіз ғана тірі калдыңыз. Сол жолы орманда

он шақты
күн жалғыз жүрдіңіз. Осы әңгіме ғой

айттым дегеніңіз.

- Дәл солай. Сол оқиғаның саған
айтпаған, есіме

түспей, ұмытқан
бір жағдайы сол қалпында түсіме

кірді.

1941 жылғы сол жағдай түсімде
емес, өңімде сол

кезде былай болған еді. Серіктерім
оққа ұшып, қалың

орманда жалғыз қалғанда қайткенде
өлмеудің амалын

жасайсың. Орманда жалғызсың,
ашсың, су жоқ,

шөлдейсің. Орманнан аң-құс, тышқанға дейін безіп

кеткен. Аш адам не ойламайды.
Шіркін-ай, егер тым

болмаса тірі тышқан кезіксе, ұстап
алып отқа қақтап

жеуді армандайсың. Аш адам ұйықтай береді.

Шөліркеп, шыққа аунап,
әйтіп-бүйтіп жүрген кезде бір

күні ұйықтап
кетіппін. Әлдебір сыбдырдан оянып кет-

тім. "He екен?" деп құлағымды түрдім.

Сыбдырлаған жаққа қарасам, киіктің
лағы. Қайдан

жүргенін кім білсін. Құлағын
қайшылап, жан-жағына

қарап, маған жақындап келді де
жерге жатты. Содан

мен ойлаймын: "Ей, шіркін,
тіршілік, жалған дүние-ай,

жалғыз жүрген соң бұл да мені жақын тартып, ес

көріп, мені паналап келді-ау.
Менің қолымда қанжа-

рым, пистолетім бар. Оған
қастандық жасауға мүмкін-

дігім барын ол сезбейді де. Менен
бір пана ізде-

гендей боп келді ғой". Осының
алдында ғана "тірі

тышқан кезіксе, отқа қақтап жер
едім" деп армандап

едім. Тірі лақты көріп, ол ойдан
бірден бас тарттым.

"Мені паналап келген
кішкентай жануарға қастандық

жасап, бір-екі күн тамақ қылуға
болар еді. Мен адам-

мын ғой. Жауыздықты жауыңа
жасайсың. Қорғансыз

жануарға аяушылықпен қарап, ойға
қалдым. Осыны

атсам, өлтірсем бұл құдай маған
қалай қарар екен,

бұл
тағдыр маған не жаза бұйырар екен. Мені қарға-

мас па екен. Жоқ, жалғыз жүрген
жануарды атуға

болмайды. Менің адам деген атым
бар ғой. Мен

бұған опасыздық жасамайын, оған
тиіспейін. Өз жайы-

мен кетсін. Қанша аш болсам да,
ешкімге қарғатпай,

ешкімге өзім туралы жаман ой
қалдырмай, аштан

өлгенім артық қой".

Осылайша өзіммен-өзім ойша
арпалысып жатып,

тағы да ұйықтап
кетіппін. Ояна келсем, таң ағарандап

атып қалыпты. Қарасам, әлгі лақ жоқ. Таң ағарып,

төңірекке көзі түскен соң кетіп
қалған болуы керек.

Сосын тағы да ойладым: "Бұл қара
орманға мен бір

жануардың рухын тірі қалдырып
кеттім. Аман қалса

өсер, аман жүрсе көбейер. Орманның
сәнін келтірер"

деймін. Міне, осы оқиғаны мен
саған бұрын айтқан

жоқ едім. Айтпаған себебім, саған
әңгімелеген кезде

есіме түспеген болатын.

-        Қасеке,
осыдан алпыс жыл бұрын Украина

жерінде, Днепр бойында бастан
кешкен бір көрініс

дәл сол қалпында қайталанып,
түсіңізге кірген-ау.

Адам кейде
осындайда "өңім бә, түсім бе?" деп

ара жігін ажырата алмайды. Қызық екен.

-        Көзім
көрмей қиналып, қайғырып отырған кезімде

ұмытылған оқиғаның сол болған
қалпында түске

кіруінде де сыр бар шығар. Енді
өзіңнің не сұрағың

бар?

-        Қасеке,
баяғыда жау тылында жүргенде

жарақаттанып, көзіңізге зақым
тигенін айтып едіңіз.

Бүгіндері соңғы бір-екі айда
көзіңіздің бір емес, екі

рет көрмей қалуы сол жарақаттың
зардабы болар.

Соғыстан кейін Одессадағы атақты
көз дәрігері

Филатовка барып емделдіңіз. Сол
жолы Сәбең -

Сәбит Мұқанов
қаржылай көмектесті дегенсіз. Соны

айтыңызшы.

-        Менің
бір көзімнің кетуіне 1943 жылы қыркүйек

айында Днепрдің оң жағасында
бомбаның астында

қалып, контузия алуым себеп болды.
Оны саған айт-

қанмын. Днепрдің оң жағалауына өту
үшін қырғын

шайқас болғанын өзің де жақсы
білесің. Ұлы Отан

соғысы тарихында Букрин плацдармы
деген бар.

Днепрдің батысындағы жерлерді, Киевті
азат етуде

осы Букрин плацдармы ерекше роль
атқарды. Сол

плацдармды алуға алғаш кірісіп,
қан төккендердің бірі

менің партизан отрядымның адамдары
болатын. Ол

туралы да саған айтқанмын.

Шабуылдың қалай басталып, қалай
аяқталғанына

қысқаша ғана тоқталайын. Ұмытсаң, есіңе түсер. Өз

отрядымнан 120 адам, Совет Армиясы бөлімінен 500-

дей жауынгер алып, Днепрдің оң
жағалауына өтуге

тиіс болдым. Днепрден өткенде
барлығы 200-дей

адам қалдық. Көбі оққа ұшты, Днепрге суға кетті.

Немістер Днепрдің суын арнасынан асырып
бомбалап

жатыр. Біз сол екі жүз адаммен
Григорьевка деген

селоны басып алдық. Одан кейін
Луковец деген

селоны жаудан босаттық. Зарубный
деген село үшін

де шайқасып, азат еткенде бізде
елу-алпыс адам ғана

қалды. Қыраттың үстіне шыққанда
немістер бомбаның

астына алды. Днепрдің сол
жағалауынан бір үлкен

командир, аты есімде жоқ,
"сен жеңіп алған пози-

цияңды сағат 12-ге дейін ұстап
тұр. Одан кейін біз

Днепрден өтіп үлгереміз, сендерге
көмекке келеміз.

Сен - партизан отрядының командирісің, жауаптысың",

- деп бұйрық берді. Содан соң
байланыс үзілді. Оны

жалғайтын телефонистері қаза тапты ма, кім білсін,

еш хабар жоқ. Сөйтіп, ендігі
қалған 20 шақты ғана

адаммен өлсек те позицияны
қалдырмауға бекіндік.

Үлкен бір қарағайдың түбіндегі
окопта менің отря-

дымның штаб бастығы Алексеенко
екеуіміз жатқанбыз.

Бір уақытта анадай жерден, әлі
есімде, фамилиясын

да ұмытқан жоқпын, Романенко деген
менің взвод

командирім бар еді, сол маған
қарай жүгіріп келеді.

"Әй, қайда барасың, жат.
Немістің танкілері келіп қал-

ды", - деп айқайлаймын. Ол
жатпайды. Жүгіріп менін,

қасыма келіп, құшақтап бетімнен
сүйеді, "Мен енді

қайтып сізбен көрісе алмаймын.
Әне, немістің танкілері

келе жатыр. Менің адамдарымның
көбі қырылды. Мен

енді Сізбен қош айтысуға келдім.
Егер тірі қалсаң,

ескерткіш болсын", - деп
маған бір алтын сағат ұсын-

ды. Соғыста жүріп ондай трофейный
затты алу -

жаман ырым. Өз басым солай
ойлайтынмын.

-        Неліктен
жаман ырым дейсіз?

-        Себебі,
алсаң - бірден оққа ұшасың. Өз тәжіри-

бемде талай көзім жетті бұған.

-        Сонымен,
Романенко не болды?

-        "Керегі
жоқ, сағатты алмаймын. Енді кері қайт", -

деп бұйырамын. Мен айқайлап
ұрысқаннан кейін Рома-

ненко амалсыздан кері қарай
жүгірген кезде немістің

бір танкисі оқ атып, әлгіні екіге
бөліп, көз алдымызда

ұшырып жіберді. Қоштасуға да
дәрмені келген жоқ.

Бізге қарай немістің танкілері
келе жатыр. Ауада

ұшақтың гуілі естіледі. Әр тұстан
бомбалар жарылуда.

Дүние астан-кестен. Келер сәтте не
болары белгісіз.

Атысудан басқа амал жоқ.

Шегінуге, бекінген позицияны
тастап кетуге бол-

майды. Бұйрық солай. Бір уақытта
қолымнан біреу

жұлқып тартты. Төмен қарай құлатып
жатыр. Окоп бо-

луы керек, түбіне құлатып жіберіп,
үстіме жата қалды.

Оның кім екенін көзім де көрген
жоқ. Менің қай жа-

ғымнан келіп, қолымнан тартқылап
жатқанын да бай-

қамадым. Сөйтсем, штаб бастығы
Алексеенко екен.

Анау түсіп келе жатқан бомбадан
сақтау үшін әдейі

құлатқан екен.

Сол арада жақын жерден бомба
жарылып бізді

топырақпен араластырып көміп
тастады. Арғы жағында

не болғанын білмеймін. Кейін
білдім, біздің Армияның

жауынгерлері Днепрден өтіп, біз
жатқан позицияны

басып өтеді. Армияда өліктерді
жинайтын командасы

болады екен. Олар жаралы жатқан,
кеудесінде жаны

барларды бір бөлек, өліктерді бір
бөлек жинайтын көрі-

неді. Біздің жанымыз бар, тірі
екенбіз. Әлгі штаб

бастығы екеуімізді сүйреп әкеліп,
жаралылардың қата-

рына қосады. Содан соң Днепрден
сол жағаға өткізіп

жіберіп, госпитальға салып емдей
бастапты. Ауыздан,

мұрыннан, құлақтан
- тесік жердің бәрінен қан аққан

ғой. Міне, осы контузияда менің
бір көзім кетті.

-        Қасеке,
кай көзіңіз?

-        Оң
көзім. Құлақтың жөнді естімеуі де сол есең-

гіреудің - контузияның салдары.
Содан кейін мен бір

көзбен қор боп жүрдім. Әйтеуір,
бір көзім көреді.

Осылайша соғысты жалғастыра
бердім. Одан кейін

партизандар қатарында үш жылдай
боп, сонау За-

карпатьеге дейін бардым, Құдайдың
басқа салғанына

көндім деп, бәріне де шыдайсың.

-        Қасеке, соғыс біткен соң елге оралдыңыз.

Көзіңіз нашар көретін болған соң
Украинадағы дәрігер

Филатовқа бардыңыз. Солай ма?

-        Сұрап
қоймадың ғой. Оны да айтайын. 1954 жы-

лы көзім көрмеуге айналды. Сосын
Алматыдағы жазу-

шы ағайындар ақылдасып, барар
жолыма ақша жинап

беріп, мені Одессадағы Филатовқа
жіберді емес пе.

- Қасеке, бұл
жағдайды кайталап сұрай

бергенім, мені осыған қатысты
адамдардың Сізге

жасаған қамқорлығы, мейірім шуағы қызықтырады.

-        Рас.
Адамның бір-біріне күні түспей тұрмайды.

Әркімнің де кісілігі осындайда
танылады. Украинада

ол кезде Сидор Артемьевич Ковпак
Жоғарғы Кеңес

Президиумы төрағасының орынбасары қызметін атқа-

ратын. Ол ақылды, дана шал еді. Соғыс
уақытында

партизан құрамасының атақты командирі болған кезі-

нен бері мен оны жақсы танитынмын.

Соғыстан кейін Киев қаласына
келген сайын, біз

қалыптасқан дағды бойынша, ең
алдымен Ковпакқа

барып сәлем беретінбіз. Ол да
өзінің қарауындағы

адамдарына "Кімде-кім
партизанмын деп мені іздеп

келсе, кабинетіме кезексіз
кіргізіңдер", - деп тап-

сырма береді екен.

Жоғарғы Кеңестің үйіне қалай
келдім, сол бетте-ақ

мені дедектетіп Ковпакқа алып
барды. Амандық сұрас-

қан соң мен Украинаға келу
себебімді айттым. Ол

құшақтап бетімнен сүйді. Мені
"Вася" деп жақсы кө-

ретін. Сол арада бірден Одессамен
байланыс жасап,

Филатовтың өзімен сөйлесті. Ол
кісі украинша сөй-

лейтін. Сөздерін естіп, түсініп
отырмын. "Маған келген

адам Украина жерін қорғаған
партизан еді. Аты -

Вася", - дейді. Мен сол
адамды саған жіберемін. Сен

қайтсең де оның көзін көретіндей
етіп, бар күшіңді

салып емдейсің", - дейді.
Сөйтіп, Ковпак жаныма бір

дәрігер қосып, Одессаға жіберді.

Одессада бір ай жатып, көзіме
операция жасатып

қайттым. Содан, әйтеуір, не керек,
сол көзімді

сақтап, оң көзімді емдеді.

Соның арқасында сол көзіммен жарты
ғасырдан

астам уақыт өмір сүрдім ғой. Бұған
да ризамын. Ең

алдымен ризашылығымды, рахметімді
Сидор Артемье-

вич Ковпакқа айтамын, академик
Филатовқа айтамын.

Екеуі де Украинаның көрнекті,
қасиеті мол адамдары

еді. Солар менің бүгінгі осы халге
жетуіме себеп бол-

ды. Енді әрі қарай қалай боларын
тағы да көре жа-

тармыз. Тағдыр пешенеге не жазды,
одан қашып

құтыла алмайды екенсің.

- Қасеке, басқа түссе төзім керек, барға

канағат керек дейді ғой. Біреудің
біреуге жасаған

жақсылығы
да қарыз емес, кісілік қасиеттен

туындайтын болар. Сіз "өмірде жолым болып келеді"

дейсіз. Бұл
сөзге дәлел ретінде "кайда жүрсем де

ылғи бір жақсы
адамдарға кездесіп отырдым"

дейсіз. Сол жақсы адамдардың бірі
деп Сәбеңді

яғни Сәбит
Мұқановты аузыңыздан тастамайсыз.

Ол кісіні қашан да жақсы атайсыз.
Сол жолы -

Филатовқа
көзіңізді емдетуге барарда "Сәбеңнің де

көмегі тиді" деп едіңіз.
"Алдымен Алматыдан

Мәскеуге барып, Сәбеңе
жолықтым" дедіңіз.

- Иә, иә. Мен енді Украинаға жол
жүргелі жатыр-

мын ғой. Бірақ қаражатым тапшы.
Партизанда өмірі

ақша болмаған ғой. Мысалы, төрт
жыл Украинада

партизан отрядының командирі
болғанда, мен бір тиын

да жалақы алып көрмеппін. Соған
үйреніп кеткенмін

ғой. Елге келгеннен кейін де мен
оңдырып жалақы

алған емеспін.

Көзім ауырып, жол жүретін болғанда
кедей екенімді

біліп осы Жұмағали
Саин, Тайыр Жароков екеуі маған

ақыл айтты. "Әй, Қасым, -
деді. - Сен ұялма. Сенде

тиын-тебен жоқ. Бізде де саған
көмектесе алатын

шама жоқ. Мәскеуде қонақ үйдің
мынадай нөмірінде

Сәбең жатыр. Сол Сәбеңе арнайы
барып, сәлем бер.

Жағдайыңды айт. Сол кісі саған
көмектеседі деп ой-

лаймыз. Өйткені ол - Сәбең ғой.
Әрі қарай өзің кө-

рерсің". Сол екеуінің
ақылымен мен бірден Сәбеңе

бардым. Сәбең өзінің бөлмесінде
отыр екен.

-        Қасеке,
бұл Мәскеуде болған кездесу ғой.

-        Иә,
иә. "Москва" қонақ үйінде. Қай нөмір, қай

қабатта тұрғанын қазір ұмытып
қалыппын. Сәлем беріп

едім, Сәбең жарықтық
"партизан" деп, құшақ жайып

қарсы алды. Оған "осылай да
осылай, бір көзім кетті,

осылай да осылай, қорлық көріп
тұрмын" деп, жасыр-

май жөнімді айттым. Сәбең сөзімді
бөлмей, бәрін

тыңдап отырды. Барлық жағдайымды
естіп-білді. He

айтсам да "дұрыс" дейді.
"Көзім көрмей қалды" де-

сем де "дұрыс" дейді.
"Дұрыс" деу өзінің әдеті бо-

лар, онысын мен кек алған жоқпын.

- Қасеке, оныңыз "дұрыс" болған. Сәбеңнің

"дұрыс"
деген және "бұл жерге кашан келдің"

деген үйреншікті сөздеріне
байланысты талай күлкілі,

зілсіз әңгімелер бар емес пе. Әлі
де есімізде.

-        Иә,
иә. Әңгімемді тыңдап болған соң Сәбең

үлкен қолымен көсіп алғандай етіп
бір уыс ақша бер-

ді."Міне, осы ақша сенің
жолыңа жетеді", - деді.

Шынында, Сәбеңнің ақшасы Украинаға
барып қайт-

қанда бар қажетімді өтеді, бәріне
де жетті. Тарық-

қан жоқпын. Одессада бір айдай
жатып, бір көз-

ден айырылып, енді елге қайтамын
ғой. Елге поез-

бен Мәскеу арқылы жүретінбіз.

Мәскеуге келген соң Сәбең бар ма
екен деп із-

деймін ғой. Сәбең сол жолы да сол
қонақ үйден, сол

нөмірден табылды. Ешқайда
қозғалмаған, күні кеше

ғана кездескен секілдіміз. Содан
бері жатты ма, жоқ

әлде елге барып қайтып келді ме,
ол арасын білмей-

мін, сұрамадым.

Әйтеуір, бір көзімді аман
сақтағанына бір жағы

қуанып, бір жағы сәлем беруді
өзіме үлкен парыз

санап, Мәскеуге келген бойда
Сәбеңмен кездестім.

Ол да
мені құшақтап, қуанып, хал-жағдайымды сұра-

ды. "Көзіме операция жасады.
Анау көзіңе әсері

болады деп жаман көзімді алып
тастады", - дедім.

Сәбең "дұрыс" дейді.
"Енді елге қайтып бара жатыр-

мын. Маған берген ақшаңыз бәріне
де жетті. Жазу-

шылар одағы да ақша жіберген еді.
Жұмағали Саин

мен Тайыр Жароковтың ұйымдастыруымен жазушы-

лардың жинап берген ақшасы ғой.
Соны өзіме пайда-

ланбадым. Сондағы дәрігерлердің
барлығына Филатов-

тың көмекшісі арқылы таратып беріп
кеттім" дедім.

Сәбең "Енді Алматыға қайтуға
ақшаң бар ма?" деді.

"Сіз бергеннен қалған ақшам
бар", - дедім. Сұрасам

тағы да ақша беретін түрі бар. Оны
сөз ыңғайынан

сездім. "Жарайды, ендеше
үйіңе аман-есен қайт", -

деді. Сонымен, мен Сәбеңмен
қоштасып, Алматыдан

бір-ақ шықтым.

- Қасеке, "Сәбеңді жақсы
көремін", - дейсіз.

Жалпы, ол кісінің ерекшелігі неде?

- Бізден бұрын ұлы жазушы
ағаларымыз болды

ғой. Үлкендері де болды. Содан
кейінгі біз көрген

көрнектілері - бәрі де болды ғой.
Әрине, кешегі

өткен жеті арысымызды - Ахмет Байтұрсыновты,

Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан, Сәкен,
Ілияс, Бейімбет

секілді ағаларымызды мен көре
алмадым. Оларды

жақсылап біле алмадым.

Ал одан кейінгілерді, Әуезовтан
бері қарай, ал-

дыңғы ағалардың бәрін де көрдім,
кітаптарын

оқыдым. Көбіне еріп те жүрдім.
Солардың барлық

адамгершілік болмыстарын таныдым.
Солардың ішінде

менің ерекше жақсы көретінім,
жоғары бағалайтын

адамым - кәдімгі Сәбит Мұқанов.
Менің "Барлығынан

жақсы еді-ау Сәбит аға" деген
өлеңім де бар. Мен

ақын емеспін. Сәбеңді жақсы
көргендіктен де өлең

шығардым. Әдетте, менің өлеңімнің
барлық көлемі бір

шумақтан аспайды.

Сәбеңді жақсы көретінім, мен оған
еріп, кейде

сапарлас боп бірге көп жүрдім. Ол
кісі маған қинал-

ғанда қол ұшын бергенін әлгінде
ғана айттым. Ауыр-

ған кезде, қиналған, тарыққан,
жалыққан кездерде

Сәбеңнің бір маған емес, талай
адамға көмегі тиді,

жақсылық жасады. Оны әркім де
айтады. Ол қолы

ашық,
адамгершілігі, қазақы қасиеті мол, ірі адам еді.

Мен оған еріп, оның туған еліне
екі-үш рет бардым.

-        Солтүстік
Қазақстан облысына, Қызылжарға ғой.

-        Иә.
Қызылжарда боп, аудан-ауданды араладық.

Ол кісідей еліне қадірлі
ақын-жазушы бар деп айту

қиын. Ол еліне аса қадірлі
болатын. Тіпті өзінің еліне

ғана емес, бүкіл қазақ халқына
қадірлі боп өткенін

өзің де білесің. Бүкіл ел біледі.

 Еліне барғанда бірдеңе жазу үшін біреулермен

сөйлесіп, материал жинайды. Әңгіме
айтудан, сөз

тыңдаудан жалықпайды. Уақыттың
тығыздығына,

тындырар жумысының көптігіне
қарамастан

адамдардың көңілін аулау үшін
солардың ыңғайына

бағынып, тілектерін орындайтын.
Елі бұны қонаққа

кезекке тұрып шақырады. Соның
бәрінде Сәбеңмен

бірге мен де боламын. Атқосшы
емес, сапарлас серігі

ретінде қайда барса да жанынан
қалмай еріп жүремін.

Ол да мені тәуір көрді. Менің оның
өзіне ұқсас жерім

болғандықтан да тәуір көрген шығар
деп бйлаймын.

Сәбең деген етжеңді, қарулы адам
ғой. Сәбең деген

бір өзі бір табақ етті жеп қоятын.
Мен де дене бітімі

жағынан, өзімнің мешкейлігімнен,
арақ ішуден ешкім-

нен кем түспейтінмін. Сәбеңе осы
жағым да ұнаса

керек. Мені көрген жерде "е,
партизан" деп, ең

алдымен құшақтайтын. Өмірінің
ақырына дейін мені

өзіне жақын көрді. Мен оны ылғи да
"маршал" дейтін-

мін. Оған ол күліп тұра қалып,
қатардағы жауынгер

сияқты қолымды шекеме апара, честь
бергеніме риза

боп қалатын еді.

Бүгіндері пәлен-түген "халық
жазушысы" деп айтып

жүрсіңдер ғой. Солардың ешқайсысын
мен "халық

жазушысы" деп есептемеймін.
Ол - Жарлықпен бе-

рілген жай бір атақ. Меніңше,
"халық" деген сөзді

әркімнің маңдайына пошта
маркасындай жапсыра

беруге болмайды. Халық деген - ең
ардақты, ең

асқақ сөз. Халық деген - кең ұғым. Осында біразын

халық жазушысы деп марапаттап
жүрсіндер. Солардың

көбінің халық жазушылығы жоқ.
Халық олардың көбін

білмейді. Халықты олар да біле
қоймайды. Солардың

көбі қазір үйлерінде жатыр.
Тәуелсіз елімізге үлес

қосу да олардың ойларында жоқ.
Өйткені бір өзі -

жазушы, бір өзі - халық. Одан басқа оған не керек.

Міне, мәселе қайда! Адамды бұзу
деген, бұзылу

деген осыдан басталады. Мен осыған
қарсымын.

Ал халық жазушысы, халықтың, адамы деп дәл осы

Сәбеңді айтуға болар еді. Бұл өзі
сонда ақталар еді,

халық алдында дұрыс бағаланар еді.

Тағы бір әңгіме, мысалы, үлкен
жазушылардың

отбасы бар, артында қалған ұрпағы бар. Өздері дү-

ниеден өткенмен, біразының
зайыптары бүгіндері

арамызда жүр. Солардың ешқайсысын
жаман деуге

болмас. Әркім өзінше өмір сүреді, өзінше бағаланады.

Бірақ сол үлкендердің артында
қалған өмірлік жары

ішінде алдымен ауызға алатынымыз
да - Сәбеңнің

жары - Мәриям апай. Сол Мәриям
бүгін тоқсан бір

жасқа толды. Бүгінге дейін көз
алдымызда, бәрімізге

мейіріммен, жылы ұшырай қарап,
амандық-саулығы-

мызды тілейді.

Сол Сәбең өмір бойы өзімен бірге
жүріп-тұрған

Мәриямды үлкен бәйбішелік дәрежеге
көтерді. Осы

жөнінен де мен Сәбеңнің аруағына
да ризамын.

Сондықтан да мен Сәбеңді жақсы
көремін, оны ылғи

да еске алып, ойлап жүремін.
"Қайран Сәбең" деп

сағынамын, ойша іздеймін, орнын
жоқтаймын. Сәбит

аға күні бүгінге дейін менің көз
алдымда тұрады.

Сәбеңе қатысты мен білетін
оқиғалар тіптен көп.

Оның қонақта отырып ет асатқаны
қаншалық қызық

еді. Осылайша Сәбеңнің қолынан
қаншама адам дәм

татты десеңші.

Сәбең қонақта
болғанда әдетте ет асататын. Ол

да бір үйреншікті әрі тек Сәбең ғана жасайтын жақсы

рәсім еді. Ет асатқанда Сәбеңнің
жалпақ алақанына

бір килодай ет сиятын.
Саусақтарымен еттің майлы-

сын, қаракесегін теріп алып,
араластырып, алақанын

толтырып, әріректеу отырған
біреуді "Әй, бері келші", -

деп, атын
атап, қасына шақырады. Келген адамды бір

қолымен желкесінен ұстап өзіне
қарай тартады, екінші

алақанындағы етпен аузыңды толтыра
асатқанда түн-

шыға жаздайсың. Былайғы жұрт
мәз-мәйрам боп,

Сәбеңнің осы қылығын қызықтап
отырады. Сәбең
осы-

лайша
жағалай ет асатып, үлкен табақтағы үйме еттен

ештеңе
қалдырмай тауысып береді. Қайран Сәбең,

бүгін
соның бәрінен көз жазып қалып отырмыз.

Осы
Сәбең, кешегі Жұмағали Саин, Тайыр Жаро-

ков, анау Шахмет Құсайынов кіршіксіз таза жандар

еді. Әрине, ұсақ-түйек
кемшіліктер әркімде де болады.

Кешегі Мұқан
Иманжановты да жақсы көретінмін. Ал

осылар кейде есіме түскенде
сағынып, көзіме жас та

аламын. Олардың аруағын ардақтап,
ешқашанда ұмыт-

паймын. Олардың ұрпақтары аттарына
кір келтірмей

жақсы боп өссе екен деп тілеймін.

- Қасеке, Сіздің өзіңіз де кітап
жаздыңыз,

партизан жазушы атандыңыз. Бұл - бір. Екіншіден,

Сіздің өзіңіз
туралы да аз жазылған жоқ. Өлең,

поэмалар, очерк, повестер жеке-жеке кітап боп

жарық көрді. Сіз туралы жазған
ақын-жазу-

шылардың саны да көп. О баста
кітап жазу ниеті-

мен өзіңізді үңіле зерттеп, жақын араласқан кімдер

еді?

- Маған үйір боп, табандылық
танытып, мен тура-

лы қазақша, орысша кітап жазған
Кемел Тоқаевтың

еңбегін жоғары бағалаймын. Онымен
таныстығым бы-

лайша басталған еді. Оған дейін,
шынымды айтайын,

Кемел Тоқаев деген жазушыны
білмейтінмін.

Мені Алматыдағы бір жоғары оқу
орны кездесуге

шақырды. Бардым. Президиумға
отырдым. Кездесу

басталып, бізді таныстырды. Мені,
баяғы құлақ үйрен-

ген сөзім - партизан деді.
Президиумда менімен бірге

шашы қара, көзі де қап-қара, әдемі
жігіт отырғанын

байқадым. Оны соғысқа қатысқан
жазушы Кемел

Тоқаев деп таныстырды. Мен сонда
оның есімін бір-

інші рет естідім. Сөзді ең алдымен
маған берді. Мен

баяғы партизан өмірімнен көсілтіп
әңгіме айта бастай-

мын ғой. Әңгімемді айтып, енді
былай қарасам, әлгі

жігіт кәдімгі стенографист секілді
менің сөзімді жазып

отыр екен. Мен тоқтасам, ол да
жазуын тоқтатады.

Бетіне қарасам, ол да маған қарап
жымиып күледі.

Сөйлесем, ол қайтадан сөзімді
жалғастырып жаза

бастайды. Жазуы ұсақ, анық екен. Менен кейін оған

да сөз беріліп, ол да өзінің
айтатынын айтты.

Міне, сол күннен бастап әлгі
әдемі, жас жігітім -

Кемел Тоқаев деген жазушы маған
жақындай бас-

тады. Артынан тіпті отбасымыз да
өзара араласып

кеттік. Тұраш
деген келінім бар екен. Оның да төрт

баласы бар, менің де төрт балам
бар. Менің "ГАЗ-69"

маркалы ескі машинам да бар.
Сөйтіп, біз біріге

бастадық. Содан кейін кейде тауға
шығамыз, көгалда

боламыз.

Сол бастапқы әдетімен өз үйіне
шақырса да, біздің

үйге келсе де менің айтқан
әңгімемді жаза береді.

Бір күні айтты: "Қасеке, мен
Сіз туралы кітап жаз-

ғалы жүрмін", - деді. Мен
"еркің білсін", - дедім.

Басқа не айтамын, не істесе де өзі
біледі. Осыны

бірде Жұмағали Саинға айтып,
"Кемел Тоқаев деген

жазушыны білесің бе?" - деп сұрадым. "Білемін, әске-

ри тақырыпқа жазады", - деді
ол. "Сол ендеше мен

туралы жазамын деп жүр".
"Е, жазсын. Сен жазсаң

өзіңше ой қорытасың. Ал ол сен
туралы өзінше жаза-

ды. Онда тұрған не бар", -
деді ол.

Бір күні Кемел кездесе қалды. Мен
Украинаға жүр-

гелі жатқанымды айтып едім, жат та
келіп маған жа-

быссын. "Қасеке, мен Сіз
туралы жазып жүрмін ғой.

Украинаға мені де өзіңізбен ерте
кетіңіз, Сіздің пар-

тизан достарыңызды көрейін,
солармен сөйлесейін.

Соғысқан жерлеріңізге барайын. Мен
қазір боспын", -

деп өтінді. Мен бірден келістім.
Екеуіміз, сонымен,

Украинаға бірге аттандық.

-        Қасеке,
бұл қай жылы болды?

-        Қай
жылы дейсің бе? Ұмытып қалыппын.

-        Жарайды,
әңгімеңізді айта беріңіз...

-        Содан
екеуіміз Украинаға келген бойда әдет

бойынша Ковпакқа амандасуға
бардық. Ол өзі екі

иығына екі кісі мінгендей төртбақ,
аласа бойлы бола-

тын. Саусақтары қысқа, жуан. Бас
деген қазандай,

кездескенде құшақтап,
бетіңнен сүйеді.

"Мына менімен бірге келген
кісі - жазушы, соғыста

болған, Украина жерін қорғаған,
аты - Кемел", - деп,

оны Ковпакқа таныстырдым. Кемел
дегенге Сидор

Артемьевичтің тілі келмеді.
"Кимал" деді. Кемел өзінің

атын бұзып айтқанға жымиып,
ризашылықпен қарап

көзін
қадап, күледі.

Ковпак
берген машинамен Кемел екеуіміз

Украинаны
аралап кеттік. Переяслав қаласында

менімен
бірге соғысқан бірталай партизандар тұра-

тын. Соларда болдық. Кемел дегенің
сондайлық

тынымсыз, еңбекқор адам екен.
Барған жерлерде

мен партизандардың горилкаларын ішіп, тамаққа

тойып аламын да ұйықтаймын. Ал
Кемел болса түн-

нің бір уағына дейін солармен
сөйлесіп, бірдеңе-

лерді жазып отырады. Содан, не
керек, Украина-

дағы менің достарыммен танысып,
жақсы біліп

алды.

Енді соғысқан жерлерге барып,
араладық. Баяғыда

Днепрдің арғы жағалауындағы Букрин
плацдармы

болған жерге келіп тоқтадык,.
Бізбен бірге жүрген

партизан достарым Кемелге:
"Біздің командиріміз Вася

осы жерде соғысқан, сонда осылай
да осылай бол-

ған", - деп түсіндіріп жатты.
Кемелдің лексиконында

"ғажап" деген сөз бар
болатын. Ол Днепрдің биік

жарында тұрып, жан-жаққа қарап,
"ғажап" деп басын

шайқайды. "Мына судан өту,
анау селоларды басып

алу, бомбаның астында қалса да,
алған позицияны

ұстап тұру - не деген ерлік. Қасеке, мен Сізге Батыр

атағын алып беремін", -
дейді. "Әй, Кемел, бекерге

жосыма. Геройлық атақ әперу сенің
қолыңда тұрған

жоқ. Маған тиесілі геройлық басқа
біреуге беріліп

қойған. Оның кеудесінен геройлық
жұлдызды

көргенмін. Содан тартып алып,
кеудеме тағып бересің

бе", - деп мен де әзілдеймін.
"Осындағы жұмыс-

тарыңды бітірсең, елге
қайтайық", - деймін.

Бәрін аралады, көрді, партизан
достарыммен

армансыз сөйлесті. Содан екеуіміз
аман-сау елге

оралдық. Кейін Кемел қазақша
"Ерекше тапсырма"

деген бір кітап, "Особое
поручение" деген орысша бір

кітап шығарды. Екеуі де, әне, кітап
сөресінде тұр.

Кейін бір барғанда бұл кітаптарды
украиндықтарға

апарып та бердім.

Бірер жылдан кейін әлдебір
себеппен Украинаға

тағы да барам ғой. Менің
достарымның бәрі де

жабыла Кемелді сұрады. Оны ұнатып
қалса керек,

"Heгe
тастап кеттің", - деді.

Біздің партизанда досыңнан
айырылып қалсаң, әдет

бойынша екі қолыңмен бетіңді
басасың. Мен оларға

екі қолыммен бетімді басып,
үндемедім. Кемелдің о

дүниеге аттанғанын олар түсінді.
Жүрегімді ауырт-

пайын деп, ол туралы ештеңе сұрамады. Міне, осы

жағдайды Алматыға келген соң
"Қазақ әдебиеті" газе-

тіне жаздым. Кемел украин достарын
екінші рет көре

алмағанына тебіреніс білдірдім.
"Қазақ әдебиетінде"

жарияланған осы естелігімді
Кемелдің жары Тұраш пен

баласы Қасымжомарт екеуі оқыса
керек. Тұраш сонда

егіліп жылапты, қатты риза
болыпты. Кемел Тоқаевпен

алғаш танысып, бір-бірімізбен
араласып жүргенде оның

ұлы - осы Қасымжомарт төрт-бес
жасар бала еді.

Ылғи "На щеке родинка"
деп, орысша ән салып оты-

рады. Біз оның тілін қызықтап,
қайта-қайта айтқыза-

тынбыз. Содан кейін мен осы
Қасымжомартты көрген

емеспін.

Жеңістің 55 жылдығына орай бізді -
соғыс арда-

герлерін Астанаға шақырды. Парадта
боп, кешкісін

банкетке қатысып, төрде
отырғанбыз. Сол арада

Қасымжомарт менің қасыма келді.
Бұл - менің оны

екінші рет көруім. "Аға,
Сізге әдейі сәлем берейін

деп келдім. Анам Сізге сәлем
айтты. "Қазақ әдебиеті"

газетінен әкем туралы
естелігіңізді оқып, қатты тол-

қыдық, анам жылады. Сізге
рахмет", - деді. Мен де:

"Қайда жүрсең де аман бол.
Ұрпағың өссін", - дедім.

Әкесі жақсы адам еді. Баласы
Қасымжомарт та өне-

гелі азамат боп өсіпті. Бұған да
қуанасың.

-        Қасеке,
байқаймын, жол жүретін тәріздісіз.

-        Иә,
иә, туған жерге барғалы отырмын. Мына

жасқа келгенде, қазір нашарлап
қалған кезім. Бұдан

кейін елге баруға жараймын ба, кім
білсін. Көліктің

ыңғайы келіп тұрған соң, не де болса елімді, туған

жерімді бір көріп қайтайын деп
ойладым да, жолға

шығуға бекіндім. Елде мына Асыл
апаңның Қадес

деген туған бауыры жетпіс жасқа
толды. Соған

барып, тойдың ырым-сырымын
жасаймыз ба деген

ойымыз бар. Оның үстіне "Атамұра" деген корпора-

ция Өскемен қаласында бір кітап
магазинін ашып,

соған менің атымды беріпті. Солар
"магазинді көріп

қайтыңыз" деген өтініш жасап
отыр. Бір жағы соған

да соғармын. Ал биыл Тарбағатай
ауданында Қабан-

бай батырдың 310 жылдық тойы
болады. Мүмкіндік

болса, құдай қаласа деп айтайын,
соған да қатысып

төбе көрсетсем бе деймін. Менің
бұл сапардағы

жоспарым осындай.

- Қасеке, елге аман-есен барып
қайтыңыз. Туған

жердің топырағын басып, бойыңызға
куат алыңыз.

Күш қосып, тынығып қайтыңыз. Сіз
бен біздің

әңгімеміз әлі аяқталған жоқ. Жалғасы болады деп

ойлаймын.

- Қасеке, өзіңізбен биылғы 2001
жылы Жеңіс

күні қарсаңында кездескенім
есімде. Алматыдағы

Ғалымдар үйінде сол жолы Сіз
туралы түсірілген

шағын метражды деректі фильмнің тұсау кесер

рәсімі болды. Осы фильмде
"Өлімнен қорқасыз ба?"

деген сұраққа
Сіз мырс етіп күлесіз де: "Өлімнен

кісі қорқа ма екен? Бір Алланың
жазуымен уақыт

жеткенде о дүниеге әркім де
аттанады" дейсіз. Иә,

өмір мен өлім - мәңгілік әңгіменің
такырыбы. Сіз

бір емес, сан рет өлім аузында
боп, бір емес, сан

peт
ажалдан аман калдыңыз. Сондықтан да болар,

шүкіршілік етіп, "Осы өмірім
өзіме олжа", - деген

едіңіз. Биыл, міне, 83 жастасыз.
Аз ғұмыр емес,

көпсінуге де болмайтын шығар.
Әркім де маңдайға

жазған ғұмырды
өзінше кешіп, қашан дәмі

таусылғанша жарық дүниені қызықтауы керек шығар.

Өйткені ешкім де екі рет өмір
сүрмейді. Кездескен

сайын әңгімеңізді тыңдап отырып,
Сіздің

қайратыңызға, шыдамыңызға
қызығамын. "Тегін адам

емессіз-ау", - деп ойлаймын.
Сізбен кездеспегелі

бір-екі ай болды. Қазір калайсыз?
He әңгіме бар?

- Сол бір-екі айда мен қиыншылық
жағдайға

ұшырадым. Оған не себеп дейсің
ғой. Әбден

қартайған шағымда - сексеннің
үшеуіне келген кезде,

туғанда кіндігімді кескен адам
дұрыс кеспеген бе,

кіндігім шығып, қарыным жарылып
қалды. Дәрігерлер

"қазір операция жасатпасаңыз,
енді бір күннен кейін

операция жасау қиын болады",
- деді. Олар, әйтеуір,

мықты жігіттер екен, қарынымды
жөнге салып берді.

Есіңде бар ма, Кәкімжан Қазыбаев
деген жазушы

ағаң болды ғой, дәрігерлердің біреуі
соның туған ұлы

екен. Аты - Нұртас,
өзі хирург.

Сөйтіп, бір аурудан құтыла берген кезде, тағы бір

қиыншылық басқа түсіп, тұп-тура ештеңе көрмей,

соқыр болып қалдым. Су қараңғы,
түк те көрмеймін.

Бұл өте қиын жағдай ғой.
Бақытсыздықтың ең үлкені -

жарық дүниені көре алмау екен.

Күн бе, түн бе? Төсегімде отырмын,

Су караңғы, түк көрмеймін,
соқырмын.

Көргенімді, жазғанымды енді мен

бұдан былай көзбен емес, кәкірекпен оқимын,
-

деп, қатты қайғыға баттым. Сосын
осындағы бір

жігіттер менімен хабарласып,
"Мәскеудегі көз ауруын

емдейтін институттан келген Мәдина
деген үлкен

дәрігер бар", - дейді. Соған:
"біздің бір ағамыз көр-

мей қалды" деп, Сіз туралы
айттық", - дейді. Мәдина

- атақты көз дәрігері,
катастрофадан қаза тапқан

академик Федоровтың шәкірті екен.
Соның қарауында

қызмет істепті. Кейін елге
оралыпты. Сол Мәдина

деген қызымыз үйге телефон соғып,
"аға" деп, жөнін

айтады. "Мен Сізді көрсем
қайтеді. Содан соң не

көмек жасай аламыз, соны Сізге
айтайық", - дейді.

"Біз коммерциялық негізде
қызмет көрсетеміз. Қорқып

қалмаңыз, біз Сізден ақша
алмаймыз", - дейді.

Содан, не керек, ол көріп-көріп,
ақыры операция

жасады.

- Қасеке, байқаймын, операция
сәтті болғанға

ұқсайды. Жарық дүниеге көзіңіз ашылыпты.

- Солай екені рас. Операциядан соң
бір жеті

бұрынғыдай көріп жүрдім. Артынша
тағы да мүлде

көрмей қалдым. Содан екінші рет
қайтадан операция

жасауға тура келді. Көрмей
қалуымның себебі -

көзімнің түбіне қан құйылыпты. Қазір әлгі дәрігер

қызымыздың мені қалпына келтірген
кезі. Жасы жетіп,

83-ке келген адам қалай көруге
тиіс, мен қазір дәл

солай көремін. Менің жасымда енді
көзілдіріксіз кітап,

газет-журнал оқу мүмкін емес қой.
Жүдеп-жадап,

әйтеуір, жарық дүниені көретіндей
халге жетіп

отырмын.

Әлгінде екінші рет соқыр болып
қалдым дедім ғой.

Сол кезде тағы да қиыншылыққа
ұшырадым. "Соқыр-

лық деген өзіңмен өзің отыратын
жалғыздық.

Жанашырың, жақындарың, қайда
кеткен бар қызық".

Осындай жолдар ойға оралып, тағы
да қайғылы күйге

түстім. Екінші рет соқыр боп қалу
тіпті ауыр тиді.

Көзі көрмейтін адам маңайында
біреу сөйлесіп

отырса, соны ес көріп, соған
жақындағысы келеді

екен. Жанына серік етеді. Мен
сонда осындай халге

жетіп, жалғыздықтың тауқыметін
тарттым. Сөйтіп

жатып ұйықтап
кетіп, түс көріппін. 1941 жылы қараша

айында Днепрдің оң жағындағы қара
орманда жау

тылында жалғыз қалғанымды саған
айтқан болуым

керек.

- Қасеке, бұл
оқиғаны өткендегі бір әңгімеде

айтқансыз. Он адамды басқарып,
алғаш рет жау

тылына парашютпен түскен едіңіз.
Төртінші күні

жаумен бетпе-бет шайқасқанда
басқалары оққа

ұшып, Сіз ғана тірі калдыңыз. Сол жолы орманда

он шақты
күн жалғыз жүрдіңіз. Осы әңгіме ғой

айттым дегеніңіз.

- Дәл солай. Сол оқиғаның саған
айтпаған, есіме

түспей, ұмытқан
бір жағдайы сол қалпында түсіме

кірді.

1941 жылғы сол жағдай түсімде
емес, өңімде сол

кезде былай болған еді. Серіктерім
оққа ұшып, қалың

орманда жалғыз қалғанда қайткенде
өлмеудің амалын

жасайсың. Орманда жалғызсың,
ашсың, су жоқ,

шөлдейсің. Орманнан аң-құс, тышқанға дейін безіп

кеткен. Аш адам не ойламайды.
Шіркін-ай, егер тым

болмаса тірі тышқан кезіксе, ұстап
алып отқа қақтап

жеуді армандайсың. Аш адам ұйықтай береді.

Шөліркеп, шыққа аунап,
әйтіп-бүйтіп жүрген кезде бір

күні ұйықтап
кетіппін. Әлдебір сыбдырдан оянып кет-

тім. "He екен?" деп құлағымды түрдім.

Сыбдырлаған жаққа қарасам, киіктің
лағы. Қайдан

жүргенін кім білсін. Құлағын
қайшылап, жан-жағына

қарап, маған жақындап келді де
жерге жатты. Содан

мен ойлаймын: "Ей, шіркін,
тіршілік, жалған дүние-ай,

жалғыз жүрген соң бұл да мені жақын тартып, ес

көріп, мені паналап келді-ау.
Менің қолымда қанжа-

рым, пистолетім бар. Оған
қастандық жасауға мүмкін-

дігім барын ол сезбейді де. Менен
бір пана ізде-

гендей боп келді ғой". Осының
алдында ғана "тірі

тышқан кезіксе, отқа қақтап жер
едім" деп армандап

едім. Тірі лақты көріп, ол ойдан
бірден бас тарттым.

"Мені паналап келген
кішкентай жануарға қастандық

жасап, бір-екі күн тамақ қылуға
болар еді. Мен адам-

мын ғой. Жауыздықты жауыңа
жасайсың. Қорғансыз

жануарға аяушылықпен қарап, ойға
қалдым. Осыны

атсам, өлтірсем бұл құдай маған
қалай қарар екен,

бұл
тағдыр маған не жаза бұйырар екен. Мені қарға-

мас па екен. Жоқ, жалғыз жүрген
жануарды атуға

болмайды. Менің адам деген атым
бар ғой. Мен

бұған опасыздық жасамайын, оған
тиіспейін. Өз жайы-

мен кетсін. Қанша аш болсам да,
ешкімге қарғатпай,

ешкімге өзім туралы жаман ой
қалдырмай, аштан

өлгенім артық қой".

Осылайша өзіммен-өзім ойша
арпалысып жатып,

тағы да ұйықтап
кетіппін. Ояна келсем, таң ағарандап

атып қалыпты. Қарасам, әлгі лақ жоқ. Таң ағарып,

төңірекке көзі түскен соң кетіп
қалған болуы керек.

Сосын тағы да ойладым: "Бұл қара
орманға мен бір

жануардың рухын тірі қалдырып
кеттім. Аман қалса

өсер, аман жүрсе көбейер. Орманның
сәнін келтірер"

деймін. Міне, осы оқиғаны мен
саған бұрын айтқан

жоқ едім. Айтпаған себебім, саған
әңгімелеген кезде

есіме түспеген болатын.

-        Қасеке,
осыдан алпыс жыл бұрын Украина

жерінде, Днепр бойында бастан
кешкен бір көрініс

дәл сол қалпында қайталанып,
түсіңізге кірген-ау.

Адам кейде
осындайда "өңім бә, түсім бе?" деп

ара жігін ажырата алмайды. Қызық екен.

-        Көзім
көрмей қиналып, қайғырып отырған кезімде

ұмытылған оқиғаның сол болған
қалпында түске

кіруінде де сыр бар шығар. Енді
өзіңнің не сұрағың

бар?

-        Қасеке,
баяғыда жау тылында жүргенде

жарақаттанып, көзіңізге зақым
тигенін айтып едіңіз.

Бүгіндері соңғы бір-екі айда
көзіңіздің бір емес, екі

рет көрмей қалуы сол жарақаттың
зардабы болар.

Соғыстан кейін Одессадағы атақты
көз дәрігері

Филатовка барып емделдіңіз. Сол
жолы Сәбең -

Сәбит Мұқанов
қаржылай көмектесті дегенсіз. Соны

айтыңызшы.

-        Менің
бір көзімнің кетуіне 1943 жылы қыркүйек

айында Днепрдің оң жағасында
бомбаның астында

қалып, контузия алуым себеп болды.
Оны саған айт-

қанмын. Днепрдің оң жағалауына өту
үшін қырғын

шайқас болғанын өзің де жақсы
білесің. Ұлы Отан

соғысы тарихында Букрин плацдармы
деген бар.

Днепрдің батысындағы жерлерді, Киевті
азат етуде

осы Букрин плацдармы ерекше роль
атқарды. Сол

плацдармды алуға алғаш кірісіп,
қан төккендердің бірі

менің партизан отрядымның адамдары
болатын. Ол

туралы да саған айтқанмын.

Шабуылдың қалай басталып, қалай
аяқталғанына

қысқаша ғана тоқталайын. Ұмытсаң, есіңе түсер. Өз

отрядымнан 120 адам, Совет Армиясы бөлімінен 500-

дей жауынгер алып, Днепрдің оң
жағалауына өтуге

тиіс болдым. Днепрден өткенде
барлығы 200-дей

адам қалдық. Көбі оққа ұшты, Днепрге суға кетті.

Немістер Днепрдің суын арнасынан асырып
бомбалап

жатыр. Біз сол екі жүз адаммен
Григорьевка деген

селоны басып алдық. Одан кейін
Луковец деген

селоны жаудан босаттық. Зарубный
деген село үшін

де шайқасып, азат еткенде бізде
елу-алпыс адам ғана

қалды. Қыраттың үстіне шыққанда
немістер бомбаның

астына алды. Днепрдің сол
жағалауынан бір үлкен

командир, аты есімде жоқ,
"сен жеңіп алған пози-

цияңды сағат 12-ге дейін ұстап
тұр. Одан кейін біз

Днепрден өтіп үлгереміз, сендерге
көмекке келеміз.

Сен - партизан отрядының командирісің, жауаптысың",

- деп бұйрық берді. Содан соң
байланыс үзілді. Оны

жалғайтын телефонистері қаза тапты ма, кім білсін,

еш хабар жоқ. Сөйтіп, ендігі
қалған 20 шақты ғана

адаммен өлсек те позицияны
қалдырмауға бекіндік.

Үлкен бір қарағайдың түбіндегі
окопта менің отря-

дымның штаб бастығы Алексеенко
екеуіміз жатқанбыз.

Бір уақытта анадай жерден, әлі
есімде, фамилиясын

да ұмытқан жоқпын, Романенко деген
менің взвод

командирім бар еді, сол маған
қарай жүгіріп келеді.

"Әй, қайда барасың, жат.
Немістің танкілері келіп қал-

ды", - деп айқайлаймын. Ол
жатпайды. Жүгіріп менін,

қасыма келіп, құшақтап бетімнен
сүйеді, "Мен енді

қайтып сізбен көрісе алмаймын.
Әне, немістің танкілері

келе жатыр. Менің адамдарымның
көбі қырылды. Мен

енді Сізбен қош айтысуға келдім.
Егер тірі қалсаң,

ескерткіш болсын", - деп
маған бір алтын сағат ұсын-

ды. Соғыста жүріп ондай трофейный
затты алу -

жаман ырым. Өз басым солай
ойлайтынмын.

-        Неліктен
жаман ырым дейсіз?

-        Себебі,
алсаң - бірден оққа ұшасың. Өз тәжіри-

бемде талай көзім жетті бұған.

-        Сонымен,
Романенко не болды?

-        "Керегі
жоқ, сағатты алмаймын. Енді кері қайт", -

деп бұйырамын. Мен айқайлап
ұрысқаннан кейін Рома-

ненко амалсыздан кері қарай
жүгірген кезде немістің

бір танкисі оқ атып, әлгіні екіге
бөліп, көз алдымызда

ұшырып жіберді. Қоштасуға да
дәрмені келген жоқ.

Бізге қарай немістің танкілері
келе жатыр. Ауада

ұшақтың гуілі естіледі. Әр тұстан
бомбалар жарылуда.

Дүние астан-кестен. Келер сәтте не
болары белгісіз.

Атысудан басқа амал жоқ.

Шегінуге, бекінген позицияны
тастап кетуге бол-

майды. Бұйрық солай. Бір уақытта
қолымнан біреу

жұлқып тартты. Төмен қарай құлатып
жатыр. Окоп бо-

луы керек, түбіне құлатып жіберіп,
үстіме жата қалды.

Оның кім екенін көзім де көрген
жоқ. Менің қай жа-

ғымнан келіп, қолымнан тартқылап
жатқанын да бай-

қамадым. Сөйтсем, штаб бастығы
Алексеенко екен.

Анау түсіп келе жатқан бомбадан
сақтау үшін әдейі

құлатқан екен.

Сол арада жақын жерден бомба
жарылып бізді

топырақпен араластырып көміп
тастады. Арғы жағында

не болғанын білмеймін. Кейін
білдім, біздің Армияның

жауынгерлері Днепрден өтіп, біз
жатқан позицияны

басып өтеді. Армияда өліктерді
жинайтын командасы

болады екен. Олар жаралы жатқан,
кеудесінде жаны

барларды бір бөлек, өліктерді бір
бөлек жинайтын көрі-

неді. Біздің жанымыз бар, тірі
екенбіз. Әлгі штаб

бастығы екеуімізді сүйреп әкеліп,
жаралылардың қата-

рына қосады. Содан соң Днепрден
сол жағаға өткізіп

жіберіп, госпитальға салып емдей
бастапты. Ауыздан,

мұрыннан, құлақтан
- тесік жердің бәрінен қан аққан

ғой. Міне, осы контузияда менің
бір көзім кетті.

-        Қасеке,
кай көзіңіз?

-        Оң
көзім. Құлақтың жөнді естімеуі де сол есең-

гіреудің - контузияның салдары.
Содан кейін мен бір

көзбен қор боп жүрдім. Әйтеуір,
бір көзім көреді.

Осылайша соғысты жалғастыра
бердім. Одан кейін

партизандар қатарында үш жылдай
боп, сонау За-

карпатьеге дейін бардым, Құдайдың
басқа салғанына

көндім деп, бәріне де шыдайсың.

-        Қасеке, соғыс біткен соң елге оралдыңыз.

Көзіңіз нашар көретін болған соң
Украинадағы дәрігер

Филатовқа бардыңыз. Солай ма?

-        Сұрап
қоймадың ғой. Оны да айтайын. 1954 жы-

лы көзім көрмеуге айналды. Сосын
Алматыдағы жазу-

шы ағайындар ақылдасып, барар
жолыма ақша жинап

беріп, мені Одессадағы Филатовқа
жіберді емес пе.

- Қасеке, бұл
жағдайды кайталап сұрай

бергенім, мені осыған қатысты
адамдардың Сізге

жасаған қамқорлығы, мейірім шуағы қызықтырады.

-        Рас.
Адамның бір-біріне күні түспей тұрмайды.

Әркімнің де кісілігі осындайда
танылады. Украинада

ол кезде Сидор Артемьевич Ковпак
Жоғарғы Кеңес

Президиумы төрағасының орынбасары қызметін атқа-

ратын. Ол ақылды, дана шал еді. Соғыс
уақытында

партизан құрамасының атақты командирі болған кезі-

нен бері мен оны жақсы танитынмын.

Соғыстан кейін Киев қаласына
келген сайын, біз

қалыптасқан дағды бойынша, ең
алдымен Ковпакқа

барып сәлем беретінбіз. Ол да
өзінің қарауындағы

адамдарына "Кімде-кім
партизанмын деп мені іздеп

келсе, кабинетіме кезексіз
кіргізіңдер", - деп тап-

сырма береді екен.

Жоғарғы Кеңестің үйіне қалай
келдім, сол бетте-ақ

мені дедектетіп Ковпакқа алып
барды. Амандық сұрас-

қан соң мен Украинаға келу
себебімді айттым. Ол

құшақтап бетімнен сүйді. Мені
"Вася" деп жақсы кө-

ретін. Сол арада бірден Одессамен
байланыс жасап,

Филатовтың өзімен сөйлесті. Ол
кісі украинша сөй-

лейтін. Сөздерін естіп, түсініп
отырмын. "Маған келген

адам Украина жерін қорғаған
партизан еді. Аты -

Вася", - дейді. Мен сол
адамды саған жіберемін. Сен

қайтсең де оның көзін көретіндей
етіп, бар күшіңді

салып емдейсің", - дейді.
Сөйтіп, Ковпак жаныма бір

дәрігер қосып, Одессаға жіберді.

Одессада бір ай жатып, көзіме
операция жасатып

қайттым. Содан, әйтеуір, не керек,
сол көзімді

сақтап, оң көзімді емдеді.

Соның арқасында сол көзіммен жарты
ғасырдан

астам уақыт өмір сүрдім ғой. Бұған
да ризамын. Ең

алдымен ризашылығымды, рахметімді
Сидор Артемье-

вич Ковпакқа айтамын, академик
Филатовқа айтамын.

Екеуі де Украинаның көрнекті,
қасиеті мол адамдары

еді. Солар менің бүгінгі осы халге
жетуіме себеп бол-

ды. Енді әрі қарай қалай боларын
тағы да көре жа-

тармыз. Тағдыр пешенеге не жазды,
одан қашып

құтыла алмайды екенсің.

- Қасеке, басқа түссе төзім керек, барға

канағат керек дейді ғой. Біреудің
біреуге жасаған

жақсылығы
да қарыз емес, кісілік қасиеттен

туындайтын болар. Сіз "өмірде жолым болып келеді"

дейсіз. Бұл
сөзге дәлел ретінде "кайда жүрсем де

ылғи бір жақсы
адамдарға кездесіп отырдым"

дейсіз. Сол жақсы адамдардың бірі
деп Сәбеңді

яғни Сәбит
Мұқановты аузыңыздан тастамайсыз.

Ол кісіні қашан да жақсы атайсыз.
Сол жолы -

Филатовқа
көзіңізді емдетуге барарда "Сәбеңнің де

көмегі тиді" деп едіңіз.
"Алдымен Алматыдан

Мәскеуге барып, Сәбеңе
жолықтым" дедіңіз.

- Иә, иә. Мен енді Украинаға жол
жүргелі жатыр-

мын ғой. Бірақ қаражатым тапшы.
Партизанда өмірі

ақша болмаған ғой. Мысалы, төрт
жыл Украинада

партизан отрядының командирі
болғанда, мен бір тиын

да жалақы алып көрмеппін. Соған
үйреніп кеткенмін

ғой. Елге келгеннен кейін де мен
оңдырып жалақы

алған емеспін.

Көзім ауырып, жол жүретін болғанда
кедей екенімді

біліп осы Жұмағали
Саин, Тайыр Жароков екеуі маған

ақыл айтты. "Әй, Қасым, -
деді. - Сен ұялма. Сенде

тиын-тебен жоқ. Бізде де саған
көмектесе алатын

шама жоқ. Мәскеуде қонақ үйдің
мынадай нөмірінде

Сәбең жатыр. Сол Сәбеңе арнайы
барып, сәлем бер.

Жағдайыңды айт. Сол кісі саған
көмектеседі деп ой-

лаймыз. Өйткені ол - Сәбең ғой.
Әрі қарай өзің кө-

рерсің". Сол екеуінің
ақылымен мен бірден Сәбеңе

бардым. Сәбең өзінің бөлмесінде
отыр екен.

-        Қасеке,
бұл Мәскеуде болған кездесу ғой.

-        Иә,
иә. "Москва" қонақ үйінде. Қай нөмір, қай

қабатта тұрғанын қазір ұмытып
қалыппын. Сәлем беріп

едім, Сәбең жарықтық
"партизан" деп, құшақ жайып

қарсы алды. Оған "осылай да
осылай, бір көзім кетті,

осылай да осылай, қорлық көріп
тұрмын" деп, жасыр-

май жөнімді айттым. Сәбең сөзімді
бөлмей, бәрін

тыңдап отырды. Барлық жағдайымды
естіп-білді. He

айтсам да "дұрыс" дейді.
"Көзім көрмей қалды" де-

сем де "дұрыс" дейді.
"Дұрыс" деу өзінің әдеті бо-

лар, онысын мен кек алған жоқпын.

- Қасеке, оныңыз "дұрыс" болған. Сәбеңнің

"дұрыс"
деген және "бұл жерге кашан келдің"

деген үйреншікті сөздеріне
байланысты талай күлкілі,

зілсіз әңгімелер бар емес пе. Әлі
де есімізде.

-        Иә,
иә. Әңгімемді тыңдап болған соң Сәбең

үлкен қолымен көсіп алғандай етіп
бір уыс ақша бер-

ді."Міне, осы ақша сенің
жолыңа жетеді", - деді.

Шынында, Сәбеңнің ақшасы Украинаға
барып қайт-

қанда бар қажетімді өтеді, бәріне
де жетті. Тарық-

қан жоқпын. Одессада бір айдай
жатып, бір көз-

ден айырылып, енді елге қайтамын
ғой. Елге поез-

бен Мәскеу арқылы жүретінбіз.

Мәскеуге келген соң Сәбең бар ма
екен деп із-

деймін ғой. Сәбең сол жолы да сол
қонақ үйден, сол

нөмірден табылды. Ешқайда
қозғалмаған, күні кеше

ғана кездескен секілдіміз. Содан
бері жатты ма, жоқ

әлде елге барып қайтып келді ме,
ол арасын білмей-

мін, сұрамадым.

Әйтеуір, бір көзімді аман
сақтағанына бір жағы

қуанып, бір жағы сәлем беруді
өзіме үлкен парыз

санап, Мәскеуге келген бойда
Сәбеңмен кездестім.

Ол да
мені құшақтап, қуанып, хал-жағдайымды сұра-

ды. "Көзіме операция жасады.
Анау көзіңе әсері

болады деп жаман көзімді алып
тастады", - дедім.

Сәбең "дұрыс" дейді.
"Енді елге қайтып бара жатыр-

мын. Маған берген ақшаңыз бәріне
де жетті. Жазу-

шылар одағы да ақша жіберген еді.
Жұмағали Саин

мен Тайыр Жароковтың ұйымдастыруымен жазушы-

лардың жинап берген ақшасы ғой.
Соны өзіме пайда-

ланбадым. Сондағы дәрігерлердің
барлығына Филатов-

тың көмекшісі арқылы таратып беріп
кеттім" дедім.

Сәбең "Енді Алматыға қайтуға
ақшаң бар ма?" деді.

"Сіз бергеннен қалған ақшам
бар", - дедім. Сұрасам

тағы да ақша беретін түрі бар. Оны
сөз ыңғайынан

сездім. "Жарайды, ендеше
үйіңе аман-есен қайт", -

деді. Сонымен, мен Сәбеңмен
қоштасып, Алматыдан

бір-ақ шықтым.

- Қасеке, "Сәбеңді жақсы
көремін", - дейсіз.

Жалпы, ол кісінің ерекшелігі неде?

- Бізден бұрын ұлы жазушы
ағаларымыз болды

ғой. Үлкендері де болды. Содан
кейінгі біз көрген

көрнектілері - бәрі де болды ғой.
Әрине, кешегі

өткен жеті арысымызды - Ахмет Байтұрсыновты,

Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан, Сәкен,
Ілияс, Бейімбет

секілді ағаларымызды мен көре
алмадым. Оларды

жақсылап біле алмадым.

Ал одан кейінгілерді, Әуезовтан
бері қарай, ал-

дыңғы ағалардың бәрін де көрдім,
кітаптарын

оқыдым. Көбіне еріп те жүрдім.
Солардың барлық

адамгершілік болмыстарын таныдым.
Солардың ішінде

менің ерекше жақсы көретінім,
жоғары бағалайтын

адамым - кәдімгі Сәбит Мұқанов.
Менің "Барлығынан

жақсы еді-ау Сәбит аға" деген
өлеңім де бар. Мен

ақын емеспін. Сәбеңді жақсы
көргендіктен де өлең

шығардым. Әдетте, менің өлеңімнің
барлық көлемі бір

шумақтан аспайды.

Сәбеңді жақсы көретінім, мен оған
еріп, кейде

сапарлас боп бірге көп жүрдім. Ол
кісі маған қинал-

ғанда қол ұшын бергенін әлгінде
ғана айттым. Ауыр-

ған кезде, қиналған, тарыққан,
жалыққан кездерде

Сәбеңнің бір маған емес, талай
адамға көмегі тиді,

жақсылық жасады. Оны әркім де
айтады. Ол қолы

ашық,
адамгершілігі, қазақы қасиеті мол, ірі адам еді.

Мен оған еріп, оның туған еліне
екі-үш рет бардым.

-        Солтүстік
Қазақстан облысына, Қызылжарға ғой.

-        Иә.
Қызылжарда боп, аудан-ауданды араладық.

Ол кісідей еліне қадірлі
ақын-жазушы бар деп айту

қиын. Ол еліне аса қадірлі
болатын. Тіпті өзінің еліне

ғана емес, бүкіл қазақ халқына
қадірлі боп өткенін

өзің де білесің. Бүкіл ел біледі.

 Еліне барғанда бірдеңе жазу үшін біреулермен

сөйлесіп, материал жинайды. Әңгіме
айтудан, сөз

тыңдаудан жалықпайды. Уақыттың
тығыздығына,

тындырар жумысының көптігіне
қарамастан

адамдардың көңілін аулау үшін
солардың ыңғайына

бағынып, тілектерін орындайтын.
Елі бұны қонаққа

кезекке тұрып шақырады. Соның
бәрінде Сәбеңмен

бірге мен де боламын. Атқосшы
емес, сапарлас серігі

ретінде қайда барса да жанынан
қалмай еріп жүремін.

Ол да мені тәуір көрді. Менің оның
өзіне ұқсас жерім

болғандықтан да тәуір көрген шығар
деп бйлаймын.

Сәбең деген етжеңді, қарулы адам
ғой. Сәбең деген

бір өзі бір табақ етті жеп қоятын.
Мен де дене бітімі

жағынан, өзімнің мешкейлігімнен,
арақ ішуден ешкім-

нен кем түспейтінмін. Сәбеңе осы
жағым да ұнаса

керек. Мені көрген жерде "е,
партизан" деп, ең

алдымен құшақтайтын. Өмірінің
ақырына дейін мені

өзіне жақын көрді. Мен оны ылғи да
"маршал" дейтін-

мін. Оған ол күліп тұра қалып,
қатардағы жауынгер

сияқты қолымды шекеме апара, честь
бергеніме риза

боп қалатын еді.

Бүгіндері пәлен-түген "халық
жазушысы" деп айтып

жүрсіңдер ғой. Солардың ешқайсысын
мен "халық

жазушысы" деп есептемеймін.
Ол - Жарлықпен бе-

рілген жай бір атақ. Меніңше,
"халық" деген сөзді

әркімнің маңдайына пошта
маркасындай жапсыра

беруге болмайды. Халық деген - ең
ардақты, ең

асқақ сөз. Халық деген - кең ұғым. Осында біразын

халық жазушысы деп марапаттап
жүрсіндер. Солардың

көбінің халық жазушылығы жоқ.
Халық олардың көбін

білмейді. Халықты олар да біле
қоймайды. Солардың

көбі қазір үйлерінде жатыр.
Тәуелсіз елімізге үлес

қосу да олардың ойларында жоқ.
Өйткені бір өзі -

жазушы, бір өзі - халық. Одан басқа оған не керек.

Міне, мәселе қайда! Адамды бұзу
деген, бұзылу

деген осыдан басталады. Мен осыған
қарсымын.

Ал халық жазушысы, халықтың, адамы деп дәл осы

Сәбеңді айтуға болар еді. Бұл өзі
сонда ақталар еді,

халық алдында дұрыс бағаланар еді.

Тағы бір әңгіме, мысалы, үлкен
жазушылардың

отбасы бар, артында қалған ұрпағы бар. Өздері дү-

ниеден өткенмен, біразының
зайыптары бүгіндері

арамызда жүр. Солардың ешқайсысын
жаман деуге

болмас. Әркім өзінше өмір сүреді, өзінше бағаланады.

Бірақ сол үлкендердің артында
қалған өмірлік жары

ішінде алдымен ауызға алатынымыз
да - Сәбеңнің

жары - Мәриям апай. Сол Мәриям
бүгін тоқсан бір

жасқа толды. Бүгінге дейін көз
алдымызда, бәрімізге

мейіріммен, жылы ұшырай қарап,
амандық-саулығы-

мызды тілейді.

Сол Сәбең өмір бойы өзімен бірге
жүріп-тұрған

Мәриямды үлкен бәйбішелік дәрежеге
көтерді. Осы

жөнінен де мен Сәбеңнің аруағына
да ризамын.

Сондықтан да мен Сәбеңді жақсы
көремін, оны ылғи

да еске алып, ойлап жүремін.
"Қайран Сәбең" деп

сағынамын, ойша іздеймін, орнын
жоқтаймын. Сәбит

аға күні бүгінге дейін менің көз
алдымда тұрады.

Сәбеңе қатысты мен білетін
оқиғалар тіптен көп.

Оның қонақта отырып ет асатқаны
қаншалық қызық

еді. Осылайша Сәбеңнің қолынан
қаншама адам дәм

татты десеңші.

Сәбең қонақта
болғанда әдетте ет асататын. Ол

да бір үйреншікті әрі тек Сәбең ғана жасайтын жақсы

рәсім еді. Ет асатқанда Сәбеңнің
жалпақ алақанына

бір килодай ет сиятын.
Саусақтарымен еттің майлы-

сын, қаракесегін теріп алып,
араластырып, алақанын

толтырып, әріректеу отырған
біреуді "Әй, бері келші", -

деп, атын
атап, қасына шақырады. Келген адамды бір

қолымен желкесінен ұстап өзіне
қарай тартады, екінші

алақанындағы етпен аузыңды толтыра
асатқанда түн-

шыға жаздайсың. Былайғы жұрт
мәз-мәйрам боп,

Сәбеңнің осы қылығын қызықтап
отырады. Сәбең
осы-

лайша
жағалай ет асатып, үлкен табақтағы үйме еттен

ештеңе
қалдырмай тауысып береді. Қайран Сәбең,

бүгін
соның бәрінен көз жазып қалып отырмыз.

Осы
Сәбең, кешегі Жұмағали Саин, Тайыр Жаро-

ков, анау Шахмет Құсайынов кіршіксіз таза жандар

еді. Әрине, ұсақ-түйек
кемшіліктер әркімде де болады.

Кешегі Мұқан
Иманжановты да жақсы көретінмін. Ал

осылар кейде есіме түскенде
сағынып, көзіме жас та

аламын. Олардың аруағын ардақтап,
ешқашанда ұмыт-

паймын. Олардың ұрпақтары аттарына
кір келтірмей

жақсы боп өссе екен деп тілеймін.

- Қасеке, Сіздің өзіңіз де кітап
жаздыңыз,

партизан жазушы атандыңыз. Бұл - бір. Екіншіден,

Сіздің өзіңіз
туралы да аз жазылған жоқ. Өлең,

поэмалар, очерк, повестер жеке-жеке кітап боп

жарық көрді. Сіз туралы жазған
ақын-жазу-

шылардың саны да көп. О баста
кітап жазу ниеті-

мен өзіңізді үңіле зерттеп, жақын араласқан кімдер

еді?

- Маған үйір боп, табандылық
танытып, мен тура-

лы қазақша, орысша кітап жазған
Кемел Тоқаевтың

еңбегін жоғары бағалаймын. Онымен
таныстығым бы-

лайша басталған еді. Оған дейін,
шынымды айтайын,

Кемел Тоқаев деген жазушыны
білмейтінмін.

Мені Алматыдағы бір жоғары оқу
орны кездесуге

шақырды. Бардым. Президиумға
отырдым. Кездесу

басталып, бізді таныстырды. Мені,
баяғы құлақ үйрен-

ген сөзім - партизан деді.
Президиумда менімен бірге

шашы қара, көзі де қап-қара, әдемі
жігіт отырғанын

байқадым. Оны соғысқа қатысқан
жазушы Кемел

Тоқаев деп таныстырды. Мен сонда
оның есімін бір-

інші рет естідім. Сөзді ең алдымен
маған берді. Мен

баяғы партизан өмірімнен көсілтіп
әңгіме айта бастай-

мын ғой. Әңгімемді айтып, енді
былай қарасам, әлгі

жігіт кәдімгі стенографист секілді
менің сөзімді жазып

отыр екен. Мен тоқтасам, ол да
жазуын тоқтатады.

Бетіне қарасам, ол да маған қарап
жымиып күледі.

Сөйлесем, ол қайтадан сөзімді
жалғастырып жаза

бастайды. Жазуы ұсақ, анық екен. Менен кейін оған

да сөз беріліп, ол да өзінің
айтатынын айтты.

Міне, сол күннен бастап әлгі
әдемі, жас жігітім -

Кемел Тоқаев деген жазушы маған
жақындай бас-

тады. Артынан тіпті отбасымыз да
өзара араласып

кеттік. Тұраш
деген келінім бар екен. Оның да төрт

баласы бар, менің де төрт балам
бар. Менің "ГАЗ-69"

маркалы ескі машинам да бар.
Сөйтіп, біз біріге

бастадық. Содан кейін кейде тауға
шығамыз, көгалда

боламыз.

Сол бастапқы әдетімен өз үйіне
шақырса да, біздің

үйге келсе де менің айтқан
әңгімемді жаза береді.

Бір күні айтты: "Қасеке, мен
Сіз туралы кітап жаз-

ғалы жүрмін", - деді. Мен
"еркің білсін", - дедім.

Басқа не айтамын, не істесе де өзі
біледі. Осыны

бірде Жұмағали Саинға айтып,
"Кемел Тоқаев деген

жазушыны білесің бе?" - деп сұрадым. "Білемін, әске-

ри тақырыпқа жазады", - деді
ол. "Сол ендеше мен

туралы жазамын деп жүр".
"Е, жазсын. Сен жазсаң

өзіңше ой қорытасың. Ал ол сен
туралы өзінше жаза-

ды. Онда тұрған не бар", -
деді ол.

Бір күні Кемел кездесе қалды. Мен
Украинаға жүр-

гелі жатқанымды айтып едім, жат та
келіп маған жа-

быссын. "Қасеке, мен Сіз
туралы жазып жүрмін ғой.

Украинаға мені де өзіңізбен ерте
кетіңіз, Сіздің пар-

тизан достарыңызды көрейін,
солармен сөйлесейін.

Соғысқан жерлеріңізге барайын. Мен
қазір боспын", -

деп өтінді. Мен бірден келістім.
Екеуіміз, сонымен,

Украинаға бірге аттандық.

-        Қасеке,
бұл қай жылы болды?

-        Қай
жылы дейсің бе? Ұмытып қалыппын.

-        Жарайды,
әңгімеңізді айта беріңіз...

-        Содан
екеуіміз Украинаға келген бойда әдет

бойынша Ковпакқа амандасуға
бардық. Ол өзі екі

иығына екі кісі мінгендей төртбақ,
аласа бойлы бола-

тын. Саусақтары қысқа, жуан. Бас
деген қазандай,

кездескенде құшақтап,
бетіңнен сүйеді.

"Мына менімен бірге келген
кісі - жазушы, соғыста

болған, Украина жерін қорғаған,
аты - Кемел", - деп,

оны Ковпакқа таныстырдым. Кемел
дегенге Сидор

Артемьевичтің тілі келмеді.
"Кимал" деді. Кемел өзінің

атын бұзып айтқанға жымиып,
ризашылықпен қарап

көзін
қадап, күледі.

Ковпак
берген машинамен Кемел екеуіміз

Украинаны
аралап кеттік. Переяслав қаласында

менімен
бірге соғысқан бірталай партизандар тұра-

тын. Соларда болдық. Кемел дегенің
сондайлық

тынымсыз, еңбекқор адам екен.
Барған жерлерде

мен партизандардың горилкаларын ішіп, тамаққа

тойып аламын да ұйықтаймын. Ал
Кемел болса түн-

нің бір уағына дейін солармен
сөйлесіп, бірдеңе-

лерді жазып отырады. Содан, не
керек, Украина-

дағы менің достарыммен танысып,
жақсы біліп

алды.

Енді соғысқан жерлерге барып,
араладық. Баяғыда

Днепрдің арғы жағалауындағы Букрин
плацдармы

болған жерге келіп тоқтадык,.
Бізбен бірге жүрген

партизан достарым Кемелге:
"Біздің командиріміз Вася

осы жерде соғысқан, сонда осылай
да осылай бол-

ған", - деп түсіндіріп жатты.
Кемелдің лексиконында

"ғажап" деген сөз бар
болатын. Ол Днепрдің биік

жарында тұрып, жан-жаққа қарап,
"ғажап" деп басын

шайқайды. "Мына судан өту,
анау селоларды басып

алу, бомбаның астында қалса да,
алған позицияны

ұстап тұру - не деген ерлік. Қасеке, мен Сізге Батыр

атағын алып беремін", -
дейді. "Әй, Кемел, бекерге

жосыма. Геройлық атақ әперу сенің
қолыңда тұрған

жоқ. Маған тиесілі геройлық басқа
біреуге беріліп

қойған. Оның кеудесінен геройлық
жұлдызды

көргенмін. Содан тартып алып,
кеудеме тағып бересің

бе", - деп мен де әзілдеймін.
"Осындағы жұмыс-

тарыңды бітірсең, елге
қайтайық", - деймін.

Бәрін аралады, көрді, партизан
достарыммен

армансыз сөйлесті. Содан екеуіміз
аман-сау елге

оралдық. Кейін Кемел қазақша
"Ерекше тапсырма"

деген бір кітап, "Особое
поручение" деген орысша бір

кітап шығарды. Екеуі де, әне, кітап
сөресінде тұр.

Кейін бір барғанда бұл кітаптарды
украиндықтарға

апарып та бердім.

Бірер жылдан кейін әлдебір
себеппен Украинаға

тағы да барам ғой. Менің
достарымның бәрі де

жабыла Кемелді сұрады. Оны ұнатып
қалса керек,

"Heгe
тастап кеттің", - деді.

Біздің партизанда досыңнан
айырылып қалсаң, әдет

бойынша екі қолыңмен бетіңді
басасың. Мен оларға

екі қолыммен бетімді басып,
үндемедім. Кемелдің о

дүниеге аттанғанын олар түсінді.
Жүрегімді ауырт-

пайын деп, ол туралы ештеңе сұрамады. Міне, осы

жағдайды Алматыға келген соң
"Қазақ әдебиеті" газе-

тіне жаздым. Кемел украин достарын
екінші рет көре

алмағанына тебіреніс білдірдім.
"Қазақ әдебиетінде"

жарияланған осы естелігімді
Кемелдің жары Тұраш пен

баласы Қасымжомарт екеуі оқыса
керек. Тұраш сонда

егіліп жылапты, қатты риза
болыпты. Кемел Тоқаевпен

алғаш танысып, бір-бірімізбен
араласып жүргенде оның

ұлы - осы Қасымжомарт төрт-бес
жасар бала еді.

Ылғи "На щеке родинка"
деп, орысша ән салып оты-

рады. Біз оның тілін қызықтап,
қайта-қайта айтқыза-

тынбыз. Содан кейін мен осы
Қасымжомартты көрген

емеспін.

Жеңістің 55 жылдығына орай бізді -
соғыс арда-

герлерін Астанаға шақырды. Парадта
боп, кешкісін

банкетке қатысып, төрде
отырғанбыз. Сол арада

Қасымжомарт менің қасыма келді.
Бұл - менің оны

екінші рет көруім. "Аға,
Сізге әдейі сәлем берейін

деп келдім. Анам Сізге сәлем
айтты. "Қазақ әдебиеті"

газетінен әкем туралы
естелігіңізді оқып, қатты тол-

қыдық, анам жылады. Сізге
рахмет", - деді. Мен де:

"Қайда жүрсең де аман бол.
Ұрпағың өссін", - дедім.

Әкесі жақсы адам еді. Баласы
Қасымжомарт та өне-

гелі азамат боп өсіпті. Бұған да
қуанасың.

-        Қасеке,
байқаймын, жол жүретін тәріздісіз.

-        Иә,
иә, туған жерге барғалы отырмын. Мына

жасқа келгенде, қазір нашарлап
қалған кезім. Бұдан

кейін елге баруға жараймын ба, кім
білсін. Көліктің

ыңғайы келіп тұрған соң, не де болса елімді, туған

жерімді бір көріп қайтайын деп
ойладым да, жолға

шығуға бекіндім. Елде мына Асыл
апаңның Қадес

деген туған бауыры жетпіс жасқа
толды. Соған

барып, тойдың ырым-сырымын
жасаймыз ба деген

ойымыз бар. Оның үстіне "Атамұра" деген корпора-

ция Өскемен қаласында бір кітап
магазинін ашып,

соған менің атымды беріпті. Солар
"магазинді көріп

қайтыңыз" деген өтініш жасап
отыр. Бір жағы соған

да соғармын. Ал биыл Тарбағатай
ауданында Қабан-

бай батырдың 310 жылдық тойы
болады. Мүмкіндік

болса, құдай қаласа деп айтайын,
соған да қатысып

төбе көрсетсем бе деймін. Менің
бұл сапардағы

жоспарым осындай.

- Қасеке, елге аман-есен барып
қайтыңыз. Туған

жердің топырағын басып, бойыңызға
куат алыңыз.

Күш қосып, тынығып қайтыңыз. Сіз
бен біздің

әңгімеміз әлі аяқталған жоқ. Жалғасы болады деп

ойлаймын.