ВЕРНУТЬСЯ

Сұрасаң кеңес аралдан

Жетімек Сүйінқара батырдың баласы Көтібар да батыр болыпты. Бірде хан ауылында бұғауда жатқан жазықсыз жандарды бостауды талап етеді. Хан батыр айтқанын істеген. Бірақ қастандық ойлап, үзеңгісіне астыртын у жақтырып жібереді. Көтібар Жайық бойынан Үстірт, Маңғыстауға келе жатқанда Қараша көлінің тұсында дүние салады. Оның баласы Әмет те, немересі Жұмағазы да өз дәуірінің бай, берекелі, жомарт адамдары болыпты.

Қонақтарына айтқаны

Денсаулығына байланысты Каспий жағалауынан балық, мамыр үйрек аулау, жайлауға көшпейтін Аралбайдың көп жылғы дағдысы болған. Азын-аулақ малы тау арасынан еркін жайылып кетеді. Бірде қонақ келгенде қой союға реті келмей қалып, сонда айтыпты:Төрт түйе, қырық қойым бар,Өздеріңдей меймандыСыйлайын деген ойым бар.Табағым жеңіл көрінді,Ниетіме тойыңдар.

Жұпарға

Аяғында хамалдың,Бұзығында заманның,Қайықпенен жол жүріп,Ортасына біз түстікЖылой деген базардың.Жылойға келсек астық жоқ,Айтайын көрген залалды.Кең көшеде жатқанда,Бір күні Таңбай шақырды,Жігіттігін асырды.Көрейін деді ағасын,Білейін деді шамасын.Екінді мен ақшамда,Күн қызарып батқанда,Еңбектей басып АрекеңҮйін әрең тапқанда,Тап болды Құдай атқанға.Шыға келіп үйіненБір сары қатын ақырды.Келбетіне қарасам,Қысқа мойын, жар маңдай,Ажал десем нанғандай,Бойы мықыр, тар мықын,Бар даусымен бақырды.Екі ауру бір келсе,Ажалыңнынң келгені.Екі жыртық бір келсе,Абыройыңның кеткені.«Қабаншада қайын жоқ,

Жұмалы, көбестің келініне шығарып берген жоқтауы

Қонақ бір қонса, «қон» деген,«Қой семізін сой» деген.«Қой семіз емес, мен семіз,Ықыласқа той» деген.Ту биесін сойдырып,Тәрбиесін жұрттан асырған.Со секілді Әтекем,Бес бел топырақ жүзін жасырған.Белең-белең, белең ат,Белі бір қайқы күрең ат,Жібек бір арқан жошындым*Елдің бір кетті-ау шемінен,Әлеуметтің жөнінен.______________________*Жошындым – секілді, сияқты.

Баласы берекет мазарының басында айтқаны

Сөздің басы бір Алла,Әмірің ақ дүр сірәдан.Алласы кетіп аузынан,Әзәзіл-шайтан бұл азған.Күллі нәпсі ҚұраннанЗәиихәтіл мәуіттіңХадисін тұтқан бұл адам.Еңсесі кеткен жүйрікпінЕріксіз шауып бұланған.Қайғы толса қалыбыңа,Ұшқындап шығар зыбаннан*.Ашу – бөрі, ақыл – қой,Аралас бағып жүре алман._____________________________*Зыбаннан – көңілдің тереңінен.Көз – қарашы, көңіл – хан –Әмірін екі қыла алман.Шерлі жүрек, желді өкпе,Желпінбей шықпас құмардан.1904-жылындаТап болды бізге бір заман.Айтайын көпке тыңдаған:Атамыз Адам СафиданБаяны жоқ сұм заман.Жаралғалы жан болып,Үдірегелі сан болып,

Страницы