ВЕРНУТЬСЯ

Қонақ бір қонса, «қон» деген,«Қой семізін сой» деген.«Қой семіз емес, мен семіз,Ықыласқа той» деген.Ту биесін сойдырып,Тәрбиесін жұрттан асырған.Со секілді Әтекем,Бес бел топырақ жүзін жасырған.Белең-белең, белең ат,Белі бір қайқы күрең ат,Жібек бір арқан жошындым*Елдің бір кетті-ау шемінен,Әлеуметтің жөнінен.______________________*Жошындым – секілді, сияқты. Бұл жерде көрікті сияқты, әруақты деген мағынада.Әтекем біздің кеткесін,Тірілей бәсім кеміген.Біреудің несін бар дейін,Біреуі өлсе, кеміген.Әтекем көші айырылдыАғайын-тума, теңінен.Әтекемді жоқтамай,Қалай да көңіл басылсын?!Алдынан Алла жарылқап,Сегіз жұмақ ашылсын.