ВЕРНУТЬСЯ

Құрекеш деген ауыл арасының ақыны бірде Аралбайға келіп,өз руын, аталарын мақтап, былай дейді:Олжашы деген мас ауыл,Жігіттері жас ауыл.Тоғыз тақта ШылымдаӨтекеңнің тасы ауыр.Аралбай сонда былай депті:Айрақты, Татан – екі тау,Қияқты, Сасық – екі су,Қияқты салдың бір мешіт,Сасык бір салдың құр мешіт,Жылу жинап салғаның.Салған ғұрлы көп болдыҰрыс-керіс жанжалың.Өтеген, Баспай – аржағың,Маясұр, Шелей – бержағың.Данабай тентек дегенгеЖарымдығың нанғаның.Иесі жоқ болса, құр мешітНеге керек салдырып,Ақсақ қатын, соқыр қызБір мешітке қалдырып?!Тамшы ағып тесілгенТөбесі толы саңғырық.Келініңмен сыйыспай,Тағы айрылдың балаңнан,Ағайын қашты қараңнан.Сәлделерін шұбатып,Молдалар безді азаннан.Молдасы кетті мал қуып,Сұпысы кетті жын қуып.Алпыс теңге, бурыл атПайдаңызға жаралған.Топырыш құнан, төрт койдыңЕті піспей шықты казаннан,Жұмысшың аш жаланған.Есжан ұста, СалықбайНаразылық білдіріп,Безіп кетті араңнан.Осыдан кейін дүйім жұртТүк-түк болған бетіңеЖиреніп жүр қараудан.Құрекеш бұған жауап қайтара алмапты.