ВЕРНУТЬСЯ

      ДастанIҚолыма қалам алып, хат жазғанмын,Жан барда құрбы көңілін атқарғанмын.Заманның езгі, жауыз түрін көріп,Абайлап ақылменен басқарғанмын.Жігітке кәрілік, жарлылық қабат келсе,Аяма, қолдан келсе, тапқандарын?!Адайда бес жүйріктің бірі болып,Алқаға түскен жерде мақталғанмын.Асығыс аузы жеңіл деп айтар деп,Өлеңді көп айтуға сақтанғанмын.Кердері Әбубәкір жыршыға ұқсап,Әр жерге айтып сөзді шашпағанмын.Артында біразырақ сөзі калғанҚаратаз Қашқынбайдай Жастабанның.Алдымда Абыл менен Нұрым болды,Қашаған, Ақтан менен бұрын болды.Олардай сөзге шешен болмасам да,Дүлдүлдей дүсірлетіп дуды көрсем,Айқай сап, арқа қозса, ақтарғанмын.Сыртым су, бауырым балшық осы күнде,Дариядай қайта тасып тап салғанмын.Елудің алтауына жас келген соң,Баста ми енді білдім шақ қалғанын.Айрылып бай ақылдан, жиған малдан,Адасты ақылынан шаруаларым.Артыма үш жыл қарап жалтақтадым,Айтар деп оқиғаны жас балдардан.Жас балдар оқиғаны айтпаған сон,Азырақ тыңдасаңыз, жобалдадым.                     IIҚұрметті сәлем жазайынМаңқыстау ояз, Фортқа*.Мекемеде отырғанСудья менен болысқа.Кебеже қарын, кең ойлыБасында миы толыққа.Тағы да сәлем айтайынОтырған бай мен мырзағаТабаны аумай қоныста.Жақсыларды көрер күн бар маХал-ахуал сұрасып,Бір мәжілісте болып та.Жамандар ақыл таба алмас,Жүрегі шошып қорықса.___________________________*Форт-Александровск – қазіргі Форт-Щевченко.Өзіңді жауда қалдырар,Жабымен алыс жорытпа.Ақылыңнан тандырар,Сөйлесең, басың қаңғырар,Ақылы жоқ жаманменАқыл салып жолықпа.Міндет қылма ұрыға,Қаларсың бір күн борышқа.Атасы болса жүлделі,Ұяда көрсе үлгіні,Азамат ерден торықпа.Бұл сөзімді елесең,Адасып айттың демесең,Келмес пе екен дұрысқа.Жеделдес өскен халық едім,Айыра сәлем айтайын,Мұңал* менен Тобышқа**.Екінші сәлем жазайынҚұнанорыс***, Ақпанға****Қолынан дәмін татқанға.Кешегі баста бақ барда,Бай бар еді тасқандай,Мырзам бар еді ақпарлы-ай.Билерім де бар едіОйласа, ақыл тапқандай.__________________________*Мұңал – ру аты.**Тобыш – ру аты.***Құнанорыс – ру, ел аты.****Ақпан – ру, ел аты.Ерлерім ердей қасарып,Шабаным жүйрік атанып,Шалғайым берікке теңеліп,Әлбет болып өсіп ек,Бедені* артық жасалып.Сулас болған отырып,Өрісте малы қосылып,Қыз-жігітім сырласыпСөзбенен көңіл ашқанға-ай.Алланың ісін кім білсінАлдында тұрған сақтаулы-ай.Алладан әмір болған соң.________________________*Бедені – келбеті, пішіні.Әркімдер тозып жөнелді,Дән іздеп терген тауыққаМизан күні тары шашқандай.Айрылды егіз-парынан,Салтанат түрі таусылдыБолғансын заман тарылған.Және де сәлем жазайынЖеменей* менен Балықшы**,Қыс – Маңқыстау, жаз – Арқа,Қатар көшкен халыққа-ай,Құдандалы танысқа-ай.________________________ *Жеменей – ру аты.                    **Балықшы – ру аты.Бұл сөзімнен түсінерМилы кісі парықты-ай.Тар заманға тап болып,Көңілім қатты жабықты-ай.Қайыры болып ақыры,Көрер ме халық жарықты-ай?Маңқыстаудың үш түбек,Айналып жатқан бұрышынан,Атаның коныс, жұртынан.Адастырып бір тұман,Қонысым қиғаш ауысты-ай.Абыл, Нұрым кеткен соң.Басыма жұмыс жеткен соң,Білмедім тура бағытты-ай.Жақсыны кайта көрмен деп,Балаларға пормы бермен деп,Болып жүрмін қауыпты-ай.Шамалы жерге шапқыр деп,Халық тастаған екен шағып та-ай.Жас елуге келген соң.Күніне елу пәле жабысты-ай.Аз ақылдан айрылып,Аралың қайрат тауысты-ай.Есім кетіп еңіреймін,Жүрген соң қиғаш, алыста-ай.Ақылы түзу әлеумет,Бұйыра көрме айыпқа-ай.Кешіре көрің, жақсылар,Сөз басы ұмыт қалыптыӘуелі айтпай ағасын –Келімберді, Құдайке, –Адайдың екі баласын.Ағасы жүрсе алдында,Жел жағының панасы,Ық жағының қаласы.Інісі жүрсе ізінде,Болмай ма кұйрық, қанаты,Ежелден жақын арасы,Арама шайтан кіре алмай,Алыстағы дүшпанға,Алынған жоқ-ты шамасы.Алты арыс Қосай болғанда-ай,Айтсам, аузым толғандай,Байқасам, айлақ ордаңды-ай,Жыртылмаған жағасы.Үзілмеген шынжырыАуыл едің үлгілі,Абырой менен ерліккеБар еді кімнің таласы?!Артық кімдер бар едіЕртеде өткен ЕсеттенҚасиетін көрсеткен –Атақозы мергенненАқ сүңгісін өңгерген,Аламанға жел берген,Азын көпке теңгерген,Адырнасы ақырған,Қол оғы нардай бақырған?!Ортадан шыққан жүйрігіңҚашаған менен Нұрымың –Сайрап тұрған бұлбұлың.Бұларды байқап карасам,Ақылдың қорған қаласы,Сейтімбет пен Қылышты,Бәрін айтсам дұрыс-ты.Қалдыра алман ешбірін,Ежелден жақын ауылымсың,Айбарлы, асқар тауымсың.Бұралқы, нашар күн көрген,Арзанға қымбат пұл бергенСенің көлеңкең – көптің саясы.Екеуіңіз қатар жүргенде,Маңғыстаудың үш түбекШаңдатып едің арасын.Топтап айдап барасың,Базарлы күні толтырдыңҚарақамыс, Орынбор,Тұзтөбе, Көкжар қаласын.Бәйтерек едік жапандаБұтағы бұлт шалатын.Дария едік шалқығанШөлдеген жандар қанатын.Әлімұлы, Байұлы,Тама, Табын – ЖетіруӨткен қоян жұтындаНар жетелеп, қой айдап,Тұқым алған алашым.Бір келмеді алдыма,Жұттың жылы тап болып,Тартты-ау халқым сазасын.Әлі де болса үміт көп,Үзіле қойды деймісіңКөк Еділдің сағасы.Уәйім қылып айтамынОсы күні халқымныңОртайғансын шарасы.Алланың берген күніндеБұл алашым құтырды.Өткен қоян жұтындаТоқалдықка қыз беріп,Көп бейнеттен құтылды.Сексендегі шалым қыз алып,Қыз алғанға қуанып,Жүз мәнет, жүз қой, он қараҮлгі қылдық бір пара."Қара беру қиын" деп,Ақша берді "тиын" деп,Тиынды көрді бұйым деп.Әлдеқандай әркімдерӨзінің болған тұсында-ай.Алым көрген көп екенОқ жаныған сыртымда-ай."Бір қараға қыз бер" деп,Қанатын жайып ұмтылды-ай,Білместен мінез-құлқымды-ай,Арзандатты ырқымды-ай,Еңсемді түйді шұңқырға-ай.Қорлықты мұндай есітіп,Батырларым шырпынды-ай.Қайта қағаз жаздырды:"Адамсың, – деп, – пікірлі-ай.Неліктен бұлай ұшынды-ай?!Бастан-аяқ айт, – деді, –Заманнан көрген қысымды-ай".                    IIIШешенің жатып толғаған,Іштегі шерін қозғаған.Асылы пенде болған соң,Алды-артын қалай болжаған?!" Иттің жылы" тап болып,Төгілді талай толған жан,Әркімнен кетті қолдан мал.Мына шеті Хорезм,Мына шеті Шағадам,Маңғыстаудың үш түбек,Теңізден бергі жағадан,Орғыл құмнан, саладан,Пайда ете алмай панадан.Қазақ пен түрікмен шулады.Мұны көрген адамның,Жүрегі шошып тулады.Басын шалған бір мал жоқБұйырғын, жусан, бұтаны.Алалы жылқы, ақтылы қойЖарым айда жұтады.Әдірә қалды боз дала.Құлазып қалды сай-сала.Жылады аштан жас бала.Сөйтіп болды масқара.Өлерге көзі жеткен соң,Жұрт шұбырып қозғалған.Жылай-жылай біз кеттікАйрылып қоныс, ордамнан.Жұттың жылы тап болып.Байрамалы, ТәженгеБірқатар жігіт жалданып,Көп болды жандар боздаған.Сары ала жасау салқын үй,Талайы жұртқа көмілген,Толғандар толқып төгілген.Ауырлар апшып жеңілген.Қымбаттар бәстен кеміген,Азығын жаяу арқалап,Көрмеген азап шегілген.Сары ала түйме салпылдап.Омырауда жарқылдап,Жиынға түскен аршындапБәйбіше болған кемпірлер,Жүре алмай, аштан бүгілген.Үстіне жәннат жамылған,Жүрегі оттай қабынған,Өңіржиек, шашбауынБес жүз сомнан соқтыртып,Салтанатқа тағынған,Мырзалардың қатыны,Шашылып жаман ақылы,Буыны босап егілген.Даусы әдемі қобыздай,Асы тәтті қымыздай,Мойны алманың сабындай,Тамағында бұғағыАқбөкеннің таңындай.Сәнденіп шашын тараған,Бектер мінген бедеудейБауырынан жараған,Бабы түскен сұңқардайАударып көзін қараған,Атлас, жібек, түймеденЕтіне басқа нәрсе тимегенБайдың ару қыздарыТабанын жерге баса алмай,Көзінің жасы төгілген.Алты қанат ақ ордаЖұртта қалды тігілген.Қатын-бала, кемпір-шалЖаужұмыр қазып, жуа жеп,Жайылған малша жүгірген."Ит" деген жылдың зарпынанБіздің Адай бүлінген.Бүлінгеннің хабарыТалай жерге білінген.Сақыра қазақ атанып,Ел едік байтақ жаралған.Біз келгелі бұл жергеЕкі жүздей жыл болған.Мына бір заман тарылған,Адайдан дәулет арылған.Байлар да қайтты бағынан,Мырзалар баққан малынан,Жая тұрып, жал жеген,Секер шайнап, бал жеген,Кереуетте отырып,Киімін кірсіз сәндеген,Самаурыннан шай ішіп,Сақалын сипап пәмдегенКербездер жаннан баз кештіОтырып күйме бағлаған.Ақсақал мен қарыңнанБерекет дұға қалынған.Қасиет кетті дінімнен,Медресе, мешіт бұ қалды"'Құдай үйі" деп салынған.Ауыл деп келсең бір үйге,Ит болмаса үруге,Қара жоқ маңда жайылған.Ағарған жүзін көрмедік,Болмады бір мал сауылған.Қатықсыз көже, қара шай,Бүкіржік дерті табылған.Біреулер жатыр белім деп,Біреулер жатыр тізем деп,Ауру көп болды сауынан.Аяғы саулар шұбырды,Қалалы жұрт деп калыңға.Ишан, сұпы, тақуамБұйрықсыз жолдан сақынған,Шүбәлі нәрсе дегенненБолмады лаж қашуға.Байларым қайыр көрмедіТаңдаған бұйым асылдан.Бес жүз сомнан соқтырған,Көргенде көзді хош қылғанСары ала деңмент, қылыш бауКем бағаға сатылған.Уакыт болып осындай,Айрылдық алыс-жақыннан.Ғаламаты заманныңАдастырды ақылдан.Ауған аймақ еліне,Балжуан, Күләп жерінеБарғандар тоқтап басылған.Абайласаң, азамат,Назар салсаң, жамағат,Кешегі бір күндерде,Байдан кетті қанағат,Биден кетті ғаделет,Қара дауға ант беріп,Мырзалардың, япырмай,Кеудесінде жоқ едіСол күндерде аманат.Судыға* тастан үй салып,Қисапты малға қарамай,Малдан зекет алушы ед,Елден келіп аралап.Асастық** пен өсектенХалық аузын бақпақ тазалап.Адамның ниет-кұлқынанБәле өсіп еді балалап._________________________*Судыға-ссуда – қарызға.                   **Асастық – паңдық.Мүсәпір менен жетімдер,Еңіреген мұңлық жесірлерАрыз қылса жағалап,Тұтарға нәрсе таппадыБір шәй ішім паналап.Қатын кетті тигенмен,Жігіт көрсе саралап.Қорқушы едім ішімненАқылменен шамалап,Айтпаймын мұны табалап.Ғаламат заман тап болды,Халыққа келген бір халді,Етейін енді тәмәм-ақ.1910 жыл