ВЕРНУТЬСЯ

Аралбайдың термесі – "Жыр-дария" (Ақтау, 1995) жинағынан. Құрастырған Жетібай Жылқышыұлы. Кімнен жазылганы көрсетілмеген.Сұрасаң кеңес Аралдан – бұ да содан.Қонақтарына айтқаны – Ғылыми кітапхана қорынан, 405-бума, 6-тігін, 17-б. 1947 ж. Гурьев экспедициясы кезінде жиналған. Алғаш жариялануы.Бұл өленде, Қ.Шәмкелова берген қосымша мәліметке қарағанда, Аралбай жазда жұрт жайлауға көшкенде, балық, мамыр үйрек аулап теңіз жағасында отыра береді. Алысқа, ұзап көшуге денсаулығы көтермейді. Малдары тау арасында жайылып жүре береді. Қонақ келгенде алып келуге Аралбайдың жағдайы келе бермейді, қолда бар тағамымен риза етеді. Бұл сондай ретте айтқан өлеңі.Жұпарға – Атырау, Маңғыстау елдерінің ең жақын базары Каңбақты (Жылой) кенті болған. Бұл өлең сол Қаңбақтыны мекен еткен Таңбай дегеннің әйелі Жұпардың әдепсіздігіне орай айтылған.Өлеңді жинақты құрастырушыға жолдаған (14.10.1968) жылойлық журналист Қонаш Қалдоразов. Алғаш жариялануы.Жұмалы, Көбестің келініне шығарып берген жоқтауы – жинақты құрастырушы Маңғыстау облысының Үштаған ауылында 1964 жылы 27 қыркүйекте Қибат Шәмкелова айтуынан жазып алған. Алғаш жариялануы.Баласы Берекет мазарының басында айтқаны – толғау текстін жинақты құрастырушы 1964 жылы жылойлық журналист Кемелхан Ыбыраев айтуынан жазып алып, "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (1967), "Ақберен" (1972), "Қазақ поэзиясының антологиясы (1993) жинақтарында жариялаған. Бір жазбасы "Жыр-дария" жинағында, үзінділері алғаш рет "Әдебиет майданы" журналында (1935, N6) жарық көрді.Ғылыми кітапхана қорында бірнеше жазбасы бар: 1) 1947 ж, Гурьев экспедициясы жинаған тексті – 405-бума, 6-дәптер, 1 – 8-6.; 2) 1946 ж. Күнтуғанов Темірғали тапсырған тексті – 405-бума,3-тігін, 1 – 6-6.;3) 1946 ж. Құмар Жүсіпов айтуынан Р.Малабаев жазып алып тапсырған тексті – 405-бума, 2-тігін, 1-6 б.; 4) 405-бума, 1-тігін, 5 – 10-беттегі тексті.Әдебиет институты қорындағы жазбалар: 1) 390-бума, 1-дәптер. Жинаған Ф. Ғатауов, 1957 ж.; 2) 390-бума, 2-дәптер. 1957 ж. айтқан Ә. Жомартов; 3) 390-бума, 3-дәптер. 1961 ж. жиналған; 4) 390-бума, 3-дәптер, 22 – 33-беттер. Айтушы Шопанов Кенжеғали. Тапсырған Жұмағанбетов Үмбет.Бұл басылымда аталған жазбалар және біздің қолымыздағы К.Ыбыраев, халық ақыны Сәду Қайырлапов айтуынан жазылған текстері түгелдей салыстырылып, бұрын жинақтарда жарияланып жүрген К.Ыбыраев нұсқасынан уақыт ыңғайына орай қысқартылған не өзгеріске ұшыраған, яки түсіп қалған жолдар мен сөздер һәм өлең шумақтары қалпына келтірілді.Баласы Берекет өлгенде келіні Меңешке шығарып берген жоқтауы жинақты құрастырушы 1964 жылы маңғыстаулық Қибат Шәмкелова айтуынан жазып алып. "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (1967), "Ақберен" (1972), "Қазақ поэзиясының антологиясы" (1993) жинақтарында жариялаған. "Жыр-дария" (1995) топтамасында да жарық көрді.Келіні Меңешке айтқаны жинақты құрастырушы 1965 жылы Атырау қаласы "Паровоз депосы" ауылында тұратын жыршы Тәжмұхан Үттібаев айтуынан жазып алған. "Ақберен" (1972), "Қазақ поэзиясының антологиясы" (1993). "Жыр-дария" (1995) жинақтарында жарияланған.Бұл толғаудың Ғылыми кітапхана қорында бірнеше жазбасы сақтаулы: 1) Аралбайдың келініне айтқаны – 426 бума, 8-тігін, 47-50-6. 1941 жылы тапсырған З.Бекарыстанов; 2) 405-бума, 3,4-дәптер.Әдебиет институты қорындағы жазбалары: 1) Келінін жұбатуы – 390-бума, 2-дәптер, Ә.Жомартов айтқан. 1957 жылы жиналған; 2) Келініне айтқаны – 390-бума, 1961 жылы К.Ыбыраев жолдаған.Қашағанға мұңын шағуы, Қашағанның Аралбайды жұбатуы – бұл толғауларды осы жинақты құрастырушы 1964 жылы жылойлық жыршы, Аралбайдың Айрақты мекенінде көп жыл жолдас болған қосшы баласы Мұса Өтесінов айтуынан жазып алған. Осы толғаулар "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (1967), "Ақберен" (1972), "XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы" (1985), "Алқаласа әлеумет" (1991), "Топан" (1991), "Жыр-дария" (1995) жинақтарында жарияланған. Ел аузынан жиналған үзіндісі алғаш "Әдебиет майданы" (1935, N6) журналында жарық көрген.Ғылыми кітапхана қорында бірнеше жазбасы сақталған; 1) Аралбай мен Қашаған – 426-бума, тапсырған З.Бекарыстанов; Қашағанның Аралбайға айтқаны – 398 бума, 420-б,44-жол; 3) 1946 жылы Кұмар Жүсіпов айтуынан Малабаев жазып алып тапсырған тексті – 398-бума, 60 – 62-б.; 4) 1946 жылы X. Әжікеев тапсырған тексті – 398-бума, 54-57 б.; 5) Н. Қонысов тапсырған тексті – 405-бума, 2-дәптер, 11-б. 43-жол; 6) 1961 жылы К.Ыбыраев жолдаған тексті – 390-бума; 7) Аралбай мен Қашаған – 405-бума, 6-дәптер; 8) 1947 жылы Гурьев экспедициясы жинаған тексті – 401-бума, 1-дәптер.Әдебиет және өнер институты қолжазба қорында бірқатар жазбалары бар: 1) Сарымсақов Мұхамбетқали тапсырған тексті – 191-бума, 13-тігін, 126 – 136-б.; 2) 1957 жылы Фарид Ғатауов тапсырған жазба – 38-бума, 5-дәптер; 3) Құмар Жүсіпов тапсырған жазба – 387-бума, 2-дәптер; 4) 1963 жылы Мұрат Өскенбаев тапсырған тексті – 359-бума, 1 - 4-б.Аталған жазбалар түгелдей салыстырылып, тексерілді, бұрынғы басылымдарда қысқарған, яки бірді-екілі түсіп қалған сөздер мен шумақтар қайта қосылып, қалпына келтірілді.Аталған жазбалардың мазмұны бірдей болғанмен, көлемдері әртүрлі, өлең жолдары әрқайсысында әртүрлі орналасқан, сөздерінде де өзгешеліктер бар.Осы жинаққа еніп отырған Мұса Өтесінов нұсқасын неғұрлым жүйелі, неғүрлым сенімді санадық. Бұрынғы басылымдарда заман, уақыт ыңғайына орай қысқартылған және өзгеріске ұшыраған өлең жолдары мен сөздері қалпына келтірілді.Аралбай мен Құрекеш –  шағын айтыс, сөз қағысы. Қоныстас отырған Құрекештің өктем, менмен мінезіне орай айтылған. Алғашқы нұсқасын осы жинақты құрастырушы 1964 жылы Қибат Шәмкелова айтуынан жазып алып," Ақын, жыраулар" аталатын кітабында жариялаған еді. Кейін "Жыр-дарияда" (1995) жарық көрді.Бұл жолы маңғыстаулық журналист Әбілқайыр Спанов жолдаған (1995) нұсқасы бойынша толықтырып жариялап отырмыз. Ә.Спанов осы сөз қағысын 1968 жылы Баламбай Көбейсінов қарттың айтуынан жазған.Жұт жылы – Аралбайдың 1910 жылғы "Жұт-Ит" аталған табиғат сұрапылы кезіндегі Атырау, Маңғыстау елдері халін суреттеуге арналған дастаны. Осы жинақгы құрастырушы "Шешенің жатып толғанған" деп басталатын бір бөлімін жылойлық журналист Кемелхан Ыбыраев айтуынан 1964 жылы жазып алып, "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (1967) хрестоматиясында, толық текстін 1964 жылы маңғыстаулық Қибат Шәмкелова айтуынан жазып алып, "Ақберен" (1972), "Қазақ поэзиясының антологиясы" (1993) жинақтарында жариялаған.Заман, уақыт талабына орай аталған жинақтарда қысқартылған, өзгерген сөздер мен шумақтар бұл басылымда қалпына келтірілді. "Жыр-дария" (1995) жинағында бір нұсқасы жарық көрді.Ғылыми кітапхана қорында бірнеше жазбасы бар: 1) 405-бума, 2-тігін, 1940 жылы Н.Қонысов тапсырған; 2) 405-бума, 6-тігін, 16-б., 3) 405-бума, 6-тігін, 9 – 15-б. 1947 жылы Гурьев экспедициясы кезінде жиналған; 4) 426-бума, 6-дәптер, 37-46-б. Бекарыстанов Зердебай тапсырған. Айтушы Қожабаев Ақыш. 166-жол.М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында да бірқатар жазбалары сақтаулы (390-бума, 1-дәпгер, 1 – 16-б.; 390-бума, 3-дәптер, 17 - 20-б.).Аталған жазбалар мен нұсқалардың бәрін біздің қолымыздағы К.Ыбыраев, Қ.Шәмкелова текстерімен салыстыра тексеріп, жинақка Қ.Шәмкелова текстін беруді жөн деп ойладық. Себебі дастан құрылысы да, сөз орамдары да келістісі ақынмен қоныстас отырып, жастайынан жаттап үйреніп, жадында сақтаған Шәмкелова нұсқасы. Бұл ең негізгі, ең сенімді нұсқа саналды.(Ғалым Қ.Сыдиықұлының «Таңдамалылар» (Алматы, «Нұрлы Әлем» баспасы, 2007) жинағының «Ақберен» атты үшінші томынан).