ВЕРНУТЬСЯ

Аяғында хамалдың,Бұзығында заманның,Қайықпенен жол жүріп,Ортасына біз түстікЖылой деген базардың.Жылойға келсек астық жоқ,Айтайын көрген залалды.Кең көшеде жатқанда,Бір күні Таңбай шақырды,Жігіттігін асырды.Көрейін деді ағасын,Білейін деді шамасын.Екінді мен ақшамда,Күн қызарып батқанда,Еңбектей басып АрекеңҮйін әрең тапқанда,Тап болды Құдай атқанға.Шыға келіп үйіненБір сары қатын ақырды.Келбетіне қарасам,Қысқа мойын, жар маңдай,Ажал десем нанғандай,Бойы мықыр, тар мықын,Бар даусымен бақырды.Екі ауру бір келсе,Ажалыңнынң келгені.Екі жыртық бір келсе,Абыройыңның кеткені.«Қабаншада қайын жоқ,Мегежінде төркін жоқ»,Төркінің қара қасқа едіКісілік келмес теп-тегін.Бұ да болса өзіңніңЫрысыңды тепкенің.Ала қаншықтай арп етіп,Есімнен кетпес сүйткенің.Мен – «Жайықтың қарғасы»,*Жай ғана кетер деп пе едің?!                          ____________________________                   *«Жайықтың қарғасы – Жайыққа, Еділ қарғасы – Еділге» деген халық сөзінен алынған. «Елге айта, әшкерелей жүремін» деген мағынада.