ВЕРНУТЬСЯ

Сөздің басы бір Алла,Әмірің ақ дүр сірәдан.Алласы кетіп аузынан,Әзәзіл-шайтан бұл азған.Күллі нәпсі ҚұраннанЗәиихәтіл мәуіттіңХадисін тұтқан бұл адам.Еңсесі кеткен жүйрікпінЕріксіз шауып бұланған.Қайғы толса қалыбыңа,Ұшқындап шығар зыбаннан*.Ашу – бөрі, ақыл – қой,Аралас бағып жүре алман._____________________________*Зыбаннан – көңілдің тереңінен.Көз – қарашы, көңіл – хан –Әмірін екі қыла алман.Шерлі жүрек, желді өкпе,Желпінбей шықпас құмардан.1904-жылындаТап болды бізге бір заман.Айтайын көпке тыңдаған:Атамыз Адам СафиданБаяны жоқ сұм заман.Жаралғалы жан болып,Үдірегелі сан болып,Көгергелі дән болыпКімдер кетіп, кім қалған?!Дәуіттің ұлы СүлейменОн сегіз мың ғаламдыПатша болып құлданған.Жиырма тоғыз жасындаМүкаррам дүние тұл қалған.Құдай деп сүйген құлдардан,Ардақтап сүйген ұлдарданБай менен батыр, мырзадан,Ойласаң, бар ма тұрған жан?!Өлмей қалмас туған жан,Ғұмырың озбас сынғаннан.Пенделіктің әсеріКөңілім көшіп қиналған.Базарында дүнияныңКімдердің тауы шағылып,Кімдердің сағы сынбаған?!Жапырағы ұшса, жасарғанБәйтерек солып қураған.Анасы өлсе жігіттің,Суалып көлі кұрғаған.Ағасы өлсе жігіттің,Ақылынан адасып,Әңгімесі кетер кұралған.Інісі өлсе жігіттің,Базары тарқап маусымды,Басылып көңілі тынбаған.Баласы өлсе жігіттің,Жез қанаты қайырылып,Талабынан шырмалған.Көтеру үшін көңілді,Баласының басында,Мазарының қасындаАралбай тұрып жылаған.Жылады деп сөкпе, жұрт,  Мен – ботасы өлген боз маяТұлыбына келіп ыңыранған.Жатырмысың аман-сау,Тілеп алған шырағым,Бабы түссе – қу алған,Көрсе  – көңілім қуанған,Бауыры тарлан қыранмын,Басыма қиын іс түссе,Қайыспай тартар бұланым.Бұланым деп келсем де,Орныңнан жоқ-ты тұрарың.Қатын-бала, ата-ана,Жағдайын жоқ-ты сұрағын.Қасымда да болмадыАғайын-тума – ұраным.Ағайын-тума неғылсын,Тура құрық келгенсін,Адасқан жауап бұларым.Дүниеге өзің келгенде,Болып еді мұрадым.Біз мұраттан айырылып,Тарқады қолдан құралым.Алтын туым жығылып,Асқар тауым құлады.Біздерге түскен секілдіАшылмас күннің тұманы.Әзіреті Адам-СалоллаБаласынан айырылып,Әміріне Хақтың шыдады.Айрылған әркім баладанБұйрығымен Құданың.Солардан қалған бұл пәни,Етерге бар ма лажың?!Алладан бұйрық болған күн,Өлшеулі ғұмыр біткенсін,Несіне арман қылайын.Қайғырғанмен пайда жоқ,Артында қалып оқығанСауабы тигей дұғаның.Пенделіктің күшіменКөңілім көшіп қайғырып,Көзімнің жасын бұладым.Жылады деп сөкпе, жұрт,Ерік кеткен бастан уағым.Мен – ботасы өлген боз маяТұлыбына келіп ыңыранған,Иіскесем, қанар кұмарым.Жатырмысың, перзентім,Көкірегің шат болып,Басыңа үлкен бақ қонып?Сен дүнияға келген соң,Жиырма бес жыл құлданып,Қызығыңа қолым сермедім.Оздырып қатар құрбыңнан,Көрсеттім әр іс өрнегін.Балапан құстай талпынып,Баурадың көзің көргенін.Пар-парлап жанған шамшырақЕнді білдім сөнгенін.Айтып-айтпай немене,Жасаған Ием, жалғыздыӨзі алды қайтып бергенін.Каңсыған қара кемедейКетті құрсау шеңберім.Жез қанатым қайрылды,Оқ тиген қудай меңдедім.Бақыты бастан ауған күнӘзіреті Жүсіп КенғандаКем бағаға сатылып,Жетімдікке көнгені.Олардың да атасыПайғамбар Якуп еңіреді.Іздеп келсем басыңа,Атаңа сәлем бермедің.Халалдан болған асылым,Айрылған бізден жөндерің.Сөйтіп жүрген шырағымМауқымды баса келгенім.Мінәсіп емес бұл жерде,Мазаңды алып еңіредім.Көтеру үшін көңілді,Әрі-бері жыладым.Жылады деп сөкпе, жұрт,Мен – ботасы өлген боз маяТұлыбына келіп ыңыранған,Иіскесем, қанар шөлдерім.Жатырмысың аман-сау,Тілеп алған қарағым?!Балапан құстай асырап,Жегіздім тағам халалын.От пенен суға күйдірмей,Нәрседен залал тидірмей,Мәпелеп бағып қарадым.Қамқорың келді басыңаБілуге саулық-аманың.Қасыңда да болмадыАғайын-туған жараның.Ағайын-туған неғылсын,Алладан болған әміргеТаусылған уақыт шаманың.Жиырма бес жыл құлданғанТарқады қолдан базарым.Тарқаса қолдан базарың,Құриды екен амалың.Ер қолында ерік болмас,Үзілсе белден жарағы.Жарақсыз ерге жазым көп,Дұшпанның тиер залалы.Раушаны көзімнің,Жарқырап жанған панарым.Көз нұрынан айырылса,Қармауменен таба алмас,Не екенін біле алмасАлыстағы караның.Байтақ жұрттан пайда жок,Болмаса кұтты баяның.Еңкейттің ата-анаңды,Еңіреттің қатын-балаңды.Сөйтіп жүрген шырақтыңКөруге келдім мазарын.Қызарып жатқан топырақМазарына келгенсін,Жыламай неғып каламын?!Жылады деп сөкпе, жұрт,Мен – ботасы өлген боз маяТұлыбына келіп еміренген.Иіскесем, мейірім канады.Жатырмысың, терегім,Ақылға түпсіз зерегім.Шаршағанда демеуім,Қысылғанда көмегім!Біз көмектен айрылдық.Бермесе Алла себебін.Бұтағы сынса теректің,Шырпымен толмас кемері.Пенде керек дегенмен,Алла қылмас дегенін.Алдымда жүрсең – ажарым.Артымда жүрсең – базарым.Шыныменен ЖасағанБерді ме екен деп едім.Үйде отырсам – қымызым,Түзге шықсам – қызығым.Енді мұндай қызықтыІздеп қайдан көремін?!Лайқаттап салған соң,Айласыз жүдеп, көнемін.Бұл бір емес қашаннан,Гулеген шырақ сөнетін.Біз кұсаған пенденіңМаңдайына көп едің.Көрген жанның баршасы"Құтты болсын" деп еді."Көп батасы – көл" деген,Әншейін айтқан сөз бе еді?Жандыра түсіп сөндіргенАлланың қалай шебері?!Әлпештеп қолдан өсіргенМәуелі терек сен едің.Сенің жәйің болсын деп,Миуалы балқаш көлдергеЖағалай қонған мен едім.Жатырмысың аман-сау,Кете алмай тұрмын касыңнан.Ізгілігі болар депБерекет қойып атыңды,Мен едім әкең шақырған.Әлдилеп сүйіп аз күнге.Әлпештеп көңілім ашылған.Алты жаста аңланып.Араластың ақылға.Он екі жаста ой ойлап,Он төртте алка алдындаТопырағың шашылған.Жиырма бес жасқа келгенде.Кез болды дәмің таусылған.Аға, құрбы, ата-ана,Айрылдың сүйген татудан.Дүйсенбі күні дүниеденСапар шектің, түлегім.Еміреніп келсем қасыңа,Бозарып жатқан топырақ.Қан түкіріп кайғырып,Қарап тұрып жүдедім.Тұрад  деп келсем басыңа,Мейірім канып өбугеКөтермейсің басыңды,Қалай болды бұ жерің?!Жығылсам, басым сүйеугеБолмады жанның біреуі.Адамзаттың баласынЖаратқан екен ЖаббарымӘуеліден қысқа сүрегін.Шетте жүрген біз түгіл,Ортадағы жандардыңКөре алмадым түгелін.Үйде отырсам - құлқым жоқ,Түзге шықсам - күлкім жоқ,Кеткенсін қолдан күреңім.Төрт мың төрт жүз мұрсалдың,Үш мың үш жүз нәбидіңСау қалмаған біреуі.Әулие қоймай жалынған,Садақа беріп малынан,Болмаған қабыл тілегі.Сақтамаса Құдайым,Бір нәрсенің салқыныБізді де шалған, білемін.Біраз ғана сөйледім,Көтеріп көңіл кіреуін.Сөйледің деп сөкпе, жұрт,Мен - ботасы өлген боз маяАйдалада аңыраған,Тұлыбынан үзбей күдерін.