ВЕРНУТЬСЯ

Аралбай ақын жалғыз ұлы Берекет өліп, қамығып отырғанда, үйіне замандасы Қашаған келеді. Бұл жайдан хабарсыз, көптен көріспеген Қашаған:–Лебізіңді сағындым, домбыраңды шалып жібер, – дейді. СондаАралбай Қашағанға мұңын ағытады:Қолыма алған домбыра,Сен де өзімдей аңыра,Ажал құрық салған күн,Қаларсың сен де әдірә.Кешегі өткен он жасым,Он жасымнан бері қарай,Домбыра болды жолдасым.Он бес жасқа келгенде,Құрбының көрдім құрмасын,Ағаның көрдім ордасын.Баяны жоқ сұм жалғанБайқадым қолда тұрмасын.Әй, Қашеке, Қашеке,Шаттанып жүрген күнімдеДомбыра қолға алғанмын,Оңды-солды шалғанмын.Қатепті қара нар едім,Артуын таппай мертіліп,Мен базардан қалғанмын.Тіккен туым жығылған,Көкірегім қайғы-арман, мұң.Аяғы сынған арбамын,Қанаты сынған қарғамын.Тұяғы сынған тұлпармын,Қанаты сынған сұңқармын.Осындай жайға кез болдым,Өздеріңдей ағаныКелген күні Тәңір айдапБір көруге іңкәрмін.Замандас ағам Қашеке,Мен – қанаты сынған қаршығаҚанатынан айрылса,Қаршыға түсер шаршыға.Қашеке, өлең айт дедің,Біздей ғарып-жартыға.Қалмасын айтқан көңілің,Бір-екі ауыз айтайынДүние-жалған зарпынан.Көңілім шатты күніндеАралбай едім халқыма.Бұйрықты күні біткенсін,Әлдилеп сүйген жалғызымҚайрылмай кетті артына....Ойлап тұрсам, әуелденЖаратылып шығыппызЛаухы менен МахфұзданШарапатты дәні шашылып,Сылап-сипап өсірдімМамығын төсеп астына.Мен – ботасы өлген боз маяТұлыбына келіп аңыраған.Мен – бір жүрген ақ қиік,Лағын түзде алдырып,Орнына келіп маңыраған.Мен – қартайған арыстанЕлсізде қалып ыңыранған.Шеңберлі қара кемемінҚұрсауы босап қақыраған.Мен – жапанға біткен бәйтерекЖапырағы жерге төгілген.Мен бір тұрған ақ сауытӘдірә қалып сөгілген.Мен бір жүрген ақсұңқарКөзінің жасы төгілген.Қияға біткен терегімУақыты жетпей бүгілген.Қадірлі аға Қашеке-ау,Жалғызымнан айрылып,Қанатымнан кайрылып,Көңілім сөйтіп түңілген.Сонда Қашаған Аралбайды жұбату жырын толғайды: Замандасым, Аралбай,Білмей қалдым балаңды-ай,Тәукел Хаққа шүкір ет,Аузыңа алма жаманды-ай.Құдайым бізге тап қылдыБұл сықылды заманды-ай.Басқа түссе, амал жок,Көтерер жүкті адамға-ай.Бақилык жолға барғанда,Жақсы мен жаман теңелерСираттың жолын қадамдай.Мен сасып қалдым қапыда,Біле алмай сөздің парқын-ай.Жылағанмен не пайда,Қайырын берсін артына-ай.Шайтаннан Құдай сақтағай,Тамұқтың оты шарпымай.Кәусардан шарап татқызғай,Кең сарайға жаткызғай,Мәңкүр-нәңкүр келгенде,Жауабын тура айтқызғай.Замандасым Аралбай,Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,Қанаты бүтін сұңқар жоқКей пендеде іні жоқ,Інісіз жанның күні жоқ,Кейбіреуде аға жоқ,Ағасыз жанда жаға жоқ,Кейбіреуде бала жоқ,Болмаса перзент – шара жоқ.Болаттан бекем бол деген,Болдырмаға болмасқа.Уәйім, қайғы жарамасСендей бір жанға, жолдасқа.Ашу деген – көк бөрі,Ақылың қорған тал боларТәуекел қайық, сал болар.Ойлап кетсең, жеткізбес,Түсіп кетсең, бойлатпасУәйім деген жар болар.Ойлағанда, Аралбай,Өмір бір дулы шәр болар.Бұл өмірде нелер жоқ,Біреу кем, біреу хан болар.Басына қайғы түспегенМенменге қайғы таң болар.Ақыл деген қой болса,Ашу деген көк бөрі,Бөрі қойға жолықса,Дүние киғаш шаң болар.Сабыр етші, Аралбай,Айы біткен айда өлер.Күні біткен күнде өлер,Тура құрық келген күнТаңға жетпей, түнде өлер.Туралап өлім тап болса,Жалғыздар емес, кім де өлер.Өлімге қатты налидыКейбір де кейбір пенделер.Басы сау, есен бай кісіӨзі айтқаны жөн келер.Орынды жерде сөйлесем,Қызыл тілім дөңгелер.Айтып-айтпай не керек,Сені мен менің қасыма,Даладан аңсап келгенде,Алдымнан: "Атам келді!"-деп,Күліп-ойнап кім келер?!