ВЕРНУТЬСЯ

Ақсеркеш

 
  Бір атты сатып міндім елу беске, 
Болмайды, шапсаң - дағы қара кешке.
Бозбала, бекер сал боп неге керек,
Салып қал, шын сал болсаң, "Ақсеркешке".
Бәйгеден озып келген атты алайын,
Ер жігіт сынамай ма бақ - талайын?
Жиылып үлкен - кіші отырғанда,
Толқытып   "Ақсеркешке" мен салайын.
Жем жейді қара арғымақ түрт дегенде,
Аяғын жекей басар қық дегенде.
Жерлерге үш айшылық болады азық,

Бурылтай

           ( III түрі )
Таңбасы жоқ, ені жоқ Бурылтайдың,
Сағасы өткел бермейді терең сайдың.
Құбы жонға шоқытып шыға келсем,
Жұрты жатыр, ізі жоқ қалқатайдың.
Қ а й ы р м а с ы:
Ақау, бикем, жар - жар,
Алма мойын, ақ сұңқар.
Қош есен бол, құрбым - ай,
Құрбылықпен жүрдім - ай.
Ақау, айдай, Жариям айдай.
Жардың көңлін қалдырма, қыз қалқатай !
Қамшы бастым асыға Бурылтайға,
Өткел бермей тоқтатқан терең сай ма?

Көкек

 
  Аты жоқ құс болады көкек деген, 
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш ұйықтасам, бар ма менің
Айырылып сені, сәулем, кетед деген
Кім сүймес шешек атқан көкек айын,
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Ей, көкек, ұшып барып білші жайын !
Шекеңе селдіретіп айдар тағып,
"Көкек" деп бос жүргенше секең қағып.
Қосайын өле - өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел, ұшып барып.

Телқоңыр

             ( III түрі
)
Телқоңыр қайтып кетті елге таман.
Ит - құстан барар ма екен есен - аман?
Ит - құстан барған болса есен - аман,
Дау - жанжал, бүліншілік елім жаман.
Жібердім Телқоңырды елге бар деп,
Жүруге бұл маңайға жолың тар деп.
Жаныма бағалаған жануарым,
Шығардым осы әнімді саған арнап.

Алтын балдақ

 
  Қолыма алынғаным алтын балдақ, 
Мен келдім Әкемкерді суға жалдап.
Құйрығын екі - екіден талдап өріп,
Қылмитып мініп шықтым қалқаға арнап.
Болғанда кешке жақын апақ - сапақ,
Алдымен шықты сәулем бейне шапақ.
Кигені қара камшат оқалаған,
Басында бір шоқ үкі бұлғалақтап,
Атымның шаужайынан ұстай алды,
Мен кеттім со қалқаны сөзбен алдап.
 
 
 

Страницы