ВЕРНУТЬСЯ

Көлбай - Жанбай

 
  Аржақта отыратын Көлбай - Жанбай,  
Шідерімді кім алды, Ләйлім алмай ?
Балағы шідерімнің алтын еді.
Асығыстан барамын сұрай алмай.
Көлбай - Жанбай, тыңдашы, асыл тасым -
Біте қайнап, бірге өскен замандасым.
Көктен жел, жерден шайтан әкеткен жоқ,
Ұрлап алған өзіңнің қарындасың.
Сегіз би сиезіне бердім жөнге,
Шідерімді таң қалар көрген пенде.
Шідерімнің бағасын сұрасаңыз,
Бағасы болады оның жүз мың теңге,

Адасқақ

 
  Созады Біржан даусын қоңыр қаздай, 
Басқаға өзіңнен жүрмін жазбай.
Бас қосқан мәжілісіміз болады деп,
Жанбота, мазамды алдың ала жаздай.
Салады Біржан әнді ентелетіп,
Біржанды қойған өзің еркелетіп.
Есерге поштабайдай көз алдыңа,
Біржанды қойғаның ба желкелетіп ?
 

Біржан сал ақын

 
  Жігітке кедейшілік ол - сергелдең, 
Жоқ болса жалғыз атың өлгенмен тең.
Үйіңе құрбың келіп, құр аттанса,
Не керек дүниеден үміттенген.
Шешеннің сөз шығады таңдайынан,
Жұмақтың бізге мекен қандайынан ?
Бір болып, байлар кімді асырайды,
Әркімнің жазған алла маңдайынан.
 

Орынбор

 
  Жігітке жарамайды ызақорлық, 
Дауысқа келмесе де, еттім зорлық.
Бозбала, басқа білсең, осы әнге бас,
Аңызым жаңа шыққан орынборлық.
Қолыма алып бердің, қу қарағай,
Не болды даусым саған сарғанамай.
Күлмеймін, ойнамаймын десем - дағы ,
Барады өтіп дәурен бір қарамай.
Домбыра алдым қолға сегіз перне,
Қызығы бұл шіркіннің тартқан жерде.
Қолға алып әрлі - берлі тартқанымда,
Жаны жоқ кеудесінде адам дерге.
 

Мәті - Дәулен

 
 Ар жақта керей, уақ, мәті - дәулен, 
Сайланған жігіттікке бұл бір дәурен.
Ішінде осыншаның формың артық,
Жаратқан құдай артық, жалғыз сәулем.
 

Страницы