ВЕРНУТЬСЯ

Көк талқан иесі

Жуырда Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» газетінен
журналист Жақсылық Жүнісовтың «Торғайда тары өспей ме?» деген мақаласын оқып,
менің есіме сонау алыстағы балалық, жастық жылдарым түсті.
Тары дақылы
Торғай өлкесі тұрмысының, оның егіншілігінің тарихи бір тарауы десе - артық
емес. Ол тарау алғаш осыдан кем дегенде екі ғасыр бұрын қыпшақ Сейітқұлдың қолымен
жазылған. Арғы жерде «Tрактор  егін екті»

Қобыз сарыны туралы өлеңдер

     Ықылас
Жатқанда жер құпиясы құлпын ашпай, 
Хақ тәңірі
пендесімен сыр сырласпай,
Тылсымын көк пен
жердің шешу үшін
Дүниеге келді
біреуі Ықыластай.
Құдайдың ықыласын кетті аударып,
Аңырап шыққан бір
үн көкті жарып,
Азынап жердің мұңы,
күңіренісі,
Алланың құлағына
жетті барып.
Жер-ана Ықылас деп қойған атын,
Жайғанда бар ұлысқа
күй қанатын,
Оятты ол он
ғасырды аттап түсіп,

Ғафу-Ғафулар

      Өзім - Ғафу, 
Қызым менің -
Ғафура,
Екі әріпті
Жалғап тұрған
атыма,
Тағы менің
Келді өмірге
немерем,
Таусылмайтын ұрпақ
жайлы айтуға.
Оның аты - Бақытқызы Ғафура,
Ол қырқынан
Шығу керек
жақында,
Шаңырағымда жаңғырады
үш Ғафу -
Бұдан артық сыйлық
бар ма ақынға?!
Дүниедегі ұлы
байлық - ұрпақ қой,
Барлық арман -
Соны сақтап тұрсақ қой.

Көгершіндер

      Күнде ертемен нан септім, 
Қызықтадым сол
сәтті.
Сөйте-сөйте
дәндеттім
Көгершінді он
шақты.
Тереземді азаннан
Тырсылдатып тұрғаны,
Келетіндей
базардан
Көзге таныс бір
жаны.
Қыстың көзі қырауда
Не мақұлық жансебіл,
Халы келмес сұрауға
Қалғандығын қанша өмір.
Сонда да бір жанталас -
Тіршілік үшін, нан үшін.
Өлдім десе, байқамас,
Жасы талап көрісін.

Он жеті

       Амангелдінің
серіктері,қаза болған он жеті ардагерге ескерткіш
 
     I
     Туған Торғай, қала
Торғай,"қарт Торғай,
Көкірегің көне
сырға неткен бай.
Мен де аналық
кұшағында ерке өстім,
Сенің жомарт
пейіліңнен шет қалмай.
Әлі күнге маған
ыстық әр үйің,
Әр үйіңнің
адамдарын танимын.
Әр аулаға ізін
тастап кетіпті
Кешегі бір
жалаңаяқ сәби күн.
Ол күндердің,
бал күндердің құрдасы,

Страницы