ВЕРНУТЬСЯ

Құтықтау жыр

      Ардақ тұтқан,
ағалар, ардагерлер,
Аман-есен апаттан қалған ерлер!
Құттықтаймын
Сендерді Жеңіс күні
Қарт офицер,
қашанғы қарт жауынгер.
Сәулесіндей Жеңістің шашыраған,
Ордендерің
кеудеңде жарқыраған,
Азаттықтың
күніндей елестейсің,
Алтын жеңгем
аяулы, алтын ағам.
Мен де соғыс сұмдығын
көрдім жастан,
Жетім күнгі
бейнетім шаштан асқан,
Көкірегімде әлдилеп
келемін мен

Аспан қадірі

       Көк күмбез, айналайын, аспан сенен, 
Мен саған жастан
сүйіп, жастан сенем,
Биікте не шаруам
бар сен болмасаң,
Қаншама жердің
бетін басқанменен.
Басыңды көтеруге аспан керек,
Табиғат құмнан
өзге, тастап бөлек.
Бәрі де ұмтылады
көкке қарай
Өсуге дәметкендей
достан комек.
Мақтандық,
"жақындаттық көкті біз" деп,
Қашанғы таза
орыннан боқтық іздеп,
Шимайлап, тесіп, ұңғып,
тінтіп, бұзып,

Астана құшығында

      Көп күндер кейін
қалып жаздағы алтын,
Жан біткен
ажарына таң қалатын.
Алматы тоты құстай
қарашада
Жап-жаңа жиып
алған сән қанатын.
Бәйтерек, сән
қарағай, сұлу қайың,
Сұрамас ешкім
келіп бүгін жайын.
Дәулетін бір-ақ
жұтта шашып алған
Баяғы салады
еске қырдың байын.
Бұлт қою
кеудесінен дым бүріккен,
Торғайлар аласұрып
күнді күткен.
Қалғиды
қажығандай су бұтақта,
Бүрісіп

Нариманға

       Сен менің бар жағынан бауырымсың, 
Облыс,
ауданымсың, ауылымсың,
Қашанғы
республика қайраткері -
Ұстаған ел көзіне
тәуірімсің.
Көтеріп туған жердің абыройын,
Жұмсалды бір сол
үшін ақыл-ойың.
Тек қана адал
еңбек арқасында
Биіктеп қатарыңды
тұрды бойың.
Демедім сені біреу сүйеді-ау, - деп,
Біреудің не құдасы,
күйеуі-ау, - деп,
Ойладым аруақтардың
арқасы-ау, - деп,
Өйткені

Ыстықсың сен

      Ыстықсың Сен бір
түрлі 
Жаста салған
әуендей,
Сиқырлы да
сүйкімді
Өтіп кеткен
дәурендей.
Сүйек-буын сыз
тартып,
Тамырда қан
салқындап,
"Шонданайға
тұз артып",
Ат айдаушы алқымдап,
Асықтырып барады,
Әлдеқайда? "жүр-жүрлеп".
Сонда саған
қараймын,
Сәл аялдап тұрғым
кеп.
Сонда бойды жылытып
Соңғы ыстық
буыңмен,
Жамандықты ұмытып,

Страницы