ВЕРНУТЬСЯ

Алматыда ауыл бар

      Алматыдағы № 12 мектептің 2 "Ж"сыныбына
Алматыда ауыл бар, "Ғафу"- оның есімі.
Қарсы алады
бауырлар,
Ашық оның есігі.
Әдемі екен, сән екен
Секілді ылғи қыр гүлі.
Бәрі сәби, бала
екен -
Ол ауылдың тұрғыны!
Аппақ көңіл алаңсыз
Бейне ақынның жанындай.
Қара көздер,
қараңыз
Бақытты өмір
шамындай.
Бала жастан себілген
Асыл дәнге
жетсін не?
"О, жасаған!"- дедім мен,-

Көкшетау, сені сағындым

     Ендігі саған ентігіп, 
Барар едім
қасқиып,
Мен жатырмын
мертігіп,
Тұяғыма
тас тиіп.
* * *
Құдайға жақындардың таза бәрі,
Таусылмас
жердегінің азабы әлі...
Құртуға өзін-өзі
адам асық,
Аздай-ақ
жаратқанның жазалары.
Тау Көкше, Айың - айбар,
Күнің - шабыт,
Қараушы ем көлге түсіп, жуынса
бұлт.
Тұрмыстың ақ
жанымды кірі шалса,
Қайтушы ем саған
барып, мұңым шағып.

Құрдастар

   "Балалықтың көшінен
Мен қалғалы көп мезгіл,
Болған жоқ қой", - деп жүрсем
Байқатпапты өткен жыл.
Өмір қандай жомарт ең
Қос қуаныш сыйладың!
Болды түңғыш балам мен
Кұрдас тұңғыш жинағым.
Қане,
қанат қағыңдар,
Құрдас
туған балаларым!
Өмір - күнім қабыл ал,
Гүлге бөлеп жолдарын.
Жетіп калған екенбіз,
Уақыт аулап, жер өніп.
Келші, жарым, екеуіміз,
Ата-ана боп көрелік!

Би-ағаң туралы екі өлең

          1. Бір уыс
топырақ
Жармағанбет баласы Бимағанбет,
Бүкіл халық
атаған Би-ағаң деп.
Ол еліне көп
қызмет етсе-дағы,
Құдай оған көп өмір
сыйлаған жоқ.
Көк құдайдан жер құдай
болып басым,
Амалың не
қырсыққа жолыққасын.
Таңғажайып тарихи
жолында оның
Тынды сұмдар
жеткізбей алып басын.
Ол тәңірінің
қасында отыратын,
Адам еді-ау құрандай
оқыр атын.
Жабыққанда жанына
медеу етіп,

Көкиық

        - Жаз, ақын,
қасыма кел, қалам ұста. 
Қалған бір еске алынбай қалтарыста
Басымнан бала күнгі өткен тарих,
Баяғы тірлік үшін арпалыста.
Мен оны саған ашып көп айтпағам.
Өмірге жаңа ғана
жол аттаған.
Ол кезде жас едің сен арман қуған,
Көңіліңе қасірет бұлтын жолатпаған.
Күн жарық, енді бүгін ашық аспан,
Жатыр ел шындық айтып жасырмастан.
Менің де тарихым
бар бір кішкентай,
Қақпағы көптен
жатқан ашылмастан.

Страницы