ВЕРНУТЬСЯ

Қарсы алу жыры

          Ассалаумағалейкүм!
Кел, кел, бауырым!
Сенікі мынау - жатқан
Өлкең, аулың!
Бір кезде оң қарамай,
Теріс қарап,
Көрсетсе өгейсітіп желке, жауырын!
Ол - оның кінәсі
емес, Заманы сұм.
Кездесті, болмады ғой амалы шын,
Туған жер,
ата-баба, қара қоныс
Жаралған бұл
дүниеде қазағы үшін.
Ал ашты көңіл сарай, жан қақпасын,
Енді ешкім бет
қайтарып қол қақпасын.
Астына алтын
толқын мұхитына

Әулие-ата толғауы

 Қаншама
ғасырлар бойында өзгерген мұның бәрі - бір қаланың аты. Ертеңгі қазақ
қалаларының тағдырын осының өзі-ақ баяндап тұрғандай. Жаркенттен сонау Отырар, Түркістанға дейін қазақ даласының
оңтүстігін жиектеп жиі орналасып отырған қалалар не сан. Солардың бірі бүгінгі
ұрпаққа жеті қат жер астынан айқай салғандай. Тарихта өлі қалалар саны жағынан
Қазақстан алдындағы орындардың бірінде шығар.Осылардың бәрін жер бетіне шығара

9 май

     Ия, ол - мамыр емес, май болатын, 
"Жеңіс"-
деп сан баланың қойған атын.
Солар да елу жасқа келіп қалды
Жетектеп немересін, қолқанатын.
Солдаттың алды тоқсан, жүзге келді,
Суарған қаныменен туған жерді,
Олардың мыңнан бірі қалса тірі,
Алпыстан асып
кеттік біздер енді.
Бала едік жалаң аяқ он үштегі,
Қан белдеу -
тартылғанда соғыс шебі,
Жадымнан кетер
емес қайран елдің
Сондағы қайғыны
жеп, сор ішкені.

Бармақ шайнау

      Ердің соңы - Исатай 
Бармағын шайнап өткен
жер.
Мұрат
Көне сөзі қазақтың
Және көне кәсібі,
Өтті осылай азап
күн,
Күн емес-ау,
ғасыры.
"Бармақ шайнау"- сөз біту,
Лаж, амал таусылу.
Көрейін десең -
көз біту,
Қасірет-тұман
қаусыру.
Қайран біздің ерлер-ай,
"Халқым"
деп ішке қан қатқан,
Нелер жылдар,
нелер ай
Жол тоздырып, шаң
қапқан.

Теңіз балладасы

       Ғашығын тосып,
қайғырған
Көзінен жасы
тамшылап,
Алыстан, сонау
айдыннан
Әр толқын келсе,
жөн сұрап,
Жағада тұрды қыз
байғұс,
Ажары күнмен
таласып,
Қанаты суық мұздай
құс -
Үстінен өтті әрі
асып.
О, сұмдық, не
еді сонау құс,
Басынан ұшқан
бақыт па!
Күткелі көп жаз,
талай қыс,
Зымырап өткен
уақыт па!
Дегенше болмай,
жел тұрып,

Страницы