ВЕРНУТЬСЯ

Торғай тасып барады

       Ұлы тауды жатқан қар қыстай басып, 
Көктем жігіт
бөктерген қыздай қашып,
Қара сүмбіл бұрымдар
тарқатылып,
Торғай тасып
барады, Торғай тасып.
Солтүстікке шыға сап шапшып, ұрып,
Әне тартты
батысқа жалт бұрылып,
"Қара
Торғай", "Сары Торғай", "Қарын салды"
"Жалдамаға"
қосылды "Тасты" бұзып.
"Теке" шықты бақырып тау Қызбелден,
Терістіктен
тепсініп жалғыз келген,
"Қоңыраулыға"
қол бұлғап "Дәмді" өзені,

Күміс мылтық ұңғысы

 Жақында мен
Арқалық қаласынан бір хат алдым. Хат иесі - Бапақов Мырзалыұлы Талғатбек
былтырғы қаңтарда мен Арқалыққа барған бір сәтке жолығып, өзінің көкейде жүрген
сырын қысқаша айтып, кейін хатпен толық баяндап жазуға уәде қылған.
«Бұл оқиғаның тұсында, - деп
бастайды ол хатын, жас маман геодротехник-инженер едім. Торғай ауданаралық жер
суландыру жүйесі басқармасының құрылыс тобында Торғай - станция арасында

Біздің Айдар мектепте

       Бүгін жарты ай, білім оты жанғалы,
Біздің Айдар
біріншіге барғалы,
Иығына асып алған
боқшаның
Ауырлапты
алғашқыдан салмағы.
Неге олай? Оның, сірә, бар мәні,-
"А" әрпіне
толып кеткен жан-жағы,
Күнде бір
"бес"- алып жатқан бағасы,
Балықшы екен ылғи
қапқыш қармағы.
- Мынау бала - елден
өзі зерек,- деп,
Танып апты ұстазы
да бөлек,- деп,
Қуанады атасы мен
әжесі:
"Оқыған соң,

Жанайдар Мусинді еске алу

      Көкшетау, көкшіл
сағым бұлдыраған, 
Кім берер сендегі
өткен күнді маған,
Сен менің жастық
шағым секілдісің,
Ақбоз ат, жүрген,
ерсіз құлдилаған.
Ал бүгін сол сағымның арасынан
Іздеймін бір
жігітті, аласұра.
Таппаймын,
таппауыма сенбеймін де,
Айқайлап, жөн сұраймын
әр асудан.
"Жанайдар! Жанайдар!"-лап жан даусым,
Жаңғыртып тұрады ұзақ
әр тау ішін.
Япыр-ау, қайран
сабаз, қайда кеттің?

Гүл ішіндегі хаттар

     Камила Досқызы
Өтегеноваға
     I
    Сәске түс.
Шілденің бір балбыраған
Күні еді, ыстық
сәуле жамыраған.
Қаз-қатар ақ
теректің саясымен
Ағылған Алматыда
қалың адам.
Кім келді, кім
кетті деп білу қиын,
Секілді
сарқылмайтын ұлы жиын.
Сан сапар
сапырылған тұрмыс толқын,
Толтырған есік
пен төр - Тірлік үйін.
Бәрі сау
көрінеді, бәрі де аман,
Бәрінің кезі
жоқтай дамылдаған.

Страницы