ВЕРНУТЬСЯ

       Бүгін жарты ай, білім оты жанғалы,
Біздің Айдар
біріншіге барғалы,
Иығына асып алған
боқшаның
Ауырлапты
алғашқыдан салмағы.
Неге олай? Оның, сірә, бар мәні,-
"А" әрпіне
толып кеткен жан-жағы,
Күнде бір
"бес"- алып жатқан бағасы,
Балықшы екен ылғи
қапқыш қармағы.
- Мынау бала - елден
өзі зерек,- деп,
Танып апты ұстазы
да бөлек,- деп,
Қуанады атасы мен
әжесі:
"Оқыған соң,
солай оқу керек",- деп.
Ойын, ойын, ойын
қымбат әлі де,-
Бала ғой ол,
ойынсыз күн сәні не?
Кейде тіпті
ойыншықтай қарайды
Жаңа ғана алған
"бестің" бәріне.
Түс көреді қызық-қызық не түрлі,
Әне бір
"А" дәптеріне секірді,
Әне бір
"Б" жүгіріп кеп қасына
Әлгі
"А"-мен ойнап жатқан секілді.
Ылғи таңда асығады мектепке,
Жаңа таныс
достарына жетпекке,
Ылғи
"бестің" қасына кеп бейтаныс
Мына бір
"төрт" тұра қапты теп-текке.
Кеше кешке көп
ойнады-ау, шамасы,
Жақын екен
"бес" пен "төрттің" арасы,
Дегенменен
жараспай-ақ тұр екен,
Өшіруге болмас па
екен қарасын?
Өкінеді Айдар солай бір "төртке"
Бағаның да мінезі
бар кілт етпе,
"Ертең оны
"беспен" қоршаймын,
Бүгін тиіп қайтем
оған құр текке!"
Дейді Айдар, күбірлейді ақырын,
Оңашада шақырады
ақылын,
Ақылдың да бар
болғаны жақсы екен,
Әйтпесе ғой, таяқ жейді "батырың".
Солай-солай, үйрет, бойыңды,
Солай-солай, оят
ерте ойыңды,
Әлсін-әлсін
аяйсың ғой, әрине,
Босағада қалып
қойған ойынды.
Атаң-әжең,
әке-шешең өзі де,
Жалған емес жақсы
оқыған кезінде,
Әсте бала тартпай
қоймас теңіне,-
Тез көнетін
тәрбиенің тезіне.
Жаса Айдар, жақсы туған немерем,
Жапырағым мен
сенімен көгерем,
Адам өмірі ұрпағымен
ұзарар,
Күнде өсемін,
жаңғырамын, көбейем.
Соған куә, жан
немерем, сен барсың,
Сені көріп, мені
де жұрт аңғарсын,
Түбі менің жетпей
қалған жолымды
Әрі қарай
жарқыратып
жалғарсың!
10 қыркүйек,
1991