ВЕРНУТЬСЯ

        Күннен туған, Ғұннан туған
Пайғамбар. Мағжан
Рас қой, күн перзенті, шынында, ақын,
Бәрінен күннің
оған нұры жақын.
Жердегі құдайлардың
басын иіп,
Бәрі де алдына
кеп жығылатын.
Өйткені оның оты шарпымайтын,
Тірлік жоқ, шарпығанда балқымайтын.
Тас та жоқ, тақыр
да жоқ өзге түгіл,
Алланың
елшісіндей аты да айқын.
Қолына қалам алса құдіретті,
Ұршықтай үйіреді
ол жер мен көкті.
Ұшқан құс,
жүгірген аң, жүрген адам,
Бәрін де көз
алдында көлбеңдетті.
Не дерсің, тәңірі демей оны сонда,
Жерге бір келіп-кетер анда-санда,
Болады ел де
жесір, жер де жесір
Болмаса бір ақыны
әрқашанда.
Сондай боп елестейді Мағжан маған.
Мейлі ол адам
дерсің бағы жанбаған.
Алайда ақындықтың
аруағын
Көтерді биігіне
армандаған.
Не керек Ел қазақты бір шулатты,
Салды да ауызына мың шумақты.
Ана тіл, Ана
жырдың бұлағынан
Таңдайын
талайлардың сусындатты.
Ондайлар жер
бетінде көп тұрмайды,
Көп тұрып, атына
кір жұқтырмайды.
Жүргендер құдайды
да күнде боқтап
Қадірін әулиенің ұқтырмайды.
Сондықтан аз ба, көп пе алдарқатқан,
Ақынға жол болады
алғыс айтқан.
Сүйегі қалды
қурап сан ант атқан.
Бір кезде ақынды
атқан, аққуды атқан.
Басына туды жақсы бір кезек күн,
Ақынның ақ бесігі
-"Жолды өзектің".
Ал енді
тербеліңдер, ақ қайыңдар,
Арманға сан жыл
айтқан сен де жеттің.
Ал енді шайқалыңдар, қарағайлар,
Басына биік-биік
тарады ойлар,
Тарады алтын
жаңғақ, асыл сөздер,
Соны айтып, туды
күнің бір айғайлар.
Арулар, қақтырыңдар, оң қанатын,
Тән балқып,
қызығына жан қанатын.
Түсетін маржан
десе - Мағжан аты,
Оралды енді бүгін
қайран ақын.
Оралды бар көркемдік
сұлулық та,
Есімі бұлдыраған
бұрын жұртқа!
Тарихтың бұл да
берген бір сабағы,
Ешқашан
ақындықтың туын жықпа!