"Қалың қазақ ішінде
Жомарт еді
Сейдешің,
Сейдешің,
Өзім деген кісіге
Шешіп берер жейдесін!"
Сырты қара, іші ақ,
Қоян ішік секілді.
Қыста кисең
ыстық-ақ,
ыстық-ақ,
Балқытады етіңді.
Бауырыңды жібітіп,
Бал мен жеміс жегізген.
"Маңдай алды жігіттің -
Осы нағыз"
дегізген.
дегізген.
Кеше көрген туысың,
Бүгін тапқан жолдасың.
Іс істемес күні
үшін,
үшін,
Өзі мықты
болғансың.
болғансың.
Бақ дәметіп, шен
сұрап,
сұрап,
Жерлестігін
сатпаған.
сатпаған.
Көзден жасы
тамшылай
тамшылай
Көмек сұрап
жатпаған.
жатпаған.
Жар саулығын
тілеген,
тілеген,
Ар саулығын сұраған,
Аруақ өзі
сүйеген,
сүйеген,
Аллаң өзі құраған.
Жүдеу тартқан шағында
Кыдыр кетпей маңынан.
Қайта түсіп
бабына,
бабына,
Қайта дәулет
дарыған.
дарыған.
Атақты Медеу - бай жомарт,
Адамзаттың асылы.
Туған соны
қайталап,
қайталап,
Сейдахмет нәсілі.
Текті атаның баласы
Тартпай қоймас нәсілге.
Асып толса қанасы
Айналатын
теңізге.
теңізге.
Мың қойыңның ішінде
Ақ мүйізді бір
қошқар,
қошқар,
Хан келсе де
кішірмей,
кішірмей,
Қамшы тастап, сөз
бастар.
бастар.
Арғы атасы - Қасқарау,
Бергі атасы -
Қарасай,
Қарасай,
Белде күміс
таспа-бау,
таспа-бау,
Өңіріне жаға сай.
Емен садақ өңгерген,
Еңсесінде ақ сауыт.
Асу-асу жол
көрген,
көрген,
Асау жауға көп
шауып.
шауып.
Айта берсең, жетпейсің,
Ердің арғы түбіне.
Бір айналмай
кетпейсің
кетпейсің
Құт құйылған
күбіге.
күбіге.
Сол Сейдешің келіпті
Міне бүгін
алпысқа,
алпысқа,
Нені көрді, нені ұқты
Өмір деген
тартыста?
тартыста?
Соны айтайын деді ме,
Қаптап келген
еліне,
еліне,
Елін баққан еріне
Ер туғызған жеріне.
Ия, тыңдайық, тыңдайық,
Сөйлесін, дос,
сөйлесін,
сөйлесін,
өжасасын халайық,
Қара бала, қара
шал,
шал,
Қара тұлпар
Сейдешің!
Сейдешің!
5 маусым, 1993 жыл
- 100 просмотров