ВЕРНУТЬСЯ

Қазақта «Ақ
түйенің қарны жарылды!» деген сөз тіркесі бар. Мұның түпкі тарихының қайдан
шығаты- нын сөз төркінін зерттейтін лингвистер айта жатар,  біздің білетініміз талайдан күткен,
армандаған бір ұлы қуаныш, халықтық, елдік зор қуаныш сәтін білдірсе керек. Міне,
біз бүгін сондай жүрек жарды ұлы қуаныш үстіндеміз. Біздің соңғы жылдарда,
жуырдағы бір-екі жылда өз алдымызға ел болдық, дербес те ерікті мемлекет
болдық, тілімізді тірілтіп, бақытын аштық - деп қуана жар салған, сөйтіп кеудемізді
биікке көтерген мақтаныш сезімімізді растайтын, бекітетін, біз үшін, қазақ үшін
тарихта теңдесі жоқ мерейлі оқиғаның үстінде тұрмыз. Азат Қазақстан Біріккен Ұлттар
Үйымының мүшелігіне алынды! Бұл деген - дүниенің жүзінде қазақ деген ұлт бар екенін,
болғанда да болашағына бүкіл әлем қызыға қараған, елі де бай, жері де бай үлкен
ұлт барын паш ететін, жария жасайтын оқига! Сонау АҚШ тың аспан тіреген
ақар-шақар кіндік қаласы Нью- Йорктің қақ төріндегі қиялдай ғажайып ғимараттың салтанатты
сарайында caп түзеген ұлттар жалауының ортасынан қазақ мемлекетінің туы лайықты
орын алды! Нью-Йорктің өзі жаңа Иорт қаласы деп аталса, оның беделі жаңалығына
куә есебінде жаңа мемлекет қатарға кірді, тынысы, өрісі кеңейді. Бұрынғы
кеңестер одағының картасында оның жер көлемінің төрттен бірін алып жатқан ұлан
байтақ даланың ол картада өз алдына бояуы да жоқ болатын. Жалпақ қызыл бояудың
ішінен «Қазақстан» деп, жіңішке қара әріппен жазылған жазуды әрең танитын болатын.
Енді бүгін ол картада қайта жасалады, ал қара көк аспаны бар, жыпырлаған жұлдызы
мен оңынан туған айы бар сағымды cop даласы, асқар Ала- тауы, арқыраған Ертіс,
Есіл, Сырдария, жасыл Жайық  өзендері бар
Қазақстан өзіне тән бояуы да, сырымен орын алса керек. Осы күндерде Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүшелер де, мүше еместер де Қазақстан есімімен танысып, оны
қолында бар картасынан іздеп тауып алып, түпкілікті түрде белгілесіп жатқан
болар. Осы сәттен былай қарай сонау биік, құдіретті мін- беден қазақ делегаты
сөз алып, дүниенің толғақты мәселесі туралы саңқылдагі тұрып сөйлер болар.
Сонда оның ақылының, оның даладай кең, салмақты да биіктігіне, сөзінің бейнелі
сұлу әсемдігіне әлем сүйсінер болар. «Япыр-ау, анау бұрынғы кеңес одағы қандай
алыптарды астына басып келген!» - деп, сонда сол әлем жағасын ұстап, шегін тартып,
таңырқар болар. Бұл күнге шейін де, әрине, Қазақстан осынау азаттық, дербестік
алғаннан бері өзін дүниеге танытып-ақ тастады. Оған жалпы бұрынғы одақ
ішіндегі,
жаңа дос мемлекеттер қатарындағы
- Қазақстан, оның басшысы - президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қажымас
қайраткер, саңлақ саясаткер есебінде жүргізіп отырған ірі-ірі қимыл-әрекеттері,
күрделі де жүйелі жұмыстары, дамылсыз сапарлары мен үздіксіз байланыс,
қарым-қатынас жөніндегі қолтаңбалары айғақ болса керек.
Ең ақтығында, міне, бүгін солардың бір асқарлы қорытындысындай,
сол еңбектің байлық-дәулет олжасындай, рухани қанағат жемісіндей болып, - мынау
керемет мерейлі хабар жетіп отыр.
Бұған қазақ атты халық тайлы-таяғымен,
ұлт-отанымен қуанбасқа, шаттанбасқа еркі жоқ. Біз түгіл, ата-баба туғалы, дала
-дала болып жаратылғалы  естімек түгіл,
қиялға кірмеген қуаныш бұл! Ия, достарым, бауырларым, ұлттастарым!Бұл мәртебе,
абыройдың қадіріне, мөн-мағынасына өзіміз түсіне білуіміз керек алдымен. Жалпақ
халықтың бәрі бірдей оқымысты емес, дүние саясаты, тіршілі-
гінен бәрі бірдей хабардар емес,
«мүше дей ме, не дейді, одан бізге не жақсылық бар екен» дейтіндер толып жатыр.
Алыстағы абыройынан жақындағы аз күндік рахатын артық көретіндер де бар. Оларда
да кінә болмас. Сөйткенмен сондайлардың санасына сәуле, намысына от тұтату
керек. Ал осы күнгі жас ұрпағымызға осы тарихи оқиғаның тұстасы, соның болашақ иегері
болатынын, бұл мөртебенің қызығын солар көретінін ұқтыру керек. Енді біз бұрынғы
қазақ емеспіз... Емес екенімізді дәлелдей де бастадық. Солай бола тұрса да,
біздің әлі ескі дәуірлерден мінгесіп-үштасып келген ұлттық мінездегі кертартпа кемшіліктеріміз
аз емес. Оған мысал баршылық. Мысалы: әлі де «алты бақан, алауыздық»,
бірлік-бәтуаның аздығы, жікшілікдік пен күншілдік, қара басқа қамшылдық,
қызғаншақтық пен қараулық, оған соңғы кезде келіп қосылған шенқұмарлық,
баспатерелік, шолақ қамшы, әкіреңбайлық, парақорлық, дүниеқоңыздық тағы
басқалар.
            Жеке адамның ғана емес, белгілі бір
қайта өрлеу кезеңінде бүкіл бір ұлттың жаңаруы, жаңғыруы деген болады. Біз
қазір сол құбылыстың үстінде тұрғанымызды есте ұстауымыз керек. Үлгілі,
парасатты, озық ұлт болудың жолына түсуіміз керек.
Біріккен Ұлттар
Үйымына мүше болу - бізге осындай үлкен мақсаттар мен ұлы міндеттер жүктейді.He
бір асыл қасиеттерімізді алға ұстап, аяулы да қайрат керсетер азаматтарымызды
төбемізге көтеріп, басшылыққа баулуымыз керек. Жасыратыны жоқ, осы күндерде
демократия деп, тағы да бір тәрбиесіздік, жосықсыздық етек алып бара жатқандай.
Біреуді біреу жазғыра салу, ластап тастау, қорлау, балағаттау, жариялық деп, әр
аймақ бір-бір газет тауып алып, алмакезек айтысу, тіпті баспасөз мәдениетіне үш
қайнаса сорпасы қосылмайтын әдепсіздікке жол беру секілді лерді, тиып тастап
отыратын басшылық, ағалық, иелік керек секілді қазір. Мынау мерейлі тұста тек
алақайлап, қол шапалақтау емес, енді Біріккен Ұлттар Ұйымына атымыз сай,
бірлікшілдік танытсақ, шіркін, сол арман! Иә, біз арман биігіне шықтық, сыртқы
жағдай дұрысталды, енді ішімізді жуып, тазарту қалды. Ардақты бауырлар, қазақ
зиялылары!
Біз бар күш, ақыл, талант,
денсаулығымызды халыктық, ұлттық сапаны өркендетуге жұмсайық! Елді озық ойлы
көсемдері, бұл жұмыс тек сіздердің қолынан ғана келеді.