ВЕРНУТЬСЯ

           Қазақта
қасиетті сөз "Ауыл"
деген,
Ел - деген, қара
шаңырақ қауым - деген,
Қашанғы ата-баба
топырағы,
Ұлғайған ұзын ұрпақ,
бауыр - деген.
Ынтымақ, ырыс, бірлік - бәрін құшқан
Жалғыз сөз
жаратылған сағыныштан,
Есіме
"Ауыл" десе, үйім түсер,-
Ен жайлау,
әке-шешем бар туысқан.
Тарихта талай өткел,
тар қыспақтан,
Сан соғыс, аштық
қырсық қан қақсатқан.
Бәрінен аман
қалған қайран ауыл,
Мен үшін артықсың
сен бар ұрпақтан.
Артықсың қала, шаһар, хан сарайдан,
Биіксің қаншама
ақыл, қаншама ойдан.
Кетеді тұла бойда
қан шымырлап,
Көрінсе көк
түтінің әлдеқайдан.
Көк жалау
желбіресе шаңырақтан,
Келгендей ғажайып үн аруақтан.
Сол тудың астына
кеп ұялайсың -
Алтайдан,
Алатаудан салып "Аттан".
Арқадан, Атыраудан, Дария-Сырдан
Аспанға ақ
тозаңнан жол асырған.
Қол болып қара құрым
қаптайсың сен,
Әдетің жер
қорғағыш сан ғасырдан.
Сар дала, салқын
жайлау кең көсілген,
Төсінен қалың бұлттай
ел көшірген.
Ауылым, ақ
мекенім, панам, саям -
Тербетіп тал
бесікте мені өсірген.
Кемітіп жатса
біреу сені қорлап,
Кетеді қаным
қайнап, жаным зарлап.
Намыстан
өртенемін, оянады,
Тереңде жатқан сөнбей
шоғым жайнап.
Сен маған сондай сезім берген жастан,
Арасын шарлағанда
жер мен аспан,
Көзіме көрінесің,
алтын қазық
Байлаған құлын
күннен қозғалтпастан.
Мен саған күндіз-түні
ораламын,
Жөргегім қабат-қабат оранамын.
Сонда да мен көргендей боп, мәз боламын,
Жанарын маған төнген
жан-анамның.
Білем мен халың сенің кәзір ауыр,
Басыңда қымбатшылық, қиян дәуір.
Алмайды қара
еңбектен жаның дамыл,
Бас босап ең
болмаса жылында бір.
Баяғы бір анадай аппақ жанмен
Қаланы асырайсың сүтпен, нанмен.
Жалаңаш-жайдақ
күйің көрген сайын
Қиналам, өз-өзімнен
қысылам мен.
Әрине,
дәрмен-ылаж жоқ қой менде,
Жұмақты түсіретін
көктен жерге,
Дәулетті әкелетін
ортаңа әкеп -
Көргенім болмаса
тек көппен бірге.
Бар балаң өзімдей
боп толғанса егер,
Жабылып
жағдайыңды қолға алса егер.
Байлығың басқа
жаққа шашырамай,
Жиналып бір
сабаға қорланса егер.
Береке, татулықты
жиып тұрсаң,
Уыздай уақытыңда ұйып
тұрсаң,
Баяғы ата-баба
батасымен
Төменшік,
пенделіктен биік тұрсаң.
Сонда сен тез жетесің мұратыңа,
Құтыңа, қуат қосып қуатыңа,
Ел үшін мың шақырым жол жүрсе де,
Баяғы арымайтын мін атыңа!
Баяғы қажымайтын жолына шық,
Ел едің
жақсыларға жаның ашық,
Жомарт ең ұсынғанда
қолың ашық,
Сол үшін болған
саған бәрі асық.
Тілеймін Жаңа жылда мол жақсылық,
Өзіңе құдай сені
жолдас қылып,
Жасасын болашаққа
жолбасшылық,
Аман бол қазақ
деген қараша ауыл.
Отырмын осы
өлеңмен қол тапсырып!
Каңтар, 1994 жыл